ПСИ маркілі ұшқын аулағышы бар кептіргіш қоректендіргіші

Скачать

Соңғы жылдары көптеген мақта зауыттарында кептіргіштердің консольды шнекті органдары бар қоректендіргіштері лоткалы немесе пневматикалық типтегі қолдан жасалған құралдарға ауыстырылды. ЦНИИХпром зерттеулері және зауыттар жұмыс тәжірибелері көрсеткендей барилық дайындалған қоректендіргіштер әр жерде әртүрлі дайын.далған, оларды пайдалану кептіруге жұмсалатын отын шығынын арттырады және шикі мақтаның аздап ластануымен күзетіледі.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып ЦНИИХпром және мақта тазалау бойынша ТГСКБ Өзбекстан Ренспубликасы мақта шаруашылығы жетекшілерімен бірлесе отырып мақта кептіргіштерінің қоректендіргіштері схемаларын жетілдіріп және аяғына дейін жеткізді.
1 суретте мақта кептіргішінің қоректендірілу схемасы келтірілген, ол ұшқын аулаушыдан 1 және қоректендіру түйінінен 2 тұрады. Соңғысы жылжымалы түрде цапфаға 3 кіріп барабанмен 4 қосылады және СС-15А қырғышты сепаратор шахтасымен 5 байланысады. Екінші жағынан ұшқын аулаушы газ жүретін жолмен 6 байланысады, ал түтін жолы өз кезегінде жылу генератормен байланысқан (суретте келтірілмеген).
Қоректендіргіштің принципиальды схемасы 2 суретте келтірілген және горизонтальды газ жүру жолынан тұрады, газ жүру жолы 1 және 2 түтікшелерден тұрады, сонымен қатар қоректендіргіш құрамына түтікшеге 2 бекітілген белгілеуші құрылғы 3, колосникті торр 4 және қатты қоспаларды жинау бөлігі 5 қарастырылған, жинау бөлігі өз кезегінде ластаушы қоспаларды аластату үшін арналған люкпен жабдықталған. Түтікше 1 конуспен 7 жабдықталған, ол түтікше 2 кіріп тұрады және еңісті лоткамен 8 шикі мақтаны беру бөлігімен байланысады. Барабан цапфачымен қосылу орнында оптимальды қуысқөа ие болу үшін қоректендіргіштер құрамында табақты жолақтан жасалған жартылай сақина қарастырылған (сурет 2), ол түтікше обечайкасына 1 монтаждау кезінде бекітіледі. Лоток түтікше 2 тарапынан жылу оқшаулаушы қабатпен 10 қапталған.
Қоректендіруші келесідей түрде жұмыс атқарады. Жылу тас ымалдаушы, газ жолы бойынша беріліп 6 шнекті шикі мақта тиелген құралмен 3 кезігеді, оның үкісін иіп, бұралады, және одан ары лотка бойынша құлап жатқан 8 шикі мақтамен араласып кептіру барабанына 4 келіп түседі. Бұралған ағынды беру шикі мақтамен бірге барабанның кептіру көлемін мүмкіндігінше максималды пайдалануға мүмкіндік береді және кептіру процесі және тазалау (С60 кептіргіштерінде) интенсивтендіріледі.
Шнекті түтін жолымен араласатын ағынның болуы жылу тасмымалдағыш ағыннан балқыған немесе газ тәріәзді емес қатты бөлшектерджі бөліп және аулауды қамтамасыз етеді. Жылу тасымалдағышты газ тәрізді емес бөлшектермен араластыруда жалпы жағдайда 3 суретте көрсетілген күштер әсер етеді.
Суреттен көқрініп тұрғандай, бөлшектер қозғалы процесінде тұрақты алмасып отыратын күштер қосындысымен өз мәніне және бағыттарына ие болады. Мысалы, бөлшектер обечайкаға қысылатын күш Р-G ден Р+G дейін өзгереді, мұндағы

