Денені қорғау әдістері

Скачать

Денені қорғау принциптері бойынша киім оқшаулағыш және сүзгіш болып бөлінеді. Теріні оқшаулағыш қорғау әдісі бойынша костюм ауа өткізбейтін материалдан (мтгериалдан), созылмалы және суыққа төзімді резіңке тәрізді жасалады. Олар герметикалық және герметикалық емес болады. Герметикалық қорғау құралдары уландырғыш заттардың буынан және тамшысынан бүкіл денені қорғаса, герметикалық емес тек уландырғыш заттардың тамшысынан қорғап тұрады. Сонымен қатар олар тері мен киім кешекті радиациялық, бактериологиялық заттармен зарарлануына жол бермейді. Қорғаудың оқшаулағыш түріне мыналар жатады: қорғағыш комби-незон мен жеңіл қорғағыш костюмі, жалпы әскери қорғаныс жиынтығы.
Қорғағыш комбинезон біртұтас тігілген күрте, шалбар мен күлпарадан тұрады. Костюмнің комбинезоннан айырмашылығы: күлпара мен күрте, шалбар бөлек дайындалған. Комбинезон мен костюм жиынтығына сондай-ақ касканың ішінен киетін жұмсақ бас киім, резіңке етік, қоғап кіреді.
Қорғау комбинезоны мен костюмдер адамның биіктігіне қарай үш мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейінгі, 2-165-тен 172см-ге дейін, 3-172см-ден жоғары.
Жеңіл корғаныс костюмі копюшоны бар жейдеден, шұлықпен бірге тігілген шалбар, екі саусақты қолғаптан, касканың астынан киетін жылы бас киімнен тұрады. Костюмнің мөлшері комбинезон мөлшерімен сәйкес келеді. Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде барлау жұмыстары кезінде қолданылады. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы шапаннан, шұлық, қоғаптан тұрады. Жазғы қорғаныс қолғабы-бес саусақты, ал қысқы екі саусақты. Қорғаныс шапанында жең мен күлпара болады. Шапан бес мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейін, 2-165см-ден 170см-ге дейін, 3-171см-ден 175см-ге дейін, 4-176см-ден 180см-ге дейін, 5-180см-ден жоғары. Қорғаныс шұлығының табаны резіңке негізде жасалған. Шұлық кәдімгі аяқ киімнің сыртынан киіліп, қыстырғыштың көмегімен қысылады, ал белге белбеумен бекітіледі. Шұлық үш түрлі мөлшерде дайындалады. Қолғаптар екі мөлшеде болады. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы қолдану мақсатына қарай жамылғыш күйінде, жеңі қосылған жайда, комбинезон түрінде жұмсалады.
Теріні қорғаудағы сүзгіш құралдарына арнайы химиялық затпен сіңірілген шыт матадан тігілген киім жатады. Бұл күйінде матаның ауа өткізгіш қасиеті сақталып, уландырғыш заттардың буы арнайы сіңіргіштің бойына сіңіп кетеді.
Сүзгіш құралдардың жиынтығы комбинезон, ер адамға арналған денеге киетін іш киім мен касканың ішінен киетін жұмсақ бас киімнен тұрады. Сондай-ақ жинаққа аяқтың қабынуынан сақтайтын шұлғау да кіреді. Противогаз, резіңке етік, қолғаппен бірге жинақ та қолданылады. Комбинезоя үш мөлшерде: 1-160см-ге дейінгі ұзындық үшін, 2-161см-ден 170см-ге дейін, 3-171см-ден жоғары.
Теріні қорғаудың жаңа құралдары: обаға қарсы, қышқылдар мен сілтілерге қарсы тұрақты, химиялық оқшаулағыш КИХ-4, КИХ-5, костюмдер, қорғаныс шұлықтары, резіңкеленген алжапқыштар, мас-ка НБТ-1, қолғаптар-бутилкаучукты, диэлектрді, қышқылға, сілтілеге төзімді, хирургиялық, шыт матадан, полимерлі қабат пен шыт матадан тігілген.
Теріні қорғау мақсатында қолда бар су өткізбейтін қарапайым жамылғыштар мен плащтар, сондай-ақ қалың материалдан тігілген пальто, мақта күртелер т.б қолданылады. Аяқты сақтандыру үшін резіңке етік, ботылар, кебістер қолданылады. Ондай жағдай болмаса аяқ киімнің сыртынан тығыз қағаз, адан кейін мата ораған жөн. Қолды қорғау үшін резіңке және теріден жасалған қолғапты қолдануға болады. Трикотаж, жүн жене шыт матадан тігілген қолғаптар тнк бактериологиялық құралдардан және радиобелсенді шаң-тозаңнан сақтайды.
Теріні қорғау құралдарының қарапайым түрлеріне: өнеркәсіптік киімдер, күрте мен шалбар, комбинезон, копюшоны бар халаттар, брезенттен, өрттен қорғайтын резіңке тәріздес матадан тігілген киімдер жатуы мүмкін. Бұл киімдер тері беттерін радиобелсенді заттар мен бактериологиялық құралдардан ғана емес, сондай-ақ бірнеше ұзақ уақытқа дейін олар улы заттардың тамшыларының денеге енуінен қорғайды. Брезент киімдер, мысалы қыста сұйық тамшы улы заттардан шамамен 10 минутқа дейін қорғап тұрады.
