Қазақстанның сыртқы саясаты. туралы

Скачать

Қазақстанның сыртқы саясаты.
Біз ТМД-ға аймақтық ұйым мәртебесін беру туралы концепциясын қолдаймыз және Достастықпеносындай ұйым ретінде ынтымақтасатын боламыз. Қазақстан ТМД- ы іс әрекетке қабілетті құрылым деп есептейді. Бұған едәуір мөлшерде Президенттің бастамасы бойынша Мәскеуде Мемлекетаралық экономикалық комитеттің құрылуы өз жәрдемін тигізді.
Екі жақты қатынастар деңгейінде қазіргі кезде Украина, Беларусь, Кавказ сырқты елдерімен, сондай-ақ Балтық мемлекеттерімен ынтымақтастықты күшейтуге күш-жігер жұмсауымыз керек. Орта Азиялық әріптестерімізбен өзара қарым-қатынасымызды үнемі назарда ұстауға тиіспіз.Мұның барлығы Орталық аппарат пен елшіліктердің өзара іс-әрекеттерін тығыз қажет етеді. Жаңаша жолдар іздестіру қажет, әйтсе де бұрын қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін барлық нәрсені жасау керек.Осы мәселенің екінші бөлігіне қатысты айтсақ, онда бұл арада екі тарап та да: орталық ақпаратта да, елшіліктерге де үлкен кемшіліктердің орын алғанын мойындауға тиіспіз.З /7-бет/
АҚШ - пен ынтымақтастық біз үшін жоғары дәрежедегі үлкен маңыздылығын сақтап қала береді. Біз бұл Державамен өзара қарым-қатынасымызды, қол жеткізген жетістіктерімізді бағалай білуге тиіспіз. ҚР Президентінің жұмсаған күш жігерінің арқасында Қазақстан Орталық Азия аймағындағы АҚШ - пен әріптестік деңгейіне көтерілген бірден-бір елге айналды. АҚШ-пен қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдерді тізіп шығудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Тек қана Қазақстанның сыртқы саясатында американ бағыты да басымдылыққа ие болуға тиіс екенін атап өткім келеді. Бұл державамен ынтымақтастық болмаса, біздің сыртқы саясатымыздың теңдестірілген сипаты туралы айтудың ешқандай да мәні жоқ. Американ бағытындағы практикалық жұмысты үнемі үдете түсуіміз қажет Қол қойылған келісімдерді орындау процесін жете бақылап отыруымыз керек. 4/8бет/
Сыртқы ісминінің ұзақа мерзімдік функционалдық міндетінің бірі Каспий проблемасы болып табылады. Жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Ресей, Әзірбайжан, Иран мен кеңесулер жүргізілуде. Жағдай барынша ойланарлық күйде, өйткені біздің Каспиден айрылып қалу қаупі туып отыр. Бұл міндеттің ұзақ мерзімдік екенін ескере отырып, Қазақстан айқындамасын халықаралық — құқықтық негіздеуге күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет. Ресей, Иран, Әзірбайжандағы елшіліктеріміз өз жоспарларына осы бағыттағы жұмыстарды енгізуге тиісті. Бұл жақта, Орталықта, Каспий проблемалары жөніндегі сектор немесе топ құрған дұрыс.
Өйткені жарты жыл Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылғаннан кейін оның халықаралық беделінің нығаюымен ерекшеленеді. Қазақстанның бұл құжатты мерзімсіз кезеңге және сөзсіз түрде ұзарту пайдасына айтқан пікірі көптеген мемлекеттердің пікірімен үйлеспей қалған жоқ. Біз Ядролық Державалар тарапынан бізді қауіпсіздіктің сенімді кепілін алуға жеткізген ядролық қарусыздану жолына бекем бел будық.
Орталық аппаратпен оның шет елдердегі мекемелерінің өзара бірлескен іс-әрекеті туралы бір-екі ауыз айта кетейін. Бул — актуальды мәселе. Бұл проблемалар жөнінде министрдің орынбасарлары, елшілер, Сыртқыісмині ортылқ аппаратының нақты бағыттарының басшылары өз ойларын білдіре жатар.5/9бет/
Тұтастай алғанда ортальіқ пен елшіліктердің өзара іс-әрекеті қанағаттанарлық деңгейге жеті деп айта аламын. Бұларсыз Президенттің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру мүмкіндігі туралы айтуда мүмкін болмас еді. Әйтсе де әрбір іс-әрекеттегі сияқты мұнда да кемшілік болмай тұрмайды. Ол тиісті түрде елшіліктердің ақпаратына көбінесе көңіл бөлмейтін орталық аппараттың кінәсінен де, сондай-ақ белгілі қытай мақалында айтылғандай, терең құдықтың ішінде отырып аспанның көлемі туралы ойлайтын жергілікті проблемалар мен ғана шектеліп, кейде қазіргі талаптарға ілесе алмайтын елшіліктердің кінәсінен де болып жатады.
