Бауыржанова А.З., Асенова Б.К.,
Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы
Оқу құралы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
І БӨЛІМ 6
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ 6
1. Аяқ-киімге арналған былғары 7
2. Ер-тұрмандық былғарылар 9
3. Техникалық былғары 9
4. Киімдік-галантереялық былғарылар 10
5. Былғары өндірісінің сызбанұсқасы 10
ІІ БӨЛІМ 11
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ 11
1. Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы 11
2. Малдың терісіне әсер ететін факторлар 14
3. Теріні консервілеу және сақтау 18
4. Былғары шикізатының ақаулары 21
5. Былғары шикізатының тағайындалуы. Өндірістік партия 22
ІІІ БӨЛІМ 23
ТЕРІНІ ЖІБІТУ 23
1. Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар 23
2. Жібіту үрдісінің орындалуы 25
ІV ТАРАУ 26
ТЕРІНІ ЖҮННЕН АРЫЛТУ 26
1. Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері 26
2. Теріні күлдеу 27
V ТАРАУ 30
КҮЛДЕН АРЫЛТУ ЖӘНЕ ЖАРҒАҚТЫ ЖҰМСАРТУ 30
1. Жарғақты күлден арылту және жұмсарту 30
VI ТАРАУ 32
ЖАРҒАҚТЫ ИЛЕУ ҮРДІСІ. ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУ 32
1. Илеу үрдісінің мақсаты мен маңызы 32
2. Илеу түрлері бойынша былғарыны топтастыру 34
VII ТАРАУ 36
ПИКЕЛДЕУ 36
VIII ТАРАУ 40
ХРОМДАП ИЛЕУ 40
1. Хромдап илеудің бір ванналы әдісі 40
2. Хромдап илеудің екі ванналы әдісі 42
3. Хромдап илеу үрдісіне кейбір факторлардың әсер етуі 43
IX ТАРАУ 45
ӨСІМДІКТЕРМЕН ИЛЕУ 45
1. Өсімдік илегіш материалдар 45
2. Илегіш шырын мен экстракт дайындау 46
3. Өсімдіктермен илеу үрдістері 46
4. Өсімдіктермен илеу үрдісіне әсер ететін факторлар 47
5. Өсімдіктермен илеу әдістері 49
Х ТАРАУ 51
АРАЛАС ИЛЕУ 51
1. Аралас илеудің маңызы 51
2. Аралас илеу үшін қолданылатын материалдар 52
ХІ БӨЛІМ 54
МАЙМЕН ЖӘНЕ ЛАЙКАМЕН ИЛЕУ 54
1. Маймен илеу 54
2. Лайкамен илеу 56
ХІІ БӨЛІМ 57
ИЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН ҮРДІСТЕР 57
1. Бояудың алдындағы операциялар 57
2. Бояу, майлау және толықтыру 58
ХІІ ТАРАУ 62
БЫЛҒАРЫНЫ КЕПТІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ 62
1. Ажырату 63
2. Кептіру 64
3. Былғарының шеттерін кесу 68
4. Былғарыны ылғалдандыру 68
5. Былғарыны созу және тығыздау 69
6. Тегістеу және булау 69
7. Үлбір терілерін әрлеудегі механикалық операциялар 70
8. Үлбірді механикалық жолмен жұмсарту (откатка) 70
9. Үлбірдің түкті жабынын тазарту және сабау 71
10. Түкті жабында қырқу 71
11. Қылшық жүнді қырқу 72
12. Үтіктеу 72
13. Ауданын өлшеу 73
ХІІІ-ТАРАУ 74
БЫЛҒАРЫ МЕН ҮЛБІРДІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ 74
1. Былғарының, үлбірдің дәне тондық қой терісінің физикалық- механикалық қасиеттері 80
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 87
Аннотация
Бұл оқу құралы былғарының түрлері, олардың жіктелуі және былғары шикізаттары жөнінде негізгі мәліметтер келтірілген. Былғарыны өңдеудің технологиялық үрдістері толықтай жазылған. Дайын былғары сапасы, илегіш экстрактілер өндірісі және былғары өндірісіндегі қолданылатын қосымша өнімдер жайында түсіндірілген.
Оқу құралы сәйкес 1213000 – Аң терісі және тоңдық қой терісі бұйымдарын өңдеу технологиясы мамандығы бойынша білім алатын оқушыларға арналған.
КІРІСПЕ
Былғары мен үлбір өндірісінің міндеті халық тұтынатын бұйымдар дайындау үшін мал терілерінен былғары мен үлбір алу болып табылады. Былғары мен үлбір бұйымдарын тұтынатын халықтың қажеттілігі өскен сайын былғары мен үлбір өнеркәсіптерінен өнімнің көбеюін, былғары мен үлбірдің сапасы және сыртқы түрінің жақсаруын, сонымен қатар әрдайым ассортименттердің көбеюі мен жаңаруын талап етеді. Былғары мен үлбір өндірістерінің техникалық даму жағдайы мен еңбек тәжірибесі осы талаптарды орындауға мүмкіндік береді.
Былғары мен үлбір өндірісі - ертеден келе жатқан өндірістердің бірі. Сол ерте замандағы адамдардың теріні былғарыға айналдыру қабілеті бар екендігі біздің заманымызға дейін жеткен.
Заманауи былғары мен үлбір өндірістерінің үрдістері екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың негізі химиялық және физика-химиялық үрдістерден тұрады, ал екінші топ механикалық үрдістерден тұрады.
Былғары мен үлбірдің қасиеті шикізаттың химиялық табиғатына байланысты, сонымен бірге шикізат пен жартылай фабрикатқа әсер ететін химиялық, физика-химиялық және механикалық үрдістердің жиынтығына да тәуелді болады. Химиялық және физика-химиялық үрдістер алынған шикізаттың ішкі құрылымы және құрамының өзгеруімен сипатталады. Сондықтан былғары мен үлбір сапасының міндетін сәтті шешу үшін барлық үрдістер жайлы толық терең білім талап етіледі және әсіресе технологияның теориялық негізін түсіндіретін былғары және үлбір өндірісінің химиясы. Былғары мен үлбірді өңдеудің технологиялық үрдістері химия, физика, механика және т.б. ғылымдардың негізгі ережелерін тәжірибе жүзінде қолдануды қарастырады.
Осылайша, былғары мен үлбір технологиясына келесідей анықтама беруге болады:
Былғары және үлбір технологиясы - белгілі бір тұтынушылық қасиетке ие және материалдық және еңбектік шығындары аз жартылай фабрикат алғанға дейінгі теріні өңдеудегі жүретін химиялық, физика-химиялық және механикалық үрдістерді жүзеге асыру әдістері мен міндеттері туралы ғылым.
Былғары және үлбір технологиясы теориялық білім, практикалық тәжірибе жиналуына, жабдықтар мен машиналардың жетілуіне және экономикалық жағдайларға байланысты дамып отырады. Сондықтан қазіргі бар технологиялық үрдістің формасы ешқашан соңғы ретінде қарастырылмайды, белгілі бір кезеңдерде осы қалыптасқан үрдістер жаңамен, неғұрлым озық үрдістермен алмастырылып отырады.
І БӨЛІМ
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Былғары тері шикізатын өңдеу өнімі болып табылады. Былғарыны 4 класқа бөледі:
1) класс - аяқ-киімге арналған былғары;
2) ер-тұрмандық былғарылар;
3) техникалық былғары;
4) киімдік-галантереялық былғарылар.
Әрбір класс ішінде былғарылар өзінің тағайындалуы бойынша топтар мен типтерге, ал технологиялық немесе шикізаттың белгілері бойынша түрлерге бөлінеді.
1. Аяқ-киімге арналған былғары
Аяқ-киімге арналған былғары екі негізгі топтан құрылады:
1) аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары;
2) аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары.
Бұл топтардың әрбіреуі аяқ киімнің төменгі бөлігін бекіту әдісі бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:
1) Бұрандалау – шегелеу әдісімен бекітілген аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және жеңіл аяқ киім үшін – жіппен тігу (сыздықты және тігісті) және бекітудің желімдеу тәсілі;
2) Ауыр аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары – юфть және жеңіл аяқ киім – хромдық былғары.
Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі бөлшегі – ұлтан және ұлтарақ. Осыған сәйкес аяқ киімдік төмендік былғарылар ұлтандық және ұлтарақтық деп бөлінеді.
Аяқ киімнің төменгі бөлігін бекіту әдісіне байланысты былғарының келесідей түрлері ажыратылады:
Бұрандалау – шегелеу әдісімен бекітілген аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Мұндай былғары ауыр аяқ киімдер үшін қолданылады, ұлтан мен ұлтарақ және жоғарғы былғары металл бұрандалар немесе ағаш шегелер көмегімен бекітіледі. Бұранда немесе шегені берік ұстап тұру үшін, бұл түрдегі былғары жеткілікті қалың, тығыз және минимальды су өткізгіштікке ие болуы керек. Ірі қара мал (өгіз, бұқа, сиыр терісі) ауыр шикізатынан немесе жылқының сауыр терісінен алынады.
Жіппен тігіліп бекітілген аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Мұндай былғары жеңіл аяқ киімдер үшін қолданылады, ұлтан ұлтараққа және аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне жіппен тігілу арқылы бекітіледі.
Рантты және тігісті бекітілген былғарылар бар. Біріншісі жеңіл, әдемі және қымбат түрлі аяқ киімдер дайындауда қолданылады, екіншісі де жеңіл аяқ киімдер дайындауға арналған, алайда олар неғұрлым арзан, құрғақ жағдайда киюге арналған маусымдық (жаздық) немесе үйде киетін болады.
Рантты бекітілген аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары ірі қара мал терісінен өңделеді; тігісті аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары - шошқа және түйе терісінен, сонымен қатар теңіз аңдарының терісі мен жылқы хазынан алынады.
Қалыңдығы бойынша аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары алты категорияға бөлінеді:
Категория
Қалыңдық (мм)
1
5,0 артық
2
4,5- 5,0
3
4,0 - 4,5
4
3,5 -4, 0
5
3,0 - 3,5
6
2,5 - 3,0
Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары қалыңдығы және ауданы бойынша толықтай иленген болуы керек: біркелкі түс, дақсыз; жақсы бөлінген қол терісі, табан және мойын терілері; таза шелденген бахтарма.
Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарының барлық типтері ақаулардың болуына және сипаттамасына байланысты 1,2,3 және 4 сұрыптарға бөлінеді.
Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары. Аяқ киімге арналған беттік былғарылар тағайындалуы бойынша төмендегідей бөлінеді:
1) юфть - ауыр аяқ киімдердің жоғары жағына арналған.
2) хромдық былғары - жеңіл аяқ киімдердің жоғары жағына арналған.
Аяқ киімдік юфть. Жоғарыда көрсетілген былғарылардың әрбіреуі шикізат түрлеріне байланысты бөлінеді, мысалы, сиыр терісінен өңделген юфть, жылқы терісінен өңделген юфть немесе шошқа терісінен өңделген юфть. Юфть өңдеу үшін өсімдіктік илегіштер немесе олардың өсімдіктік емес илегіштермен және хромдық тұздармен комбинациясы пайдаланылады. Әдетте, аяқ киімдік юфть бүтін былғары түрінде шығарылады, ал жылқы терісінен өңделетін юфть сауыр теріден өңделеді.
Юфть ауыр аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған бөлшектерді және сандалды (жазғы аяқ киім) дайындауға арналған.
Әдетте, ауыр аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған юфть қара түске боялады, кейде табиғи түспен шығарылады, ал сандалға арналған юфть түрлі-түсті немесе табиғи түсті болады.
Хромдық былғары. Жеңіл аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары ұсақ малдардың терілерінен өңделеді, илеу үшін негізі хром тұздарын қолданады.
Шикізат түрлеріне байланысты аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары хромдық бұзау терісі (ауданы 40-90 дм 2 сүт емізетін бұзау терісі, салмағы есепке алынбайды), бұзау терісі (ауданы 60-150 дм, салмағы 10 кг дейін),
Хромдық бығары көбінесе қара, қоңыр және ашық түстерге боялады, кейде олар табиғи түспен де шығарылады.
Хромдық былғары қалыпты иленген және майланған, барлық ауданы бойынша жақсы жазылған, жұмсақ және нығыз, бояуы біркелкі болуы керек. Былғарының бетінде тартылып немесе отырып қалу сияқты ақаулар, дақтар, жазылмаған қыртыстар және жолақтар болмауы керек.
Аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған астарлық былғары. Мұндай былғары әртүрлі малдардың ұсақ терісінен өңделеді, хромдық, өсімдіктік немесе аралас илеу арқылы бүтін тері түрінде шығарылады. Олар боялмаған (табиғи) немесе анилинді бояғыштармен боялған болуы мүмкін, кейде нитроцеллюлозалы жабынды бояғыштармен де боялады. Казеинді жабынды бояғыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді, себебі онымен боялған былғары киімді былғайды.
Қалыңдығы бойынша астарлық былғарыларды жұқа, орташа және қалың, ал сұрыпқа – 1,2,3,және 4 сұрыпты деп бөледі.
2. Ер-тұрмандық былғарылар
Ер-тұрмандық былғарылар өте берік, ылғалдану мен кебудің әсеріне, күннің көзіне және төменгі температураға төзімді, сыртқы үйкеліске шыдамды болуы керек.
Қазақ халқы ежелден салт атқа мініп немесе атты арбаға жегіп жүру үшін ер-тұрман, ат әбзелдерін былғарыдан дайындаған, мысалы, келесідей бұйымдарды қолданған: айыл, делбе, желдік, жүген, қамшы, қанжыға, құйысқан, өмілдірік, өре, тұсау, шідер, шілия.
Ер-тұрмандық былғарылар барлық ауданы мен қалыңдығы бойынша толықтай иленген, біркелкі майланған және жақсылап жуылған болуы тиіс. Егер былғары боялған болса, ешқандай дақсыз және аппретурасыз біркелкі түсті, тығыз және ылғалды үйкеліске шыдамды болуы керек.
3. Техникалық былғары
Техникалық былғары тағайындалуына байланысты бірнеше түрлі болып өңделеді: жетектік қайыс белдік, машина бөлшектері және әртүрлі техникалық бұйымдарға арналған. Техникалық былғары өңдеуде негізінен, ірі қара малдың ауыр терілері пайдаланылады; ал кейбір түрлері ұсақ шикізаттан (бұзау терісі) алынады. Техникалық былғарыны дайындауда өсімдіктік, хромдық-өсімдіктік және хромдық илеу қолданылады. Техникалық былғары жонарқа терісінен өндіріледі.
Техникалық былғарының қалыңдығы оның міндетіне байланысты әртүрлі болады. Жетекті қайыс белдік, манжет және басқа да техникалық бұйымдарға арналған техникалық былғары маңызды былғары түрлерінің бірі болып саналады, сондықтан оның сапасы жоғары, су сіңіргіштігі төмен, жыртылуға қарсылығы үлкен болу керек. Техникалық былғары тығыз, бірақ қатты емес, иілгіш, жыртылмай қалпын сақтай отырып жеңіл штампылануы қажет; ол толықтай иленген, қыртыстар мен бүкпелер болмауы керек.
Техникалық былғары 1,2 және 3 сұрыпты болып бөлінеді.
4. Киімдік-галантереялық былғарылар
Киімдік-галантереялық балғарылар екі топқа бөлінеді: киімдік былғары және галантереялық былғары.
Киімдік былғары хромдық иленген қой терілерінен өңделеді. Киімдік былғарының қалыңдығы 0,6÷1,2 мм. Ауданының өлшемі 60дм2 төмен емес. Киімдік былғарылар қара және қоғыр түстерге боялады. Бояуы барлық ауданы бойынша біркелкі, дақсыз, 180° дейінгі температурада үтіктегенде тұрақты болуы керек. Киімдік былғары ұстаған кезде толық және жұмсақ, толық иленген, қалыпты майланған, майлы дақтарсыз, барлық ауданы бойынша жақсылап тегістелген болуы керек, қыртыстары мен бүкпелері болмауы қажет.
Былғары бахтармасы (терінің ет жағы) жақсы сүргіленген және тегіс жылтыр болуы керек.
Киімдік былғары 1,2,3,4 және 5 сұрыптарға бөлінеді.
5. Былғары өндірісінің сызбанұсқасы
Былғары өндірісінің негізгі үрдістері мен операцияларын сызбанұсқасы төменде көрсетілген:
Өндірістік партияға шикізаттарды таңдау
Жібіту
Жүннен арылту
Шелдеу
Бөлу
(юфть және хромдық иленген былғары үшін)
Жұмсарту
(юфть және хромдық иленген былғары үшін)
Пикелдеу
(хромдық және аралас иленген былғары үшін)
Өсімдіктермен илеу Хромдық илеу Аралас илеу
Бояу және майлау
(хромдық иленген былғары және юфть үшін)
Кептіру және әрлеу
Сызбанұсқадан көріп отырғандай, былғарыға айналатын тері, бірнеше үрдістер мен операциялар тізбегінен өтуі тиіс. Негізгі үш операциялар тобы бар:
1 топ: Жарғақты дайындау (жібіту-күлдеу операциялары).
2 топ: Илеу.
3 топ: Кептіру және әрлеу
ІІ БӨЛІМ
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ
Былғары өндірісінің шикізаты ретінде мал терілері, яғни ірі қара мал, жылқы, қой, ешкі, шошқа, түйе және теңіз аңдарының терілері жатады.
Тері - малды механикалық және атмосфералық құбылыстардан қорғау үшін қызмет ететін сыртқы тері жабыны. Сонымен қатар тері арқылы ағзадағы өнімді бөлу органы қызметін атқарады (тер, май және т.б.).
1. Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы
Тері топографиясы. Құрылысы және өзеңнің физика-химиялық қасиеті (қалыңдығы, жыртылуға төзімділігі және созуылуы), химиялық құрамы бойынша (су, минералды тұздар, май және ақуыз мөлшері) тері топоргафиялық аймақтарға (мал денесінің белгілі бір мүшелеріне сай келетін және нақты қасиеттерінің жиынтығымен ерекшеленетін тері аймақтары) бөлінеді.
Терінің негізгі аймақтары (жылқыдан басқа): бас, мойын терілері, жонарқа, қол терісі және табан. Жылқы терісі жылқының алдыңғы терісі және жылқының сауыр терісі болып бөлінеді.
Теріні дұрыс өңдеу үшін және алынған былғарыны бұйымдар дайындауда пайдалану үшін тері топографиясын білу қажет.
Жонарқа (чепрак) - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі, екі табаны және мойын терісінен бөлінген терінің ортатұс бөлігі. Жонарқаның төменгі шегі - теріні сыпырғанда алынатын жиек.
Жонарқа өзеңінің құрылымы тығыз болады, сәйкесінше қалыңдығы үлкен және ақуыз мөлшерінің максималдылығымен ерекшеленеді. Теріден қол терісі мен мойын терілерін бөлу операциясы чепрактау (ұлтан және ер-тұрман дайындауда жартылай фабрикатты топографиялық бөліктері бойынша элементтерге бөлшектеу) деп аталады.
Мойын терілері - бас пен жонарқа арасындағы терінің алдыңғы бөлігі. Жонарқамен шектелген жері алдыңғы аяқ шап терілерін қосатын сызық бойынша өтеді. Мойын терілері өзеңінің тығыздығы төмен және әртүрлі қалыңдықтағы қыртыстар болады.
Қол терісі. Алдыңғы және артқы шап терілерінің ойыстарын қосып тұратын терінің шеткі бүйір бөліктері. Әрбір қол терісінде екі табан болады - алдыңғы және артқы, алайда алдыңғы табаны болмауы да мүмкін. Қол терісі қалың болмайды және өзең құрылысы борпылдақ келеді.
Табандар - малдың аяқтарын жауып тұратын терінің шеткі бөлігі. Теріні чепрактау кезінде табандар қол терісіне жатады. Табандар терісі жұқа, өзеңнің құрылысы борпылдақ және тығыздығы біршама төмен болып келеді.
Бас - мойынның жоғары жағындағы терінің алдыңғы бөлігі - өзеңнің тығыздығы біршама төмен болып келеді.
Негізгіден басқа, терінің қосымша топографиялық бөліктері - құйымшақ тұсы терісі және терінің сирақ терісі деп бөлінеді.
Құйымшақ тұсы терісі - терінің шеткі жері. Теріні чепрактау кезінде құйымшақ жонарқа құрамына енеді.
Терінің сирақ терісі - табанға жақындау терінің шеткі жері. алдыңғы табанға жақындау терінің сирақ терісі алдыңғы, артқы табанға жақындау сирақ терісі артқы деп аталады. Олардың өзең тығыздығы төмен және беріктігі аз.
Жоғарыда көрсетілгендей, жылқы терісі жылқының алдыңғы жақ терісі және сауыр тері болып екіге бөлінеді.
Жылқының сауыр терісі - жылқы терісінің артқы бөлігі, артқы аяқтарымен бірге кесіліп алынған жылқының сауырын жауып тұратын тері. Жылқының сауыр терісінің анағұрлым тығыз жері шпигель (аттың сауыр терісіндегі ең қалың тұсы) деп аталады.
Жылқының алдыңғы жақ терісі - сауыр терісі бөлініп алынған жылқы терісінің бөлігі.
Терінің құрылысы. Жануарлар мен адамдардың тінінің құрылысын зерттейтін ғылым гистология деп аталады.
Мал терісі - өте күрделі нәзік тін. Оны оқып зерттеу үшін микроскоп қолданылады. Микроскоп астында тері кесіндісін қарағанда, оның үш негізгі қабаттан тұратынын байқауға болады:
1) Қыртыс (эпидермис);
2) Өзең (дерма);
3) Тері асты клетчаткасы (шел қабаты).
Қыртыс - терінің жұқа беттік қабаты. Ол екі қабаттан тұрады: сыртқы - мүйізді, ішкі - шырышты. Былғары өндірісінде дайындық операцияларын жүргізу кезінде қыртыс жойылады.
Өзең - былғарыға айналатын терінің орталық негізгі қабаты. Ол өзінің беріктілігімен, қалыңдығымен ерекшеленеді. Ол коллаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.
Өзең екі қабаттан тұрады: жоғарғы емізікше қабат және төменгі торлы қабат.
Емізікше қабат өзеңнің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көбінесе, малдардың осы жерінде жүн тамыры бекиді. Осыған тер мен май бездері кіреді. Алайда, коллаген талшықтары жұқалау. Олар түк талшығына қарсы бағытталған.
Торлы қабат өзеңнің төменгі негізгі қабаты болып табылады. Ол былғары мен теріден өңделген барлық терінің беріктігін анықтайды. Ол біркелкі коллаген талшықтарының өрілімдерінен тұрады. Бұл қабат иілгіш, жұқа болуы керек. Қабат жұқалығы малдың жай-күйін анықтайды, күту жағдайына, сою уақытына. малдың түріне байланысты құбылады. Талшықтардың өрілу топтары терінің қай жерінде орналасуына байланысты сипатталады.
Тері асты клетчаткасы - терінің ең төменгі қабаты, борпылдақ талшықтардан тұрады. Талшықтар арасында май мен қан тамырлары көптеп орналасады.
Дайындық операциялары кезінде тері асты клетчаткасы эпидермис сияқты теріден алынып тасталады.
Терінің жүнді жабыны малдарда біркелкі емес. Ол түктердің әртүрлі категориясынан құралған. Терінің жүнді жабыны қылшық пен мамықтан тұрады. Қылшық ұзын, қатты және дөрекі болып келеді, ал мамық қысқа нәзік түктен тұрады. Қылшық мамықты түкке қарағанда өзеңде тереңірек орналасады.
Терінің химиялық құрамы. Тері ақуыз, минералды тұздар, майлар және судан тұрады.
Су тері затының көп бөлігін құрайды. Мал денесінен сыпырылған "жас тері", яғни жаңа сойылған малдың консервіленбеген терісі, тері салмағының 65÷70 % су құрайды. Терідегі судың мөлшері малдың жынысына, жасына және түріне байланысты әртүрлі болады. Мысалы, сиыр терісіне қарағанда өгіз терісінде су көбірек, ал бұзау терісіне қарағанда ссиыр терісінде су көбірек болады.
Минералды тұздар. Теріні отқа баяу жаққан кезде ол алдымен жиырылады, содан кейін жана отырып, жүннің немесе қылшықтың күйік иісін бөледі. Тері тілімі жанған ыдыстың түбінде күл қалады. Ол әртүрлі тұздардан тұрады (темір, кальций, фосфор және т.б.). Малдың денесіне жаңа сыпырылған теріде минералды тұздардың мөлшері орташа 1÷1,5% болады. Эпидермисте минералды тұздар көбірек (шамамен 2%), тері асты клетчаткасында аз (шамамен 0,5%) болады.
Май.Терідегі майдың мөлшері малдың түріне, жасына, жынысына және мал бойындағы қоректік заттардың жиналу деңгейіне байланысты. Әсіресе, шошқа және қой терілерінде майдың мөлшері көп (30% дейін).
Ақуыз. Былғары өндірісі үшін маңызды рол атқаратын терінің негізгі элементі. Тері жанған кезде ақуыз жанады және жоғарыда айтылғандай, өзіне тән иіс бөледі.
Ақуыздар құрамында азоты бар аса күрделі химиялық қосылыстарға жатады. "Ақуыздар" деген атаудың астарында өсімдік пен жануарлар ағзасының аса маңызды бөліктерін құрайтын заттың қасиеті жағынан ұқсас өте үлкен топ топтастырылады.
Терінің құрамында әртүрлі ақуыздардың көптеген мөлшері бар. Оның ішіндегі маңыздысы:
- коллаген, дерма және тері асты клетчаткасының коллагендің талшықтары коллагеннен құрылған;
- эластин, терінің эластиндік талшықтары құрылған;
- кератин, эпидермис пен тері жүн, сонымен қатар малдың мүйізі мен тұяғы кератиннен құрылған.
Былғары өндірісінде ақуыздың төменде көрсетілген негізгі қасиеттері маңызды роль атқарады.
Суға салынған тері суды өзінің бойына сіңіріп алады және ісінеді. Тері талшықтары қалыңдай бастайды, олардың өзара ара қашықтығы үлкейеді.
Әсіресе, коллагенді талшықтар қатты ісінеді. Олардың ұзақ әсерлесуінің нәтижесінде, әсіресе жоғары температурада, коллаген бұзылады. Суық суда коллаген ерімейді; жылы сумен (35÷40°) ұзақ әсерлескенде ол баяу гидролизденеді; ыстық суда (шамамен 70°) пісіп кетеді, содан кейін желімге айналады.
Эластиндік талшықтар коллагенді талшыққа қарағанда аз ісінеді, сілтілер эластинге әлсіз әсер етеді, сумен қайнағанда эластин желімге айналмайды.
Қышқылдармен қайнатқанда кератин суға жайылады, әсіресе қышқылдар мен сілтілер қатысында ісінеді, бірақ коллагенге қарағанда біршама төмен. Кератин күкірт қышқылымен жайылады. Еріту арқылы жүннен арылту үрдісі (обезволашивание) кератиннің осы қасиетіне негізделген.
2. Малдың терісіне әсер ететін факторлар
1. Бағу және тамақтандыруды 4 негізгі жағдайға бөлуге болады:
а) Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы. Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы малдың қоректенуіне байланысты. Қорек, біріншіден, жеткілікті, екіншіден теңестірілген (сбалансированный) болу керек. Өйткені, жаман сіңіретін малдың терісі борпылдақ, жұқа болып келеді, бұлар механикалық әсер нәтижесінде әртүрлі аурулармен оңай зақымданады. Әсіресе, жүнді жабының жетілуі кезінде өте қауіпті. Ол мамықтың, жүнді жабынның, қылшық жүні төмен, сирек болып, шала жетілуіне әкеліп соғады. Көміртектің жетіспеуі кезінде белокты қоректің мол болуы жүнді жабынды айтарлықтай жуандатады.
б) Еркіндік. Малдар кең жерде тұруы керек және көп уақыт өрісте жайылғаны дұрыс. Әйтпесе, тері борпылдақ, иілімсіз, ал жүнді жабын сирек, әрі байланып қалады.
в) Тазалық - гигиеналық жағдайды қадағалау. Нашар күтімдегі малдарды лас жерлерде ұстау, терілерде кірдің пайда болуына себеп болады. Бұндай жағдайда, теріні өндеу кезінде кірлердің араласып кетуі әбден мүмкін. Тіпті, тері ауруларына әкеліп соғады. Сонымен қатар, біріншілік процесті айтарлықтай қиындатады.
г) Паразиттермен күрес кезіндегі: бөгелек, кене түйінді, беттік кене және тағы басқалар.
Осындай барлық маңызды талаптарды орындау нәтижесінде ақау, кемістіктерден сақтана аламыз. Енді болашақ тері маманына пайдалы болып табылатын, келесі реттілікпен танысайық:
Механикалық ақау - эпидермистің жаралануымен тері бөлігінің жүнді жабынының түсіп қалуы. Механикалық зақымданудың - негізгі себептері:
сыздауық - ауырған және төбелескен кезде мал терісінің зақымдану нәтижесінде көгеріп, орнының қалып қоюуы. Сыздауықтардың мынадай себептері болуы мүмкін:
Тері аурулары (экзема, ірің дерматиттері т.б.)
Гельминтозды жаралар
Жұқпалы аурулар
Таз аурулар
Шіркейдің шағуынан
Механикалық зақымдану және т.б.
Ақаулар бірінші рет туған сиырларда кездеседі. Қамшының ізі - қамшымен қатты ұрғаннан болады.
Тері бөртпесі - көп мөлшерде терлеудің салдарынан пайда болады.
Таңбаның орны - темірді қыздырып, мал терісіне ен салғаннан қалады.
Сызат - терінің беткі қабатын өткір заттармен тіліп кетуінен пайда болады.
Мінекей, өздерініз көріп отырғандай малды дұрыс күтіп, бақса сапалы шикізат алуға болатынына көз жеткізіп отырсыздар.
Малдың жынысы мен жасы. Терінің өлшеміне қарай малдың жынысын білуге болады. Көбінесе еркек малдың терісі ұрғашы малдың терісінен ірілеу келеді. Негізінен мамықтық еркек аңның жүні, тері сапасына қарағанда қатқылдау. Еркек малды піштіру терінің сапасын жақсартады. Сонымен қоса, түріне қарап жасынан айыра білу қажет. Көбінесе жас малдың жүнді жабыны үлкен малдарға қарағанда, бірінші түлеуден кейін жұқа, нәзік, әрі жұмсақ келеді. Кейде оны түсіне қарап біледі: жас мамықтық аңдардың жүнді жабыны қаралау болады. Тек қана жас, кейбір үй жануарларының терісін мехтік шикізатқа пайдалануға болады. Бұған қаракөл қойлары жатады. Олардың жаңа туған қозыларының жүнді жабыны мықты, берік, бұйра келеді. Бірақ жүнді жабын біраз күннен соң өседі, беріктілігі мен әдемі пішінінен айырылады. Көбінесе, жас үй жануарларының терісі, керісінше арзанырақ болады.
