Пән Дисциплина Экономикалық ілімдер тарихы
Курсыкурс _1_
МамандықСпециальность 5В050500 Экономика
Кафедрасы Кафедра Экономика және бизнес
Факультеті Экономика, құқық және гуманиталық ғылымдар факультеті
2 межелік бақылау
1. Төмендегі экономистердің қайсысы бәсекелестік социализм теориясының авторы болып табылмайды?
A)К.Маркс
B)А.Пигу
C)А.Лернер
D)Р.Моссе
E)В.Ленин
2. Марксизмнің теориялық бастамасы болып табылады:
A)Неміс философиясы, классикалық саяси экономия, утопиялық социализм
B)Ағылшындық саяси экономия, шекті пайдалылықтың австриялық теориясы
C)Батыс-еуропалық утопиялық социализм, үш факторлы теория
D)Ұлттық экономика теориясы, классикалық саяси экономия
E)Германия мектебінің теориясы, утопиялық социализм
3. Маржинализмнің негізін қалаушылардың бірі И.Г.Тюнен ең үлкен таза табысқа келесі жағдайда жетуге болатындығын дәлелдейді:
A)өндіріс факторларының шекті шығындарының жиынтығы өнімнің шекті пайдалылығына тең болады
B)өндіріс факторларының шекті шығындарының жиынтығы өнімнің шекті пайдалылығынан көп болады
C)өндіріс факторларының шекті шығындарының жиынтығы өнімнің шекті пайдалылығынан аз болады
D)өндіріс факторларының шекті шығындарының жиынтығы өнімнің шекті пайдалылығына тең болмайды
E)шекті пайдалылық минималды болады
4. Ж.Дюпон теоремасы бойынша қоғамға:
A)Тұтынушылар көп төлей алған жағдайдың өзінде де қоғамдық қызметке деген тарифті көтерген тиімсіз
B)Тұтынушылар көп төлей алған жағдайдың өзінде де қоғамдық қызметке деген тарифті төмендеткен тиімсіз
C)Тұтынушылардың төлем қабілетінің нашар болуына қарамастан қоғамдық қызметке деген тарифті көтерген тиімді
D)Дұрыс жауабы жоқ
E)Барлық жауабы дұрыс
5. Байлық философиясы (1886ж.) және Байлықты бөлу (1899ж.)
еңбектерінің авторы кім?
A)Дж.Б.Кларк (1847-1938жж.)
B)Ф.Визер (1851-1926жж.)
C)А.Маршалл (1842-1924жж.)
D)К.Менгер (1840-1921жж.)
E)О. Бем-Баверк (1851-1914жж.)
6. Қай экономист австриялық мектепке кірмейді:
A)Бем-Баверк
B)Маршалл
C)Менгер
D)Визер
E) барлық экономистер кіреді
7. Байлық және әл-ауқаттылық (1912ж.) кітабын, экономикалық әл- ауқаттылық теорияларын кім жүзеге асырды:
A)А. Пигу (1877-1959 жж.)
B)И.Фишер (1867-1947 жж.)
C)В.Парето (1848-1923 жж.)
D)Дж.Кейнс (1883-1946 жж.)
E)Дж.Б. Кларк (1847-1938 жж.)
8. Сұраныстың бағалық икемділігі ұғымын қай ғалым айтты?
A)Д.Рикардо
B)М.Фридмен
C)Ф.Лист
D)А.Маршалл
E)Т.Веблен
9. Нарыққа мемлекеттің араласуын либерализмнің негізін қалаушы дәлелдеді. Ол кім?
A)Эйген Бем-Баверк
B)Пол Хейне
C)Артур Лаффер
D)Людвиг Мизес
E)Джоан Робинсон
10. Қашан және қайда институционалдық бағыт құрылды?
A)20-30жж. ХХғ. АҚШ-та
B)ХIХғ. соңында АҚШ-та
C)70ж. ХХғ. Германияда
D)ХVIIғ. Англияда
E)VIIIғ. ортасында Францияда
11. Техноқұрылым деген не?
A)ғылыми-техникалық интеллигенция
B)ақ жағалар
C)көк жағалар
D)өнеркәсіптің техникалық жабдықталуы
E)техникалық интеллигенция
12. Дж. К.Гэлбрейттің конвергенция теориясының негізі неде?
A)өшіру, қоғамдық жүйені араластыру (капитализмді және социализмді)
B)халық капитализмнің қалыптасуы
C)менеджердің жаңа рөлі
D)натуралды шаруашылыққа оралу
E)тауарлық шаруашылықтың қалыптасуы
13. Фирманың пайда болуы - мәліметтер және контрагенттер іздеу, келіссөздер
жүргізу, нәтижелер және заңгерлік келісімдердің жүру шығындарына
байланысты, деп есептейді Коуз. Ол қандай шығындар?
A)трансакциялық шығындар
B)тұрақты шығындар
C)өзгермелі шығындар
D)шекті шығындар
E)өндіріс шығындары
14. Келесі тұжырымдамалардың қайсысын Дж.Кейнс сынады?
A)нарықтың өздігінен реттеу теориясын
B)ақшаның сандық теориясын
C)Сэйдің нарық теориясын
D)барлық аталған концепцияларды Кейнс сынады
E)дағдарыс теориясын
15. Дж.Кейнстің теориясы бойынша мультипликатор дегеніміз?
