Шығармаларындағы әдеби дәстүр

Скачать

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Филология-педагогика” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“Қазіргі адеби процесс” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(СИЛЛАБУС)

Оқу түрі : күндізгі
Курс : 4, 8– семестр
Кредит: 3
Лекция : 45 сағат
ОБСӨЖ : 45 сағат
СӨЖ : 45 сағат
Барлық сағат саны: 135 сағат
Аралық бақылау саны 2 – 60 балл
Қорытынды бақылау : емтихан (40 балл)

Жетісай – 2009ж.

Құрастырған : доцент Н. Қадырбаев

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

“Қазақ әдебиеті сынының тарихы” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін әзірленген

Оқу -әдістемелік кешен Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Оқу - әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған

№ _______ Хаттама “__________” 200 ж

Кафедра меңгерушісі : _____________________________

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ ______ Хаттама “__________” 200 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы : ________________________________

Университетің ғылыми кеңғесінде мақұлданған

№ _____ Хаттама “____________” 200 ж

Ғылыми Кеңесінің төрағасы : ___________________________________

Мазмұны

Алғы сөз _______________________________________________
Жалпы мәліметтер_______________________________________
Курстың мақсаты мен міндеті______________________________
Курстың постреквизиттері мен пререквизиттері______________
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме __________________________
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет________________
Студентке арналған ережелер ______________________________
Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі ___________
Лекция сабақтарының мазмұны ____________________________
Семинар сабақтарының жоспары, мазмұны __________________
СӨЖ – жоспары мен орындау кестесі________________________
ОБСӨЖ жоспары мен орындау кестесі_______________________
Оқу сабақтарының мазмұнына сәйкес бақылау түрлері :
а) бақылау сұрақтары ___________________________________
б) жазбаша бақылау жұмысы_______________________________
в) коллоквиумдар ________________________________________
г) сөзжұмбақтар__________________________________________
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі___
Пән бойынша оқу процесінің картасы _________________________

Алғы сөз

Оқу - әдістемелік кешені “Қазіргі адеби процесс” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыста неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарын құрайды. Білім беруде жартылай кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген., ПС – практикалық сабақтар.
ОБСӨЖ оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әр бір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.
Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақемтиханды алуға арналған.

Жалпы мәліметтер

Лектор : Қадырбаев Н.
“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы, № 1-ғимарат, 42-кабинет
Телефон :
Кафедрада болу уақыты : 830 -1800 дейін

Курсты өткізу уақыты және орны



Аты-жөні
Курсты өткізу уақыты,
Орны
Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық
Сабақтар
ОБСӨЖ
Телефон

Қадырбаев Н.
Лекция
Уақыты_______
Ауд. №

Уақыты_______
Ауд. № 8
тел :__________
каб :__________
корпус :_______

3. Курстың мақсаты мен міндеті:

Мақсаты:
Қазіргі қазақ әдебиетінің хал-ахуалы, дамуы жөнінде қазақ ақын-жазушылары мен драматургтерінің шығармаларын, әдеби сынның жай-күйі туралы студенттерге түсіндіру, насихаттау. Қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы бүгінгі күн тақырыбы, әдебиеттің ерекшеліктері, үрдістері пәнді оқытуда басты мақсат болып табылады. Бүгінгі қазақ әдебиетінің байланысы да назардан тыс қалмайды.

Міндеті:

Пәнді оқыту барысында студенттер қазіргі қазақ әдебиетінің басты-басты өкілдерімен, олардың шығармаларымен танысады. Әдебиеттің даму үрдісі, шығармалардың ерекшеліктері жайында сыни мақалалармен танысады, әдеби туындыларды талдауға ден қояды. Пән осы міндеттер үдесінен шығуды өзінің басты назарына алады.

Курстың пререквизиттері және постреквизиттері.


Пререквизиттер
Постреквизиттер
1
Әдебиеттануға кіріспе
Қазіргі әдеби процесс
2
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті
Әдебиет теориясы

ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ:


курс
Сем
естр
кредит
Тақырыптардың бөлінуі
Қорытыныды бақылау

Лекція
ОБСӨЖ
СӨЖ
Барлығы:

1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
4
8
2
45
45
45
135
Емтихан

6.ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.
ОБСӨЖ – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемеларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой - әрекет талап ететін әдіс – тәсілдерді меңгеруі керек.
СӨЖ - студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау және ұялы телефонды өшіріп қоюы керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастанған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ


Тақырыбы
Лекция
ОБСӨЖ
СӨЖ
1
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі
1
1
1
2
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері
1
1
1
3
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің жай-күйі
1
1
1
4
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму бағыттары
1
1
1
5
Әдеби процесс - әдеби даму
1
1
1
6
Көркемдік даму заңдылықтары және сабақтастық
1
1
1
7
Дәстүр жалғастығының көріністері
1
1
1
8
Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі
1
1
1
9
Сөз өнеріндегі тағылым және жетістік
1
1
1
10
Дәстүрді шығармашылықпен игеру
1
1
1
11
Дәтүр мен жаңашылдықтың бірлігі
1
1
1
12
Көркемдік дәстүрдің сөз өнерін дамытудағы маңызы
1
1
1
13
Әдебиеттегі Абай дәстүрі
1
1
1
14
Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы
1
1
1
15
М.Әуезовтің Тарихи роман дәстүрі
1
1
1
16
М.Әуезов шығармаларындағы әдеби дәстүр мен жаңашылдық
1
1
1
17
С.Мұқановтың шығармаларындағы көркемдік дәстүрлер
1
1
1
18
Ғ.Мүсірепов шығармаларының сөз өнерін дамытудағы орны
1
1
1
19
Ғ.Мұстафин шығармаларының халықтық сипаты
1
1
1
20
Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістер
1
1
1
21
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби үдерістер
1
1
1
22
Поэзиялық шығармалардағы әдеби дәстүрлер
1
1
1
23
Прозалық шығармалардағы жаңашылдық
1
1
1
24
Драмалық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық
1
1
1
25
Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
26
Тұманбай Молдағалиев шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
27
Олжас Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
28
Мұхтар Мағауин шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
29
Асқар Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
30
Серік Қирабаев шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
31
Зейнолла Қабдолов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
32
Зәки Ахметов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
33
Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
34
Дүкенбай Досжан шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
35
Шерхан Мұртаза шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
36
Фриза Оңғарсынова шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
37
Софы Сматаев шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
38
Сырбай Мәуленов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
39
Әнуар Әлімжанов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
40
Мұхтар Шаханов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
41
Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
42
Марфуға Айтхожина шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
43
Дулат Исабеков шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
44
Есенғали Раушанов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1
1
1
45
Әдеби үдеріс және бүгінгі қазақ әдебиеті мәселелері
1
1
1

Барлығы:
45
45
45

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Филология-педагогика” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“ Қазіргі адеби процесс” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2009ж.
9. Лекция сабақтарының жоспары
1 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің жай күйі.
Жоспар:
1. Қазіргі қазақ әдебиеті және әдеби процесс
2. Кеңестік әдеби процестегі шығармашылық әдіс. Социалистік реализм
3. Әдеби процессегі қазақ әдебиеті жанрының дамуы.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Әдеби процесс (бұл процесс, әдеби үдеріс) деп аталады. Бұл әдебиетегі дәстүрлермен оның жалғастығын, сабақтастығын зерттейді. Дәстүр жалғастығы оның тағылымы әдебиеттік процесті құрайды.
Әдеби дәстүрді игеруі және жалғастыру белгілі бір процестің дамуында аңғартады. Мыс: қай әдебиет болмасын, оның өзіндік дәстүрі болады. Әлемдік әдебиетте белгілі классиктер өзінің әдеби дәстүрін қалыптастырады. Қазақ әдебиетінде бүгінгі Абайдың ақындық дәстүрі деп аталады арнайы процесс орнықты. Абай шығырмаларында оның тақырыбы мен дәстүріне сай әдебиетте көптеген ақындар өз туындыларын дүниеге әкеледі. Сондай-ақ қазақ әдебиетінде проза дәстүрі соның ішінде роман жанры тек қана ХХ ғасырдың басында ғана дүниеге келді.
2. Бұған дейін роман жанры әдеби үдерісімізде болмаған. Мінекей, өзге елдер әдебиетіндегі әдеби процестің қазақ әдебиетінде енуі үлкен жаңалық болды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде проза жанрының негізін құрайтын қара сөздердің өзі көп жағдайларда поэзиялы тұрғыда үн қатады. Француз әдебиетшісі Луй Арагонның айтуынша М.Әуезовтың Абай жолы эпопиясы ән салып тұрғандай оқылады.
3. Бұл дәстүрлі қазақ поэзиясына прозаға әсері, поэзияның проза мен арадағы сабақтастығы. Былайша қарағанда поэзия мен проза екі бөлек дүние, екі түрлі әдеби жанр. Бірақ прозада, поэзия секілді әуен мен әуезділіктің болуы екі жанрды жалғастырады яғни сабақтастық орнатады. Сөз өнеріндегі тағылым мен жетістік суреткер жетістігі. Дәстүрді шығармашылықпен игеру бұлда әдеби процестегі басты көрнекіліктер. Кеңестік әдеби процесте шығармашылық әдістің негізгі түрі социалистік реализм болып танылуы керек.

2 – лекция.
Тақырыбы: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері
Жоспар
1. Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуі
2. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің 310-шы, 90-шы жылдар аралығында дамуы
3. Тәуелсіздік жылдардағы әдебиет және әдеби үдерістер.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Кеңес дәуірінде қазақ әдебиеті барлық жанрларда қалыптасып дамыды. Кеңес дәуірінің өзінде-ақ әдебиетіміздің дамуында басты-басты кезеңдер орын алды. Мысалы: 20 жылғы 30-шы 40-45 жылғы 50-ші жылғы, 60-шы, 70-ші, 80-ші жылдардағы әдеби кезеңдер деп аталды. Олардың әрбірі өзіндік ерекшеліктеріне ие. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ әдебиеті саласында проза, өткен ғасырға қарағанда ерекше дамыды Ж.Аймауытовтың Бақытсыз Жамал, С.Торайғыровтың Қамар сұлу, М.Әуезовтың Қилы заман дүниеге келді.
2. Поэзия басымдық сипатқа ие болатын қазақ әдебиетінде орыс және батыс еуропа елдерінде айрықша дамыған проза жанры оның ішінде әңгіме, повесті роман секілді қысқа әрі күрделі жанрлар өз оқырмандарына жол тапты. Сонымен бірге ХХ ғасырда кеңістік дәуір әдебиетіде, (кеңес дәуірі 1977-1991жылы) араб, латын, кирилица харіптері басылып жарық көрді. Мұның көп ретте оқырман жадын жоғалтуға кері ықпал болды. Бір харіптен 2—ші харіптен ауысу оқырман санының азаюынан өзге харіптердегі шығармаларды оқуға көптеген кедергілерді келтірді.
3. Бүгінгі ұрпақта 20-30 жылдардың қазақ әдебиетінің туындыларынан оқи алмайтыны жасырын емес. Мысалы: Қытай, Үнді, Араб, Өзбек жеріндегі ұлттық кітапханаларда әдебиеті мен мәдиниеті араб тілі жайында көп кездеседі олар өз зерттеулерін күтіп отыр. Мысалы: Тек қана Ташкент қаласында ХХ ғасырдың 20-жылдарында Ақжол, Шолпан газеті, әдеби көркем журнал шығып тұрған. Оларда М.Жұмабаев, М.Әуезов, С.Сифулиннің шығармалары жарық көрген, қайта құру кезінде (1985-1991) қазақ әдебиетінде ұлттық мүддеге тола тың тақырыптар көтеріле бастады.

3 – лекция.
Тақырыбы: Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебитінің жай-күйі
Жоспар
1. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік жылдарында
2. Қазақ әдебиетіндегі дәстүрлермен сабақтастық
3. Қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік жылдарында жаңаша сипатқа ие болғандығы белгілі. Кеңестік жүйедегі партиялық және таптық принциптерден түгелдей арылды. Бұл принцип бүгінгі әдебиетке мүлдем жат. Ақын жазушылар өмірді көркем тәсілдің қолданылуы басты міндет деп санады. Алайда тәуелсіздік талап еткен міндеттерді көркемдік електен өткізу үшін уақыт қажет еді. Оның мерзімі бүгінде келгендей. Қазақ әдебиетінде үздік прозалық, поэзиялық және драматургиялық шығаормалар жариялана бастады. Әдебиетке деген оң көзқарас қалыптасты. Ақын жазушылардың мерей оойлары өткізіліп, әдебиеттің көрнекті тұлғаларын насихаттау ісі жолға қойылды. Абайдың, Жамбылдың 150 жылдық мерей тойы, Т.Жараков, К.Есенжанов және т.б. мемлекеттің деңгейінде өткізілуі еліміздің мемлекеткек деген оң көзқарасы, оң көзқарастың айғағы.
2.Қазақ әдебиетінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің әдеби дәстүрі мен сабақтастығы айтулы қаламгерлер. Көркем әдебиеттің негізі сөз болса халықтың құнарлы сөзінен нәр алу туған елінің әдебеиеті мен мәдениетіне құрметпен қарау, бүгінгі күннің басты міндеті. Драматургиядағы жаңаша ізденістер халық руханилығын арттыруү зәру мәселелерге айналуда.
3. Қазір де қазақ әдебиетінде барлық әдебиет жанры бойынша даму байқалуда. Әдеби шығармаларда баспаларда және мерзімдік баспа беттерінде жарық көрді. Әйтседе оларды елеп-екшеу, әдеби процестегі сараптау үлкен көш жігерді қажет етеді. Алайда көзі қарақты оқырман бүгінде жан-жақты білімді, дүние көзқарасы кең, әлемдік әдебиеттен толық хабардар. Сондықтан көркем әдебиет туындыларының елеулісін, көрнектісін айырып, алуға бүгінгі оқырман мүмкіндігі жеткілікті деп ойлаймыз.

4 – лекция.
Тақырыбы: Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебитінің даму бағыттары.
Жоспар
1. Қазіргі әдеби өсіп-өркендеуі.
2. ХХ ғасырдың 60-80 ші жылдағы қазақ әдебиетінің дамуы.
3. Қайта құру жылдардағы қазақ әдебиті.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1.Қазақ әдебиеті өзінің өсіп-өркендеуін бірнеше рет бастан өткерді. Кеңес дәуірің өзінде-ақ әдебиеттің дамуынада басты-басты кезеңдер орын алды. Атап айтқанда ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ әдебиеті саласында проза өткен ғаырларға қарағанда ерекше дамыды. М.Әуезовтың Қилы заман және де өзге прозалық шығармалар қазақ әдебиеті үшін мүлдем соны жаңалық болатын. Поэзия басымдық сипатқа ие болатын.
2. Қазақ әдебиетінде орыс және батыс еуропа елдерде айрықша дамыған проза жанры әсіресе әңгіме, повесть, роман секілді қысқа әрі күрделі жанры өз оқырмандарына жол тартты. Әдеби процестегі поэзия жанрының орнына проза жанры келіп байытты. Тек қана ақындық тілмен қазақтың 11 буынды өлеңмен танылған қазақ әдебиеті жаңа проза жанры мен күрделене түсті. Сол жылдардан бастап қазірге дейін проза жанры әдебиеттің толыққанды мүшесіне айналды. Проза әдеби процесте жаңа дәстүрлерді ала келді. Поэзиялық шығармаларда кездестірген реалистік бағыт прозада да жалғасын тапты. Прозалық шығармада сыншыл реализм күн тәртібін өткіл қойылды.
3..Қоғамдағы келеңсіздікерді қыздары мен әйелдердің әлеуметтік теңсіздігі әдебиеттің әсіресе прозаның тақырыбына айналды. Бұл сауаттандыруда білімнің жоқтығында әйелдердің бас бостандығының шектеулігінде деп түсінді. Сол кезеңнің жазушылары және зиялы қауымы қоғамды сауаттандыруға және әйел бостандығы қамтамасыз етілді. Сонымен бірге ХХ ғасырда Кеңестік дәуір әдебиетінде қазақ әдебиеті араб, латын, кирилица харіптері басылған баспа бетін көрді. Бұның көп ретте оқырман жадын жоғалтуда кері ықпалы болды. Бір харіптен екінші харіп түріне ауысу оқырмандар санының көбеюіне өзге харіптерді оқуға көптеген кедергілерді келтірді.