Жыл мезгілі. Малдардың жүнді жабыны үшін жыл мезгілдерінің де өзіндік әсері бар. Мерзімдік өзгерістер: олардың жүнді жабыны жыл мезгіліне және тыныштық стадиясына, қылшықтың өсуі тоқтағанда (қыс, жаз) және жаңа қылшықтың өсуіне байланысты болады. Жүнді жабынның алмасуы кезінде ескі қылшық түсіп қалады. Бұл уақытты түлеу уақыты деп атайды. Өрісте көп жайылатын үй малдары мен жабайы аңдарға жыл мезгіліндегі көптеген факторлар (күн сәулесі, жауын-шашын, қар т.б.) әсер етеді. Ақырғы түлеу -негізінен жаздың аяғында, күзде және ерте көктемде болады. Сиыр, бұқа және жылқыларды тамыздың соңынан, желтоқсанның аяғына таманғы аралықта сойған жөн. Себебі, бұл кезде тері тығыз және сау келеді. Сонымен қатар, егер теріде сыздауық болса, осы уақытта жазылып, қайта шығып үлгере алмайды. Ал қойды бірінші сою уақытында маусым, шілде, тамыз айларында сойған дұрыс. Екінші сою мерзімі қыркүйек, қазанда нашарлайды, ал үшінші сою кезеңінде - күзде қылшықтары ұзарып, жұқарып кетеді. Көктемде сойылған тері мүлдем жарамсыз. Ешкілер үшін союға ең ыңғайлы уақыт - күз.
Мамықтық аңдарға мезгілдік өзгерістер қатты әсер етеді. Қыста олардың жүні ең ұзын, жұмсақ, жылтыр қалыпқа жетеді. Қыста ұйықтайтын аңдар басқа малдар сияқты екі рет түлемейді, бір рет қана түлейді. Сондықтан оларды кеш күзде және ерте көктемде союға болады. Күзде жүнді жабындары жұмсақ, жылтыр болып келеді және түсінің өзгеруі болмайды. Көктемде жүнді жабын құрғақтау, қатқылдау болып келеді.
Бұрын қыстың бас кезінде, суық күнде аңшылықпен алынған, егер тез арада терісі сыпырылған болса, онда ол аңның мехі - ең жақсы мех болып есептелген. Тері үшін қысты күні аңды (бірінші айынан басқа) союдың қажеті жоқ, себебі, олардың қыста терісі жұқарып, өздері арықтайды.
1. Сою. Терінің сапасына сою да әсер етеді. Союдағы ең негізгі талап - малды қансыратпау. Қан бактерияларды жетілдіретін керемет орта болып табылады. Терінің қан тамырларында қалып қоюы, шандырлы беттік қабат түзеді. Қансыратпау үшін, малдың жүрегі мен нерв жүйелерін байқап кесу керек. Қансыратпаудың ең дұрысы малдың мойынындағы қан тамырын кескен жөн.
2. Теріні сыпыру - ең жауапты кездердің біреуі. Теріні ұшадан мал тоңазып кеткенше тезірек айырып алу қажет. Осы уақытта май, қан суып, теріні сыпыруды жеңілдетеді. Тері сыпырудың негізгі дұрыс принципі, оның периметрін кіші қылып алуында.
Қансыздандырғаннан кейін, біріншіден жұмыс істеуге ыңғайлы, екіншіден таза ауа жолын ашуға қолайлы. Үй ірі қара малының ауыр ұшасын ілу үшін, артқы аяғын кесіп, соған таяқшаны кигізеді. Таяқшаның ортасына мықты жіп байлап, оны төбеге бекітеді.
Теріні сыпырмас бұрын, қан болған, кір болған жерлерді жылы суға батырылған бұлмен тазартып, байланған қылшықтарды тарап алу қажет. Теріні сыпыру үшін, өткір пышақ, ағаштан жасалған күрекше мен лучинка керек. Оны құйыршық терісінің астына салады. Барлығы дайын болған кезде, теріні сыпыра бастайды. Пластпен ІҚМ, сонымен қоса, қой, ешкі т.б. мал терісінен өтіп, құйрықтың төменгі жағына дейін ұзын кесінді және де қиысатын кесінділерде жасайды:
1) алдынғы аяқтың ортаңғы бармағынан омырау арқылы басқа аяқтың ортаңғы бармағына дейін;
2) Артқы аяқтың бармағынан жыныс саңылау арқылы келесі аяқтың бармағына дейін.
Теріні құйрығынан бастап сыпыру керек. Ол үшін ағаш күрекшені терінің астына тығып, қолмен тері аймағын ұстап тартады да, еттен бөліп алады. Бұл процесті өте баяу, ұқыпты істейді, әйтпесе тері жыртылып кетеді. Жартысын тірекше көмегімен істеген соң, ары қарай қолмен сыпырып, іреуге де болады. Теріден ерін, құлақтарды кесіп алып тастайды.
Егер теріні тұтасымен қолданылатын болса, онда түтікпен шешеді. Ал бауыр терісі жонарқадан бөлек алынса, оны жеке қолданады. Бұл жоғары бағалы болады. Осындай сыпыруды кәмшат, қара күзен, сусар, түлкі, ақ тиын, ондатра, қоян, бұғының төлі және т.б. үшін қолданады. Артқы жағы аяқ бармағының ішкі сызығының бойымен кесіледі. Теріні құймышақ тұсы терісінен бастап, артқы аяқ пен санын, сосын құйрығын, содан кейін барлық ұша бойынша басын бөлектейді. Бағалы тері тұяғымен қоса шешіледі.
Үлбірлері ашық, нәзік, бағалы аңдардың (бұлғын, ақкіс, күзен, ақ құлақ) терісін чулакпен сыпырады. Басынан ауыз жағын, ерінін бөлектеп, мұрынын ойып, кеседі. Сосын басынан құйрығына қарай тартады да, біртіндеп сыпыра бастайды. Құйрығы қозғала бермес үшін оған лучинка қояды.
Теріні сыпырғанан кейін оны тез арада майсыздандыру керек. Ол дегеніміз - қалдық майлар мен еттерді тазарту. Бұл операцияны бірінші тәсілмен орындайды. Оны орындау үшін біраз құрал-жабдықтар қажет.
1. Болванка пышақпен майсыздандыру. Ол конус тәріздес пішінде, оны әртүрлі ағаштан жасауға болады. Болванка әр түрлі терілер үшін әркелкі өлшемде болады.
Түлкі үшін: ұзындығы - 80 см, негізгі диаметрі - 12 см, ұшындағы диаметрі - 4 см.
Қара күзен үшін: ұзындығы - 60 см, негізгі диаметрі - 8 см, ұшындағы диаметрі - 3 см.
Болванка беті міндетті түрде біртегіс, сызатсыз болуы қажет, жапсырмаларды да, басынан құймышақ тұсына қарай тазартады.
2. Ағаш пышақпен. Біртегіс мықты ағашқа теріні кигізіп, бір қолмен тартып, екінші қолмен пышақпен жұмыс істейді.
3. Тұтқа көмегімен. Тұтқа - жұқа болаттан жасалған арадан және пышақтан және кронштейннан тұрады. Кронштейнға пышақ және ара 40-50 градус бұрышпен тігінен бекітілді. Теріні майсыздандыру үшін тұтқа орындыққа қағылады.
4. Қалыпты тупикпен майсыздандыру. Бұл әдіспен түлкінің құйрығынан бастап тазартқан әлдеқайда жеңіл. Қалып қалың ағаштан дайындалады. Жұмыс істейтін бөлігінің ұзындығы 20-25 см, қалыңдығы - 2,5 см, биіктігі - 15 см. Қалыптардың жоғарғы бөлімі сопақша және ойыс болып келеді. Қалыппен жұмыс істеу үшін ешкілерге ойыс жағы бекітіледі.
Осы ақырғы әдіс пласт пен теріні сыпыруға қолданылады.
Майсыздандырғаннан соң құрғақ бұлмен және қағазбен сүртеді. Майсыздандыру кезінде жүнді жағы былғанып қалса, оны тазартқан жөн. Өндірістерде тазарту қолмен және арнайы барабандарда өтеді. Барабан ішіне ағаш ұнтағын салады және сыртына терінің жүнді жабыны келеді.
Теріні сыпырып, майсыздандырумен қатар біріншілік өңдеуде кемістіктер жібермеуге тырысу керек.
Ойынды - терімен дұрыс жұмыс icтeмey нәтижесінде тepi тінінің зақымдануы.
Жыртық - тepi тесілуінен пайда болады.
Қан дақтары - қан тиген жерлерде қоңыр дақ қалады.
Дұрыс емес кecіндi – теріні кескен кезде стандартты қадағаламаса.
Kеciк - шел қабатын терең кесіп алу.
Қиынды - тepiciн сыпырғаннан соң май, ет қалдықтарын тазартқан орын.
Өлген мал теpici - қызғылт түстес арам өлгенен соң алынған тepi.
3. Теріні консервілеу және сақтау
Өлген малдың үстінен сыпырылған жаңа тepiнi - "жас тepi" деп атайды. Жоғары аталғандай, жас терідегі ылғалдың мөлшері 65÷70% болады. Ауа арқылы жас теріге келіп түскен микроағзалардың (шіріткіш бактериялар) әсерінен тері тез шіріп кетеді. Сонымен бірге, терінің бойындағы әлі тазартылмаған қан, лас, кір және ет кесінділерінің болуы терінің шіру үрдісін одан ары жеделдетеді.
Теріде ылғалдың мөлшері көп болған жағдайда қоршаған орта температурасы жоғарылаған сайын шіру үрдісі тездейді. Жаз уақытында, ыстық күндері жас тері сыпырылғаннан соң 2-3 сағаттан кейін шіри бастайды. Төмен температурада бактериялардың дамуы тежеледі, сондықтан терінің шіру үрдісі баяулайды.
Шіру үрдісі өте өршіп кетсе тері мүлде өңдеуге жарамсыз болып қалады. Мұндай теріден өңделген былғары борпылдақ және төзімсіз болады.
Терідегі шіру үрдісінің дамуының белгілері шел қабатының шырыштануы және түктің әлсіреуі (ол теріден жеңіл алынып қалады).
Жас теріні шіруден сақтап қалу үшін, жас теріні міндетті түрде суытып алып, 1÷2 сағаттың ішінде консервілейді. Консервілеу дегеніміз теріден ылғалдың белгілі бір мөлшерін арылту (су жоқ болса бактериялар дамымайды).
Теріні консервілеуді келесідей негізгі әдістері пайдаланылады: ылғалды тұздау, тұзсыз кептіру, құрғақ тұздау және мұздату.
Tеpiні консервілемес бұрын пайдалануға болмайтын бөліктерді алып, реттеген жөн. Олар салмағын жоғарылатып келсе, өңдеу процестерін қиындатады. Оларға: май, ет, қан, кip, ерін, құлақ, мүйіз, лай, тұяқтар жатады. Кір мен майды қолмен, тупикпен тазартады.
Реттеуден кейін енді бip гигиеналық операция - тepiні жуу. Әдістелген жолмен мұқият жуу - микроптарды екі есе төмендететінін көрсеткен. Сонымен қатар, еритін белоктар да жуылып, консервілеуді жеңілдетеді. Теріні шелек, шлангалы тазартқыштармен жуады. ІҚМ терісінің қылшығын арнайы тазартқышпен тазалайды. Тазартқыштың eкi жағы болады: бipiншi жағының ені - 10см, ұзындығы - 40см бipтегic, eкіншіci - тістермен айналдырылған, биіктігі - 2 см, негізгі eні - 3 см болады. Tepiнi кір мен қан толықтай кеткенше жуған дұрыс. Бip теріні қылшық жағынан жуу ұзақтығы 2 минуттай, ал шел жағынан 4 минуттай жуу керек. Осыдан кейін тазартқыштың тегіс жағынан 30-40 минуттан суы сорғу үшін іліп қояды. Нәтижесінде жуған терінің ылғалы, жас тepi ылғалымен бірдей болады.
Консервілеуге дейін мамандар тepінi жөндеу қажеттілігін ескертеді. Жөндеу – қатпарлар мен әжімдерді тартып, тepiнi анықталған пішінге әкелу. Бұны арнайы щит пен рамкаларда өткізеді.
Жөндегіштерді шайыры жоқ ағаштардан алынған құрғақ таяқшалардан жасайды. Ағаш өте құрғатылған болуы керек, әйтпесе тepi жөндеген соң кішірейіп кетеді. Tepiлерді (барлық түрін) жөндегенде жөндегіштің сырты мен жонарқа бөлігін жөндегіштің бip жағына бауыр тepiciн бipкeлкi қылып жапсырады. Tepiнi щит пен рамкаға кішкене шегелермен қағады. Жөндеуге тepiні жуғаннан кейін әбден құрғаған соң бipaқ кіріседі.
Ылғалды тұздау. Бұл әдістің кереметі тepi тінінің сапасы, ал кемшілігі – көп тұз шығыны. 1 кг тepiгe 400 г тұз алынады, кальциленген сода 1400 қатынастағы консервілeyшi тұзбен ІКМ, бұзау, тана терілері тұздалады. Қоспаны жақсылап араластырып, қолдануға бір күн бұрын дайындайды. Жүн жағын жоғары қаратып, бетон және тегіс ағаш бетіне теріні жазып қояды. Терінің бахтарма, яғни, ет жағына тұз себе отырып, қолмен нығыздап жағады. Бip күннен соң қайтадан тұздайды, оны пакет дейді. Басынан бастап төрт бөлікке, алдымен оң қолы мен сол қолын iшкe қарай, одан кейін жотасын бүктейді. Осы оралған тepiнi құйыршығымен және жіппен байлайды. Үш күннен кейін тұздалған теріні тексеру керек: егер қатты тұздар болса, онда барлығы дұрыс, ал егер орындарын қалтырып, тұз ciніп кетсе, онда кайтадан тұздаған дұрыс. Бес күннен кейін белок пен ылғалды тұздық аға бастайды. Жақсы тұздалған тepi берік және тығыз келеді. Шел жағы құрғақ, ақшыл түсті келеді, тек пышақ тигізгеннен соң сұрғылт тартады. Дұрыс тұздалған тepi жақсы сақталады, ал нашар тұздалған тepi - көп бөгеттер жасайды. Қатты тұздалған терінің қылшықтары түсіп қалады, ол мехтік және тepi өндірісінде қолдануға келмейді.
Тұзсыз кeптipy. Бұл әдіс бұзау, тана, қой, ешкі, құлын терілерін консервілеу үшін өте қажет. Артықшылығы - арзан және оңай, кемшілігі - теріде кажетсіз қабыршықтар пайда болып, май қышқылы әсерінен илеуге тура келеді.
Теріні ақпанның аяғы мен наурыздың басынан бастап, яғни жылы уақыттарда кептіреді. Бұл уақытта күннің көзінен сақтану керек, әйтпесе тері қабыршақтанып, оның құрамындағы коллаген жоғары температурада желатинденіп кетуі мүмкін. Tepiні жазда 22-25оС, ал қыста жылытылған қоймаларда кeптipген пайдалы. Tepi диаметрі 3-5 см жақсы тазартылған ағаштарда ілініп тұруы керек. Теріні жерге қойып тұздауға болмайды. Иленіп тұрған терінің басына, құйрығына, аяғына таяқшалар тipeп, жазып қояды. Tepi 6ipкелкі кебу үшін ауыстырылып отырады.
Жақсы құрғатылған тepi созылмалы келеді, шел жағын саусақпен шерткен кезде өзіне тән дыбыс бepeдi және жүнді жабыны құрғақ кeлeдi.
Құрғақ тұздау. Бұл тәсілді қолданған кезде, алдымен теріні тұздайды, сосын құрғатады. Кемшілігі - консервіленген терінің жоғары гигроскопиялығы болып табылады. Сол себептен қоймадағы тері ылғалдылықтан шіріп, дымқылданып кетеді. Негізінен құрғақ тұздауды ыстық климатты жерлерде де, суық климатты жерлерде де қолдана береді.
Егер тері дұрыс консервіленбесе, шикізатта дақтар пайда болады:
Ақ таңдақ – жел мен мұздаудан туады. Бұл кезде тері борпылдақ, ұсақ саңылаулы, созылмалы емес, ақшыл түсті болады, сондықтан оны сорғытуға тура келеді.
Мүйіздену - шикізаттың кeлeci өндеуін қиындатып, сынғыш және қатты болады. Бұл күн көзінен сақтамаудан туады.
Көгеру - аз кептіріліп, теріде ылғалдың қалып қоюы әсерінен болады.
Шірік - шіріткіш бактериялардың әсерінен терінің зақымдануы.
Шірік болу себептері:
Консервілеуді кешіктіру;
Дұрыс құрғатпау;
Жоғары температурада құрғату;
Ылғалдың көп мөлшерде қалып қоюы;
Теріге тұзды біркелкі жаймау.
Шіріктің қызару түpi бар. Ол ылғалды тұздау кезінде көкшіл микроптарды қоздырады. Бұған қарсы күрес жүргізу үшін тұзға 1 % парадихлорбензол және 2 % нафталин қосады. Егер тepi бетінде қызару пайда болса, онда оны тазартып, жоғарыда көрсетілген компоненттерді қосып, екіншілік тұздау керек.
Тұз дақтары - тepi қатқыл болады және ақшыл-қоңыр түстен, қара-қоңыр түске боялады. ІҚМ-да, бұзауда шел және беттік қабаттарда ылғал тұздалған болады. Оны жою үшін тұзға 2,5-3 кальциленген сода және 1% парадихлор және 2% нафталин қосады.
Егер консервілеу дұрыс, әрі мұқият жасалмаса, шикізатты бұзады.
Мұздату. Бұл жас теріні консервілеудің қарапайым әдісі, төмен температурада бактериялар өздерінің тіршілігін тоқтатады және мұздатылған тері шірімейді дегенге негізделген. Шикізат мұдай күйде ұзақ сақталады, алайда температура нөлден жоғарылағанда ериді және тері бұзыла бастайды.
Мұздатылған шикізаттың бірнеше кемшіліктері бар: ол осал, тез сынғыш, транспорттауға ыңғайсыз және де теріні аударыстырып қарауға болмайтындықтан қандай ақаулар кездесетіндігін анықтай алмайды.
Былғары шикізатын сақтау. Өндіріске жіберілмес бұрын былғары шикізаты қоймаларда сақталады. Өте жақсы тазаланып консервіленген былғары шикізатының өзі дұрыс сақталмаудың әсерінен өзінің сапасын төмендетеді, өндіріске мүлде жарамсыз болып қалуы да мүмкін.
4. Былғары шикізатының ақаулары
Былғарылық шикізаттың ақаулары деп терінің барлық ауданы бойынша немесе жеке жерлеріндегі өңделген былғарының сапасын төмендететін немесе оны пайдалану дәрежесін азайтатын бүлінулерді айтамыз. Бұл ақауларды міндетті түрде және анықтай алу қажет және де олардың тері сапасына қалай әсер ететінін білу керек.
Терінің сапасы ең алдымен малды асырау жағдайларына байланысты. Малды жақсы баққанда және дұрыс азықтандырғанда оның терісінің тығыздығы және барлық ауданы бойынша қалыңдығы біркелкі болады, тері ауруларының және зақымданған орындары болмайды,
терідегі жүн жұмсақ, қалың және тегіс келеді. Керісінше, малды нашар асырағанда немесе оның ауырғаннан кейінгі терісінің қалыңдығы біркелкі болмайды, арық болбыраған, тері ауруларының және зақымданған орындары болады, тері жүні қатты және сирек орналасады.
Ақаулардың пайда болу уақыты немесе себептері бойынша терілер негізгі үш топқа топтастырылады: тірі кезіндегі ақаулар, теріні дұрыс сыпырмағаннан пайда болатын ақаулар, дұрыс консервіленбеу және дұрыс сақталмаудың салдарынан пайда болатын ақаулар.
Тірі кезіндегі ақаулар. Жоғарыда айтылғандай, тірі кезіндегі ақаулар малды дұрыс асырамаудың нәтижесінде пайда болуы мүмкін, нақтырақ айтсақ, нашар азықтандыру, тері ауруларының салдары және әртүрлі механикалық мертігулер. Төменде ең көп тараған тірі күнгі ақаулар келтірілген: бөгелек шаққаннан кейінгі тесіктер, кене-безді ақаулары, кене жабынды ақаулары, микрофиляр, қамшының ізі, ағаш қамыт орны, ер-тоқым орны, таңбаның орны, біткен жараның орны, мүйізбен жаралану, сызат, жыланшық, бір бағытқа қарай қайырылған жүн, мойын терісіндегі қатпарлар, шикізаттың шорлануы және т.б.
Теріні дұрыс сыпырмағаннан пайда болатын ақаулар. Малды қате сою немесе теріні бей-берекет сыпыру соғынан әртүрлі ақаулардың пайда болуына әкеп соқтырады. Мұндай ақауларға жататындар: терінің кесілуі, терінің қиылуы, терінің жұлынып кетуі, қате кесу және т.б.
Терінің дұрыс консервіленбеу және дұрыс сақталмауының салдарынан пайда болатын ақаулар. Терілерді уақытында консервілемеу немесе дұрыс консервілемеу, сонымен қатар қате сақтау және шикізатты қате транспорттау нәтижесінде пайда болатын әртүрлі ақаулар. Мұндай ақауларға жататындар: шіріген көктеген тері, жауыр, тұз дақтары, тот дақтары, қамба күйесі, тышқанның кеміруі, сыну, мүйіздену, ақ таңдақтар, қыртыстар және т.б.
5. Былғары шикізатының тағайындалуы. Өндірістік партия
Ірі қара мал, жылқы, қой, ешкі, шошқа, түйе және теңіз жануарларының терілері халық шаруашылығында былғары өндірісі үшін пайдаланылады: аяқ киім, ер-тұрмандық бұйымдар, техникалық бұйымдар, былғары-галантереялық бұйымдар және арнайы тағайындалған былғарылар.
Былғары бұйымдарының таңайындалуына және оларды пайдалану шарттарына байланысты әрбір дайын былғарыға анық бір шикізат сәйкес келуі керек.
Былғарылық шикізаттың оның өндірістік тағайындалуына байланысты сипаттамасы МЕМСТ көрсетіледі.
Теріні былғарыға өңдеудің технологиялық үрдістерінің дұрыс жүруі үшін және сапасы бойынша біркелкі былғарылық өнім алу үшін былғары шикізаты дайын былғарының тағайындалуына байланысты өндірістік партияға жиналады.
Өндірістік партия деп түрі, салмағы немесе ауданының өлшемі, консервілеу әдісі, қалыңдығы мен тығыздығы, жүнділігі мен сұрыпы, сонымен қатар шығу тегі және малдың тұқымы бойынша біртекті терілер тобын айтамыз. Шикізаттарды өндірістік партияға іріктеген кезде мүмкіндігінше терілер бір-біріне салмағы немесе ауданының өлшемі жағынан жақын болуы шарт. Шикізаттарды өндірістік партияға іріктеу партияны жинақтау деп те аталады.
Өндірістік партияның өлшемі терілердің саны және салмағы немесе терілердің саны мен ауданының көлемі бойынша анықталады және де зауыттың өндірістік бағдарламасы мен жабдықтардың сыйымдылығы бойынша орнатылады.
Ірі қара мал шикізаты, шошқа, жылқы, теңіз жануарлары және түйе терілері өндірістік партияға салмағы бойынша, ал қой мен ешкі терілері ауданының көлемі бойынша іріктеледі
ІІІ БӨЛІМ
ТЕРІНІ ЖІБІТУ
1. Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар
Консервіленген теріде мал денесінен жаңадан сыпырылған теріге қарағанда ылғалдылық аз болады. Жас теріде талшықтар суланған және еркін орналасқан, ылғалдап тұздалған консервілеуде ылғалдың мөлшері аз болғандықтан талшықтар жақын орналасады, ал құрғақ тұздауда жабысады.
Консервіленген теріде қан, лас, кір, лай қалдықтары болуы мүмкін, ал ылғалды және құрғақ тұздалған теріде тұздың мөлшері көп болады.
Малдың үстінен сыпырылған жас тері дұрыстап жуылып, ары қарайғы өткізілетін үрдістерде жақсылап өңделеді. Сондықтан өңдеу үрдістерінде консервіленген терілерді мүмкіндігінше, малдың үстінен жаңадан сыпырылған күйге жақындату қажет. Бұл операция жібіту деп аталады. Ол теріні суға салып жібіту арқылы оның бойынан кір, лас, қан, лай қалдықтарынан және консервілеген заттардан, яғни тұздан тазартуға негізделген. Жібіту үрдісінде келесідей факторлардың мәні зор: терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы, 1 кг жібітілетін теріге кететін судың мөлшері, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер.
Терінің жағдайы. Теріде лас, кір, лай және қанның болуы оның шіруін тудырады. Егер тері жаман немесе бірқалыпты консервіленген болса, онда оларды жібіту біркелкі жүрмейді. Консервіленген теріде ылғалдың мөлшері неғұрлым аз болған сайын, жібіту соғұрлым ұзақ өтеді. Сондықтан, жоғарыда көрсетілгендей, шикізаттың өндірістік партиясын жағдайы беркелкі терілерді таңдау арқылы жүргізу керек.
Жібіту суының температурасы мен сапасы.Суланған кезде тері ісінеді, оның салмағы мен қалыңдығы жоғарылайды. Ісіну дегеніміз тері талшықтарының арасындағы кеңістікке судың бойлап енуі, соның әсерінен олар біршама жылжиды да терінің көлемі ұлғаяды.
Су теріге ақырындап сіңеді, әрбір қабат суланады. Олар қалың болған сайын, тері баяу суланады. Жібіту үрдісінде терінің ісінуіне белгілі бір шамаға дейін ғана рұқсат етіледі. Тым артық сулану терінің негізгі ақуыздық заттарын жоғалтуға әкеліп соқтырады, нәтижесінде былғарының сапасы төмендейді, яғни борпылдақ, беріктігі азаяды. Теріні жеткіліксіз немесе тым артық сулау кезекті былғарыны өңдеу операцияларының жүруіне және соңғы өнімнің сапасына кері әсерін тигізеді.
Шикізатты жібітуге арналған судың маңызы зор. Өзен, көл сууларында көптеген бактериялар болады. Сондықтан, жібітуга арналған су таза, бактериялардан тазартылған болуы тиіс, ал жібіту операциясы неғұрлым қысқа мерзімде жүруі керек. Жылы (20÷25°С) суға қарағанда , шамамен 2 ден 10°С дейінгі температуралы суық суда бактериялар баяу дамиды. Алайда жібіту суының температурасы төмен болған жағдайда терінің сулануы өте баяу жүреді. Егер де температураны 20°С дейін жоғарылатқанда, жібіту үрдісі тездейді, бірақ бактериялардың да өміршеңдігі біршама күшейеді. Сондықтан қалыпты жібіту температурасы 16÷20°С, себебі мұндай температурада теріні суландыру ұзақтығы азаяды және шіріткіш бактериялар қауіпсіздігі азаяды.
1 кг жібітілетін теріге кететін су көлемі сұйықтық коэффициенті деп аталады. Ол жібіту кезіндегі терінің салмағынан судың (сұйықтың) салмағы қанша есе көп екендігін көрсетеді. Мысалы, тері партиясының салмағы 2000 кг болса 8000 л суда жібітіледі, яғни
с.к = 80002000=4.
Жібіту үрдісі кезінде суда көптеген мөлшерде кір, лай жиналады, ол бактериялардың дамуына оң әсерін тигізеді. Сондықтан жібітуге мүмкіндігінше таза су пайдаланған дұрыс, яғни кірленген суды таза сумен ауыстырып отыру қажет. Суды ауыстыру саны шикізатты консервілеу түріне, оның сапасына және шикізаттың ластану дәрежесіне байланысты анықталады.
Теріні суландыру үрдісін тездету үшін әртүрлі механикалық операциялар қолданылады.
Терідегі тері асты шел қабатының болуы, ет және май кесінділерінің қалдықтарының болуы тері қалыңдығы бойына судың енуін, яғни сіңуін тежейді. Сондықтан жібіту үрдісінде шел қабаты алып тасталуы керек. Шел қабатынан арылту операциясы шелдеу деп аталады және шелдеу машиналарында немесе шелдегіш арұылы қолмен орындалады.
Шикізатты жібітуді жеделдету үшін, әсіресе құрғақ консервіленгендер, талшықтары жақын немесе жабысқан күйде болатын, механикалық әсер етіледі - теріні ажырату, яғни шелдегіш қолданып қолмен басу немесе барабанда жүргізіледі.
2. Жібіту үрдісінің орындалуы
Теріні жібіту үрдісі төменде көрсетілген негізгі операциялар жиынынан тұрады:
Жуу - теріні ластан, кірден, қан қалдықтарынан және тұздан арылту. Терілер барабандарда және баркастарда жуылады.
Қырқу - теріде қалған салмақ бергіш қалдықтар (ет және май кесіндісі, басқы және т.б.) Обрядка қалыпта қолмен жүргізіледі, шелдегіш немесе тұйықтық қолданылады.
Шелдеу - теріні шелден арылту, яғни малдың үстінен сыпырылған теріде қалып қойған тері асты шел қабатынан, жарғақшадан, сіңірден, еттен, майдан арылту. операция шелдеу машиналарында орындалады.
Жібіту (суландыру), яғни консервіленген терінің күйін құрылымы бойынша да, суландыру дәрежесі бойынша да жас терінің күйіне жақындату. Және де жібіту үрдісінде терідегі лас, кір, қан және тұз қалдықтарынан арылту тоқтайды. Жібіту чандарда, барабан мен баркастарда орындалады.
Жуу және жібітуді жүргізу реті мен режимі шикізаттың консервілену түріне және оның мақсатты тағайындалуына байланысты әртүрлі болады.
Шикізаттың сулану сапасын және ластану дәрежесін пайымдау үшін жібітуден кейін теріні өлшейді. Жібітуден кейінге былғары шикізатының өндірістік партиясының салмағы жібіту салмағы деп аталады.
ІV ТАРАУ
ТЕРІНІ ЖҮННЕН АРЫЛТУ
1. Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері
Жібіту үрдісінде суланған теріде жүн, қыртыс және тері асты шел қабатының қалдықтары болады. Тері талшықтарының өзара аралықтары өзара талшықтық ақуыздық заттармен толтырылған.
Келесі өңдеу үрдісінде теріні осы қалдықтардан, яғни жүн, қыртыс және тері асты шел қабаты қалдықтарынан тазартып, аралық талшықтық заттардан арылтып, өзең қабатына илегіш ерітінділердің енуі үшін талшықтар шоғырларын бөлу керек және талшықты жұмсартып қопсыту қажет. Теріні жүн мен қыртыстан арылту үрдісі жүннен арылту деп аталады.
Жүннен арылту үрдісі екі сатыдан тұрады:
1. Алдын-ала жүннің және терінің беткі қабатының қыртысының өзеңмен байланысын әлсірету;
2. Жүнді жүн алатын машина арқылы механикалық жолмен алып тастау.
Жүннен арылтудың әртүрлі әдістері бар:
Күлдеу - теріні әк ерітіндісінде өңдеу - қышқылдандырғыш - күкіртті натрий қосу немесе қоспау арқылы.
Жағу - терінің бетіне немесе бахтармасына күкіртті натрийді жағу.
Жүннен арылтудың бұл әдістері, көбінесе жұні мол майда шикізаттардан (ешкі, қой терілер) хромдық, сонымен қатар юфть және аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары өндірісінде қолданылады.
