СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР
№
Тапсырма тақырыбы
Тапсырма мазмұны
Өткізу уақыты
1
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мемлекеттік реттелуінің әдістері
Топтық жоба
7 апта
2
Мемлекеттік заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы ерекшеліктері
Жеке жоба
14 апта
Өздік жұмыстарын орындау талаптары:
Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша
студенттердің оқытушымен орындайтын өздік жұмыстары
әр өткен жаңа тақырыпқа байланысты негізгі мәселелерді талқылау, сипаттама беру, тұжырымдау. Өзекті мәселені бөліп қарастыру, сұрақ – жауап арқылы алған білімерін бекіту.
Өздік жұмысын жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап.
Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады.
Жоба жазудың әдістемелік нұсқауы.
Жоба оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.
Жоба таңдап алынған тақырыпқа бойынша өзекті ақпараттар, бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.
Жоба тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.
Жобада мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.