Бақ түрі

Скачать

1- Бөлім
Шаруашылық туралы жалпы мағлұматтар
Айдарбаев шаруа қожалығы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының солтүстік – батыс бөлігінде таулы аймақта, Алматы қаласынан 37 км, Есік қаласынан 18км және теңіз деңгейінен 700м жоғары деңгейде орналасқан.
Бұл шаруашылық 2007 жылы Ерік Айдарбаев және Вилем Габрельян, Марат Нурманбетов, Амиржан Юнусов тарапынан 24 гектарлы 4x1,4м үлгіде ергежейлі телітуші М9 – ға телінген шпалерлі және озық технология – тамшылатып суару жүйесіндегі құрылған бақ.
Бұл тәжірибе шаруақожалығы Алматы қаласынан 44 км қашықтықтағы таулы аймақтағы Саймасай ауылында бастау алынды.
Жалпы қожалықта аналық қалемшелік бақтың көлемі 3га, ал 24га жерге мынадай жергілікті сорттар: Апорт, Заря Алатау, Ренет Бухардта, Заилийское, Талгарское, Восход, Суйслеппер, Пеструшка және шетелден әелінген сорттар: Голден Делишес, Старкримсон (АҚШ), Пинова, Элстар (ФРГ), Грани Смит. Жергілікті сорттар бақтың 75%-ын алып жатыр. Шаруашылықта тамшылатып суару жүйесі және аналық телітушілік баққа арналған жаңбырлатқыш машиналар және т.б. қажетті жаңа техникалар қолданылады.
Сонымен қатар айта кетер бір жайт, Бұл шаруашылықта ауру, зиянкестерден таза, вируссыз тікпе көшеттер өсіріледі. Ал, мұндай тікпе көшеттер интенсивті бақтарды құруда маңызы ерекше.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында жеміс және жүзім шаруашылығына көп көңіл бөлінген. 2009 жылы осы бағытта елімізден 15,5 млрд теңге субсидия бөлінді. Бұл бақ шаруашылығының өрістеуіне зор мүмкіндік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев шаруашылықтың жағдайымен таныса келе, барлық сауда айналымында жетекші сала болуын жүктеген және шаруашылыққа жоғары баға берген.

Шаруашылықтың табиғаттық – климаттық жағдайы
Климат жағдайы жоғары континентілігімен және қуаңшылығымен ерекшеленеді. Жазы құрғақ рәі ыстық. Шілденің орташа температурасы 23-250С жылылыққа тең. Өте ыстық жылдары температура 35-400С жылылыққа дейін жетеді. 00С жоғары кезеңде температураның қосындысы 3450-37500С. 100 жоғары кезеңде 3100-34000С аралығында ауытқып отырады. Көктемгі ызғар көп жағдайда сәуірдің соңы - мамырдың бірінші кезеңінде басылады. Аясыз кезеңнің орташа ұзақтығы 150-170 күн. Бұл кезеңдегі максимальді температура +350С.
Күзде алғашқы ызғар қыркүйектің аяғы мен қазанның басында, кейде қазанның екінші он күндігінде түседі. Бұл мезгілдегі температура 150С және ол 30-50 күнді құрайды.
Ауданда жаз мезгілі 120-180 күнге созылады. Ыстық кезең сәуір айының соңында басталып, қазанның екінші жартысына дейін созылады. Орташа температура +20+240C. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 46-48%.
Қаңтарда температура 9-100C аяз. Ең төменгі температура – 25-300C аяз. Қар жамылғысы желтоқсанның бірінші онкүндігінде түсіп, 75-100күн тұрақтап жатады. Қардың қалыңдығы 10-25 см жетеді.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350мм, оның үштен екісі жылы кезеңде жауады.
Аймақтың топырақтары ауыр механикалық құрамды шалғынды- қоңыр болып келеді. Мұнда қанық қоңыр түсті, 30-40см тереңдікте қара шірік қабаты орналасқан. Қара шірік тың жерлерге қарағанда, айдалған жердегі көлемі біршама үлкен.
Гранулометриялық құрамы ауыр топырақта қара шірік, азот, фосфор, көмірқышқыл газы біршама көлемде кездеседі (1-кесте).
1-кесте. Азот, қарашірік, фосфор және көмір қышқыл газының шалғынды-қоңыр топырақтағы құрамы.
Тереңдігі, см
Қарашірік, %
Жалпы азот, %
C:N
Жалпы фосфор, %
СО%
0-10
2,45
0,120
11,8
0,19
5,80
10-20
2,44
0,119
11,9
0,16
5,84
40-50
1,00
0,060
9,6
0,17
5,88
70-80
0,46
0,039
6,8
0,14
7,30
100-110
0,40
0,035
6,6
0,13
8,44
140-150
0,30
0,029
6,0
0,12
5,13

