СӨЖ тақырыптары

Скачать

Студенттердің өздік жұмыстары үшін тақырыптар тізімі
Тақырып аттары
СӨЖ тақырыптары
СОӨЖ тақырыптары
Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қатынастардың теориялық негізі
EXPO-2017: артықшылықтары және кемшіліктері – эссе

Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың мәні және маңызы - талқылау
Тақырып 2. Әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның жағдайы және интеграция мәселелері

Интеграциялық ұйымдарға глоссарий дайындау
Тақырып 3. ҚР сыртқы экономикалық қатынастардың трансформациясы және мемлекеттің бүкіләлемдік шаруашылық жүйесіне кіру ерекшеліктері
ҚР экспорт және импорт жағдайы - презентация дайындау

ҚР сыртқы саясатының хронологиясы
Тақырып 4 ҚР инвестициялық саясаттың ерекшеліктері
ҚР инвестициялық саясат - баяндама

Мемлекетке шетел инвестициясын тарту - талқылау
Тақырып 5 Қазақстанда СЭҚ басқаруды ұйымдастыру

ҚР СЭҚ мемлекеттік басқару - эссе
Тақырып 6. Кәсіпорын деңгейінде СЭҚ басқаруды ұйымдастыру
Мекеме деңгейінде СЭҚ мінездеме - эссе
Мекеме деңгейіндегі СЭҚ мінездеме (мысал ретінде Семей қаласының бір кәсіпорынын алу)
Тақырып 7 ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеу
ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеудің заңдылық негізі - баяндама
Республиканың модельдік дамуындағы іс-әрекеті – презентация дайындау

Тақырып 8. СЭҚ кедендік реттеу
ҚР кедендік бақылаудың сыртқы экономикалық іс әрекеті баяндама дайындау

Семей кедені мысалында СЭҚ үлгісін бақылау іс-әрекетін көрсетіңіз - талқылау

Тақырып 9. ҚР сыртқы экономикалық байланыстың дамуы және негізгі формаларын жүзеге асыру
Еркін экономикалық аймақ - баяндама

ҚР біріккен кәсіпорындар іс-әрекетіне сипаттама - талқылау

Тақырып 10. Іскерлік қарым-қатынастардың теориялық негізі
Шет мемлекеттерімен іскерлік қарым қатынас жүргізу ерекшеліктері - эссе
Жиналыс жүргізулеріне мінездеме беру

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар

Курс барысы: 10 тақырып Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару курсының барлық мазмұнын қамтиды.
Оқу жоспары бойынша пәнді оқытуға 45 аудиторлық сағат, соның ішінде 30 сағат дәріс, 15 сағат практикалық (семинарлық) сабақ қарастырылған.
Аудиторлық дәріс курсы студент білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады.
Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.
Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.
Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады.
Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.
Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және студенттердің үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді.
Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердің өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді.
СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: СЭҚ мемлекеттік басқару курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тақырыптарды зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.
Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)
Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жол аралық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданған басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.
СӨЖ орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, студенттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.
Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады.
Пән бойынша емтихан дәстүрлі тәсіл бойынша, яғни билет сұрақтары қарастырылған. Жалпы курс бойынша 90 сұрақ беріледі.


Скачать


zharar.kz