Сондықтан да алдымьізға елшіліктер мен орталық аппарат арасындағы өзара іскерлік әрекеттерді одан әрі қарай ньіғайту міндетін қойып отырамын.
Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол Дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуді. Мұның жарқын дәлелі - Қазақстан Республикасының БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы. Елімізідің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-1 Шартына, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық еделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы партияға" қол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылуы, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік белгілері жәрдемдесті.
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына — Халықаралық валюта қорына, бүкіл дүниежүзілік банкіге еуропалық қайта құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еурорпалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына белсенді түрде жұмыс істеуде. 6/10 бет/
Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның аймағы - ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО - ның демеуімен аталып өтуі.
Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-і мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетімізідің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға суйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, өткен тақырыпта айтылғандай, қызуар қазба байлықтарымыз. 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі.
Мен орынбасарларыма бұл жұмысқа елшіліктерді тарту жолымен сыртқы саясатының жекелеген бағыттарына жетекшілік жасаудың күшейтілуін тапсырдым. 7/11 бет/
Дипломатиялық ұжымдарда іскерлік жағдайын нығайтудың маңыздылығын атап өтуді қажет деп санаймын. Біз түкке тұрмайтын, ойдан шығарылған мәселелерге назар әударуға, өзара қырқысуға және өсек аяңдарға жол беруге Үзілді-кесілді қарсымыз, бұл мәселеде министрлік аппаратының басшыларына және елшілерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өзім ешқашан да шегінбейтін менің ұстанған мұратым — ол басшылықтағы демократиялық пен талап қоюшылықты нәзік түрде үйлестіре білу. Сыртқы ісмині - бұл осы мекемеде таяқпен орнататын, адамның жеке басын езіп - жаншитын тәртіп болуы мүмкін емес ерекше ұйым.
Мен бас ал десе, шаш алатын, қабырғасын қақыратып, омыртқасын опыратын тәртіпке мүлде қарсымын.
Талап қоюшылықты — диктаторлықпен ал тәртіптілікті - басшылық алдындағы жағымпаздықпен шатастыруға болмайды. Дипломатиялық қызмет жүйесіндегі басшылық орындарда отырғандардың барлығынан тап осындай жол ұстануын сұрар едім.8/12бет/
ЭЫҰ қызметінің нақты (жұмысындағы) мәселелерін министрдің орынбасарларының біріне жүктеуді есте ұстап отырмыз. Тиісті тапсырмалар мен бейімделу іс бағыттарын негізгі атқарушы ретінде ирандағы елшілік тағайындалады.
Азия елдерімен екі жақты қатынастарға келсек, бұл жерде Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында салмақты жұмыстар жасалған. Ең алдымен әңгіме Оңтүстік Кореямен, Индонезия, Түркиямен ең жоғары деңгейде кездесулер ұйымдастыру туралы болып отыр. Индиямен, Пакистанмен байланыстар күшейді. Президенттің Қытайға сапары табысты аяқталды. Пакистанның лидері Беназир Бухутонның Қазақстанға сапарының маңызы зор болды.
Қазақстанның таяу Шығыстық саясаты үшін Израильдің сыртқы саясат ведомсвасының басшысы, бейбітшілікті нығайту ісі үшін Нобель сыйлығына ие болған Шимон Перестің саперы маңызы аса зор оқиға болып табылды.
Тұтасымен алғанда, таяу шығыстық бағыт белсенділікті қажет етеді. Бұл Қазақстанның осы аймақтағы жеткіліксіз түрде танымал болғанына байланысты сияқты. Египеттегі елшілік Қазақстан үшін Таяу Шығыстағы қазіргі бар мүмкінділіктерге анық сәйкес жауап емес. Ақшалай қаражаттардың жет


Скачать


zharar.kz