Демография және демографиялық қатынастар

Скачать

Демография (гректің demos – халық және gzapho – жазамын деген сөздерінен алынған) - халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың құрамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зертейді.
Демография туудың, өлімнің, көші-қонның әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық және сапалық әсерін, сонымен қатар еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтануына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығын да қорытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны өзгерту бағытын анықтап, ол туралы шешім қабылдайды, адамның құндылық жүйесін, балалы болуға тілегін оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін, т.б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.
Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.
Демографиялық қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысын зертеп, қорытады. Демографиялық қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография – ғаламдық проблема.
Қазіргі кезде біздің республикамызда 15 миллион халық тұрады. Оның 55 пайыздан астамы қазақтар, 35 пайызы орыстар.
Туу, өлім және халықтың табиғи өсімі – демографиялық процесс көрсеткішінің бірі. 1940 жылы 1 мың адамға шаққанда туу мөлшері 40, ал 1990 жылы 23 баладан келген. Осы жылдар ішінде халықтың саны үш есеге жуық өскен, соған қарамастан туу екі есе кеміген. Бұл арада ескеретін бір жағдай - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ халқының соғыстан болған шығыны 350 мың адам (әскер қатарында 4-5-6 жыл болғандарды есептегенде). Соған байланысты ер адамдардың шығыны туу процесіне кері әсерін тигізгені белгілі.
Адам өмірінің ұзақтығы әр кезеңде әр түрлі болады: 1978-1988 жылдар арасында жалпы орта жасы 67,4-69,8 жыл болды. Оның ішінде ерлердің орта жасы 61,9-64,8 әйелдердің орта жасы 72,4-74,1 жыл болды. Жалпы алғанда әйелдерден 10 жас артық өмір сүрді. Оның негізгі себептері: әйелдер ерлерден салыстырғанда әр түрлі ауруларға аз ұшырайды, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты өзгермейді, үй шаруасы, бала тәрбиелеу, немереге қарау сияқты жұмыс түрлері көбейе түседі. Ал егер адамдар ішімдік ішеді, темекі тартады, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты күрт өзгереді. Біздің елімізде халықтың орта жасы Жапония, Финляндия, Голландия, т.б. елдерден әлдеқайда төмен. 1991 – 1997 жылдардағы әлеуметтік - экономикалық қиындық адам өміріне кері әсерін тигізгені сөзсіз. 1993-1994 жылдардағы есеп бойынша Республикамызда туудан өлімнің көрсеткіші артып отыр.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 60 мыңдай адам шығын болды. Сөйтіп үш демографиялық апаттың нәтижесінде Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде 4,5 млн. адам шығып болған.
Дүние жүзіндегі қазақтардың саны 1990 жылдың ортасында 10 млн. адамға жетті. Демографтардың зерттеуіне қарағанда, ХХІ ғасырдың аяғында қазақ халқының демографиялық мүмкіндігі, өсіріп айтқанда 33 миллиондай адамға, шамалап алғанда – 28 млн. адам, ал орташа айтқанда 30 млн. адамға жетеді деп болжанып отыр. Қазақтардың саны 2015 жылға қарай (сыртқы миграцияны қоса есептегенде) 15 миллонға жетпек. Қазақстанда 13 млн. қазақ тұратын болады, ол еліміздің жалпы тұрғындарының 65 пайызын құрамақ.


Скачать


zharar.kz