Екінші дәлелдеме

Скачать

Бірінші дәлелдеме Алғашқы принципке құрылған әлдененің уақытша ішіндегі бастауы болу мүмкіндігін философтар жоққа шығарады. Егер әлем жаратылған болса, онда оның пайда болуын мүмкін еткен әлдененің болуы керек.
Жаратушының таза мүмкіндік ретінде көрініуінен өзге амалы жоқ, және де, бұл Жаратқаннан сұрау қажет: ол жаратылыстың басында жаратылғандардан өзгеше күйде болды ма екен? Егер олай болмаса, дүние тағы да таза мүмкіндік халінде қала берер еді, егер дәл осылай болса, бұл жаратылыстың басталуына қатысты күштен сұрау қажет: ол қалайша жаңа халге өтіп өзінің детерминанттық тұрпатын көрсете алмақ және неліктен бұл іс дәл осы сәтте мүмкін болды, неге әлемнің пайда болу мүмкіндігінің өзге мерзімінде іске аспаған? Мұндай жағдайда біз шексіз регреске түсер едік.
Әл-Ғазали бұл дәлелдемеге екі түрлі мәндегі қарсы пікір айтқан. Біріншіден, — дейді ол, — философтардан сұрау керек: жаратылыс өзі болған кезінде болғанына, ол құдіретгі күштің жаратқанынан болуына қарсы дәлел айтушылар нендей негізге сүйеніп пікір айтуда? Бұл жерде философтарға теологтер көзқарасымен қарасақ, олар белгілі бір аксиомаға сүйенген, алайда ондай аксиома жоқ, егер болса, ол көпшіліктің санасына айналар еді. Алайда дүниенің жаратылғаны туралы айтушылар толып жатыр. Бұл мәселенің бір жағы болса, екіншіден, философтар ешқандай дәстүрге сыйымсыз Қүдайдың әмірі мен адамдардың шектеулі еркін салыстырады.
Екіншіден, философтар әлемнің уақыт ішінде жаратылғанын мойындаулары қажет. Себебі, олар болмыстың себептілігін мойындайдьі, ал себептілік шексіз регрессияны ешқашан бастамайды. Себептілік уақыт жағынан тек алға, кешеден бүгінге, одан ертеңге, қазірден қазір емеске бастайды.
Әрі қарай Ибн Рушд қарсыласы әл-Ғазалиге өз дәлелдерін айта бастайды.
Екінші дәлелдеме. Философтар пайымдауынша, Құдайға дейінгі әлем дегенде, оларды оны жаратушыға дейінгі уақытпен шектелмеген мән мағынасында қабылдау керек, себебі, олай болмағанда, уақыт ішінде өзгеріске толы әлемге дейін шектеулі уақыт болған болар еді. Шектеулі нәрсенің соңы болса, оның басталуы болары хақ. Ал басталу туралы анықталмаған уақыттың аяқталуы туралы әлдене айту мүмкін емес. Егер уақыт дегеніміз қозғалыстың мөлшері не өлшемі болса, онда оның мәңгілік болғаны. Демек, уақытсыз қозғалыс болмаса, уақыт — қозғалыс өлшемі, бірақ мәңгілік деген қозғалушының қасиетіне, яғни өзгермелі дүниенің қасиетіне айналмақ. Сонымен, әлемнің мәңгілі теологтер көзқарасына сәйкес қажетті ақиқатқа сай құрал өзінің жарату қабілеттері мүмкіндіктері жаратылған нәрселерден әлдеқашан бұрын, мындаған жылдар бұрын болған, ал мұндай қағиданы теріске шығару жаратушының құдіретін жоққа шығару болып табылады.
Ғазали бұл мәселеге қарсы дәлел келтірген. Егер Құдай әлемге және уақытқа дейін болса, оны былайша түсіндіруге болады: Құдай әлемде әлемсіз және уақытсыз, кейін әлем және уақытпен бірге өмір кешкен. Уақыт ішінде жаратылмаған әлеммен Құдай осы дүниеге дейін болды деу – адамзат қиялындағы кемшілік.
Болған нәрседен бұрын тағы да осы уақыттан тыс өлем болған деу қандай шындыққа келмек?!
Ибн Рушд болса, дейінгі және кейінгі деген айтысқа қарсы, себебі, мәңгіліктің өлшемі жоқ, әлем болса, сол мәңгіліктен тыс емес. Философтар мұндай пікірден қашқақтамайды, өйткені олар өзгермелі әлемнің басталуы жоқ, ал басталуы болса, ол қалайша мәңгілікке қатысты болмақ?
