Межелік бақылау №2
1.
Трансформациялық аударма деген не?
А) Аудармалық трансформациялардың біреуін қолданып аудару
В) Аудармалық анализ жасау
С) Аудармаға баға беру
D) Аударма эквивалентін анықтау
Е) Аударма сәйкестігін табу
2.
Аудармалық трансформация деген не?
А) Түпнұсқаның лексикалық бірліктерін аудармада аударма тілінің, түпнұсқа бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ сол бірліктерден белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жзасалынған аударма тілінің бірлігін қолдану арқылы аудару тәсілі.
В) Қайта жасап ауыстырудың көмегімен түпнұсқа бірліктерінен аударма бірліктеріне өту.
С) Аударманың прагматикалық бағалылығы қамтамасыз ететін талаптар.
D) Нақты аударма қабылдаушысына әсер ету мақсатында аударма мәтінінде жасалынатын өзгертулер.
Е) Аударма қабылдаушысына мәтіннің әсер ете алу қабілеті, қабылдаушының берілген хабарға интелектуалдық және эмоцияналдық әсерін ояту.
3
Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі мәтіннің жанрлық-стилисткалық талаптарын сақтай отырып және аударманың конвенционалды нормасына сәйкес келетін аударманың прагматикалық міндеттерін мүмкіндігінше жоғары эквиваленттілік деңгейінде жасауды қамтамасыз ететін аударма.
A) Барабар (адекватный) аударма
B) Антонимдік аударма
C) Сөзбе-сөз (буквальный) аударма
D) Нөлдік аударма
E) Ақпараттық аударма
4
Аударма процесі кезінде түпнұсқадағы хабарды толыққанды түсінуге білімдері аз немесе жеткіліксіз Қабылдаушыларға аударма мәтіні түсінікті болу үшін түпнұсқа мазмұны мен структурасын жеңілдетіп аударудың түрі.
A) Нөлдік аударма
B) Сөзбе-сөз (буквальный) аударма
C) Өңделген (адаптированный) аударма
D) Барабар (адекватный) аударма
E) Антонимдік аударма
5
Аудармада түпнұсқаның болымды формасы аударма тілінің болымсыз формасымен немесе керісінше болымсыз мағынаның болымды мағынамен ауыстырылуы бастапқы тілдің лексикалық бірліктерін аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы формаларымен ауыстыратын лексикалық-грамматикалық трансформация.
A) Антонимдік аударма
B) Өңделген (адаптированный) аударма
C) Сөзбе-сөз (буквальный) аударма
D) Нөлдік аударма
E) Барабар (адекватный) аударма
6
Тар мағынадағы түпнұсқа тіл бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық-семантикалық ауыстыру.
A) Транскрипция
B) Жалпылау (генерализация)
C) Грамматикалық ауыстыру
D) Калькалау
E) Компенсация
7
Түпұсқаның лексикалық бірліктерінің дыбыстық формаларын аударма тілінің әріптерінің көмегімен аудару тәсілі
A) Транскрипция
B) Грамматикалық ауыстыру
C) Жалпылау (генерализация)
D) Калькалау
E) Компенсация
8
Түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынамен ауыстырылатын грамматикалық трансформация.
A) Жалпылау (генерализация)
B) Грамматикалық ауыстыру
C) Транскрипция
D) Компенсация
E) Калькалау
9
Түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің құрамдас бөліктерін-морфемасын немесе сөзді (тұрақты сөз тіркестері жағдайында) аударма тілінің лексикалык сәйкестіктерімен ауыстыру арқылы аудару тәсілі.
A) Грамматикалық ауыстыру
B) Жалпылау (генерализация)
C) Калькалау
D)Транскрипция
E) Компенсация
10
Аударма барысында түпнұсқадағы бастапқы тіл бірліктерінің кейбір мағыналық элементттерінің жойылу немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай да бір басқа тәсілдермен орнына келтіретін аударма тәсілі.
A) Калькалау
B) Грамматикалық ауыстыру
C) Транскрипция
D) Компенсация
E) Жалпылау (генерализация)
11
Түпнұсқа сөйлемінің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структуралармен қайта жасап аудару тәсілі.
A) Сөйлемді бөліп аудару (Членение предложение)
B) Сөзді қалдырып кету
C) Синтактикалық ұқсасу
D) Лексикалық бірліктерді қосу
E) Сөйлемдерді біріктіру
12
Түпнұсқада да, аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып, түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас стуктурасымен ауыстырып аудару тәсілі.