Түк пен өзеңнің байланысын алдын-ала әлсірету үшін химиялық немесе ферментативтік әдістер жүргізіледі. Химиялық әдістермен жүннен арылту кезінде, (шикізаттарды сілтілік реагенттермен өңдеу) терінің астар жағына жағатын қоспаны немесе жүннен арылту мен күлдеудің біріккен әдістерін пайдаланады.
Жүннен арылтудың тағы бір әдісі - жүн түгін біржола жою (еріту). Химиялық әдіс арқылы түктің өзеңмен байланысын әлсірету немес түгел жою кезінде жүннен химиялық реагенттермен әсер ету, түктегі кератиннің дисульфидті байланыстары арқылы жүргізіледі.
Шикізаттарды ферменттер арқылы жүннен арылту негізіне қыртыс пен өзеңнің арасындағы кейбір ақуыздарды (мукоид, альбулин, глобулин) еріту жатады. Сол себепті түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді.
2. Теріні күлдеу
Күлдеу теріні жүннен арылту әдістерінің ең көп таралған әдісі. Күлдеу үрдісінде сілтілердің әсерінен түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді, қыртыс бұзылады, талшықаралық ақуыздық заттар ериді және жойылады, коллаген талшықтары қопсиды. Бұдан басқа, жоғарыда айтылғандай, суландыру кезінде тері суды сіңіре отырып, ісінеді, қалыңдайды және неғұрлым созылмалы иілгіш болады. Сілтілердің қатысында өзеңнің ісінуі жоғарылайды. Осының нәтижесінде, өзеңнің микроқұрылымында және одан өңделген былғарының қасиетінде мәнді өзгерістер болады. Қазіргі кезде ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары өндірісінде біріккен күлдеу және жүннен күйдіру арқылы арылту әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдістер былғары шикізаттарын жібітуден кейін құрамына натрий сульфиді, кальций гидроксиді және аммоний сульфаты бар сілтілік ерітінділермен өңдейді. Күлдеу үрдісінде күлдеу сұйықтығының құрамындағы кальций гидроксиді және натрий сульфиді, сұйықтықтың ортақ сілтілігі және оның температурасы жүйелі түрде бақыланып отырады. Күлдеу сұйықтығының құрамындағы азоты бар заттардың мөлшері оқтын-оқтын тексеріліп отыруы қажет.
Күлдеу үрдісіне әсер ететін әртүрлі факторлар. Күлдеу үрдісіне әсер етеді: күлдеу сұйықтығында терілердің жату уақыты, күлдеу сұйықтығын пайдалану ұзақтығы, үрдіс жүргізілетін температура, механикалық әрекеттердің әсерлері.
Күлдеу сұйықтығында терілердің жату уақыты. Күлдеу сұйықтығы - әк ерітіндісі - күлдеу үрдісінде бірнеше рет қолданылады. Ізбесті ерітіндіні ұзақ қолданған сайын, яғни неғұрлым көп тері партиясын содан өтсе, соғұрлым түк ұясы жылдам бұзылып, түк әлсірейді. Мұндай ерітінді "ескірген күлдік" деп аталады, мұнда кальций гидроксидімен бірге ақуыздың ыдырауынан пайда болған өнімдер болады, олар аминқышқылдар және аммиак, сонымен қатар бактериялар үлкен мөлшерде кездеседі.
Бұл өнімдер мен бактериялардың болуы ескірген күлдеу сұйықтығына ерекше қасиет береді, жаңа күлдеу сұйықтығының әрекетінен ерекшеленетін: жүннен арылту артады, коллаген талшығының борпылдақтығы күшейеді және ісіну азаяды.
Күлдеу сұйықтығы қандай әсер беретініне байланысты күлденетін немесе ісінетін күлдіктер түгін түсіргіш және босаңсытқыш деп бөлінеді.
Күлдеудің басында түктің түбірін әлсірету үшін және қыртысты жою үшін ескі күлдеу сұйықтығы қолданылады, содан кейін өзеңнің ісінуін болдыру үшін жаңа сұйықтық пайдаланылады.
Күлдеудің сипаттамасы - ескі немесе жаңа күлдеу сұйықтығында теріні өңдеу және үрдістің ұзақтығы - өңделетін былғарының түріне және мақсатына байланысты анықталады. Юфть, ер-тұрмандық былғарылар, рантты аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарылар және т.б. өңдеу кезінде оларға жұмсақтық, созылғыштық қасиеттер беру үшін алдымен ұзақ уақыт ескі күлдеу сұйығын пайдаланады, содан кейін түктері түскеннен кейін қосымша жаңа сұйықтықта босаңсытқыш күлдеуді жүргізеді.
Былғары өнімдерін өңдеуде күлдеудің ұзақтығы 5÷10 тәулікті құрайды. Өте ұзақ күлдеуге, әсіресе ескі күлдеу сұйықтығында, жол берілмейді, себебі бұл кезде жарғақтық заттардың көп мөлшерін жоғалтуға әкеледі. Күлдеу сұйықтығын пайдаланудың ең ұзақ мерзімі 30 күн.
Температураның әсері. Ізбестпен күлдеу үрдісі кезінде терінің жүннен арылуы өте баяу жүреді, мысалы, 170 сағат. Күлдеу үрдісіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі күлдеу сұйығының температурасы болып табылады. Температураны жоғарылатқан кезде, жүннен арылту үрдісі жылдамдайды, алайда бұл кезде жарғақтық заттардың шығыны болады да терінің шіруіне әкеп соқытарады. Сонымен берге температураны жоғарылатқан кезде ісіну азаяды. Төмен температурада күлдеудің ұзақтығы өседі және коллагеннің еруі азаяды.
Сондықтан әдетте теріні күлдеу күлдеу сұйығының температурасы 16÷22°С болғанда орындалады. Жаз мезгілінде температура 22°С-ден жоғарылағанда әрбір 2°С үшін күлдеу ұзақтығы қысқартылады. Кейде күлдеуді күлдеу сұйықтығының температурасы 30°С дейін жоғарылағанда жүргізеді. Бірақ мұндай кезде күлдеу ұзақтығы сәйкесінше қысқарады.
Өткір күлдегіштердің әсері. Күлдеуді температураны жоғарылатып қана жеделдетуге болмайды, сонымен бірге өткір күлдегіштер пайдаланады. Өткір күлдегіш ретінде күкіртті натрий қолданылады. Күлдеу сұйықтығына аз мөлшерде (0,5÷0,7гл) қосылған өткір күлдегіштер түкке зақым келтірместен теріні жүнне арылтуды жылдамдатады. Күлдеу сұйықтығында күкіртті натрийдің артық болуы үрдісті тездеткенімен, түктің бұзылуы болады, өте қатты ісініп кетеді және көп коллаген жоғалтылады.
Механикалық әрекеттердің әсері. Жоғарыда айталғандай, ізбесттің ерігіштігі аса үлкен емес. Оның еріген бөлшектері ерітіндіде ақырындап тұнбаға айналады. Бірақ тері әктің белгілі бір мөлшерін бойына сіңіргеннен кезде, дәл сондай мөлшерде әк ериді. Осылайша, ерітіндінің әкпен толтырылуы үздіксіз жүріп отырады.
Терінің әкті сіңіруі күлдеу сұйықтығындағы терінің жағдайына байланысты. Егер тері бірінің үстіне бірі салынса немесе бірінен кейін бірі нығыздалып ілінсе күлдеу үрдісі де қозғалыссыз қалады, әкті ерітіндінің оларға жетуі қиындайды да теріге біркелкі емес әсер етеді. Осындай жағдайдың алдын алу үшін теріге және күлдеу сұйықтығына механикалық әсер етеді. Чанда күлдеген уақытта қайтадан алып салады, яғни терілерді чаннан алады да оны қайтадан чанға салады. Бұл кезде күлдеу сұйықтығын ауа үрлеу арқылы, ырғақтау арқылы, қозғалмалы араластырғыштар көмегімен жақсылап араластырады, түбінде тұнып қалған әк бөлшектері қайтадан қозғалысқа түседі.
Қазіргі уақытта теріні күлдеу үшін айналмалы аппараттар - баркастар, барабандар немесе аспалы барабандар және барабан-контейнерлер қолданылады.
Мұндай аппаратта күлдегенде күлдеу сұйықтығы мен терілер механикалық араласады, нәтижесінде ізбест әрдайым қозғалмалы күйде болады, бұл оның теріге сіңуін жеделдетеді және күлдеу үрдісін жылдамдатады.
V ТАРАУ
КҮЛДЕН АРЫЛТУ ЖӘНЕ ЖАРҒАҚТЫ ЖҰМСАРТУ
1. Жарғақты күлден арылту және жұмсарту
Жүннен арылтқаннан кейінгі алынатын жартылай фабрикат күлденген жарғақ деп аталады. Оның бойында ұсақ бөлшектер немесе ерітінді түрінде әк кездеседі. Әк біртіндеп коллагендік талшықтарға сіңеді. Күлденген жарғақ өзеңнің суланған кездегі ісінуіндей жағдайда болады.
Жартылай фабрикат күлдеуден кейін жоғары сілтілікке ие болады. Оған кальций гидроксидінің жарғақпен химиялық байланысқан және капиллярлы сіңген мөлшері мен натрий сульфиді себепші болады.
Келесі үрдістерді дұрыс жүргізу үшін жарғақты күлден арылту керек, яғни артық сілтілікті бейтараптап, ісінуді жою қажет. Жарғақты жүннен арылту үшін былғары өндірісі тәжірибесінде көбінесе аммоний тұздарын қолданады, әдетте аммоний сульфатын, сонымен қатар басқа да реагенттерді қолдануға болады (органикалық және минералды қышқылдар, натрий гидросульфиті және натрий гидросулфаты, т.б.).
Аммоний сульфатын күлден арылтуға қолдану, бұл қосылыстың гидролиз үрдісі кезінде бейтараптауға әсерін тигізетін, күкірт қышқылының түзілуіне негізделген.
(NH4)SO4 + 2 H2O = 2NH4OH + H2SO4
Сонымен қатар, түзілетін аммоний гидроксиді жарғақтың ісінуін туғызбайды және жұмсақтығын сақтайды, кейіннен аммоний гидроксиді оңай ұшып кетеді. Бұл жүйе теңдікте болғандықтан күкірт қышқылы сілтілерді бейтараптауға қанша кетсе, сонша түзіледі, сөйтіп үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Жұмсақ, иілгіш, тегіс және беті нәзік болып келетін былғарылық жартылай фабрикаттар күлден арылтудан кейін жібітіледі. Жібіту үрдісі күлден арылту үрдісімен бірге жүргізіледі және онымен тығыз байланысқан. Жұмсарту жүннен арылған жарғақты қысқа уақытта ферментті препараттармен өңдеу арқылы жүргізіледі. Соның нәтижесінде жарғақтың беткі қабаты және былғары жұмсақ, иілгіш және тегіс болады. Сонымен қатар, ақуыздың шіріген қалдықтарын (гнейст) және коллаген өнімдерінің ыдырау заттары келтіріледі. Ферментті препараттар ретінде ірі қара малдың асқазан асты бездерінен алынған протеолитикалық ферменттер (мысалы панкреатин) және микробтан шыққан препараттар қолданылады.
Күлден арылтуды бақылаудың негізі - жарғақ тіліктерінің рH-ын тексеру. Күлден арылғаннан кейінгі жарғақ бейтарапқа жақын болуы керек. Тәжірибе жүзінде күлден арылту үрдісінің аяқталғанын фенолфталейн көмегімен анықтайды (0,1 % спирттегі ерітіндісі). Әдетте тіліктерді жарғақтың сауыр жағынан алады. Ауыр шикізаттардан алынған жартылай фабрикат үшін тіліктің ортасы барлық қалдықтың 30% дейін сынақ кезінде фенолфталейнмен қызыл түске боялуы керек. Бұл кезде терінің қалың жағы толық күлден арылуы керек, яғни тіліктің барлық қалыңдығы түссіз болуы керек.
Майда шикізаттардан тұратын жартылай фабрикаттар үшін тілік толық түссіз, яғни толық күлден арылған болу керек. Ферментті препараттардың шығыны олардың белсенділігіне байланысты, перапараттардың белсенділігі қаншалықты жоғары болса, оның шығыны соншалықты аз болады және керісінше. Сондықтан өндіріс әдістемелерінде ферментті препараттардың концентрациясы оның белсенділігіне байланысты берілген. Айта кететін жағдай, жұмсартқыштың концентрациясы мен белсенділігінің арасында тікелей байланыс жоқ. Жұмсарту ұқыпты түрде бақылануы керек, әсіресе оның ұзақтығы және босаңсытқыш сұйықтықтың белсенділігіне айрықша көңіл аудару керек. Жұмсартқыш сұйықтықтың өте жоғары белсенділігі былғарының бос және ақауы болуына әкеліп соғады.
Жұмсарту үрдісінде жартылай фабрикаттарды бақылау органолептикалық түрде жүргізіледі. Жұмсартудан кейін жарғақтың беткі қабаты біркелкі және майда болуы керек, жарғақтың беткі қабатын саусақпен басқанда ізі қалуы керек. Майда жартылай фабрикаттар үшін жұмсарту үрдісінің аяқталғандығын желқабы сынауы арқылы тексереді, яғни ауа өткізгіштігіне байланысты жарғақты қап ретінде бүктеп, содан соң ауа жібермей қысады. Дұрыс жұмсарған жарғақтың бетінен ауа көпіршіктері шығуы керек.
VI ТАРАУ
ЖАРҒАҚТЫ ИЛЕУ ҮРДІСІ. ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУ
1. Илеу үрдісінің мақсаты мен маңызы
Илеу - былғары мен үлбір өндірудегі ең мағызды үрдістердің бірі болып табылады. Былғары өндірісінде бұл үрдіс өзеңнің қасиетін түбегейлі өзгертеді, оны иленген былғарыға айналдырады, ал үлбір өндірісінде өзеңнің қасиетімен бірге, ішінара түкті де өзгертеді.
Илеу үрдісі деп - шикі теріден алынған жарғақтың былғарыға айналуын айтады.
Пикелденбеген жарғақ, тері сияқты, жылы немесе ылғалды жерлерде сақтау кезінде шіриді, кептіру кезінде қатты болып қалады. Пикелденген жарғақ, шірімесе де және кептіру кезінде мүйіз тәріздес болмаса да, судың әсер етуінен ісінеді және пикелденіп кетуі мүмкін. Көрсетілген кемшіліктер илеу арқылы жойылады.
Былғарыға қажетті сыртқы түр мен кейбір физикалық қасиеттер берген өңдеуден кейін одан аяқ киім, киім, галантереялық, техникалық, ер-тұрмандық бұйымдар және т.б. дайындауға болады.
Көрсетілген жарғақ қасиетін өзгертетін заттар илегіш заттар деп аталады, ал жарғақты былғарыға айналдыру мақсатында жарғақты илегіш заттар ерітіндісімен өңдеуден құрылған операция илеу деп аталады.
Илеу кезінде адсорбция үлкен роль атқарады, ол ерітіндідегі қандай да бір заттың басқа бір заттың беттік қабатында концентрацисының өзгеруін көрсетеді. Бетінде ерігіш зат концентрленетін дене адсорбент деп аталады.
Адсорбенттің бетінде концентрация жоғарыласа, онда адсорбция оң болғанын көрсетеді, ал кері адсорбцияда керісінше адсорбенттің бетінде концентрация шамасы төмендейді. Адсорбенттің беті оның салмағына қарағанда үлкен болса, соғұрлым онда ерітіндідегі адсорбцияланатын зат көп тұнып қалады. Ұнтақтар (мысалы, топырақ), ұсақ тесіктіі заттар (көмір), ақуыздар және т.б. адсорбциялық қабілетке ие. Сонымен қатар, оң адсорбциялық қабілеті жоғары малдардың тері тіні, олардың талшық беті өте жақсы дамыған. Коллоидті заттар кристалды заттарға қарағанда жеңіл адсорбцияланады. Қышқылдар тұздарға қарағанда жақсы адсорцияланады, ал электролиттер электролит еместерге қарағанда әлсіз.
Адсорбцияланатын заттың мөлшері оның ерітіндідегі концентрациясына байланысты болады. Концентрленген ерітіндіге қарағанда сұйылтылған ерітіндінің адсорбент бетінде салыстырмалы түрде көп мөлшерде еріген зат тұнып қалады.
Осылайша, адсорбция жылдамдығы ерітінді концентрациясына, адсорбент түріне және оның салмағына (адсорбент салмағы көп болған сайын, неғұрлым адсорбция жоғары болады), ерітіндідегі заттың дисперстілігіне (ұсақтығына), ерітіндідегі басқа заттардың мөлшеріне, ерітіндіге механикалық әсер етуге (араластыру, шайқау, сілку) тәуелді болады.
Әдетте, адсорбция өте жедел жүреді (бірнеше минут ішінде), алайда илеу үрдісінде ерітіндіден илегіш заттардың адсорбциясы жарғақтың қалыңдығының үлкен болғандығынан және оның талшықтарының тоқылуындағы құрылымының күрделі болғандығынан баяу жүреді.
Илеу ерітіндісінен құрымандағы заттар ақырындап жарғақ өзеңінің барлық қалыңдығына енеді, оны илегіш заттар түсіне бояйды. Жоғарыда көрсетілгендей, жарғақ фибриллдан құралған өзара тоқылған талшықтар шоғырынан тұрады. Осындай құрылымды болғандықтың арқасында жарғақтың беті үлкен болады, мұнда оң адсорбция әсер еткен кезде илегіш заттар тұнып қалады. Илегіш заттар тұнған адсорбциялық үрдістен басқа, жарғақта жарғақтың талшықты құрылымдары және илегіш заттар арасында өзара химиялық әсерлесу жүреді.
Осылайша, илеу үрдісі екі кезеңнен тұрады - физикалық және химиялық.
Физикалық кезеңде илегіш заттар адсорбцияның әсер етуінен жарғақтың талшықты құрылымының қалыңдығына енеді, яғни талшықтың бетіне жиналады және олардың арасындағы бос кеңістікті толтырады. Химиялық кезеңде жарғақтағы коллаген, берік қосылыс түзе отырып, илегіш заттармен әсерлеседі.
Илеу кезінде жарғақ салмағы мен қалыңдығы бойынша ұлғаяды да, ал ауданы бойынша кішірейеді.
Илеу жарғақты сорғытумен бірге жүреді. Илеу үрдісі жарғақтың кейбір талшықты құрылымының әлсіреуін тудырады, сондықтан өзі өңделген жарғаққа қарағанда иленген былғары, әдетте, жыртылуға қарсы беріктігі аз болады. Илеу кезіндегі жарғақтың беріктігінің төмендеу дәрежесі қолданылған илегіш заттарға байланысты болады.
Көптеген бейорганикалық және органикалық қосылыстар илегіш қасиетке ие. Бейорганикалық илегіш заттар ретінде хром, цирконий, титан, алюминийдің қосылыстары немесе қосылыстарының комплексін пайдалануға болады. Органикалық илегіш заттар ретінде өсімдікті таннидтер, әртүрлі синтетикалық илегіштер, формальдегид, жоғары қанықпаған майлар және т.б. қолданылады.
Әртүрлі илегіштер былғарыға әртүрлі қасиет береді, мысал ретінде төмендегі кесте келтірілген.
Илеудің нәтижесінде өзеңнің өзгерісі
1 кесте
Өзең
Пісу температурасы, °С
Кебу кезіндегі отыру, %
Созу кезіндегі беріктік шегі, шартты бірлік
Ісіну дәрежесі, %
сулы
құрғақ
Илеуге дейін
60-65
70
100
40
200
Илеуден кейін:
Таннидтермен
70-90
0
124
100
40
Хром тұздарымен
90-140
40-50
124
120
100-130
Синтетикалық илегіштермен
65-75
30-60
-
-
60-100
Формальдегидпен
85-90
60-70
97
96
150
2. Илеу түрлері бойынша былғарыны топтастыру
Жарғақтың өзеңіне енгізілетін заттардың сипаттамасына байланысты екі негізгі топқа жіктеуге болады: иленген былғары және иленбеген былғары.
Иленгендер тобына илеудің төменде көрсетілген негізгі түрлері бойынша өңделген былғарылар жатады.
1. Өсімдіктермен илеу
2. Минералдармен илеу
3. Синтанмен илеу
4. Сульфитцеллюлозамен илеу
5. Маймен илеу
6. Лайкамен илеу
7. Аралас илеу
Илеудің осы көрсетілген түрлерінің ішінде ең кең таралған түрлері:
- хромдық илеу - аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған хромдық былғары және галантереялық және техникалық былғарылардың кейбір түрлері өндіріледі;
- өсімдіктермен илеу - техникалық былғарылардың кейбір түрлері және арнайы тағайындалған былғарылар, мысалы, балықшылардың аяқ киімі, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және т.б. өндіріледі.;
- аралас илеу - аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары, техникалық және ерт-тұрмандық былғарылар, юфть және т.б. өндіріледі.
- маймен илеу - күдері (замша) өндіріледі;
- лайкамен илеу - лайка (галантереялық бұйымдарды жасауға арналған былғары) өндіріледі.
Былғарылар илеу әдістеріне байланысты физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, органолептикалық белгілері бойынша әртүрлі болып келеді. Мұның барлығы жарғақты дайындау, илеу және илеуден кейінгі әрлеу
операциялары мен үрдістері жиынтығы бойынша анықталады.
Иленбеген былғарылар тобына пергамент (иленбеген көн) және қайыс жатады.
Пергамент - көзделген мақсатына байланысты күлденген және кептірілген немесе күлденген, күлсіздендірілген және кептірілген жарғақ болады.
Пергаментте дымқыл коллагеннің қасиеті толығымен сақталады. Кептіру кезінде жарғақтың қалыңдығының біршама азайып кетуінен пергамент жыртылуға қарсы үлкен салыстырмалы беріктікке ие болады. Өте қатты созылған пергамент ағаш затпен ұрған уақытта таза дыбыс шығарады.
Қодас, сарлық және бұқаның пергаменті тоқыма станоктарының бастырмаларын және өртке қауіпті цехтарда жұмыс істейтін машинаның тісті берілістерін дайындауда қолданылады. Бұзау және тана терісінен алынған пергамент щитті қусырмаларға, ал сиыр терісінен алынған пергамент барабандар дайындауда қолданылады.
Пергамент қаттылығымен және иілгіштігінің аздығымен ерекшеленеді. Қаттылығын төмендету үшін және иілгіштігін жоғарылату үшін оны глицеринмен майлайды.
VII ТАРАУ
ПИКЕЛДЕУ
Пикелдеу үрдісінің мақсаты мен мәні. Күлден арылту мен жұмсартудан кейін жарғақта бейтараптау реакциясы болады. Хромдық тұздармен иелу үшін жарғақ қышқыл болуы қажет, алайда қышқылдық ісіну болмауы керек. Сондықтан хромдық тұздармен илеу алдында жарғақ қышқылдар ерітіндісімен (күкірт немесе тұз) және ас тұзының ерітіндісімен өңделеді. Осының нәтижесінде жарғақтың қышқылдылығы жоғарылайды, бірақ ісінбейді. Осы кезде жарғақтың жартылай құрғаылуын қол жетеді және коллаген талшықтарының кейбіреуі қопсиды.
Пикельдеу - былғары жартылай фабрикаттарын илеуге даярлау үшін және өзеңнің талшықты құрылысын жұмсартып сонымен қатар, мех терілерінде илеуге даярлау үшін қолданылады. Бұл процесте тері өңдеу пикельде яғни, өзеңнен коллаган талшықтарын кептіру мен борпылдақтар, ас тұзы мен қышқыл ертіндісінде жүреді.
Қышқыл ерітіндісі мен ас тұзынығ қоспасы пикел деп аталады, ал осы қоспамен жарғақты өңдеу пикелдеу деп аталады.
Пикелді жақсылап сіңірген жарғақ бактериялардың әсеріне жақсы тқтеп береді, пикелдеу жарғақты, әсіресе қой мен ешкі терілері, консервілеу үшін де қолданылады. Былғары өндірісінде пикельдеу үшін күкірт, кей кезде сірке қышқылын, ал мех өндірісінде күкірт және сірке, көбінесе құмырсқа қышқылын, қолданады. Қышқыл тек өзең бетінің борпылдақтануына әсерін тигізеді. Бейтарап түз ретінде әдетте, натрий хлоридін пайдаланады. Тұз теріні ісіндіреді де, кейін жарылуына әкеліп соғады. Ертінділер келесі концентрацияға сәйкес болғаны жөн: H2 SO4 - 9-12 гл, ас тұзы - 50-60 гл. Оптимальды температура 25-28оС, жібіген және шелденген теріден ертінді 5-6 есе артық болады. Теріні пикельдегенде орташа 10-12 сағат ұстайды, егер оның температурасы мен концентрациясына параметр қойылса, тіпті бірнеше күн жатса да ештеңе етпейді.
Осыдан кейін тері жұмсақ және икемді болады да, одан өнім жасау оңайға соғады. Егер қайтадан жуып кептірсе, тері қатайып кетеді. Бұны болдырмас үшін, тағы бір операция илеу қажет. Илемес бұрын теріні ертінділерден жуып, сығып, мех жағын жоғары қаратып, оның үстіне тақтай жауып, жүкпен бастырады да, 2-3 тәулікке қояды. Сосын бейтараптау керек. Бейтараптау үшін 1-1,5 гл сода және фотографиялық гипосульфит - 10 гл концентрациялы зат пайдаланылады. Теріні осы ертіндіде 20-60 минут ұстайды.
Кейде кейбір шикізаттардың түрлерін пикельдеу кезінде (қоян, түлкі, шиебөрі т.б.) қышқыл мен алюминийдің ашудас қоспаларын қолданады. Былғары және мех сапасы пикельдеудің дұрыс жүргізілуіне байланысты. Мысалы жарғақты пикельдеу кезінде қышқылдар жеткіліксіз болса, онда жарғақтың беті хром илегіштерінің негізділігінің күрт көтеріліп кетуіне байланысты тартылып қалады. Керісінше пикельде қышқылдың артық мөлшерімен берілуі былғарының қатты болып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Қышқылдың мөлшерін анықтау. 5см3 пикельді 20см3 тазартылған сумен (мех жартылай фабрикатына арналған пикельді сумен сұйылтпайды) араластырарда қызғылт индиатордың қатысуымен 0,1н натрий гидроксиді ертіндісімен титрлейді.
Органикалық қышқылдарды пайдалану кезінде титрлеуді фенолфталейннің қатысуымен әлсз қызғылт түстің 20 мин аралығында жойылмағанға дейін жүргізеді.
Х1-тұз , Х2 –күкірт және Х3 – сірке қышқылының мөлшері, гл
Х1 = Х1 = Х1 =
Бұл жерде; а- титрлеуге кеткен 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісінің көлемі, см3; к-натрий гидроксидінің ерітіндісінің титріне түзетпе; 0,00365 – 0,0049 және 0,006 -1 см3 5,1 н натрий ерітіндісіне сәйкес, қышқылдың мөлшері.
Натрий хлоридінің мөлшерін анықтау. 10см3 пикельді сұйықтықты алады да сыйымдылығы 250мл өлшемі бар шыны ыдысқа құйып белгіге дейін толтыра тазартылған суды қосады. 20см3 аналитикалық ерітіндіні сыйымдылығы 200-300мл шыны ыдысқа құйып фенолфталейннің қатысуымен 0,1н сілті ерітіндісінің қатысуымен 0,1н күміс нитраты ерітіндісімен немесе көк бормфенолдың қатысуымен 0,1н сынап ерітіндісімен титрлейді.
Пикельдің құрамында күкірт қышқылы кірген жағдайда натрий хлоридінің мөлшері, гл
Х1 =
Бұл жерде; а- титрлеуге кеткен 0,1н күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, см3; К – күміс нитраты ерітіндісі титріне түзетпе; 0,005845- 1см3 0,1н күміс нитраты ерітіндісіне сәйкес натрий хлоридінің мөлшері,г
Пикельдің құрамына тұз қышқылы кірген жағдайдағы натрий хлоридінің мөлшері,гл
Х2 = -
Бұл жерде а- хлоридтердің барлық қосындыларын анықтау кезінде титрлеуге кеткен 0,1н күміс нитраты ерітіндісінің көлемі,см3; в- тұз қышқылының мөлшерін анықтауға кеткен 0,1н натрий гидроксиді ерітіндісінң көлемі, см3. Натрий хлоридінің мөлшерін пайдаланылған пикельдік сұйықтықтан анықтау ұқсас жағдайда өткізіледі, бірақ сыйымдылығы 250мл өлшемі бар шыны ыдысқа 20см3 сүзілген пикельді сұйықтықты алып, одан титрлеу үшін 10см3 ерітінді алады.
Аммоний сульфатының мөлшерін анықтау. 50см3 тұзы ерітіндіні сыйымдылығы 500см3 өлшемі бар шыны ыдысқа құйып тазартылған сумен көлемді белгігей дейін жеткізеді. Аналитикалық ерітіндіден 10см3 алады да сыйымдылығы 200-300мл конус формалы шыны ыдысқа құяды оған шыны түтікшемен 50см3 -0,1 н натрий гидроксидінің ерітіндісін және 100см3 тазартылған су қосады. Ерітінді көлемінің үштен бірі азайғанға дейін қайнатады, содан кейін салқындатып қызғылт метил индикаторының қатысуымен 0,1н қышқыл ерітіндісімен титрлейді,бұл кезде мына реакция жүреді.
(NH4)2SO4+2NaOH =Na2SO4+2NH3+2H2O
Х1 =
Бұл жерде; К және К – сілті және қышқыл ерітіндісінің титріне түзетпе; а- кері титрлеуге кеткен 0,1н күкірт және тұз қышқылдарының ерітіндісінің көлемі, см3; 6,6 – 1дм3 0,1натрий гидроксидінің ерітіндісіне сәйкес, аммоний сульфатының мөлшері,г.
Пикельдеуден кейінгі жартылай фабрикаттарды бақылау. Жарғақты пикельдеу дәрежесін процестің аяғында әртүрлі индикатордың көмегімен, жартылай фабрикаттардың тіліктерінің рН-ын анықтау арқылы бақылайды. Сол кезде бұзау, тана және сиыр терілері үшін жартылай фабрикаттардың сыртқы қабатының рН = 4-4,4 аралығында, ал ішкі қабаты үшін ол 5-6 болуы керек. Юфтке және аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғарыға арналған жарғақтың рН-ы сыртқы қабатта 3,6-3,8 ал ішкі қабатты юфть үшін - 4,5-5. Аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғары үшін 5-6 болуы керек. Жарғақтың рН-ын анықтау үшін мынадай индикаторларды қолданады: бром фенолды көк, метилді қызыл және бром крезолды қызыл. Бром фенолды көк жарғақтың сыртқы қабатын сары түске бояйды, ал ішкі қабатын көк түске, ал сол қабаттарды метилді қызыл және қызғылт сары түске, бромды крезолды қызыл-сары және көкті көгілдір түске бояйды.
Пикелдің және жартылай фабрикаттардың рН-ын анықтау үшін ерітінді индикаторын немесе қағазды индикаторды қолданады. Ерітінділердің рН-ын дәл анықтау үшін рН-метрлердің әртүрлі конструкцияларын (патониметрлер) қолданды.
