Файлдармен жұмыс істейтін командалар

Скачать

Қоршам – бұл ОЖ-дың басқаруымен іске косылатын және осы ОЖ-мен адамның жұмыс істеуіне көмектеседі. Қоршам – программасы компьютердің барлық файлдық құрылымын: дискілерді каталогтарды және файлдарды зкраннан көрнекті (наглядно) етіп көрсетеді.
Мұндай программа мен командалық жол арқылы (в командной строке) MS DOS-тың күрделі командасын теріп жатудың еш қажеті жоқ. Файлдарды бар-жоғы бірнеше пернені пайдаланып, іздестіруге, көшіруге, ауыстыруға, жоюға, сұрыптауға, өзгертуге және іске қосуға болады. Қоршам-программасы командаларды MS DOS (DOS Navigator,Volkov Commander) тіліне аударады.
Windows 9.х-тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардың ұзынсонар (длинные) информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды да назарға алмауға (допускаются даже пробелы), кез келген объектіні экранның кез келген жерінен ауыстыруға әрі экранның кез келген жерінен контекстік мәзірді (контексное меню) шақырып, контекстік кемекке жүгінуге болады.
ОЖ-дың бірінші нұсқасы Windows NТ нарықта алғаш рет 1993 жылы пайда болды, қазіргі уақытта оның 3.5 және 4.0 нұсқалары әр түрлі ұйымдар, банктер, өнеркәсіптік және жекелеген пайдаланушылар кеңінен қолданылып жүр.
Windows 2000 – көптеген сервистік пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілсе де, пайдалануда үлкен қиындықтары бар Windows NТ және Windows 9.х екеуінің мүмкіндіктерін біріктірген операциялық жүйе. Windows 2000 негізіңде оңтайландырылған нұсқа ретінде Windows МЕ - Windows9.х.-ны дамытушы болып табылатын ОЖ нұсқасы жасалды. Windows ОЖ-дың жаңа - 2002 жылғы нұсқасы - Windows ХР жасалды. Windows ХР Windows 2000-да пайдаланылған технологиялардың негізінде әзірленді. Ол үйдегі және кеңседегі компыотерде жұмыс істеуге қолайлы әрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows ХР жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан және қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек).
Windows тобындағы операциялық жүйенің артықшылығы – пайдаланылатын интерфейстер (қоршам) бірыңғайластырылған. Осының арқасында – әр түрлі программаларда олардың жұмысын басқарудың біркелкі (бірдей) принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Мұнда әрбір программа терезе деп аталатын жекелеген тік бұрышты аймақтарға орналасады. Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлшеуге, бір-біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына (ярлык) (пиктограммалар немесе таңбаша) дейін кемітуге болады.
Windows, 0S2, Unix жүйелері көп программалығына қарай әрі оларға қосылатын желілік мүмкіндіктерге қарай әлдеқайда күрделі болып кедледі.
Unix ОЖ-дың басты ерекшелігі - модульдігінде, ЭЕМ-ның басқа тұрпаттарын (типтерін) жеңіл тасымалдайтындығында және негізгі міндеттері жаңа жүйелік программаларды жасау болып табылатын мамандарға жайлы жағдай тудыруға мүмкіндік беретін жүйелік программаның мол жиынына ие.
Жүйе 1969 жылы жасалып, әсіресе телефон компанияларының арасында ерекше танымал болып үлгерді, өйткені ол диалог режимінде және уақыттың белгілі бір аралығында желілердегі жұмыстың орындалуын қамтамасыз етгі.
Windows ОЖ-ды жасауда Microsoft фирмасы объектік-бағдарланған тәсілді пайдаланды. Пайдалану деңгейінде мұндай тәсіл мынаны білдіреді: интерфейс нақты әлемге ұқсастықты (подобие реального мира) білдіреді, ал ЭЕМ-мен жұмыс істеу жай ғана объектімен әрекет етуге (іс-қимыл жасауға) келіп тіреледі (сводится). Папканы ашуға, жабуға, жылжытуға, портфельге жинауға болады. Құжаттарды қарап көруге, түзеуге, бірорыннан басқа орынға ауыстырып қоюға, жоюға немесе кәрзеңкеге тастауға болады. BIOS-ТЕСҚ-да орналасқан, компьютердің барлық блоктарының қосылғанын тексереді және енгізу - шығарудың біршама жай операцияларын орындайды. Тексерген соң басқаруды BR - дің алғашқы іске қосу блогына береді.
BR - жүйелік дискіде орналасқан. Оның қызметі - IO.SYS және MSDOS.SYS модульдерін жедел жадқа оқып, іске қосады.
IO.SYS - енгізу- шығарудың базалық жүйесіне қосымша болып табылады, яғни қосымша сыртқы құрылғыларды қаматамасыз ететін драйверлерді BIOS толықтыруға мүмкіндік береді.
MSDOS.SYS - бұл негізгі модуль, файл жүйесінің жұмысын, дискілермен ақпаратпен алмасу, бағдарлама жұмысының аяқталуын қамтамасыз етеді.
COMMAND.COM процессор - командаларды енгізілген бағдарламаларды өңдейді, пернетақтадан командаларды қабылдайды және синтаксистік талдау жасайды, ішкі және сыртқы командаларды іске қосады әрі орындайды, қолданбалы бағдарламаларды іске қосып орындайды.
Сыртқы командалар олар 30 - дан артық. Бұл бағдарламалар қызмет көрсету сипатында болады.
Құрылғылар драйверлері - бұл енгізу - шығару блогын толықтыратын және жаңа құрылғыларға қызмет етуді қамтамасыз ететін арнаулы бағдарламалар. Драйверлердің аттары CONFIG.SYS файлында жазылады.
Файл - бұл белгілі бір атпен дискіде сақталатын ақпараттар жинағы.
Файлдың аты екі бөлімнен тұрады: ұзындығы 1-ден 8-ге дейінгі символдардан тұратын және 3 символға дейінгі қосымшадан (кеңейтілуі – расширение) тұрады. Ат пен қосымша бір – бірінен бос орынсыз нүктемен бөлінеді. Мысалы: PRIMER.TXT мұндағы PRIMER- файлдың аты, TXT - қосымшасы.
Каталог - бұл файлдардың аттары мен олардың мөлшері туралы мәліметтер, олардың соңғы жаңару уақыты т.б. сақталатын дискідегі арнайы орын.
* және ? символдары файлдармен жұмысты жеңілдету үшін және бір каталогтегі файлдар тобын көрсету үшін файлдар аттары мен қосымшаларында * және ? символдарын қолдануға болады.
* символы кез-келген символдардың кез-келген санын білдіреді.
? символы бір кез-келген символдың бар екенін, не жоқ екенін білдіреді.
Мысалы *.SYS - аты кез-келген, бірақ SYS қосымшасы бар барлық файлдар.
????.SYS - аттары төрт символдан тұратын және SYS қосымшасы бар барлық файлдар
MS DOS-тың барлық командалары резиденттік және транзитті болып екі топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар қарапайым және жиі қолданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, REN, DEL, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзиттік (сыртқы, жүктелінетін) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады. FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISK COPY және т.б.

