Африкалық марабу - көкқұтандар туысының құсы, және оның ірі өкіліне жатады

Скачать

Африкалық марабу – көкқұтандар туысының құсы, және оның ірі өкіліне жатады. Сахараның оңтүстігінен бастап Африканың көп бөлігіне таралған. Саваннаны және басқа да ашық кеңістіктерді мекендейді.
Дене құрылысы: ұзындығы 115-152 см, салмағы 4 – 8,9 кг. Жеке жағдайларда қанатының ұзындығы 320 см-ге дейін жетуі мүмкін. Еркектері ұрғашыларынан үлкенірек болады. Сыртқы келбеті: мойны жалаңаш, басы және мойны сирек түктермен қапталған, иықтарындағы мойын жағасының түктері жақсы дамыған.Ұзындығы 34,6 см-ге жететін үлкен тұмсығы бірден көзге түседі.Кемпірқосақ тәрізді қара түс – африкалық марабулардың басқа түрлерінен ерекшелеп тұрады.
Таралуы: Африкалық марабу Сенегал және Гамбиядан шығысқа қарай Эритрия мен Сомалиге дейін, оңтүстік африкалық Квазулу-Натал провинциясының оңтүстігіне дейін және Трансвааль аймағына таралған. Ареалдың солтүстік шекарасы оңтүстік Мали, оңтүстік Нигер, оңтүстік Судан, оңтүстік Эфиопия арқылы Сахараның оңтүстігінен өтеді.Құрғақ саванналарды, батпақтарды, балыққа бай өзендер мен көлдерді, және де кеуіп кеткен аңғарларды да мекендейді. Кейбір кездерде антропогендік ландшафттарды да мекендейді, тіпті үлкен қалаларда да ұя салады, мысалы Кампальдың орталық аудандарындада ұя салған.
Африкалық марабу,ең алдымен өлексемен қоректенетін құс ретінде белгілі.Осы қасиетіне байланысты бұл құсты басқа марабулармен, үнді марабуымен байланыстырады. Қатал бәсекелестікке қарамастан, алыс туыс құс топтары бірін-бірі толықтырып тұрады. қуатты және өткір тұмсықтары құлаған жануардың қалың терісін тесіп өтуге мүмкіндік береді.Марабудың ас қорыту жүйесі үлкен сүйектерді қорытуға қабілетті.Бірақ, үлкен беделіне қарамастан, марабулар талғамсыз тамақтнатын жануарларға жатады. Марабулар өлексені жеумен қатар, орта кеміргіштерді,балықтарды,жыландарды,кесіркелерді,бақаларды,инеліктерді,термиттерді аулайды, кейде кішкентай құстардың ұясын бұзып кетеді. Африка халқының өсуі мен урбанизациясы, марабулардың өсуіне қолайлы әсер етті. Ол санитар-қоқысшы қызметін атқару арқылы, елдімекендердегі азық-түлік қоқыс үйіндәлерімен жиі қоректенеді.


Скачать


zharar.kz