Индикаторлардың көмегімен ерітіндінің рН-ын анықтауды былайша жүргізеді: шыны түтіктерге 10 см жуық саналатын сұйықтықты құяды да , олардың әрқайсысына 2-3 тамшыдан төмендегі 5 кестеде көрсетілген индикаторларды қосады. Тәжірибені, қашан сұйықтық бір индикатормен қышқылдың, соның жанында тұрған индикатормен сілтілік реакциясын бергенше жүргізеді. Мысалы, егер сұйықтық бромфенол көк бойынша сілті, ал метил қызыл бойынша қышқыл болса, онда оның рН-ы 4,1 мен 5,1 арасында болады, дәлірек айтқанда рН 4,5 шамасында болады. Ерітінділердің рН анықтау кезінде қағаз индикаторларды сыналатын сұйықтыққа малады, содан соң қайтадан алып қағаздың түсін белгілі рН-қа сәйкес келетін эталонның түсімен салыстырады.
Жартылай фабрикаттың рН-ын анықтауды былайша жүгізіледі. Жартылай фабрикаттың, әдетте барынша қалың және тығыз бөлігін кеседі де кесіндіге бірнеше тамшы болжам сәйкес келетін индикаторды тамызады. Индикатордың бергі түсі арқылы, кесіндінің рН-ын анықтайды. Мысалы бром крезолды жасыл индикатордың мүйізді ірі қаранын терісінің кесіндісіне пайдаланған кезде, кесінді сарғыш-жасыл түске боялуы керек. Ал кесіндінің ішкі бөлігі көк түске боялса, онда ол оның жеткіліксіз пикельденгендігін білдіреді. Жұмысқа арналған сұйықтардың рН-ын әмбебап индикатордың көмегімен анықтауға болады. Ол мынадай заттардан дайындалады:
фенолфталеин, г.
0,1;
тимолды көк, г.
0,5;
бромтимолды көк, г.
0;4;
диметиламиноазобензол
0,1
қызыл метилді кызыл, г.
0,2;
абсолютті сапирт, мл.
500
Түбі жалпақ фарфорлы ыдысқа 0,5-1 см3-ге жуық сыналатын сұйықтықты енгізеді де, 1-2 тамшы әмбебап индикатормен мұқият араластырады, содан кейін бояудың өзгергенін оңай байқау үшін, ыдысты жайлап қисайтады. Ыдыстың түбінде қалған сұйықтың бояуының түсі арқылы рН-ын анықтайды.
Әмбебап индикатор рН-2 болған кезде қызыл, ал 4 болса сарғыш, 6-да сары, ал 8 болса жасыл, 10-да көк түсті береді. Аралық түстер рН-тың аралық мәніне сәйкес келеді. Жартылай фабрикаттың рН-ын дәл анықтау үшін рН-метрде оның хлор калийлік сығындысын (вытяжкасын) өлшейді. Бұл үшін 5 г жуық майдалана кесілген жартылай фабрикатты үйкелген тығыны бар шыны ыдысқа салады да, 100 см3 0,1 н. калий хлориді ерітіндісіменен өңдейді. Әлгіні қайта-қайта шайқап 4 сағаттан кейін анықтауды жүргізеді.
VIII ТАРАУ
ХРОМДАП ИЛЕУ
Хромдап илеу коллагенді талшықтарға илегіш әсер етеді. Жарғақты үш валентті хромның негізгі тұздарының ерітіндісімен өңдеуге негізделген.
Хроммен илеуді аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған, киімдік, галантереялық былғарылар және техникалық былғарылардың кейбір түрлерін жасап шығаруда қолданады. Хроммен илеу үшін хромның илегіш қосылыстарын қолданады. Бір ванналы және екі ванналы илеу деп бөлінеді.
Хроммен иленген былғары немесе "хромдық былғары" беріктіктің жоғарғы көрсеткішіне және жыртылу кезінде созылуының жоғарғы көрсеткішіне ие, жұмсақтығы мен иілгіштігі арқылы ерекшеленеді, қышқылдар мен сілтілер әсеріне тұрақты, алайда ылғалды жадайда тез суланады және таннидті иленген былғарымен салыстырғанда баяу кебеді. Хромдап иленген былғары ыстық суда бүлінбейді, оның жиырылу температурасы 120-130°С дейін және одан жоғары. Хромдап иленген кептірілген былғары ыстық суда да, суық суда да толығымен суды сіңіріп жібімейді. Су, су өткізбейтін байланысы бар құрылымдық элементті хромдалған өзең қабатына жеңіл енеді, бұл байланыс суды сіңіргеннен кейін де жоғалмайды.
Калий мен натрий дихроматынан (хромпиктер) K2Cr2O7 және Na2Cr2O7, ал кейде натрий монохроматынан Na2Cr2O4 алынатын илегіштер кеңінен қолданылады. Дихроматта және монохроматта хромның тотығу дәрежесі VI және бұл қосылыстардың идегіш қасиеті жоқ. Хромның (ІІІ) негізгі тұздары илегіштер: CrOHSO4 және Cr(OH)2SO4, алайда тек бұлар ғана емес. Хромның негізгі ерігіш тұздарының барлығы илегіш қасиетке ие.
1. Хромдап илеудің бір ванналы әдісі
Илеудің бір ванналы әдісі үш валентті хромның негізгі тұздарының сулы ерітіндісімен жарғақты бір ваннады өңдеуге негізделген, сондықтан илеудің бір ванналы әдісі деген ұғым осыған байланысты айтылған
Хромның орта тұздарының илегіш қабілеттері жоқ.
Илеудің бір ванналы әдісінің маңызы мынада: диффузия және хромның негізгі тұздарының коллагенмен байланысы. Мынаны ескеру қажет, негізді жоғарылатқан кезде ерітіндідегі негізгі хром тұздарының төзімділігі (тұрақтылық) азаяды, диффузия жылдамдығы төмендейді, ал байланыс күшейеді. Егер негізді төмендетсек, ерітіндідегі негізгі хром тұздарының төзімділігі, керісінше, жоғарылайды, диффузия жылдамдығы өседі, ал байланыс әлсірейді. Сондықтан жарғақтың беттік қабаты қатайып кетпеуі үшін, әдетте хромдық илеу хром тұздарының төмен негізді ерітіндісімен басталады, илеудің соғына дейін ол жоғарылайды. Оған жарғақ пен ерітінді қышқылдылығын реттеу арқылы қол жеткізіледі. Жоғарыда айтылғандай, жарғақты хромдық илеуге дейін пикелдейді, яғни күкірт немесе тұз қышқылы және тұздар ерітіндісімен өңдейді, нәтижесінде ол құрғайды, және де талшықтар арасы үлкейеді. Пикелденген жарғақ хром шырынымен жанасқан кезде, жарғақтағы қышқыл хром шырынының негізін төмендетеді. Осылайша, илеудің басында минималды негіз қамтамасыз етіледі, демек, ең төзімділік және хром комлекстерінің диффузиялы қабілеті барынша жоғары болады.
Жарғақты хром тұздарымен бояғаннан кейін шырын негізін сода қосу арқылы жоғарылатады, тек белгілі бір шектеуге дейін ғана, себебі шырынның өте жоғары негізді болуы, әсіресе илеудің басында, былғарының беттік қабатының асыра иленіп кетуіне әкеп соқтырады, демек былғары бетінің терісі сыпырылып қалады. Илеу шырынының өте төмен негізді болуы хром тұздарының жарғақ қалыңдығына тез сіңіп және оны бояғанымен, коллагенмен нашар байланысады, нәтижесінде жарғақ толық иленбейді, ал дайын былғары бос, қатты болып қалады.
Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған ұсақ былғарылар және галантереялық бұйымдар хромдық илеу әдісімен өңделеді. Хромдық илеу, сонымен бірге, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған қатты былғарының түрлері және техникалық былғары түрлерін илеуде қолданылады.
Бір ванналы илеу техникасы. Бір ванналы илеу алдын-ала дайындалған хром экстрактілерімен бір ваннада - пикел сұйықтығымен өңделген барабанда жүргізіледі. Хромдық илеу кезінде қажетті сұйықтың коэффициентін сақтау үшін, хром экстрактісін құймас бұрын өңделген пикел бөлігін құйып алу қажет.
Пикелдеу аяқталған соң барабанға хром экстрактісінің қажетті мөлшерінің жартысын құяды. Қалған бөлігін 30 мин соң құяды. Экстрактінің қажетті мөлшері әдістемеде белгіленген хром тотығының шығынына байланысты және экстрактідегі хром тотығының мөлшеріне байланысты есептеледі.
Жарғақтың қалыңдығына байланысты хром экстрактісінің негізі 39÷43 шамасында болады, сұйықтық коэффициенті 0,7÷0,8, илеу температурасы 18÷22°С, илеу ұзақтығы 4÷12 сағат. Ешкі мен шошқа терілерін илеу жаңадан дайындалған илегіш шырындарды жүргізіледі, дайындау кезінде пикелденген жарғақты ісініп кетуден сақтау үшін суға жарғақ салмағынан 3 % мөлшерінде ас тұзын салады.
Пикелдеу кезінде жарғақ іс жүзінде барлық қышқылды сіңіріп алады, барабандағы хром шырыны жарғақпен жанасқан кезде біршама қышқылданып кетеді, яғни негізі төмендейді, бұл илеуге өте жағымды әсерін тигізеді, өйткені негізі төмен, қышқыл хром шырыны жарғақтың қалыңдығына тез сіңеді және оны бояйды, бұл жарғақ қабаттарының біркелкі иленуін қамтамасыз етеді. Алайда негізі төмен, қышқыл хром шырыны жарғаққа тез сіңгенімен, коллагенмен нашар байланысады, илеу әсерін күшейту үшін илеу басталғанан 2-3 сағаттан кейін 30÷60 мин аралықта сұйылтылған ерітінді түрінде 0,1÷0,3% (жарғақ салмағынан) кальцийленген сода немесе 0,2÷0,6 % бикарбонат қосады. Хром шырынының негізін жоғарылату үшін сода қосылады, бұл кезде хромның негізгі тұздары коллагенмен жақсы байланысады. Илеу басталғаннан соң 5÷6 сағаттан кейін бірінші сынама алынады, яғни ыстық судың әсер еткенде хромдық иленген былғары кесегінің ауданының кемуі анықталады.
Ол үшін өңделген екі-үш былғарының ең тығыз жерлерінен (құйымшақ тұсы терісі, мойын терісі) 4×4 немесе 5×5 см өлшемде тілік кесіп алады. Үлгілерді жіппен таяқшаға байлап, ішінде суы бар қыздырылған ыдыстың бұрышына бекітеді және де үлгілер суға толығымен батып тұруы керек, бірақ ыдыстың түбіне немесе қабырғасына тимеу керек.
3÷5 минут қайнағаннан кейін әрбір үлгінің қалыңдығы мен ұзындығын өлшейді де үлгі ауданының отыруын, яғни қайнаудың әсерінен үлгі өлшемінің пайыздық төмендеуін есептейді. Егер сынау кезінде хромдық былғарының үлгілері пісіп кетпесе және ауданы тек 10 % дейін кемісе, онда илеу аяқталды деп есептеледі. Егерде отыру 10 % көп болса, барабанға тағы 0,1 % кальцийленген сода қосады. Екі сағаттан соң сынаманы тағы жүргізеді, егер де оң нәтиже бермесе, яғни ауданының отыруы 10% жоғары болса, онда барабанға тағы да кальцийленген сода қосады. Осылайша, қажет болған жағдайда жарғақ салмағына байланысты барлығы 0,1 ден 0,3 % дейін қальцийленген сода қосылады.
Илеу аяқталған соң хромдық былғарыны барабаннан түсіріп алады, дұрыстап ашып жазады да, бір-біріне бетімен қаратып 24 сағатқа дейін жатқызып қояды. Жатқызу кезінде жарғақтың коллагенмен байланысы жалғасады, және былғары иін қандырады, яғни пісіп жетіледі.
Толықтай иленбеген жартылай фабрикатты шығаруға болмайды, себебі бұл дайын өнімнің сапасына кері әсерін тигіеді. Кейде илеу үрдісін жеделдетуге тырысып, хромдау кезінде хром экстрактісі мен тұзының көп мөлшерде қосып жібіреді. Бұлай жасауға болмайды, себебі материалдың өндірістік емес шығынынан басқа, соданы артық мөлшерде пайдалану хром тотығы гидратының тұнбасының түзілуіне әкеледі, дайын былғарының сапасы қатты төмендейді.
2. Хромдап илеудің екі ванналы әдісі
Илеудің екі ванналы әдістің мәні жарғақты алты валентті хром тұздарының судағы ерітіндісімен өңдеу, содан кейін илегіш қасиетке ие үш валентті хромның негізгі тұздарын пайдаланып жарғақ қалыңдығы бойынша қалпына келтіруге негізделген.
Бұрынғы кездері илеудің екі ванналы әдісі бір ванналы әдіске қарағанда кеңінен қолданылған, алайда ол күрделі болғандықтан қазіргі уақытта шектеулі түрде қолданылады, негізінен шевро (ешкі терісінің былғарысы) өңдеуде қолданылады.
Екі ванналы илеуді жүргізу келесідей өткізіледі. Алдымен пикелденген жарғақ хромпик ерітіндісімен барабанда өңделеді (бірінші ванна). Хром қышқылы әбден сіңген жарғақ алынады. Оны барабаннан түсіреді де аз уақыт жатқызғаннан кейін қайтадан барабанға тиейді және гипосульфит Na2S2O3 ·5H2O және күкірт қышқылы Н2SO4 ерітіндісімен өңдейді (екінші ванна). екінші ваннада алты валентті хром тікелей былғары талшығында үш валентті хромға айналады. Гипосульфиттің ыдырауының нәтижесінде жарғақ талшығында коллоидті күйде күкірт бөлінеді және дайын былғарыға толықтық, нәзіктік және созылмалылық береді. Былғары талшығында тұнып қалған негізгі хром тұздары екінші ваннада пикелдеу үрдісінде қышқылдарды мөлшерлеу кезінде анықталады.
Екі ванналы илеу техникасы. Қазіргі кезде қолданылатын ешкі терісі былғарысын (шевро) екі ванналы әдіспен илеу сипаттамасы төменде келтірілген.
Пикелдеу. Жуылған жарғақты барабанға салады және айналу барысында оған жарғақ салмағына 0,4 % тұз қышқылы (30 % -қ ерітінді), 8 % ас тұзы және 40 % су құяды. Барабан 15 минут айналғаннан кейін жарты ось арқылы жарғақ салмағына 0,5 % күкірт қышқылы және 18÷20°С температурадағы 80 % су құяды. Осыдан кейін барабан 45 минут айналып тұрады.
Илеу - бірінші ванна. Барабанды тоқтатпай, айналып тұрғанда 30 минут сайын екі рет екі ерітінді қоспасын (бірінші ерітінді - 20 % суда 2 % хромпик, екінші ерітінді - 20 % суда 3,2 % алюминий ашудасы) құяды. Судың температурасы 25°С. Барабанды 2,5÷3 сағат айналдырады. Осындай өңдеуден кейін жарғақ қою қызғылт сары түске боялуы керек.
Илеу - екінші ванна. Барабан айналып тұрғанда жарты ось арқылы 40 % суда (температурасы 18÷20°С )ерітілген 10 % гипосульфит қосамыз да барабанды 1 сағаттай айналдырады. Содан кейін барабанға 20 мин аралықта 3 қайтара 2 % күкірт қышқылы ерітіндісін қосамыз және барабанды тағы 3 сағат айналдырады, бірінші салынған үлестен бастап санайды.
Жалпы илеу ұзақтығы - 7÷8 сағат.
3. Хромдап илеу үрдісіне кейбір факторлардың әсер етуі
Хромдап илеу үрдісіне әсер ететін факторлар:
1. Хромдық тұздар концентрациясының әсер етуі;
2. Негіздік дәрежесінің әсері;
3. Бейтарап тұздардың әсері.
Хромдық тұздар концентрациясының әсер етуі. Илеу шырынында хромдық тұздардың концентрациясын азайтқанда (хромдық шырын қосу арқылы) илеудің қарқындылығы төмендейді.
Хром шырынын сумен араластырғанда негізгі хром тұздары гидролизденеді (ыдырайды) де бос күкірт қышқылы бөлініп шығады, соның әсерінен хром тұздарының негіздік дәрежесі жоғарылайды және шырынның илегіш тұтқырлық қасиеті көбейеді. Хром тұздарының негіздік дәрежесінің жоғарылуы талдау арқылы көрінбейді, себебі ол жалпы қышқылдылықты көрсетеді.
Негіздік дәрежесінің әсері. Негізді жоғарылату хром тұздарының жарғаққа енуін баяулатады, сондықтан да олар баяу боялады. Бір мезгілде жарғаққа сіңірілген хром мөлшері көбейеді, олар коллаген талшықтарымен жақсы байланысады, ол былғарының ыстық судың әсеріне тұрақтылығын жоғарылатады. Алайда негіздігі жоғары хром шырынымен жарғақты илеу былғарының бетінде жиналатын хромның көп мөлшерінің әсерінен быллғары беті тартылып, қатты иленіп былғары тесіктері бітеліп қатайып қалу қаупін тудырады (беріктігін төмендетеді), сонымен қатар былғарының жеке бөліктерінде бояуды қиындататын "сода дақтары" пайда болады.
Негізді төмендеткенде, хром тұздары жарғаққа тез енгенімен, боялуын тездеткенімен, коллагенмен хромның аз мөлшері ғана байланысады. Сондықтан хромдық илеуді бірінші кезеңде төмен негізгі шырында жүргізеді, яғни мұнда жарғақ тез боялады, ал содан кейін негізділігі жоғары шырында толық иленген хром былғарысын алу үшін жүргізеді.
Бейтарап тұздардың әсері.Бейтарап тұздар, мысалы, ас содасы, жарғақтың қышқылды ісініп кетпеуі үшін қосылады. Хром шырынында ас тұзының болуы жарғақтың қышқылды жұтуын аздап жоғарылатады және хромды сіңіруін керісінше аздап төмендетеді. Беті нәзік жұмсақ иілгіш ашық түсті былғары алынады.
Хромдық илеу былғарыны бейтараптаумен аяқталады. бұл операцияны хромдық илеуден бөліп қарастыруға болмайды, яғни бірге жүргізу қажет деп есептеу керек, себебі оның мақсаты - былғарыдан бейтарап тұздар мен бос артық қышқылдарды жою болып табылады. Олардың былғарыда болуы былғарыны өңдеудің келесі операцияларын жүргізуге кедергі жасайды (бояу, майлау, әрлеу). Бейтараптау және одан кейін жуу, сүргілеу операциялары орындалады.
IX ТАРАУ
ӨСІМДІКТЕРМЕН ИЛЕУ
Жарғақты өсімдікті илегіш заттардың судағы ерітіндісімен өңдеу операциясы өсімдіктермен илеу деп аталады.
1. Өсімдік илегіш материалдар
Өсімдік илегіш заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен – қабық, тамыр, жапырақ, ұрық, ағашынан алынады, таннидтер деп аталады. Илегіш заттары – таннидтері бар өсімдіктің бөліктері өсімдік илегіш материалдар немесе илегіштер деп аталады. Өсімдік илегіш материалдардан алынатын қою сулы сығынды илегіш экстракт деп аталады.
Өсімдік илегіш материалдардың құрамы. Илеу әрқашан илегіш заттардың-таннидтердің судағы ерітіндісінде жүргізіледі, сондықтан таннидтер суда еруі керек. Өсімдік илегіш материалдарды сумен өңдеу кезінде олардан таннидтер (Т) шығарылады (экстрактіленеді).
Өсімдік илегіш материалдардан таннидтермен бірге басқа да суда ерігіш заттар бөлінеді, алайда олар илеуге қабілетсіз (яғни жарғақты балғарыға айналдыра алмайды), таннид еместер деп аталады. Таннид еместер қант, ақуыз, минералды тұздар және басқа да заттардан тұрады. Құрамында қант болғандықтан илегіш материалдан алынған шырынның ашыту қабілеті болады.
Таннид еместерге сонымен бірге бояғыш заттар – ерімейтін немесе ауыр еритін флобафендер жатады. Флобафендер илеудің нәтижесінде былғары ие болатын түске үлкен әсер етеді.
Жоғарыда көрсетілген илегіш материалдардың құрамдық бөлшектерінен басқа құрамында су болады. Илегіш материалдардың қалыпты ылғалдылығы шамамен 11-18 %. Есептеуде 13 % ылғалдылық қалыпты деп есептеледі.
Сонымен, өсімдік илегіш материалдардың құрамдық бөлшектері: таннидтер (Т), таннид еместер (ТЕ), суда ерімейтін заттар және су. Осы көрсетілген заттардың мөлшері құрғақ илегіш материалдардың құрамында әртүрлі болады.
Таннидтер. Таннидтердің үлкен тобына әртүрлі өсімдіктер құрамына енетін және барлығына ортақ қасиет, оның ішінде негізгісі мал терісін илеу қасиеті , оны былғарыға айналдыру қасиеті бар илегіш заттар кіреді. Таннидтер уылдыратын дәмге ие, суда, метил және этил спирттерінде, глицеринде, сірке-этилді эфирде ериді. Петролейнді эфирде, бензинде, күкіртті эфирде, күкіртті көміртегіде, бензолда және хлороформда ерімейді.
Таннидтердің судағы ерітіндісі желатиннің немесе желімнің судағы ерітіндісімен, кальций, мырыш, қалайы, магний тұздарымен тұнба түзеді. Темір тұздарымен таннид көк-қара немесе жасыл-қара бояу (немесе тұнба) береді. Кейбір тұздарды (электролиттерді) судағы ерітіндіге қосқан кезде, таннид бөлінеді, ол өзінің қасиетін жоғалтпайды. Таннидтер - көптеген себептердің әсерінен бұзылатын тұрақсыз заттар. Мысалы, таннидтер судағы ерітіндіде жоғары температураның әсерінен және қышқылдар әсерінен (ерімейтін тұнба түзе отырып) бұзылады. Сонымен қатар олар ерекше фермент - танназу бөлінетін көгерудің (зең) әсерінен бұзылады.
Қышқыл қосқанда таннид ерітіндісінің түсі ашық бола бастайды, сілті қосқанда қоюланады.
Қыздырған кезде таннидтер балқымайды, көмірленеді. Ауа қатысынсыз 180÷200°С дейін қыздырғанда таннидтер пирогаллол немесе пирокатехин түзе отырып ыдырайды.
Таннидтерді осы белгілері арқылы айырады: пирогаллол құрамды, пирокатехин құрамды, аралас. Таннидтердің осындай топтарған бөлінуі тәжірибе жүзінде кең қолданылады.
Қарапайым талдау таннидтердің көмірсутек, сутек және оттектен тұратынын көрсетеді. Химиялық қатынаста таннидтер конденсацияланған көп атомды фенолдар, негізінен пирогаллол, пирокатехин, резорцин және басқалар, олар өзара әртүрлі байланысады. Таннидтер әлсіз қышқылдар болып табылады.
2. Илегіш шырын мен экстракт дайындау
Өсімдіктермен илеу әрқашан илегіш материалдардан шығарып алынған илегіш заттардың судағы ерітіндісінде жүргізіледі немесе илегіш шырында - илегіш экстракттің судағы ерітіндісінде жүргізіледі.
Былғары зауыттарының арнайы шырын қайнататын немесе экстракттік цехында өңделмеген илегіш материалдардан илегіш шырын немесе экстракт өңдейді, алайда көбінесе арнайы жабдықталған илегіш экстрактілегіш зауыттарды жасалады.
Илегіш шырын мен экстракт дайындау келесідей технологиялық үрдістер мен операциялардан тұрады: 1) илегіш материалды ұнтақтау; 2) ұнтақталған илегіш материалды экстрактілеу; 3) диффузиялық шырынды тазалау; 4) тазаланған диффузияланған шырынды қоюландыру немесе буландыру; 5) эктрактіні сульфиттеу.
3. Өсімдіктермен илеу үрдістері
Өсімдіктермен илеу үрдісінің маңызы мыналардан тұрады:
1) жарғақ қалыңдығына өсімдік таннидтерінің диффузиялануы (сіңуі);
2) таннидтердің коллагенмен адсорбциялануы және таннидтердің коллагенмен байланысуы.
Илеу үрдісінде болатын құбылыстар:
1. Жарғақ қатысында илеу шырынында болатын өзгерістер.
2. Илеу шырынының қатысында жарғақта болатын өзгерістер.
Жарғақ қатысында илеу шырынында болатын өзгерістер. Егер шырынға жарғақты салсақ, онда жарғаққа таннидтер сіңгендіктен олардың шырындағы концентрациясы азаяды. Шырынның салыстырмалы салмағы азайғанына байланысты шамамен жарғаққа қанша таннид сіңгенін жорамалдауға болады.
Жарғақтың таннидтерді сіңірген кезде шырынның илегіштігі азаяды. Біраз уақыттан соң шырында қалған таннидтердің мөлшері өзгертуін тоқтатады, ол жарғақтың таннидтерді сіңіруі аяқталғанын көрсетеді, яғни шырындағы жарғақ сіңіретін таннидтердің концентрациясы мен оны қоршап тұрған шырынның концентрациясы арасында тепе- теңдік орнайды.
Илегіш материалдардың экстрактілеу немесе қатты экстрактілерді еріту арқылы алынған және бұрын пайдаланылмаған шырын жаңа деп аталады және өте жоғары сапалы деп танылады. Мысалы, емен экстрактісінен алынған жаңа илегіш шырынның сапалылығы шамамен 60, тал және шыршадан - шамамен 50.
Бір уақытта шырынның илегіштігі азаюымен қатар шырынның сапалылығы да азаяды. Белгілі бір мөлшерде илегіштігі азайған шырын пайдаланылған деп саналады.
4. Өсімдіктермен илеу үрдісіне әсер ететін факторлар
Жарғақ қалыңдығына таниидтердің диффузиялану (сіңу) жылдамдығы бірқатар факторларға тәуелді: илеу шырынындағы таннидтердің концентрациясы, шырынның сапасы мен сапасының артушылығы, рН, шырын температурасы, жарғақты дайындау және оның күйі, шырынды сульфиттеу, илеу ұзақтығы, механикалық әсерлер және т.б.
Диффузия үшін және таннидтердің байланысы үшін қолайлы жағдай табу илеу үрдісін реттеудің маңызды бір міндеті болып табылады.
Илеу шырынындағы концентрациясы. Диффузия үрдісіне және таннидтердің байланысуына әсер ететін илеудің маңызды факторларының бірі илеу шырынындағы концентрация болып табылады. Бұл концентрацияны жоғарылатқанда жарғаққа таннидтердің сіңу жылдамдығы артады, сонымен бірге олардың коллагенмен байланысу жылдамдығы да өседі.
Егер жарғақты концентрациясы жоғары илеу шырынына салса, онда таннидтердің коллагенмен байланысу жылдамдығы жарғаққа таннидтердің сіңу жылдамдығынан артып кетуі мүмкін. Сондықтан жарғақтың сыртқа қабатында таннидтер айтарлықтай мөлшерде байланысады, ол ары қарай жарғақтың ішкі бойына таннидтердің енуіне кедергі жасайды. Нәтижесінде терінің бетінде қыртыстар торабы пайда болады, яғни терінің беті тартылып қалады да беті дөрекі болып қалады.
Көрсетілген ақауларды болдырмас үшін илеуді әдетте таннидтердің аса жоғары емес концентрациялы шырынында бастайды, ақырындап илеудің соңына дейін оны көбейтеді. Концентрациясы жоғары шырынды да пайдалануға болады, бірақ тұтқырлық қабілеті төмен болуы керек.
Шырын концентрациясын жоғарылатумен қатар жарғақ коллагенімен байланысқан таннидтердің мөлшері де өседі. Жарғақпен неғұрлым көп таннид байланысса, соғұрлым илеу коэффициенті жоғары болады және былғары соғұрлым үлкен беріктік пен серпімділікке ие болады. Сондықтан аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған былғары илеу кезінде концентрациясы жоғары шырынды пайдалану қажет емес, ал қатты былғары илеуде жоғары концентрациялы шырынды пайдаланған дұрыс.
Шырынның сапасы. Илеудің маңызды факторларының бірі шырынның сапасы болып табылады. Мынаны ескерген дұрыс, таннид еместер таннидетге қарағанда жарғаққа жылдам сіңеді де оны тез бояйды. Таннид еместер жарғаққа ене отырып таннидтердің енуін жеңілдетеді. Алайда, бір жағынан шырынның сапасыздығы мен таннид еместердің көп мөлшері болуы жарғақ коллагенінің таннидтермен жылдам байланысуына кедергі жасайды.
Сондықтан илеудің басында, яғни жарғақ бойына таннидтер әлі енбей тұрған уақытта, жарғақтың беткі қабатында таннидтердің тез байланысуы және оның табиғи құрылымының бұзылмасы үшін сапасы төмен шырын қолданылады, әдетте пайдаланылған шырынды қолданады. Иленуіне байланысты сапасын баяу жоғарылата отырып жақсы шырынды пайдаланады және илеуді жаңа шырынды пайдаланумен аяқтайды.
Илеу үрдісін осындай әдіспен жүргізгенде жарғақ бойына таннидтердің өте жақсы сіңуіне, ал илеудің соңында жарғақ таннидтермен әбден боялған уақытта таннидтер жарғақ заттарымен өте жақсы байланысуына өте керемет жағдай жасалады.
Шырынның қышқылдығы. Концентрация және сапамен қатар илеу үрдісіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі шырынның қышқылдығы болып табылады. Жарғаққа таннидтердің ену жылдамдығы және олардың коллагенмен байланысуы шырынның концентрациясына байланысты. Шырынның қышқылдығы төмен болған сайын, соғұрлым таннидтер жарғақ бойына баяу енеді. Таннидтер қышқылдылық мәні төмен болғанда жақсы байланысады, яғни шырынның қышқылдығы жоғары болған уақытта, рН=6 және жоғары болғанда таннидтер мүлде байланыспайды деуге болады. Жарғаққа таннидтердің ену жылдамдығы рН төмендегенде азаяды.
Сыртқы қабатта жарғақ заттарымен таннидтердің күшті байланысуы ары қарай жарғақтың ішкі қабаттарына таннидтердің е кедергі жасайды. Сондықтан шырынның қышқылдығы жоғары болғанда, әсіресе таннидтер концентарциясының мәні мен сапасы жоғары болғанда, жарғақтың сыртқы қабаты қатты иленіп кетеді де, таннидтердің ары қарай жарғақ бойына енуі мүлде тоқтап қалады.
Диффузия жарғақтың ісінуін туғызатын жоғары белсенді қышқылдылықта да баяулайды. Жеке талшықтар ісінгендіктен, олардың өзра аралықтары азаяды, ол жарғақ бойына шырынның енуін қиындатады.
Илеудің басында шырынның қышқылдылығы жоғары болған сайын шырынның сапасы мен концентрациясы төмен болуы шарт.
