Қан ағу

Скачать

Жануарлардың жарақаттары және жарақаттанулары пәнінен
МБ-2 тапсырмалары

Эссе тақырыптары:
Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары және оның алдын алу
Жануарлардың көлікпен тасымалдау кезіндегі жарақаттанулары және оның алдын алу
Жануарлардың ветеринариялық – санитариялық және зоотехникалық шараларды жүргізу кезіндегі жарақаттанулары және оның алдын алу

Сұрақтар:

1. Оқ тиген жарақат, емі
2. Қабаттасқан, қосарланған жарақаттар, емі
3. Сүйек сынуы, анықтау, емдеу
4. Сіңірдің созылуы, анықтау, емдеу
5. Буынның созылуы, анықтау, емдеу
6. Қан тамырларының жарақаттары, анықтау, емдеу
7. Ми жарақаттары, анықтау, емдеу
8. Жұлын жарақаттары, анықтау, емдеу
9. Жануарлардың алдыңғы аяқтарының жарақаттары, анықтау және емдеу
10. Жануарлардың артқы аяқтарының жарақаттары, анықтау және емдеу
11. Жануарлардың бақайларының жарақаттары, анықтау және емдеу
12. Жануарлардың желіндерінің жарақаттары, анықтау және емдеу
13. Жануарлардың лимфа тамырларының жарақаттары, анықтау және емдеу
14. Жарақаттанған жануарларды диспансеризациялау
15. Жануарлардың жарақаттануларының алдын алу және оның маңызы
16.
17. Жануарлардың жарақаттануы және жарақаттанулардың түрлері
18. Жануарлардың бөгде заттардан жарақаттанулары
19. Жануарлардың азықтан жарақаттанулары
20. Кешендік шаруашылықтардағы жануарлардың жарақаттанулары
21. Жануарлардың автокөлікпен тасымалдау кезіндегі жарақаттанулары
22. Жануарлардың вагонмен тасымалдау кезіндегі жарақаттанулары
23. Жануарлардың кемемен тасымалдау кезіндегі жарақаттанулары
24. Жануарлардың ветеринариялық – санитариялық және зоотехникалық шараларды жүргізу кезіндегі жарақаттанулары
25. Жануарлардың соғыс кезіндегі жарақаттанулары
26. Жануарлардың табиғи апаттар кезіндегі жарақаттанулары
27. Жануарлардың жүйке -стресстік жарақаттануларының алдын алу
28. Биологиялық жарақаттар және оның алдын алу
29. Жануарларды мүйізсіздендіру және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы
30. Жануарларды пішу және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы
31. Сиырдың жарақаттануы және оның алдын алу
32. Қойдың жарақаттануы және оның алдын алу
33. Жылқының жарақаттануы және оның алдын алу
34. Шошқаның жарақаттануы және оның алдын алу
35. Терісі бағалы аңдардың жарақаттануы және оның алдын алу
36. Құстардың жарақаттануы және оның алдын алу

Тесттер:
$$$ 60
Үзілуді емдеу:
A) Оперативтік, үзілген ұлпаларды тігу.
B) Новокайн блокадасын жасау.
C) Тыныштық беру.
D) Таңғыш салу.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдер.

$$$ 61
Қатты соққыдан ми шайқалуының қауіптілігі:
A) Ішкі қан құйылу
B) Малдың жүріп – тұруының бұзылуы.
C) Жүйке қызметінің бұзылуы.
D) Жарақаттан болатын шок.
E) Шайқалу қауіпті жарақат емес.

$$$ 62
Ұлпалар мен ағзалардың механикалық қысылуы салдарынан қан айналысы мен зат алмасуы бұзылып, өлі еттенуімен сипатталатын жабық механикалық жарақат:
A) Некроз.
B) Шайқалу.
C) Басылу.
D) Соғылу.
E) Гематома.

$$$ 63
Жарақаттанған қан тамырының өзегінен қанның сыртқа шығуы:
A) Қансырау.
B) Қанталау.
C) Гематома.
D) Қан ағу.
E) Қан құйылу.

$$$ 64
Қан ағу нәтижесінде денедегі қан мөлшерінің күрт азаюы:
A) Қансырау.
B) Қанталау.
C) Гематома.
D) Қан кету.
E) Қан құйылу.

$$$ 65
Ең қатерлі қан ағу:
A) Веналық.
B) Капиллярлық,
C) Артериялық.
D) Ішке.
E) Сыртқа.

$$$ 66
Жарақаттанған қан тамырынан шымқай қызыл түсті қан атқылап жылдам ағады:
A) Артериялық қан ағу.
B) Капиллярлық қан ағу.
C) Веналық қан ағу.
D) Ішке қан ағу.
E) Сыртқа қан ағу.

$$$ 67
Жарақаттанған қан тамырынан қара қошқыл қызыл түсті қан жайлап біркелкі ағады:
A) Артериялық қан ағу.
B) Веналық қан ағу.
C) Капиллярлық қан ағу.
D) Ішке қан ағу.
E) Сыртқа қан ағу.