Резидентті (ішкі) командалар
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар

Бұл топқа DIR, MD, RD, CD, командалары жатады.
DIR - каталогтардың мазмұнын шығару командасы;
DIR диск: жол

CD-ағымдағы каталогты өзгерту командасы;
CD\жол
мысалы: CD\NC\NC.EXE NC - каталогына өту және NC.EXE файлының орындалуы

MD – жаңа католог құру командасы;
MD диск енгізгіш: жол
мысалы: VD A:\PRIMER A дискісінде PRIMER каталогын ашу.
RD-ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы,
C:\STUDENT\BASICrd tecno2
STUDENT каталогының ішіндегі екінші дәрежелі BASIC атты ішкі каталогының үшінші дәрежелі tecno2 ішкі каталогын жою.

Файлдармен жұмыс істейтін командалар
Бұл топқа COPY, REM, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т.с.с. командалар жатады.
FORMAT – дискетті форматтау командасы;
FORMAT диск енгізгіш: параметрлер
мысалы: FORMAT A:S A дискетін форматтау және оны жүйелі етіп жасау.
DEL – файлдарды жою командасы;
DEL файл аты
REN - файлдың атын өзгерту командасы;
REN файлдың ескі аты файлдың жаңа аты
Мысалы: PRIMER.DOC TEХT.DOC ағымдағы катологтың PRIMER.DOC файлын TEХT.DOC жаңа атты файлға өзгерту
COPY – файлдардың көшірмесін алу командасы;
COPY жол \1-ші файл аты\ 2-ші файл аты
FILEFIND – дискідегі файлдарды іздеу командасы;
Мысалы: FILEFIND* :PRIMER.*– PRIMER файлын кез-келген қосымшамен және кез - келген дискіден іздеу.


Скачать


zharar.kz