Шырынның температурасы. Шырынның температурасын жоғарылатқан сайын жарғаққа таннидтердің ену жылдамдығы өседі, ол илеу үрдісін тездетеді. Алайда температураны жоғарылатқанда илеу ерітіндісіне жарғақпен бірге келетін шіріген бактериялардың өміршеңдігі артады және әсіресе илеудің басында қауіпті. Осы себепті илеу басында шырын температурасы 18÷20°С жоғары болмауы керек. Кейіннен, жарғақтың иленуі артқан кезде, шырын температурасын жоғарылатуға болады. Алайда мынаны ескеру керек, жоғары температураның әсерінен коллаген желімге айналады. Сондықтан тіпті илеудің соңында да температураны 42÷45°С артық жоғарылатпаған дұрыс.
Жоғары температурада таннидтердің жарғақ заттарымен байланысы жылдамдайды. Температураның мұндай әсерін тек жарғақты таннидтердің айтарлықтай шамасымен байланыстыру қажет болғанда ғана пайдаланады, сонымен бірге тін құрылымын өзгерту керек болғанда, мысалы бұрандалы табанды былғары илеу кезінде қолданылады.
Шырынды сульфиттеу.Сульфиттеудің әсерінен, жоғарыда көрсетлгендей, таннидтердің химиялық құрылымы өзгереді және шырының илегіш қасиеті де өзгереді. Бұл таннидтердің жарғаққа ену жылдамдығының артуына және олардың жарғақ коллагенімен байланасының төмендеуіне әкеледі. Сульфиттеу үшін сульфит пен биосульфиттің әртүрлі мөлшерін қолдана қасиеттері әртүрлі дәрежеде өзгерген илегіш шырындарды алуға болады.
Сульфиттелген шырынмен илегеннен кейін былғары беріктігі төмен болып шығады. Сондықтан қатты былғары илеу жұмсақ былғары (юфть) илегенге қарағанда азырақ сульфиттелген шырынды қолданады.
Илегіш шырындар мен экстрактілерді сульфиттеу олардың технологиялық сипаттамасын өзгертетін бірден -бір маңызды әдістердің бірі болып табылады.
5. Өсімдіктермен илеу әдістері
Өсімдіктермен илеудің әртүрлі әдістері мен оларды жүргізудің техникалық амалдарын қарастырамыз.
Сеуіп илеу. Ерте уақытта пайда болған илеудің ең жетілмеген әдісі сеуіп илеу деген атқа ие. Осы әдіс бойынша чанға жарғақты салған кезде қабат сайын ұнтақталған илегіш материал (әдетте таннидті қабықты) себілді, артынан су немесе әлсіз шырын құйылды. Таннидтер сұйықтықта еріп жарғақтың ішіне еніп, оның талшықтарына бөлінді. Барлық қабықты чанға бір кезекпен салу мүмкін болмады, оны бірнеше порциямен салды. Қабықтағы таннидтердің көп бөлігі жарғаққа ауысты, қалған бөлігі ерітіндіде немесе қабықта қалды. Ары қарай таннидтердің диффузиясы тоқтайды да, илеу үрдісі аяқталады. Чаннан былғары мен пайдаланылған қабықты алады, ал сол ерітіндіге алынған былғарыны қайтадан салып, оған жаңа қабық себеді. Осылайша, чанған жаңа қабықтың барлық порциясын сала отырып, былғары толығымен иленіп болғанша үрдісті жүргізеді.
Сеуіп илеудің алдында әдетте жарғақты бетінің нәзіктігін сақтау үшін және оның тартылып қалмауы үшін әлсіз пайдаланылған шырынмен өңдеп алады.
Былғарының түріне байланысты және илегіш материалдардың таннидтілігіне байланысты сеуіп илеудің ұзақтығы 6 айдан 3 жылға дейін болады.
Шырынды-барабанды илеу. Экстрактілі-илеу өнеркәсіптерінің дамуымен байланысты илеудің себу әдісі анағұрлым жылдам және рационалды әдіс - шырынды-барабанды илеуге орын берді. Бұл әдісте жарғақты илеу чанда шырында басталады және айналмалы барабанда аяқталады.
Чанда шырынды илеу. Чанда шырынды илеудің маңызы мынада: ақырындап концентрациясы жоғарылап отыратын кескіш шырынмен жарғақты өңдеу. Мұндай чандардың тобы, бір жүйеге келтірілген, шырынды жүріс деп аталады. Шырынды жүрісті чандарда жарғақ жақтауларға және бағандарға ілінеді. Шырынды жүрісте жарғақ өте әлсіз шырынға түскенде және таннидтердің концентрациясы біртіндеп жоғарылайтын бірнеше чандар арқылы өтіп, анағұрлым концентрациясы жоғары негізгі чаннан шығады.
Шырынды жүрісті әрбір чандағы илегіш шырын таннидтердің айрықша концентрациясы, сапасы және қышқылдылығымен ерекшеленеді.
Х ТАРАУ
АРАЛАС ИЛЕУ
Өсімдік илегіш материалдар қасиеттері бойынша өзара өте қатты ерекшеленеді және оларды бір шоғырға үйлестіру илеудің кемшіліктерін жояды. Әртүрлі текті илегіштердің айырмашылығы қаттырақ, мысалы өсімдік және өсімдік емес. Әртүрлі текті илегіштер қолданылатын үрдіс аралас деп аталады.
1. Аралас илеудің маңызы
Аралас илеу қолданылады:
1) Илеу үрдісін тездету үшін;
2) аралас илеудің түрлерін өздігімен қолданғанда пайда болатын жағымсыз қасиеттерді жою;
3) былғарыға жағымды қасиеттер беру.
Мынаны ескеру қажет, илеудің аралас әдісін қолдану тек былғары өндірісінің технологиялық үрдістері жеткілікті теориялық негіз тапқанда және оларды бақылау әдістері жетілгенде ғана мүмкін болды. Қатты былғары мен юфть өндірісінде илеудің аралас әдісін кеңінен қолдану илеу циклының ұзақтығын 2÷4 тәулікке қысқартты және таннидтердің жалпы шығынын 15÷20 % төмендетті. Өсімдік емес илегіштерді (сульфитцеллюлозалы экстракт, жасанды және синтетикалық илегіштер) пайдалану өсімдік илегіш материалдарды қолдануды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта илеудің аралас әдістерінде қолданылады:
1) өсімдік илегіштер негізгі хром тұздарымен бірге;
2) өсімдік илегіштер негізгі хром тұздары, синтетикалық илегіштер және сульфитцеллюлозалы экстрактпен бірге;
3) сульфитцеллюлозалы экстракт және синтан негізгі хром тұздарымен бірге.
Аралас илеуде жарғақты алдын-ала хромдау қажет, содан кейін өсімдік илегіштермен таза күйінде немесе шоғырланғанда өсімдік емес илегіштермен (синтанмен және сульфитцеллюлозалы экстрактпен) илейді. Жарғақты хромдайды және барабанда илейді.
Илеудің аралас әдісінде шырынды жүріс болмайды. Аралас барабанды илеуде хром тотығын мөлшерлеу таза хромды илеудегі мөлшерлеуге қарағанда кенет төмендейді және әдетте хромды-өсімдікті илеу үшін жарғақ салмағынан 0,4÷0,8 % шамасында және хромды-сульфитцеллюлозалы үшін 1,2÷1,4 % шамасында болады.
Өсімдік илеуге дейінгі жарғақты алдын-ала хромдау жарғаққа таннидтердің енуін тездететін неғұрлым жоғары концентраицялы илегіш шырынды пайдалану жолымен илеу үрдісін айтарлықтай жылдамдататын мүмкіндік туғызады.
Аралас илеу кезінде хром тотығының мөлшері көбірек болса, өзінің қасиеті бойынша жартылай фабрикат хромдық иленген былғарыға жақындау келеді, және керісінше, хром тотығының мөлшері аз болса, аралас иленген былғарының қасиеті өсімдіктермен иленген былғарыға жақындау болады.
Барлық илеуден кейінгі үрдістер мен операциялар (кептіру және әрлеу) аралас илеуде өзгеріске ұшырамайды.
2. Аралас илеу үшін қолданылатын материалдар
Алдыңғы бөлімдерде берілген хромды және өсімдік илегіш материалдардан басқа аралас илеуде синтетикалық илегіштер (синтандар), сульфитцеллюлозалы экстракт және ПЛ илегіші қолданылады.
Осы илегіш заттардың ерекшеліктері мен қасиеттеріне қысқаша түсінің берейік.
Синтетикалық илегіштер (синтандар). Синтетикалық илегіштер дгеніміз тас көмірді шайырды құрғақ айдау арқылы әртүрлі өнімдерді химиялық өңдеу жолымен алынған жасанды органикалық қосылыстар.
Қазіргі уақытта синтан антраценді Н немесе синтан АН деп аталатын синтетикалық илегіш қолданылады, тас көмір шайырының құрамдық бөлшегі шикі антраценді өңдеуден алынған өнім.
Синтан АН - жасыл рең беріп тұратын қою сұр немесе қара түсті қатты зат. Құрамы мынадай: құрғақ заттар - 70 %, таннид мөлшері (жарғақ ұнтағы абсорбциялайтын заттар), абсолютті құрғақ затқа есептегенде, - 42 % төмен емес, ерімейтіндер - 0,5 %, ерітінді рН - 1,8÷2,2, сапалылығы - 35÷40.
Синтан АН өсімдік илегіш материалдардан келесі өзіне тән ерекшеліктерімен ажыратылады:
1) синтанның құрамындағы илегіштер күшті қышқылдар, сондықтан синтан АН қатысындағы илеу көбіне қышқыл ортада жүреді.
2) синтан АН илегіш заттары өсімдік таннидтеріне қарағанда жарғаққа айтарлықтай тез сіңеді және өсімдік таннидтерге қарағанда жарғақ заттарымен аз байланысады.
3) синтан АН өсімдік илегіштердің құрамындағы ерімейтін заттарған ерігіш түрде әсер етеді, сондықтан синтан АН көмекші құрал ретінде илеуде ғана емес, сонымен бірге өсімдік экстрактілерін балбырату үшін де қолданылады.
4) синтан АН илегіш еместері негізінен күкірт-қышқылды натрий - глаубер тұзынан тұрады.
Жеке синтан АН илеу жұқа және бос былғары береді, сондықтан синтан АН өздігінше илеу үшін қолданылмайды.
Сульфитцеллюлозалы экстракт. Бұл экстракт қағаз өндірісінің негізгі шикізаты - целлюлоза дайындауда алынатын қалдық сульфитті сілтіні химиялық өңдеу өнімі болып табылады. Целлюлоза ұнтақталған шырша ағашын биосульфит және бос күкірт қышқылы ерітіндісімен өңдеу арқылы дайындалады, целлюлоза алудың әдісі сульфитті деген атқа ие, ал қалдық сілтілер сульфитті деп аталады.
Сульфитцеллюлозалы экстракт қою түсті қатты біркелкі масса, суда толық ериді. Сульфитцеллюлозалы экстракт құрамы: ылғал - 19 % артық емеc, таннидтер - 32 % кем емес, күл - 18 % артық емес, рН - шамамен 4÷4,5. Сульфитцеллюлозалы экстракт құрамында ерімейтіндер болмайды.
Сульфитцеллюлозалы экстракт құрамында көптеген минералды тұздар және әртүрлі илегіш емес заттар, оның ішінде қантты заттар кездеседі, сондықтан оны тек илеу үшін ғана емес, сонымен қатар қатты теріні толықтыру үшін де пайдаланады.
Сульфитцеллюлозалы экстракт құрамындағы илегіш заттар өсімдік илегіштерге қарағанда жарғаққа жылдам енеді, алайда өсімдік таннидтерге қарағанда олар жарғақ заттарымен анағұрлым аз байланысады. Жеке сульфитцеллюлозалы эктрактпен илегенде былғары жұқа, бос және қатты болып шығады. Сондықтан сульфитцеллюлозалы экстракт тек аралас илеуде өсімдік илегіштермен бірге немесе хром тұздарымен бірге қолданылады.
Илегіш ПЛ. Бұл өнім сульфит-спирттік бардасымен тазаланып өңделген полифенолдың техникалық қоспасын конденсациялау арқылы алынады.
Илегіш ПЛ қатты күйде шығарылады, қою қоңыр түсті және суда жақсы ериді.
Илегіш ПЛ құрамы мынадай: ылғал - 21 % артық емес, таннидтер (абсолютті құрғақ экстрактіге есептегенде) - 47 % кем емес6 ерімейтін заттар - 1 % артық емес, минералды заттар - 15 % артық емес (оның ішінде күл - 10 % артық емес, кальций тотығы - 1 % артық емес, темір тотығы - 0,1% артық емес), ерітінді рН - (салыстырмалы салмағы 1,07) - 4,5÷5,5.
Илегіш ПЛ өсімдік және синтетикалық илегіштермен бірге рантты типті қатты былғары және юфть илеуге арналған және өсімдік илегіштерді алмастыра алады.
ХІ БӨЛІМ
МАЙМЕН ЖӘНЕ ЛАЙКАМЕН ИЛЕУ
1. Маймен илеу
Тотықтандыру қабілеті бар майлардың көмегімен жарғақты илеу операциясы маймен илеу деп аталады. Илеудің бұл әдісі майлы күдері – бұғы, марал, қой және жабайы ешкі терілерінен өңделетін майлармен иленген былғары өндірісінде қолданылады. Олар аяқ киім, қолғап, галантереялық бұйымдар және әртүрлі техникалық қажет құралдар дайындауда пайдаланылады.
Күдері беті алынып тасталған былғары, сыртқы түрі сукноға ұқсайды, өте жеңіл болуымен және созылғыштығымен ерекшеленеді. Күдері кеуекті, яғни ұсақ саңылаулы, сондықтан меншікті салмағы тым аз – 0,3÷0,4. Сулану немесе кептіру кезінде күдері өзінің жұмсақтығы мен нәзіктігін жоғалтпайды, құрамында сумен экстрактіленетін (шайылатын) заттары болмағандықтан, оның сапасына зиян келтірмей-ақ оны жылы суда немесе сабынды ерітіндіде жууға болады. Күдерінің жиырылу температурасы 65°С. күдерінің осы аталған қасиеттері оны өңдеу әдісіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар айтарлықтай шамада оны дайындауға пайдаланылған шикізаттың түріне де байланысты.
Күдеріні өңдеу кезінде терінің беткі қабаты бүтіндей алып тасталады.
Күдері өндірісінің бірінші операциясы – жібіту, оны өте ұқыптылықпен және мұқият жүргізу қажет.
Жібітуден кейін теріні сылау арқылы жүннен арылтады.
Күлдеу күдеріні өңдеуде маңызды роль атқарады. Ол күшейткіш (күкіртті натрий) қоса отырып әкпен жүргізіледі. Күдерінің жұмсақтығы мен нәзіктігі күлдеудің ұзақтығына байланысты, ол былғарының тағайындалуына байланысты реттеледі. Сонымен, аяқ киімге арналған күдері айтарлықтай созылмалылықты талап етпейді, ал қолғапқа арналған күдері жоғары созылмалы болуы қажет.
Бетін сыпыру (қыртысымен бірге өзеңнің беткі қабаты) күдеріні өңдеудегі жауапты операциялардың бірі болып табылады. Ол жарғаққа жүргізіледі. Беттік қиылған былғарыны галантереялық және аяқ киімдік былғарыға немесе фото былғарыға пайдалануға болады.
Жуу мен күлдеуден кейін жарғақ майлармен илеуге жіберіледі.
Әдетте май илеу үшін балықтың бауыр майы (ворвань) итбалық, дельфин және кит тектес теңіз жануарларының майлары қолданылады.
Мұндай майлармен жарғақты илеу майлардың ауамен жанасып, ауаның құрамындағы оттегімен тотығады және коллаген талшықтарымен қосылады, соның арқасында илеуге қол жеткізіледі.
Майлармен илеу - химиялық үрдіс. Балық майы жарғақ талшығының тереңдігіне енеді және оның бетіне біркелкі болып жайылады. Майлы қышқылдар ауадағы оттегіні қосып алу арқылы тотығады, және де коллагенді талшықтармен байланысатын тотыққан майлы қышқылдарға айналады.
Майлармен илеу техникасы. Жарғақтың беттік қабатын сыпырғаннан кейін оны престе 55÷60 % ылғалдылыққа дейін 2-3 рет сығады, содан кейін барабанда екі рет майлайды және кептіргіш камераға (температура 23÷25°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95÷100%) іліп тастайды.
Қышқылданған майдың (балық майы) артығын престеу арқылы және былғарыны кейінгі сілтілік өңдеу арқылы жояды.
Майлармен илеуден кейін жарғақ күдеріге тән сары-қоңыр түске ие болады және "майдағы күдері" деп аталады.
Артық майдың өлшері көп болғанда күдері бояу мен әрлеуге жарамсыз болып қалады. Сондықтан, жарғақты артық майдан арылту үшін барабанда соданың жылы ертінідісімен майсыздандырады. Содан кейін престейді және беттік қабаттың қалдықтарынан арылту үшін сүргілейді.
Сүргілеуден кейін былғарыны қайтадан екінші рет соданың жылы ерітіндісімен майсыздандырады, сосын жуады. Одан кейін күдеріні кептіру, жатқызып қою және әрлеу операциялары: созу, түту, кеуектаспен өңдеу (пемзование) жүргізіледі.
Осы көрсетілген әдіспен өңделген күдері "табиғи" деп аталады. Ең қалың, тығыз күдері техникалық мақсаттарға таңдалады, қалғандары бояуға жарамды, жарамсыз деп сұрыпталады. Бояуға жарамды күдері жақсы түк алу үшін екінші рет кеуектаспен өңделеді. Бояуға жарамсыз күдері табиғи түрінде қалады да киізге өңделіп сүрткі ретінде пайдаланылады.
Күдеріні бояуға арналған бояғыштар екі негізгі топқа бөлінеді:
1) табиғи бояғыштар, жануар немесе өсімдік текті - кошениль, кампеш, сары тал және т.б.
2) Синтетикалық органикалық бояғыштар, олар қышқылдық, негізгі, тік жіне күкіртті болып бөлінеді.
Боялған былғарылар әрлеуге жіберіледі: керу, созу, түту.
2. Лайкамен илеу
Алюминийдің негізгі тұздарының сулы ерітіндісімен жарғақты илеу операциясы, ас тұзы мен бидай ұны қатысында жұмыртқаның сарысымен майлаумен қатар, лайкамен (алюминиймен) илеу деп аталады.
Лайкамен илеу қой, ешкі, жабайы ешкі, құлын және ит терілерінен ашудас лайка өндірісінде пайдаланылады.
Беттік лайка және түкті лайка деп бөлінеді, беттік лайкадан негізінен қолғап және галантереялық бұйымдар, ал түкті лайкадан техникалық бұйымдар дайындалады.
Лайканың негізгі қасиеті өте созылмалылығы және иілгіштігі, өзең құрылымы қатты қопсиды және илеуге әлсіз эффект беретін заттар қосылады, сондықтан тері осы қасиеттерге ие болады. Лайка судың әсеріне тұрақсыз, ол қатты ісініп кетеді және былғары тым иленіп кетеді.
Лайка өндірісінде әдетте шикізат илеуге дейін жібіту, жүннен арылту, күлдеу операцияларынан өтеді. Ары қарай жуу, шелдеу, бетін мұқият тазалау, күкірт қышқылды аммониймен күлден арылту және концентрленген жұмсартқыштармен жұмсарту жүргізіледі. Одан кейін жарғақты 37 °С температурада 8÷10 сағатқа бидай ұнын қосып баркаста ашытады. ашытудан кейін беті тазаланады және жуылады.
Келесі операция - пикелдеу. пикелдегі ккүкірт қышқылының концентрациясы 18÷20 гл, судың шығыны - 25% және ас тұзы - 7% (жарғақ салмағынан), температура - 18÷20°С.
Пикелденген жарғақ лайкамен (алюминиймен) илеуге жіберіледі, оны лайкалы босаңсыту деп те атайды. Лайканы илеу үшін алюминий ашудасы, жұмыртқа сарысы, ас тұзы, бидай ұны және судың қоспасын пайдаланады (% жарғақ салмағынан).
Алюминий ашудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5÷6
Ас тұзы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4÷5
Бидай ұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10÷12
Жұмыртқа сарысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6÷8
Су (температура 35°С) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
Алюминиймен илеу үрдісінің маңызы мынада: Алюминий ашудастары ерітіндіде күкірт қышқылын және алюминий тотығының негізгі тұзын бөле отырып гидролизденеді. Соңғысы өзең коллагенімен байланысады, илегіш әсер етеді. Ас тұзы күкірт қышқылының бөлінуінің әсерінен жарғақтың ісінуіне кедергі жасайды. Ұн толықтырғыш ролін атқарады және былғарыға толықтық пен жұмсақтың береді. Жұмыртқа сарысы майлағыш әсер етеді.
ХІІ БӨЛІМ
ИЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН ҮРДІСТЕР
Бұл бөлімде келесі кептірілген және өңделген былғарыны дайындау мақсатымен орындалатын және келесі илеудегі операциялар мен процесстер жазылған.
Бұған жататындар: жатқызу, жуу, сығу, қырқу, нейтрализация, бояу, майлау және толықтыру.
1. Бояудың алдындағы операциялар
Жатқызу. Былғарыны өсімдікпен илеуден кейін штабелге жатқызуға қояды. Жатқызудың негізі былғарының қалыңдығына байланыспаған таннидтердің кейінгі диффузиясын және олардың көң заттарымен кейінгі байланысын қамтамасыз ету үшін.
Ауа және жарық әсерімен оттегі тотығының әсерінен болатын, әсіресе күннің көзінен болатын былғарының қараюын болдырмау үшін былғары тұрған штабелдерді жақсылап жауып қою керек.
онымен қатар жатқызуға былғарыны хроммен илегеннен кейін, хром тұздары көң заттарымен толықтай және берік байланысуы үшін де жатқызады.
Жуу. Өсімдікпен иленген былғарыда жатқызудан кейін, айтарлықтай мөлшерде көң заттарымен байланыспаған таннидтер қалуы мүмкін, олар кептіру кезінде былғары қатты болып және беттік қабатының сынуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сондықтан былғарыны өсімдікпен илегеннен кейін таннид қалдықтарын алу үшін барабанда сумен немесе әлсіз илегіш шырындарымен жуылады. Жуу әдетте ағын сумен 20-25о С температурада жүргізіледі. Былғары жұмсақ және иілгіш болуы үшін, соғырлым жуу жақсылап жүргізіледі. Қатты былғарылардың жуу ұзақтығы 10-30 мин, юфть былғарылар 30 минуттан 1 сағатқа дейін. Кейде жуу барабанына бисульфид натрийді қосады (1.5-2% көң салмағына қарай), одан кейін былғарыны таза сумен шаяды.
Сығу. Жуу дан кейін қатты былғары мен юфті гид-равликалық пресс астында артық ылғалдан сығады (былғары үстіндегі қысым кгсм2). Дұрыс сығылған былғары шамамен 50% ылғал құрады, сонда сығылмаған былғарының ылғалы шамамен 65% болады.
Сығылған илегіш шырынын илеуге немесе экстрактерді қайнатуға қолданылады. Хромды былғарылар валикті сығу машиналарында қырқу алдында сығылады.
Қырқу. Бұл операция былғарының барлық ауданы бойынша таза және тегіс бахтарма ала отырып, қалыңдығын тегістеу болып табылады.
Хромды былғары илеуден кейін валикті сығу машинасында артық ылғалды алдына ала сығудан кейін қырқылады. Хромдағаннан кейін юфть пен былғарының кейбір түрлерінде осылай қырқады.
Хромды ұнтақ жасанды былғары өндірісінде қолданылады.
Бейтараптау хроммен иленген былғарыдан артық қышқылдар мен бейтарап тұздардан алу үшін әлсіз қышқыл ертінділерімен өңделіп жасалады. Егер қырқылған былғарыны бейтараптамай бояуға немесе майлауға жіберсе, онда бұл үрдістер дұрыс жүрмейді, ал дайын былғарыда ақаулар пайда болады, мысалы, май қалдығы, тұз қалдығы, ал кейде былғары қатып қалады.
Бейтараптау алдында былғарыны жылы сумен бос қышқылдар мен бейтарап тұздарды алу үшін (натрий хлориді мен глауберова тұзы) жылы сумен шаяды, одан кейін барабанда бикорбанат, сода немесе сульфитпен өңдейді.
Хромды былғарыны бейтараптау үшін кальцийленген қолданбайды, өйткені былғары бетіне күшті әсер етіп және өтімді болғандықтан. Бейтараптау 2,5 с.к. және 30÷35о температурада өндіріледі. Ұзақтығы - 45÷50 мин. Барабанға су құйылып, айналып тұрған барабанға жарты білік арқылы қырқылған былғары салмағына байланысты 25% суға ертілген 1÷1,5% бикорбанат қосады. Бейтараптау біткеннен кейін былғары кесіндісіне метил қызыл индикаторымен тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар қызыл түске бояу былғарының ортаңғы қабатына рұқсат етіледі (оның қалыңдығынан 25% артық емес).
Бейтараптаудан кейін 2÷2,5 с.к. және 35÷40° температурада шамамен 40 минут ұзақтықта екінші шаю жүргізіледі. Жуылған былғарыны бояу үшін барабанға беткі жағымен салады.
2. Бояу, майлау және толықтыру
Бояу. Хромды былғарыны бояу үшін анилинді бояғышиар қолданылады. Анилинді бояғыштарды үш топқа бөледі: негізгі, түзу және қышқылды.
Негізгі бояғыштар минералды қышқылды органикалық бояғыш негіздегі тұздар болып табылады. Негізгі бояғыштар жоғары бояғыш қасиетке ие және қою түс береді. Негізгі бояғыштардың кемшілігі, ол былғарының беткі ақауын анық көрсетіп тұратындығы. Бояуды тегіс жүргізу үшін ваннаға бояуды азайтатын кішкене мөлшерде қышқыл қосады. Негізгі бояуларды еріту үшін тұзды су қолданбаған жөн, өйткені тұнба пайда болып, былғарыда дақ қалуы мүмкін.
Қышқылды бояғыштар органикалық бояғыш қышқылды металликалық тұздар болып табылады (сульфокислот). Қышқылды бояғыштардың ерекшелігі былғарыны бояу кезінде улы заттарды қажет етпейді.
Айтарлықтай терең түс алумен, қышқылдардың жақсы бекітілуі үшін ертіндіге кішкене мөлшерде қышқыл қосылады. Қышқылды бояғыштармен бояу былғарыны тегіс бояп және терең түс береді. Қышқылды бояғыштардың кемшілігі негізгілер сияқты ашық түс бермейді.
Түзу бояғыштар сульфоқышқылды бояғыш натрий тұздары болып табылады. Түзу бояғыштар таза күйде немесе қышқылдармен араластырып қосылады.
Бояғыштарды айырып тану үшін олардың ертіндісіне 10 мл суға 10г таннид ертіндісін, 10г сіркеқышқыл натрийдің бірнеше тамшысын қосады. Егер бұл кезде тұнба түзілсе, бояғыш негізгі болып табылады. Қышқылды бояғышты түзу бояғыштан мақта мен жүнді сынама бояуда анықтауға болады: қышқылды бояғыштар нетралдау ваннасында мақтаны боямайды, ал түзу бояғыштар бояйды.
Қараға бояу. Былғарыны қара түске бояу үшін барабанға қырқылған былғары салмағына байланысты 225% мөлшерде шамамен 65о температурада су құяды. Былғарыны барабанға бетін жоғары қаратып салып, жабады да айналдырады. Айналу барысында жартылай білік арқылы 78-80о температура кезінде (былғары салмағынан 25%) суда ерітілген бояғыштар құйылады.
Хромды былғарыны қара түске бояудың үлгісі: түзу қара – 1,25%, түзу жасыл немесе қоңыр – қырқылған былғары салмағынан 0,15%. Бояу ұзақтығы – 45 мин. Былғары тегіс боялған, терең қара түсті және басқа рең болмауы керек.
Түрлі-түсті бояу. Барабанға (қырқылған былғары салмағынан) 65÷68о температурада 300% су құяды, былғарыны бетін жоғары қаратып салады, барабанды жауып айналдыруға қояды. Бояғыштарға ертіндіні барабанның айналу кезінде жартылай білік арқылы 8÷10 мин. аралығында 2-3 рет қосады. Бояу ұзақтығы 45 мин. Бояғыштарды (қырқылған былғары салмағынан) 70÷75о температурада 100% суда ерітеді. Егер өндірістік су қатты тұзды болса, онда бояғыштарды ерітуге таза конденсаттар қолданылады. Бояғыш ертінділерін барабанға құяр алдында екі қабатты марлі арқылы фильтрлейді.
Майлау. Майлау операциясы былғарыға майлағыш заттарды былғары талшықтарын айтарлықтай иілгіш, былғары өзеңін айтарлықтай қалың және былғарының сулануын азайту мақсатымен жүргізіледі. Былғарыны майлау – жауапты операциялардың бірі, сондықтан айтарлықтай ұқыпты және нұсқаудың барлық талаптарына сай жасау керек. Былғарыны дұрыс майламау әрлеуге кері әсер беріп және оның сапасын төмендетеді.
Былғарыны майлауға қолданылатын майлар мен майлағыш материалдар үш топқа бөлінеді:
1) жануарлардан алынған алынған майлар – сиыр, шел қабаты майы, шошқа, жылқы, ворвань майы (балық және теңіз жануарларының майлары), сульфирленген балық майы және басқалары;
2) өсімдіктерден алынған майлар – кастр майы, сульфирленген кастр майы (ализаринді);
3) минералды майлағыш материалдар – веретенді май (№ 2 және 3) мотор майы, парафин, битум (№ 3) және басқалары.
Сонымен қатар майлауға минералды майлардан, сульфирленген өсімдік және жануарлар майларынан, нафтенді қышқыл сабынды су ертіндісінен тұратын майлағыш материалдардың эмульсиясынан тұрады. Хромды былғарыны майлау үшін жұмыртқаның сарысы қолданылады.
Қатты былғарыны майлауға қолданатын материалдарды алдын ала араластырып майлағыш қоспа түрінде қолданады. Майлағыш қоспаны жасау кезіндемыналар еске алынады:
1) Майлау операциясын орындау әдісі мен былғарының сапасы;
2) Қоспаның тұрақтылығы және былғарыға жақсы сіңу қабілеті;
3) Материалдар құны мен олардың қолға тию мүмкіндігі.
Майлағыш қоспаларды арнайы бактарда булы жылан түтік (сұйық заттарды өткізетін ирек түтік) көмегімен қыздыру арқылы дайындалады. Құйылған қоспаны 80-90°С температураға дейін қыздырып 30 мин. шамасында бір текті масса алғанға дейін араластырып тұрады. Майлау кезінде қоспа 55-60°С температурада болуы керек; осындай температурада ол былғарыға жақсы сіңеді.
Былғарыны (пресстеп сығудан кейін) соғып тұрған желмен қыздыру арқылы (ыстық соғып тұрған барабан) арнайы барабандарда майлайды. Былғарының кейбір түрлерін, мысалытехникалық (жетек белдіктері үшін), құрғақ және қыздырылған жағдайда майлайды (калка). Барабанда майлау былғарыға жақсы сапа беріп ондағы майларды бір текті жаяды.
