Салауатты өмір салты

Скачать

Девианттық мінез-құлық олардың қоғам –өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс – девиантты жүріс-тұрыс[1,20 б] . Біз төменде девиантты жүрыс-тұрыстың кесте түріндегі көрінісін беріп отырмыз:
1-кесте
Девианттық жүріс-тұрыс

Құқыққа қарсы жүріс-тұрыс

Моральға қарсы жүріс-тұрыс
Қылмыс және теріс қылық Нашақорлық, маскүнемдік, өзін-өзі өлтіру, гомосексуализм, жезөкшелік, фанатизм, т.б.

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның объективтік себебі жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі (нормаларды меңгеруі) және делинквенттік мінез-құлықы (нормалардан ауытқу) бір мезгілде жүреді. Нашар тұрмыс жағдайы, шиеленіскен қатынастары бар сәтсіз отбасыларында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп бағдардамасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және мұғалімнен қарым-қатынасының нашарлауы т.б. тән. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы өз ортасының нормаларынан бас тартып нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін көрсетуі мүмкін. Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпты. Себебі, ол жерге әртүрлі өздері сияқты жастар жиналады. Олардың өздерінің «үй асты» моральдық кодексі, жазылмаған заңдары бар. Мұндай жағдайда топтық ауытқу да дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44% сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер [2,25]
Профессор А.Е. Личко және В.Г. Степанов сәтті отбасыны талдай отырып, 4 жағдайды бөліп көрсетеді:
-Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека);
-немқұрайлылық ( гипоопека);
- отбасындағы кумирдің болуы;
Статистика бойынша ОҚО да 14-18 жас аралығындағы тұлғалар арасында қылмыс, өсуде. 1995 ж. 460 қылмыс оның 25 адам өлімі, оның 4-ін жасы кәмелетке толмағандар жасаған; 1997 ж. 317 қылмыс, 51 адам өлімі, дегенмен 13,8 % төмендеген, 96-бап бойынша 6 өлім тіркелген; 1998 ж. 243 қылмыс, 23% төмендеген, 74 адам өлімі оның 5-уін жасөспірімдер жасаған. 1999ж. 228 қылмыс, 6,1 % төмендеген, 96-бапқа 4 адам өлімі жатады.
2000ж 269 қылмыс, 17,5% өскен, 195-і ауыр қылмыс. 14-18 жас аралығындағыларға 9 адам өлімі тіркелген. Адам өлімі 25% өскен, 33 әйел зорлау, 48 тонау, 64 анаша айналымына қатысты қылмысты жасөпірімдер жасаған. Статистикалық мәліметтерге талдау жасасақ, кәмелетке толмаған жастар арасында 120 бап бойынша 1995 ж. -4; 1996-6; 1998 ж. -6; 1999ж- 3; 2000 ж. -4-ке жеткен. 178-бап бойынша 1995-27; 1996-26; 1997 ж. -17; 1998 ж. -13; 1999 ж.-27; 2000 ж. - 34 қылмысты іс қозғалған. 174-бап қарақшылық бойынша 1995 ж. -19; 1996 ж.-5; 1997ж.- 14; 1998ж.- 11; 1999ж. -11; 2000ж.-10 іс-қозғалған.
Қазіргі кезде біздің қала көшелерінде қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді көреміз. Арнаулы мәліметтер бойынша 1997 ж қарашада Қазақстан бойынша 27 мың бала мектепке бармаған.
Жастардың девианттық жүріс-тұрыстарының бір түрі–нашақорлық. Бұл мәселе жөнінде ел Президенті Қазақстан халқына жолдауының бірінде былай деген: «Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Экономикалық, географиялық тұрғыдан қарағанда есірткі бизнесімен күресті Қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге болмайды» [4]. «ҚР нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 ж.ж. жарлығымен бекітілген құжатта:
«Кәмелетке толмағандар мен жастардың, әйелдердің арасында есірткіні беймедициналық тұтынудың етек алуы ерекше алаңдатушылық туғызады. Есірткі тұтынушылардың 2/3-30 жасқа дейінгі адамдар [4].
Есірткіге байланысты қылмыс жоғары қарқынмен өсуде. 1991 ж. бастап жалпы қылмыстылықтың 19,8% төмендеуі аясында есірткіге байланысты қылмыстардың абсолюттік санының 4,3 есе өсті. Бұл қылмыстардың үлесі 5,3 есе өсті және 1999 ж. 15,28 % құрады. Жастар арасында жүргізілген әлеуметтік сұраунаманың бір деректерінде жастардың 9-10% есірткіні пайдаланғанын айтқан болатын [5]. Статистикалық мәліметтер бойынша, қылмыстарды (есірткіге байланысты) 20-29 жастағы адамдар жасайды екен [6,4б.].Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күресте елімізде де істеліп жатқан шаралар бар. Мысалы ҚР Премьер–Министрінің 2003 ж. 20 қыркүйек №222 өкімімен бекітілген «Ауыл жылына арналған» спорт есірткіге қарсы ұранымен «АҚ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарын өткізу туралы іс-шарасын жатқызуға болады. Спорт мектептерін қайта жандандырып,олардың басым бөлігін спорттың түр-түрімен айналысуға баулу қажет. Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес ісі бізден жүйелі және кешенді шараларды жүргізуді талап етіп отыр.
Жастар арасындағы девианттық жүріс-тұрыстың тағы бір түрі – ішкілік. Статистикалық мәліметтер бойынша, бұзақылықтың 90%; әйел зорлаудың 90%; басқа қылмыстар 40% өлім, тонау, қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70%, ажырасудың 50% ішімдікке байланысты болған. Ішімдік мәселесі көбіне қазіргі кезде ауыл жастарының арасында өршіп тұр. Жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, мәдени демалыстарының дұрыс өткізілмеуі жастарды араққа итермелеуде, сондықтан ауылдағы клуб, мәдениет үйі, т.б. мәдени іс-шараларды ұлттық рухымызды көтеретін насихат шараларын жүзеге асыру кезек күттірмей атқарылар шараға айналдыру қажет.
Девианттық мінез-құлықтық бір түрі суицид, яғни бұл өзіне -өзі қол жұмсауы. Ауытқудың бұл түрі 20-55 жасқа дейінгілер, ол қазіргі кезде 10-12 жасар балаларда да кездесіп отыр. Бұл жағынан Қазақстанда басқа ТМД елдерінен қалыспай отыр.
Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының бірнеше себептері бар:
1. Әлеуметтік теңсіздік –жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, жемқорлық т.б.
2. Моральдық этикалық фактор қоғамның моральдық –адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы. Қоғам өмірін ақшаның билеуі, барлығы сатылады, барлығын сатып алуға болады. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі. Бұқаралық қайырымшылық «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі;
3. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы денсаулықтағы психофизикалық ауытқулар т.б. Осының барлығы рухани дүниенің дағдарларысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді.
Бұл қоғамның болашағы жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.
Жастар арасындағы әлеуметтік – нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынадай тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және қоршаған ортасына байланысты болады.
Жастар біздің болашағымыз. «Бүгінгі жастар – ертеңгі қауымның қариясы. Қарияның кейінгілерге айтар ақылы, кеңесі болады»-деген-ді Ғабит Мүсірепов Яғни, бүгінгі жастар ертеңгі қазақ ұлты. Одан соң бір-екі ұрпақ ауысқанда қазақ ұлтының бетке ұстар қариясы. Сондықтан, жастардың саяси құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруға барлығымыз ат салысайық.


Скачать


zharar.kz