5 – лекция.

Тақырыбы: Әдеби процесс - әдеби даму.
Жоспар
1. Әдеби процесс туралы түсінік
2. Көркемдік даму заңдылықтары
3. Дәстүр жалғастығының әдебиеттерде көрінуі

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Әдеби процесс үнемі дамуда болады. Бұл процесте дәлелденген жалаңдық-сабақтастық басты мәнге ие. Атап айтқанда қоғамда адамзат барлық бүкіл тарихында құрылған өзгерістер толассыз, тоқтаусыз жүріп жатса, көркем сөз жүйесінде дүниені көркемдік тұрғыда тану бағытында даму бір сәтке тоқтамайды, үнемі қозғалыста болады. Бұған әдеби үдеріс дамуы куә. Бір кездері әдебиетте классицизм басымдық бағытқа ие болса, ендігі бір дәуірде романтизм әдебиет сахнасына көтерілді. Оған іле-шала реалистік тәсіл көркемдік әдіс ретінде көпке мәлім.
2.Ал бүгінгі көркемдік сана әлемінде жоғарыда аталған шығармашылық тәсілдердің барлығы дерлік тұтас күйінде үйлесім тауып, шығармашылықта қолдануда. Көркем әдебиет қоғамдық сананың бір түрі. Әр қоғамда, әр ғасырда адамдардың сол уақытқа ғана тиесілі ой арманы, мақсаты, мүддесі болады. Сол арқылы дүниетанымын аңғартады. Бұл көркем әдебиеттің әр тегіне, түрлеріне, жанрына тікелей қатысты. Зерттеулер көрсеткендей ең көнесі – поэзия болып табылады. Оның көркемдігі, суреттелуі көркем әрі сурет. Сол үшін де ең алдымен дүние келген поэзиялық, поэтикалық шығармалар деуімізге әбден болады.
3.Қазақ әдебиетінде де поэзия мейлінше дамыған. Дастандар, жырлар, бұған дәлел. Ал проза оның түрлері атап айтқанда роман жанры ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. Поэзия жанры дәстүрге бай. Қазіргі қазақ поэзиясының тарихы өте үлкен, әрі бай. Ал әдеби үдерістегі жаңашылдық белгісі дегеніміз не? Бұл ұғым өз бойына бір қатар шығармашылық және теориялық тұжырымдарды сыйғызады. Мысалы: әдебиеттегі аңыз оқиғаларды діни, мифтерді реализм мен романтизмді қиял арман еткен. Ал кеңес әдебиетінде С.Сейфуллиннің жаңалықтары белгілі.

6 – лекция.
Тақырыбы: Көркемдік даму заңдылықтары және сабақтастық
Жоспар
1. Әдеби процестегі көркемдік даму заңдылықтары
2. Әдеби процестегі сабақтастық
3. Бүгінгі әдебиеттегі көркемдік және сабақтастық мәселелері

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Көркемдік даму заңдылықтарымен сабақтастықтың әдебиетте өз ізін үнемі қалдырып келеді. Көркемдік даму заңдылқтары әдебиеттің ұлтына тілдік ерекшелігіне тікелей байланысты. Әдебиеттің бай мұрасының оның одан кейінгі дамуына елеулі әсерін тигізді және сабақтастықты қамтамасыз етеді. Атап айтқанда қазақ әдебиетіндегі көркемдік даму заңдылықтары өзінің бастауын халықтың бай ауыз әдебиетінен оның ертегі, аңыз, жыр, дастандары секілді мазмұн мен түрге бай шығармаларынан әлі күнге дейін нәр алып келетіні белгілі. Әдебиеттің ұлттығы жайлы мәселені еліміз тәуелсіздік алғаннан бері негізгі мәселеге айналдырды.
2.Ұлттық мүддені бүгінде қазақ әдебиетінде ең көкейкесті мәселеге айналдырып отыр. Сондықтан да әдебиеттегі көркемдік даму заңдылықтары оның тілдік, көркемдік ерекшеліктеріне сайма-сай болатындығы жөнінде айтылып келеді. Әлемдік әдебиетте ең мықты деген шығармалардан қазақ әдебиетіндегі көркемдік деңгейі жоғары әрі құнды екендігі белгілі. Тіпті Азиямен Африка елдеріндегі әдебиеттің бүгінгі әлемдік деңгейі әдебиетте даму жандану үдерісінен бастап келсе де оларда көркемдік әлі де солғындау екендігі жасырын емес. Ататлған елдер шығыста және Европа және Латын Америка елдеріндегі әдебиет.
3. Көркемдік шығармалардағы оқиғалары талас-тартыстар шынайы суреттелген. Өмір шынайылықпен суреттелген, көркемдік бояуға бай емес. әдебиетте сондай-ақ сабақтастық елеулі роль атқарады. Әрбір кезеңнің ескі заманның әдебиеттегі бір-бірімен байланыстығын үзбейді. Өйткені қандай әдебиетте болмасын оның өткені бүгіні болады және әрбір мәдениеттің келер күннің мәселесі де талданып отырады.

7 – лекция.
Тақырыбы: Дәстүр жалғастығының көріністері
Жоспар
1. Әәдеби процестегі жалғастық
2. Көркемдік әдебиеттегі әдеби жалғастық
3. Әлемдік әдебиеттегі жалғастықтармен байланыстар

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Көркемдік әдебиеттің қатарында романтизм және реализм болса олар белгілі бір дәуірде пайда болған. Әр кезеңдегі әдебиетте өз көрінісін табады. Мысалы: ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының эпикалық сарынның бүгінде қазақ ақындарының поэмаларынан балладаларынан кездестіруге болады. Әдеби дәстүр жалғастығы Жамбылдың Өтеген батыр дастан жырында анық көрінген. Сондай-ақ Жамбылдың эпикалық жырларында яки өлеңдерінде эпикалық сарын аз емес. Мысалы: Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалырында ақын өз кейіпкерлерін эпостық жырларында батырлар секілді суреттейді. Мысалы: Суға салса батпайды, отқа салса жанбайды осымен теңеген.
2. Романтизм әдісі де ХІХ ғасырдың және ХХ ғасырдағы әдебиетте мейлінше кездеседі. Асқақ рух қаһармандық пен әр дәуірде әдебиетке тән. Өйткені әр уақыт өз заманның кейінгі күннің тәртібіне қоюға ұмтылған. Атап айтқанда ауыз әдебиетінің үлгілері эпикалық жырларды Қобыланды, Алпамыстар қаһармандық кейіпкерлер болса Бауыржан Момышұлының соғыс тақырыбындағы жазылған шығармаларындағы кейіпкерлер мен батырлардың өзінің соғыстағы айла-амал тәсілдері де ерекше мәнге ие.
3.Ондай әдебиеттегі жалғастық әлемдік әдебиетке тән. Сондай проза, поэзия, дараматургия жанрларының бүгінде жалғастықтары арнайы зерттеуді қажет етеді. Проза оның тілі көркемдік сипаты және заңдылықтарының кемшілігімен бүгінде ерекше саралануы тиіс. Өйткені бүгінде проза, поэзия, драматургия кешегі проза, поэзия, драматургияға мүлдем ұқсамайды. Тілде де көркемдік сипатыда ойлау жүйесі де әр алуан.

8 – лекция.
Тақырыбы: Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі
Жоспар
1. Әдебиеттегі дәстүр жалғастығы
2. Жаңышылдық бағыттағы дәстүр
Дәстүрмен жаңашылдық бірлігі

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1.Әдебиеттегі дәстүрмен жаңашылдықтың бірлігі әдебиет зерттеушілері мен сыншы ғалымдарды көптен бері толғандырып келеді. Әдебиеттегі дәстүрмен жаңышылдық қашанда екі түрлі мәселеде болған. Оның өзара бірлігі бар екендігін атап айтуға тиіспіз. Әдебиегі дәстүр көп жағдайда қолданған дәстүр яғни шығыстық әдіс ретінде әбден орныққан. Әдебиеттегі реализ, романтизм және класисизм дәстүр әбден нормаға енген. Әдебиеттегі жаңашылдық қашанда әдебиетегі дәстүрге оңай ене бериейді. Алғашқыда оған тосырқай қарап әдеби жаңышылдық тіпті қатаң сынға алынады. Мұндай жәйттері қазақ әдебиетінде болған. Мысалы: С.Сейфуллиннің бастапқы өлең жолдарында жазылған ырғаққа негізделген сондай-ақ қазақ әдебиетінде прозада көркемді суреттеу орнына публистикалық сарыннын айтуға болады.
2. Әдебиеттегі жаңашылдық заманның уақыт талабынан да туындайды. Сәкеннің өледерінде болған түбегейлі өзгерістерге суреттеуге поэтикалық тілмен насихаттады. Қазірде әдебиетте меңзеу ойды ашық айтпау, тұспалдау мәселелеі әдебиетте жоқ. Бұндай тәсіл кеңестік жүйеде кеңінен қолданылған.
3. Ол жүйеде көптеген тақырыптар әсіресе ашаршылық тақырыбында, қуғын-сүргін жылдарында бір-біріне жала жабу секілді жағдайлада құрбан болған. Ақын жандардың жабық тақыры болатын. Сол кездегі көркемдік әдебиетте бұл тақырыптарды жазбаған. Қазіргі тәуелсіздік жылдарда жабық тақырыптар жоқ. Әлемдік әдебиетте осындай үдерістер белең алған. Одан әрине безуге болмайды.

9 – лекция.
Тақырыбы: Сөз өнеріндегі тағылым және жетістік
Жоспар
1. Сөз өнерін игеру суреткер жетістігі
2. Дәстүр жетістігінен тағлым алу мәселелері
3. Дәстүрді әдеби шығармашылыққа пайдалану

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Сөз өнер жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы өнерге тән қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы (бұдан былай "б.э.б." деп, қысқартып алып отырамыз. — З.К,) VI ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жуйелеп жүр. Дұрысында адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Ніл мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухаии өмірі мен өнерінен пайда болған.
2.Байырғы вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді еңбекші бұқараның жер бетінде тұнғыш туғызған әдеби ескерткіштерге бақсақ, адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық, туралы талаптары мен талғамдары тіпті б.э.б. 3-2 мыңыншы жылдарда туып, турлаулы ұғымға айнала бастағанын аңғарамыз.
3."Көрмегені жоқ кісі туралы" дастан — бірнші вавилон династиясы тұсында, яғни б.э.б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. Мұнда Урук қаласының патшасы Гильгамеш, оның, досы Энкиду, олардың ерлік эпос жырланады (И.М.Дьяконов аударып бастырған варианты" Гилыамеш туралы эпос" деп те аталады.

10 – лекция.
Тақырыбы: Дәстүрді шығармашылықпен игеру
Жоспар
1. Әдеби дәстүрді және шығармашылық
2. Әдеби дәстүрді шығармалардың тексерудің тәсілдері
3. Әдеби дәстүрді шығармашылықпен игеру заңдары
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1.Әдеби дәстүр шығармашылықта әрдайым өз көрінісін табады. Шығармашылық сан қырлы құбылыс. Шығармашылық үдерісті жазушы яки ақын драматург әдеби дәстүрді өз ойын немесе замана шындығын көркем бейнелеу үшін қалдырды. Бұл тәсілі әрі ұтымды әрі тиімді. Сондай-ақ шығармаларда эстетикалық құндылықпен арттырары сөзсіз. Қазақ әдебиетінде М.Әуезов Абай жолы роман-эпопеясында заман шындығын көркемдікпен беруде, халықтық дәстүрді салт-санамен сол кездегі ұлы дала заңдылығын қат-қабат көрінісін шешендік өнер, аңыз, эсса, секілді әдеби түр, арнайы бере білген.
2.Әдеби дәстүрді шығармашылықпен игеруде әрбір қаламгердің өзінің жазу шеберлігіне жүгінеді. Оның төл тілді игеруде туған тілдің қасиетін жете меңгеруде елеулі фактор боп табылады. әдеби дәстүр әр қаламгерде әр қилы. Атап айтқанда М.Әуезовтың шығармаларында бұл үдеріс ауқымды суреттелген көріністерден айшықталса, А.Елеубаев шығармаларында кейбір әлемнің психологизмі мен күрделігі ұштасып жатады. Мысалы; Елеубаевтің Адасқақ әңгімесінде Біржан сал өмірінің сан қырлы жолының суреттелуін айтуға болады. Әдеби дәстүрді игеруде белгілі бір көркемдік заңдылықтарды ескермеске болмайды.
3.Соның бірі әдеби қаламгердің көркемдік елегінен өтіп сұрыпталады, жаңғырады. Содан кейін көркем туындыны өзегіне айналады.Әдеби дәстүр қаламгердің суреттік оқиға яки кейіпкердің бейнесін даралау үшін қолданған шығыстық әдістің тиімді тәсілі болып табылады. Әдеби дәстүрдің бір заңдылығына оны туған әдебиеттің қалпын, үдерісін пайдалана отырып шығыстық тұрғыдан игеру деп ойлаймыз. Сонымен бірге қаламгердің әдеби дәстүрдегі бүгінде қалың оқырмандар басты назарда тұрады.

11 – лекция.
Тақырыбы: Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі
Жоспар
3. Әдебиеттегі дәстүр жалғастығы
4. Жаңышылдық бағыттағы дәстүр
5. Дәстүрмен жаңашылдық бірлігі

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1.Әдебиеттегі дәстүрмен жаңашылдықтың бірлігі әдебиет зерттеушілері мен сыншы ғалымдарды көптен бері толғандырып келеді. Әдебиеттегі дәстүрмен жаңышылдық қашанда екі түрлі мәселеде болған. Оның өзара бірлігі бар екендігін атап айтуға тиіспіз. Әдебиегі дәстүр көп жағдайда қолданған дәстүр яғни шығыстық әдіс ретінде әбден орныққан. Әдебиеттегі реализ, романтизм және класисизм дәстүр әбден нормаға енген. Әдебиеттегі жаңашылдық қашанда әдебиетегі дәстүрге оңай ене бериейді. Алғашқыда оған тосырқай қарап әдеби жаңышылдық тіпті қатаң сынға алынады. Мұндай жәйттері қазақ әдебиетінде болған. Мысалы: С.Сейфуллиннің бастапқы өлең жолдарында жазылған ырғаққа негізделген сондай-ақ қазақ әдебиетінде прозада көркемді суреттеу орнына публистикалық сарыннын айтуға болады.
2.Әдебиеттегі жаңашылдық заманның уақыт талабынан да туындайды. Сәкеннің өледерінде болған түбегейлі өзгерістерге суреттеуге поэтикалық тілмен насихаттады. Қазірде әдебиетте меңзеу ойды ашық айтпау, тұспалдау мәселелеі әдебиетте жоқ. Бұндай тәсіл кеңестік жүйеде кеңінен қолданылған.
3. Олд жүйеде көптеген тақырыптар әсіресе ашаршылық тақырыбында, қуғын-сүргін жылдарында бір-біріне жала жабу секілді жағдайлада құрбан болған. Ақын жандардың жабық тақыры болатын. Сол кездегі көркемдік әдебиетте бұл тақырыптарды жазбаған. Қазіргі тәуелсіздік жылдарда жабық тақырыптар жоқ. Әлемдік әдебиетте осындай үдерістер белең алған. Одан әрине безуге болмайды.