A) Сөйлемдерді біріктіру
B) Сөйлемді бөліп аудару
C) Синтактикалық ұқсасу
D) Лексикалық бірліктерді қосу
E) Сөзді қалдырып кету
13
Түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен қайта өзгертіп аудару тәсілі
A) Синтактикалық ұқсасу
B) Сөйлемдерді біріктіру
C) Сөйлемді бөліп аудару
D) Сөзді қалдырып кету
E)Лексикалық бірліктерді қосу
14
Түпнұсқа мағынасының имплициттік элементтерін (айтылмай қалған) беру үшін аудармада қосымша лексикалық бірліктерді қолдану тәсілі.
A) Синтактикалық ұқсасу
B) Сөйлемдерді біріктіру
C) Сөйлемді бөліп аудару
Д) Лексикалық бірліктерді қосу
E) Сөзді қалдырып кету
15
Аудармада кейбір артық сөздерден бас тартып қолданбау тәсілі.
A) Сөйлемдерді біріктіру
B) Лексикалық бірліктерді қосу
C) Сөзді қалдырып кету
D) Сөйлемді бөліп аудару
E) Синтактикалық ұқсасу
16
Сөздердің мағынасын жалпылау тәсілінің мәні неде?
A) Аударылатын сөзге жақын мағыналы сөзден бас тарту
B) Түпнұсқадағы сөзге аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы сөздерін қолдану
C) Түпнұсқа сөзінің мағынасын аударма тілінің кең мағыналы сөздерімен ауыстыру
D) Түпнұсқа сөзін аударма тілінің сөзімен түсіндіру
E) Әртүрлі мағыналы сөздерді қолдану
17
Лингвистикалық аударма теориясының аударма процесіне қатысатын нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін ғана зерттеп қоймай, аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.
A) Жеке аударма теоиясы
B) Арнайы аударма теориясы
C) Біржақты аударма теориясы
D) Жалпы аударма теориясы
E) Аралас аударма теориясы
18
Бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын аударма тілінде суреттеу, сипаттау арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық-грамматикалық трансформация.
A) суреттемелік аударма (экспликация)
B) компенсация
C) модуляция
D) жалпылау
E) нақтылау
19
Эквивалент деңгейі дегеніміз не?
A) Бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын аударма тілінде суреттеу, сипаттау арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық-грамматикалық трансформация
B) Аударма процесі кезінде аудармашының бірқатар ауыстырудың көмегімен бастапқы тіл бірліктерінен аударма тіл бірліктеріне өтуін көрсететін аударманың семантикалық моделі
C) Тіларалық коммуникация процесінде бастапқы тілдегі хабарды тілді білмейтін аударма қабылдаушысының тіліне түсінікті қылып қайта жасау
D) Аударма барысында түпнұсқа мен аударма мазмұндарының мағыналық жақындық деңгейі
E) Түпнұсқа тіліндегі ситуацияны аударма тіліндегі ситуациямен беру
20
Трансформациялық-семантикалық модель дегеніміз не?
A) Бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын аударма тілінде суреттеу, сипаттау арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық-грамматикалық трансформация
B) Аударма процесі кезінде аудармашының бірқатар ауыстырудың көмегімен бастапқы тіл бірлітерінен аударма тіл бірліктеріне өтуін көрсететін аударманың семантикалық моделі
C) Тіларалық коммуникация процесінде бастапқы тілдегі хабарды тілді білмейтін аударма қабылдаушысының тіліне түсінікті қылып қайта жасау
D) Аударма барысында түпнұсқа мен аударма мазмұндарының мағыналық жақындық деңгейі
E) Түпнұсқа тіліндегі ситуацияны аударма тіліндегі ситуациямен беру
21
Ауарманың бастапқы тіл бірліктерінен аударма тіл бірліктеріне бірқатар ауыстырулар арқылы өту процесін білдіретін аударма моделі
A) Аударманың ситуациялық моделі
B) Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
C) Психолингвистикалық модель
D) Құрылымдық-әрекеттік модель
E) Семантикалық модель
22
Түпнұсқа тілінің аударылатын бірлігіне жақын сәйкестікті аударма мәтінінде сөйлемнің басқа жеріндегі сөздерден табу тәсілі.
A) Сөйлемді біріктіру
B) Лексикалық бірліктерді қосу
C) Сөзді қалдырып кету
D) Синтактикалық ұқсасу
E) Лексикалық бірліктердің орнын ауыстыру
23
Түпнұсқаның лексикалық бірліктерін аудармада аударма тілінің, түпнұсқа бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ сол бірліктерден белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынған сәйкес келетін аударма тілін қолдану арқылы аудару тәсілі.
