Несие операциялары

Скачать

Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы каңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.
1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 % -ға, ал көкек айында - 56,4% -ға өсті.
Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг аяу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эммиссиясының ықтималдылығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп Үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жж. берілген қарыздары бойынша айып-пұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртібіне ықпал етті.
Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің Резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің) операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтиіжесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.
Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
1995 жылдың ортасынан бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай, ол - 386,6 млн. теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әр түрлі қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында болған жалпы сомадағы үлесі 6,8% құрады.
Ақша массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 ж. жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын Реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.


Скачать


zharar.kz