Бұл көптеген жедел жұқпалы аурулар тобы, осыларды біріктіретіні вирусты этиологиялығы, табиғи ошақтығы, айқын капиллярдың эндотелиінің зақымдалуы, геморрагиялық синдромының дамуы.
Қазіргі уақытта ең кемінде 13 нозологиялық түрлері белгілі.
Этиологиясы және эпидемиолгиясы: Этиологиялық факторы — арбовирустар. Осы ауруларды зерттеп жазған XX ғасырда.
Эпидемиология бойынша жіктелуі (М.П.Чумаков, 1977 ж. ұсынған):
1. Кене арқылы жұғатын геморрагиялық қызбалар: Қырымдық, Омскілік, Кьясанур жақтық.
2. Маса арқылы жұғатын геморрагиялық қызбалар: Денге қызбасы, Чикунгунья, Пифт-Вали қызбалары.
3. Контагиозды зоонозды геморрагиялық қызбалар: бүйрек синдромымен, аргентиналық, боливийялық, Ласса, Марбург, Эбол қызбалары.
Барлық ГҚ — симптомокомплексы — ол біртіндеп не болмаса жедел пайда болатын жалпы улану белгілері, 3 күн бойынша сақталады, содан кейін қысқа уақытқа (бірнеше сағат) жағдайы жақсарып, тағыда 3-4 күн ауру белгілері күшейеді. Осы кезенде қан кету пайда болады, әсіресе тері астына, мұрыннан, қызыл иектен, көздің конъюктивасынан, ішкі мүшелерден (қан құсу, мелена, гематурия, метроррагия).
Геморрагаялық синдромның ауырлық дәрежесі әртүрлі: жеңілден ауыр жағдайға дейін, өліммен аяқталатын.
Жиі кардиоваскулярлы синдром дамуы мүмкін, шок пен коллапска дейін.
Аурудың басқа белгілері де дамиды ол сусыздану, гемолиз, сарғаю, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, екіншілік бактериалды флора қалыптасуы.
Айтып кеткен жалпы белгілермен қатар қызбаға өзіне тән ерекшелігі бар.
Сары қызбада - бауыры зақымданады, және сарғыштық пайда болады, денге қызбада — буындары мен бұлшық еттері; Марбурга қызбасында - диарея, бүйрек синдромымен өтетін қызбада — бүйрегі зақымдалады.
Қызбалармен ауырады эндемия не болмаса спорадикалық түрде Геморрагиялық аурулар көп кездеспейтін аурулар, бірақ проблемалы ауру деп саналады: эпидемия тудыруы мүмкін, өлім көрсеткіші жоғарғы дәрежеде емдеудегі және алдын алудағы қиындығы шешілмеген.
ҚР — геморрагиялық қызбалардың 3 түрі кездеседі: қырымдық, омскілік, бүйрек синдромымен өтетін қызба
Осы аурулардың қоздырғышы арбовирус, иесі болып табылады. Hyalomma asiaticum кене. Табиғи ошақтарда үй жануарларда 100% жағдайларда кене табылады. Кенелердің белсенділігі сәуір — мамыр айларында, және қыркүйек — қазан айларында анықталады. Аурулардың саны да көбейеді көктем жаз айларында, әсіресе мамырда
Патогенезі. Вирус денеге кене шаққанда тері арқылы түседі. Вирустың тропизмдік қасиеті гипоталамикалық ортаға және вазотроптік (зақымдайды бүйрек, бауыр және ОЖЖ ұсақ тамырларының эндотелиін). Осының нәтижесінде қантамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды, қанның ұю жүйесінің қызметі бұзылады «ТІШҚҰң— дамиды. Сонымен қатар сүйек миының клеткаларының өсуі басылады, бауырдың функциясы бұзылады.
Клиникасы. ҚГҚ-да инкубациялық кезең - 12 күнге дейін созылуы мүмкін, бірақ орта есеппен — 5 күн. Аурудың ағымында ажыратады 3 кезеңді:
1 — бастапқы (геморрагия алды), ұзақтығы 2 күн
2 - қызған кезеңі (геморрагиялық), 4-7 күндей
3 — реконвалесценция кезеңі, 15-30 күндей
105 аурудың ішінде - 51% орташа ауырлық, 34% - ауыр, 11,4 жеңіл түрімен ауырған.
Ауру жедел басталады, қатты басының ауруымен, айқын әлсіздік, барлық денесі қақсайды, буындары - сүйектері, белі ауырады, кейбірде іші де ауруы мүмкін, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, жүрек айнуы пайда болады (20% жағдайда), құсу (20%) кейбірде бірінші күннен бастап геморрагиялық синдром көрінеді, мұрнынан (12%), қызыл иектен (14%) қан кету, теріде петехиялар болады (6%). Дене қызуы тез арада 39-40-41° дейін көтеріледі, қызу мен қалтырау ауысып тұрады.