А) Грамматикалық ауыстыру
В) Лексикалық ауыстыру
С Лексикалық-семантикалық ауыстыру
D).Лексикалық грамматикалық ауыстыру
Е )Семантикалық ауыстыру.
24
Түпнұсқа тілінің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі себеп-салдарға байланысты мағыналары логикалық жағынан сәйкес келетін бірліктермен ауыстырылатын лексикалық – семантикалық ауыстыру.
А) Компенсация
В) Жалпылау
С) Нақтылау
D) Калькалау
Е) Модульяция
25
Аударма процесінің кезеңдерін атаңыз
А)Түпнұсқаны түсіну және аударма вариантын таңдау
В) Бірден түпнұсқаны таңдау
С) Бірден аударма вариантын таңдау
D) Алдымен аударма тәсілдерін таңдау
Е) Сөздіктен сәйкес сөздерді табу.
26
Аударма процесі кезінде құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен, басыңқы сөйлемді бағыныңқы сөйлеммен, сабақтас құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен немесе керісінше ауыстырып аудару тәсілі.
А) Сөйлем мүшелерін ауыстыру тәсілдері
В) Сөйлемді біріктіру тәсілі
С) Сөйлем типін ауыстыру тәсілі
D) Сөйлемдерді бөлу тәсілі
Е) Сөйлемдерді қосу тәсілі
27
Аудармашының аударма мәтінін жасаудағы әрекетін қалай атайды?
А) Аударма прагматикасы
В) Аударма моделі
С) Аударма тәсілі
D) Аударма процесі
Е) Аударма жақындығы
28
Аудармада лексикалық трансформациялар аударма тәсілі ретінде қандай жағдайда қолданылады?
А)Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде эквивалеті немесе сәйкестігі мүлдем болмаған жағдайда
Б)Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде эквиваленті немесе сәйкестігі жартылай болған жағдайда
С)Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде мағынасын бейнелі мағынада беру мақсатында
D) Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде сәйкестігі болған жағдайда
Е)Түпнүсқа тілі сөзінің аударма тілінде екі баламасы болған жағдайда
29
Аударма кезінде айтылатын ойдың мағынасын толықтай түсініп алып сол мағынаны аударма тілінде түпнұсқа сөзінен мүлдем басқа аударма тілінің сөздерімен беру тәсілі
А) Тұтастай өзгерту (целостное преобразование)
В) Мағыналық даму
С) Нақтылау
D) Жалпылау
Е) Антонимдік аударма
30
Псевдоинтернационал (аудармашының жалған достары)лексика деген не?
A)Сыртқы формалары бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер
B)Мағыналары бірдей сөздер
C)Сыртқы формалары әртүрлі,бірақ мағыналары бірдей
D)Сыртқы формалары да,мағыналары да бірдей сөздер
E)Аударма тілінде сәйкестігі жоқ сөздер
31
Белгілі бір халықтың ұлттық болмысын өмірін, әдет-ғұрпын,тарихын,материалдық және рухани мәдениетін білдіретін ұғымдар.
А) Реалии
В) Метонимия
С) Эквивалент
D) Конверсия
Е) Компенсация
32
Эквивалентсіз лексика деген не?
А) Аударма тілінде жартылай сәйкестігі бар сөздер
В) Аударма тілінде тұрақты сәйкестігі жоқ түпнұсқа тілінің лексикалық бірлігі
С) Бір ғана сәйкестігі бар сөздер
D) Бірнеше сәйкестігі бар сөздер
Е) Жартылай сәйкестігі бар сөздер
33
Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не?
А) Структурасы сәйкес келмейтін грамматикалық бірлік
В)Бір ғана грамматикалық сәйкестігі бар бірліктер
С) Аударма тілінде бір типті сәйкестігі жоқ түпнұсқа тілінің грамматикалық формалары мен структуралары
D) Жартылай сәйкес келетін грамматикалық бірліктер
Е) Толықтай сәйкес келетін грамматикалық бірлік
34
Төмендегі аталған трансформацияның қайсысы лексикалық трансформацияға жатады?
А) Сөйлемдерді біріктіру
В) Сөйлемді бөліп аудару
С) Синтактикалық ұқсасу
D) Сөйлем құрылысын өзгерту
Е) Лексикалық бірліктерді қосу, сөзді қалдырып кету, ауыстырулар
35
Аударманы түпнұсқаның мазмұнын сақтай отырып әр түрлі өзгертулермен қайта жасап жеткізу қалай аталады?
