Дамудың ертеңгі күніне бағдарлану

Скачать

Даму қалай жүреді ? Бұл жерде психологиялық заңдылықтар қалай көрінеді? Бұл сұрақтардың мәнін Л.С. Выготскийдің кіші жас оқушыларын оқыту мен дамудың ара қатынасы туралы психологиялық консепциялары негізінде айқындауға болады.
Л.С. Выготский жалпы дамудың тіл, ой, сезім т.б. өзара байланысты екі актуальды және жақын тұрған аймағы туралы идея ұсыныды.
Актуальды даму аймағы машықтар мен тағдылардың бала игеріп алған және солардың негізінде танымдық міндеттерді өздігінен шеше алатын жүйесін бейнелейді. Яғни қазіргі қол жеткізген деңгейі ертеңгі дамудың ірге тасы. Актуальды даму ең таяу даму аймағын, яғни бала өзі немесе үлкендердің көмегімен оқыту процесінде меңгере алатын біліктер аумағын қажет етеді. Баланың ең таяу аймағы – оның ертеңгі күні. Қоршаған ортадағы қолайлы жағдайлар ағымының нәтижесінде ол ерте ме, кеш пе өзінің ертеңгі күніне өздігінен енеді. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық іс-әрекеттер жағдайында бұл даму неғұрлым тезірек болмақ.
Оқу әрекеті барысында ең таяудағы даму аймағы актуальды даму аймағына игі ықпал етіп, бала біртіндеп білім мен тағдыға ие болады. Сөйтіп актуальды дамудың жаңа сатысына көтеріледі. Сонымен бірге ең таяудағы дамудың жаңа аймағы пайда болады. Мұны жақындаған сайын әрі қарай шексіз шегіне беретін көкжиекпен салыстыруға болады. Алайда мұнда мынадай айырмашылық бар: көкжиек шексіз шегіне беретін болса, ал актуальды даму аймағы бала ержеткен асйын ең таяу даму аймағына барған сайын көбірек жақындай түседі, ал кейбір дағды мен біліктер өзінің қалыптасуын аяқтайды. Баладағы психиканың барлық салаларын қалыптасуы оның көпжақты белсенділікті кең өрістеуіне мүмкіндік береді. Соның барысында бір жағынан өзінің біліктері мен қабілеттерін нығайтып жетілдіреді. Адам өмірінің осы сатысындағы даму туралы танымдық процестері мен тілін жетілдіру, байыту ретінде де осыны айтуға болады.
Оқыту мен дамудың ара қатынасы туралы мәселелердің дұрыс шешілуі дамудың екі аймағымен тығыз байланысты. Оқушының меңгерген игілігі оның кешегі табысы. Дамудың аяқтасқан циклдеріне сүйенген оқыту ерекше табыстарға жетелей алмайды. Балаға барлығы оңай болатын оқу ол үшін қызықты болмайды.
Қарқынды даму оқыту актуальдық деңгейден озып, ең жақын даму аймағында тұрған күштерге қозғау салған жағдайда ғана мүмкін болады.
”Педагогика бала дамуының кешегісі емес, ертеңгі күніне бағдар ұстауы тиіс. Сонда ғана ол оқыту процесінде ең таяу тұрған аймақтағы даму процесіне тіршілік тынысын дарыта алады.” (Л.С. Выготский. Собр.соч. в 2-томах , т. I. М., 1982. с. 251)
”Балалық шақта дамудан ілгері тұрып, оны үнемі алға жетелеп отыратын оқыту ғана жақсы” (Л.С. Выготский. с. 250). Оқушы Л.С. Выготскийдің пікірінше, қазіргі игерген білім дағдаларының емес, қайта дамуға бейімделген мүмкіншіліктерінің деңгейінде тұрады. Оңың ертенгі күнін анықтайтын да нақ осы мүмкіншіліктер. Бұл идеяны Л.С. Выготский былайша өрбітеді: ”Оқыту ең таяу тұрған аймағы анықтайтын кезең аясында жүзеге асқанда ғана неғұрлым жемісті болмақ ” (Л.С. Выготский. с. 252)
Тіл дамыту жаттығулары баланы ешқандай күш-жігер жұмсауын қажет етпесе, онда жаттығулар ұнамды эмоциялар тудырмайды. Өйткені бұл жағдайда алға басу, дамуға ыңғайластырылған өзінің бар мүмкіндіктерін қанағаттандыру сезімін басынан кешірмейді. Нәтижеде ондай жаттығулар орындамау тілегі пайда болады оқудың мән-мағыналығы қолдан шығып кетеді. Таңымдық қызметтің мақсатсыздығынан пайда болған психологиялық жайсыздық нақ сол қиыншылық келтіретін кедергі болып табылады. Жақын арадағы даму деңгейіне сай келетін танымдық міндет, танымдық күш-жігерді, ерікті және жаңа әдістерді іздестіруді талап етеді, пісіп-жетілген және іс-әрекет жасауға әзір тұрған функцияларды күшейтеді. Баланың бойында қойылған мақсатқа деген ынта, оны шешудің тәсілдеріне дағдылануға талпыныс шама келетін қиындықты жеңу тілегі пайда болады. Сондықтан тіл дамыту процесі жалпы оқу процесінің өзі мәжбірлеу емес, қайта қанағаттану сезімін тудыратын іс білмеуден білуге қарай жүретін қозғалыс ретінде бастан кешіріледі.