Барабанда майлау келесі қатармен жүргізіледі. Былғарыны сығудан кейін майсыз 10-15 мин. айналуға қоятын барабанға салады. Одан кейін жартылай білік арқылы май қоспасын құйып, барабанды айналдырады, қатты былғарыны өңдеуде 30÷45 мин., юфть өңдеуде 1÷1,5 сағат. Соғатын желдің температурасы 50÷60° , май қоспасында 35÷40°С және 50÷55°С температураға сәйкес.
Дұрыс майланған былғары беті мен бахтармасы майлы болмауы керек. Былғарының прессте дұрыс сығылуы мен майлау режимін дұрыс сақтау майлаудың сапасын қамтамасыз етеді.
Хромды былғарыны майлау қатты былғары мен юфті майлаудан айырмашылығы май құрамының қоспасына байланысты. Хромды былғарыны май эмульсияларымен өңдейді, яғни ұсаққа бөлінген жағдайдағы су (ұсақ тамшылар түріндегі) ертіндісіндегі майлармен. Жақсы дайындалған эмульсия сүт түрінде болады. Эмульсияның негізгі талабы – тұрақтылық. Егер эмульсия 30 минут ішінде, қозғалыссыз жатқан күйінде қатпарланып қалатын болса, онда бұл эмульсия былғарыны майлауға жарамсыз деп саналады. Мықты тұрақтылық үшін эмульсияға нашатыр спирті қосылады. Табиғи майлар, мысалы кастор майы эмульсия құруға жарамайды, сумен араластырған кезде олар судың бетіне шығып кетеді. Сульфирленген (ализаринді май) немесе сабын эмульсия құруға қабілетті және олардың эмульгаторлар деген атаулары да бар.
Хромды былғарыны майлау үшін эмульгаторлардан немесе эмульгаторлар емес майлардан тұратын эмульсияны қолданады. Қара былғарыларды майлау үшін эмульсияға минералды майлар қолданылады. Эмульсия келесі материалдардан құралады: сульфирленген май (ализаринді май немесе сульфирленген балық майы) – таза майға қарағанда жалпы май шығынынан 60÷70%; бейтарап май (кастор май немесе балық майы) - 15÷20%; Монополь сабыны – 15÷20%.
Эмульсия – қалақша араластырғышпен ағаш цилиндрлі арнайы эмульсаторда дайындалады. Эмульсияны қосымша ұсақтау үшін коллоидты диірмен қолданылады.
Толықтыру. Қатты былғарының кейбір түрлерін (рантты) майлау алдында (кейде бір уақытта) қалыңдық беру үшін, иілгіштік және біраз түссіздендіру үшін толықтыруға әкеледі. Толықтыру сонымен қатар аяқ киім фабрикаларына алынған, аяқ киімнің төменгі жағына арналған бөліктерінің кеуіп кетпеуіне тиімді.
Толықтыру үшін күкірт қышқыл магний қолданылады, ал егер ол жоқ болса, онда күкір қышқыл натрийін (глауберев тұзы) қолданады, сонымен қатар патоканы немесе мелиссаны және сульфитцеллюлозды экстрактарды ауыстратын глюкоза қолдануға болады.
Толықтыру 35÷40° температурада қыздырылған барабанда 30÷40 мин. ішінде жүргізіледі. Рантты былғары үшін толықтыру мөлшері (көң салмағының %-на):
Күкірт қышқыл магний ... ... ... ... ... ...1,5÷2
Глюкоза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Әдетте күкірт қышқыл магнийін бірдей мөлшерде (салмағы бойынша) сумен ерітеді.
ХІІ ТАРАУ
БЫЛҒАРЫНЫ КЕПТІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
Жоғары бөлімде айтылған барлық негізгі процесстер мен операциялар көң мен илеуге дайындауға қарастырылады. Иленген былғары ылғалды күйде сақтаған жағдайда да шірімейді, кептіру кезінде мыжылмайды, ыстық суға айтарлықтай берік болып келеді., ал хромды былғары тіпті қайнаған суға да төзімді. Бірақ иленген былғары кептіргеннен кейін қажетті сыртқы түрін бере қоймайды (түсін, жылтырлығын) және сәйкес физико- механикалық қасиеттерін (жұмсақтығы, иілгіштігі, тұрақтылығы және басқалары) бермейді.
Иленген былғарыға қажетті тауарлық қасиетті беру үшін келесі өңдеу – әрлеуге жібереді.
Былғары тауарларының негізгі түрлерін әрлеу кестесін жүргіземіз.
Аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғарыны әрлеу:
1. майлаудан кейін жатқызу
2. бірінші керу
3. ылғалсыздандыру немесе жатқызу
4. екінші керу
5. бетіне май жағу
6. кептіру
7. ылғалдандыру
8. жатқызу
9. тығыздау
10. кептіру
11. сұрыптау таңбалау, өлшеу, қоймаға тапсыру.
Аяқ киім юфтін әрлеу:
1. майлаудан кейін жатқызу
2. ылғалсыздандыру
3. керу
4. ылғалсыздандыру
5. кептіру
6. жатқызу
7. ылғалдандыру
8. жатқызу
9. бірінші созу
10. щеткамен бояу (барабанда боялмаған былғарылар үшін)
11. беткі ақауларын тазалау мен әрлеу және шеттерін кесу
12. жатқызу
13. кептіру
14. келесі кептіріп, жатқызудан кейінгі екінші бояу
15. екінші созу
16. түту
17. үшінші созу
18. жылтырлату
19. кептіру
20 жүні сыпырылған жерлерін (мерея) кесу
21. жылтырлату
22. ауданын өлшеу, сұрыптау, таңбалау, қоймаға тапсыру.
Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған қара хромды былғарыны әрлеу:
1. кептіруден кейінгі жатқызу
2. ылғалдандыру
3. бірінші керу
4. жатқызу
5. екінші керу
6. кептіру
7. шеттерін тегістеу
8. бетін шаю
9. кептіру
10. бірінші аппретура (былғарыны бояуға арналған лак)
11. кептіру
12. екінші аппретура
13. кептіру
14. бірінші жылтырату
15. үшінші керу
16. үшінші аппретура
17. кептіру
18. екінші жылтырату
19. түссіз аппретурамен жабу
20. кептіру
21. үтіктеу немесе жүні сыпырылған жерлерін кесу
22. ауданын өлшеу, сұрыптау, таңбалау, қоймаға тапсыру.
1. Ажырату
Ажырату операциясы былғарының бетін тегістеп және біртектілеу үшін, созылмалығын қысқартып және былғарының пайдалы ауданын көбейтіп, сонымен қатар оның құрамындағы ылғалды шығару үшін қыртыстарын тегістеуден тұрады.
Былғары ажыратуға әдетте майлаудан кейін түседі. Ажырату талап еткен қортындыны алу үшін былғарыны бұл операцияға анықталған ылғалдылықпен береді. Жақсы ылғалды былғары ажыратуға жақсы түседі және олардың ауданы ұлғаяды. Бірақ келесі кептіруде алғашқы қалпына қысқарады, былғары ажыратуда алған беткі тегістігін жоғалтады. Дұрыс ажырату алу үшін былғарының ылғалдылығы шамамен 40÷50% болуы керек. Сондықтан былғарыны ажыратудың алдында жатқызу немесе ылғалсыздандыру керек.
Қатты былғарыны алдын ала 12÷24 сағ. штабельде жатқызғаннан кейін ажыратады, одан кейін 12÷18 сағ. бөлме температурасында ылғалсыздандырады және екінші рет ажыратады. Юфтті алдын ала 24 сағ. штабелде жатқызғаннан кейін, екі жағынан беткі және бахтарма жағы бойынша ажыратады. Хромды былғарыны бояп, майлағаннан кейін және шайындысын сығып, одан кейін бұл шетінен ол шетіне дейін ажыратады.
Ажырату өңделген былғарының түріне байланысты арнайы ажыратқыш машиналарда жүргізіледі. Хромды былғарыны білікті машиналарда ажыратады, ал егер ондай болмаса горизонталді және ажыратқыш бесжүздікті ажыратқыш машинасында жүргізеді. Юфті былғары горизонталді төртжүздік машинада жүргізеді немесе барабанды ажыратқыш машиналарда жүргізеді.
Дұрыс ажыратуды жүргізгеннен кейін былғары, өте тегіс, қыртыссыз, бетіндегі сызықтар тегіс, және тегіс конфигурация болу керек.
Ажырату кезінде алынған былғары ақаулары. Машинаның пышақты білігін немесециклін қатты басқаннан былғары қыртыстанып қалады.
2. Кептіру
Ажыратудан немесе пресспен сығудан кейін былғарыда 40÷50% ылғал болады. Әрлеу операциясын әрі қарай жүргізу үшін былғары ылғалдылығын 12÷ 16% дейін төмендету қажет; артық ылғалды дайын былғары сақтау кезінде көгеріп кетеді.
Былғарыдан ылғалды алу үшін қыздырылған ауамен арнайы кептіргіштерде кептіреді. Кептіру кезінде ылғалды алу былғары өзеңінің құрылу процессімен аяқталады.
Былғарының жоғарғы жағынан шығатын ылғалдың булануы кептіру жүретін температураға байланысты және су буының қоршаған ауаға байланысты. Температура жоғары болған сайын булану тез жүреді. Ылғалды былғарының температурасын көтере отырып, кептіруді тездетуге болады.
Будың ауаға сіңуі температураға байланысты, қандайда бір шамаға дейін мүмкін. Бұл шамағ жеткеннен кейін будың суға айналуы мүмкін (конденсация) – сулы бу ауаға қанығады. Егер су буының өзгермеген мөлшерінде ауа температурасы төмендесе, ауа қанығу шамасына жақындайды, әрі қарай температураның төмендеуі тұман түрінде будың бөлінуіне әкеледі. Ауада бу болған кездегі температура тұман түрінде өтеді, яғни ауа қанығады ол шық нүктесі деп аталады.
Ауның салыстырмалы ылғалы деп сол температурасы кезіндегі оның ылғал сіңіргіштігіне ауаның абсалютті ылғалдылығының қатынсын айтады. Ауаның салыстырмалы ылғалы су буымен ауның қанығу дәрежесін көрсетеді және сонымен қатар толықтай қанығу үшін ауа әліде қанша мөлшерде бу жұтатынын құру мүмкіндігін береді.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын пайызбен көрсетеді. Оны былай санайды: негізгі прибормен құрылған ауаның абсалютті ылғалдың белгісін, сол температура кезіндегі оның ылғал сіңіргішінің көрсеткішіне бөледі және алынған санды 100-ге көбейтеді.
Кептіру процессі тоқтаусыз жүру үшін қаныққан булы су қажет және кептіруге қажетсіз ауаны будың бірнеше мөлшері суды жұтатындай таза ауға ауыстырып отыру керек. Ауада ылғал көп болса, соғұрлым оның көп мөлшерін былғарыдан бөлініп шыққан ылғалды сіңіру үшін қажет етеді. Жоғарыда айтылған ауа қасиеттері былғары кептіруде негізгі процесстер болып саналады, және бұл процессті түсіну үшін дұрыс түсіну қажет.
Сонымен, былғарыны кептіру процессінің ұзақтығы осы негізгі үш көрсеткіштермен анықталады: температурамен (Т), салыстырмалы ылғалдылықпен (φ), және ауа қозғалысының жылдамдығымен (υ).
Кептірудің түрлері. Былғары өндірісінде келесі кептірудің үш түрі қолданылады: ылғалсыздандыру, негізгі кептіру, кептіру.
Ылғалсыздандыру – ылғал былғарыдан суды жартылай кетіруден тұратын кептіру процессі.
Негізгі кептіру былғары фабрикатында кептіру түрімен анықталған былғарыдан төменгі шамаға дейін суды алу мақсатын айтады. Негізгі кептіру процессінде былғарының қалыптасуы жүреді.
Кептіруге түскен былғарыда илегіш ертінділердің қалдықтары болады, су буланған кезде илегіштер былғарының қылшығында құрғақ қалдық ретінде қалады. Кептіру кезінде қосымша былғары талшықтарымен қосымша илегіштердің байланысы жүреді.
Кептіру процессі кепкен кезде талшықтардың қысқару әсерінен былғары ауданы қысқарады. Қысқару дәрежесі былғарының алғашқы ылғалдылығына, кептіру әдісіне, температурасына, былғары түріне және басқаларына байланысты. Егер былғары бос күйде кептірілсе, онда оның ауданы қысқарады. Кептіру кезінде жартылай фабрикаттың қысқаруына байланысты былғарының өзеңі қалыңдайды.
Кептіру былғарыдан әрлеудің анықталған операцияларын (созу), (аппретирлеу) жүргізу үшін ылғалдатылған артық суды алу үшін қолданылады. Сорғытудың температурасы кептіру температурасынан төмен болады, ал ұзақтығы былғары ылғалдылығына тәуелді болады.
Кептірудегі былғарыны ілу әдістері. Былғарының түріне және сипаттамасына, технологиялық талаптарына, сонымен қатар кептіру конструкциясына байланысты былғарыны кептіру кезінде келесі орналастыру әдістері қолданылады.
1. Былғарыны сырыққа майыыстырып ілу. Өсімдік илегіш қолданып иленген былғарыны, әдетте жота жағынан бүктеп, бахтарма жағын жоғары қаратып іледі. Картақылып әдетте үшбұрыш пішіндегі жон арқаны іледі.
2. Керілген немесе жазылған күйде ілу. Керіп немесе жазылған түрде кептірілген былғары кептіру процессі кезінде былғарының мыжылуын азайтып, тегіс және біріңғай қыртыссыз және әжімсіз былғары алады, және былғарының қолданылатын ауданы көбейеді.
Былғарыны ағаш жақтауда кептіру. Бір былғарыдан (егер кіші болса, онда екеуден) тартып, жақтаудың әр жағына қыстыратын шегелермен бекітеді. Былғарыны жақсы керу үшін жұмысшылардың белдерінде қыстырылып жүретін қыстырғыштарды қолданады. Былғарыны рамаға кептіріп бекітудің бірнеше кемшіліктеріне (жапсыру операциясының қиындығы, жақтауларды тасу, жақтаулардың тез істен шығуы, шегелерге көп шығын) байланысты кәзіргі кезде ескірген әдіс болып саналады және оны кәзіргі заманауи кептіру әдісі металлдан жасалған тор жақтауларда немесе пластинаға жапсыру әдістері қолданылады.
Былғарыны арнайы металл қыстырғыштармен бекітіп металл жақтауда кептіру. Былғарыны бұл жақтауға бекіту келесі түрде жүреді. Кептіру камерасынан жақтауды шығарып, оның ішкі сетка жағын қаратып, горизантальді түрде қояды. Одан кейін жақтаудың сеткасына былғарыны бетімен жоғары қойып қыстырғыштармен металл сеткаға бекітеді. Қыстырғышты төменгі ілгішімен сетканың саңылауларына кіргізіп бір біріне жақын етіп, былғарыны тартып тұрып бекітеді. Жақтаудың бір жағына былғарыны бекітіп болған соң, оны айналдырып екінші жағына басқа былғарыны бекітеді. Былғары бекітілген жақтауды қайтадан кептіру камерасына апарады. Металлдан жасалған жақтауға былғарынын бекіту, ағаш жақтауға бекіткенмен бірдей.
Былғарыны керу кезінде ағаш жақтауда қолданылатын керу тәртібін сақтаған жөн, яғни алдымен былғарыны ені бойынша кереді, содан кейін аяқтарын, соңында ұзындығы бойынша кереді.
Қыстырғыштарды былғарыға көптеу қойған жөн: шап терісінде бір бірінен 12-13см қашықтықта, жотасынан жағасына қарай 8-9 см, ал аяқ қолдарында 6-7 см қашықтықта.
Пластиналарға жапсырып кептіру. Пластинаға былғарыны бір бірден бахтарма жағын немесе бетімен пластинаға қаратып, немесе платинаның әр жағына екі былғарының бетін бетіне қаратып жапсырады. (9 сур.). Ірі терілер, бұзаудың терісі, тана терісін жон арқасынан бүктеліп жапсырылады. (10 сур.).
Кептіру үшін пластиналарға былғарыны жапсыру техникасы. Пластинаға жапсыру келесі үлгіде өтеді. Ажыратылған былғарыны, теріні пластинаға жапсыруға қажет льнян тұқымының қайнатпасына салады. Одан кейін былғарыны қолмен кішкене сығады, пластинаға қойып беткі циклімен тартады, осының арқасында тері пластинаға жабысады. Былғарыны көбінесе бахтарма жағымен жапсырады, өйткені тегіс бетті қылып алу мүмкін емес. Жапсыру кезінде терінің қатты тартылмауын қадағалау керек. Тері пластинаға жақсы жабысуы үшін, терінің салмағына сәйкес желімнің аса жабысқақтығын таңдау керек, мысалы сүт еметін бұзау терісіне қарағанда тана терісіне жабысқақтығы жоғары желімді таңдау керек.
Пластинаға теріні жапсыруға арналған льнян тұқымының қайнатпасын келесі жлмен дайындайды. 12 л суға 1 кг льнян тұқымын салып, ақырын отта қайнағанға дейін бумен қыздырады, күйіп кетпеуі керек. Жақсы жабысқақ зат алу үшін 100г нашатыр спиртін қосып, тағы 15-20 минутқа қайнатады.
Алынған льнян тұқымының қайнатпасын бірнеше қабат марлімен фильтірлейді. Қалған қайнаған тұқымға 10л су құйып тағы 15-20 минутқа қайнатады. Екінші қайнатпаны да марлі арқылы фильтрлеп, біріншімен араластырады. Льнян тұқымының қайнатпасының әр литріне желімді жұмсарту үшін 10г ализарин майын қосады да, қоспаны суытады.
Пластинаны тері жапсыруға дайындау. Пластинаның беті тегіс болуы керек, плстина бетіндегі бұдырлар теріде ізін қалдыруы мүмкін. Плстина дайындауға көбінесе фанер қолданылады. Фанер 6-8мм қалыңдықта рамаға шуруппен немесе шегелермен бекітіледі. Одан кейін фанерді екі жағынан тегіс және түзу болғанға дейін тегістейді, одан кейін жақсылап щеткамен немесе шүберекпен шаңын сүртеді.тегістелген фанердің бетін паста тәрізді қоспамен сырлайды: 10кг ұсақталған борға 2 кг шамасында араластыра отырып олиф және 5 кг 25% казеин ертіндісін қосады. Қоспаны жақсылап араластырады.
Былғарыны кептіру режимдері. Кептірудің дұрыс режимі терінің сапасын, ауданы көп мөлшерде шығуын және кептіру процессінің экономдылығы (энергия мен уақыт шығынын). Теріні кептіру режимі кептіру жүйесіне байланысты.
Хромды былғарыны кептіру режимі. Хромды былғарының негізгі кептіруі 40-50о температурада жүргізіледі, кептіру ұзақтығы 8-24 сағ. 3-6 сағаттан кейін 40-45о температурадаылғалсыздануы байқалады. Аппературадан кейін кептіру 28-32о температурада 25-30 минут ішінде болады. Ылғалсыздандырудан кейін хромды былғарының ылғалы 40-45%, ал негізгі кептіруден кейін 10-14% болады.
Юфті кептіру режимі. Юфті ылғалсыздандыру пластинада немесе рамада 28-32о температурада 6-12 сағат уақыт ішінде 40-45% ылғалдылыққа дейін жүргізіледі. Пластинадан немесе рамадан алынған юфті 32-36о температурда 20-24 сағ. 14-16% ылғалдылыққа дейін қайта кептіреді. Кейде юфті ылғалсыздандырғаннан кейін пластинадан шешпей – ақ кептіреді.
Қатты былғарыны кептіру режимі. Ұлтараққа арналған терілерді кептіру негіздері шестте басында 25-30о температурада, аяғында 24-28 сағ. ұзақтықта 40-42о температурада жүргізіледі.
Ер-тұрмандық былғарылар 35о жоғары емес температурада жүргізеді; шестада кептіру ұзақтығы 72 сағ. қа дейін, пластинада 16 сағаттан кем емес.
3. Былғарының шеттерін кесу
Былғарыларды рамада кептіргеннен кейін әдемілік бермейтін түр пайда болады олар, шеттері кебуі және бахромасының тілінуі, олар былғарыны жылтыратқыш машиналарында өңдеуде кедергі келтіреді.
Сондықтан шешіп алғаннанкейін былғарыны барлық контуры бойынша тегістеп шығады. Бұрын кесуді пышақпен немесе қайшымен жүргізетін. Кәзіргі кезде кесу арнайы машиналарда жүргізіледі (22 сурет). Машинаның негізгі жұмысшы бөлігі ол жоғары жылдамдықпен айналып тұратын, горизанталді білікке орнатылған дискілі пышақ.
Былғарыны машина столын қойып, оны айналдырып отырып былғарының жуан шеттерін кесіп шығады. Кесу кезінде былғарының пайдалы бөлігіемес тек жуан шетімен, бахромасын кесуді қатаң қадағалау қажет.
4. Былғарыны ылғалдандыру
Былғарыны ылғалдау кейбір әрлеу операциясының дұрыс жүргізу үшін қажет. Хромды және юфть былғарыларын созу алдында ылғалдандырылады, ал қатты былғарыны тығыздаудан кейін. Кептіруден кейін ылғал былғарыда ауданы және қалыңдығы бойынша бірдей емес, жұмсақ жерлері қалың жерлеріне қарағанда тез кебеді, және кептіру процессі кезінде ылғал бірінші былғарының ішкі жағынан кебеді.
Ылғалдың бұлай тегіс болмауы келесі әрлеу операцияларында былғарыны әр түрлі ақауларға әкеп соғады. Егер былғарыны кептіруден кейін машинада созатын болса, оның жыртылып кетуі әбден мүмкін, ал юфть қатты болып және тор болып қалады.
Мұндай ақауларды болдырмау үшін хромды былғарыны және юфті кептіруден кейін жатқызуға, одан кейін ылғалдандыруға жібереді. Былғарыны жатқызу үшін штабелге бір біріне бетін қаратып 12-24 сағатқа қояды. Хромды былғарыны ылғалдау үшін жаңа елеуден өткізілген ағаш үгінділері қолданылады. Жөке ағаш үгінділері жақсы деп саналады. Хвойн ағашының үгінділерін қолданып керегі жоқ.
Ағаш үгінділерін сумен ылғалдап, ағаш күрекпен араластырып және ылғал тегіс сіңуі үшін 2-3 сағатқа қалдырады. Ылғалданған былғары түріне байланысты ағаш үгіндісінің ылғалы 40-45% құруы керек. Ағаш үгінділері ұстаған кезде су емес ылғалды болуы керек; ағаш үгінділері қолыңа алып қысқан кезде саусақтарыңның арасынан су тамшылары ақпауы керек. Былғарыны ағаш үгінділерімен көму, түбіне 5-10см қалыңдықта тегістеп себілген ағаш үгінділері бар, биік емес ағаш жәшікте өтеді. Былғарыны үйіндіге екеулеп тастайды, былғарылардың бетін жұқалап ағаш үгіндісімен жапқан кезде, әсіресе олардың шеттеріне жақсылап себу керек. Былғарының жоғарғы үйіндісін жапқан кезде қалыңдығын 3-5 см қалыңдықта жауып, брезентпен жабады. Осындай күйде былғары 12-24 сағат ішінде ылғалдандырылады. Ешкі терісін ылғалдандыру уақыты – 72 сағатқа дейін. Ылғалдандырылғаннан кейін былғарыдағы ылғал мөлшері 28-32% құруы керек. Мұндай былғары ұстаған кезде ылғалды болады, бірақ су емес. Ылғалдандырылған былғарының шеттері ұстаған кезде жұмсақ және оны тартқан кезде жеңіл созылады.
Юфтті жатқызудан кейін 25-30о температурадағы сумен пульверизатордан былғарыға бүрку арқылыылғалдайды. Одан кейін былғарыны жатқызу үшін бір қабатты жабық штабельге 24-36 сағатқа қояды.
Қатты былғарыны чанға 20-30 секунтқа батырып алып немесе бүрку арқылы 50-55о темпреатурадағы сумен ылғалдайды. Одан кейін былғары 1,5 м дейінгі жабық биік штабельде36-48 сағатқа жатады. 24 сағаттан кейін былғарыны алып құрғақ жерлерін сулайды. Тегіс ығалданбаған былғарыны қосымша ылғалдауға жібереді.
5. Былғарыны созу және тығыздау
Созуға хромды былғары мен юфть жатады. Созудан кейін былғарының ауданы бірнешеге ұлғаяды. Хромды былғарыны созу үшін ТМТ созғыш машинасын қолданады, ал юфтті созу үшін ТМ-2 машинасы қолданылады.
Созуды әдетте бірнеше рет қайталайды. Шеста да немесе пластинада кептірілген хромды былғарыны екі рет созады, ал пластинада кептірілген былғарыны төрт рет созады. Юфть кептіріп, жатқызып және ылғалдандырғаннан кейін бір рет созады, одан кейінгі әрлеу операцияларында екі рет созады.
Тығыздауға аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғарыны тығыздау мен былғарыға қаттылық беру үшін, жыртылуға қарсылығын арттыру үшін жатқызады. Былғарыны тығыздауға жатқызудан кейін ылғалдап дайындайды. Тығыздауға түсетін былғары 18-22% да болуы керек.
6. Тегістеу және булау
Тегістеу операциясы – ол былғарының бетін түкті теріден тегіс бархат бетті бахтарма немесе бет алу. Тегістеу былғарының қалыңдығы бойынша кішкене тегіс емес жерін алады және оған жұмсақтық береді.
Тегістеу бөлінеді:
1) әдетте бахтарма жағымен жүргізілетін, былғарының әрленбеген жағын тегістеу (беттік хромды былғары және юфть үшін);
2) түкпен өңделген, былғарының әрленген жағын тегістеу; бұл жағдайда тегістеу сыртқы түрі мен былғары қасиетін анықтайтын негізгі әрлеу операциясы ьолып табылады;
3) бахтарма және беткі жағынан қатты ақауы жоқ жасанды бет қойылатын былғарының әрленген жағын тегістеу. Тегістеуде былғарының жұқа беттік қабатымен бірге, жасанды бет жапсыру үшін біртекті беттік қабатын дайындау үшін беткі ақаулары алынып тасталады. Бұл жағдайда қылшығы айтарлықтай қысқа болуы керек.
Әдетте хромды былғарыны рамада кептіргеннен кейін тегістейді, беттік былғарыны – кейде апператураны жаққаннан кейін тегістейді. Тегістеу үшін әртүрлі түйінді тегістелген түкті терілер қолданылады. (түйінді - бұл түкті материалдардың түйін көлемінің көрсеткіші, тері нөмірі көп болған сайын, сондық түйін көлемі ірі болады).
Былғарыны тегістеу тегістеу айналымында немесе тегістеу машинасында жүргізіледі.
Бланширлеу – былғарының беттік қабатын жартылай немесе толықтай алып тастаудан тұратын операция.
Бланширлеу білікте орналасқан пышағында айырмашылығы бар сүргілегіш машина түріндегі бланширлеу машинасында жүргізіледі.
Шаңнан тазалау. Тегістегеннен кейін былғары міндетті түрде шаңнан тазалануы керек. Бұл үшін қалың щетка немесе щеткалы машина қолданылады.
7. Үлбір терілерін әрлеудегі механикалық операциялар
Үлбір терілерін әрлеудегі механиқалық операциялардың ішіндегі кейбір жүнді жабынның сапасы мен тері өзеңіне үлкен әсер етеді. Бұған мысалы, жұмсартудың әртүрлі түрлерін: ағаш үгіндісімен өңдеу және үгіндісіз қағып сілкілеу сияқты операцияларды жатқызуға болады.
Ал, тері өзеңінің қасиетіне әсер ететін механикалық операцияларға тегістеу, қыртысын жазу, созу, түрпілеу жатады.
Түкті жабынның сыртқы түрін өзгертіп, сапасын арттыратын механиқалық операцияларға - тарау, қырқу, сабау, қылшық жүнін қырқу (эпилиреу), үтіктеу жатады. Бұл операциялардың дұрыс орындалмауы үлбірдің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
8. Үлбірді механикалық жолмен жұмсарту (откатка)
Бұл - үлбірді әрлеудің маңызды операцияларынын бірі, тері өзеңі мен түкті жабынның сапасын арттыруға көп әсері бар. Бұл операция айналмалы барабандарда үлбірлік жартылай фабрикатты ағаш үгіндісімен жақсылап араластыру арқылы атқарылады, ол екі рет қайталанады. Жұмсартудың мақсаты - кептіруден сон, үлбір жартылай фабрикатының тері өзеңін ылғалдандырып, оны жұмсарту (1-ші операция) және түкті жабын мен тері өзеңінен байланыспаған майлы заттар мен бояғыштарды аластау (2-ші операция). Жұмсарту кезінде интенсивті механиқалық әсерден мехтық жартылай фабрикат терісінің жұмсақтығы жоғарылап, ал түкті жабын ағаш үгіндісімен жанасудан судырап, тап-таза жалтыраған күйге енеді. Операцияның бірінші сатысында ағаш үгіндісінің ылғалдылығы 25-30°С, массасы үлбір терілерінің массасына тең немесе одан азырақ болады, ал жұмсартудың екінші сатысында үгіндінің ылғалдылығы 10-12% болып, оған скипидар немесе таза майда құм қосады. Операцияның дұрыс жүруіне ағаш үгіндісінің түрі, пішіні және өлшемі әсер етеді.
Үгінді үйкеліске тұрақты және құрамында илегіш заттар мен шайыры жоқ болуы керек. Жұмсартуға қатты жапырақты ағаштардың ең сапалысы - бук (шамшат) және қайың ағаштарының үгінділері пайдаланылады. Өңдеуге ағашты көлденең қиғаннан шыққан және қимасы шаршылау болып келген, қабырғаларының өлшемі 3 мм-ге жуық үгінді жанқаны қолдану тиімді. Егер үгінді одан майда және пішіні сүйір болып келсе, ол жүнді ластап, ұйыстыруы мүмкін. Осы операциядан соң, үлбір жартылай фабрикаты тазалап қағатын (протрясной) барабанда үгіндіден, шаңнан арылады. Үлбір жартылай фабрикатын тарау кезінде жүнді жабынның ұзыңдығына мән беру керек. Тарау машинасының негізгі бөлшегі - білікке тартылған қардолента. Ол тасымалдаушы қондырғы мен жұмысшы білігінің арасында реттеледі. Жұмысшы білігінің үнемі тазартылып отыруы, өнімнің жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тарау дұрыс жүрмеген кезде тері жыртылып кетуі немесе жүннің ұшы деформацияға ұшырауы мүмкін.
9. Үлбірдің түкті жабынын тазарту және сабау
Бұл операция - түкті жабыннан шаң, ағаш үгінділері мен жұлынған жүннен және басқа лас қоқысты заттардан тазартып, оның сыртқы көрінісін жақсартады. Түктердің табиғи үлпілдек қалпына түсуіне жағдай жасайды. Өңделетін үлбірлік терінің ауданы мен түкті жабынының түріне қарай, оларға әртүрлі әсер етіліп, соған байланысты машиналар қолданылады.
