"Бухгалтерлік есеп және аудит " пәні бойынша
тест сұрақтары
1 Шот иесінің банкке ақшалай сома түрінде шотына салу жөніндегі бұйрығы қалай аталады?
А. төлем талап тапсырмасы
В. чек
С. төлем тапсырмасы
D. аккредитив
Е. қолма-қол ақша салу хабарламасы
2 Кассадан материалдық емес активтердің құны төленгенде қандай жазба жасалады?
А. Дт шот 2730 Кт шот 1010
В. Дт шот 2730 Кт шот 3310
С. Дт шот 2730 Кт шот 1050
D. Дт шот 2730 Кт шот 1030
Е. Дт шот 3310 Кт шот 1010
3 Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды өткізуден ақшалай қаржылар түскенде шоттар байланысы қандай түрде болады?
А. Дт шот 1010 Кт шот 6210
В. Дт шот 7410 Кт шот 1010
С. Дт шот 1010 Кт шот 2730
D. Дт шот 6210 Кт шот 2410
Е. Дт шот 6210 Кт шот 1010
4 Есеп беретін тұлғалардың қолданылмаған аванс қалдығын кассаға өткізгенде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дт шот 1010 Кт шот 6210
В. Дт шот 1250 Кт шот 1010
С. Дт шот 1010 Кт шот 2730
D. Дт шот 6210 Кт шот 2410
Е. Дт шот 1010 Кт шот 1250
5 Кассадан қызметкерге есеп беруге тиісті сома берілгенде шоттар байланысы қандай түрде болады?
А. Дт шот 1010 Кт шот 6210
В. Дт шот 1250 Кт шот 1010
С. Д шот 1010 Кт шот 2730
D. Дт шот 6210 Кт шот 2410
Е. Дт шот 1010 Кт шот 1250
6 Кассаға аванстар алынғанда шоттардың байланысы қандай түрде жасалады?
А. Дт шот 1010 Кт шот 6210
В. Дт шот 1010 Кт шот 3510, 4410
С. Дт шот 1010 Кт шот 2730
D. Дт шот 6210 Кт шот 2410
Е. Дт шот 1030 Кт шот 1250
7 Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарын көрсетіңіз?
А. почталық және телеграфтық
В. төлем тапсырмасы, чек, вексель, тапсырма-талап төлемдері, аккредитивті, акцепті, почталық, телеграфтық
С. төлем тапсырмасы және төлем-талап тапсырмасы
D. кезеңдік, үздіксіз
Е. тура және жанама
8 Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан келіп түскен ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынғанда қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дт шот 1010 Кт шот 1250
В. Дт шот 1030 Кт шот 5110
С. Дт шот 1010 Кт шот 3010
D. Дт шот 3310 Кт шот 1030
Е. Дт шот 1010 Кт шот 3510
9 Ұйымдардың кассасындағы ақшалардың шығындалуы қай журнал-ордерде есептеледі?
А. №6 журнал- ордерде
В. №1 журнал- ордерде
С. №10 журнал- ордерде
D. №7 журнал- ордерде
Е. №8 журнал- ордерде
10 1010 Кассадағы ақшалар шотының дебеттік айналымдары қандай тізімдемеге тіркеледі?
А. №1 тізімдемеде
В. №2 тізімдемеде
С. №7 тізімдемеде
D. №6 тізімдемеде
Е. №11 тізімдемеде
11 Күдікті қарыздар бойынша резервті құруда қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дебет шот 1220 Кредит шот 1210
В. Дебет шот 7440 Кредит шот 1290
С. Дебет шот 1210 Кредит шот 1290
D. Дебет шот 1210 Кредит шот 1030
Е. Дебет шот 1210 Кредит шот 1220
12 Іс-сапар шығындарына немесе шаруашылық шығындарға ақшалай аванстар алған кәсіпорын жұмыскерлерін қалай атайды?
А. жұмысшылар
В. қызметкерлер
С. есеп беруге тиісті тұлғалар
D. мамандар
Е. тізімдік жұмысшылар
13 Кассадан есеп беруге тиісті сомалар берілгенде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дебет шот 1220 Кредит шот 1210
В. Дебет шот 1250 Кредит шот 1010
С. Дебет шот 1210 Кредит шот 1290
D. Дебет шот 1210 Кредит шот 1030
Е. Дебет шот 1210 Кредит шот 1220
14 Мына шаруашылық операцияның мазмұны қандай: Дебет шот 1010 Кредит шот 1250
А. еңбек ақы берілді
В. кассаға шаруашылық шығындарына алынды
С. материалдық зиян сомасы ұсталды
D. есеп айырысу шотына табыс түсті
Е. кассаға ақшаның қалдығы өткізілді
15 Мына шаруашылық операцияның мазмұны қандай: Дебет шот 1210, 2110 Кредит шот 6010
А. вексельдік пайыз есептелді
В. ағымдағы банктік шотқа алынды
С. материалдық зиян сомасы ұсталды
D. сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өзіндік құны қажетсіздендірілді
Е. сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді
16 Мына шаруашылық операцияның мазмұны қандай: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320
А. вексельдік пайыз есептелді
В. ағымдағы банктік шотқа алынды
С. материалдық зиян сомасы ұсталды
D. сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өзіндік құны қажетсіздендірілді
Е. сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді
17 Материалдық қорлар жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалғанда қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дт шот 7110 Кт шот 1310
В. Дт шот 7210 Кт шот 1310
С. Дт шот 7010 Кт шот 1310
D. Дт шот 1310 Кт шот 7210
Е. Дт шот 1310 Кт шот 7010
18 Д-т 8110 К-т 1310 шоттар корреспонденциясы нені білдіреді?
