Бюджетінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттілігімен, жаңа әлеуметтік – экономикалық шараларды орталықтандырылған қаржыландырумен байланысты шығыстарды біріктіру көзделген.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың орналымында көрінеді.
- билікпен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу;
Жергілікті бюджет қаражаттарының шығыстары:
Жергілікті бюбджет қаражаты:
- мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, орта, қосымша орта, және кәсіптік орта білім беруді,
- әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі шараларды;
- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды:
- жергілікті деңгейдегі құқық қорғау қызметін;
- халыққа тегін медициналық қызмет көрсетудің кепілді көлемін;
- жергілікті деңгейдегі арнаулы медициналық бағдарламаларды ;
- маслихаттық шешімдеріәне сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік бәсірелі көмек көрсетуді;
- жұмыспен қамту бағдарламасын;
- тұрғын үй бағдарламасын;
- мәдени ойын-сауық бағдарламаларын;
- өнеркәсіп пен құрылыс объектілерін;
- қоршаған ортаны қорғауды;
- жобалау-іздестіру жұмыстарын;
- елді –мекенді кеңейтуді, қала жолдары мен көшелерінің құрылыстарын;
- жергілікті бюджеттерден республикалық берілетін ресмитрансферттерді;
- арнайы экономикалық аймақтарды қамту жөніндегі бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Осы жоғарыда айтылған қызмет түрлерін жүзеге асыратын жергілікті бағдарламалардың әкімшілері мен оларға бағынысты мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Жергілікті бюджеттердің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық
Валютаның айырбас бағанының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражатты ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады.
2.3 Шығыс сметаларының орындалу есебі.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдар, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыс сметасын орындау есебін «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық» бойынша жүзеге асырады.
Бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсанындағы №2732 Заң күші бар Жарлығын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысында, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жай-күйіне, ақшалай қаражаттармен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтуы тиіс;
Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық – ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады. Есепті орталықтандырған кезде қызмет көрсетуші ұйымдардың басшыларына лимиттерге иелік ету құқығы қалдырылады, атап айтқанда: тауарларды жеткізіп беруге және қазметтер көрсетуге келісім-шарттар, орындалған жұмыстарға еңбек келісімін жасасу, белгіленген тәртіпте шаруашылық және т.б. мұқтаждықтарға аванстар алуға және өз қызметкерлеріне аванстар беруге рұқсат ету, бюджеттік қаржы беру шегіне бөлінген лимиттердің есебінен шығыстарды төлеуге рұқсат ету; белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдардың мұқтаждығына арнап материалды , тамақ өнімдерін және басқа да материалдық құндылықтарды жұмсау, есеп беретін адамдардың аванстық есебін түгендеу және т.б. бойынша құжаттарды бекіту. Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді. Ұйымдар бюджеттік мақсаттарға сәйкес сметаларда көзделген бюджеттік сыныптаманың (бағдарлама, кіші бағдарлама, өзгешелік,) коды бойынша шығыстарды жүзеге асырады.
Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
- осы жекелеген нұсқауларға сәйкес бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдасыруды қамтамасыз ету;
- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын – ала бақылау жасауды жүзеге асыру;
- есепті дербес жүргізетін бюджеттік ұйымдарға ашық лимиттерді дер кезінде хабарлау, сондай-ақ шығыс сметаларын орындауына және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуіне бақылау жасау;
- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
- бюджеттік ұйымдардың , жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;
- ұйымдармен, жекелеген тұлғалармен сметаларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
- есеп – есептеу жұмыстарын компъютерлеу;
- белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) шығыстар сметасын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
- активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың құндылықтардың сақталу және пайдалану жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттардысақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке түсіру;
Бухгалтерлік есепті тізімдемелерге жазу үшін операциялардың жасалған фактісін белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.
Бастапқы құжаттар – операциялар іске асырылған сәтте, егер мұның мүмкіндігі болмаса тікелей операцияның аяқталуы бойынша жасалуға тиіс.
Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленетін қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар мен ғана жүргізілуге тиіс. Жазбаларды есеп тізбелерінде көрсету үшін шаруашылық операцияларының жасалған фактісін растайтын, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар негіз болады.
Бастапқы құжаттардың заңды күшке ие болу үшін мынадай реквизиттері болуы керек:
Құжаттың атауы (үлгісі), үлгінің коды, жасалған уақыты, шаруашылық операциясының мазмұны, сапалық және құндық көріністердің өлшемдері; операцияларды жасау және олардың рәсімделуінің дұрыстығы және лауазымды тұлғаның атауы; және қойылған қолдар, олардың талдамасы.
Бастапқы құжаттарда – мәтін бөлігінде де, сандық деректер де де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.
Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы белгіленген тәртіппен жазбаша шарт жасалады.