Бұл операция айналу білігіне бекітілген белдіктермен сабау арқылы немесе қатты ауа ағынында жүргізіледі. Үлбірлік қоян терісін белдіктермен сабау, арнайы білікті КМ2-500 марқалы сабайтын машинада атқарылады: қой терілер үшін КМП-1200 машинасы қолданылады. Жалғыз білікті сабау машинасының жалпы көрінісі көрсетілген.
10. Түкті жабында қырқу
Қырқу түкті жабынның ұзындығын теңестіріп, үлбірді езгерту үшін қолданылады. Майда терілердің жүнін қырқу үшін КСМЗ-70, ал қой терісін қырқу үшін КСМЗ-120 марқалы қырқатын машиналар қолданылады.
Бұл машиналар бір-бірінен терінің ені мен теріні ұстап тұратын тетігімен ерекшеленеді. Машина айналмалы ирек пышақты біліктен, жылжымайтын пышақтан және тиейтін конвейерден тұрады. Түк пышақты білікпен жыл-жымайтын конвейердің бірігіп жанасуының нәтижесінде қырқылады.
Қырқылған түк арнаулы желдеткіш арқылы жиналады. Ол аса бағалы қалдық ретінде, ұзындығы мен сапасына қарай бөлінеді. Үлбір терілерін қырқу бірнеше рет жүргізіледі, алдын ала қырқу (рубка) және соңында қырқу болып белінеді. Қырқудың сапасы жоғары болу үшін, теріні бұл операцияға жақсылап дайындау керек, тері жиегінің артық мөлшерін қысқартып жөнге келтіреді, майысып қалған түктер т.б. ақаулар болмауы керек. Тері өзеңі жұмсақ болғаны дұрыс.
11. Қылшық жүнді қырқу
Кей жағдайда үлбір терілерін имитациялау кезінде қылшық жүн қырқылып тасталады. Қылшық жүн қырқылғаннан кейін теріде біртегіс, біркелкі жібектей мамық жүнді жабын қалады. Бұл операцияға тек қана бірінші сортты, түкті жабыны қалың терілер жарамды. Осылай етіп, ондатра, саз құндызының және мысық терілері өңделеді.
Қазіргі уақытта қылшық жүн белгілі бір биіктікте кесу арқылы, арнайы эпилирлейтін ЭМ2550 маркалы машинасында жүргізіледі. Бұл машинаның негізгі бөлшегі кесуші түйін, ол айналмалы пышақты біліктен, жылжымайтын пышақтан және тиейтін конвейерден тұрады. Конвейермен қозғалған терінің жүні алдын-ала щеткамен түзуленген жүн кесетін жүйеге түседі.
Қылшық жүн мамық түктерге қарағанда берік болғандықтан, тез түзеледі де, кесуші түйінге тез ілінеді. Бір қалыпты терінің орнын ауыстыру арқылы барлық ауданының қылшық жүні кесіледі. Қырқылған түк ауамен сорылып алынады.
Егер жұмыс істеу тәртібі бұзылса, қылшық жүн бірқалыпты қырқылмай немесе мамық түктер де қырқылып кетуі мүмкін.
12. Үтіктеу
Түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханиқалық әсер ету үтіктеу операциясы арқылы жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде түкті жабын түзуленіп, жалтыраған күйге еніп, пішінін ұзақ сақтайды. Үтіктеуді ГМА2-30 және ГМАІ-120 маркалы өтпелі үтіктегіш машинада жүргізеді. Бұл машиналардың негізгі жұмысшы бөлшегі - айналмалы үтіктеуші білік. Ол біліктер түтікше түріндегі электер қыздырғыштарымен қызады. Қыздыру дәрежесі автоматты түрде реттеледі. Біліктегі үтіктеу температурасы 160-220°С болады. Тері үтіктеу білігіне 1 кН күшпен қысылады. Механикалық әсер білікке орнатылған кертігі бар болат пластинаның көмегімен атқарылады. Жұмыс орнының арнаулы қорғаны болады, ал иісі бар, ұшатын заттардың буы, түк және шаң аспирациялық түтік арқылы тысқа шығарылады.
13. Ауданын өлшеу
Үлбірлік терінің ауданын өлшеу үшін электронды "Метроник" машинасын қолдануға болады. Тері жарық беретін қондырғыдан өткен кезде, ондағы инфрақызыл шамдардың әсерінен, фоторезисторда импульстер пайда болады да ол электрондық санақ арқылы электронды таблоға бейнеленіп қағаз лентаға жазылады. Лентаның ұзындығы 35-36 мм, ені 16-17 мм жұмысшы оны жыртып алып, тері өзеңіне жапсырады, үлбір терілерінің ауданық өлшегенде, таңбалайтын қондырғыны уақытша сөндіріп қояды.
ХІІІ-ТАРАУ
БЫЛҒАРЫ МЕН ҮЛБІРДІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ
Былғары мен үлбірдің сапасын анықтайтын қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1. Өнімді дайындаған кезде қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп салалары: тігін, аяқ киім, былғары, былғары галантерея өнімдеріне беріктік термошыдамдылық, белгілі қалыңдық және тығыздық беру керек.
2. Былғары мен үлбір өндірісінде технологиялық жағынан материал және еңбек, энергия шығындары аз жұмсалуы керек. Тұтынымдық сапасының қасиеттері өнімнің комфорттылығын, эстетиқалық әдемілігін сақтауға және беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.
Сапа және сорт. Өнімнің сапасын бағалау кезінде оның сорттылығы ескеріледі. Былғары, үлбір және тондық қой терілерін сорттау, олардың физиқа-механиқалық көрсеткіштерін анықтап, химиялық талдау жасалынғаннан кейін атқарылады.
Сапалық көрсөткіштері болмаған кезде сорттау жүргізілмейді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің былғарысының сортын анықтау ауданда және ақау кемістігіне байланысты жүргізіледі. Былғары зауыттары жоғары сортты өнімді көп шығарса, өнімнің сорттылық коэффициенті де жоғары болады.
Үлбірдің сорты оның түкті жабынының жағдайына байланысты болады. Үлбірдің сапасын анықтау кезінде сорттан басқа кемістіктері ескеріледі және жеке-жеке есепке алынады. Өнімнің сорттылығын көтеру үлкен маңызды мәселе.
Сапаны бағалау сынақ құралдарына байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Атап айтсақ инструменталды әдіс техникалық құралдардың көмегімен іске асырылса, органолептикалық әдіс керу, ұстап көру арқылы анықталады. Экспертті әдіс мамандардың көзқарасына негізделген де, социологиялық әдіс тұтынушылардың талап тілегін қолдауға негізделген. Есептеу әдісі басқа әдістерді колдану арқылы алынған тұжырымдарды есептейді.
Былғары мен үлбірді, тондық қой терісінің сапасын инструменталды әдіспен бағалаған кезде химиялық талдау жасалынады, микроскопиялық және физиқалық-химиялық сынақ жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдістердің негізінде терінің химиялық құрамы анықталып, микроқұрылымына сипаттама беріледі жәие физиқалық-химиялық қасиеттері аныкталады. Сапаны тәжірибелік әдіспен бағалау (киіп жүру) өте сирек колданылады, себебі бұл әдісті қолдану уақытты көп алады және материал шығынын қажет етеді. Қазіргі кезде былғары мен үлбірдің сапасын анықтау динамикалық жағдайда сынақтан өткізетін неше түрлі құралдардың көмегімен атқарылады. Бұл құралдар өнімді пайдалану кезіндегі оған әсер ететін күштерді модельдеу арқылы қысқа уақыт ішінде өнімнің сапасын анықтап береді. Оларға былғары мен үлбірдің беріктігін, созылмалығын, иілгіштігін үйкеліске төзімділігін, су өткізгіштігін және басқа қасиеттерін анықтайтын құралдар жатады.
Лабораториялық жағдайда өнімнің сапасын талдауда, әр өнімнің сапасын жеке-жеке анықтау мүмкін болмағандықтан, математиқалық статистика әдісі қолданылады. Сондықтан лабораториялық талдауда орташа сынақ алу үлкен манызға ие. Химиялық талдау жасаған кезде былғары мен үлбірдің және тоңдық қой терісінің ылғалдылығы, минералды және май тектес заттардың мөлшері, көн заты, илегіш заттар, толықтырғыштар, қышқылдылық, талшықтағы негізділік, кей жағдайда ондағы ас тұзы мен ауыр металдар мөлшері анықталады.
Химиялық талдау нәтижесі технологиялық процестердің жүру барысы туралы мәлімет береді. Өнімнің химиялық құрамы анықталып болған соң, физикалық-механикалық сыннақ жүргізіледі де сортталады, одан кейін сапасы бойынша қатегорияларға бөлінеді. Физикалық-механикалық сынақтар, лабораториялық талдаулардың көрсеткіштері өнімнің сапалық негізгі қасиеттерін анықтайды. Мысалы: былғары мен мехтың және қой терісінің киюге төзімділігі, беріктігі, термошыдамдылығы, гигиеналық қасиеттері және басқалары анықталады.
Микроскопиялық талдау микроқұрылымдық элементтерде болып жатқан өзгерістерді, терідегі, жүндегі және өндіріс барысындағы, сонымен бірге жартылай фабрикатпен байланысқан заттардың орналасуын көрсетеді. Көбірек қолданылатын әдіс электровды микроскоппен зерттеу әдісі.
Былғары мен үлбірдің микроқұрылымының сипаттамасы. Өзеңнің микроқұрылымын сипаттайтын элементтеріне құрылымдық элементтердің реттілігі (регулярность) мен жинақылығы (компақтность), өрілу бұрышы (угол переплетения) талшықтардың түзулігі (извитость) және талшықтар тобының жіктелу дәрежесі жатады. Былғары мен үлбір және тоңдық қой терісі әртүрлі қалыңдықтағы талшық топтарынан тұрады, олар күрделі шиеленіскен тұйық ілмектер құрайды.
Өрілу бұрышы - талшықтар тобының көлденең қимаға көлбеу бұрышын сипаттайды. Бұрыштың көлбеулігін анықтағанда, талшықтар тобының бағытын ескереді. Талшықтар тобының үш түрлі өрілуі бар: тік (вертикальды)- ең үлкен бұрышпен; көлденең (горизонтальды) - ең кіші және аралық бұрышпен.
Өрілу бұрышы шикізат және оның топографиясына байланысты болады. Мысалы, жонарқа терісі тығыз және үлкен бұрышпен өрілген талшықтармен сипатталады, ал қол терілері ең кіші бұрышпен өрілген талшықтардан тұрады. Бұл реттілік өндеу барысында өзгеріске ұшырайды. Оны микрокимада микроскоп арқылы өлшеуге болады. Егер өрілу бұрышы 10-20°С төмен болса, теріде технологиялық және эксплуатациялық ақау бар деп есептелінеді.
Өрілудің жинақылығы өзең қабатындағы талшықтар тобының жақындасу дәрежесін сипаттайды. Ол көрсеткіш шикізат түріне, топографиясына, өндірістік үрдістің режиміне байланысты болады. Мысалы, жібіту толық жүрмеген кезде талшықтар тобының өте жақын орналасуы теріс фактор деп есептеледі. Бұл көрсеткішке механикалық әсердің ықпалы бар. Мысалы, былғарыны майыстырып созғанда талшықтар жіктеліп, былғары жұмсақ болады. Ал, престеу, нығыздау жүргізгенде керісінше, талшықтар құрылымы тығыздалады, былғары да сондай қасиетке ие болады.
Талшықтар тобының түзулігі, негізінеи теріні қышқылдармен және сілтілермен өндеу сипатына байланысты. "Жас" теріде, оның бүктеліп бос жатуына байланысты, талшықтар тобы тасқыңды, керілмеген, созылмаған. Ал, өңделген теріде талшықтардың табиғаты өзгеріске ұшырап, ұзындығы қысқарады.
Талшықтар тобының түзулігі былғарының серпімділік қасиеттерімен тығыз байданысты. Талшықтар тобының жіктелуіне шикізаттың түрі және оны өңдеу тәртібі әсер етеді. Егер талшықтар тобы, талшыққа одан әрі фибрилдерге және одан да әрі жіктелсе, былғары жұмсарып, беткі қабаттың тартылуы болмайды. Жүн талшығының микроқұрылымдық көрсеткіштеріне кортекс қабатының анық контуры, қабыршақ қабатта саңылаулар мен деформациялардың болу болмауы, қабаттың өсуі мен сақталуы жатады. Шаштың микроқұрылымы жүнді жабынының эксплуатациялық және эстетикалық қасиеттерінің ішіндегі төзімділігіне, шыдамдылығына, жалтырауына әсер етеді.
Былғарының, үлбірдің, және тондық қой терісінің химиялық құрамы мен қасиеттері. Былғары, үлбір және тонға арналған қой терісінің химиялық құрамын талдау кезінде оның ылғалдылығы, минералды, белокты, майлы және органиқалық заттары, қышқылдылығы, негізділігі, хлорлы натрий мен ауыр металдар тұздарының құрамы анықталады.
Былғары және үлбірді химиялық талдау нәтижесіндегі шыққан зат мөлшерін пайызбен (%) белгілейді. Есептеудің екі түрі бар:
1. Заттың мөлшерін былғарының немесе үлбірдің шартты түрде алынған салмағына шағады, 18%-ды ылғалдылығы бар.
2. Зат мөлшерін былғары немесе үлбірдің абсолютті құрғақ массасына шағады.
Ылғалдылық. Былғары мен үлбірдің ылғалдылығын 105-130°С-та кептіргіш шкафта анықтайды. Сол сияқты рентгендік әдіс арқылы, жоғары жиіліктегі электр тоғынын көмегімен де анықтауға болады. Былғары мен үлбірдің ылғалдылығына ауаның салысырмалы ылғалдылығы әсер етеді және ол былғары мен үлбірдің табиғатына байланысты болады. Былғарыдағы ылғалдылықтың мөлшеріне илеудің түрі, толықтыру әдістері, минералдық тұздар мен кышқылдар әсер етеді. Ылғалдылық, былғары мен үлбірдің физиқалық-механиқалық қасиеттеріне, атап айтқанда оның қалындығына, тығыздығына, ауданына, созған кездегі беріктігі мен созылғыштығына әсер етеді. Негізінен былғары мен үлбірдің құрамындағы ылғалдылық стандартқа сәйкес болу керек, ол 16%-дан аспауы тиіс. Бұл көрсеткіш ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80% болған кезде сақталады.
Ақуыздық заттар (көн заты). Көн заты былғары мен үлбірдің және тондық қой терісінің маңызды құрамдас бөлігі, олар шикізаттан өнімге көшкен белокты заттың мөлшерін сипаттайды. Неғұрлым көн затының мөлшері көп болса, соғұрлым өнім сапалы деп есептелінеді. Бірақ, бұл пікір тек талшықтары бұзылмаған, дұрыс сақталмаған шикізатқа ғана тән нәрсе. Көн затының мөлшері барлық өнімде бірдей болмайды. Мысалы, 18%-ды ылғалдылықта аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарыда көн заты 40-50%, аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғарыда 50-70%, қоян терісінде 61-66%, тон терісінде 62-63% аралығында болады. Көн затының мөлшерін Кьелдаль әдісі арқылы анықтайды, сондай-ақ оксипролин мөлшерімен және амин қышқылдарының жалпы санын табу арқылы да анықтайды.
Майлағыш заттар. Былғары мен үлбірдің және тондық қой терісінің құрамында шикізаттан өткен табиғи май және өңдеу барысында енгізілген майлар болады. Олардың мөлшері өңделу әдісіне және өнімнің түріне байланысты өзгеріп отырады, кебінесе ол 5-30% аралығында болады. Былғарыда майлы заттардың мөлшері көбейгенде оның бу, ауа, су өткізгіштігі азаяды да, беріктігі артып, жұмсарып, иілгіш қасиетке ие болады.
Былғарыдағы байланыспаған май мөлшерін органиқалық еріткіштермен экстракциялау арқылы анықтайды. Ал, байланысқан майлы заттар тек күшті сілтілермен гидролизденгенде ғана босайды. Майлы заттар терінің топографиялық бөлімдеріне және өзең қабаттарына біркелкі таралмайды, терінің бос, жұқа жақтарын және сыртқы қабатын көбірек, ал тығыз қалың жерлеріне аздау таралады.
Сақтау кезінде және кигенде былғарыдағы майлы заттар тотығып, ыдырап өзгеріске ұшырауы мүмкін, май дақтары түзіліп, қызуы да ықтимал, себебі майлы заттардың өзгеруі барысында жылу бөлінеді.
Минералды заттар. Былғарыда, үлбірде және тондық қой терісіндегі минералды заттардың 0,5%-ға дейіні шикізаттан өтеді, ал қалған бөлігі шикізатты консервілеуде, илеуде жартылай фабрикатты өңдегенде әртүрлі тұздар күйінде беріледі. Былғары мен үлбірдің құрамындағы минералды заттардың мөлшеріне қарап, технологиялық үрдістердің (күлден арылту, илеу, бейтарап таудан кейінгі шаю, толықтыру, ротрантау) қалай жүргендігін анықтауға болады.
Былғары мен үлбірдегі және тондық қой терілеріндегі минералды заттар тексерілетін объектінің органиқалық бөлігін жағып жібергеннен соң, күлінде қалады. Таннидпен иленген, минералды толықтырғыштар қолданылмаған, ылғалдығы 18%-к тең болатын былғарыда күл мөлшері 0,5-2%; минералды толықтырғыштар қолданылған болса - 3,5-5% хроммен иленген былғарыда 4-12% болып кіреді, оның негізгі белігін (3-7%-ін) хром оксиді құрайды.
Былғары құрамында көп мөлшерде ерігіш минералды заттар болса, былғары көп қайтара суланған кезде минералды заттар сыртқа шығып, тұз таңбаларын түзуі мүмкін, бұл былғары бетінің отыруына әкеледі.
Сумен шайылатын заттар. Былғары құрамындағы сумен шайылатын заттар, таннидпен және синтетиқалық илегіштермен илеуден кейін болады. Сумен шайылатын заттардың құрамында таннидтер, анотаннидтер, органиқалық және бейорганиқалық толықтырғыштар, азырақ белокты заттар болады.
Шайылатын заттар негізінен былғарының тығыздығын сипаттайды, олардың артық мөлшері былғарынын эксплуатациялық қасиеттеріне кері әсер етеді. Сумен шайылатын заттар кеткен сон, былғарының серпімділік деформациясы ұлғаяды. Шайылатын заттар былғарының көлеміне, қалыңдығына және ауданына әсер етеді, бірақ былғары су күйіңде өзгеріске ұшырамайды, шайылатын заттары жоқ былғарыны бос күйінде кептіргеннен кейін былғарының көлемі азайып, қалыңдығы мен ауданы кемиді. Ал, былғарыны созып кептіргенде ауданы өзгермей, қалыңдығы ғана азаяды.
Таннидпен илеген былғарының құрамында шайылатын заттардың мөлшері көп болса, жиырылу температурасы төмендейді, шайылатын заттар кеткен соң жиырылу температурасы жоғарылайды, себебі молекулааралық әсерлесу күшейеді. Стандарт бойынша шайылатын заттардың мөлшері юфть былғарысында 5-6%, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарыда 20-25% болады.
Шайылатын заттардың жалпы мөлшері майдың құрамы анықталған сынақты сумен шайғаннан соң булап, кептіруден шыққан құрғақ қалдық мөлшеріне тең болады. Олар бейорганикалық және органикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық шайылатын заттар, былғарыдағы еритін минералды заттардың мөлшеріндей болады. Олардың санын сумен шайылатын жалпы заттарды анықтау арқылы табады.
Органикалық шайылатын заттардың мөлшері шайылатындардың жалпы санынан бейорганикалық шайылатын заттарды алғандағы айырмаға тең болады. Шайылатын заттардағы таннидтер санын, органиқалық шайылатындар мен анотаннидтердің айырмасынан табады.
Илегіш заттар. Минералдармен иленген былғарыдағы және тері өзеңдегі байланысқан илегіштердің мөлшерін олардың құрамындағы хромның, алюминийдің, цирконийдің немесе басқа қосылыстардың оксидтеріне есептегендегі мөлшерімен анықтайды.
Таннидтермен және синтетиқалық заттармен иленген былғарыдағы байланысқан илегіштер мөлшерін жанама әдіспен анықтайды, ол 100%-дан майлы заттар + күл + белокты заттар + органиқалық шайылатын заттардың мөлшерін алып тастайды. Былғарыдағы байланысқан илегіштермен (Би) белокты заттар (Бз) мөлшеріне қарап илегіштік санын (Ки) анықтайды. Ол былай өрнектеледі:
Ки = 100·БиБз
Илегіштік саны былғарының эксплуатациялық қасиеттерімен тығыз байланысты, оның мөлшері 40-65% аралығында болады. Белгілі бір деңгейге дейін оның жоғарылауы, былғарынын жиырылу температурасын көтереді, беріктігін арттырады.
Минералды илегіш заттар. Илеу түріне байланысты, минералды илегіш заттардың мөлшерін олардың оксидтеріне есептейді. Былғарыдағы немесе тері өзеңіндегі хром мөлшері, хроммен илеу әдісінің интенсивтілігін сипаттайды. Хром мөлшері былғарының серпімділік, икемділік қасиеттерін оның химиялық заттар әсері мен микроорганизмдерге тұрақтылығын анықтайды. Былғары мен үлбір құрамындағы хромның мөлшері оларды пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі болады. Мысалы, минералды илегіш заттардың мөлшері үлбірдің тері өзеңінде 0,5% болса, хроммен иленген былғарыда 7%-ға дейін жетеді. Үлбір мен тон терілеріне хром тек илеуде ғана емес, сонымен бірге бояу үрдісімен бояуға дайындауда да беріледі.
Хроммен иленген былғарының қасиеті (жиырылу температурасы, қайнатудағы кішіреюі, көлемінің қалыптасуы) тек хромның мөлшеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге хром комплекстерінің сипаты мен олардың белокпен байланысу түріне де қатысты.
Минералмен иленген былғарының құрамына талдау жүргізгенде, оның құрамдас бөлігінің саны 100-ден кем болатыны анықталған 92-96%. Себебі, минералды заттар былғарыда оксидтер түрінде емес комплексті қосылыстар күйінде болады, сондықтан оның мөлшері талдау көрсеткен хром оксидінің мөлшерінен 2,29 есе көп болады.
Қышқылдылық. Былғары мен үлбір және тондық қой терісінде бос қышқыл мен белоктың функциональды топтарымен байланысқан күйде, сонымен бірге белоктағы тұздардың және басқа да қосылыстардын құрамында болады.
Байланыспаған қышқыл гидролиздің нәтижесінде жинала беруі мүмкін, бұл өнімнің сапасына кері әсер етіп, оны сақтау кезінде бүлдіреді. Гидролиз процесінің нәтижесінде байланысқан қышкылдың бөлініп, бос күйінде шығуы мүмкін. Қышкылдылықты хлорлы қалийдің рН көрсеткіші мөлшерімен анықтайды, оны зерттелетін сынақ мөлшерін 0,1 н. КС ерітіндісінде тұндыру (ұстау) арқылы табады.
Таннидпен иленген былғарының рН көрсеткіші 3,8-5,5 өңделген қоян терісі мен қой терісінде рН көрсеткіші 3,5-4 аралығында болады.
Талшықтағы негізділік. Хроммен иленген былғарыны немесе тері өзеңінің талшықтағы негізділігін анықтағанда, ол жанама түрде былғарының қышқылдылығын сипаттайды.
Былғары талшығындағы негізділік, ондағы хром қосылыстарының негізділігін көрсетеді. Талшықтағы негізділік шартты түрде болғанымен, былғары қасиетіне әсер етеді. Мысалы, талшықтағы негізділік төмендеген сайын былғары мен үлбірдің жиырылу температурасы азайып, ауданының қайнаған суда кішіреюі артады. Талшықтағы негізділік 80%-дан асатын болса, былғарының беті тартылуы (садка) мүмкін.
1. Былғарының, үлбірдің дәне тондық қой терісінің физикалық- механикалық қасиеттері
Былғары, үлбір және тондық қой терісінен жасалған өнімдердің, гигиеналығын және комфорттылығын қамтамасыз ететін қасиеттерін қарастырамыз.
Бу өткізгіштігі мен бу сіңіргіштігі. Былғары және тері өзеңі мен тондық қой терісінің су буын өткізе алатын бу өткізгіштік (паропроницаемость) және жұта алатын су сіңіргіштік (пароемкость) қабілеті болуы керек. Бір сағатта адам табаны 3-15 мл-ге дейін ылғал шығарады, бұл аяқ киімді киген кезде ішіндегі ылғалдылықты 70-80% көтеруі мүмкін. Егер ылғалдылық 90%-дан асатын болса, адам табаны дискомфорттылықты сезінеді, сондықтан былғары мен тері өзеңі 50-70%-ға дейін ылғалдылықты өткізіп, оның сіңіре де алуы қажет. Былғарының бу өткізгіштігі - оның гигиеналық қасиеттерінің негізгілерінің бірі. Киілген аяқ киімді әртүрлі креммен майлағаннан кейін оның бу өткізгіштігі өзгереді ал, бу сіңіргіштігі өзгермейді. Көп жағдайда былғары мен тері өзеңі әрлеу үрдістерінен кейін бу өткізгіштігін сақтайды, жасанды материалдармен салыстырғанда олардың артықшылығы осында. Мысалы, лакталған былғары көп жағдайда бу өткізе алмайды, бірақ бу сіңіргіштігі жасанды, синтетиқалық лакталған материалдарға қарағанда 5 еседей көп болады.
Бу өткізгіштік. Былғарының, тері өзеңінің су буын өткізе алатын қабілеттілігімен сипатталады. Бұл кезде ылғалдылығы жоғары ортадан, ылғалдылығы аз ортада бу тез өтеді. Бу өткізгіштігін анықтау әдісі, диффузиялық процестерге негізделген. Оларға қысымды өлшеу әдісі мен салмақты өлшеу әдістері жатады. Әртүрлі былғарының бұл өткізгіштігі 0,5-11,6 мгсм сағ аралығында, бұл массаның өзгеруін есептеу әдісіндегі көрсеткіш, ал қысымды өлшеу әдісімен анықтағанда бу өткізгіштік 20-70%-ға тең болады.
Бу сіңіргіштік. Белгілі бір шартты жағдайда арнайы уақытта былғары мен тері өзеңінің су буын сіңіру қабілетін айтады, ол граммен белгіленеді. Су сіңіргіштік адсорбциялы әдіс арқылы анықталады. Су сіңіргіштік пен су өткізгіштікке көп факторлар әсер етеді, соның ішінде былғары мен тері езеңінің бойындағы капиллярлар, олардың диаметрі мен өзең талшықтарының пішіні, гидрофилді қасиеттері, оларға қосылған заттар және бетті жабатын қабыршақ пленкалардың табиғатының әсері көбірек.
Тығыздық, кеуектік, тығыздық және кішірею коэффициеттері. Былғары мен тері өзеңінің гигиеналық қасиеттері оның тығыздығы мен кеуектігіне байланысты болады. Тері өзеңінің тығыздығы былғарының белгілі бір дәрежеде кеуектігін және толықтырылу көрсеткішін сипаттайды. Өзең талшықтарының кеуектік сипаты мен дәрежесін білу қажетті қасиеттері бар былғары алу үшін технологиялық үрдістерді реттеуге мүмкіңдік береді. Тығыздық салыстырмалы және шын тығыздық деп ажыратылады. Салыстырмалы тығыздық былғары массасының оның толық көлеміне (кеуектік көлемін есептегендегі) қатынасына тең болады. Шын тығыздық - былғары массасының оның көлеміне қатьшасын көрсетеді (кеуектік көлемі есепке алынбайды).
Салыстырмалы тығыздық, былғары мен тері өзеңінің кеуектігі мен шын тығыздығының функциясы болып табылады. Тері құрылымыңдағы кеуектер әртүрлі типте мысалы, тұйық, тәріздес, өн бойындағы қуыстар және басқа түрде болады. Олар терінің ішкі бет кеңістігін құрайды, кейде кеңістіктің аумағы 50 м2г-ға дейін жетеді. Кеуектердің көлденең қимасының өлшемі бойынша оларды макро, микроскопиялы және ультра кеңістіктер деп бөледі. Былғары мен тері өзеңіндегі кеуектердің мөлшері, олардың өлшемі мен орналасуы, өнімнің ауа, су өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі және сулануы сияқты қасиеттеріне әсер етеді.
Салыстырмалы тығыздық осы қасиеттерді жанама түрде сипаттайды. Былғары мен тері өзеңінің кеуектігі, салыстырмалы және шын тығыздығы шикізаттың тығыздығына және өндірістік үрдістердің жүргізілу тәсіліне байланысты.
Өнімнің шығыны КбО кг жарғақтап шыққан былғары мөлшерін (кг) көрсетеді:
К = 100 ∙100БЗ.
мұндағы БЗ - былғарыдағы белокты заттың мөлшері, %.
Барлық көрсеткіштердің қосындысы 100кг белокты затты құрайды. Теориялық тұрғыдан қарағанда былғарының көлемі, оның барлық құрамдас бөлшектерінің, тығыздығын ескере отырып, көлемін қосқанға тең болады. Былғарының құрамдас бөлшектерінің тығыздығы шамамен алғанда төменгідей мөлшерде болады, кгм3.
БЗ - белокты заттар (абсолютті құрғақ күйдегі) - 1,43;
Ы – ылғалдылық- 1; К - күл - 2,5;
МЗ - майлы заттар (май тектес заттар) - 0,9;
ШЗ - шайылатын органикалық заттар - 1,6;
И - шайылмайтын заттар, илегіштер - 1,6.
Егер былғары сынағының теориялық жағдайдағы көлемін V, массасын Р деп өрнектесе, оның теориялық шын тығыздығы, кгм3 мынадай болады, бірақ бұл әдіспен табылған шын тығыздық тура болмайды, себебі өндіріс барысында былғары құрамына енетін заттар тығыздалады. Мысалы, былғарыдағы гидратациялық судың тығыздығы 1 емес, 1,1-1,2 кгм3 аралығында.
Сондықтан тығыз былғарының тура шығу көлемі:
Уф = К ∙ V,
мұндағы: К - тығыздық коэффициенті, өндіріс үрдістерінің сипаттамасы;
р - былғарының шын тығыздығы (тәжірибе арқылы анықталады);
К - көлемінің шығуы (химиялық талдаудың нәтижесінен адынады);
Қ-тығыздық коэффициенті;
V - теориялық көлем (аддитив ережесімен есептеледі).
Тығыздық коэффициентіне илеу ұзақтығы әсер етеді, аяқ киімнің төменгі бөлігі үшін Кі = 0,77 - 0,88, хроммен және хромтаннидпен иленген былғары үшін К = 0,98.
Былғары өндірісі үрдістерінің сипаттамасының біріне жартылай фабрикаттың көлемдік шығымы (обьемный выход) жатады. Ол көлемде 100кг жарғақ заттары болуы шарт. Оны әртүрлі үрдістерден кейін белгілейді: мысалы V, - күлдеуден кейін; У- илеуден кейін; V - майлаудан кейін және т.б. көлемінің шығуы.
Оны көп жағдайда кішірею коэффициентімен өрнектейді. Хроммен иленген былғары сынағының кішірею коэффициенті - 0,586, хромтаннидтікі - 0,526.