Үшінші дәлелдеме. Философтар әлемнің мәңгілігі мұмкін болса, оның болуы да мәңгілік дегенді негізге алады. Мұндай жағдайда оның мүмкін болмауы мүмкін емес. Егер әлемнің болуының басталуы болса, одан шығатын қорытынды—әлемнің басталуының мерзімі болғандығын мойындау, мұндай жағдайда әлемнің болмысының реалдығы туралы айту қиын әрі ол Құдайдың (Жаратушының) құдіретіне шек келтіру дегенге саяды.
Ғазали ойша белгілі уақыт ішінде әлемнің пайда болуы:: мойындай отыра, әлёмнің басталуы қашан болсын басталмаған, себебі, шындық пен мүмкіндік сәйкес келмейді. Ғазали айтуынша, дүниенің пайда болуының мүмкіндіктері көп, оның бәрін бір нақтылы әлемнің пайда болуымен түсіндіруге болмайды.
Ибн Рушд әлемнің мәңгілігін жеке мүмкіндіктен пайда болған деген көзқараспен Ғазалидің әлемнің пайда болуының шексіз көптігін бір-бірінен ажыратқан. Ғазали айтқандай, қазіргі нақтылы әлем өзге әлемнің бөлігі, ол келесі әлемнің бөлігі боп кете береді, бұл тоқтаусыз шексіздікке бастайды. Бұл ақылға сыйымды емес. Егер бұл шексіздікті үзсек, онда түсінік нақтылы бар әлем туралы болмақ.
Менің бұл мәселеге қоспағым, шындық тек Ибн Рушд пікірінде деуге келісу қиын. Әлемнің көпшілігін жоққа шығаруға бізге нақтылы дәлел жоқ. Сонымен бірге бар әлемнің болмысы арқылы оның гшйда болуын түсіндіру және де мүмкш емес, сондықтан Ғазалидің Жаратушы идеясын ұстануы түсінікті.
Төртінші дәлелдеме. Философтар пікірінше, қандай болсын нәрсе — өзінің пайда болуына дейін мүмкіндігі бар мән немесе мүмкіндігі жоқ мән немесе қажетті мән. Пайда болмақшы нәрсе мүмкін емес мән мүмкін емес, өйткені мүмкін еместің бар болуы мүмкін емес және де ол қажетті де мән болмақ емес, себебі, қажеттілік ешқашан өмір сүрмейтін нәрсе емес, демек, қарастырылып отырған нәрсе- мүмгіндігі бар мән. Осылай бола отырып айтармыз, - дейді философтар, - материядан басқа субстрат болмағандықтан, алғашқы материя ешқашан пайда болмаған. Пайда болу дегеннің өзі, философтар айтуынша, мүмкіндігі бар мәннің көрінісі.
Ғазали философтардың бұл пікірше наразылыққ білдіріп: Мүмкіндік деген — ақыл арқылы болатын түсінік, оның объективтік дүниеде орны әлдененің сипаты регінде айқыңдалмаған, — дейді. — Мысалы, егер мүмкіндік әлдеқандай мүмкіндікті қажет етсе, не болғаны, ал осы қисынмен мүмкін емес әлдебір нәрсе мүмкін емес істі қажет етсе, біз ақылға сыйымсыз нәтиже алған болар едік. Бұл жерде Ғазали аса бір терең мәселе туралы сөз қозғаған; Шындығында, мүмкіндік деген шындық емес қой, сондықтан оның материалдық дүниеден нақтылануын бірден айыру қиын болса, екіншіден, оның іске асқан, яғни актуальдыланғандығы мүмкіндікті ешқашан адекваттылық мәнде бермейді. Оның мүмкіндік ешқашан шындыққа айналмайды дейтіні де сондықтан. Біз, әсіресе маркстік ілімінде, мүмкіндік шындыққа айналады дел мәселені тым үстірі тұсіндіріп келдік.
Бұл мәселеге, әрине, Ибн Рушд қарсы болған. Ол Ғазалиді софизмге салынған деп сынайды. Менің түсінігімде, Ибн Рушдқа қарағанда Ғазалидің ой-түсінігі ақылға сыйымды сияқты.
Ибн Рушд өзінің қарсыласы әл-Ғазалиге қарсы келтірген дәлелдерін қорытындай келіп, мынандай түиін жасайды: әлдебір нәрсенің басталуы болса, оның аяқталуы да болмақ, ал басталуы жоқ нәрсе шексіз болмақ.
