Батыс соғыстағы мақсаты
Өздерінің шешімдерінде Гитлер қарсылықтарды қабылдамады. Оның ойлары 1939 жылғы 9-қазандағы дерективасында айқын байқалды. Онда:
1. Егер қысқа мерзім ішінде Англия мен Франция соғысты тоқтатпаса, онда мен басқыншылық және активті соғыс қимылдарын бастауға шешім қабылдаймын.
2. Ұзақ уақыт күту саясаты Бельгияның немесе Голландияның бейтараптығын жоймайды, керісінше біздің жауларымыздың әскери қуатын үлкейтеді. Сонымен Германияның түпкілікті жеңіске жетендігіне бейтарап елдерінің үмітін үзеді және Германия Италияны өзінің әскери жақтасына айналдыру ойы болған емес.
3. Сондықтан да әскери қимылдарды әрі қарай жүргізуді бұйырамын:
а) Люксембург, Голландия және Бельгия территориялары арқылы батыс фронтына қарсы қимылдарды дайындау;
б) бұл операцияның мақсаты француз армиясының және оның жақтастарының ірі деген қосылыстарын жою және Голландия, Бельгия, Солтүстік Франция территорияларының мүмкіндігінше көп бөлігін жаулап алу керек. Ол Англияға қарсы әуе және теңіз соғысын сәтті жүргізуіне плацдарм ретінде қарастырылады.