Педагогикалық кеңес

Скачать

1.Педагогикалық ғылыми жоба орындау
Портфолио-нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесіндегі бағалаудың жаңа тәсілі

2. 2ші рубеж бақылау

1.Білім беру бағдарламалары – бұл:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Барлық деңгейдегі және бағыттағы білім мазмұнын анықтайтын құжат.
Өзін-өзі тану бағдарламасы.
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар.

2.Қазақстан Республикасында 12-жылдық білім беру ұсынады:
4 деңгейді.
3 деңгейді.
2 деңгейді.
5 деңгейді.
Сынып бойынша 12 деңгейді.

3.Халықаралық нормативті құжаттарға жатады:
Балалар құқығы декларациясы, БҰҰ-ң балалар құқығы туралы Конвенциясы, Балалардың өмірін қамтамасыз ету, қорғау және дамыту туралы жалпыәлемдік декларация, Балалар өмірі үшін жарамды Әлем декларациясы мен жоспары.
Ресей Федерациясындағы ұлттық білім беру жүйесі және білім туралы заңы.
Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы заң.
Білім беру жүйесін дамытудың тенденциялары.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.

4.Оқу бағдарламасы - бұл:
Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен көлемін белгілейтін құжат.
Оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өтілу тәртібі мен бірізділігін, әрі оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар.
Белгілі бір салада ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістігі деңгейінде білім негіздері жүйелі баяндалатын кітап, білімнің маңызды көзі.
Нормативті құжаттарда бекітілген білім беруге міндетті талаптар.

5.Оқу жоспары - бұл:
Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен көлемін белгілейтін құжат.
Оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өтілу тәртібі мен бірізділігін, әрі оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар.
Барлық деңгейдегі және бағыттағы білім мазмұнын анықтайтын құжат.
Нормативті құжаттарда бекітілген білімге қойылатын міндетті талаптар, оқыту мен тәрбиенің мақсаты.

6.Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру идеясы мен 12-жылдық орта білім беруге көшуді қарастыратын құжат:
БҰҰ-ң балалар құқығы туралы Конвенциясы.
Балалар құқығы декларациясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

7.Оқулық – бұл:
Белгілі бір салада ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістігі деңгейінде білім негіздері жүйелі баяндалатын кітап, білімнің маңызды көзі, оқу бағдарламалары мен оқытудың мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын баяндайтын оқу әдебиетінің жетекші түрі, оқыту құралының негізгісі.
Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға жағдай жасайтын құрал-жабдықтар.
Оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктерін көрсететін құжат.
Оқушылардың оқу үлгерімінің көрсеткіштерін анықтайтын талаптар.
Пәнді оқытудың тәжірибесі мен авторлық әдістемесі.

8.Орта білім мазмұнын сипаттайтын құжат:
Сынып журналы, табель, күнделік.
Оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар.
Сабақ жоспары, календарлық жоспар.
Мектептің уставы, педагогикалық кеңестің қаулысы.
Білім туралы Заң.

9.Орта білім мазмұны – бұл:
Мектептің оқу процесіне қазіргі білім беру технологияларын ендіру.
Болашақ мұғалімдерді дайындау сапасын арттыру.
Оқушылардың ғылыми білім, білік, дағды жүйесін және адамгершілік-эстетикалық идеяларды меңгеруі.
Ғылым және практика интеграциясы.
Даралап және саралап оқыту.

10.Басқару:
Адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және көрсету үшін қажетті жағдайларды құру жолындағы оның белсенділігіне бағытталған тетік.
Практикалық іс-әрекетті жүзеге асыру.
Тәрбиелік іс-шараларды тексеру.
Жеткіншек жас ұрпақты тәрбиелеу.
Білім беру жүйесін басқару.

11.Педагогикалық диагностика – бұл:
Адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және көрсету үшін қажетті жағдайларды құру жолындағы оның белсенділігіне бағытталған тетік.
Тануға қажетті нысан туралы кез келген мәлімет емес, педагогикалық процестің негізгі сипаттамалар жағдайын бейнелейтін маңызы бар ақпараттар.
Білім беру процесін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістер, қағидалар кешені.
Педагогикалық процесс жағдайының себептерін анықтау, педагог-оқушы жүйесінің мүмкіндіктерін, олардың арасындағы қарама-қайшылықтарын айқындау және сипаттау үшін қажетті білім мен әрекеттің жиынтығы.
Теориялық білімді практикалық іс-әрекетке аудару бойынша педагогикалық әрекеттің кешені.