Ибн Рушд
(1126-1198)
Еуропадағы Кордова халифаты саяси күш ретінде қуатын жоя бастағанда, ХІІ ғасырдан бастап осы аймақта мұсылман ойшылдарына қарсы әрекет күшейе түсті. Алайда Еуропаға Платон, Аристотель еңбектерін таратушы әрі түсіндіруші араб тіліндегі философияны (фалсафаны) мүлдем жоққа шығару мүмкін еместі. Сондықтан араб тіліндегі жазылған еңбектерді латынға аудару мәселесі сол замандағы ғылымның өрістеуі үшін зәру іс болатын, бірак бүл аудармаларға араб ойшылдарының есімдерін бұзып жаза бастады. Ибн Рушд еңбектерін латынға аударғанда, ол Абен-Рошд, Авен-Рошд, Аверрошд, Аверросд болып сан-сақка кетіп, ақыры Аверроэс дегенге тоқталып оны күні бүгінге дейін Батыста осылай атау дәстүрі сакталған. Ибн Рушдқа Батыс мәдениетінде арналған еңбектердің ішінде ең көрнектісі Э.Ренанның Аверроэс және аверроизм деген шығармасы.
Ибн Рушдқа Батыстағы қызығушылық оның тек араб фалсафасының аса көрнекті өкілі болғандығында емес, оның ілімі өзінен көп кейін өмір сүрген латындық аверрокстерлдің харекеттеріне негіз болғандығында. Латындық аверроисте Ибн Рушд ілімін католиктік дүниетаным негізінде XVI ғасырға дейін әртүрлі интерпретацияда латын аверроистері насихаттап келген.
Ибн Рушд фалсафаның аса көрнекті сонғы өкілі. Зерттеушілер Ибн Рушдтың келешегіне ықпал еткен Ибн Туфейл деседі. Оған мынандай бір тарихи дерек дәлел: Кордово халифатының қуатты кезінде, халиф Абу-Якуб Жүсіппен араласы бар Ибн Туфейл сарайға Ибн Рушдты шақыртады. Халиф Ибн Рушдты сынамақ болып: Дүниенің басталуы уақыт ішінде бол-ған ба, қалай, бұл туралы философтар не айтады? — леп сұрақ қояды. Осы кездесу туралы Ибн Рушдтың өзі былай деп әңгімелейді: Мұндай сұрақты күтпегендіктен, қатты састым. бір пәлеге ұшырап қалмайын деп, философиямен шұғыдданбаушы едім, — дей беріппін. Менің қысылғанымды сезген халиф Ибн Туфейлмен маған қойған сұрақты екеуі талдауға кірісті.
Мен халифтың терең біліміне таң қалып, бірте-бірте үрей сезімінен арылып, әңгімеге араласып, бұл мәселе туралы білетінімді жайып салдым. Халиф маған ризашылық білліріп. қымбат киім мен астыма ат мінгізді және бұдан әрине Арисготель еңбектерін арабшаға аударып, оларға түсініктеме жазу ісін тапсырды.
Халифтың айтқанын Ибн Рушд тек орындап қана қойған жоқ, өзі де аса құнды философиялық еңбектер жазып қалдырды.
Сигер Брабантский дүниетанымының негізгі арналары ол әлемнің мәңгілігін мойындаған; Құдай жеке нәрселермен құбылыстарды білуі мүмкін емес деген және мәңгілі болуы мен адам жанының жалғандығының бірлігі туралы. Білім мен дін мәселесіне келгенде, философиялық қисындары христиандық қағидалармен сәйкес келмей, әрі оларды түсіндіру дәрменсіздігін мойындаған Сигер Брабантский Еуропа философиясында тұңғыш рет ақиқаттың қос сипаты концепциясын насихаттаушы болған.
Олар аверроистердің мына тезисіне қарсы болды: аверристер адам жанының өлмейтініне, ақыретте адамның рухы және тәнінің қайта қалпына келетініне, Құдайдың бақи дүниеде күнәһар мен пәк адамды ажырата алатынына қарсы болған. Бұл, әрине, христиан дүниетанымына-қарсы пікірлер.
Фома Аквинский аверроизмнің мынандай басты постулаттарына қарсы шыққан. Олар: әлемнің мәңгілігі және жоқтан бардың пайда болмауы, адам еркінін қажеттікті және де ең бастысы — ақылдың сенімнен жогары болуы.
Ибн Рушд идеялары және аверроизм жаңа заман философиясы қалыптаса бастағанда Еуропадағы басты бағыт ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жаңа заман философиясы фалсафа дәстүрін жеңіп, христиандық дәстүрдегі жаңа философиялық ойлау типін өмірге әкелді. Бұдан әріде Еуропадағы мұсылмандық дүниетаным, яғни фалсафа тарихы дерекке айналды.


Скачать


zharar.kz