12 – лекция.
Тақырыбы. Көркемдік сөз өнерін дамытудағы маңызы.
Жоспар.
1. Сөз өнерінің көркем әдебиеттегі алатын орны.
2. Көркем әдебиеттің қоғамда алатын орны.
3. Сөз өнерімен көркем әдебиеттің байланысы.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Сөз өнері жалпы мағынасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен-тек деуге болмайды. Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады. Суреткерлік шеберлік, шеберліктен туатын шедевр (керкемдіктің көкесі)... - осының бәрін тек қана осы арадан іздеу керек. Демек, әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік құнына келіп тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым арқылы да тануға болады; ал тәрбиенің ең үлкені оқу-білімде жатқаны тағы даусыз.
2.Дей тұрғанмен, адам баласыпа әдеби туындыдағы образдар жүйесі арқылы, дәлірек айтқанда, өнерге айналған өмір яғни өмірге айналған өнер арқылы тәрбие беру, танып қалыптастыру өз алдына айрықша, бөлек! Оны тура сондай етіп ғылым да, білім де жасай алмайды. Көркем әдебиеттің күллі қүдірет-күші дәл осы арада жатыр. Осыны түсінбеу, немесе әдейі түсінгісі келмеу, керек десеңіз, өмірден туа тура сол өмірдің өзінен асыңқы, биік өнерді жалаң саясатқа саяды да үлкен ұшқарылыққа, орны толмас олқылыққа апарып ұшыратады. Соның бірі әдебиет қондырма ретінде пайымдау.
3.Көркем әдебиет адамзаттың парасат әлеміңдегі теңдесі жоқ ғажайып құбылыс екенін мойындасақ, әриие, оның жалпы санаға, адам атаулының ақыл-ойына тікелей қатысы барын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ендеше, сөз өнері — қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі іргелі саласы деген тұжырыммен келісуге болады. Бірақ дәл осы арадан әр тұста әp түрлі дау-шары мол, күрмеуі қиын күрделі мәселелерге айналған man (әдебиеттің таптығы), партия (әдебиеттің партиялылығы) деген ұғымдар пайда болады да, сөз өнеріне байланысты теориялық толғам мен эстетикалық талғамды бірқыдыру шырғалаңға салып, тұйыққа тірейді.

13 – лекция.
Тақырыбы: Әдебиеттегі Абай дәстүрі.

Жоспар.
1. Абай дастанының өлшемдері.
2. Поэзиядағы Абай дәстүрі.
3. Қазақ ақындарындағы Абай дәстүрі.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Зерттеуші Абайдың өзгеге берген рухани нәрі жайлы тақырыпта Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын жазу үстінде - ақ көңіл бөлініп, Ал 1934 жылғы "Абай ақындығының айналасы" деген еңбегінен кейін - ақ ол жайлы ойлар төркіні біртіндеп қорлана берді. Абайдың өзгеге бергеи нәрі жайлы ойлары, негізінен, үш салада: а) Абайдың әдеби мектебі; в) Абайдың ақын шәкірттері не Абай тұсындағы ақындар: б) Абайдың ақындық дәстүрі деген тақырыптар шеңберінде қамтылып беріліп бастайды,
Былайша айтқанда, әдеби мектеп деген күрделі ұғым ұлы ақын жасап қалыптасырған жаңа бағыттағы ақындық дәстүрдің өзінен кейінгі әдебиет өкілдері тарапынан жалғастырылып удере дамыту жолдарын айтамыз.
2. Абай мектебі ақынның көзі тірісінде – ақ қызу дамытылып Абай
нұсқаған жолмен көптеген көркем туындылар жазылып үлгергенін
"Бұл мағынада алғанда Абай шәкірттері: Мағауия, Ақылбай, Көкбай,
Бейсембай, Әубәкір т.б. творчестволық мұраларынан Абай шығармаларынан өзгешелігі поэзиядағы көлемді жанрды дамытумен, атап айтқанда, сюжетті поэмаларды, халықтық - тұрмыстық, әлеуметтік тарихи - тұрмыстық, Пушкин, Лермонтовтардан тарихи өрі таза романтикалық стильдегі оңтүстік поэмалары арқылы ерекшеленеді," - деп иақтылы да атап өтеді. Абай мектебі деген ұғымға зерттеуші заман ділгірлігі, уақыт талабы тудырған жаңа бағыттағы әдебиеттің қош бастаушы қызметімеи қоса өз ой : - арманын жырлау сарынынан туғаи поэзиядағы түр жаңалығыи да бірге алып көрсетеді. Мұны, әсіресе, Абайды Махамбетпен салыстыра отырып: "Махамбетке мектеп жоқ... түр жағыиан халық жыры фольклорлыққа тәуелділік көп. Ауыз әдебиетінен ұзамайды. 3.Махамбеттің өз алдындағы : фольклор мен көшпенді дәуір әдебиетінің ауқымынан шығындап шыға алмағаны еске алынған. Осы ерекшеліктің өзі - ақ Махамбеттей зор ақынның поэзиясында арнайы атап керсетілетін әдеби мектептің орыи теппеу себебін көрсетеді.
Абай өзінің ақын шәкірттеріне, олардың творчестволық өсу жолына үнемі назар аударып, қадағалап отырған. Абайдың ақын шәкірттері ретінде аталып жүрген Көкбай және Әріп, Әсет ақылбайларға бағыштай жазылған Абайдың арнау өлеңдері де жайдан жай жазыла салған мүліктер емес.
Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді қалай түзеудің жолын айтады.

14 – лекция.
Тақырыбы: Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы.

Жоспар.
1. Абай дәстүрінің өміршеңдігі.
2. Қазақ поэзиясындағы Абай дәстүрінің ерекшеліктері.
3. Абай жолы романындағы жаңашылдық пен сабақтастық.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Абай поэзиясы — ұлы ақын өмір сүрген замандағы қоғамдық: өмірдің ең күрделі, ең жанды мәселелерін қозғаған, толғаған, поэзия. Қазақ топырағында адамгершілік пен әділдікті, еңбекті, өнер мен ғылымды қастерлеген басқа да ақындар аз болған жоқ. Бірақ Абай шығармаларының қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өресі биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз. Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады.
Ақын поэзиясына осындай қуат-күш, көркемдік сәулет беріп тұрған — оның шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің, шындығы терең бейнеленуі және оларда әдебиеттегі ұлттық көркем ой, өмір құбылыстарын сөзбен бейнелеу, мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі. Абай поэзиясының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі қоспасы жоқ саф таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен, тартымды, тыңдығымен құнды.
2. Ұлы ақынның шығармаларында ойшылдық пен суретшілдік ажырамас бірлік тауып, аса маңызды қоғамдық, адамзаттық, халықтық мәселелерді терең толғайтын жаңа сапалы поэзияның тууына негіз болды.
Қазақ әдебиеті реалистік жазба әдебиет үлгісіндегі нағыз лирикалық туындылардың жаңа түрлерімен молықты және осының өзі Абайдың ұлттық поэзиямыздағы ой-сезім жүйесін шексіз байытып, сөздің мағыиалық, суреттілік қуатын арттыруына, тіл ұстартуына зор мүмкіншілік туғызып, бұл салада ақынның өнімді жаңалық табуына жол ашты.
3. Қазақтың өлең тілін дамытуға Абайдың қосқан үлесі айрықша бағалы екенін әдебиет зерттеушілер әр кез мойындап, жаи-жақты дәлелдеп айтып келеді. Осы мәселені арнайы тексерген Қ.Жұмалиевтың мына бір қорытынды пікіріне назар аударалық: ...Қазақтың өзіне дейінгі тіл байлығын, шығыс, орыстың клас­сик поэзияларының үлгілерін меңгере отырып, қазақтың әдеби тіліне өзіне дейінгі әдебиеттерде қолданылмаған жаңа сөз, жаңа сөйлем құрылыстарын енгізді.
Әйтсе де, Абай тіл жөніндегі енгізген жаңалықтарының негізі етіп жасалынды жаңа сөздерді емес, жаңаша сөйлем құрылыстарын алды. Бұрынғы әдебиеттерде қолданылмаған, бірақ қазақтың жалпы тілінде бар сездердің жақсыларын теріп, өлеңдеріне кіргізіп... өзінің тілдегі жаңашылдығының иегізгі тірегі етті.

15 – лекция.
Тақырыбы: М. Әуезовтың тарихи роман дәстүрі.

Жоспар.
1. М.Әуезов және Абай жолы романы
2. Тарихи роман және әдеби даму.
3. Абай жолы романы жаңашылдықпен сабақтастық.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Қазақ әдебиетін зертеу тарихында текстологиялық жұмыстар жүргізудің алғашқы қадамы да Абай мұрасын зерттеу саласында жүргізілген жұмыстармен бірге туды.
Абай шығармалары мен ақын өмірбаянын арнайы зерттеуді 20-жылдар басында саналы түрде қолға ала бастаған М. Әуезов ұлы мұраны тереңірек танып, түбегейлі меңгеру жолында сүйенер түпнұсқа дерек көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да, ерте сезінді. 1924-жылдың ішінде - ақ Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып, жариялауда алдымен қолға алды.
2.Тұңғыш төл жинақты құрастыру процесінде асыл түпнұсқа ретіндсгі Мүрсейіт Бикеұлының қолжазба көшірмесінде хатқа түскен Абай өлеңдсрі мен дс хатқа түспей санаулы кісілер санасында сақталып келе жатқан көпшілікке беймәлім шығармалары мен аса күрделі текстологиялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі көлденең тұрды.
Абай іиығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен автор ақын мұрасын қамтыған деректер кезі мен текстологиялық зерттеуде ақын өмірі мен шығармалары жайлы ғылыми еңбектер жазу жұмысын бірлікте жүргізді. М. Әуезов Абай мұрасын зерттеуді о баста-ақ бөліп жармай, тұтас алып, қарастыруды мақсат еткен. Абайтану еаласында атсалысқан замандастары арасында М. Әуезов ақын шығармалар хронологиялық принцип негізінде тұтас қамти зерттеуімен де дараланады.
3. М.Әусзов Абай мұрасы жайлы зерттеулерінде асыл түпнұсқаға тірек
негіз болар сан қилы деректер көзіне айрықша көңіл бөлді. Бірақ сол ортада
туып, сол жерде өссе де, Абай қолымен жазылғаи асыл түпнұсқа қолға
түспеді. Абай қолымен жазылып қалды деген автограф ретіидегі бip ғана
хат пеи "Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы" деген шығармасының бір бөлігі ғана (2-бет) сақталған да қалған автограф түгелдей бүгінгі ұрпақ қолыиа жетпей қалды. Осы себепті М. Әуезов Абай шығармаларының асыл түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба peтінде таратыла бастаған Мүрсейіт Бикеұлы топтастырған көшірмелерді пайдаланған.
М.Әуезов Абай мұрасына ерте көңіл бөліп оны жинастыру, деректер жию, зерттеу процесінде негізгі қайнар көздері ретінде пайдаланған тірек – негіз іспетінде ұстанған арналары бар.

16 – лекция.
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов шығармаларындағы әдеби дәстүр мен жаңашылдық
Жоспар
1. М.Әуезовтің 20 жылдардағы прозасы
2. М.Әуезовтің 40 жылдардағы прозасы
3. М.Әуезовтің өскен өркен романы

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. М.Әуезовтің алғашқы шығармашыларының көлемдісі де, көркемі де прозалық әңгіме, повесть түрлерінде жасалды.
М.Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер (Қорғансыздың күні, Жетім, Жуандық, Ескілік көлеңкесінде, Кім кінәлі, Барымта т.б.) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын, реалистік дәстүрде бейнелейді.
Қорғансыздың күні (1921)—жазушының алғашқы жарық көрген әңгімесі. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.
2. Қорғансыздың күні өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Адам өмірінің қайталанбас, дара ерекшелігі әңгімеде шебер ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның серігі Қалтай, пәк, сәби қыз Ғазиза, оның қарт әжесінің бейнелері өте шынайы көрінеді.
Жетім деген әңгімеде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады. Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнің негізгі белгісі еді.
Ескілік көлеңкесінде ескі салт бойынша өлген апасының орнына кәрі жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін сүйген жігіт Қабыштың тілегімен есептеспеген Жәмеш деген қыздың халі әңгімеленген. М.Әуезов өмір қайшылықтары мен теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ әдебиетінде психологиялық, прозаның үлгілерін тудырды.
3. М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы шығармашылығындағы негізгі тақырыптың бірі — әйел теңдігі. Шығармаларында өмір шындығына берік табан тіреп отыратын жазушы сол кезеңдегі қазақ әйелінің басындағы хал-ахуалды асырмай да, жасырмай да, қаз қалпында көрсетеді. Бірде жазушы ата-анэсының еркімен куйеуге шығып, тағдырына мойын ұсынған әйел тарихын (Сөніп-жану) әңгімелесе, екінші шығармасында сүйгеніне қосыла алмай, құсадан өлген Ғазиза (Кім кінәлі) жайын сөз етеді. Тағы бірде (Үйлену) әке әміріне көнбей, көңілі сүйген жігітімен қашып кеткен кыз хикаясына тоқталады, Қараш-қараш оқиғасы төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған. Мұнда 20 жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы — байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы, кедейлердің байлардан көрер қиянаты қорлығы сөз болады.
Бірақ повестің бас кейіпкері Бақтығұлдың ісі ме мінезі өзіне дейінгі өзі секілділерден өзгеше. Бұл — олар секілді өз тағдырының құлы емес, қожасы болуға ұмтылған адам.
Қырықыншы-елуінші жылдарда жазылған драмалық шағырмаларда да (Қарақыпшақ Қобыланды басқасы) түгел дерлік қазіргі заман тақырыбын толғайды. Олардың ішінде, әсіресі, Отан соғысының майдандағы совет жауынгерлерінің естен кетпес ерлігін шабытпен суреттеген Сын сағатта, Намыс гвардиясы (Ә.Әбішовпен бірлесіп жазған), Қынаптан қылыш (Ғ.Мүсіреповпен бірлесіп жазған драмаларының көрермен қауымды патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеуде, адамдардың ұлы жеңіске деген сенім арттыруда атқарған ролі орасан зор болды. Қанша дегенімен, - суреткер өз заманының ұлы, өз замандастарының үні.
1961 жылғы май айында жарияланған Қазіргі роман және оның геройы деген мақаласында Мұхтар Әуезов былай деп жазды: Аяулы Абайыммен қош айтысқаныма міне екі жыл; содан бері бүгінгі шындықтан шығарма жазсам деген ойдан бір күн ажырап көрген емеспін.
1954 жылы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жорығы басталған тұста дереу Түркістан солай туған (1955) атты көлемді көркем очерк жазып, бүкіл халықтық тарихи оқиғаға ізін суытпай үн қосты. Сондай-ақ, жазушының Индияға, Америка Құрама, Штаттарына барып қайтқан сапарларынан туған Индия очерктері (1958) мен Америка әскерлері (1960) де оның әрі қаламгер ретінде, әрі қайраткер ретінде азаматтық келбетін танытатын мәнді дүниелер еді.
Дей тұрғанмен Мұхтар Әуезовтің творчестволық жоспары бұлардан әлдеқайда терең және биік жатты: ол енді туған халқының осы ғасырдағы елу жылдық тағдыры мен тұрмысынан бес томдық, жаңа эпопея жазбақ болды. 1961-жылғы 27 июньде ұлы жазушы кенет дүние салғанда қолжазбасы жазу столының үстінде қалған Өскен өркен романы сол эпопеяның бірінші кітабы еді.

