ҚОРЫТЫНДЫ
C.Балғымбаев кен орны апт-неоком горизонты штангілі терең сорапты қондырғылардың тиімді технологиялық жұмыс режиміне талдау жасау негізінде мынадай қортындыға келдім.
Кен орнының апт-неоком горизонты бойынша 2010 жылға 73,04 мың т мұнай, 1110,9 мың м3 су, 123,74 мың 693м3 ілеспе газ өндірілді. Сулану 92,7 % орташа газдық фактор 9,5 м3т.
1 ұңғыға келетін тәуліктік орташа мұнай шығыны 4,4 ттәу.
2006-2010 жылдар аралығында апт-неоком горизонты бойынша өндіру ұңғылар саны 67-ден 89-ға жетті. Олардың ішінде су айдайтын 21. C.Балғымбаев кен орны бойынша орташа жылдық мұнай өндіруді ұстайтын қабатқа су айдау арқылы қабат қысымын ұстау.
Сұйықты ашу үшін таңдалынған қондырғы болып СК-Б-2,1-2500 терең сорапты қондырғының жабдықтары алынды.
Бұл кен орынның апт-неоком горизонтын игеруін көрсетеді, ол технологиялық және экономикалық қатынастарда тиімді (өндіру ұңғыларының сулануы бір сипатта болады).
Нақты және жобалау көрсеткіштерін салыстырып қарайтын болсақ, жобалау нұсқасы нақты нұсқаға қарағанда тиімдірек болды.
Күрделі қаржылар, энергетикалық шығындар, мұнай өндіру өзіндік құндары үнемделді.
Техника мен технологияның жақсартылуы, мұнай бергіштіктің арттырудың соңғы әдістерін кеңінен енгізу және прогрессивті технологияның процесстерді қолдану керек.
Ұңғы шығымын жоғарлатып, кен орнында техника-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу керек.
Мәлім етілетін өнертабыстың практикалық пайдалылығы қондырғыны тексеруден өткізу нәтижесінде бұрын ұңғыда толып қалған парафин 3-10 күн ішінде тазартылуы үшін қондырғы барлық 90 күн ішінде тоқтаусыз жұмыс істеді. Қондырғы одан әрі 10 айлық өнеркәсіптік пайдалануда парафин түзілуі бойынша ұңғы тоқтауы байқалмады. Сонымен бірге, ұңғыдағы орташа тәуліктік дебит 1,5 есе өсті. Жылытқыш кабелдің жоғары температурасы 90°С құрады, ал ұңғыдан шығар жердегі өнім температурасы 14°С ден 43°С дейін өсті және де тәуліктік дебит 16м3 тен 27м3 дейін үлкейді. Мұнай сұйығындағы су мөлшері 16% тен 9% дейін өзгерді және қондырғының жұмыс уақыты тәулігіне 8 сағаттан кем емес жұмыс уақытын құрады.