А. есеп беруге тиісті сомалар есебінен тауарлардың түсуі
В. сатып алушылардан түскен материалдар
С. көмекші өндіріске кеткен материалдар шығыны
D. әлеуметтік сфераға кеткен шығындар
Е. негізгі өндіріске кеткен негізгі материалдар шығыны
19 Тауарлық-материалдық қорлардың бірінші сатып алынғандарын бірінші шығындайтын әдіс қалай аталады?
А. орташа құн әдісі
В. ЛИФО
С. ФИФО
D. арнайы сәйкестендіру
Е. кезеңдік
20 Жабдықтаушыларға материалдардың құны есеп айырысу шотынан төленгенде қандай шоттар байланысы жасалады?
А. Дт шот 1030 Кт шот 3510
В. Дт шот 1010 Кт шот 1250
С. Дт шот 3310 Кт шот 1030
D. Дт шот 1030 Кт шот 6210
Е. Дт шот 1310 Кт шот 3310
21 Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру қандай жазбамен бейнеленеді?
А. Дт шот 8110 Кт шот 1310
В. Дт шот 1320 Кт шот 8110
С. Дт шот 1310 Кт шот 3310
D. Дт шот 1340 Кт шот 8110
Е. Дт шот 8110 Кт шот 1340
22 Заңды тұлғалардан және ұйымдардан негізгі құралдардың тегін түсуінде қандай жазба жасалады?
А. Дт шот 2420 Кт шот 2410
В. Дт шот 2410 Кт шот 1251
С. Дт шот 2410 Кт шот 6220
D. Дт шот 2410 Кт шот 5110
Е. Дт шот 2410 Кт шот 3310
23 Есеп беруге тиісті сомалар есебінен негізгі құралдарды сатып алғанда шоттардың байланысы қандай түрде жасалады?
А. Дебет шот 2410 Кредит шот 1250
В. Дебет шот 2410 Кредит шот 3310
С. Дебет шот 2410 Кредит шот 2930
D. Дебет шот 2420 Кредит шот 2410
Е. Дебет шот 2410 Кредит шот 6210
24 Шыққан негізгі құралдар бойынша жинақталған тозу сомаларын қажетсіздендіру қандай жазбамен көрсетіледі?
А. Дебет шот 3440 Кредит шот 3310
В. Дебет шот 8140, 7110, 7210 Кредит шот 3440
С. Дебет шот 2420 Кредит шот 2410
D. Дебет шот 7420 Кредит шот 2420
Е. Дебет шот 2410 Кредит шот 3310
25 Жарғылық капиталға жарна ретінде материалдық емес активтер кірістелсе, бухгалтерлік жазба қандай түрде болады?
А. Дебет шот 2740 Кредит шот 2730
В. Дебет шот 2730 Кредит шот 5110
С. Дебет шот 1210 Кредит шот 6210
D. Дебет шот 7410 Кредит шот 2730
Е. Дебет шот 1210 Кредит шот 1030
26 Баланстық құны бойынша құнсыздану сомасына гудвилл қажетсіздендірілгенде қандай жазба жасалады?
А. Дебет шот 2740 Кредит шот 2730
В. Дебет шот 2730 Кредит шот 5110
С. Дебет шот 1210 Кредит шот 6210
D. Дебет шот 7410 Кредит шот 2730
Е. Дебет шот 2720 Кредит шот 2710
27 Заңды және жеке тұлғалардан кассадан төлем жасау арқылы материалдық емес активтердің түсуі:
А. Дт шот 2730 Кт шот 6210
В. Дт шот 2730 Кт шот 3310
С. Дт шот 7410 Кт шот 2730
D. Дт шот 8140 Кт шот 2740
Е. Дт шот 2730 Кт шот 1010
28 Қысқа мерзімді несиелер ағымдағы банктік шотқа түскенде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дт шот 1030 Кт шот 4010
В. Дт шот 1010 Кт шот 1030
С. Дт шот 3010 Кт шот 1030
D. Дт шот 3310 Кт шот 3010
Е. Дт шот 1030 Кт шот 3010
29 Дебет шот 3180 Кредит шот 1030 бухгалтерлік жазбасының мазмұны қандай?
А. бюджетке ҚҚС сомалары аударылды
В. бюджетке акциз салығы сомасы аударылды
С. бюджетке мүлік салығы сомалары аударылды
D. бюджетке корпоративтік табыс салығы төленді
Е. бюджетке жер салығы сомасы аударылды
30 Дебет шот 3160 Кредит шот 1030 бухгалтерлік жазбасының мазмұны қандай?
А. бюджетке ҚҚС сомалары аударылды
В. бюджетке акциз салығы сомасы аударылды
С. бюджетке мүлік салығы сомалары аударылды
D. бюджетке корпоративтік табыс салығы төленді
Е. бюджетке жер салығы сомасы аударылды
"Қаржылық есеп " пәні бойынша
тест сұрақтары жауабы
1 Е
2 А
3 А
4 Е
5 В
6 В
7 В
8 В
9 В
10 А
11 В
12 С
13 В
14 Е
15Е
16 D
17 В
18 Е
19 С
20 С
21 D
22 C
23 А
24 С
25 В
26 Е
27 Е
28 Е
29С
30Е