17 – лекция.
Тақырыбы: Сәбит Мұқанов шығармаларындағы көркемдік дәстүрлер
Жоспар
1. Сәбит Мұқанов шығармаларындағы әдеби дәстүрмен жаңашылдық
2. Сәбит Мұқанов шығармаларында көркемдік даму заңдылықтары
3. Сәбит Мұқанов және оның шығармаларындағы тағылым және сабақтастық

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Ақын жиырмасыншы жылдары қазақ ауылы, қазақ кедейінің халі, жаңа шаруа жөнінде көптеген өлеңдер жазады. Оның бастылары Шоқпыттың шаруасы, Сүт заводы, Қазақстан, Жолы жоқтар біздің жолға қосылсын, Ленин, Егістік, Балқаш, Конвейер және басқалары.
Бұрынғы қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесі Шоқпыттың шаруасы (1926) деген өлеңінде айқын көрінеді. Ол төңкеріске дейін еңбегі жанбай көп азап көрсе, енді укімет көмегінің арқасында егіншілікті кәсіп етіп, табысы табысқа ұласты.
Кейін коллективтендіру, индустрияландыру дәуірінде С.Мұқанов көптеген жаңа өлеңдер жазды.
Майға сәлем — С.Мұқановтың форма жағынан тапқан зор жаңалығы. Жол сандары, буыны, ырғағы жағынан бұрынғы қазақ поэзиясына ұқсамайды. Мұның өзі жаңа өмір тынысына, оның шапшаң қарқынына, индустриялы, колхозды, совхозды сипатына сай келіп, үйлесіп тұр Малшының мақтанышы (1934), Колхозды ауыл осындай (1938) атты өлеңдерінде С.Мұқанов социалистік ауыл еңбеккерлерінің бейнесін жасайды.
2. С.Мұқановтың поэмалары 1925-1928 жылдары-ақ жарық көре бастады. Сұлушаш пен Жетім қыз поэмасында жазушы қазақ ауылындағы кедейлердің хал-ахуалын көрсетті. 1926 жыл жазылған Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы (кейін Батырақ атанған) атты поэмасында ақын ауылдағы тап тартысын, бай мен кедейдің ара қатынасын нақтылы образдар арқылы суреттеді.
Сол қарсаңда жазған Октябрь өткелдері (1927) поэмасында С.Мұқанов қазақ жұмысшысының қаншалықты қиын-қыстау өткелдерден өткенін, сөйтіп, жұмысшы табының жаңа елдің озат құрылысшысы болып отырғанын жырлайды.
Сұлушаш образы қазак поэзиясындағы көркем, шынайы, ұнамды образдардың биік көрінісі болып қалды. Ескі өлең, қиссаларда, эпостық жырларда кездесетін образдар да өз алдына сұлулық, көркемдік, ұнамдылық қасиеттерімен көзге түсетіні рас, бірақ Сұлушашта осы ерекшеліктер айрықша жарасымдылықпен, нанымдылықпен әрі идеялық терең мазмұнымен көрінеді. Поэма қаһарманы Алтайдың бар іс-әрекеті бас бостандығы үшін, теңдік үшін күрес. Сүйген жары Сұлушашқа қосылу жолында ол үлкен өмір азабын бастан кешеді, ақыры арманына жете алмай трагедияға ұшырайды. Қазан төңкерісінен бұрынғы тұрмыстың типтік көрінісі осындай еді.
3. С.Мұқанов кейінгі жылдарда очерк әңгіме повесть, романдарды көп жазды. Алтын аймақ, Каспийге саяхат сияқты ірі-ірі очерктер жинағы шықты. Балуан Шолақ(1944) повесін, Сырдария (1949) романын жазды. Мұның бәрі С.Мұқановтың проза саласында аса көп еңбек етенін дәлелдейді Әрине, осынша жақсы, көркем жазылған, роман, повестердің ішінде ең жоғары баға алып, халықтың төл шығармасындай болып кеткен Ботагөз романын ерекше атап айту қажет.
Әуелде роман Жұмбақ жалау деген атпен 1938 жылы басылып шықты. Кейін автор көпшілік оқушылардың сұрауымен және біраз өңдеу, толықтыру енгізуге байланысты кітаптың атын Ботагөз деп өзгертті. Мұнысы өте орынды еді. Өйткені романда бастан-аяқ айтылатын кейіпкер, бүкіл оқиғаны, сюжетті ұстап тұрған басты образ — Ботагөз қазақ қызының образы.
Ботагөз романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлімі Тұңғиықта XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын суреттеуге арналған, екінші бөлімі Таң атарда қазақ ауылында бай мен кедей арасындағы наразылықтың үдей түсуі, әсіресе 1916 жыл оқиғасына байланысты таптық күрестің өршуі, патшаның маусым жарлығы салдарынан ұлт-азаттық қозғалысының тууы сөз болады, үшінші бөлімі Күн күлімдегенде Қазан төңкерісі кезеңін, онан соңғы азамат соғысы жылдарын, қазақ даласында жаңа өмірдін алғашқы ұшқындары ене бастаған кезеңді қамтиды. Тарихи кезеңнің қиын-қыстау жылдарында өсіп, ер жеткен, оқу-білім алуы да сан қилы оқиғалармен тұстас келетін, бірақ саналы күрескер болып қалыптасуына, әсіресе тұрмыс сабағының әсері көп болған Ботагөз жаңа заман табалдырығын аттаған бүкіл қазақ әйелінің бейнесін елестетеді. Тап Ботагөздей өсіп, бүгінгі қоғамымыздың мықты, білікті қайраткері болып отырған әйелдер көп. Бұл Ботагөз бейнесінің кездейсоқ емес, типті бейне екенін, жалпыға ортақ, көпке тән бейне екенін аңғартады.
Асқар шығармадағы ең басты кейіпкердің бірі. Ол — қазақша да, орысша да білімді, жаңа типтегі адам. Алғаш жолын бала оқытудан бастаған Асқар роман соңында Қызыл Армия полкінің комиссарына дейін өседі.Төңкерістік жолға біржола түседі де, оның жауынгер солдатына айналады. Бірнеше айдау, тұтқын, түрме, азап пен соғыс көреді. 1916 жыл оқиғасы да онан тыс өткен жоқ. Қақ ортасында болып, ату, асу, айдаудың, көз жасын бұлаған кедейлердің мүшкіл халін, патша шенеуніктері мен болыс-билердің зорлық-зомбылығын көзімен көреді.
Алексей Кулаков болса — әрі оқыған, әрі жергілікті халықтың тұрмыс-ахуалын жақсы білетін, бірақ оның білектілерімен ғана достасып, көпшілік бұқараны иттей жек көретін, әрі солардан өлердей қорқатын, сырты жылтыр, сыпайы тілді, сұм ойлы патша офицері. Оның образынан патшаның бұратана халық арасына билеп :төстеуге жіберілген, бас көтерерлерін басып-жаншып езуге келген өкіл көрінеді.
С.Мұқанов. драматургия саласында да өңдіре еңбек еткен жазушы. Ол Шоқан. Уәлиханов трагедиясын, Қашқар қызы, Ақан мен Зайра (М. Әуезовпен бірге) Алтын астық, Партбилет драмаларын жазды. Публицистика, әдеби сын тақырыбына да қалам тартып, көптеген тағылымды ғылыми еңбектер калдырды.

18 – лекция.
Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов шығармаларының сөз өнерін дамытудағы орны.
Жоспар
1. Ғабит Мүсірепов суреткер
2. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы көркемдік сөз өнері
3. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы туған тіл табиғаты

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Академик жазушы Ғ.Мүсірепов өзінің шығармашылық ұзақ ғұмырында ондаған мақала мен очерк, әңгіме мен новелла, ұлттық драматургияның алтын қорына қосылған Қыз Жібек либреттосы, Қозы Көрпеш- Баян сұлу, Ақан сері - Ақтоқты, Аманкелді пьесалары мен Қазақ солдаты, екі томдық Оянған өлке, Ұлпан романдары, Кездеспей кеткен бір бейне поэмасы мен тағы басқа шығармалар жазды.
Әдебиетке 20 жылдардың екінші жартысында келген Ғ.Мүсіреповтің алғашқы келемді шығармасы Тулаған толқындар повесінде 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тіршілігі, әйел тағдыры, кейінгі азамат соғысының көрінісі бейнеленсе, Қос шалқар, Көк үйдегі көршілер, Алғашқы адымдарда еңбекші халықтың сана-сезімін жаңартқан тарихи оқиға — коллективтендіру суреттеледі.
Ғ.Мүсіреповке тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгіме — Қос шалқар (1928). Әңгімеші-жазушы қос шалқардың қойнауында екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяңдайды.
Талпақ танау (1933) сюжеті дамытушы күш- сезім қылы, әдемі көмкерілген әзіл, күлкі, Сәден әкелген қос шошқаны ауыл адамдары жақындамай, алысырак, иіріліп тұрып қарсы алады. Оқушы осы бір мезетті ескілік пен жаңалықтың белдескеніндей қабылдайды. Дәлірек айтсақ, қарапайым жандардың бойына жаңалық қаңшалықты сіңгенін тексеретін бір сын осы. Талпақ танауларды ауыл жігіттерінің қабылдауынан талай сыр аңғарылып та қалады. Әңгіме беттерінен төгіліп тұрған әсем күлкі, әдемі қалжың, ойнақы әжуа оқушы көңіліне бірден ұялайды, еріксіз езу тартқызады, күлдіреді. Бұл - кейін Мүсірепов талантында көктейтін қасиет.
2. 1933 жылы Ғ.Мүсірепов М.Горькийдің Адамның анасы (Рождение человека) және Өлімді жеңген ана (Легенда о Тимурлане) деген екі әңгімесіне шығармашылық еркін аударма жасайды. Мүсіреповтың ана туралы атақты әңгімелерін жаза бастауына М.Горький шығармашылығының сөз жоқ, тікелей ықпалы болды. Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы (1933), Ер ана (1942), Ақлима (1944) — қазақ топырағында көктеген туындылар.
Ғ.Мүсіреповтың әңгімесінде ашынған ана жалғыз ұлын ажалдан арашалап алып қалу үшін аштыққа көнеді, жалаңаштыққа төзеді, зынданға түседі, азаптың бәрін де көреді, шыдайды; Ақыр аяғында абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, жалғызын көру үшін ауылына қарай құстай ұшады.
Ана туралы цикл — Ақлима, Қапия, Нағима, Наталья бейнесі ел рухының асқарлығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді.
Ұлы Отан соғысы кезінде Ғ. Мүсірепов бірнеше очерктермен бірге Ер ана, Ақлима, Тарландар сияқты белгілі әңгімелерді жазады. Бұл новелла мен очерктерде совет адамының қаһарлы кездегі ерлік ісі, рухани дарқандығы жырланады. Осы жылдары юморлы Тарғыл қауын, тарихи тақырыпқа арналған Ер Қаптағай, этнографиялық Халық мұрасы әңгімесін жариялады.
1950-70 жылдары жазған Ғ.Мүсіреповтің Автобиографиялық әңгімесі, Сөз жоқ, соның іздері, Өмір жорығы, Қаз қалпы, Айгүл қойшының бір күні, Италия сапарынан, Жапон балладасы сияқты әңгімелері, Кездеспей кеткен бір бейне атты поэмасы күллі оқушы қауымының назарын аударды.
Ана туралы циклімен қатар Ғ.Мүсірепов 1930 жылдардың бас кезінде драматургия саласында да қалам тартты.
3. Жаңа туған ұлттық театрымыздың алғашқы қарлығашының бірі болып шымылдығын ашқан Қыз Жібек атты музыкалы драмасын қалың қауым қуана, қызыға, қарсы алды. Қөп ұзамай Ғ.Мүсірепов Б.Майлинмен қосылып, азамат соғысының ардагері Амангелді туралы көлемді пьеса жазады. Қыз Жібек пен Амангелді (1934) пьесалары азды-көпті өндеулерден өтіп, 1935 жылы жеке-жеке кітап болып шығады.
Қозы Қөрпеш - Баян сұлу (1939) трагедиясын драматург фольклорлық эпосты идеялық-шығармащылық елеу-екшеуден өткізіп, реализмнің биік үлгісімен жазып шыққан.
Амангелді төңкеріс дәуірінің әлеуметтік шындығы мен қайшылығын, шытырман көрінісін реализм тұрғысынан бейнелеген, қаһармандары күрес үстінде шындалған тарихи-төңкерістік драма. Ақан сері — Ақтоқтыда кейіпкерлер өз заманының ой-тұйығына тіреліп, жеке мақсатының шеңберінен көп шыға алмай, келешек бақытты армандап өтсе, Амангелді каһармандары жаңа идеямен қаруланған, халық бақыты үшін барлық күш-жігерің бірі саналы түрде бағыштаған жаңа типті қаһармандар төңкерісшілер, белсенді гуманистер.
Жасампаз қаһарман тұлғасы тарихи оқиғаның дамуымен Амангелді бастаған сарбаздардың ой-өрісінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Пьесаның басында халық ұлы Амангелді саяси күрескер емес, наразылық иесі ғана. Халық кегі Амангелдіге, ер көңілді өжет жігітке қару алғызады. Көкірегін кек кернеп, тап жауын танығанмен, болып жатқан күрделі оқиғаның қыртыс-қырын толық түсіне бермейді. Соғыстан қайтқан Петрмен қауышудан бастап Амангелді тез кемелденеді. Қазақ даласын дүрілдеткен көтеріліс маусым жарлығының ұшқыны ғана емес, ғасырлар бойы жиналған ыза мен кектің де көрінісі еді. Қазақ солдаты романы ұлттық әдебиетте бұрын бейнеленбеген күрделі кұбылыс - соғысты кең көлемде суреттеген шығарма. Майдангерлердің жан тебіренісі мен ерлігі — көркем көрінісін тапты. Соғыс кезіндегі патриоттық атмосфера мен қаһармандық, қажыр мен қайрат, қиыншылық пен жеңіске сенім — Қайрош достарының тартымды бейнелерімен шынайы шешімін тапты. Әскери термин мен команда, неше түрлі техника мен тактика-кітапта кеңінен суреттеледі.

