1938 жылғы Мюнхен шиеленісі

Скачать

1938 жылғы Мюнхен шиеленісі
1936 жылы Гитлер германдық бас штабына Австрияны оккупациялау жоспарын тағайындауға бұйрық берді. Бұл операция «Отто» деген атқа ие болды. 1937 жылы 5-қарашада Гитлер қарулы күштер басшыларына өзінің алдағы жоспарларын мәлімдеді. Германия алдында өзінің «өмірлік кеңістігін » кеңейту мәселесі тұрды. Ол оны Шығыс Еуропа – Польша, Белоруссия, Украинада таба алды. Осы мақсатқа жету үшін үлкен соғыс ашу қажеттілігі туды, ал ол сол аудандарда тұратын халықтың қырылуына алып келетін еді. «Майн Камфта» айтылғандай, Тафтон нәсіліне жататын елдерді рейхқа біріктіруден басқа Гитлерде Австрия республикасын қосып алудың екі себебі болды. Австрия Германияға Чехословакия мен оңтүстік-шығыс Еуропаға жол ашты. Вена басшылары кабинетіне австриялық ұлтшылдық партиясын кіргізу арқылы Австрия саясатын өз бақылауына алу сәті келді деп есептелінді. 11-наурызда Гитлер мен Галифакстың кездесуі өтеді. Англия Германияның Гданьск, Чехословакия және Авсрияны жаулап алуына рұқсат берді. Ағылшын үкіметі ағылшын-герман қарама-қайшылықтарын қандай-да болмасын амал-тәсілдер арқылы шешуді қалады. Гитлер Шушнигтен қамаудағы ұлтшылдарға амнистия беру және Австрия үкіметі басына ұлтшыл Зейнс-Инквартты қоюды талап етті. 12-наурызда Германия қоршауға алды. 13-наурызда Австрияның Германияға қосылуы жариаланды. Муссолини Австрияның аншлюсін мойындауына тура келды. 1938 жылдың сәуірінде Англия, Франция, АҚШ Австриямен барлық дипломатиялық қарым-қатынастарды үзіп, оның аншлюсін қабылдады.
1938 жылы 20-ақпанда Чехословакияға қарсы кампания Гитлердың Рейхстагтағы сөзінде ашық жариаланды. Герман үкіметінің Австриядағы немістердің жағдайына коңіл бөлуі арқылы Еуропадағы Германияның саяси басқыншылық әрекетімен сипатталады. Австрияны жаулап алуына батыс демократия тарапынан қолдау тапқан Гитлер өзінің Чехослоакияға қатысты жоспарларын жүзеге асыра бастады. Австрияға әскери бақылау орнату Богем бастионына шабуылының алғышартының бірі болды. Гитлер жағдайды қадағалап отырды. Оған еуропалық дағдарыс болған жағдайда Италияның кімнің жақтасы болатындығы маңызды болды. Муссолини Абессинияға толық бақылау орнатқысы келді. Алайда ағылшын үкіметінен қолдау тапқан Италия Германияның қолдауын қажет етті. Сол жағдайда ғана Италия Германияның Чехословакияға қарсы іс-әрекеттерін мойындаған болар еді.
1938 жылы 16-қыркүйекте Чемберлен жұмыс сапарымен Гитлермен кездескен болатын. Сол уақытта Германияның барлық радиостанцияларында Генлейннің Судет облысын аннекциялау туралы талаптары жарияланды. Бұл Чемберленнің Мюнхенге келгендегі алғашқы хабары болды. Примьер-министр де, лорд Ренсимен де Судет облысын германияға беру арқылы оның Чехословакияға басып кірмеуіне сенімді болды. Франция да Судет облысының Германияға берілун қолдады. 19-қыркүйекте неміс халқының саны 50 %-дан асқан барлық Чехословакия аудандарын тез арада Германияға қосуын талап етті.
1938 жылы күзде неміс халқы Мюнхен кеңесінде өткен Судет мәселесінің бейбіт жолмен реттелуін қанағаттылықпен қарсы алады. Еегр Батыс және неміс халықтары бұл жағдайға нүкте қойылды деп есептесе, Гитлер Мюнхен кеңесіне дейін басқаша ойлады. Ол кеңестің орнына Чехословакиямен соғысты қалады. Соның көмегімен әлемге Гитлер бастаған жаңа үкіметтің жойқын күшін көрсеткісі келді. 1939 жылы наурыздағы Чехословакияны жаулап алу сыртқы саясаттың көзқарасы бойынша қауіпті болды, өйткені Мюнхен келісіміне қол қойған батыс державалары бұл әрекетке қарсы шықпады және Гитлердің алдына қойған талаптардың орындалуына түрткі болды. Гитлердің өзіне оның келесі қарсыласы Польшаға басып кіруі тура соғысқа алып келетіндігі анық болды. Польшаны саяси изолйцияда ұсытау керек еді. Франко-польша одағы мен Англия тарапынан берілген кепілдемеге қарамастан Германия тек Польшамен ғана әскери қатығыстармен шектелетіндігнесенімді болды. Гитлер Кеңес Одағымен келсімдер арқылы Батыс державаларының алдында өз позицияларын күшейткісі келді. Тек шілженің соңында Гитлер сыртқы істер министрлігіне орыстармен келіссөздер жүргізуіне бұйрық берді. 23-тамызда олар Мәскеуде бір-біріне шабуыл жасаспаушылық туралы пактіге қол қойды.
Ол бойныша, егер Англия Польшаны сатып кететін болса, ол әлемдік болмаса да Еуропалық соғысқа алып келетіндігі анық болды. КСРО оз тарапынан ол соғысқа араласпауын қолдады. Батыс державалары қолайсыз жағдайда болды. Гитлер бұл державалар тарапынан ешқандай тосқауыл көрмей өзінің цскери және саяси күшін көтергені соншалықты енді соғыс сол ұлы державалар арасында үрей туғызды. Муссолини әскери қақтығыстар тек Польшамен шектелмейтінін ескере отырып, Италияның соғысқа қатысуға дайын еместігін жариялады. Гитлер өзінің басып алу бұйрығын бұзды. Гитлер Батыс державаларға тағы бір рет ойлану мүмкіндігін берді. Ол Францияның соғыс жүргізбеу шешімі Англия позициясына әсер ететіндігіне үміттенді. Англия Польшамен келесі келіссөздерді жүргізу үшін Гитлер Риббентробты тағайындады. Бұл келіссөздерді нәтижесіз етуде барлық жағдайладры жасап отырды. 31-тамызда ол келісімдердің сәтсіздігін пайдаланып, ашық күш жұмсау сәті келгендігін түсінді. “Енді осы мәселені бейбіт жолмен шешудегі барлық саяси мүмкіндіктер біткеннен кейін, мен бұл мәселелерді қарастыруды шештім” деп соғысты жүргізу туралы №1 дерективасының 1-пунктінде айтылды. Оның негізінде 1939 жылы 1-қыркүйекте Польшаға қарсы әскери қимылдар басталды. Бұл актқа қарамастан Гитлер Англия мен Франция Польшаның жағдайын ескере отырып, соғысқа қатыспайтындығына үміттенді. Сонда да, Гитлер бұл мәселе бойынша жаңа конференциялардың өтуіне қарсы болды. Өзінің аса табандылығымен ол Батыс қарсыластарының соғысқа қатысуын болдырмауға тырысты.


Скачать


zharar.kz