Нағыз педагогиканың міндеті баланы өзінің ертеңгі күніне бағдарлау. Алайда ең басты қиындық актуальдық және ең жақын тұрған даму аймағын дұрыс анықтауда. Жекелеген оқу міндеттерді жүзеге асыру кезіндегі оқушының дербестік өлшем қызметін атқаруы мүмкін. Егер бала берілген жаттығуды өз бетінше орындаса бұл үшін қабілет дағдысы актуальды даму аймағында тұр деп есептеуге болады. Егер тапсырманы ересектердің (мұғалім, тәрбиеші) көмегінсіз орындай алмаса, демек мәселені шешу процесінде сүйенетін механиздер пісіп-жетілмеген, дамуды ең жақын аймағында тұр деген сөз. Егер оқушы ересектер көмектескен күнде де тіл дамыту жаттығуын орындай алмаса, онда бұл оқу процесіне сәйсес келетін функциональдық күштер ең жақын даму аймағының шегінен тысқары деп ұйғарған жөн. Оқушы бойындағы мүмкіншіліктерді анықтау мұғалімнің шеберлігіне, оның дер кезінде көмек беріп, оқушымен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнату қабілетіне байланысты екені айқын. ” Ынтымақтастық арқылы, – деп жазды Л.С. Выготский, - біреудің көмегімен оқушы әрқашан көп нәрсе істеп, дербес жұмыс істеуге қарағанда едәуір қиын есептерді шығара алады... ынтымақтастық арқылы бала дербес жұмыстарға қарағанда неғұрлым күштірек және ақылдырақ болып шығады, ол өзі шешетін интелектуалдық қиыншылықтардың деңгейі жөнінен жоғары көтеріледі. Бүкіл оқыту психологиясы үшін негіз болатын нәрсе,- деп толықтырады ол,- ынтымақтастық арқылы жоғары интелектуальдық сатыға қөтерілу мүмкіндігі, баланың қоланан келетінінен қоланан келмейтінге өтудің мүмкіндігі болып табылады”. (Л.С. Выготский. 230 бет.)
Л.С. Выготскийдің пікірінше бастауыш сыныптарында оқытудың басты міндеті баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерін дамытуға керекті жағдайларды қамтамассыз ету.оқытудағы басты нәрсе оқу өзін байланысты жүретін пәннен гөрі де осы процесте жандандыра түсетін күштердің дамуы, әлбетте психиканың барлық салаларын нысаналы дамыту өзін меңгеруге танымдық, еріктік, эмоционалдық күш-жігер бағышталған белгілі бір оқу материалынсыз болмайды. Бұл материал балаға сырттан ұсынылады, оның мазмұны күні бұрын анықталған. Бұл оқыту процесі мәжбүрлеу сипатына ие: белгілі бір мүмкіндіктерді әрекетке келтіріп, олардың қалыптасуын басқару үшін оқушы қажетті білімдер мен дағдыларды меңгеруі тиіс. Алайда оқу процесі баланың ішкі күштерінің дамуына септігін тигізу үшін, ол күштер мен оқу материалдарының қатысы қалай болуы тиіс?
Бірінші оқу материалы бір жағынан дамудың актуальды деңгейіне сай келуі, екінші жағынан одан алыстатылған болуы, яғни күрделілігі жөнінен одан асып түсуі керек. Онсыз даму басты бағытынан айрылады. Егер балаға ұсынылған оқу-танымдық міндеттер оны игеруге қажетті дағды-білікке тең баламалы болса, онда соңғылары одан әрі дамуға серпін алмайды бірақ оқушы өз мүмкіншілігінен артық материалды қалай меңгермек? Оның өзі, әрине бұл күштерді жұмылдырып, оқу материалын меңгеруге бағыштай алмайды. Бұл арада педагогтың оқушы мен оқу материалы арасындағы жалғастырушылық қызметі ерекше.
Егер оқытудың баланың ішкі күштерінің даму деңгейін ескермесе және аса жеңіл немесе неғұрлым күрлелі материал ұсынса, онда жеткіншектердің білімге деген теріс көзқарасын тудырады.
Қорыта айтқанда, мұғалім тіл дамыту жаттығуларын жүргізер алдында баланың актуальдық даму аймағы мен таяу тұрған даму аймағын анықтап, келтірілген даму деңгейіне сай келетін танымдық міндет танымдық күш-жігерді қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді іздестіруді талап етеді. Оқыту психологиясының негізі болып табылатын ынтамақтастықты шеберлікпен ұйымдастыру нәтижесінде оқушының интелектуальдық қабілетін жоғары көтеру басты нысана етіледі.


Скачать


zharar.kz