A)Мемлекетте ынталандыру инвестициясын көбейту
B)инвестиция өсуі
C)ЖҰӨ өсуі
D)Баға деңгейінің өсуі
E)Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі
16. Неокейнсшілдер пікірі бойынша экономикалық өсуге не жеткізеді?
A)Жоғары кумулятивті процесс
B)мультипликатор әсері
C)үдеткіш әсері
D)Пигу әсері
E)В.Леонтьев қайшылығы
17. Қай неолиберал өкілі экономикаға мемлекеттің араласуын жоққа толық
шығарады?
A)Л.Мизес және Ф.Хайек
B)В.Ойкен және Л.Эрхард
C)М.Фридман
D)В.Репке және Ж.Рюэфф
E)В.Репке және В.Ойкен
18. Соғыстан кейінгі Батыс Германиялық экономикалық ғажайып-тың құрастырушысы кім?
A)Л.Эрхард
B)В.Ойкен
C)М.Фридман
D)К.Маркс
E)Л.Рюстов
19. Швед мектебінің теориясы кейнстік макроэкономикалық мектебінен көп жағынан ұтады. Бірақ екеуінің арасында белгілі айырмашылықтар бар. Қай сұрақтарға келіспейтіндерін көрсетіңіз:
A)Жинақтар мен инвестициялар арасындағы өзара байланысты
B)Бюджет тапшылығына қатынастар
C)Антикризистік шаралар жүйесіне салық саясатының рөлін бағалауда
D)Дағдарыс кезіндегі пайыз нормасы
E)Барлық сұрақтарға келіседі
20. М.Фридмен 60-жылдары Кейнстік мемлекет шығындар және мемлекеттің экономикалық өмірге араласуын қолдаған саясатқа қарсы болғаны мәлім. Бірақ Кейнстің қай теориялық тезисін жоққа шығарды?
A)Реттеуде маңызды рөль бюджет саясаты болып табылады
B)Ақша тек айналыс құралы ғана емес, байлық жинау құралы да болады
C)Қоғамда экономикалық мәселенің болуы сұранысқа емес, ұсынысқа байланысты
D)Жоғарыдағы тұжырымдамалардың барлығы дұрыс
E)М.Фридмен Кейнстің теориясына қайшы шықпаған
21. Ұсыныс экономикасы теориясының негізін қалаушы кім?
A)А.Лаффер
B)Т.Веблен
C)Ф.Хайек
D)М.Фридман
E)М.Вебер
22. М * У = Р * Q? айырбас теңдігі кімге жатады? Мұндағы М – ақша мөлшері, У - айналым жылдамдығы, Р – орташа есептелінген баға деңгейі, Q - тауар айналым көлемі.
A)И.Фишер
B)Е.Домару
C)К.Маркс
D)М.Фридман
E)Л.Вальрас
23. Н.Д.Кондратьевтің ұзын экономикалық толқындарының басты белгілері мынада:
A)Жоғарылау фаза дәуірлері саяси және әлеуметтік күйзелістермен қосады
B)Төмендеу фаза ауыл шаруашылық ұзақ дағдарысымен ерекшеленеді
C)Әдеттегі циклдер төмендеу фазасында үлкен дағдарыспен және терең депрессиямен ерекшеленеді
D)Жоғарыда аталғандардың барлығы басты белгілеріне жатады
E)Әрбір цикл 2 фазадан тұрады: көтерілу және төмендеу
24. Н.Кондратьев есептейді, үлкен циклді толқын созылады:
A)48-55 жылдар
B)60-70 жылдар
C)30-40 жылдар
D)80-90 жылдар
E)25-30 жылдар
25. Совет экономистерінің қайсысы экономика саласында нобель сыйлығына лайықталған?
A)Л.Канторович
B)Н.Кондратьев
C)Б.Немчинов
D)А.Чаянов
E)В.Новожилов
26. Ауылшаруашылық құрылғыларға, құрылысқа, малға және т.б. кеткен шығындарды Ф.Кенэ төмендегідей атаған:
A)Бастапқы аванс
B)Жыл сайынғы аванс
C)Негізгі капитал
D)Айналмалы капитал
E)Өндіріс құралдары
27. Орта Азия ғалымдары ішінен кім Қазақстандағы экономикалық ойдың негізін салушы?
A)Аль-Фараби
B)Ибн-Хальдун
C)Ибн-Сина
D)Бируни
E)Улықбек
28. Ш. Уалихановтың көзқарастарының пайда болуына кім ықпал жасады?
A)Н.Чернышевский
B)А.Добролюбов
C)К.Маркс
D)Декабристер
E)Ф.Достоевский
29. Қырғыздардың көшуі туралы жұмыс қай авторға жатады?
A)Ш.Уалиханов
B)А.Кунанбаев
C)Ы.Алтынсарин
D)С.Торайғыров
E)Т.Рысқұлов
30. Қазіргі кезеңдегі қай қазақстандық экономисттер Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық ойлардың дамуы мен қайта құру сұрақтарын қарастыруда?
A)М.Елеусізов, Д.Қабдиев, К.Бейсембиев
B)С.Сатыбалдин, Я.Аубакиров, Т.Ашимбаев
C)К.Сағадиев, А.Қошанов, М.Кенжеғазин
D)К.Оқаев, П.Хамитов, Ж.Ихданов
E)Ш.Мамыров, К.Оқаев, К.Бердалиев