19 – лекция.
Тақырыбы: Ғабиден Мұстафин шығармаларының халықтық сипаты
Жоспар
1. Ғабиден Мұстафин халықтық сөз өнерін игерген көрнекті қаламгер
2. Ғабиден Мұстафин шығырмаларындағы негізгі әдеби дәстүр
Ғабиден Мұстафин шығармаларын жаңашылдығы

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан-ақ өзінің өзекті такырыбын - бүгінгі қайнаған өмірді дәл тапты. Тұңғыш кітабы Ер Шойынға (1929) арқау болған езі жақсы білетін ауыл өмірі, кедейдің сана-сезімінің оянуы, байға қарсы күрес көрінісі еді. Ер Шойын—жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.
Жинаққа кірген тұңғыш шығармасы Сәрсен мен Боқашта (1927—1928), Ер Шойын, Қан, Қашқын сынды әңгімелерінде ауылда өтіп жатқан ішкі тартысты нақтылы оқиға көріністер арқылы реалистік дәлдікпен бейнелейді. Байдың малын бағып, байлығын көбейтіп жүрген құтты қол жандар жас жазушыға адамгершілік пен ақиқаттың өзіндей көрінеді. Осындай жандарды сүліктей сорып, басын көтертпей езгіге салған адамдар-ды -бай мен кулакты автор жиіркенішпен жек көре суреттейді. Жазушының мақсаты айқын, мүддесі ашық — кімді жақтайтыны, кімді даттайтыны түсінікті. Мұндай қүресте қажыр-қайрат, ұйымшылдық қажеттігін суретте-ген Ер Шойын жинағының ескі мен жаңаның арасындағы тартыстың әлі толастамаған кезінде шыққанын ескерсек, кітаптың әлеуметтік, тәрбиелі мәні ерекше болғанын түсіну қиын емес.
2. Он жыл (1938—1948) Әдебиет майданы қазіргі Жұлдыз журналында) қызмет істей жүріп (басында әдеби қызметкер, кейін редактор) ел өмірімен кең танысып, жазушылық еңбекке біржола бет бұрады.1942 жылы Айғақ атты шағын пьеса, Тұтқын, Күлмеген адам, Құлаған құз, Керуен секілді әнгімелер жазады.Жазушының кемел кезі басталады.
1940 жылы Ғ. Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы - Өмір мен өлім романы жарыққа шықты. Бұл қазақ әдебиетіндегі ауыр өнеркәсіпте еңбек еткен жұмысшы табы мен техникалык интеллигенцияны бейнелеген тұңғыш шығарманың бірі еді.
Өмір мен өлімнен кейін жазушы шығармашылығының сәтті кезеңі басталады, ауылдағы ұлы өзгерістерге арналған Шығанақ (1945) пен Миллионер (1948) жарық көреді.Көп кешікпей орыс тілінде жарияланған бұл шығармалар қаламгер есімін. кеңінен танытады. Мұстафин шығармалары шет елдердің тіліне аударыла бастайды.
Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті туындысына айналған Қарағанды романы(1952) мен жазушы шығармашылығының бір шыңы - Дауылдан соң (1960) романы басылып шығады.
Өте маңызды тақырыптарға арналған бұл романдарға кең тұрғыдан карау керек. Жиырмасыншы жылдардағы кескілескен ішкі тартыс, қалың бұқараның рухани өзгеруі, колхозды ауылдың көркеюі, ен далаға өнеркәсіп алыбының салынуы - феодалдық құрылыс қалдықтарыньің тас-талқаны шығып, жаңа қоғамның қанат жаюын кең панорамада бейнелеген деп романдардың құлашты қасиетін жинақтаған жөн.
3. Соғыстан кейін тез өркендеген халық шаруашылығы мен мәдениетіне арналған Миллионер повесінде ауыл еңбекшілерінің рухани-әлеуметтік келбеті кеңінен бейнеленген. Колхозды ауылдың жаңа кезеңін суреттейтін Миллионер повесі Шығанақ романының заңды жалғасындай тақырып біреу, кейіпкерлер жүйелес, бірақ уақыт жағынан екі кезең суреттелген. Жаңа уақытқа сай жаңа әуен-бояумен әрлендірген Миллионер социалистік ауыл шаруашылығының шексіз мүмкіншілігін, жарқын келешегін паш етеді, жаны сұлу кеңес адамы жырланады.
Миллионер - жаңалықты бойына сіңіре алған шығарма. Дауылдан кейін - қазақ ауылындағы кеңестендіру кезенін — жиырмасыншы жылдарды кенінен суреттей отырып, автор дәуір ағымы, өмір беталысы қалыптастырған ел адамының тағдырын шығармаға өзек еткен. Кітаптың бас кейіпкері Аманның жүріп өткен өмір жолы - көкірегінде оты бар қарапайым жастың калыптасу соқпағын әйгілейді. Дауылдаң кейін-тынысы кең, күрделі әлеуметтік оқиғалы роман. Қазақстанның аса бір маңызды кезеңін - жиырмасыншы жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылын кеңестендіру жағын кеңінен көрсе-туге арналған. Аман мен оның ниеттес достары Таймас, Ізбасар, Танагөз, Тоқабай, Әдхамдардың феодалдық-рулық дәуірде күні кұлдықпен өткен қазақ халқының ой-санасының оянуын реалистік шындықпен пайымдайды.
Қарағанды — қою оқиғалы, кең тынысты, күрделі роман. Автор Өмір мен өлім романының кейбір сюжеті мен оқиғасын пайдалана отырып, Қазақстанда жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолын бейнелейді. Роман 30—40-жылдар арасын қамтиды. Ғ. Мұстафин өз туындысына бір кезде ағылшындар қожалық еткен Қарағанды шахталарының еңбек адамының күшімен алып индустрия базасына айналғанын, үрдістің барысында адамдардың қайта туып, түлегенін, осы сапардағы сан-сапа киыншылық-кедергілерді арқау етті. Шахтёрлёрдің өмірі, қарым-қатынасы, психологиясы романда сан түрлі образдар галереясы арқылы шынайы да шыншыл бейнеленген. Ал, бүкіл Қарағанды бассейнінің кемелдену кезеңдері символдық мән-мағынаға ие болып, саты-сатымен көз алдымызда өтіп жатады.
Романның бас кейіпкерінің бірі Мейрамды рухани өсу үстінде көреміз. Шығарманың басында жас жігіт алдында көлбеп жатқан сар даланың келешегін ойлап, алда күтіп тұрған белестерді көзіне елестетеді. Мақсат-мүдде айқын болғанымен, алда күтіп тұрған асулар жеңіл емес, романның соңында ақыл-ойы кемеліне келген, бұл өңірдің өзгеруіне үлесін қосқан, басында елес берген қиын-қиын кезеңдері артта қалған ел қамқоршысын көреміз. Жалпы, Қарағанды енеркәсіп тақырыбындағы қазақ романдары ішіндегі шоқтығы биік туынды.

20 – лекция.
Тақырыбы: Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістер.
Жоспар:
1. Әлемдік әдебиет, оның жай-күйі.
2. Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістер.
3. Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістердің қазақ әдебиетінде көрініс табу.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Әлемдік әдебиет өте кең ауқымға ие.Бүгінде Еуропалық, Азиялық, Латын Америкасы және Африка әдебиеті деп аталатын әдебиеттердің өзіндік даму заңдылықтары мен ерекшеліктері бар. Қазірде Латын Америкасы елдерінің әдебиеті даму үдерісін бастан кешіріп отыр.
Әлемдік әдебиет- бай тәжірибеге ие. Олар өмірдің сан алуан тақырыптарын шығармаға өзек етіп, әрбір адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жан-жақты суреттерге ынта танытуда. Әлемдік әдебиет өкілдері: Габриэль Гарсия Маркес, Кобэ Абэ, Иосиф Бродский және тағы басқа ақын-жазушылардың шығармаларында бүгінгі заман көрінісі, оның кейіпкерлері суреттелген.
2. Әлемдік әдебиеттің озық үдерістері жоғарыда аталған қаламгерлер шығармаларынан оны байқауға болады. Бүгінгі әлем әдебиеті шындықты, өмірдегі оқиғаларды, кейіпкерлердің шынайы бейнесін мейілінше көрсетуге ұмтылып отыр. Әдебиеттегі шығармашылық тәсілдің ең негізгісі- реализм болса да, шығармаларда сонымен біргелікте романтикалық әдіс те өз көрінісін тауып отыр. Сондай-ақ, шығармада авангардизм, символизм, экзистенциализм, модернизм және постмодернизм ағымдары толық байқалады. Әлемдік әдебиет оның миф, фантастика секілді элементтері де кеңінен қолданылуда. Бүгінгі әлемдік әдебиет өткендегі барша шығармашылық әдістер мен әдеби бағыттардың, ағымдардың синтезі іспеттес.
3. Әлемдік әдебиетте сонымен бірге көркем әдебиет тән қасиет-көркемдік тіл мен көркем біраз болса, тілдің көркемділігінен гөрі кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі басты назарда тұтылуда. Бұл жәйт әлем әдебиетшілер әдебиеттегі озық әдеби үдеріс ретінде пайдаланып келеді.
Әлемдік әдебиеттегі озық үдерістер бүгінгі қазақ әдебиетіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Алайда, әдебиет зерттеушілері және қаламгерлер көркем әдебиеттегі көркемдік тілдің жоғары болуын әліде қалайды. Осы орайда қазақ әдебиетінде кейіпкерлер іс -әрекетін, мінез құлқын суреттеуде нақтылыққа ұмтылып отырғанын көрумізге болады.
Жалпы алғанда әлемдік әдебиеттегі озық үдерістерден шет қалуға болмайды. Өйткені, әлемдік әдебиетте көркемдіктен гөрі айтар ойдың ашық, іс -әрекеттің айқын болуын қалайды. Бұл оқырмандарда көркемдіктен шет қақпай өту емес, айтар ойдың мөлдірлігін қамтамасыз етудегі туған ой деп түсінуге болады.

21 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби үрдістер
Жоспар.
1. Әдеби процестегі жалғастық
2. Көркем әдебиеттегі жалғастық
3. Әлемдік әдебиеттегі әдеби жалғастықтар мен байланыстар

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Әдебиеттегі дәстүр жалғастығын әр уақыттада көркемдік әдістердің қатарында романизм және реализм болса олар белгілі бір дәуірде пайда болады да әр кезеңде әдебиетте өз көріністерін табады.
Мысалы: Ауыз әдебиеті үлгері қатарында сан-тын батырлар жырларының эпикалық сар-ң бүгінді қазақ ақынның поэмаларынан балладаларынан кезегіндегі болады.
Өтеген батыр дастан жырларда кездеседі сондай-ақ Жамбылдың эпикалық жырларда яки өлеңдеріндеэпикалық сарын аз емес. Мысалы Отан соғысы тақ-на жазылған шығармаларда ақын өз киіпкерлерін эпостық жырлардағы батырлар секілді суреттеледі. Мысалы: Суға салса ьатпайтын, отқа салса жанбайтын.
2. Ромонтизм ХІХ ғ ХХ ғғ әдебиетінде мейлінше көбірек кездеседі. Асқақ рух, қаһармандық леп әр дәуірдің әдебиетіне тән Өйткені әр уақыт өз заманының кейіпкерлерін күн тәртібіне қоюға ұмтылған, атап айтқанда, ауыз әдебиетіндегі үлгілердегі эпикалық жырлардағы Қабландыбатыр, Алпамысбатыр қаһармандық киіпкерлер болса Б.Момышұлының соғыс тақпасына жазған шығармаларының кейіпкерлер мен батырдың өзінің соғыстағы ақыл айла өнегелік тәрбиелік мәнге ие. Бұндай әдістіктегі жалғастықтар әлемдік әдебиетке де тән.
Сондай-ақ Проза,поэзия, драматургия жанр бүгінге де жалғастығы арнайы зерттелуді қажет етеді.
3. Проза оның тілі тпрактикалық сипаты және заңдылықтары көрінісімен бүгінде ерекше саралану тиіс. Өйткені бүгінгі проза поэзия немесе драмматургия кешегі поэзия немесе адамдарға мүлдем ұқсамайды. Тіліде практикалық сипатыда ойлау жүйесіде әр алуан. Көркем әдісте бүгінде ең көп тараған түрі реализм. Реализм деп қазақ әдебиетінде романтизмде сингарманизм де, авангардизм де сапырсып жүргенін байқаймыз. Әдеби синтез Мыс: Ш.Айтматов Таулар құлағында романында көркемдік әдістердің қолданылуы. Келесі әдістің барлығы дерлік ақын жазушылардың шеберханасы құрамына айналған.
Қазақ әдебиеті және ондағы түрлі әдебиет жанрларында дүнеиге келген дәстүр жалғасқандығы әрдайым көрініс табады. Өйткені әдебиетте тұтастық және әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы сақталынған әлемдік әдебиеттің де қайнар көзі.
Түрлі әдіс жалғанғанын құрайды. Бұл әрине бүгінгі әдеби процеске көшіру емес немесе өткенде оралудың да белгісі деп түсінуге де болмайды. Бұл әдеби процесс тек қана жаңару жаңарту болып табылады. Бұндай процесс қазақ әр бір ұлттық әдебиетте және әлемдік әдебиетте өз жалғасын тауып отыр.

22 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Поэзиялық шығармалардағы әдеби дәстүр
Жоспар:
1. Поэзиялық шығармлардың жаңашылдығы
2. Поэзиялық шығрамлардағы сөз өнерінің дамытудың маңызы
3. Поэзиялық көркемдік даму заңдылықтары

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Адамзат тарихындағы аласапыран оқиғаларға толы жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы сан қилы саяси-тарихи өзгерістер қазақ ақындарының тағдыры мен танымына, тұрмысына, сол арқылы әдебиеттің де сипаттарына едәуір ықпал жасады. Осы кезеңнің тәжірибесі мен көркемдік ұмтылыстарынан тамыр алған, әрі жаңа заман қойған үзілді-кесілді талаптарды сезіне бастаған, әрі бірте-бірте соған икемделуге еріксіз мәжбүрленген жиырмасыншы жылдар поэзиясының қоғамдық-әлеуметтік және жалпы әдеби процеспен де байланысты күшейе түсті. Ұлттық әдебиетіміздің тарихи-көркемдік даму барысында қалыптасқан дәстүрлерімен бірге, бұған дейін әр қаламгердің өз ықыласы мен бейіміне қарай олардың шығармаларында белгі берген шығармашылық ықпалдарға қоса, енді жалпы әдебиетке оның еркінен тыс, жүйелі әрі кешенді түрде күштеп таңылған ықпалдар сезіліп, жылдан-жылға ауқымы ұлғая, пәрмені күшейе берді. Осы жылдардағы қазақ поэзиясының, идеялық-көркемдік сипатына әсер еткен алуан ықпалдарды жинақтап айтсақ, мынадай: 1) тарихи-саяси, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер; 2) фольклор; 3) ауыз әдебиеті; 4) Абай шығармашылығы; 5)орыс классикасы (Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрасов, Чехов, т.б.); 6) XX ғасырдың басындағы орыс әдебиеті (әсіресе символистік ізденістер: А.Блок, В.Брюсов, А.Белый, Д.Мережковский, К. Бальмонт, т.б.); 7) 20-жылдардағы орыс поэзиясы (С.Есенин, В.Маяковский, Д. Бедный, т.б.); 8) шығыс әдебиеті; 9) көркемдік тәжірибе мен эстетикалық талғам деңгейі; 10) идеологиялық қысым.
2. Бұларды ықшамдап, қазақ, орыс, шығыс әдебиеті және идеологиялық гізгін деп, қысқаша тұжыра салсақ, онда сол кездегі әдеби атмосфераның күрделі сипаттарын нақтылап айқындау қиындайды. Ал орыс әдебиеті арқылы тікелей емес, жанама түрде әсер еткен Батыс әдебиеті on кезде айрықша елерліктей эстетикалық құбылыстардың туындауына түрткі бола алған жоқ. Әрине, әуелі Батыста туып, сосын орыс әдебиеті арқылы келген символизм өзіндік эстетикалық-философиялық әлем ретінде қазақ иоэзиясында да анық көрінгенімен, Батыс нұсқасынан гөрі, орыс нұсқасы әлде қайда жақын, әлде қайда ықпалды болғаны талассыз. Осы ықпалдар жүйесі жиырмасыншы жылдардағы қазақ поэзиясының, жұлын-жүйкесіне
таралып, көркемдік-идеялық ізденістерінде өзіндік ерекшеліктердің қалыптасуына әрі қажетті, әрі табиғи атмосфера туғызды.
Небары он жылдың ішінде қазақ әдебиетінің, оның ішінде поэзияның да көркемдік деңгейі мен мұратындағы, эстетикалық өрісі мен идеялық нысаналарындағы құбылыстардың алуандығы соншалықты мол, соншалық тосын. Алғашқы бес жылда, салыстырмалы түрде алғанда, шығармашылық еркіндік, әр қилы көркемдік ізденістер көзге түсіп жатса, Коммунистік партияның Орталық Комитеті 1925 жылы 18 маусымда қабылдаған Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы қаулысынан кейін әдебиеттегі ауа райы күрт өзгеріп сала берді. Бұған дейін өзіндік көркемдік жаңашылдығымен ерекшеленген.
3. Мағжан Жұмабаев шығармаларыни идеялық тұрғыдан идеялық майдан атмосферасын туғызуы, бұған қоса, жаңа қоғамды қазақ халқын бақытқа бастайтын жол деп ұғынған С.Сейфуллин, С Мұқанов сияқты қаламгерлердің ол сынға тосқауыл қоймауы, керісінше, ашықтан-ашық қолдау көрсетуі—қазақ поэзиясының тақырыптық икемделуіне қатты әсер етті. Дегенмен бұған дейінгі қалыптасқан дәстүрдің қарқынымен идеология уысына сыймайтын дүниелер туып жатты. Басқаны былай қойғанда жаңа идеология тұғырында тұрған С.Сейфуллиннің Ақсақкиік, Аққудың айырылуы секілді шығармаларының дүниеге келуі —соның бір мысалы.
Ғасырдың алғашқы он шақты жылында көптің көкейіндегі негізгі ой тәуелсіздік, әлеуметтік теңдік болып, керкемдік ой назары негізінен соған ауды. Әдебиеттің негізгі идеялық нысандары, ұран деңгейінде жалпақ елге жайылған басты сарындары Оян, қазақ! (МДулатов) пен Қалың малдың (С.Көбеев) айналасында арқауланып, соған үндесе айшықталса, Қазан төңкерісінің нәтижесінде көркемдік ізденістер ағыны енді қазақ поэзиясында бір-біріне кереғар, бірін-бірі жоққа шығаратын негізгі екі бағытқа салаланды.