Ауруды қараған кезде бастапқы кезеңде табылады бетінің қызаруы (37%), мойын, денесінің жоғарғы жағы қызарады (капюшон синдромы)— 26%, конъюктивасының қызаруы (12%), склерасының қызаруы - 33%, ауыз-жұтқыншақтың қызаруы — 12%.
Тілін үлпек басқан және ісінген — 30% ауруларда, қан тамыр-жүрек жағынан - брадикардия, гипотония, жүрек үндерінің баяулауы байқалады. Кейбірде гепатомегалия болады. Шеткері қанда бастапқы кезеңде эритроциттер, гемоглобин, гематокрит көбейеді, лейкопения, нейтрофиллезбен, солға жылжумен, ЭТЖ- жоғарылайды. Орташа және ауыр түрлерінде ПИ төмендейді (45%-ке дейін). Зәрде — лейкоцитурия, протейнурия. Бастапқы кезеңінің ұзақтылығы ауырлық дәрежесіне байланысты. Жеңіл түрде қызған кезеңінен белгілеу қиын, аурудың барлық ұзақтығы 7-8 күндей. Орташа ауырлықта бастапқы кезеңі 3 күнге дейін, ал ауыр жағдайларда қысқарады 1-2 күнге дейін.
Қызған кезеңі созылады 4 күннен 7 күнге дейін. Осы кезеңде дене қызуы өте жоғарылайды, улану белгілері күшейеді, бас ауруы айқын, тәбеті одан сайын төмендейді, анорексияға дейін. Геморагиялық синдром дамиды: мұрнынан қан кету, қызыл иекген де, сиректеу жатырдан, асқазан-ішек жолдарынан, бүйректен қан кетеді, геморрагиялық бөртпе, ине салған жерлерде гематома. Беті, мойны қызарады, склерасының инъекциясы көрінеді. Қан тамыр — жүрек жүйесі жағынан өзгерістер бастапқы кезеңдегі сияқты: брадикардия, гипотония, жүрек үндерінің баяулауы, гепатомегалия байқалады.
Асқазан-ішек жолдары жағынан — жүрек айну, құсу, ішінде ауру сезім, эпигастрий аймағы қызады, содан кейін асқазан-ішектен қан кетеді. Қызған кезеңде бұлшық еттерінің, буындарының ауырғаны әлсірейді. Кейбір ауруларда есі ауысады, сопор комаға дейін барады.
Қызбаның түрі КХҚ ауырғандардың тұрақты не болмаса дұрыс емес, кейбірде ремитирлеуші. Ең жоғары дәрежеге жетеді ауруының бірінші екі күндерінде 40% ауырларда қызбасы екі өркешті түрдей, арасындағы төмендеуі 4-5 күні байқалады, сонда көбінесе геморрагиялық синдром басталады. Дене қызуының төмендеуі көбінесе кризолитикалық.
қан және зәр анализіндерінде өзгерістер айқынырақ. Қан кетудің әсерінен гемоглобин, эритроцит, тромбоцит саны төмендейді. Кейбірде тромбоциттер бірен-сараң кездеседі. 50% ауруларда лейкопения сақталады, бірақ басқаларында лейкоциттер және лимфоциттер өсуде. ЭТЖ жоғары да төмен де байқалады.
Зәрде - протейнурия, цилиндрурия, гематурия. Коагулограммада жиі гиперкоагуляция. Биохимиялық анализде 5-10% ауруларда айқын емес гипербилирубинемия гемолиз бен байланысты, АЛТ, кейбірде қалдық азот көбейеді.
Реконвалесценция кезеңі басталады: ауырғаннан бастап орташа және жеңіл түрлерінде 7-ші күннен, ал ауыр түрінде - 9-10 күннен. 15% ауруларда әлі де геморрагиялық синдром сақталады, бірақ тек қана теріде ғана 1/3 — ауруларда әлі шамалы беті қызарған, склерасының инъекциясы (1/4) байқалады. Аурулардың көбінде аздап басы аурады, қысқа уақытта субфебрилитет болады, әлсіздік, шаршағыштық, жалпы қан анализінде — анемия сақталады, алдында геморрагиялық синдром айқын болса, кейбіреулерде ЭТЖ әлі жоғары.
Стационардан шығатын кезде тек қана жұмысқа жарайтындар жеңіл түрімен ауырғандарғана.
Дифференциальді диагностика:
1. Басқа геморрагиялық қызбалармен
2. Геморрагиялық васкулитпен
3. Тромбоцитопениялық пурпурамен
4. Лептоспирозбен
5. Бөртпе сүзегімен
6. Жедел лейкозбен
7. Сепсиспен