Өзара қабылдау және түсіну тренингі

Скачать



Тақырыбы: Өзара қабылдау және түсіну тренингі

Тренинг мақсаты: ұжымшылдықты, басқа топтың мүшелерімен табысуды, бір бірін қабылдау, өзара түсінісу, жағымды эмоциялық фонды құру.
Студенттерге мынадай жаттығуларда қатысу ұсынылды:
Жаттығу 1. таныстырылым - қатысушыларға 3 топқа бөліну ұсынылды: "европалықтар", "жапондар" және "африкалықтар", содан кейін әр қатысушы шеңбермен жүріп барлық ойыншылармен өз тәсілмен амандасуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды тренинг жағдаятына кірістіру.
Жаттығу 2 . жарнама - қатысушылар 2 топқа бөлініп, минуттан кейін өз тобына жарнама жасауы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топтың жағымды қасиеттерін тану.
Жаттығу 3. қызықты санамақ - жүргізіші белгілі бір санды айтады, осы санға сай топ ішінен қатысушылар тұруы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ бірлігін дамыту, сөзсіз түсінуді дамыту.
Жаттығу 4. театр: бәрі қатысатын пьеса - қатысушыларды 4 топқа бөліп, бірінші топ – сценаристер, екінші топ – режиссерлер, үшінші топ – актерлер, төртінше топ – критиктер. Бүкіл топ мүшелерінің міндеті – пьеса жазып оны ойнату. Жаттығудың психологиялық мағынасы :топтық шешім кезінде конфликтісіз шешім қабылдауды дамыту.
Жаттығу 5. миссис Мамбл қатысушылар өз көршілеріне тісін көрсетпей кешіріңіз, сіз миссис Мамблды көрдіңіз бе? деген сұрақ қояды. Оған көршісі жоқ , көрмедім. Бірақ көршімнен сұрайын деген жауап береді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: жағымды эмоцианалды фонды құру және қатысушыларды ашу.
Жаттығу 6. не істегенімізді тап - қатысушылар белгілі бір іс – әрекетті көрсетеді, ал басқа қатысушы сол іс – әрекетті табуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топты біріктіру .
Жаттығу 7. имитатор - қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлар жазыған парақшалар беріледі. Қатысаушылар сол жануарды бейнелеуіт керек. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды эмоциялық жа,жағынан ашу.
Жаттығу 8. психологиялық көмек - қатысушыларға мені мынау үшін жақсы көрмеуі мүмкін ... сөйлемін аяқтау беріледі. Ал көршісі бәрібір сен жақсысын, өйткені ... ... Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушылардың төмен өз бағалауын көтеру.
Жаттығу 9. қоңырау - қатысушылар бір – біріне тығыз тұрып, шеңбер жасайды. Бір қатысушы сол шеңбер ортасына тұрып, босаңсуы керек. ал басқалары оны тербетеді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ мүшелеріне деген сенімділікті арттыру.
Жаттығу 10. мен саған сыйлаймын - қатысушылар бір – біріне алғыс айтып, бір – біріне жесттермен сыйлық сыйлайды. Жаттығудың психологиялық мағынасы: тренингті қорытындылау , жағымды эмоционалды фонда бекіту.
Тренинг жақсы әдістемелік кезеңде өтеді. Студенттер тренингке қызығушылықпен, жағымды атмосферамен қатысуы талап етіледі. Бұл шара топ ішінде сенімділікті, ашықтықты, ұжымшылдықты дамытуға ықпал етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:
1) http:www.studfiles
2) http:artpsy


Скачать


zharar.kz