23 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Прозалық шығармалардағы жаңашылдық

Жоспар:
1. Прозалық шығрамлардың жалғастығы мен сабақтастығы
2. Прозалық шығармалардың сөз өнеріндегі тағылымы және жетістігі
3. Прозадағы көркемдік даму заңдылықтары

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Қазақтың көркем прозасы, негізінен, жиырмасыншы жылдардың бергі жағында туып, қалыптасты. Революциядан бұрын роман деген атпен басылған шығармалар (Қалың мал, Қамар сұлу, Бақытсыз Жамал) таза прозалық үлгіде емес, өлеңмен аралас келетін, көркем суреттері аз, белгілі бір сюжетті әңгімелеп шығатын схемалық хикаялар еді. Жазу мәдениетінің кеш тууы шын мағынасындағы көркем прозаның дамуын да кешеуілдетті. Ал жиырмасыншы жылдар ішіндегі тарихи оқиғалар легінің қабаттасуы, адам өмірі мен тағдырының күрделілігі, өлеңнің ауқымына сыймастай өзгерістердің молдығы прозаның дамуын жеделдетті. 1917жылғы революциядан кейін-ақ, бұрын болмаған проза рлерініцбаспасөзбсггеріндекөрінебастауы,жиырмасыншы жылдары олардың қарқынмен өрістеуі бұған дәлел жақсысы, олардың бәрі бір қолдан шыққандай, жатқанды үлгілерге сүйенбей, әр түрлі жазушылық стильді, түрліше жазу өрнектерін алға тартты. С.Сейфуллиннің Жұбату әңгімесінің лирикалық сыршылдық үлгісі, М.Әуезовтің Қорғансыздың күиі әңгімесіндегі психологиялық сурет, адам бейнесін кейіптеу, Б.Майлии әңгімелеріндегі өмірдің өзіне сүйенген очерктік стиль, суреттеме әдісі әр тақырыптағы, әр үлгідегі түрлердің жарыса көрінуінің белгісі сияқты еді. Ұлттық әдебиетте кеш туып-дамыған жанр болса да, прозаның келешегін бұл жайлар айқын аңғартады.
2. Ғазизаның үй-жайы, қарт әжесі мен оның) әңгімесі арқылы берілген қорғансыздардың күні әңгімеде әлеуметтік? тұрғыдан өткір суреттелген. Ғазизаның қорлыққа шыдамай, күйзеліп барып өлуі алдындағы жан төбіренісі мен сол түні екілене соққан ызғырық боран суреттерінен жазушының психологиялық прозаға бет бұрғаны тапылады. Осындай күйзеліске салқынқандылық байқатқан, сол тартыстың күнәкары Ақан болыс пен оның шабарманы Қалтай бейнелері оқырман жүрегінен жиіркенішті орын алады. Қорғансыздар тақырыбын Мұхтар Қыр суреттері, Жетім, Кім кінәлі сияқты әңгімелерінде жалғастырды. Ескілік көлеңкесінде әңгімесінде ескі салттың құрбаны болған қазақ қызының өміріне аяушылық білдірді. Қазақ қызының тағдырына қатысты оқыған азаматтардың түрліше типіне (Үйлену, Сөніп-жану) назар аударды. Жазушы олардың характерін жан дүниесіне үңіле отырып, қалтарыстарын аша суреттейді. Қаралы сұлу жесір әйелдің жалғыздық сезімін терең ашады.
3. 20-жылдардың екінші жартысында Мұхтар қаламынан Қараш-қараш оқиғасы (1926), Қилы заман (1928) сияқты повестер туды. Бұл тұста әуелде Ташкентте, кейін Ленинградта оқып жүрген автордың әдебиеттегі адам мен оның еңбегі, қоғамдағы орны сияқты өзекті мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарай бастағаны айқын көрінеді. Оның адамның өмірде ешкімге тәуелді болу үшін тумайтығын, оның өмір жолындағы қақтығыстар сол үшін бұлқыныстың, азаттықты аңсаудың нышаны екенін тануы — осының дәлелі. Қараш-қараш оқиғасының кейіпкері Бақтыгүл күнкөріс үтпін ұрлық жасап, артынан Жарасбай болыстың барымташысы болып жүріп, еркін өмірді аңсайды. Жарасбайға байланып қалғанын кеш сезген ол ақыры болысты өлтіріп тынады. Оның әрекетінде әділетсіздікке қарсы күрескен қайсар, намысқой, жігерлі жігіттің өмір құрығынан босанғысы келген бұлқыныстары жатыр. Қамауға түскен Бақтығұлдың баласы Сейітті қасына алып, оның орысша оқуына зер салуынан, білім жолына бағыттауынан заманның беталысын аңғарған адамның ойлы ісі танылады.
Қилы заман 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының материалдары негізінде жазылған. Онда патшаның отарлау саясатының қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алу кезіндегі сорақы іс-әрекеттері, оның сойылы соққан ел басшыларының қылығы, қарапайым халықтың қуғын-сүргіндегі өмірі суреттеледі. Өз басын қорғап бас көтерген, бостандық аңсаған халыққа патшашылдықтың өшіге зорлық жасауы психологиялық тұрғыда жан-жақты терең ашылған. Жазушы 1916 жыл оқиғасын қазақ қоғамын ашындыра қозғаған, елдің бас көтерер азаматтарын қатерлі жолға бастаған ірі қозғалыс есебінде бағалайды.
Образ— деген сез әдебиетте ңегізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші, көркем сөз мағынасында, екінші - адам образы - тип мағынасында.
Көркем сөз ұғымында — образға тңдеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те айтамыз.
Екінші, адам образы - тип - мағынасында қолданамыз. Бұрын образ (адам образы) деп ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Ал соңғы кездерде көбіне образ бен типтің арасына ондай шек қойылмайды. Қазақша образды - типті - кейіпкер, ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер деп те Жазып жүрміз.
Бұл кітапта біз адам образы - тип - (қазақша:, кейіпкер) деген сөздерді бір мағынада қолданамыз.
Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттелінеді дедік. Бірақ жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қоймайды, сол адам­ның өмір сүрген кезіне, өскен ортасына дәл келетін кеп адамдарға тән іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең керекті, екшенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Міне, адам образы - тип — деп осыны атаймыз.
Мысалы, Обломовтың образы крепостнойлардың ақысыз, тегін еңбектеріне енушіліктің арқасында туған помещиктердің икемсіздігін, жалқаулығын көрсетеді. Бірақ Гончаров еш әрекеті жоқ помещиктердің жалпы қасиеттерін, әрқайсысын әр жерден шетінен алып қалай болса солай жаза бермейді. Бір адамды оны помещиктердің өкілі етіп көрсетеді. Помещиктерде болатын барлық ерекшеліктерді сол адамның бойына сыйғы-зып көрсетеді. Барлық помещиктердің әдетін, мінез-құлқын, ісі тағы басқаларын да сол адамнан табуға болады Демек керекті жайт— жеке адамға тән мінез. Әдеби мінез (ли­тературный характер) жайшылықтағы мінезден анағұрлым те­рең, анағұрлым кең. Жайшылықта біз біреуді жеңіл мінезді ие салмақты, ауыр мінезді кісі дейміз. Мұның негізінде де бір адамды екінші адамнан айыру, жекелеу жатқандығы сөзсіз. Бірақ ол қорлық емес, адам мінезінің тек бір-ақ жағын көрсетеді. Көркем әдебиеттегі жеке адамға тән мінез: адамның мінез-құлқын, танымын, сенімін, ой-пікірін, өмірге көзқарасын, психологиясын, күйініш-сүйінішін, басқаларға қарым-қатысын, сөздік қорын, тіпті оны қолданудағы ерекшеліктеріне шейін қамтиды. Осылардың бәрін бір адамның бойына сыярлық сипат етіп шебер суреттеудің негізінде сол адамның бейнесі, образы, айнаға түскен сәуледей, біздің көз алдымызда тұрады. Осыны образ не, адам образы деп атаймыз.
Жазушылар жеке адамға тән мінездерді жасағанда адамның. өмір жолдарын, іс-әрекеттерін баяндайды, сол арқылы оның мінезінің қалай қальштасқандығын елестетеді.
Жақсы не жаман мінез бір күннің не бір жылдың ісі емес, талай жыл, талайғы өмір соқпақтарының нәтижесі екендігін аңғартады. Көркем шығармадағы кейбір әдеби мінездің қалыптасуы өмірдің, өз ортасының әсерімен біртіндеп өсе келе мүсінделуі де, кейбірі белгілі қайшылықтардан кейін ғана қалыптасуы да мүмкін. Шығарманы ой көзімен оқыған кісіге мұны аңғару қиын емес.
Көркем шығармадағы әдеби мінезді сөз еткенде, айрықша көңіл аударуды қажет ететін негізгі бір мәселе — кейіпкердің толып жатқан мінездерінің ішінеи қай мінезін жазушы бірінші орынға қояды, қайсысын жекелеп, ерекше көзге түсерліктей етіп суреттеуге күш салады, міне шығарманың идеясын айқындауда болсын, образдарды талдауда болсын, бұл мәселенің мәні зор. Сондықтан әрбір әдебиетті үйренуші адам образдың бұл ерекшелігін жақсы ұғынуы керек.

24 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Драмалық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық.

Жоспар:
1. Драмалық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық
2. Драмалық шығрамлардағы сабақтастық
3. Әдебиеттегі драматургия жанрының даму

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жастары ұйымдастырған әдебиет, ойын-сауық кештері сахналық өнер мен драматургияның бастамасы болды. Ұлттық мәдениеттің бұл жаңа түрі, негізінен, ағартушылық бағытта дамыды. Олардың репертуарындағы шығармалар халықты өнер-білімге, ілгері кеткен елдердің мәдениетін үйренуге, үлгі алуға, ескіліктің шырмауынан шығуға үндеді. Алғашқы ойын-сауықтар тәжірибелері драматургияның тууына, алғашқы пьесалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр жеріндегі осындай талпыныстар, алғашқы сахналық қадамдар ұлттық драматургия, мен театр өнерінің дүниеге келуіне негіз болды.
Осы кезде бірлі-жарым пьесаларымен алғашқы қадам жасаған қазақ драматургтері Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Жұмат Шаниндердігі еңбектері драматургия жанрының негізін қалады және алғашқы театр өнерінің тууын жеделдетті.
2. Еуропалық үлгідегі театр тек қана еуропалық үлгідегі драматургия арқылы дүииеге келеді десек, оның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында ден қойғаи — Жүсіпбек Аймауытов. Оның қаламынан туып, сол кезде сахнаға қойылған тұңғыш үш пьесасы — Рәбиға, Мансапқорлар, Қанапия-Шәрбану 1916—1917 жылдары жазылғам. Ал Ел қорғаны, Шернияз, Сылаң қыз 1920—1925 жылдар ішінде туған.
Жиырмасыншы жылдардағы тәуір пьесаларға алғашқы жарияланған бәйгенің нәтижесінде М.Әуезовтің Қарагөз трагедиясынан кейінгі екінші орынды. Ж.Аймауытовтың Шернияз шығармасы иеленген. Ол сондай-ақ А.С.Пушкиннің Сараң сері, Тас мейман трагедиялары мен деген атпен аударған. Соңғысының қолжазбасынан әзірге ешқандай із жоқ. Ендігі бір аударған пьесасы Октябрь, әзірге қолжазбасы табылмағандықтан, кімнен аударылған, қандай драматургтің дүниесі екені белгісіз. Бәлкім қазақшаға аударылғаннан кейін пьеса түпнұсқасының аты өзгеріп кетуі де ықтимал. Ж.Аймауытов жазған, аударған драматургиялық шығармалардың бәрі де Семейдегі губерниялық, кейін Ес-Аймақ деп аталған труппадан бастап, Қазақстанның көптеген қалаларында, Ташкентте, қазақтың тұңғыш Мемлекеттік ұлт театрының сахнасында койылған. Рәбиға —Ж. Аймауытовтың шағын драматургиялық дүниесі. Пьесаның атына лайық бостандық пен еркіндікке қолы жете қоймаған қазақ әйелдерінің ауыр жағдайы—сол кезеңнің талабына қарай нанымды суреттелген. Жайбарақат құбылыстан басталған оқиға желісі жіті дамып, жанр зандылығына бағындырылып, пьесаның аяғына дейін бәсеңсемейді. Тартыс та пьесаның орталық кейіпкері 19 жастағы Рәбиғаның қойшы шалға күштеп қосылған әрекетімен астасып жатыр. Пьесаның аяғында күндіктен, қорлықтан құтылуға ұмтылып, құрым лашыққа лағиет айтып бара жатқан Рәбиғаның әрекеті романтикалық серпінге толы.
3. Драматургиялық шығарма өз дәуірінің айнасы десек, ЖАймауытов пьесалары сол өмір кешкен кезеңнің әлеуметтік мазмұнын, саяси келбетін терең барлаған. Оның таңдап алған оқиғасы, көзделген мәселесінің маңыздылығы, көлем жағынан қомақты әрі ертерек жазылған пьесаларының бірі — Қанапия—Шәрбану. Мұнда 1916 жылғы маусым жарлығы бойынша қазақтан майданның қара жұмысына адам алуына байланысты оқиға драмалық желі болып тартылған. Қазақ еліне алапат болып тиген бұл құбылыстың трагедиясын жазушы бір отбасының басына түскен қайғылы қасірет арқылы ашады.
Драматург үш бөлімнен тұратын драманың 1-бөлімінде тығрыққа тірелген жандардың жанкүйзелісімен дәрменсіз әрекетін психологиялық толғаныс арқылы береді. Исатай мен Үмсынай жалғыз ұлдың қолына азын-аулақ малмен бірге, өздерін де құрбандыққа қиып жіберуге дайын. Ал қара жұмысқа айналып бара жатқан Ынтықбай мен Қанашия — хат танымаса да, елдің саяси өмірін өздерінше барлайтын еті тірі ясігіттер. Бұлардың патша жарлығына қарсы шығып, қарсылық көрсеткендердің арасынан табылуы — нанымды, сол уақыттағы саяси күрестің мазмұнына сай келетін реалистік шешім.

