1945 жылдан кейінгі Қазақстан

Скачать

Осыдан тура 60 жыл бұрын Германияның Нюрнберг қаласындағы Әділет сарайында неміс фашизмінің басты-басты айыпкерлеріне халықаралық сот аяқталған еді...
Міне, 1945 жылдың 9 мамыры. Екінші дүниежүзілік соғыстың Еуропадағы соңғы оғы кеше ғана атылып, тынды. 8 тамыз күні, үш ұлы одақтас державалар, яғни, сол соғыста Гитлер фашизміне қарсы одақ құрған КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция басшылары бас қосқан Потсдам конференциясы жұмысын аяқтасымен, фашистік Германияның соғыс айыпкерлерін соттайтын халықаралық әскери сот ұйымдастыру жөніндегі өзара келісімге қол қойылды. Десек те мынаны айта кету артық болмас, жеңетініне әу баста сенген Кеңес үкіметі мұндай сотты ұйымдастыруды 1942 жылдың 2 қарашасында ұсынған болатын. Сотқа Гитлер Германиясының 24 басшысы берілді (Гитлер мен Геббельс, әсіресе соңғы әйелі мен алты баласын алдын ала өлтіріп алып, содан кейін у ішіп, өздерін өздері өлтірумен адамзат алдындағы айыптарын мойындап кеткендей еді). Сонымен бірге, трибунал фашист партиясының басшыларын, шабуылшы отряды – “СА”-ны, гестапоны, СС-ті, Гитлер үкіметін, Вермахттың – фашистік Германия әскерінің жоғарғы командованиесін және Бас штабын айыпты мекемелер мен ұйымдар деп танып, олардың да ісін қарауға ұйғарады.
Ол 1945 жылдың 21 қарашасында бұрынғы одақтас елдері бас айыптаушыларының кіріспе сөзімен ашылды.
АҚШ бас айыптаушысы Р.Х.Жексонның сөзінен:
–... Бұл трибунал жаңалық және эксперимент болып саналса да құқықтық теорияны ғана сөз қылуға арналған трибунал болмауы керек. Біздің заманымызда әлі де бас көтеріп қалуы мүмкін басқыншылық соғыстың аса зор қаупіне қарсы төрт ұлы державаның, басқадай да 15 елден қолдау тапқан әділеттік талдауы болуы керек. Адам баласы өмірде орын алған қылмыс үшін айыбы шамалы көлденең адамдарды емес, сонымен бірге, ұйымдасып, үлкен өкіметке ие болып дүниенің бір де бір шаңырағын аямайтын қауіпті қару қылып, қылмысты жасағандардың өздерін жазалауды талап етеді. Судья мырзалар, Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгіндері біздің алдымызға көлемі жағынан адам айтқысыз осындай зор істі қарауды қойып отыр.
Сот орындығында бір кезде өздері азаптаған, атқан, асқан, отқа жаққан жандардың қайғы-қасіреті естеріне түсіп, оларға қарсы жұмсалған жауыздық қарулары қолдарынан қағылып, құр сүлделері ғана қалған 24 қос аяқты хайуан отыр. Бір кезде нацизмнің жетекшілері ретінде Жер шарының елеулі бөлегіне билік құрып, халықтың көпшілігіне үрей туғызғандар екендіктері бүгінде байқалмайды. Бәрі де жұп-жуас, момақан, бәрі де “айыпсызбыз” дейді. Десек те осы отырған тұтқындар бір кезде сол үрейдің өзі болған. Бұл адамдардың өздері күлге айналса да олар сепкен жамандық пен жауыздық тірілер арасында әлі ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Трибуналдың маңызы мен мақсаты да осында – бұдан былай сондай жауыздықтарды қару етушілерге жол бермеу...
Ұлыбритания бас айыптаушысы Хартли Шодероссаның сөзінен:
–Адамның кейде бастығына бағынбайтын да кезі болады. Сол уақытта оның өз арының жетегінде тұратыны белгілі. Айта берсек, әскердегі солдаттардың өздері де заңсыз бұйрықтарды орындай бермейді. Ал мына айыпкерлер қатардағы солдаттар болмаған. Бұлардың айла, тәсіл, істері Герман империясына дүние жүзі танып, қолданып келген халықаралық келісімдер мен дипломатияға пысқырып та қарамай, кейде мазаққа, кейде бос сөзге айналдырып, не болмаса, ұнатпаған халықаралық құқықтар мен шарттарды жойып, өздеріне тиімді заңдар шығарып, өздері әбден сеніп болған “мырзалар нәсіліміз” деп кеуде ұруларына жол ашқан.