12.Басқару әдістері:
Адамның интеллектілік күшін, шығармашылық әлеуетін дамыту.
Қаражаттық, еңбектік және материалдық ресурстарды пайдалану.
Іскерлік өндірістік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді айқындау және мадақтау.
Әр түрлі кеңестер, семинар-кеңес, конференция, білім беру қызметкерлерінің сьездері.
Нормативтік, ұйымдастырушылық-әкімшілік, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық.

13.Мектепті басқаратын жоғарғы орган:
Ата-аналар комитеті.
Оқушылар комитеті.
Әдістемелік бірлестік.
Педагогикалық кеңес.
Қоғамдық комитет.

14.Педагогикалық кеңестің құрамы:
Мектеп әкімшілігі, оқушылар, тәрбиеленушілер.
Мектеп директоры, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, оқушылар, оқушылардың қоғамдық комитетінің өкілдері, кітапханашы, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы.
Ата-аналар комитеті, оқушылар ұжымы.
Оқу пәндері бірлестігі.
Мектептің шаруашылық жұмысының жетекшісі.

15Педагогикалық кеңес өткізіледі:
Оқу жылы тоқсандарының барысында 1 рет.
Оқу жылының басында.
Оқу жылының аяғында.
Жыл бойы.
Ай сайын.
16.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлығы - бұл:
Психология-педагогика пәндерін білуі.
Педагогика ғылымының негізгі даму тенденциясын білуі.
Мұғалімнің негізделген кәсіби талаптардың жиынтығына сәйкестігі.
Мектеп әкімшілігінің талаптарын орындауға дайындығы.
Проблемалы жағдаяттарда шешім қабылдауға дайындығы.

17.Жаңа формация мүғалімін дайындаудың негізгі ережелері көрсетілген құжат:
ҚР-да этномәдени білім беру тұжырымдамасы.
ҚР үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.
Балалар құқығы декларациясы, БҰҰ балалар құқығы жөніндегі Конвенциясы.
ҚР Ата Заңы.
ҚР Білім туралы Заңы.

18.Педагог – бұл:
Білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен оқыту саласында тәжірибелік жұмысты жүргізетін адам.
Адам – техника жүйесінде қызмет ететін адам.
Бақылаушылық, тексерушілік қызметтер атқаратын адам.
Ақпараттар беруші адам.
Қоғамдық қайраткер.

19.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері:
Мұғалімнің бағалаушылық-тексерушілік қызметтері.
Мұғалімнің бақылаушылық, басқарушылық қызметтері.
Оқушыларға сүйіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, бақылағыштық, қарым-қатынас жасай алу, ұжымшылдық, шығармашылық.
Өзі оқытатын пән саласындағы терең білімдері.
Мұғалімнің авторитарлық қарым-қатынас стилі.

20.Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі:
Педагогикалық ұжым.
Оқушылар ұжымы.
Сабақ.
Оқушылардың білімі, білігі, дағдысы.
Тұтас педагогикалық процесс.

21.Педагогикалық іс-әрекеттегі педагогтың субьектілігі көрінеді:
Мұғалімнің теориялық білімі арқылы.
Ғылыми-ізденушілік процесс арқылы.
Мұғалімнің қоршаған ортаға қарым-қатынасы арқылы.
Қарым-қатынастың вербальды емес құралы арқылы.
Педагогтың әлеуметтік-кәсіби ұстанымы арқылы.

22.Мұғалім тұлғасының ізгілік сапалары:
Әртістік.
Сыртқы түрі.
Ұстамдылық.
Оқушының темпераменттер типін білуі.
Адамшылдық, оқушы тұлғасына кешірімділікпен қарау.

23.Педагогтың кәсіби мәдениетіне жатады:
Қарым-қатынастағы сенімсіздігі.
Қарым-қатынастағы либералдығы.
Қарым-қатынастың авторитарлық стилі.
Коммуникативті қабілеттілігі.
Орындаушылығы.

24.Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін зерттеумен айналысқан:
И.П.Пидкасистый.
Н.Д.Хмель.
Р.Г.Лемберг.
А.С.Макаренко.
М.Жұмабаев.

25. Оқу үрдісінің негізгі функциясы
реттеуші
коммуникативті
әлеуметтану
білімділік, тәрбиелік дамытушылық
ақпараттылық


Скачать


zharar.kz