25 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Ә. Нүрпейісов шығармаларындағы әдеби дәстүр.
Жоспар:
1. Жазушы шығрамалрының ерекшеліктері
2. Жазушы шығрамаларынждағы әдебие дәстүр
3. Жазушы шығармаларындағы жаңашылдық

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Ә.Нүрпейісов қазақ әдебиетінде өкілдік қолтаңба бар, стильдік ерекшеліктері өзгеше, дүниетанымы өте кең қаламгерлердің бірі. Оның шығармалары бүгінде қазақ әдебиетінің бай мұралары болып саналады. Жазушының айызлы туындыларының бірі. Қан мен тер теориясы. Шынайы реализмге суарылған көркем туындының қуаттылығы оның кейіпкерлерінің өміршеңдігінде. Трилогия кейіпкерлері – Блама Ақбала, Тәңірберген, Сүйеу және тб. қай –қайсысы болмасын кесек тұлғалар. Олардың мінез құлықтары іс - әрекеттері және ішкі тұлғалық психологизмі көркем шығармада шебер сүреттелген. Қан мен тері романы Арал балықшылары ауылындағы оқиғаны жеріне жете суреттелуімен құнды.
2. Жазушының бір көркем әрі терең мазмұнды шығармасы – Соңғы парыз атты дилогиясы. Шығарма бүгінгі көкейкесті тақырыпқа арналған. Ол –экология мәселесі. Экологиялық зәрулік қазірде жеке адамның жергілікті жердің ғана проблемасы емес, ол жалпы идеясы осыған меңзейді әрі ашық айтады.
Ә.Нұрпейісов шығармасындағы әдеби дәстүр жайлы сөз еткенде оның шығармаларына тән әдеби үдеріс әлемдік әдебиеттен тыс жатпағандығына дер едік. Бүгінгі әлемдік әдебиеттегі үдерісте кейіпкерлердің нақтылығы, көркемдіктің шарттылығы, сөздің айтар ойдың ашықтығы болса, жазушының жоғарыда аталған қос шығармасында да анық кездеседі.
Жазушы шығармаларындағы айтылар ой мен кейіпкерлердің кесек мінезі, нақты іс әрекеттері басты ерекшеліктердің бірі.
Жазушы көркем әдебиетті шығармашылық тұрғыда қарастырады. Шамадан тыс әсерлеп суреттеу, іс-әрекетті жасанды қолдану – жазуша шеберханасына жат құбылыс.
3. Жазушы өз шығармаларында реализмге негізделген туындыларды жасай отырып, романтикалық сарындарды да пайдалана білген. Сондай-ақ кейіпкерлердің өсу кезеңдері де өзара қарым – қатынасты, іс әрекет үстінде көрсетіледі.
Ауыл адамдарының психологиясы кәсіптің ұңғыл – шұңғылдары, табиғат көріністері өзара үйлесімді қалыпта суреттеледі.
Табиғаттың о бастығы уыздай уылжыған күйі, техналогиялардың дамуы, қоршаған ортаға ықпалы, бәрі – бәрі де жазушы назарынан тыс қалмаған.
Жазушы бүкіл шығармашылық әдістің басым бағыты реализмге табан тіреген. Реализм жазушы шығармасының басты өзегі.
Бүгінде оқырмандар сенім іне ие болуда реализм әлі де өзінің күші мен қүдіретінен айырылмаған.

26 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев шығрамаларындағы әдеби дәстүр
Жоспар:
1. Ақын өлеңдеріндегі жаңашылқдық
2. Ақын шығрамларындағы әдеби дәстүр
3. Ақны өлеңдеріндегі лирикасындағы әдеби дәстүр

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Тұманбай Молдағалиев — таланты ерте танылған акындардың бірі. Елуінші
жылдардың орта кезінен күнделікті баспасөз бетінде жариялана бастаған оның өлендері оқырмандарды селт еткізіп, бірден әдебиет сүйер қауымды өзіне баурап алды. Оның себебі, Тұманбай өлеңдерінің адам сезімін, оның көңіл-күйін, жастықтың құпия сырын шынайы бейнелеуімен байланысты еді. Бір кездерде, жеке адамға табыну тұсында, өлеңді тек саясатқа құрып, науқандық істерге үгіт есебінде көбірек пайдаланғанымыз бүгін жасырын емес. Адамның ішкі сезім күйіне, махаббат такырыбына аракідік болса да барған ақындарымыздың тебесінен жұдырық кетпеді. Осыдан барып шын лирика, адамның рухани тіршілігін, жеке басының қуаныш-сүйінішін, сүйіспеншілік сезімдерін, туған табиғатымен сырластығын жан-жақты бейнелейтін туындылар тым азайып кетті.
2. Адам еркін тежеген, ойыңдағыңды еркін, ашып айта алмайтын осы бір тұсаудан бізді партиямыздыц XX съезі ғана құтқарды. Тұманбай осы бір тұста әдебиетке келді де, өзінен бұрынғы ұрпақтың бойына сіңген тежеуге ілікпей, адам ырқына ғана тән еркін ойды, ашық, бүкпесіз сөзді айтты. Жастығын, махаббатын, туған елінің табиғатын, көктемін жырлады. Осындай жағдайда шын сезімді, адамның көкейін жарып өтетін сүйіспеншілік сырын аңсап отырған кауым, әсіресе, ақынның өзі сияқты еркін ойлап, еркін сөйлеуге ұмтылған оның құрбы буыны Тұманбай өлеңдерін ду көтеріп әкетті. Ол әдебиетке осылай жастықтың, махаббаттың, көктемнің жыршысы болып енді.
3. Ол отыз кітаптың авторы, Қазақ ССР Мемлекеттік және Қазақстан комсомолы сыйлықтарының лауреаты.
Барлық жақсы ақындар сияқты Тұманбай өмірі де оның өлеңдеріңде. Оның туған ауылы, өскен ортасы, көрген өмірі, Отан, ел, адам сүю сезімдерінің- қалыптасуы жайлы мәліметтерді ақын шығармалары бізге толығырақ береді. Оның лирикалық каһарманы балалығын соғыстың ауыр кезінде өткізген, содан жанына ұмытылмас жара түскен (әке өлімі, жоқшылық, жетімдік сезімдер) жан адамның көңіл күйін бейнелейді.

27 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Олжас Омарұлы Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр

Жоспар:
1. Ақын өлеңдерінің жаңашылдығы
2. Ақын өлеңдеріндегі әдеби дәстүр
3. Ақын өлеңдеріндегі ырғақ пен екпін

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Олжас Омарұлы Сүлеймонов 1936 жылы 18 майда Алматы қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің геологиялық факультетін бітірген. М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1961 жылдан бастап Казахстанская правда газеті редакциясында әдебиет және өнер бөлімінде істеген. Бірнеше жыл Қазақфильм киностудиясы сценарлық редакциялық алқасының Бас редакторы қызметін атқарды. 1971 жылы Қазақстан Жазушылар одағының секретары болып сайланып, 1981 жылы кинематография жөніндегі Қазақ ССР мемлекеттік комитетінің председателі болған. 1983 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының бірінші секретары. СССР Жазушылар одағы Басқармасының секретары. Ол СССР Жоғарғы Советінің депутаты. КПСС мүшесі. О.Сүлейменов Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі. Қазақстан КП XIV, XV, XVI съездерінің, КПСС XXVI және XXVII съездерінің делегаты.
2. Олжас Сүлейменов Қазақ ССР Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығының (1972), Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы сыйлығының (1966) лауреаты. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы — Арғымақтар (1961) шыққаннан кейінгі ширек ғасырдай уақыттан бері
3. Олжас Сүлейменовтың Адамға табын, Жер, енді поэмасы, топтама өлеңдері ТМД халықтарының көптеген тілдеріне, шет ел тілдерінс аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жазған сценарийі бойынша Атамекен, Көгілдір маршрут, Қыс — қолайсыз маусым, т. б. фильмдер түсірілген.
Олжас Сүлейменов Еңбек Қызыл ту, Құрмет белгісі, Октябрь Революциясы ордендерімен, СССР-дің көптеген медальдарымен наградталған.

28 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: М. Мағауин шығрамаларындағы әдеби дәстүр
Жоспар:

1. М. Мағауин шығрамаларының ерекшеліктері
2. Жазушы шығармаларындағы әдеби дәстүр
3. Жазушы шығрамаларының тарихылығы

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Мұқтар Мағауин 1940 ж. 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында ауыл мұғалімінің жанұясында туған М.Мағауиннің еңбек жолы 1965 жылдан басталады. Әуелде Қазақ әдебиеті газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 ж.ж. Жазушы баспасында бас редактор болып істеген.
2. 1993 жылы М.Мағауиннің Шақан шері атты кітабы жарық көрді. Оған жазушының ертерек жазылып, басылмай қалған екі романы (Шақан шері — 1984, Сары қазақ - 1991) кірген. Мұның екеуі де тоталитарлық жүйенің адам тағдырын ойыншық көрген кезінің трагедиясын бейнелеуге арналған.
Шақан шері — ел ортасынан бөлініп, адам тағысынан қашып жүргенде, даланың тағысы Жолбарыс оның әйелі мен баласын жейді. Соған кектенген Шақан өмір бойы Жолбарыс атып, оның тұқымын құртады. Аң атаулыдан кек алып, мерейі үстем боп келген ер мінезді Адам патшаның жендеттерінің қолына түседі. Әр түрлі жалаға ілігеді. Түрмеге алынып, Сібірге айдалады. Намысшыл, кекшіл Шақан алысарға дәрмені болмай, дүниеден өтеді. Роман идеясы шарпы оқиғаларға құрылғанмен, табиғат әлемінде еркін, ойына келгенін істей алатын адамың қоғам қыспағында әлсіз, сорлы екенін көрсетуге құрылады. Сол арқылы адам қанын судай шашқан кешегі тоталитарлық жүйенің сырын да ұқтырады.
3. Ал, Сары қазақ романында тарихи деректің шындығы бар. Оның кейіпкері Станислав орыс жерінде туады (1895 жылы). 1911 жылы гимназия бітіреді, Петербург университетінде оқиды. Сонда жүріп революциялық оқиғаларға араласады. Қолға түсіп, жер аударылады. Содан қашып қазақ ортасын, Сыпатай байдың ауылын паналайды. Жайлы орын тапқан Станислав Стамбек атанады. Қазақ қызына үйленеді. Сары қазақ атанып, қазақ даласында қала береді. Бұдан кейін болған революциялық толқулар, ақтар мен қызылдардың алма-кезек ел үстінде қылыш ойнатуы, орыс отаршылдығының қазақ даласын дүркіретуі — бәрі сары қазақтың көз алдында өтеді. Ол кеңес өкіметін көреді. Зорлап колхозға біріктірудің, байларды аластап жер аударудың, халықтың аштан қырылуының куәсі болады. Сыпатай бай Стамбекті ертіп, елсіз, күнсіз бетпақ далаға қашады. Жалғыз үй тыныш өмір кешеді. Уақыт өтеді. Сыпатай да, әйелі де қайтыс болады. Үйге Стамбек ие боп қалады. Бір күні адасқан геологиялық экспедицияның ұшағы ауыл үстіне келіп қонып, Стамбекті қолға түсіреді. Ол жауап үстінде өліп кетеді. Мұнда да отаршыл, тоталитарлық жүйенің қазақ халқына жасаған зорлығын жазушы Стамбек көзімен суреттеп, оған неге бұлай? Өкімет солардыкі емес пе еді?" деген сияқты сұрақ қойғызады.

29 – лекция.
Тақырыбы: Асқар Сүлейменовтың шығармаларындағы әдеби дәстүр көріністері.
Жоспар:
1 Асқар Сүлейменовтың шығармалары.
2 Жазушы шығармаларындағы әдеби дәстүр көріністері.
3 А. Сүлейменов- әдебиеттегі стилист жазушы.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1.А. Сүлейменов ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан жазушы. Оның шығармаларындағы терең психологизм, кейін керлеу әлемінің сан түрлі, иірімге тола қатпарлары жазушыға үлкен абырой әперді.
Қазақ әдебиетінде өзіндік қол таңбасы бар А. Сүлейменовтың прозасы хақында белгілі жазушы Ғ. Мүсірепов жылы пікір білдірді. Ол жазушы шығармаларының әрбірі кейіпкердің жан дүниесін терең зерттеуге арналғанын ашып айтқан-ды.
2. Бұған деген, А. Сүлейменовтың Адасқан атты көркем шығармасы. Кітап әңгімелерден, повестен тұрады. Адасқан атты Біржан салдың кейбір кездерінен алынып, көркем шығармаға негіз болған бес диалог- әңгімелер циклында серінің өмірі, бөлім шығармаға өзек болған. Әңгімелер – бас кейіпкердің мінез-құлқы мен характерін көрсетуде бірқатар әдеби процестерді арқау еткен. Әңгімелер циклында адам өмірі және тағдыр, тұрмыс және сана, ұлттық ерекшелік және мінез секілді мәселелер қаламгерлік талант қуатымен өз шешімін тапқан.
Әдебиеттегі поэзия, көркемдік әлементтер ақын бейнесін толықтыра түседі. Кітаптағы сондай-ақ Қара шал, Ақ кемпір атты әңгімелерде де ауыл өмірі сипатталса деп қаламгердің шығармашылық тәсіл ретінде реализм суарылған жазу әдісін айқын көре аламыз.
Өмір шындығынан ауытқымау,ақынның мінез-құлқын түсінуге ұмтымз-қаламгердің балта нысанасы.
3. Жазушының Ситуация повесі қаламгер өміріне арналған. Роман жазған автордың хал-ахуалы, жан дүниесі, ішкі психологиялық сезімі, әрине, жазушыға жете түсінікті. Сондықтан да болар, повесть күрделі, сан қырлы болғанымен романистің ішкі әлемін ашуда үлкен шеберлік танытқан.
А. Сүлейменов тілге, сөз тіркестері мен кейіпкерлердің тіліне өте ұқыпты, үлкен жауапкершілікпен қараған стилист жазушы әдебиетті туған тілдің қамқоршысы, қозғаушысы деп білген. Сондықтан да, оның көркем шығармалары күрделі ойдың, мінез құлықтың үлгісіндей танылады.
Әдебиетті ардың ісі деп ұғынған жазушы қазақ әдебиетін нығайтуға, дамытуға ерен еңбек қалты деп білеміз. Туған әдебиетке, оның әдеби үдерісінежаңа леп әкелген А.Сүлейменовтың прозасы түрінде зерттеуге зәру. Әдебиетте зиялы қауым мен ауыл адамдарын суреттеген жазушы шығармалары жай қатардағы шығармалар емес, нағыз көркем әдебиет үлесіндегі дара туындылар деп білеміз.

30 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Серік Қирабаев шығармаларындағы әдеби дәстүр

Жоспар:
1. Серік Қирабаев сыншы ғалым, әдебиеттанушы
2. Сыншы еңбенктеріндегі әдебие дәстүр
3. Сыншы еңбектеріндегі әдеби жаңашылдық