А) Аудармалық анализ
В) Аудармалық синтез
С) Аударма прогматикасы
D) Аудармалық транформация
Е) Аударма процесі
36
Аудармалық трансформациялардың түрлерін көрсетіңіз.
А) Лексикалық,логикалық-семантикалық
В) Лексикалық,логикалық-семантикалық,грамматикалық және лексикалық-грамматикалық
С) Грамматикалық, логикалық-семантикалық
D) Семантикалық, лексикалық
Е) Логикалық-грамматикалық
37
Күрделі лексикалық-грамматикалық трансформацияға қандай тәсілдер жатады?
А) Транскрипция, транслитерация
В) Калька, нақтылау
С) Антонимдік аударма,экспликация,компенсация
D) Жалпылау, нақтылау
Е) Модуляция, калька
38
Төмендегі тәсілдердің қайсысы грамматикалық трансформацияға жатпайды
А) Синтактикалық ұқсасу(синтаксическое уподобление)
В) Сөйлемді біріктіру
С) Сөйлемді бөліп аудару
D) Транскрипция
Е) Сөз табын өзгерту
39
Төмендегі тәсілдердің қайсысы лексикалық трансформацияға жатпайды?
А) Транскрипция
В) Жалпылау
С) Нақтылау
D) Модуляция
Е) Синтактикалық ұқсасу
40
Жай сөз тіркестерін аударуда калька тәсілін қолданудын мәні неде?
А) Жай сөз тіркестерінің құрамдас бөліктерінің біреуі ғана беріледі
В) Жай сөз тіркестерінің барлық құрамдас бөліктері ешбір өзгеріссіз толықтай беріледі
С) Жай сөз тіркестерінің құрамдас бөліктерінің біреуі мүлдем басқа мағынамен беріледі
D) Жай сөз тіркестері тұрақты сөз тіркестерімен ауыстырылады
Е) Лексикалық ауыстыру жасалады
41
Сөзбе-сөз (буквальный) аударма деген не?
А) Аударманың прагматикалың міндеттерін сақтай отырып аудару
В) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
С) Қабылдаушыларға аударма мәтіні түсінікті болу үшін түпнұсқа мазмұны мен структурасын жеңілдетіп аударудың түрі.
D) Түпнұсқаның коммуникативті формальді элементтерін беретін, соның нәтижесінде аударма тілінің нормасы бұзылатын, немесе түпнұсқаның негізгі мазмұны бұрмаланып, берілмей қалатын аударма.
Е) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отырып аудару.
42
Жалпылау (генерализация) деген не?
А) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отырып аудару.
В) Тар мағынадағы түпнұсқа бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық-семантикалық аустыру.
С) Аударманың прагматикалық міндеттерін сақтай отырып аудару
D) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
Е) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық -стилистикалық талаптарын сақтай отырып аудару.
43
Транскрипция тәсілі деген не?
А) Түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің дыбыстық формаларын аударма тілінің әріптерінің көмегімен аудару тәсілі
В) Тар мағынадағы түпнұсқа тіл бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық- семантикалық ауыстыру.
С) Аударманық прагматикалық міндеттерін сақтай отырып аудару
D) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
Е) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару.
44
Грамматикалық ауыстыру деген не?
А) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару.
В) Түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынамен ауыстырылатын грамматикалық трансформация
С) Тар мағынадағы түпнұсқа тіл бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық- семантикалық ауыстыру.
D) Түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің дыбыстық формаларын аударма тілінің әріптерінің көмегімен аудару тәсілі
Е) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
45
Калькалау тәсілі деген не?
А) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару.
В) Түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынамен ауыстырылатын грамматикалық трансформация
С) Түпнұсқанық лексикалық бірліктерінің құрамдас бөліктерін –морфемасын немесе сөзді (тұрақты сөз тіркестері жағдайында аударма тілінің лексикалық сәйкестіктерімен ауыстыру арқылы аудару тәсілі
D) Тар мағынадағы түпнұсқа тіл бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық- семантикалық ауыстыру.
Е) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
46
Компенсация тәсілі нені білдіреді?
А) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару.
В) Түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынамен ауыстырылатын грамматикалық трансформация
С) Тар мағынадағы түпнұсқа тіл бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық- семантикалық ауыстыру.