Егер осы қылмыстарды нацистік Германия тұтасымен жасаған деп санасақ, онда мына адамдардың да сол қылмыстардың орын алуына себепкер болғанымен, оның іске асуына көмектескендер ретінде де айыпты болып саналмағы сөзсіз.
Бұл адамдар іске асырған қылмыстардың ауырлығы мен ауқымдығы сонша, тіпті оны ойға алудың өзі қасірет, бұлардың миллиондаған жандарға көрсеткен жауыздықтары мен қырып-жоюлары мәселенің бір жағы десек, сол бір қаратүнек үрейлер тоқтатылған бүгінгі заманда бұлардың аса ауыр қылмыстарға апарған айла-шарғы, тәсіл, істерін болашақта қайталатпау сабағын шығаруымыз керек. Бұл осы трибуналда мойнымызға міндет болып артылған мәселенің екінші жағы болмақ.
Франция бас айыптаушысы Франсуа де Монтонаның сөзінен:
–...Халықаралық құқық осы отырысында адам баласы тарихында қылмыс атаулыға қарсы жасалған заңдардың теориясын толық қолдануға тиісті. Соғыс даласында солдат, соны өзі тілесін-тілемесін қорғаныс жағдайында болады және оның сол соғыста біреуді өлтіруін заң қорғайды. Бұдан басқа жағдайда кісі өлтіру нағыз қылмыстың өзі деп саналмақ. Ал сот орындығында отырғандардың мойнында миллиондаған адамды өлтірген қылмыс бар. Ал бұлардың қайсысы болсын соғыс даласына табан аттап баспағандар. Ендеше, бұларға өзін өлтіруге келе жатқанды өлтіргені үшін ақтау заңы жүрмек емес. Сонымен бірге, бұлардың қайсысы болсын “Өз қолымызбен ешкімді де өлтіргеміз жоқ”, деулері мүмкін. Алайда, бұл сылтау да оларды қылмыс атаулыдан ақтап алуға тиіс емес.
Әскери қылмыс әдетте бірін-бірі толықтырып тұратын, алайда бірінен бірінің айырмашылығы бар екі түрден тұратыны белгілі. Олар: адамның өз қолымен жасаған қылмысы, не болмаса, қылмысқа басқаларды айдап салу қылмысы. Соңғылардың “Қылмысты жоғарыдан келген бұйрықты орындай отырып жасаған едік”, деулері мүмкін. Қылмыстық құқық ілімі қылмысты тікелей жасаушы мен сол қылмысты жасауға қатысушы тең айыпталатынын айтады. Ендеше мына отырған айыпкерлер де аса ауыр да ауқымды қылмыстарға қатысқандары үшін, не болмаса, басқаларды сол қылмысты жасауға айдап салғандары үшін осы процесте бастарымен жауап беруге тиіс.
КСРО бас айыптаушысы Р.А.Руденко сөзінен:
–Адамзат тарихында әділеттік соты дүниеге осыншама ауыр қайғы-қасірет әкелген қылмысты тұңғыш рет қарамақшы. Сот орындығында қылмыстың көкесін жасау мақсатында қолдарына тұтас бір мемлекетті түсіріп, соны қаруға айналдырып алған қарақшылар отыр.
Ана отырған айыпкерлер арқылы біз олар қылмыстарын іске асыру үшін құрған мекеме, ұйымдары мен адамзатқа қарсы құрылған жалған теория, идеяларын да айыптауға тиіспіз.
Англо-Кеңес-Америка коалициясы құралды күші соққысының арқасында осыдан 9 ай бұрын Еуропаның, тіпті, дүние жүзінің бостандық сүйгіш халықтары басына қасірет әкелген Гитлер Германиясы тізеге отырғызылған болатын. Сөйтіп, міне, дүние жүзі халықтарының Гитлердің жендеттерін әділ айыптап, қатаң жазалау жөніндегі талап-тілегі орындалайын деп отыр.
Сот орындығында қойылатын, бұлардың қылмыстарының негізі болып саналатын нақты айыптар мен оқиғаларды қарамас бұрын осы үдеріске тікелей қатысы бар құқықтық мәселелерге тоқтап өту жөн деп санаймын. Өйткені, бұл процесс адамзат тарихындағы ұйымдасқан жауыздыққа үкім шығарайын деп отырған тұңғыш процесс – халықаралық трибуналға осы жөнінде жазбаша да, ауызша да түсірген өтініштерде осы талап сансыз рет қайталанады. Процесс оны хабарынан тыс қалдырмау керек.

