Аталық және аналық жыныстардың айырмашылығын көрсетпейтін хромосомаларға анықтама бер

Скачать

БІРІНШІ МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Генотип дегеніміз не?
2. Қандай организмдер а) гомозиготалы, б) гетерозиготалы деп аталады?
3. Дигетерозиготалы организмнің генотипін хромосома түрінде жазыңыз.
4. Кестені толтырыңыз. Митоз және мейоз сатыларын салыстыру.


Сатылары
Митоз
Мейоз
1
Интерфаза

2
Профаза І

3
Метафаза І

4
Анафаза І

5
Телофаза І

6
Профаза ІІ

7
Метафаза ІІ

8
Анафаза ІІ

9
Телофаза ІІ

5. Тұқым қуу информациясын беруде клетка құрылымының және органоидтардың маңызы.
6. Реципрокты, кері және анализдеуші будандастыру, олардың схемасы және мағынасы.
7. Митоздың бөліну кезінде клетка көптеген өзгерістерге ұшырайды,олар қандай фазаға бөлінеді,оларға анықтама беріңіз?
8. Ұрпақты бастапқы ата-аналық формамен қайта будандастыру қалай аталады?
9. Коньюгация дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
10. Онтогенезде жынысты алдын ала анықтау и дифференциялануы.
11. Дальтонизм белгісі бойынша сау әйелдің ағасы дальтоник. Осы әйелдің ұлы дальтоник болуы мүмкінбе?
12. Митоздың бөліну кезінде қандай 2 саты бір-біріне қарама-қарсы болып келеді?
13. ДНК молекуласының екi еселенуi клетканың тiршiлiк циклiнiң қай фазазсында жүзеге асады?
14. Қандай белгiлердi альтернативтi деп атайды?
15. Тұқым қуу және тұқым қуалаушылық. Гендер мен белгілердің тәуелсіз комбинацияларының цитологиялық негіздері.
16.Алты саусақты ер адам қалыпты саусақ саны бар әйел адамға үйленді. Бұл некеден үш бала: екі полидактилиямен ауыратын қыз бала мен дені сау ұл бала туды. Қыздарының біреуі қалыпты саусақты ер адамға тұрмысқа шықты және оларда екі ұл бала: біреуі қалыпты саусақ санды, екіншісі 6 саусақты және қалыпты саусақ саны бар қыз бала туды. Берілген ақпаратты пайдалана отырып, ата-аналарының генотипін
бірінші ұрпақта пайда болатын балалардың генотипін анықтаңыз;
17. Бір геннің  бірдей  аллельдері бар организмдер, мысалы екі аллельдің екеуі доминантты (АА) немесе екеуі де рецессивті (аа) болса,ондай организмдер қалай аталады?
18. Доминантты аллель көк көзділік –А,ал қара көзділік - а. Мына гаметаларды будандастырғанда фенотиптік ара-қатнас қандай болады? 
1. АА х аа  
2. АА х Аа
3. Аа х Аа
19. Моногибридтік будандастыруға анықтама беріңіз.
20. Қызыл жемісті қойбүлдіргенді бір-бірімен будандастырғанда
ұрпақтарының жемісі қызыл, ал ақты бір-бірімен будандастырғанда
ұрпақтары ақ болады. Қызыл жемісті қойбүлдіргенді ақпен будандастырғанда, ұрпақтары қызғылт түсті болады. Енді осы қызғылт түстерді өзара будандастырғанда ұрпағында қандай фенотип болады?
21. Дигибридтік будандастыруға анықтама беріңіз.
22. Бұршақ өсімдігінің тұқымының қара түсі, ақ түсінен басым. Мынадай
будандастырудан алынған өсімдіктердің тұқымының түсі қандай болмақ: а) Аа х Аа; ә) АА х Аа; б) аа х АА; в) Аа х аа ?
23. Мендельдің бірінші заңына анықтама жазыңыз.
24. Өсiмдiктерде альбиностар (ақ) летальдi гендерге жатады (өлiп қалады), бiрақ көптеген түрлердiң ұрпағында альбиностар кездеседi. Альбиностар өлген кезде олар неге бiржола жойылып кетпейдi ?
25. Тұқым қуу және тұқым қуалаушылық. Гендер мен белгілердің тәуелсіз комбинацияларының цитологиялық негіздері.
26. Дигетерозиготалы организмнің генотипін хромосома түрінде жазыңыз.
27. Мендельдің екінші заңына анықтама беріңіз.
28. Кроссинговерге ұшырамаған гендер қалай аталады ?
29. Мендельдің үшінші заңына анықтама беріңіз.
30. Жынысты көбеюдің биологиялық және генетикадық мағынасы.
31. Гомозиготалы қара сиыр қызыл сиырмен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (в) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті? 
32. Геннің хромосомадығы локусына анықтама беріңіз.