Шалғынды-қоңыр топырақтың физикалық құрамы жеміс көшеттігін өсіруде тиімді келеді. Топырақтың құнарлығын арттыруда топырақ құрамында қоректік элементтердің жеткілікті болуына көңіл бөлінеді.
Шаруашылықтың ұймдастырушылық-экономикалық сипаттамасы
Айдарбаев шаруа қожалығының жалпы аумағы 52 га, оның ішінде бақ-3га, көшеттік-4 га, жүзімдік-6га және алма бағы-36га құрайды.
Бақ территориясы бөлтектерге, магистральды және айналм жолдарға, желден қоргау алқаптарына бөлінген. Айналм жолдарының ұзындығы 7 м. Клеткааралық жолдардың ұзындығы 5 м. Бақ бөлтектерндегі қатарлар ұқындығы механика және тамшылатып суару жүйесіне байланысты 200 м белгіленген. Жолдар бақ көлемінің 9 құрайды.
Айдарбаев шаруа қожалығында жеміс бағымен қатар: мал шаруашылығы, жүгері, соя, бидай, жоңышқа, қызылша және 2011 жылға жоспарланған балық шаруашылығы қолға алынған. Дәлірек айтар болсақ, жүгері-138га, соя-45га, сұлы-247га, бидай-188га, жоңышқа-190га, қант қызылшасы-14га сондай-ақ 2010 жалға жоспарланған 400га жерге Израиль технологиясымен тамшылатып суару арқылы қызанақ көшеттігін өсіру мақсат етіп отыр.
Мал шаруашылығы 2005 жылы құрылған.
2005 жылы 31 шілдеде Нидрландыдан 66 бас Голштинофриз тұқымынан, 2007 жылы 4 шілдеде Австралиядан 98 бас Швинцк және Голштинофриз тұқымынан 2008 жылы 16 желтоқсанда 165 бас Венгерия тұқымын әкелді.
2006 жылдан бастап алынған сүт мөлшері 311133 л, оның ішінде сатылғаны 279157 л; 2007 жылы 350919 л, сатылғаны 287209 л; 2008 жылы 706756 л, сатылғаны 610574 л; 2009 жылы 1281566 л алынды.
2007 жылы 101 бас бұзау алынды. 2008 жылы 87 бұзау; 2009 жылы 254 бас бұзау алынды.
2007 жылы бұқалар саны 4 бас, 2009 жылы 9 бас.
Сонымен қатар итенсивті бақтарға арналған шетелден жаңа техника әкелінген. Олардың қатарына: аналық бақ пен көшеттікке арналған 4 жаңбырлатқыш қондырғы (Германия), баққа арналған-3 шағын тракторлар, арнайы культиваторлар (Қытай), арнайы бүрккіштер (сиымдылығы 1200 тонна, Германия) және жүгері жинауға арналған комбайындар, МТЗ-80, МТЗ-82, доминаторы қызанақ жинауға арналған комбайын және өңдеуге арналған бүріккіштері бар.
Шарушылықтың экономикалық тиімділігі
Өндіріс қортындысы мен еңбек шығынының қатынасы экономикалық тимділік болып табылады.
Айдарбае шаруа қожалығы көшеттер, бақ өнімдерін мол өнім алу- экономикалық жағынан тәжірбие үшін қандай маңызды болса, тиімділігі сондай.
Шаруашылықта үлкен пайданы алдымен өсірілген алма дақылынан түсіріледі. Содан кейін дақылдарды күтіп-баптау үшін шығындар кетеді. Соңында дайын дақылдарды сатып таза пайда түсіреді.
Бұл шаруашылықта жұмыстардың көп бөлігі механикамен және қол еңбегімен де жүргізіледі.
Негізгі түсетін пайда көзі: алма дақылын жинап, оны арнайы сақтау қоймасына сақтап, қысқы мезгілде өнімді сату. Өнімді сатудан алма дақылынан көп пайда әкеледі. Мұнда рентабельділігі жоғары деп осы алма дақылын айтуға болады.
Айдарбаев шаруа қожалығында ұсынып отырған өсіру технологиясы жылдам өнім алуға мүмкіндік береді. 1-2 жылдық өсімдіктерді қалптастырудың жаңа әдісі бірінші тауарлық өнімді 3 жылдық бақтан алуға болады. Мұнан кейін бақ өнімділігі 5-6 жылдан бастап көбейе түседі. Еуропалық стандартққа сәйкес ұсынылған жаңа әдіс арқылы үш жылдан кейінгі 15 тга, бесінші жылы 37 тга деңгейінде болу керек.
2007 жылы көпжылдық жеміс көшеттерін отырғызу және өсіруге кететін шығын көлемі, ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бектілген бақтың экономикалық тиімділігін ескере отырып жүргізілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыскерлерге және отырғызу материялдарна жұмсалған қаржының деңгейі, шынайы көрсеткіштерді ескерсек 1,5 -2 есе өскен. 1 гектарға кететін шығын мөлшері 650 мың тгга деп есептеледі. Кейінгі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа бақ құру жүйесіндегі шығыны есептеліп, сол көрсеткіш бойынша орташа 1,2 млн теңге құрады.
Бұл өндірісте ұсынылып отырған технологиялар бірқатар артықшылықтарын көрсетті.
1 гектар интенсивті алма бағына жұмсалған алма шығын көлемі, теңге
Бақ түрі
Отыр-
ғызу
Үлгісі және тығыз.
Қоры-
тынды