D) Аударма барысында түпнұсқадағы бастапқы тіл бірліктерінің кейбір мағыналық элементтерінің жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандайда бір басқа тәсілдермен орнына келтіретін аударма тәсілі.
Е) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
47
Сөйлемді бөліп аудару (Членение предложение) тәсілі деген не?
А) Түпнұсқа сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта жасап аудару тәсілі.
В) Түпнұсқада да аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас структурасымен ауыстырып аудару тәсілі.
С) Түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынамен ауысытырылатын грамматикалық трансформация
D) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару
Е) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
48
Синтактикалық ұқсасу тәсілі деген не?
А) Түпнұсқа сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта жасап аудару тәсілі.
В) Түпнұсқаның синтактикалық структурасын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен қайта өзгертіп аудару тәсілі.
С) Түпнұсқада да аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас структурасымен ауыстырып аудару тәсілі.
D) Аударманыњ конвенционалды нормасына сәйкес аудару
Е) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару.
49
Сөйлемдерді біріктіру тәсілін көрсетіңіз.
А) Түпнұсқада да аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас структурасымен ауыстырып аудару тәсілі.
В) Түпнұсқаның синтактикалық структурасын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен қайта өзгертіп аудару тәсілі.
С) Түпнұсқа сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта жасап аудару тәсілі.
D) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару.
Е) Аударманың конвенционалды нормасына сәйкес аудару
50
Лексикалық бірліктерді қосу тәсілін көрсетіңіз?
А) Түпнұсқаның синтактикалық структурасын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен қайта өзгертіп аудару тәсілі.
В) Түпнұсқада да аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас структурасымен ауыстырып аудару тәсілі.
С) Аударманыњ конвенционалды нормасына сєйкес аудару
D) Түпнұсқа мағынасының имплициттік элементтерін (айтылмай ғалған ) беру үшін аудармада қосымша лексикалық бірліктерді қолдану тәсілі.
Е) Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық- стилистикалық талаптарын сақтай отрып аудару
51
Сөзді қалдырып кету тәсілі деген не?
А) Түпнұсқа мағынасының имплициттік элементтерін (айтылмай ғалған ) беру үшін аудармада қосымша лексикалық бірліктерді қолдану тәсілі.
В) Түпнұсқаның синтактикалық структурасын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен қайта өзгертіп аудару тәсілі.
С) Аудармада кейбір артық сөздерден бас тартып қолданбау тәсілі.
D) Түпнұсқа сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта жасап аудару тәсілі.
Е) Түпнұсқада да аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас структурасымен ауыстырып аудару тәсілі.
52
Суреттемелік аударма (Экспликация) деген не?
А) Бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни, олардың мағынасын аударма тілінде суреттеу, сипаттау арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық – грамматикалық трансформация.
В) Тіларалық коммуникация процесінде бастапқы тілдегі хабарды тілді білмейтін аударма қабылдаушысының тіліне түсінікті етіп қайта жасау.
С) Аударма барысында түпнұсқа мен аударма мазмұндарының мағыналық жақындық деңгейі.
D) Аударма процесі кезінде аудармашының бірқатар ауыстырудың көмегімен бастапқы тіл бірліктерінен аударма тіл бірліктеріне өтуін көрсететін аударманың семантикалық моделі.
Е) Түпнұсқа тіліндегі ситуацияны аударма тіліндегі ситуациямен беру.
53
Аударманың трансформациялық – семантикалық моделін көрсетіңіз?
А) Түпнұсқаның прагматикалық потенциалын қайта жаңғырту қажеттілігімен аударма қабылдаушысына қажетті әсер етуді қамтамасыз ету үшін аударма процесінің барысы мен нәтижесіне әсер ету.
В) Аударманың бастапқы тіл бірліктерінен аударма тіл бірліктеріне бірқатар ауыстырулар арқылы өту процесін білдіретін моделі.
С) Нақты аударма қабылдаушысына әсер ету мақсатында аударма мәтінінде жасалынатын өзгертулер.
D) Аударманың прагматикалық бағалылығын қамтамасыз ететін талаптар.
Е) Аудармада түпнұсқа мен аударма мазмұндарының мағыналық жақындығын сақтап аудару деңгейі.
54
Эквиваленттілік деңгей дегеніміз не?
А) Бір сөз тіркесі немесе сөйлем деңгейіндегі лингвистикалық контекст.
В) Нақты аударма қабылдаушысына әсер ету мақсатында аударма мәтінінде жасалынатын өзгертулер.
