2 аралық бақылау тапсырмалары
1
Ә.Кекілбаевтың Елең-алаң романы
Сұрақ-жауап
14 апта
15 балл
2
Қ.Жұмаділовтің Соңғы көш романы
Сұрақ-жауап
14 апта
15 балл
3
Қ.Жұмаділовтің Тағдыр романы
Сұрақ-жауап
15 апта
15 балл
4
Д.Досжановтың Жібек жолы романы
Сұрақ-жауап
15 апта
15 балл
1-Тапсырма: Ә.Кекілбаевтың Елең-алаң романын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Үркер романының жалғасы Елең-алаң романы. Жанры жағынан Үркер Елең-алаңға терең психологизм, мәнді философиялық сипат қана емес, лирикалық сипаттағы новелла элементтерін де ұтымды енгізе білген. Романдардың композициялық-сюжеттік құрылымында оқиға басталуы ұзақтау үзіндіде көрінсе, оның мәресі Елең-алаңдағы соңғы картинамен, бас қаһарманның әрі-сәрі күй кешкен, күдігі мен үміті араласқан, қарызы мен парызын пайымдаған сәтімен аяқталады. Жазушының стиль саласындағы шеберлігіне осынау ерекшелікті де жатқызғанымыз абзал.
2-Тапсырма: Қ.Жұмаділовтің Соңғы көш романын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Соңғы көш роман-дилогиясы Қ.Жұмаділовтің өз көзімен көрген, өз басынан өткерген тарихты арқау еткен шығармасы. Соңғы көш роман-дилогиясында қытай отаршылдарының жымысқы саясаты шындықпен көрінеді. Романның өн бойы халықтың азаттық, теңдік, атамекен деп соққан жүрек лүпілі, арманы мен аңсауы, тілегі мен мақсаты шындықпен беріледі. Роман енді көш болмасын, халық оны басынан өткізбесін, шашылып кеткен қазақтың барлығы атамекеніне оралсын деп аяқталады.
3-Тапсырма: Қ.Жұмаділовтің Тағдыр романын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Тағдыр романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Патшалық Россия мен Цинь империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-жылдары ғана қолға алған болатын.Романдағы күллі оқиға осы айтулы тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткенін бейнелеуге арналған. Тарбағатайдың күнгейін мекен еткен халық тағдыры, Цинь империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайлықпен шығарманың өзегіне алынған.
3-Тапсырма: Д.Досжановтың Жібек жолы романын оқу.
Әдістемелік нұсқау: Жібек жолы романын шындығында шартты түрде ғана тарихи шығарма деп атаған болар едік. Өйткені негізгі екі-үш кейіпкерден басқасы автордың қиялынан туған, әрі роман сұлбасы көбіне ойдан шығарылған қияли-философиялық желіге құрылған. Романның тұтас бітім болмысы ұлтымыздың тарихи трагедиясының, дәлірек айтқанда қазіргі қазақтардың тағдыр көлеңкесіне айналған қайғысы – өмірі бітпейтін билік таласы, ру, жер дауы, жесір дауы, тағысын тағылар деп есептейтін авторлық тұжырымға табан тіреген.
Жібек жолдың беттерінде ежелден адам баласына тән күйініш-сүйініш сезім құбылыстары баржа әсерімен көрінеді, мұнда тарихта болғаны, жазушы қиялынан туғаны бар: отыздай кейіпкер қатысса да, автор сол трагедиялық зұлмат кезіндегі халық тағдырын жіті қадағалап, сол кезеңдегі қоғами-әлеуметтік және тұрмыстық салт-сананы кең тыныспен қамти көрсетеді.谼