Білім берушілік үдеріс деп үш құрамдас бөліктер: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу үдерістерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Білім берушілік үдеріс – бұл тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту бойынша мақсатты қызмет.
В.П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбиелеу және оқу танымдық үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджменттің (білім берушілік үдерісті тиімді басқару теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіне тән заңдылықтары мен спецификасы бар. Бұл специфика менеджер еңбегінің өнімі, құралы және нәтижесінен көрінеді.
Білім берушілік үдеріс менеджер еңбегінің пәні болып басқарылатын субъект қызметі табылады, еңбек өнімі – ақпарат, ал еңбек құралы сөз, тіл, баян.
Оқу-танымдық үдеріс және оқу-тәрбиелік үдеріс менеджері еңбектерінің нәтижесі болып менеджмент объектісі білім алушының (екінші субъект) білім , тәрбие және даму дәрежесі табылады.
Педагогикалық менеджмент-әрекетті жүйе ретінде өзіне келесі құрылымдық-функционалдық компоненттер мен жүйені түзетін факторларды енгізеді: қызмет мақсаты (жоспарланған , күтілетін нәтиже), қызмет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, білім алушылар, студенттер және т.б.), қызмет мазмұны (оқу, басқарушылық және басқа ақпарат), қызмет тәсілдері (оқытушының білім алушымен, басшының оқытушымен өзара әрекеттесу әдісі, стилі)