С) Алдына белгілі-бір міндеттер қойылыпи аударылған аударма мәтінінің сол міндеттерге сәйкес келу деңгейі.
D) Аудармада түпнұсқа мен аударма мазмұндарының мағыналық жақындығын сақтап аудару деңгейі.
Е) Аударма қабылдаушысына мәтіннің әсер ете алу қабілеті, қабылдаушының берілген хабарға интелектуалдық және эмоцияналдық әсерін ояту.
55
Модуляция тәсілін көрсетіңіз
А) Түпнұсқа тілінің аударылатын бірлігіне жақын сәйкестікті аударма мәтінінде сөйлемнің басқа жеріндегі сөздерден табу тәсілі.
В) Сөздердің мағыналық, синтактикалық, стилистикалық байланыстарын ескермей, жеке сөздерді аудару.
С) Түпнұсқада сипатталған (суреттелген) ситуацияны аударма тіліндегіситуацияның көмегімен суреттеу процесі.
D) Бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни, олардың мағынасын аударма тілінде суреттеу,сипаттау арқылы толық түсінік немесеанықтама беретін лексикалық-грамматикалық трансформация.
Е) Түпнұсқа тілінің сөздерімен сөз тіркестерін аударма тіліндегі себеп-салдарға байланысты мағыналары логикалық жағынан сәйкес келетін бірліктермен ауыстырылатын лексикалық-семантикалық ауыстыру.
56
Сөйлеу типін ауыстыру тәсілі дегеніміз не?
A)Сөздердің мағыналық, синтактикалық, стилистикалық байланыстарын ескермей, жеке сөздерді аудару.
B)Берілген контекстке қана жарайтын, тұрақты еме аударманың түпнұсқа бірлктерін аударудың ерекше тәсілі.
C)Аударма процесінде құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен, басыңқы сөйлемді бағыныңқы сөйлеммен, сабақтас құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен немесе керісінше ауыстырып аудару тәсілі.
D)Тұпнұсқа тілінің аударылатын бірлігіне жақын сәйкестіукті аударма мәтінінде сөйлемнің басқа жеріндегі сөздерден табу тәсілі.
E)Аударма барысында түпнұсқа тілінің грамматикалық бірлігінің мағынасын аударма тілінде дәл сондай грамматикалық бірліктің болмауына байланысты ойды жеткізуде грамматикалық мағынаны басқа лексикалық немесе грамматикалық құралдармен аудару тәсілі.
57
Тұтастай өзгерту қандай тәсіл?
A)Аударма кезінде айтылатын ойды мағынасын толықтай түсініп алып сол мағынаны аударма тілінде түпнұсқа сөзінен мүлдем басқа аударма тілінің сөздерімен беру тәсілі.
В) Аударма процесінде құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен, басыңқы сөйлемді бағыныңқы сөйлеммен, сабақтас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен немесе керісінше ауыстырып аудару тәсілі.
С) Аударма процесі кезінде құрмалас сөйлемді жай сөйлеммен ауыстыру.
D) Аударма процесі кезінде бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлеммен ауыстыру.
Е) Сабақтас құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен ауыстыру.
58
Түпнұсқа мен аударманы салыстыра отырып аудармада қандай лексикалық тәсіл қолданылғанын анықтаңыз
Remember to wake me up at 7 a.m.- Мені таңғы 7-де оятуды ұмытпа.
А) Сөзді қосу
В) Сөзді қалдырып кету
С) Жалпылау
D) Антонимдік аударма
Е) Нақтылау
59
Төмендегі аудармалардың қайсысында антонимдік аударма тәсілі қолданған?
А) He never came home without bringing something for the kids.-Ол үйге келгенде үнемі балаларға бірнәрсе алып келетін
В) East or West-home is best.- Өз үйім өлең төсегім.
С) He leaned forward to take the paper.-Ол қағазды алу үшін еңкейді
D) Put him on the phone please.-Оны телефонға шақырып жіберіңізші
Е) She was killed in a car accident.-Ол автокатастрофадан қайтыс болды
60
Төмендегі аудармалардың қайсысында сөзді қалдырып кету тәсілі қолданған?
А) East or West-home is best.- Өз үйім өлең төсегім
В) He leaned forward to take the paper.-Ол қағазды алу үшін еңкейді
С) Put him on the phone please.-Оны телефонға шақырып жіберіңізші
D) She was killed in a car accident.-Ол автокатастрофадан қайтыс болды
Е) The treaty was pronounced null and voiD) - Келісім жарамсыз болып табылды