$$$ 68
Жарақаттанған қан тамырынан қан жайлап ағады. Қан ұйып өздігінен тоқтайды:
A) Артериялық қан ағу.
B) Веналық қан ағу.
C) Капиллярлық қан ағу.
D) Ішке қан ағу.
E) Сыртқа қан ағу.

$$$ 69
Қансыраудың жалпы клиникалық белгілері:
A) Мал әлсірейді.
B) Коллапс (талықсу).
C) Кілегей қабықтар бозарады.
D) Тамыр соғысы жиі, қан қысымы өте төмен.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 70
Жарақаттану салдарынан мал денесіндегі қанның қанша мөлшерін жоғалтса өміріне қауіп төнеді?
A) Үштен бір бөлігін.
B) Төрттен бір бөлігін.
C) Бестен бір бөлігін.
D) Алтыдан бір бөлігін.
E) Жетіден бір бөлігін.

$$$ 71
Қан тоқтату әдістері:
A) Уақытша.
B) Біржолата (түпкілікті).
C) Табиғи.
D) Операциялық.
E) А және В тармақтарында көрсетілген.

$$$ 72
Қан тамырлары жарақаттанғанда қанды өте жылдам уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын бармақпен басу.
B) Қан тамырын байлау.
C) Қан тамырын тігу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.

$$$ 73
Ірі қан тамырлары жарақаттанғанда қанды уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын байлау.
B) Жарақаттың қан ағып тұрған тұсына тығын (тампон) қойып қысып таңғыш салу.
C) Қан тамырын тігу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.

$$$ 74
Қан тамырлары жарақаттанғанда қанды уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын байлау.
B) Қан тамырын тігу.
C) Қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.

$$$ 75
Қан тамырлары жарақаттанғанда қанды уақытша тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын байлау.
B) Қан тамырын тігу.
C) Қан тамырын сылып тастау.
D) Аяқтың қан тамырлары жарақаттанса жарақаттанған жердің жоғары тұсынан Эсмарх таңғышын ( резеңке байлам) салу
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.

$$$ 76
Капиллярлық қан тамырлары жарақаттанғанда қанды біржолата (түпкілікті) тоқтатудың әдісі:
A) Жарақатқа 5% - ды иод тұнбасы сіңірілген мәрлі – мақта тампонын басып, қысып танғыш салу.
B) Аяқтың қан тамырлары жарақаттанса жарақаттанған жердің жоғары тұсынан резеңке байлам салу Эсмарх таңғышы).
C) Қан тамырын хирургиялық қан тоқтатқыш қысқышпен қысу.
D) Қан тамырын сылып тастау.
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.

$$$ 77
Ірі қан тамырлары жарақаттанғанда қанды біржолата (түпкілікті) тоқтатудың механикалық әдісі:
A) Қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысып қою.
B) Қан тамырын байлау, тігу.
C) Қан тамырын сылып тастау.
D) Аяқтың қан тамырлары жарақаттанса жарақаттанған жердің жоғары тұсынан резеңке байлам салу Эсмарх таңғышы).
E) Қан тамырына қан ұйытатын дәрі егу.

$$$ 78
Қан тоқтатуда пайдаланылатын химиялық дәрілер:
A) Адреналин.
B) Калий хлориді.
C) Натрий хлориді.
D) Глюкоза.
E) А, В, С және D тармақтары.

$$$ 79
Жарақатты өңдеуге қолданылатын дәрілер:
A) Септо – спрей.
B) Чеми – спрей.
C) Перкутан
D) Монклавит – 1.
E) А, В,С және D тармақтары.

$$$ 80
Малдарға жалпы ауырсындырма жасау үшін жиі қолданылатын дәрілер:
A) Тиопентал – натрий, хлоралгидрат.
B) Ксиланит, калипсол, рампун, рометар.
C) Новокайн, дикайн.
D) Монклавит – 1, глюкоза.
E) Нитокс – 200, бициллин – 3.

$$$ 81
Жергілікті ауырсындырмау жасау үшін қолданылатын дәрілер:
A) Тиопентал – натрий, хлоралгидрат.
B) Аминазин, калипсол, рампун, рометар.
C) Новокайн, дикайн, тримекайн.
D) Монклавит – 1, глюкоза.
E) Натрий хлорид, калций хлорид.

$$$ 82
Жарақатты таңғыш материалдар:
A) Бинт.
B) Гипс.
C) Мақта
D) Мәрлі.
E) А,В,С және D тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 83
Жарақатқа инфекция түсуіне қарсы шаралар кешені:
A) Антисептика.
B) Асептика.
C) Дезинфекция.
D) Стерилизация.
E) А,В,С және D тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 84
Жарақатқа түскен инфекцияны жоюға бағытталған шаралар кешені:
A) Антисептика.
B) Асептика.
C) Дезинфекция.
D) Стерилизация.
E) А,В,С және D тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 85
Асептикалық шаралар:
A) Хирургтың қолын залалсыздандыру.
B) Операция алаңын залалсыздандыру.
C) Хирургиялық құралдарды залалсыздандыру.
D) Хирургиялық таңғыштарды залалсыздандыру.
E) А,В,С және D тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 86
Антисептикалық шаралар:
A) Жарақатты механикалық тазалау.
B) Жарақатты дезинфекциялық дәрілермен өңдеу.
C) Жарақатты антибактериалдық дәрілермен өңдеу.
D) Жарақатты тігу
E) А, В және С тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 87
Ашық механикалық жарақаттардың жануар өміріне төндіретін 1- ші қаупі:
A) Асқынуы.
B) Тез жазылмауы.
C) Терең болуы.
D) Емдеудің қиындығы.
E) Жарақаттық шок.