Адамзаттың өткен ізіне бас бұрсақ
Адамзат тарихында Жер шарында 15 мыңдай соғыс өрті лаулаған болса, оның соңғы екеуі өзінің ауқымына дүние жүзін түгел тартқан еді. Екеуі де неміс жерінен басталған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Антанта мемлекеттері (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия) және Жапония жеңілген Германия кайзері Вилгельм Екіншіні соғыс айыпкері ретінде, жоғарыда аталған бес елдің сот алқалары арқылы соттамақ болады да, іске асыра алмай қалады. Өйткені, сотта жеңген елдердің өздерінің соғыста көздеген империалистік мақсаттары ашылып қалу қаупі туады. Сондықтан да ол жолғы “халықаралық сот” тек әрекет деңгейінен ғана аса алмай қалады. Мұны еске алып отырғанымыз, екінші дүниежүзілік соғыс айыпкерлерін жазалау жөніндегі келісімге келген мемлекеттер арасында саясатын табанды түрде, ауытқусыз жүргізетін, одақтастық борышына берік Кеңес Одағы болмаса соғыс айыпкерлерін жазалау жөніндегі халық үміті ақырғы нәтижесіне жетер ме еді, жетпес пе еді? Фашизмге қарсы жүргізілетін соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін де батыстық одақтастарымыз өздерінің ұстанған империалистік пиғылдарынан арылмады. Бұған біз Нюрнберг процесі жүрген уақыттағы оның ішкі және сыртқы ағымдарын еске алсақ, толық түсінеміз.

Әділет сарайының ішінде
1944 жылдың ақпанында өткен одақтас үш ұлы держава басшыларының Ялта конференциясының шешімі бойынша қысқа уақытта бейбітшілік және демократиялық жолға түсіру үшін фашистік Германияны төрт аймаққа (зонаға) бөлу белгіленген. Соған байланысты Нюрнберг Америка Құрама Штаттары зонасында болатын. Процесс кезінде Әділет сарайының ішкі және түрмені күзету жұмыстары американ әскери әкімшілігінің қолына берілген. Ал сарайдың салтанатты кіреберісін АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Кеңес Одағы әскерлерінің өкілдері кезектесіп күзететін болған. Сарайды және оған жақын орамдарды американ танктері қоршап, ішіне әскери жертөле (блиндаждар) салынып, әр дәліз оқ астына алынып қойылған. Сарайға кіруге құқы барларға арнайы рұқсат қағаз берілген және ол әр бұрылыста тексеріліп тұрылған. Бірінші қараған көзге айыпкерлер мен сарайдың іші мен сырты қатаң да қырағы күзетте сия


Скачать


zharar.kz