Өзең көлемінің қалыптасу көрсеткіштері. Былғарыны сипаттау үшін, оның көлемінің шығуы Ук есепке альшады. Ол көлем, құрамына 100г белокты заты бар былғары көлемімен бірдей, Ук тг мұңдағы: К - шығу саны: К - салыстырмалы тығыздық. Бұл көрсеткіш шикізатты консервілеу түріне, дайыңдық үрдістерінің және әрлеу операциясының режиміне, илегіштің түріне байланысты болады. Хроммен иленген былғарының көлемінің шығуы = 150-200 см3, таннидпен иленгенде ол 200-400 см3-ге тең болады. Кептіру кезіндегі былғарының кішірею қабілеті өзең көлемінің қалыптасуы деп аталады да, ол қалыптасу коэффициентімен Кф сипатталады. Ол коэффициент былай өрнектеледі:
Кф = 100 ∙ УкиУкж
мұндағы: Ук - иленген жартылай фабрикаттың көлемінің шығуы,
Укж - жарғақтың көлемінің шығуы.
Ылғалды күйден кепкен күйге ауыстырғанда өзең көлемінің қалыптасу коэффициенті - 15-42%, әртүрлі илегіштермен иленген жартылай фабрикат үшін ол коэффициент - 50-115% болады. Таннидтер үшін өзең көлемінің қалыптасу қабілеттілігін екі көрсеткішпен көрсетеді: олар былғарының салыстырмалы көлемінің үлкею коэффициенті - Ку және илегіштің қалыптасу формасының коэффициенті - Кк.
Мұндағы: ДКи — 100 г белокты затқа есептегендегі былғары көлемінің өсімі, см ; Д - 100 г белокты заттағы илегіш заттың мөлшері, г.
Кк∙С = КгУд - бұл мәннің мөлшері, илегіш коллагенмен берік байланысқа түскенде артады.
Былғарының, тондық қой терісінің және тері өзеңінің суға төзімділігі. Былғары, үлбірді және тондық қой терісін пайдалану кезінде бұл өнімдердің сулануы адам организміне ыңғайсыз әсер етеді. Қайта-қайта су тиіп кепкен былғары мен тері өзеңі тез тозады. Суға төзімділікті сипаттау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
Су тартқыштығы. Былғарыда пайда болған бірінші су тамшысының уақытын көрсетеді. Бұл кезде былғары мен судың арасында байланыс жоқ. Ал, су өткізгіштік бір сағат ішінде 1 см былғарыдан өткен судың мөлшерін (мл) көрсетеді.
Суланғыштығы. Былғарыны суға батырғанда оның суды сіңіру нәтижесінде салмағының ұлғаюын көрсетеді. Белгілі бір уақытта суға батырылған былғарының су сіңіру нәтижесі пайызбен белгіленеді. Былғары мен үлбірдің суға төзімділігі статикалық және динамикалық жағдайда, механиқалық әсер ету арқылы зерттеледі. Былғарының сапасын анықтаған кезде, динамиқалық жағдайдағы суға төзімділік көп ескеріледі. Бұл көрсеткішке былғарының құрылымы, илеу тәсілі, тығыздығы мен қалыңдығы, майлы және толықтыру заттары да, әрлеу түрі де әсер етеді.
Ылғал беруі және гигроскопиялылығы. Былғары мен тері өзеңінің қоршаған ортадан су буын сіңіруі олардың гигроскопиялылық қасиетіне байланысты. Бұл көрсеткіш 16 сағат уақытта былғары салмағының өскенін керсетеді, ол пайызбен белгіленеді. Ылғал берілуі 8 сағат ішінде қалыпты жағдайда берілген ылғал мөлшерімен анықталады.
Жылу өткізгіштігі. Бұл көрсеткіш былғары мен үлбірдің тондық қой терісінің және олардан жасалған бұйымдардың жылу сақтағыштық қасиетін көрсетеді. Егер былғары құрылымы бос, тығыздығы төмен және кеңістіктері көп болатын болса, жылу өткізгіштігі жоғары болады. Былғары мен мех құрамыңдағы ылғалдылық жоғарылаған сайын, олардың жылу өткізгштігі ұлғая түседі. Майлау мен толықтырудан кейін құрғақ былғарының жылу өткізгішігі жоғарылайды. Жылу өткізгіштік коэффициенті аяқ киімнің жоғары бөлігінің хроммен иленген былғарысы үшін 0,051-0,156 Вт (м°,С), хромтаннидпен иленген юфть үшін 0,121-0,164, күдері (замша) үшін - 0,053 Вт (м,С).
Термотөзімділік. Жиырылу температурасы былғары мен үлбір құрылымының жылу мен ылғал әсеріне төзімділігінің сандық сипатын көрсетеді. Жиырылу - белгілі бір температураға дейін қыздырғанда, үлгінің ұзындығының қысқарғанын көрсетеді. Жиырылу температурасына былғары мен тері өзеңінің микроқұрылымының жіктелуі әсер етеді. Олар неғүрлым көп жіктелсе, солғұрлым жиырылу температурасы төмен болады. Былғары мен үлбірде қышқылдың болуы жиырылу температурасын төмендетеді.
Коллаген құрылымының илегіш хром қосылыстарымен "тігілу" дәрежесімен жиырылу температурасы арасында тура заңдылық, сондай-ақ былғарының механикалық әсерге беріктігі мен жиырылу температурасы арасында да тура заңдылық бар.
Кератиннің термошыдамдылығы, оның құрылым жағдайына байланысты. Мысалы, жүн талшығын ОО-110°С қыздырғанда, оның түсі, қасиеті өзгере бастайды. Жүнді кептіргенде, температураның 70°С-нан асып кетпеуі керек, ал шайған кезде 40-50°С-тан аспауы керек. Себебі сулы жүнді қыздырғанда сапасы төмендейді.
Гигротермиялық тұрақтылық. Суланған былғарының тері өзеңінің, жоғары температурада беріктік қасиетін өзгертуін оның гигротермиялық тұрақтылығы сипаттайды. Ол 5-95% аралығында ауытқиды. Бұл көрсеткішке илеу әдісі әсер етеді. Қышқылдың болуы гигротермиялық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Жақсы майланған және тығыз былғарының гигротермиялық тұрақтылығы жоғары болады.
Аяқ киімнің төменгі бөлігі мен юфть былғарысы үшін бұл көрсеткіш стандарт бойынша белгіленген.
Беріктік қасиеттері. Былғары мен мехтың беріктік қасиеттерін анықтайтын көп тараған әдістердің бірі - бір осы тарту сынағы. Бір осы тарту сынағын негізінен маятникті динамометрлерде анықтайды. Соңғы кезде бұл мақсатта күш өлшегіш машиналар қолданылып жүр, онда деформация серпімділігі арнайы электронды аппараттарда есептеледі. Бір осьте тарту сынағын жүргізгенде мына көрсеткіштерді анықтайды: беріктік шегі, Па, созылғыштығы (жалпы, серпімді, қалдықты), беткі қабаттың беріктігі, Нм2 шартты түрдегі модуль, серпімділігі, Нм2 және қаттылығы. Былғарының, үлбірдің және тондық қой терісі сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі созылғыштығы болып табылады. Жүн талшығы үшін бұл көрсеткіштің онша мәні жоқ, сондықтан ол МЕСТ-да есептелмейді. Былғарыны, тері өзеңін және тондық қой терісін созғанда жалпы, серпімді және қалдық созылғыштығын анықтайды. Жалпы созылғыштығы серпімді және қалдық созылғыштығының қосындысына тең болады. Ол процентпен белгіленеді, оның мәні үлгінің созғаннан кейінгі ұзындығынан созылғанға дейінгі ұзындығының айырмасын үлгінің бастапқы ұзындығына бөлгенге тең болады. Серпімді және қалдық созылғыштығы шартты шамалар, олар уақытқа тәуелді болып келеді.
Әртүрлі үлгілердің созылғыштығын анықтау үшін, олардың бірдей аумақтағы көлденең қимасына бірдей күш салып созып байқау керек. Былғарының тері өзеңінің жалын созылғыштығын сипаттау үшін стаңдарт бойынша ортақ көрсеткіш алынған. Онда жонарқа бойымен және оған көлденең үлгілерді белгілі бір күш жұмсай отырып, созу қаралған. Былғары үшін күш мөлшерінің шамасы 1 Нм2, мех және тон терілері үшін 0,5 Нм2 алу көзделген. Аяқ киім өндірісіңде, былғары, әсіресе аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары көбірек керіліп, созылады.
Мүйізді ірі малдың терісінен дайындалған, хроммен иленген аяқ киімнің бас былғарысының созылғыштығы 20—30%-тей болуы керек. Егер созылғыштығы 20%-тен кем болса, былғарының беті созған кернеуді кетере алмай сынуы мүмкін.
Ұлтандық былғарының жалпы және серпімді созылғыштығы, нығыздаудан кейін азаяды, ал, аяқ киімнің бас былғарысы үшін, престеуден соң созылғыштығы төмендейді. Былғарының талшықты құрылымын жіктейтін процестер, мысалы, созу, қыртысын жазу былғарының жалпы, серпімді және қалдық созылтыштығын ұлғайтады.
Тондық қой терісі мен тері өзеңі ұзаққа бойына және көлденеңінен тартқан кезде созылмалы болуы керек. Терінің созылмалы болуы, өнімнің сыртқы түрін сақтап, эксплуатациялық қасиеттерін жақсартады. Созылмалылық пластикалық қасиеттеріне байланысты. Үлбір мен тондық кой терісінің пластикалық қасиеттерін қалдық созылғыштығы көрсетеді. Оны терінің бүтін күйінде және үлгілерінде бүлдірмей таба береді. Сынақты белгілі бір (4,9 немесе 9,8 МПа) күш салып анықтайды.
Созылу кезіндегі беріктік шегі. Бұл сапалық көрсеткіш былғарыны тері өзеңін немесе жүн талшығын созғанда, үзілу кезіндегі пайда болатын күшті сипаттайды. Ол үлгінің үзілу кезіндегі жұмсалған күштің, сынақ үлгісінің көлденең қимасының ауданының қатынасына тең. О - созған кездегі беріктік шегі, Па; Р - үлгіге үзілу кезіндегі тұсірілген салмақ күші, Н; Ғ - үлгінің көлденең қимасының ауданы, м2. Бұл көрсеткіш талшықтар тобының мықтылығы мен деформация түріне байланысты. Егер жұмсалған күштің бағыты талшықтар тобымен бағыттас болса, онда олар тек созылып қана қояды. Оның мәніне терінің құрылымдық элементтерінің ориентациялық қабілеті әсер етеді.
Созылу кезіндегі беріктік шегіне тек талшықтар тобының мықтылығы ғана емес, сонымен бірге олардың шиеленісу сипаты да әсер етеді. Жүн талшығының созылу кезіндегі беріктік шегіне, негізінен талшықтың қабыршақ қабатының өсу дәрежесі мен құрылысы әсер етеді, ал қабықты кабатының әсері бостау және борпылдақ болып келгендіктен бәсеңдеу болады.
Жыртылу кезіндегі беріктігі. Жыртылу кезіндегі беріктікті сынау үшін қиылған үлгіні жұлып алуға кететін күштің мөлшерін анықтайды. Ол үшін динамометр қолданылады.
Былғарының беріктік шегі мен жыртылу кезіндегі беріктігін сынаудың арасында корреляциялық байланыс бар, корреляция коэффициентінің мәні 0,72-0,85 тең болады.
Жыртылу кезіндегі күш рН, үзілу кезіндегі тұсірілген салмақ күшінен рН аз болады. Бұл екі күштің айырмасы былғары мен үлбірдің серпімділік қасиеттеріне байланысты. Егер майысқақтық аз болса, онда айырмасы көп болады.
Серпімділік модулі мен қаттылығы. Созылуға жұмсалған күштің күш бірлігіне қатынасы серпімділік модулі деп аталады. Ол былғарының созылуға икемділігін сипаттайды. Металдардың серпімділік модулімен салыстырғанда, бірен саран жағдайларда ғана серпімділік модулі күшке тәуелді болмайды, оны суреттен көруге болады.
Релаксация. Релаксациялық құбылыстарға серпімділіктің қалпына келуі, тұрақсыздық және релаксация жатады.
Серпімділіктің қалпына келуі - деформацияның релаксациясы, жоғары эластикалық деформация - деформацияның уақыт өткеннен соң азаюын көрсетеді.
Тұрақсыздық былғарыға үнемі күш тұскеннен, деформацияның релаксациясы - күш түскенде деформацияның уақыт өткен сайын өсуі немесе форманың қайта қалпына келуі т.б.
Релаксация (киімнің релаксациясы) -деформацияланған материалдың уақыт өткен сайын кішіреюін көрсетеді.
Релаксациялық құбылыстардың былғары мен үлбірді сақтауда, тасымалдауда, дайындауда және қолдануда үлкен маңызы бар. Былғарыда серпімділіктің қайтуы немесе азаюы анық байқалады, оның дұрыс және бұрыс жақтары бар.
Бұрыс қасиеттеріне мысал ретінде өнімді тасымалдауда және сақтауда ауданының кішіреюі мен жалпы созылғыштығының өсуін келтіруге болады және уақыт өткен сайын көннің қаттылығы азаюы мүмкін.
Ал дұрыс қасиеттеріне эксплуатациядан кейін, тыныштықта тұрған киімнің өз формасына келуі мысал бола алады. Былғары мен үлбірдің деформациясы талшық және талшықтар тобының орналасуына байланысты.
ХV тарау
Былғары сапасын бағалау әдісі
Дайын былғары белгіленуіне байланысты сапалы талаптар қатарын қанағаттандыру керек. Оның өзінің сыртқы түрі болуы керек, санитарлы- гигиеналық қасиеті анықталған (ылғалөткізгіштік, ауаөткізгіштік және тб.), уақыт өткен сайын өзінің формасын жоғалтпау қасиетінің болуы, айтарлықтай ұзақ эксплоатацияға шыдауы керек және қойылған уақыт ішінде өзінің қасиетін жоғалтпау керек.
Былғары сапасын бағалау кезінде органолептикалық және химиялық әдістер, микроскопиялық анализ және физико механикалық зерттеулер қолданылады. Оның қасиетін анықтауда көрсетілген әдістерді қолдану кезінде былғары сапасы туралы дұрыс айту үшін былғары өндірісінің нұсқауы – технологиялық процестердің сипаттамасында білу қажет.
1. Органолептикалық әдіс
Мұндай әдіс көру және сезу түйсігі мүшелері көмегімен былғары қасиетін анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар мына талаптар қойылады: былғары конфигурациясы, оның өлшемі, қалыңдығы, түсі, өңдеу сапасы, техникалық қасиеті (майысқақ, тұрақты, жұмсақ, иілгіш және басқалары.), шикізаттық және өндірістік ақаулардың болуы.
2. Микроскопиялық әдіс
Микроскопиялық әдіс былғары сапасын былғарыны кесу кезінде қылшық коллагендерінің орналасуын және сипаттамасын білу негізінде бағалауға мүмкіндік береді.
3. Былғарының химиялық анализі
Химиялық анализдің мақсаты былғарының химиялық құрамын мөлшерлі анықтау болып табылады, яғни көңдік заттар құрамын, күлді, майды, майды, сумен шайылғанды, илегішпен байланысты және басқаларын.
Былғарыдағы ылғал ауысып тұрғандықтан, салыстырмалы қортынды алу үшін берілген анализді шартты ылғалдылыққа санайды (әдетте 18%) немесе абсалютті құрғақ былғарыға санайды.
Көңді зат – тері арқылы өтетін былғары ақуыздары. Көң заттарының құрамы басқа бірдей жағдайда былғары сапасын сипаттайды: берілген әдісте көң заттарының өңделуінің берілген түрі былғарыда көп болса, оның сапасы сондық көп болады. Бұл дұрыс иленген және қандайда бір мөлшерде жуылмайтын илегіш заттар құрайтын былғарыларда ғана болады.
Көң заттарының ауысып отратын жағдайы: қатты былғары үшін 28-50% шамада, жоғарғы үшін 50-70% шамасында.
Ылғал. Былғарыдағы ылғал құрамы әдетте былғары салмағынан пайызбен анықталған оның ылғалдылығының қатынасының көрсеткішімен анықталады, және ауа ылғалдылығы мен былғары табиғатының қатынысынан тәуелді. Ауа ылғалдылығының өсуіне байланысты былғарыдағы ылғал құрамы да өседі, және керсінше ауа ылғалдылығының төмендеуімен былғары ылғалдылығы да төмендейді. Әдетте өндірістен шығарылған былғары ылғалының құрамы 18 %-дан аспауы керек.
Былғарыдағы ылғал құрамына байланысты оның кейбір физико-механикалық қасиеттері өзгереді: ауданы, қалыңдығы, созу кезіндегі беріктігі және басқалары. Сонымен ылғалдың жоғарлауымен былғары ауданы ұлғаяды және жыртылуға қарсылығы жоғарлайды.
Май. Былғарыда майдың болуымен өндіріс процесінде кіргізілген майлағыш заттар мөлшері және былғары құрамына кіретін майлар түсіндіріледі.
Май мөлшері ең алдымен белгіленуімен және былғары түріне байланысты анықталады. Сонымен юфть майы 22%- дан кем болмауы керек, аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды былғарыда 3-8%, аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғарыда 3-5% және басқалары.
Былғарыда май мөлшерінің ұлғаюымен оның ылғалөткізгіштігі мен ауаөткізгіштігі төмендейді, ауырлап және жыртылуға қарсылығы жоғарлайды. Былғары құрамында май көп болған сайын, ылғалөткізгіштігі сондық аз болады.
Күлдеу. Былғары құрамындағы минералды заттар жағу кезінде күлге айналады. Минералды заттар былғарыға теріден келедіжәне ең бастысы оған өңдеу процесі кезінде келеді: күлдеу кезінде, илеу, толықтыру және т.б. күлдің көптеген мөлшері өсімдікпен иленген былғарыда, аз мөлшері хромды иленген былғарыда болады. Өсімдкпен иленген кезде күл мөлшері былғарыға сульфитирленген сығындыларды және толықтырғыштарды қолданған кезде жоғарлайды.
Өсімдікпен иленген былғарыда 2% - ға дейін күл болады, хромды-өсімдіктіде 3%-ға дейін болады; аралас иленген кезде өсімдік емес илегіштерді қолданғанда (сульфитцеллюлозды сығындылар, синтандар) күл мөлшері 6%-ға дейін жетеді және кейде одан жоғары; хромды иленген былғарыда күл құрамы 4 пен 12% арасында болады; замшта күл 4-8% болады; лайкада 10-12% болады.
Былғары қышқылдығы - өсімдікпен немесе аралас иленген былғарыдағы бос қышқыл құрамының көрсеткіші.
Былғары қышқылдығы оның кейбір қасиеттерімен байланысы бар, әсіресе оған жылу мен ылғал әсері кезінде пайда болатын. Былғары қышқылы (рН) оны көп сақтау кезінде үлкен маңызы бар. Қатты былғарыда рН 3,5 төмен болмау керек, юфть үшін 4 – тен төмен болмауы керек.
4. Физико-механикалық сынау
Бұл әдіспен былғарының созу кезіндегі шыдамдылығының шегін, созылуын, беттік қабатының беріктігін, ылғал сіңгіштігін, ылғалөткізгіштігін, гигротермиялық беріктігін және басқалары сияқты көрсеткіштерін анықтайды. Бұл көрсеткіштердің кейбіреулері былғарының сапасын сипаттайды, мысалы шпилканы ұстау беріктігін және тарту кезінде созылуын; қалған көрсеткіштер былғарының эксплоатациондық қасиетін сипаттамайтын жанама және тікелей болып саналады.
Жанама көрсеткіштерді егер былғарыны өңдеу әдісі белгілі болса қолдануға болады.
Былғарының физико-механикалық көрсеткіштерінің қолданыстағы көрсеткіштерін қарастырайық.
Керу кезіндегі беріктік шегі (жыртылуға қарсыластығы) сыналатын үлгінің көлденең қимасының квадрат миллиметрін килограммен анықтайды (кгмм2). Жыртылу мен созылуға сынама арнайы прибор-динамометрда жүргізіледі.
Былғары үлгісінің жыртылуға қарсыластығы қышқыл коллагендерінің беріктігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның орналасуына да байланысты.
Әр түрлі шикізаттан алынған былғарының әр түрі үшін созу кезіндегі беріктікке минималды талаптар мынандай: аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды былғарылар партия бойынша – 1,4-2,5 кгмм2 кем емес, жеке былғары бойынша жеке былғары бойынша 1-1,5 кгмм2 ; былғары бойынша тана юфті 1,6 кгмм2 ; қара мал терісінен алынған аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары партия бойынша – 2кгмм2 кем емес; қара мал терісінен шикізат жеке былғары бойынша – 6кгмм2 кем емес.
Созу кезіндегі беріктікпен қатар партия бойынша хромды былғары үшін 1-2 кгмм2 кем емес, тана юфті үшін 1,75 кгмм2 кем емес болатын беттік қабатының беріктігін де анықтайды.
Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды былғарының беттік қабатының беріктігі былғарының бахтарма жағына шет жағына 45о –қа басатын арнайы сынамамен анықтайды; юфтті бетін сыртқа қаратып төртке бүктеп бүктеген сызығынан 17 мм қашықтықтан саусақпен басып сынайды.
Ылғалсыйымдылық (салиақтық ылғалдау) – бұл былғарыны суға салған кезде оның суды сіңіру қасиеті. Ылғалсыйымдылық үлпілдекқұрғақ былғары салмағына процентпен көрсетілген, берілген уақыт ішінде үлпілдекқұрғақ былғарының сіңірген су мөлшерін көрсетеді. Ылғалсыйымдылық көрсеткіші кию кезінде суға көп тиетін аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғарыны сипаттау үшін қажет. Ылғалсыйымдылық былғары үлгісін суда 2 және 24 сағат болғаннан кейін өлшеу арқылы анықтайды.
Ылғалсыйымдылықтың көрсеткіш шамасы ұлтандық былғарыны жатқызудағы дұрыстығы мен дәрежесіне байланысты; Жатқызу былғарының анықталған ылғалдылығында жүргізіледі. Ылғалсыйымдылықтың көрсеткіш шамасына суға салынбағандардың мөлшеріде жатады: аз суға салынған болса, соғұрлым былғарының ылғалсыйымдылығы аз болады.
Гигротермиялық беріктік дымқыл былғарының анықталған уақыт ішінде жоғары температураның әсері кезінде, анықталған жағдайда беріктігін сақтаудың қабілеттілігін сипаттайды.
Ылғал буланбаған жағдайда былғарыны ұзақ қыздыратын болса, оның толықтай бұзылуына әкеліп соғатыны белгілі. Осыған байланысты ылғалды жағдайда қыздыру кезінде былғары беріктігінің жоғарлауы маңызды болады.
Былғарыны ұзақ сақтаған кезде оның қышқылдығына байланысты болады: егер рН 3-тен төмен болатын болса, ол тез бүлінеді. Сондықтан мұндай төмен рН-тағы былғарыны ұзақ сақтамау керек.
5. Былғарыға МЕМСТ
Былғары фабрикаттарының сапасына , типтік сипаттамалары мен былғары түрлеріне талаптар мемлекеттік жалпысоюздық стандарттармен белгіленелі (МЕМСТ).
Стандарт атауы әдетте стандарттаушы объекттерге сәйкес келеді, мысалы: МЕМСТ 939-41 аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромдық былғары. Санның бірінші тобы МЕМСТ –тың қатарлық нөмірін көрсетеді, екіншісі бекіту жылы.
МЕМСТ құрамы мына бөліктерден тұрады: 1) анықтау, 2) классификация, 3) техникалық шарттар, 4) сұрыптау, 5) қабылдау шарттары мен сынамалар, 6)маркілеу, буып-түю, сақтау және тасымалдау. Былғары фабрикатының кейбір бөліктері 4, 5 және 6 шыларына жеке МЕМСТ бөлінген (қатты былғары, аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды, ұлтанды былғарылар).
Анықтамасында былғары фабрикатының жалпы сипаттамасы көрсетіледі. Классификациясында былғарының жалпы сипаттамасы көрсетіледі, шикізат түрі, конфигурациясы, илеу әдісі, бояу, әрлеу, ауданының өлшеміне, қалыңдығына және басқа белгілеріне байланысты бөлінуі көрсетіледі.
Техникалық шартында сыртқы түрі және былғарының сапасы сипатталады, сонымен қатар органолептикалық қасиеттері қарастырылады: иленгендігі, қаттылығы, иілгіштігі, біртекті бөлінуі.
Осы бөлімде химиялық анализдері мен физико-механикалық зерттеулерінің нормалаушы көрсеткіштерін соңғы жіберілетін шектеуін құратын химиялық құрамының нормасы және физико-механикалық қасиеттері жүргізіледі, мысалы: ылғал мөлшері, май, хром тотығы, рН, гигротермиялық тұрақтылығы, илегіш коэфициенті, созу кезіндегі беріктік шегі.
Былғарыны ұзақ сақтау кезінде жылына екі рет қарастырып, қайта салу керек. Көгерген былғарыны шығарып, жақсылап тазалап ауада кептіреді.
Тасымалдау щарты бойынша буып түю талаптарын орындап және былғарыны ылғал мен желденуден қорғайды.
БЫЛҒАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ҚОСЫМША ӨНІМ
Жүнсіздендіру процесінен алынған зауыттық жүн мен шошқа терісінен сыпырылған қылы өте құнды болып табылады және әр түрлі өндірістер үшін шикізат ретінде табылады.
Сонымен қатар, бұл өнімнің қосымша түрлерін дұрыс пайдалану былғарының негізгі өнімінің өзіндік құнын төмендетуге көмектеседі және былғары өндірісінің рентабельдігін жоғарлатады.
1. Жүннің біріншілік өңделуі
Зауыттан алынған жүн былғары өндірісінен алынған және киіз дайындау үшін, пима және тоқыма алу үшін бірден бір құнды жанама өнім болып табылады. Зауыт жүні келесі негізгі түрлерге бөлінеді: 1) сиыр жүні, ірі қара терілерінен алынған; 2) бұзау түгі; 3) жылқы түгі; 4) қой жүні; 5) ешкі жүні.
Жүнсіздендіруден кейін жүн өте кір болады, кір теріден тазаланып алынған тері 30% құрайды. Жүн сапасын төмендетпеу үшін оны тез тазалап алу керек. Зауыт жүнінің бірінші өңделуі, 1,5-3% тұз қышқылы қосылған (30%), көп мөлшердегі суда шайылады (20-30 ск).
Жүнді жүн жуатын темір немесе ағаш чандарда жүнді қалақшалы білікпен немесе иілген тістері бар білікпен түте отырып шайады. Чанның түбінде 2-3мм саңылау бар, одан шайылған кір шығып отырады. Ш-1 және Дельта өндірісі бір сағатта 15-40 кг жүн шаяды . шайылған жүнді центрифугада 40-50% ылғалдылыққа дейін сығады, одан кейін арнайы кептіргіштерде 600 температурада кептіреді. Буып түю алдында жүннің ылғалының біртекті таралуы үшін құрғақ бөлмеде екі күндей ұсталады.
2. Қылшықтың біріншілік өңделуі
Қылшықтар майлы кистілер мен щеткалар дайындауда қолданылады. Қылшықтың қалыңдығы мен қаттылығы бағаланады. Шаштан қылшықтың негізгі айырмашылығы жэалауша деп аталатын сыртқы ұшы бірнеше жіңішке жұмсақ қылшыққа бөлінеді, ол бояуды жақсы ұстайды.
Қылшықтарды жонды және қырынды болып бөлінеді. Жонды қылшық ұзын, қатты тығызболады. Ондай қылшықтан әр түрлі өндіріс саласына арналған щеткалар дайындалады. Қырынды қылшық қысқа, жұмсақ ұшы аз таралған болады. Бұндай қылшықтан үй шаруашылығына қажетті щеткалар мен кистілер және сылағыш кистілері дайындалады.
Қылшықтарды машина арқылы жұлады немесе қолмен орындалады.
Жұлған кезде міндетті түрде түбі сақталады. Жұлынған қылшықтарды жәшікке салып отырады, түбінде сеткасы болады соған әр түрлі ұзындықта бөліп салып отырады.
Жәшіктегі жағылған қылшықтар 15 минутқа 300 температурада 3% тұз қышқылы ертіндісі бар баркаға шайылуға салынады. Одан кейін қылшықтарды 2 мин ағын суда шайып және 15 минут жуғыш барабанда 45-500 температурада кальцирленген 2-3% соды ертіндісінде шайылады (майсыздандырылады). Ары қарай қылшықты ағын суда 2 мин тағы шайып, 300 температурада 15 мин баркада шайады. Шаю кезінде қылшықтарды жәшікке қою жүйесін бұзбай қойып отырады, әр шаюдан кейін қолмен сығып отырады.
Шаюдан кейін қылшықтарды бір күнге қойып –қояды, одан кейін оларды жоғарыда айтылған салу әдісіндегі ұзындықтарына байланысты әр қайсысын 200-300г салмақпен бумаға байлайды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және тері технологиясы - Астана: Фолиант, 2010 - 216бет.
2. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т.. Орысша-қазақша сөздік. Былғары және мех технологиясы.- Алматы: Білім, 1996. - 104б.
3. Фирсова Н.М. Выделка меха, овчин и кожи Н.М.Фирсова.- Изд.2-е, перераб идоп. - Ростов нД: Феникс, 2007. - 346с.
4. Лошкарева О. Технология сборки изделий из кожи: УчебникО.Лошкарева. - Астана: Фолиант, 2010. - 640с.
5. Обработка и выделка шкур Ростов нД: Владис; М.: РИПОЛ классик, 2011. - 192с.
6. Линь В.В. Обработка и выделка шкур ООО "Аделант", 2006. 384с.
7. Шепелев А.Ф., Печенежская И.А., Мхитарян К.Р. Товароведение и экспертиза пушно-меховых и кожевенно-обувных товаров Серия "Учебники, учебные пособия". - Ростов нД: Феникс, 2002. - 288с.
8. Рахметбай А., Дильдабек Д., Рахметбайулы К. Технология кожи и меха. - Тараз. - ТарГУ, 2003. - 180с.
9. Бурмистров А.Г. Машины и аппараты производства кожи и меха -М.: КолосС, 2006. - 384с.
10. Бейсеуов К. Новое в минеральном дублении кож: Моногр. - М.: Легпромбытиздат, 1993. - 123с.
11. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с.
12. Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с.
13. Павлов С.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха: учебник для студентов вузов легкой промышленности Шестакова И.С, Касьянова А.А. - М., "Легкая индустрия", 2009. - 528 с.
14. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.
15. Страхов И.П. Химия технология кожи и меха: учебник для вузов. - М., Легпромбытиздат, 2003. - 496 с.
16. Справочник кожевника (сырье и материалы) под ред. проф.К.М.Зурабяна. - М.: Легкая и пищевая промышленность, 1984. - 384 с.
17. Справочник кожевника (технология) Н.А.Балберова, А.Н.Михайлов, Е.И.Шуленкова, В.А.Кутьин; Под ред.канд.техн.наук Н.А.Балберовой - М.: Легпромбытиздат, 1986. - 272 с.