Батыс Сібір жазығы

Скачать

Батыс Сібір жазығы – Еуразия материгіндегі ірі жазықтардың бірі. Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі ғана енеді. Ол республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде Орал тауының шығыс жағынан Алтай тауына дейін ені 200- 205 км, Ертіс өзені бойында 300 километрге дейін алқап болып созылып жатыр. Оңтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы орналасқан.
Жер бедері. Геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары. Батыс Сібір жазығының жер бедеріне қарағанда тегіс, абсолюттік биіктігіндегі айырмалы.
Батыс Сібір жазығы бетінің тегіс болуы, оның геологияялық құрылысы даму ерекшелігіне байланысты. Герцин тау түзілу процесі тоқтаған кезде Батыс Сібір жазығында тау түзілу процесі аяқталған. Кейіннен биік таулары мүжіліп тегістеліп, Батыс Сібір плитасының пайда болған. (Георонологияялық кестеге қарап, герцин тау түзілу кезеңінен кейін қайдан дәуір болғанын естеріңе түсіріңдер).
Сондықтан да қазіргі Батыс Сібір жазығыныың негізгі плитасының үстінде триас, юра, бор және палеоген дәуірлерінің шөгінді жыныстарының қалың қабаттары жатыр. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, құрлыққа айналған қазіргі Құлынды даласындағы шөгінді жыныстардың қалыңдығы 3000 м. Төрттік дәуірде жазықтың солтүстігін мұз басып, кейіннен мұз еріп қазіргі жер бедері қалыптасқан.
Батыс Сібір жазығының Қазақстан жеріндегі жер бедерінің абсолюттік биіктігі 100-200 метр, оңтүстікке қарай біртіндеп 300-400 метрге дейін көтеріліп, Қазақтың ұсақ шоқысына жалғасады.
Жер бедері мен геологиялық құрылысы – жазықтықтың оңтүстік биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының қазақстандық тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы,
2. Тобыл-Обағанның жазық даласы,
3. Есіл-Ертіс даласы,
4. Ертіс-Құлынды жазығы.
Есілдің жазық орманды даласы Есіл өзінінің екі жағын жағалай Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. Бұл көлді жазық балшықты жыныстардан түзілген, бетін континенттік әсіресе өзен шөгінділері, палеогеннің жыныстары басқан. Жазықтықтың ең биік беті 130-140 м-ге жетеді. Онда көл көп, батпақты, тұзды қазаншұңқырлар да баршылық. Жер бетін шалғын, қара топырақты даланың өсімдіктері басқан. Ормандары негізінен, қайын мен теректен тұрады.
Тобыл – Обағанның жазық даласы батысында орал Сырты үстіртімен, оңтүстікгінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектелседі. Бұл да көлді жазық. Жер бетінің биіктігі оңтүстігінде 250 м. Солтүстікке қарай аласарады. Жазық салдардан түзілген. Оның бетін плиоцен мен неогеннің жыныстары жапқан. Аумағында Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет Тобыл, Обаған өзендері ағып өтеді. Тұщы көлдер аз, ең үлкені – Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер аз, ең үлкені-Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер көп. Жер қара топырақты, шалғынды.
Есіл-Ертіс даласы Есіл-Қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасында жатыр. 100-120 м биіктегі беткейлер неоген саз балшықтарынан түзілген, үстін төрттік дәуірдің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені-Шағалалытеңіз көлі. Оған Шағалалы өзені құяды. Тұзды көлдері де бар. Көкшетаудың солтүстік жағында жазық даланың бетінде ұзындығы 24 км, ені 0,5-1 км-ге, биіктігі 15 м-ге жететін үлкен жал жатыр.
Ертіс-Құлынды жазығы Павлодар облысының күңгірт қызыл қоңыр топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзенінің жағалауы бірнеше террасадан тұрады. Бірінші (сортаң топырақты және екінші терраса өзен деңгейінен 4-6 м-ден 15-18 м-ге дейік биік келеді, жайылмасы өзеннің екі жақ бетінде 20-25 км-ге дейін созылады. Үшінші террасаның биіктігі 28-32 м, негізінен, сол жақ жағалауға орналасқан. Бұл беткей ұсақ қиыршық, құмтасты болып келеді. Ал Ертістің оң жақ беткейі төртінші террасаны (биіктігі жазық, желдің әрекетімен қалыптасқан. Онда қалың қарағай өседі. Ертістің сол жағасы мен аймақтың солтүстік-батыс бөлігінде көлдер мен көлтабандар бар. Олардың ең үлкендері – Жалаулы, Шүрексор көлдері. Жағаның екінші, үшінші террасаларының қалыптасуы кезінде Ертіс осы көлге құйып, шығысқа қарай қайта ағып шыққан. Қазір бұл көлге
Шідерті мен Өлеңті өзендері, Сілтетеңіз көліне Сілеті өзені құяды.

Жалпы Батыс Сібір жазығы пайдалы қазбаларға өте бай. Қазақстан жерінде Қашар, Соколов-Сарыбай темір кеніштері мен әр түрлі құрылыс матералдарының мол қоры ашылды.
Климаты. Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір жазығының климаты континенті, қысы суық жызы жылы. Қаңайындағы орташа теспературасы – 18,50С. Қаңтар айында кей күндері – 360С (Қостанай) дейін төмендейді. Құлынды даласында кей жылдары аяз-500С-ге жетеді. Қардың қалыңдығы 30-50 см. Шілдеде орташа температура+180С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм. Қыста ауа райының қалыптасуына арктикалық ауа массалары көбірек әсер етеді. Жауын –шашынның көп мөлшері жаз айларында жауатын болғандықтан, бұл өңір жаздық бидай, техникалық дақылдар екенге қойлайл. Бидайдан жақсы өнім алынады.
Өзендері мен көлдері. Батыс Сібір жазығы жер беті суына бай. Өзендерінің көпшілігі Об өзеніне құяды. Оңтүстігінде ішкі ағын аймақтары бар. Кішігірім өзендер мұнда тұйық көлге құяды. Қуаңшылық жылдары мұндай өзендер жазда кеуіп тартылып қалады да, ал қыста көбінесе түбіне дейін қатып қалады. Бұл жазықтықта ағатын ең үлкен өзен Ертіс. Оның суы мол, орта және төменгі ағыстары жазық жермен ағады. Ертіс еліміздің шекарасынан тыс жерден басталып, Об өзеніне барып құяды.
Есіл, Тобыл өзендерінің арнасы палеогендік және неогендік дәуірдегі шөгінді жыныстардан құралған. Есіл мен Тобыл өзендері бастауын қазақ жерінен алып, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері суының мол болатын кезі - көктем, аз болатын кезі - қыс айы.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі бөлігі орманды дала аймағынан басталып, оңтүстігі дала аймағына ұласады. Орманды дала аймағы өсімдіктерінің өз ерекшеліктері бар. Солтүстік Қазақстан жерінен шоқ-шоқ болып өсіп тұрған жиі қайыңдарды көресің. Шоқ қайыңдар арасы қара топырағында қалың шүйгін бетегелі боз өскен қоңыржай қуаң дала. Тың және тыңайған жерлердің игеруіне байланысты қара топырақты аймақ түгелімен жыртылды. Жануарлардан - бұлан, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышұнақ, аламын; құстардан - шіл, тоқылдақ, үйрек, қаз, т.б. мекендейді.


Скачать


zharar.kz