Күнделікті қолданып жүретін киімдердің арасында, теріні қорғау мақсатында резіңке тәріздес матадан тігілген плащ пен жамылғыш немесе хлорвинил қабықшасымен қапталған маталар пайдаланылады. Мұндай киімдер тері қабатын радиобелсенді заттар мен бактериологиялық құралдардан сақтайды, улы сұйық тамшы заттардан шамамен 10 минутқа дейін қорғай алады.
Қорғанысты қыстық киімдер де атқарады: драп матадан тігілген пальто, ватник т.б. Драптан тігілген пальто басқа киімдермен киілгенде қыста 1 сағаттай, жазда 20 минутқа дейін улы заттардың теріге түсуінен сақтаса, ватник қысқы мерзаде 2 сағатқа дейін қорғайды. Сондай-ақ теріден немесе терінің орнына қолданылатын басқа да материалдан жасалған етіктер немесе резіңке галош киген жөн. Резіңке бұйымдардың улы сұйық тамшы заттардан 3-6 сағатқа дейін қорғау қабілеті бар. Резіңке емес аяқ киімдерді сыртынан қағаз, онаң соң кез келген матамен орап алған дұрыс.
Қолды қорғау мақсатында резіңке және былғары қолғаптар қолданылады. Трикотаж, шыт және жүн матадан тігілген қолғаптар улы заттардан қорғай алмайды.
Қарапайым киімдердің әдетте герметикалық қасиеті болмайды. Киімнің ең төмен герметикалық жерлері: көкірек төңірегіндегі қиық жаға, куртканың төменгі жері, қолғап пен жеңнің біріктірілген жері, аяқ киім мен шалбардың балағы қосылған жері. Сондықтан мұндай киімдерді қолданғанда қоршаған ортамен байланыстан оқшаулап тұруы үшін оның герметикалығын арттыру керек.
Киімнің барлық түймелері бекітіліп, жағаны көтеріп шарф немесе орамалмен байлап, жеңнің ұшын білек жағынан орап қою, шалбардың балағы етіктің сыртынан шығып тұруы керек те, оны төменгі жағынан байлап қойған дұрыс. Зарарланған аймаққа әйелдер келе қалса, міндетті түрде шалбар киюі керек. Киімнің герметикалық қасиетін арттыру үшін арнайы клапандар қолдануға болады. Олар куртка мен костюмнің алдындағы қиықты жерлеріне қолданады. Кеуде клапаны тығыз матадан тігіліп, жоғарғы жағынан қиық жасалып, жоғарғы ұштарына бау тігіледі. Кеуде клапына 4,5 см биіктіктегі жаға тігуге болады. Мұндай кезде оның герметикалық қасиеті арта түседі. Шалбар мен куртканың жеңінің қиығын жауып тұратын клин болады. Оның жанындағы ұзындығы 3-4см-ден кем болмауы керек, ал жоғарғы жағынан екі клапан тігілген шалбар оңай киілуі керек.
Куртканың жеңінің қиығы үшін тігілген клин шалбарға тігілгенінен мөлшері кем болмауы керек. Мойынды сақтандыру үшін және бастың ашық бөлімдеріне синтетикалық қабықтан немесе тығыз матадан күлпара тігіледі. Радиобелсенді шаңнан және бактериялық құралдардан қорғау үшін сондай-ақ пальто, қолғап, бәтіңке галош, резіңке етіктер қолдану тиімді.
Қарапайым киімдер булар мен уландырғыш заттардың аэрозоль-дерінен сақтау үшін арнайы К-4 пастасымен сіңіріледі.
Сіңіруге тек мата материалдар жатады. Бір жиынтыктағы киім
мен оның арнайы кеуде клапанын, күлпара қолғапты, шұлықты сіңірту үшін 2,5 литр ерітінді жеткілікті.
Сіңіргіш ерітіндіні синтетикалық жуғыш заттардың көмегімен немесе өсімдік (күнбағыс, мақта т.б) майының негізінде, сондай-ақ минералдық майлар (картерлік, трансформаторлық, машиналық, олифа) негізінде дайындауға болады.
Ерітіндіні дайындау үшін (бірінші түрі): 500 грамм синтетикалық жуғыш заттың 40-50 С дейін ысытылған 2,5 литр судағы қоспасын алады. Қоспаны 2-3 минут біртекті, сарғыш түсті қоспа дайын болғанша қозғап тұру керек.
Екінші құрамды ерітіндіні дайындау үшін 250-300 грамм кір жуғыш сабынның үгіндісін 60-70 кейін қыздырылған 2 литр суда ерітеді де, сабын толық еріген кезде ерітіндіге 0,5 литр минералдық немесе өсімдік майын қосады. Қоспаны 5 миқут шамасында біркелкі эмульсия пайда болғанша араластырады.
Сіңіру үшін дайындалған киім жиынтығын шелек, бак немесе шлапшынға салып, үстінен ерітіндіні құяды. Киім ерітіндімен сіңіріліп болған соң оны теріс айналдырып ерітіндіге қайта салып қояды


Скачать


zharar.kz