Далалық мал соятын пунктілер

Скачать

1 сұрақ
Далалық мал соятын пунктілер.
Далалық жағдайда жылжымалы далалық пунктілер қолданылады. Ерекше қажет болған жағдайларда шаруашылық материалдардан қолдан жасалған пунктілер жиі қолданылады.
Өндірістік өнімдегі жйындық блоктық мал соятын пунктілер арасынан ЕП-30, (пм-30), ЕП-40, (ПМ-40) мал сою пунктілерін атап өту қажет.
Далалық ет пунктттері екі жағдайда сойылған өнімді салқындату мен малды өндіру үшін тағайындалады.
ЕП-30 ет пункті; арнайы кузов, 4 тонналық авто тіркеме, 200 метр мотапомпалық кушті шланг, сойылған малды бөлшектеу үшін 3 брезент палатка, ішек; тері тазалау цехынан, мүліктер қоймасынан және еттерді белгілі уақытша жарамды ету үшін майсыздандыру және қайнату үшін қазандық ошағымен, тасымалы жылытқышпен құрғататын орын, тағы басқа өндірісте қажетті құрал жабдықтар мен жабдықталған.
Автотіркеме кузовта фриондық тоңазытқышпен суытатын электірлі камера орнатылған. ЕП-30 пункт 3-4 сағатта жұмыс жағдайына келтіріледі. 1 ауысымда 4 тонна суытылған ет және қосымша суыту камерасы 7 тонна өнім дайын болады.
ЕП-40,(ПМ-40) дайындалатын өнім 3040 пайыз жоғары.
Жйындық блоктық ет пункті зауыттық жолмен жасалған. Ет пункті өндірістік бөлшектерден, қосымша ғимараттармен малдарға арналған қаша, құрғататын орын, 2 насосты станция, тоңазытқыш, тазартқыш 100м3 су қорлары және зертханадан тұрады.
Ет пункті бокс блоктары каркаспен жасалған және жылыланған. Қабырға жақтаулары 3 қабатты жылыланған панельдерден тұрады.
Ет пунктінің өнімі ауысымда 2 тонна ет 1 тонна сүрленген шұжық өнімін өндіреді. Зауытта жасалған ет пунктінің құрылыстық бөлшектерінің жйынтығы жоғары сапалы және кез келген таңдаған орынға орнатылады.
Аталған мәселелерден басқа Қазақстанда және басқа аймақтарда иалдарды, жайылымдағы қойларды далалық жағдайларда сою қажет болады. Бұл сойылу түрін қамтамасыз ету үшін Алматы зооветинститутымен сараптамалық Госагропром зауытына жыйналмалы ет пунктін дайындау тапсырылған. Мұндай пункті (1975 жылы И.Ф.Шуклин, ИП Авдена С.К.Кирыкбаев) дайындап өндірістік сынақтан өткізген.
АЗВИ далалық сою пункті екі жүйелі сою-бөлшектеу цехынан тұрады. Цехтарда; электростанция, электронасоспен, су құятын ыдыстармен, ішек-тері тазалау палаткаларымен жүкті таситын автотіркемемен жабдықталған.
Сою пункті ауысымда 150 қой немесе химиялық сою тәсілі арқылы есептеген авторефрижаторға сәйкес сойылады. Төтенше жағдайларда аталған аймақтарда далалық сою пунктерінде өндірістік өнім өндіруге,сол кездегі жағдайға байланысты сою пунктін жеткізу киынға түседі. Мұндай жағдайларда уақытша сою пунктерін тұрғызу қажет (алаң). Алдымен орын таңдап, пункті тұрғызып сойылған малды тігінен іліп, қанын ағызып,бөлшектеуге жағдай жасау керек. Сойылған малдың тұтас етін көлденең жағдайда немесе қойғышта бөлшектеу ережесі бойынша еттің былғануына әкеледі, сонымен қатар бөлшектеп мүшелеуге, терісін сыпыруға қолайсыз.
Ең қарапайым сою пунктін шаруашылықтағы каркас пен бөренеден тұрғызуға болады. 4-6 бұрыш жасап ортасына жерге орнатылған тіреуш орнатады. Жұмысқа байланысты блоктарды бекітеді. Сойылған малдын тұтас етін тігінен бөлшектеуге жағдай жасалады. Сою алаңымен шет жақтары кішкене ылдилау болады , шайған суларды ағызып шұңқырға төгілу үшін. Сойылған еттін тұтас етін тазарту үшін койғышқа су құйылған бөшкелер қойылады.
Бөшкеге түбінде сүзгісі бар алынбалы шланг жалғанады. Алаңда сою орындарына арнайы жолдар дайындалады . Әр түрлі жұмыс деңгейіне байланысты сою алаңына қойғыштар қойылады. Өкпе-бауыр, бастарды ілу үшін каркас тіректерге темір ілгіштер қойылады. Мұнда өкпе-бауыр тексеріледі. Сою алаңын 50 метр алыстықта ішек-қарынын ветеринарлық тексерүден өткізу үшін орын дайындалады. Бұл жерде ішек-қарынды жуып шайу үшін бөшкемен су және арнайы шұңқыр дайындалып сулар төгіледі.
Сойылған малдың тұтас етін ветеринарлық тексеруден өткізген соң тоңазытқышқа немесе далалық тәсілмен сақтауға алынады. Мұндай уақытша далалық сою пунктілері Қазақстанның аң аулау шаруашылығында тәжірибиеге алынған. 70-80 жылдарда киік аулауға рұқсат етілген кезде, мұндай уақытша сою пунктері тиімді пайдаланылған.


Скачать


zharar.kz