V тақырып.
1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы
(26-дәріс)
Қарастырылатын мәселелер:
1. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта құру.
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.
3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың экономикалық зардаптары.
4. Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі.
5. 1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмыта бастауының себептері.
Әдебиеттер:
1. Қазақ ССР тарихы бес томдық. 5 том. Алматы 1984.
2. Қазақстан за 40 лет Стат.Сборник. Алматы 1960
3. Освоение целины Великий подвиг партии и народа.
1974 №7. Вестник Высшей школы М., 1990 №7.
4. Тәтімов М. Қазақ ұлтының қасыреті. "Егемен Қазақстан". 1996 . 18 сәуір. Қазақстан тарихы. 1994. N1.
5. Тоқаев Қ. Семей — кешегі күннің жарасы. Семей —ертеңге жүктелген аманат. "Егемен Қазақстан". 1988. 8 қыркүйек.
Соғыс Қазакстан жерінде болған жоқ. Сондықтан оның шаруашылығы бүлінген жоқ. Солай болса да КСРО халық шаруашылығының ажырамас бір болігі ретінде республика экономикасы да соғыс жылдарында әскери жағдайға, соғыстан соң бейбіт өмірге икемделді. 1945-1960 жылдары Қазақстанның өнеркәсібінің отынэнергетика саласы жақсы дамыды. Қарағанды көмір алқабында ондаған ірі шахталар мен байыту фабрикалары іске қосыдды. Екібастұзда ашық әдіспен көмір өндірудің көлемі күрт ұлғайды. 50-жылдары көмір шабу, қопару және оны вагондарға тиеу жүмыстары толық механикаландырылды. Республика бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгі деңгейден 2,5 есеп артып, 1950 жылы 17,5 млн. тоннаға, ал 1960 жылы 32,3 млн тоннаға жетті. Бұл жылдары Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр стансалары, Жезқазғаңда жылу-электр орталығы салынды. Қарағанды мен Шымкентте қосымша қуаттар іске қосыдцы. Бүқтырма СЭС-інің құрылысы басталды. 50-жылдардың екінші жартысында электр стансалары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады. Қуат өңдірудің техникалық жабдықталуы едәуір артты. 1945 жылы респуб-ликада 1,15 млрд. квт сағат электр қуаты өндірілсе, 1960 жылы оның жылдық көлемі 10,6 млрд. квт сағатқа жетті.
4-бесжылдық деп аталатын жылдарда Теміртаудағы Қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Ақтөбе ферросплав зауытының қуаты едәуір ұлғайтылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс қорыту зауытының, Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қуаттары арттырылды, шикізат базасы ұлғайтылды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді. 50-жылдардың алғашқы жартысында өнеркәсіпке республикаға бөлінген күрделі қаржының 40,4 проценті тиді. Оның 94,7 проценті ауыр өнеркәсіп салаларын дамытуға бағышталды. Бұл жылдары өнеркәсіптің жалпы көлемі 82 процент, болат қорыту 86 процент, қара металл прокатын шығару 119 процент, машина жасау өнеркәсібінің өнімі екі есе артты. 6-бесжылдық жылдарында да осы салалардың дамуына айырықша көңіл беліңді. Аталған кезенде республика бойынша жыл сайын жүздеген өнеркәсіп орыңдары мен цехтар іске қосылып отырды. Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен таукен машина жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын-мырыш комбинаты, Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Ақтөбе хром қоспалары зауыттары салынды. Темір өндіруден республиканың Одақтағы үлесі күрт артып, 5,4 процентке жетті. Қарағанды металлургия комбинаты республиканы ғана емес, Сібір, Орал және Орта Азияны металмен қамтамасыз ететін базаға айналды. Қара және түсті металлургияның бір шама жедел қарқьшмен дамуы және 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың басындағы жасанды миграциялық шаралардың нәтижесінде республиканың халық санының күрт артуы энергетика, тасымал және құрылыс істерін де жоғары қарқынмен дамытуға мәжбүр етті. Соғыстан кейінгі кезеңнен бастап 60-жылдардың басына дейінгі уақыт аралығында республикада химия өнеркәсібі пайда болып дами бастады. Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат, Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары салынды. Қарағандыда синтетикалық каучук, Ақтебеде хром қосылыстар зауыты кеңейтілді. 50-жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты. Химия өнеркәсібінің ірі көсіпорындары Қазақстанның Оңтүстігінде орын тепті.
Соғыстан кейінгі онжьщдықтарда социалистік жарыс кең етек алды. Қай саланың қай кәсіпорынынан болса да, еңбек озаттары мен жаңашылдар көптеп піығып жататын, 1948 жылы тұңғыш рет шахтерлер күнінің аталып өтуіне байланысты Қарағанды кеншілерінің бір тобына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Олардың арасында шахта бастығы І.Күзембаев, кен комбаиыншысы Б.Нұрмағамбетов, проходшылар бригадирі П.Акуловтар болды. Қазақ металлургая зауытының болат қорытушылары АДәрібаев, И.Голубев, Матай станциясының машинкісі М.Қаптағаев сынды озат жұмысшылар өз ісінің нағыз шеберлері ретінде көзге түсті.
Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қазақстанның тұрғындары санының жедел өсуі құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге мәжбүр етті. Қалалар өсіп, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Құрылыс материалдарын шығарудың көлемі күрт артты. Сазтөбеде, Қарағаңцыда, Семейде, Өскеменде, Шымкентте цемент зауыттары бой көтерді. Талдықорғанда, Өскеменде, Қызылжарда,Қостанайда кірпіш зауыттары салынып, бұл бұйымды шығаратын Алматы мен Шымкенттегі кәсіпорындар кеңейтілді. Әк, алебастр өндіру де ұлғайтылды. Темір бетон шығару ісі белең ала бастады.
Ауыл шаруашьшық шикізатының молдығы жеңіл және-тамақ өнеркәсібінің даму қарқының жоғарьшатуға әсерін тигізді. Жамбылда, Семейде, Петропавлда, Павлодарда тері илейтін, былғары жасайтын кесіпорындар, Алматы мен Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяқ -киім тігу мен шүлық шығаратын кәсіпорындар орын тепті. Жезқазғанда, Семейде, Ақтөбеде тоқыма фабрикалары жұмыс істей бастады. Аталған кезенде Ақтөбеде, Шымкентге, Жамбылда, Теміртауда ет комбинаттары, ондаған сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды. Негізгі азық-түлік өнімдерін шығарудың көлемі үнемі артып отырды.
Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және оны орталыққа тасып алу қажеттігі көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға әсер етті. 1951-1955 жылдарда көлік пен байланысты дамытуға бөлінген күрделі қаржының мөлшері 65,4 млн. сом болғанда, 1956-1958 жылдары оған 146,4 млн. сомның күрделі қаржысы бөлінді. 1945 жылы темір жол желілерінің ұзындығы 8212 шақырым болса, 1960 жылы оның пайдаланылатын желілерінің ұзындығы 11470 шақырымға жетті. Аталған мерзімнің соңғы жылында Республиканың жалпы жүк айналымының жеке түрлерінің ішіндегі темір жол тасымалының үлесі 91,7 процент болды. Бұл кезде тасымалдың өзге түрлерінің — өзен, құбыр және авиацияның үлесі мардымсыз еді. Кеңес империясының отарлық саясаты Қазақстанның өнеркәсіпті орталықтары мен шикізат базаларының өзара байланысын ескермей, олардың әрқайсысының Ресеймен қосылу бағыттарының артықшылық жағдайда дамытылуын қадағалаудан көрініс тапты.
Өнеркәсіптің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуге қарамастан 50-60 жылдар ішінде Қазақстан экономикасында, оның келешегі тұрғысынан алып қарағанда, бірқатар келеңсіз тенденциялар да қалыптасты. Республика экономикасында шикізаттық бағдар белең алды. Өнеркәсіп ендірісінщ құрылымы салалық тұрғыдан түрленбеді. Шығарған енімі күрделенбеді. Өндіруші секторға сай өңдеуші сектор дамымады. 30-жылдары қалыптасқан бойынша өнеркөсіптің "Б" тобына (тұтыну тауарлары) қарағаңда "А" тобына (өндіріс құралдарын) өндіруді жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды. Қазақстан өнеркәсібін шикізаттық өндірушілік бағытга қалдырып қойғанда Орталық мынадай мақсаттарды көздеді деп қорытынды жасауға болады. Біріншіден, Қазақстанның аса бай табиғи ресурстарын қолдан келгенінше көбірек қамти пайдаланып қалу; екіншіден, қоршаған ортаны ластайтын, суды, шикізатты, қуатты көп қажет ететін, лас өңціріс орындарын осында қалдыру; үшіншіден, тәуедці аумақты мөңгілік қолдан шығармау үшін онда жөні дұрыс бұйым, машина, прибор, станок, электроника және электротехника тауарларын, көпшілік қолданатын бүйымдарды шығармауды мақсат етіл қойылды. Нәтижеде Қазақстан бай болса да төуелді мемлекетке айнадды. Бұл сол кездің өзінде Қазақстанды Ресейден ешқашан ажырап кете алмайтын етіп, байлап-матап тастауды көздеген құйтырқы саясаттың нәтижесі болатын.
Қорыта келгевде Ұлы отан соғысынан кейін барлық елдер, соның ішіңде Қазақстанда жаңадан бейбіт еңбек етуде, өңдіріс пен ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, одан ары дамытуға кірісті. Сталиндік қатты бірізділіктен құтылған соң, жақын арада жақсы нәтижелерге жете бастады. Қазақстанда бүл кезде отын энергиялық базасы кеңінен дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде оннан астам үлкен шахталар мен байыту фабрикалары кеңінен дамыды. Осы жылдары Өскемен су электр станциясы, Жезқазғанда жылу электр станциялары жұмысқа қосылды. Бұқтырма ГЭС-ы салына бастады. Электр энергиясын өндіру екі есе артты, соның ішінде су энергиясы бес есе көбейді. 1960 жылы өндіріс