Р – ортадан тепкіш күш;
G – гравитациялық күш.
Мұнда үйкеліске қарсыласушы күш сәйкесінше N═(P-G)*f нен N═(P+G)f дейін өзгереді;
Мұндағы: N – үйкеліске қарсыласушы күш;
F – бөлшектердің обечайка материалына үйкелу коэффициенті.
Осыдан, бөлшек нәтижелеуші күш әсерімен қозғалады (бір айналым бойында);
І нүктеде - (F-G-P*f);
ІІ нүктеде - (F-P*f);
ІІІ нүктеде - (F+G-P*f);
ІV нүктеде - [F-(P+G)*f]
Жоғарыда келтірілгендерге саүйене отырып, І нкүтеде бөлшектерге әсер ететін минимальды күш екендігін, және максимальды күш – ІІІ нүктеде әсер ететіндігін байқауға болады. Олардың арасындағңы айырмашылық 2 * G құрайды. Ал II және IV нүктелерде әсер ететін күштер арасындағы апйырма -G*f шамасына тең болады.
Осыдан, бөлшектердің тракторияны құрылымдауында және қозғалуының жылдамдығында бөлшектер массасы мен тығыздығы үлкен роль ойнайтындығын байқауға болады. Бұл тұжырымдар қоректендіргіштерден алынған үлгілерді сынау нәтижелерімен нақтыланады. Алып қарайтын болса, Р өлшенбейтін ұсақ бөлшектерде G жоғары, яғни ол бөлшектер түтікше обечайкасчына қысылады, және ол бүкіл периметрі бойынша жүзеге асырылады, ол бойынша бөлшектер сырғанай отырып, секіріп жүзеге асырылады. Бөлшектердің айналмалы қозғалысы Ғ және N моменттері есебінен мүмкін болады.
Бөлшектердің секіру биіктіктері олардың пішініне және материал серпімділігіне байланысты болады. Конусты бөлігінің ұзындығы 7 осы биіктіктің жылу тасымалдағыш жүру жолы бойынша қозғалу биіктігін есепке ала отырып экспериментальды таңдалады, яғни конус шыңы және түтікше обечайкасы 2 арасындағы қуыс үлкен мүмкін болатын сікірулерді қамтамасыз етеді. Атиалған қуыцстарға секіре отырып бөлшектер ауланып және жинаңышқа 5 келіп түседі.
Ірі және ауыр бөлшектер, яғни Gшамасы P тең болатын бөлшектер обечайкаға тек оның төменгі бөлігімен ғана қысылады. 3 суретте осы сияқты бөлшектің қозғалуының траекториясы көрсетілген. Қоректендіргіште ауыр бөлшектердің винтті траекториясы түтікшеде 2 конусқа 7 жетпей колосникті тор көлденең қабырғаларымен түйіседі. Және соларға соңтығысып бөлшектер жылдамдығы өшіп және оларда жинағышқа 5 келіп түседі.
Олай болса, ауыр қосылыстар конусқа 7 дейінгі бөлікте бөлінеді, ал ұсақ бөлшектер ауланып және (қоюланып және бөлініп) конус 7 жә»не обечайка арасындағы қуыс арқылы жинағышқа беріледі. Тор колосниктерін түтікше 2 обечайкасы радиустары бойынша сәйкес етіп орындау және олардың өз остері бойынша түйісіп орналасуы жылу тасымалдағыш ағынының айналмалы қозғалысына кедергі келтіреді, оның айнала жылдамдығын төмендетпейді, бірақ қатты бөлшектердің аулау сенімділігін арттырады.
Жинағыштан 5 ауланған қатты бөлшектер бүйірлік люктар 6 арқылы аластатылады.
Осы тәрізді бөлшектерді аулау және бөліп алу аталған қоректендіргішпен мақтаның барабанда жану ықтималдылығын азайтады.
Жылу оқшаулағыш өабат 10 лотокты 8 жылу тасымалдағыштың жылулық әсерінене және оның қызып кетуінен қорғайды, ол да өз кезегінде мақтаның жану ықтимальдылығын азайтады.
Аталған қоректендіргіш орнатылып және Ташкент облысының ең ірі ПСкен сияқты мақта зауыттарында эксплуатациялануда. Зауыт жұмыстарының нәтижелері 1987 жылдан бастап мақтаны кептіру процесінің жалпы массада өскендігін және сәйкесінше тазлау машиналарының тиімді жұмыс атқарып жатқандығын көрсетті. Ластаушы немесе бөгде бөлшектердің мөлшері және процестен кейінгі мақтаның жарамсыз болып қалған қалдықтары жөнінен пневматикалық кептіргіштерге қарағанлда осы кептіргіште 0,15 пайызға дейін және шикі мақтаның барабанда жану жағдайлары сирегендігін көрсетті.
Табиғи газды пайдалану жағынан салыстырғанда да бұл кепетіргіштің жұмыс үнемділігін байқауға болады (10-15 пайыз). ПСИ қоректендіргіштерін енгізуден келетін экономикалық тиімділік жылына бұйымға шаққанда 5,0 мың рубль құраған.
1988 жылы Өзбекстан Республикасы мақта шаруашылығы жетекшілерінің тапсырмасы бойынша машина құрылысы мақта зауыттары бойынша қоректендіргіштердің 150 данасын жасап жіберді.


Скачать


zharar.kz