$$$ 88
Ашық механикалық жарақаттардың жануар өміріне төндіретін 2- ші қаупі:
A) Ұлпалардың бүтіндігінің бұзылуы.
B) Қансырау.
C) Емдеудің қымбаттығы.
D) Емдеудің қиындығы.
E) А, В және С тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 89
Ашық механикалық жарақаттардың жануар өміріне төндіретін 3-ші қаупі:
A) Қан ағу.
B) Жарақаттың ашық болуы..
C) Инфекция түсіп асқыну.
D) Емдеудің қиындығы.
E) А, В және С тармақтарында көрсетілгендер.

$$$ 90
Жарақат :
A) Жануарлар организмін жарақаттайтын сыртқы орта факторларының жиынтығы
B) Организмнің ұлпалары мен ағзаларында морфологиялық және функциональдық тұрғыда жарақаттайтын сыртқы орта факторлары
C) Организмнің сыртқы орта факторларына жауабы
D) Организмнің әр түрлі сыртқы орта әсерлерінен ұлпалық, торшалық немесе молекулалық деңгейде морфологиялық және функциональдық өзгерістерге ұшырауы
E) Организмді функциональдық тұрғыда жарақаттайтын сыртқы орта факторлары

$$$ 91
Шектен тыс жоғарғы немесе төмен температураның әсерінен болатын жарақаттар:
A) Механикалық жарақаттар
B) Аллергиялық жарақаттар
C) Термикалық жарақаттар
D) Химиялық жарақаттар
E) Жабық жарақаттар

$$$ 92
Күйіктің түріне жатпайды:
A) Жоғарғы температурадан болған күйік
B) Электр энергиясынан болған күйік
C) Химиялық заттардан болған күйік
D) Сәуле энергиясынан болған күйік
E) Төменгі температурадан болған күйік
$$$ 93
Күйіктің дәрежесіне жатпайды:
A) 1-ші дәрежелі күйік
B) 2-ші дәрежелі күйік
C) 3-ші дәрежелі күйік
D) 4-ші дәрежелі күйік
E) 5-ші дәрежелі күйік
$$$ 94
Күйген жер ауырушаң, қызарған, серозды қабыну:
A) 1-ші дәрежелі күйік
B) 2-ші дәрежелі күйік
C) 3-ші дәрежелі күйік
D) 4-ші дәрежелі күйік
E) 5-ші дәрежелі күйік
$$$ 95
Күйген жер ауырушаң, қызарған, серозды қабыну, күлдіреу:
A) 1-ші дәрежелі күйік
B) 2-ші дәрежелі күйік
C) 3-ші дәрежелі күйік
D) 4-ші дәрежелі күйік
E) 5-ші дәрежелі күйік
$$$ 96
Күйген тері ойылып, ол жер қоңыр түсті құрғақ некрозды затпен жабылған:
A) 1-ші дәрежелі күйік
B) 2-ші дәрежелі күйік
C) 3-ші дәрежелі күйік
D) 4-ші дәрежелі күйік
E) 5-ші дәрежелі күйік
$$$ 97
Күйген тері ойылып, оның астындағы ұлпалар сүйекке дейін қара көмірленіп күйген:
A) 1-ші дәрежелі күйік
B) 2-ші дәрежелі күйік
C) 3-ші дәрежелі күйік
D) 4-ші дәрежелі күйік
E) 5-ші дәрежелі күйік

$$$ 98
Үсінудің сатылары:
A) 1-ші дәрежелі
B) 2-ші дәрежелі
C) Тоңып дірілдеу
D) Тоңу
E) Тоңып дірілдеу, тоңу, үсу

$$$ 99
Тері бозарған, ауруды сезуі күрт төмендеген :
A) 1-ші дәрежелі үсу
B) 2-ші дәрежелі үсу
C) 3-ші дәрежелі үсу
D) 4-ші дәрежелі үсу
E) 5-ші дәрежелі үсу

$$$ 100
Тері, тері асты борпылдақ ұлпалары өліеттенген, ол жерде іші қара қоңыр сұйыққа толы күлдіреуік пайда болған :
A) 1-ші дәрежелі үсу
B) 2-ші дәрежелі үсу
C) 3-ші дәрежелі үсу
D) 4-ші дәрежелі үсу
E) 5-ші дәрежелі үсу


Скачать


zharar.kz