Бақылау жұмысы
І нұсқа
1. Шеңбердің ұзындығы 96π см. Оның радиусын табыңдар.
2. 117о-тық доғаның радиусы 29 см. Осы доғаның ұзындығын табыңдар.
3. Сырттай сызылған көпбұрыштың периметрі 60 см, ауданы 240 см2. Дөңгелектің радиусын табыңдар.
4. Шеңберінің ұзындығы 19,1 м болатын дөңгелектің ауданын есептеңдер.
5. Дөңгелек секторының радиусы 6 м, доғасының градустық өлшемі 150о. Осы сектордың ауданын есептеңдер.
Бақылау жұмысы
ІІ нұсқа
1. Доғаның ұзындығы және радиусы 94,2 см және 45 см болса, оның градустық өлшемін табыңдар.
2. Ұзындығы 36π шеңберде 60о-тық доғаны керетін хорда жүргізілген. Осы хорданың ұзындығын табыңдар.
3. Радиусы 25 см болатын шеңберге ауданы 20 дм2 көпбұрыш сырттай сызылған. Осы көпбұрыштың периметрін табыңдар.
4. Дөңгелектің ауданы 724 см2 болса, оның шеңберінің ұзындығын есептеңдер.
5. Суретте кескінделген шеңбердің центрі О және АВ=ВО= 10 см.
АВ сегментінің ауданын есептеңдер.