Отыр-
ғызу
2 жыл
3 жыл
4 жыл
5 жыл
Дәс-
түрлі
6х3м,
550 өс.га
1172090
600390
83700
103000
165000
220000
Евромо-дель
4х1,5м,
1660 өс.га
2485000
1318000
132000
185000
382000
489000
Нег.тех
4х2м,
1250 өс.га
1829390
817890
160500
185000
328000
422000

Әр типті бақтардың экономикалық тиімділігі
Бақ түрі
3 жылдық
өнімділік,
тга
5 жылдық
шағын,
Теңгега
1 га алма
құны,
тенге
Жалпы
құны,
Мың теңгега
Таза пайда,
Мың
Теңгега
Өзіндік құны, мың
Теңгега
Рентабель
ділігі
Дәс-
түрлі
18
1172090
80
1440
268
65
23
Евромо-дель
92
2485000
80
7360
4875
27
196
Нег.тех
79
1829390
80
6320
4491
23
247

Қорытынды
Қорыта келгенде Айдарбае шаруашылығында өткізген өндірістік практика мен үшін пайдалы болды деп ойлаймын. Бұлай айтуымның себебі, аталған шаруашылықта бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде қол жеткізіп отырған жетістіктері, соның ішінде жеміс- көкөніс, жүзім, жидек өнімдерін өндіру саласы бойынша көптеген озық технологияларды көзіммен көріп таныстым. Егістіктер толығымен тамшылату құрылғысымен жабдықталған, оларды өңдеу, арам шөптерін отау, химиялық препараттармен өңдеу, өнімді жинау және оларды жыл бойы сақтау бәрі көбіне техникалық жабықтармен атқарылады.
Осындай озық технологияларды еліміздің өндіруші секторына енгізу әлемнің дамыған елу мемлекетінің қатарына ену статегиясыын жүзеге асыруғаа септігін тигізеді. Бұл осы сала бойынша көптеген мүмкіншілігі бар біздің еліміз үшін пайдалы болмақ.


Скачать


zharar.kz