33. Жынысты көбеюдің цитологиялық негізі.
34. Қара көзді (доминантты гомозиготалы белгі) солақай (рецессивті белгі) әйел, көк көзді (рецессивті), оң қолды (доминантты гомозиготалы ) еркекке үйленген. F1 ұрпақты тап? 
35. Аллельді гендер дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
36. Генетикалық зерттеулердің негізгі әдістері және оның тәжірибелік маңызы, мүмкіншілігі.
37. Екі қара қоянды өзара шағылыстырғанда, ұрпақтарында ақ және қара қояндар пайда болды.  Ата-анасының генотипі қандай? 
38. Ген дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
39. Аллельдiк гендер қалай орналасады?
40. Аталық және аналық жыныстың гетерогаметалы кезінде жыныспен тіркесіп тұқым қуалаудың ерекшеліктері.
41. Фенотип дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
42. Мейозда аллельдi гендер қалай ажырайды?
43. Жануарлар мен өсімдіктердің ұрықтану процессінің жалпы және спецификалық ерекшеліктері. Жыныстық көбеюдің тұрақсыз типтері: партеногенез, апомиксис, гиногенез, андрогенез.
44. Сұр тышқандарды альбиностармен шағылыстырған кезде ажырау жүреді: сұр-41, қара - 43, ақ тышқандар – 82. Сұр тышқанның генотипі қандай? Бұл жағдайда шағылысудың қай типі болған.
45. Генотип дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
46. Митоз. Митоз фазалары. Клетканың бөліну кезіндегі хромосомалардың таралу ерекшеліктері.
47. Кроссинговер. Кроссинговердің генетикалық дәлелдемесі. Кроссинговер механизмі.
48. Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын еркек денi сау әйелмен некелескен. Олардың 8  баласы болған: 4 ұл және 4 қыз. Барлық қыздары тұқым қуалау ауруымен туған (ұлдарында ондай жоқ). Осы тұқым қуалау ауруы қай типке жатады?
49. Жынысты көбеюдің цитологиялық негіздері. Мейоз. Бірінші және екінші мейоздық бөлінулердің кезеңдері мен фазалары.
50. Егер де адамның жыныстық хромосомасының жиынтығы ХХҮ болса, онда адам қай жынысты болады ?
51. Қандай организмдер а) гомозиготалы, б) гетерозиготалы деп аталады?
52. Дигетерозиготалы организмнің генотипін хромосома түрінде жазыңыз.
53. Белгілі бір уақытта аналық жұмыртқа бездерінде 100 жұмыртқа клеткасы түзіледі. Бірінші қатардың қанша овоциттері 100 жұмыртқа клеткасының түзілуіне қатысады? Белгілі бір уақытта аталық тұқым бездерінде 100 млн сперматозоидтар түзіледі? Бірінші қатардың қанша сперматозоидтары жоғарыда көрсетілген сперматозоидтардың түзілуіне қатысады?
54. Генетика ғылым ретінде. Генетиканың негізгі қалыптасу этаптары. Биологиялық ғылымдардың ішінде генетиканың алатын орны.
55. Хромосомалар және оның құрылысы. Хромосомалардың ультраструктуралық құрылымы. Кариотип және оның түрлік ерекшеліктері.
56. Прокариоттардың жыныссыз көбею механизмі.
57. Адамдарда қалыпты пигменттi (терiнiң түсi) некеден альбинос (ақ) бала туған. Бұлай болуы мүмкiн бе?
58. Аллельді гендер қайда орналасқан ?
59. ААВв  зиготасы қанша түрлі гамета түзеді?
60. Тұқым қуалауды зерттеу үшін қолданылатын генетикалық әдістердің ең бастысы?
61. Хромосаның белгілі бір бөлігінде орналасқан, тұқым қуалайтын белгі-қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тұқымқуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі қалай аталады?
62. Аталық және аналық жыныстардың айырмашылығын көрсетпейтін хромосомаларға анықтама бер.
63. Екі белгісі бойынша гомозиготалы сабалақ жүнді қара қоянды тегіс жүнді ақ қоянмен будандастырған. Егер жүннің сабалақ қара түсті болуы доминантты қасиет көрсетсе, бірінші ұрпақтағы будандардың генотиптері мен фенотиптері қандай болуы мүмкін ?
64. Анеуплоидияда жұп хромосомалардың біреуінің жетіспеуі қалай аталады?
65. Альтернативті немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалардың будандасуы қалай аталады?


Скачать


zharar.kz