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Серік Қирабаев-қазақ әдебиетінің тарихын да, оның дәуірлерін де біздің ұлттық тарихымыз, оның даму кезеңдері белгілейді. Қазір біз әдебиетіміздің тарихын көне дәуірлерден бастап жүрміз. Онда жалпы түркі халықтарына ортақ мұраларды сөз етеміз. Біздің ұлттық идеяларымыздың бастауы солардан басталары даусыз. Батырлар жырлары, жыраулар поэзиясы Күлтегін, Тоныкөк жырларынан тарайтынын, солардың әсерімен туғанын қазір зерттеушілердің бәрі мойындайды. "Қорқыт ата кітабы", "Оғузнаме", Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иугнеки еңбектерінде қазақтың сөз өнерінің түп-төркіні жатқаны да белгілі. Сондықтан бұл дәуірдің әдеби мұрасын зерттеуге қазақтар да қатысуы әбден заңды.
2. Одан кейін біздің өзімізге тән ұлттық поэзиямыз туды. Ол — XV ғасырдан басталатын жыраулар поэзиясы, хандық дәуірдің әдеби шежірссі. Ол XVIII ғасырға дейін созылады. Бұл кезеңнің әдебиеті хандық құрылыстың шындығымен, елдің сыртқы басқыншылыққа қарсы күресі идеясымен, ақындық үлгідегі жыраулық дәстүрін берік ұстауымен өзгеше түр. XIX ғасыр әдебиеті Ресей қарамағына өткен қазақтардың тәуелсіздік үшін күресімен басталып, оның демократиялық, ағартушылық бағытының өрістеуімен аяқталады. XX ғасырдың басында елді ағарту мәселесі азаттық жолындағы күрес идеясына (сөз жоқ, орыс революцияларының әсерімен) ұласады. Ұлттық әдебиет дамуының жаңа кезеңін 1917 жылдан бастап жүрміз. Оның да дәлелді себебі бар. Қанша дегенмен, бұл дәуірдің әдебиеті бұрынғыдан көптеген өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Өмір шындығын танудың және суреттеудің өзгеше принциптері (өмірдің жарқын жағын таңдау, үлгілі істерді жазу, эстетикалық идеал, т. б.), әдебиет кейіпкерлерінің жаңа типі, ұнамды қаһарман проблемасы, т. б. кеңестік өмір шындығының өзінен туындады. Реализмнің сипаты да өзгерді. Егерде бұрынғы реализм шындықты сынау, өзгерту қажеттігі бағытында суреттесе, жаңа реализм өмірді бекітуге қызмет етті. Бүгін дұрыс десек те, бұрыс десек те бұл белгілер бұрынғы әдебиетте болмайтын.
3. 20-жылдардың аяғына қарай Қазақстандағы саяси ахуал бірсыпыра шеленісті. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген ескі большевик Н.Ф.Голощекин (1925) Қазан төңкерісі қазақ ауылының сыртынан құйындай ағып өте шыққан, ауылдың бейнесіне ешқандай өзгеріс жасамаған деген тезисті И.В.Сталинге мақұлдатып алып, Кіші қазан атты жаңа төңкеріс жасауға кірісті. Ауылдағы таптық тартысты одан сайын өршітіп, байдардың мал-мүлкін тәркілеу жұмысын жүргізді. Қазақ шаруаларын күшпен ортақтастырып, ауылда коммуналар құруға шейін барды. Халық малынан айырылып, жаппай жүдеушілікке ұшырады, ел ішін аштық жайлады. Шамасы келгендер босып, көрші елдерге кетті. Қазақстанда біртұтас партия ұйымы болмаған, ол жеке-жеке көсемдер билеген ұйымдардан ғана құрылған дегенді сылтау етіп, өзінің саясатына наразы болған ұлт оқығандарын түгелдей қудалауға ұшыратты. Оларға байтұрсыновшылдық, рысқұловшылдық, мендешевшілдік, сейфуллиншілдік, садуақасовшылдық, қожановшылдық деген сияқты ұлтшылдық жапсырмалар тағылды. Оларды баспасөз беттерінде әшкереледі. Мұның аяғы олардың біразын тұтқындап, жазалауға ұласты. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Жұмабаев Ақ теңіз бойына айдалып кетті. Ж.Аймауытов Мәскеу түрмесінде атылды.
Коммунистік партияның осындай қатаң режіміне қарамастан, Қазақстандағы кеңесшіл жас әдебиет шығармашылық істі жандандыруға тырысты. Жаңа заман шындығын көркем бейнелеуге ұмтылған, елді теңдікке, мәдениетке үгіттеген пафосты жырлар туды. Олар азаматтық, саяси лириканың өркендеуіне негіз салды. Қазақ ауылының ескі өміріндегі қайшылықты тіршілік пен бүгінгі таптық тартысты жырлаған поэмалар жазылды. Бұрын жазу мәдениеті кеш дамыған елде поэзия үстем болып келсе, енді көркем проза мен драматургияның дамуына жол ашылды. Прозаның шағын үлгілерімен (әңгіме, повесть) қатар, алғашқы романдар жарық көрді. Драматургия шағын түрлерден көп актілі драмаға ауысты. Жаңа дәуірде әдебиеттің қандай бағытта дамуы туралы пікірталастары әдеби сыншылдық көзқарастың дамуына ықпал жасады. Мәдени мұраны игеру (таптық тұрғыдан болса да) мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы ізденістерге жоғарыда аталған қаламгерлермен қатар, Т.Жароков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ө.Тұрманжанов, М.Дәулетбаев, Ж.Сыздықов, С.Шәріпов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Ғ.Тоғжанов, С.Садуақасов, Ж.Тілепбергенов, Е.Бекенов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Байділдин, Қ.Әбдіқадыров, т.б. сияқты жас күштер қатысты.

31 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: З. Қабдолов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Жоспар:
1. З. Қабдолов әдебиетші, ғалым
2. З. Қабдолов Мұхтартанушы
3. З. Қабдоловтың шығармаларындағы әдеби дәстүр

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. З. Қабдолов қазақ әдебиетінінң оның сөз өнеріне елеулі үлес қосқан әдебиетші ғалым. Ол әдебиет теориясын жан-жақты зерттеп, бүгінгі қазақ әдебиетіне оның дамуына талдау жасаған білікті зерттеуші. З. Қабдолов сонымен бірге қазақ әдебиетінде көрнекті орын алған М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын шығармашылық тұрғыдан терең зерттеген.
2. Коммунистік партияның осындай қатаң режіміне қарамастан, Қазақстандағы кеңесшіл жас әдебиет шығармашылық істі жандандыруға тырысты. Жаңа заман шындығын көркем бейнелеуге ұмтылған, елді теңдікке, мәдениетке үгіттеген пафосты жырлар туды. Олар азаматтық, саяси лириканың өркендеуіне негіз салды. Қазақ ауылының ескі өміріндегі қайшылықты тіршілік пен бүгінгі таптық тартысты жырлаған поэмалар жазылды. Бұрын жазу мәдениеті кеш дамыған елде поэзия үстем болып келсе, енді көркем проза мен драма
3. Прозаның шағын үлгілерімен (әңгіме, повесть) қатар, алғашқы романдар жарық көрді. Драматургия шағын түрлерден көп актілі драмаға ауысты. Жаңа дәуірде әдебиеттің қандай бағытта дамуы туралы пікірталастары әдеби сыншылдық көзқарастың дамуына ықпал жасады. Мәдени мұраны игеру (таптық тұрғыдан болса да) мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы ізденістерге жоғарыда аталған қаламгерлермен қатар, Т.Жароков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ө.Тұрманжанов, М.Дәулетбаев, Ж.Сыздықов, С.Шәріпов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Ғ.Тоғжанов, С.Садуақасов, Ж.Тілепбергенов, Е.Бекенов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Байділдин, Қ.Әбдіқадыров, т.б. сияқты жас күштер қатысты.

32 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: З. Ахметов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Жоспар:
1. З. Ахметовтің әдеби сыншылдық еңбектері
2. З. Ахметовтің Абай өлеңдерін насихаттаудаы еңбегі
3. Сыншының өлең құрылысын жаңаша талдаудағы тәссілдрі мен әдістері

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. З. Ахметов қазақ әдебиетінде өзіндік үлес қосқан белгілі әдебиеттанушы, ғалым. Ол әсіресе Абайдыің шығармаларын зерттуде ақын өлеңдерінің құрылысыны талдауда айрықша еңбек етті.
2. Абай поэзиясы — ұлы ақын өмір сүрген замандағы қоғамдық: өмірдің ең күрделі, ең жанды мәселелерін қозғаған, толғаған, поэзия. Қазақ топырағында адамгершілік пен әділдікті, еңбекті, өнер мен ғылымды қастерлеген басқа да ақындар аз болған жоқ. Бірақ Абай шығармаларының қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өресі биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз. Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады.
Ақын поэзиясына осындай қуат-күш, көркемдік сәулет беріп тұрған — оның шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің, шындығы терең бейнеленуі және оларда әдебиеттегі ұлттық көркем ой, өмір құбылыстарын сөзбен бейнелеу, мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі. Абай поэзиясының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі қоспасы жоқ саф таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен, тартымды, тыңдығымен құнды.Ұлы ақынның шығармаларында ойшылдық пен суретшілдік ажырамас бірлік тауып, аса маңызды қоғамдық, адамзаттық, халықтық мәселелерді терең толғайтын жаңа сапалы поэзияның тууына негіз болды.
Қазақ әдебиеті реалистік жазба әдебиет үлгісіндегі нағыз лирикалық туындылардың жаңа түрлерімен молықты және осының өзі Абайдың ұлттық поэзиямыздағы ой-сезім жүйесін шексіз байытып, сөздің мағыиалық, суреттілік қуатын арттыруына, тіл ұстартуына зор мүмкіншілік туғызып, бұл салада ақынның өнімді жаңалық табуына жол ашты.
3. Қазақтың өлең тілін дамытуға Абайдың қосқан үлесі айрықша бағалы екенін әдебиет зерттеушілер әр кез мойындап, жаи-жақты дәлелдеп айтып келеді. Осы мәселені арнайы тексерген Қ.Жұмалиевтың мына бір қорытынды пікіріне назар аударалық: ...Қазақтың өзіне дейінгі тіл байлығын, шығыс, орыстың клас­сик поэзияларының үлгілерін меңгере отырып, қазақтың әдеби тіліне өзіне дейінгі әдебиеттерде қолданылмаған жаңа сөз, жаңа сөйлем құрылыстарын енгізді.
Әйтсе де, Абай тіл жөніндегі енгізген жаңалықтарының негізі етіп жасалынды жаңа сөздерді емес, жаңаша сөйлем құрылыстарын алды. Бұрынғы әдебиеттерде қолданылмаған, бірақ қазақтың жалпы тілінде бар сездердің жақсыларын теріп, өлеңдеріне кіргізіп... өзінің тілдегі жаңашылдығының иегізгі тірегі етті.

33 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Т. Әлімқұлов шығармаларындағы әдеби дәстүр.
Жоспар:
1 Т. Әлімқұлов қазақ әдебиетініңғ дамытудағы орны
2. Т. Әлімқұлов шығармаларының көркемдік ерекшліктері
3. Т. Әлімқұлов кығармаларының көркемдік тағылымдық сипаттары

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Т. Әлімқұлов қазақ прозасына елеулі үлес қосқан прозаик, жазушы. Ол байдың ішкі дүнисін көрсемдік шеберлікпн беруд қазақ сөз өнерінің мейлінш пайдаланған қаламгер. Жазушы ұзақ жылдар бойы қазақ әдебиетін насихаттауда жемісті еңбек етті.
Жазушы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан жазушы. Оның шығармаларындағы терең психологизм, кейін керлеу әлемінің сан түрлі, иірімге тола қатпарлары жазушыға үлкен абырой әперді.
Қазақ әдебиетінде өзіндік қол таңбасы бар Жазушы прозасы хақында белгілі жазушы Ғ. Мүсірепов жылы пікір білдірді. Ол жазушы шығармаларының әрбірі кейіпкердің жан дүниесін терең зерттеуге арналғанын ашып айтқан-ды.
2. Жазушы Адасқан атты көркем шығармасы. Кітап әңгімелерден, повестен тұрады. Адасқан атты Біржан салдың кейбір кездерінен алынып, көркем шығармаға негіз болған бес диалог- әңгімелер циклында серінің өмірі, бөлім шығармаға өзек болған. Әңгімелер – бас кейіпкердің мінез-құлқы мен характерін көрсетуде бірқатар әдеби процестерді арқау еткен. Әңгімелер циклында адам өмірі және тағдыр, тұрмыс және сана, ұлттық ерекшелік және мінез секілді мәселелер қаламгерлік талант қуатымен өз шешімін тапқан.
Әдебиеттегі поэзия, көркемдік әлементтер ақын бейнесін толықтыра түседі. Кітаптағы сондай-ақ Қара шал, Ақ кемпір атты әңгімелерде де ауыл өмірі сипатталса деп қаламгердің шығармашылық тәсіл ретінде реализм суарылған жазу әдісін айқын көре аламыз.
Өмір шындығынан ауытқымау,ақынның мінез-құлқын түсінуге ұмтымз-қаламгердің балта нысанасы.
3. Жазушының Ситуация повесі қаламгер өміріне арналған. Роман жазған автордың хал-ахуалы, жан дүниесі, ішкі психологиялық сезімі, әрине, жазушыға жете түсінікті. Сондықтан да болар, повесть күрделі, сан қырлы болғанымен романистің ішкі әлемін ашуда үлкен шеберлік танытқан.
Жазушы тілге, сөз тіркестері мен кейіпкерлердің тіліне өте ұқыпты, үлкен жауапкершілікпен қараған стилист жазушы әдебиетті туған тілдің қамқоршысы, қозғаушысы деп білген. Сондықтан да, оның көркем шығармалары күрделі ойдың, мінез құлықтың үлгісіндей танылады.
Әдебиетті ардың ісі деп ұғынған жазушы қазақ әдебиетін нығайтуға, дамытуға ерен еңбек қалты деп білеміз. Туған әдебиетке, оның әдеби үдерісінежаңа леп әкелген жазушы прозасы түрінде зерттеуге зәру. Әдебиетте зиялы қауым мен ауыл адамдарын суреттеген жазушы шығармалары жай қатардағы шығармалар емес, нағыз көркем әдебиет үлесіндегі дара туындылар деп білеміз.

34 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Д. Досжанов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Жоспар:
1. Д. Досжанов көрнекіт прозаик
2. Д. Досжанов шығармаларындағы тарихилық және дәстүо жалғастығы
3. Д. Досжанов және Абай дәстүрі

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1 Д. Досжанов қазақ әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген қара сөз өнерінің шебері. Он қаламынан „жібек жолы”, „Мұхтар жолы” және басқа да тарифи көркем туындылар шыққан. Жазушы бүгінгі күннің өміріне де етене араласып, көркем туындыларды жазды.
Д. Досжановның М. Әуезовің өміріне арнап жазан кітабы да оқырман тарапынан жылы қабылданды. Жазушы Абай рухы оның поэзиясы жайлы да жаңа ой мен көркем сурттерге бай туындылады оқымандарға ұсынды.
2. Зерттеуші Абайдың өзгеге берген рухани нәрі жайлы тақырыпта Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын жазу үстінде - ақ көңіл бөлініп, Ал 1934 жылғы "Абай ақындығының айналасы" деген еңбегінен кейін - ақ ол жайлы ойлар төркіні біртіндеп қорлана берді. Абайдың өзгеге бергеи нәрі жайлы ойлары, негізінен, үш салада: а) Абайдың әдеби мектебі; в) Абайдың ақын шәкірттері не Абай тұсындағы ақындар: б) Абайдың ақындық дәстүрі деген тақырыптар шеңберінде қамтылып беріліп бастайды,
Былайша айтқанда, әдеби мектеп деген күрделі ұғым ұлы ақын жасап қалыптасырған жаңа бағыттағы ақындық дәстүрдің өзінен кейінгі әдебиет өкілдері тарапынан жалғастырылып удере дамыту жолдарын айтамыз.
3. Абай мектебі ақынның көзі тірісінде – ақ қызу дамытылып Абай
нұсқаған жолмен көптеген көркем туындылар жазылып үлгергенін
"Бұл мағынада алғанда Абай шәкірттері: Мағауия, Ақылбай, Көкбай,
Бейсембай, Әубәкір т.б. творчестволық мұраларынан Абай шығармаларынан өзгешелігі поэзиядағы көлемді жанрды дамытумен, атап айтқанда, сюжетті поэмаларды, халықтық - тұрмыстық, әлеуметтік тарихи - тұрмыстық, Пушкин, Лермонтовтардан тарихи өрі таза романтикалық стильдегі оңтүстік поэмалары арқылы ерекшеленеді," - деп иақтылы да атап өтеді. Абай мектебі деген ұғымға зерттеуші заман ділгірлігі, уақыт талабы тудырған жаңа бағыттағы әдебиеттің қош бастаушы қызметімеи қоса өз ой : - арманын жырлау сарынынан туғаи поэзиядағы түр жаңалығыи да бірге алып көрсетеді. Мұны, әсіресе, Абайды Махамбетпен салыстыра отырып: "Махамбетке мектеп жоқ... түр жағыиан халық жыры фольклорлыққа тәуелділік көп. Ауыз әдебиетінен ұзамайды. Махамбеттің өз алдындағы : фольклор мен көшпенді дәуір әдебиетінің ауқымынан шығындап шыға алмағаны еске алынған. Осы ерекшеліктің өзі - ақ Махамбеттей зор ақынның поэзиясында арнайы атап керсетілетін әдеби мектептің орыи теппеу себебін көрсетеді.
Абай өзінің ақын шәкірттеріне, олардың творчестволық өсу жолына үнемі назар аударып, қадағалап отырған. Абайдың ақын шәкірттері ретінде аталып жүрген Көкбай және Әріп, Әсет ақылбайларға бағыштай жазылған Абайдың арнау өлеңдері де жайдан жай жазыла салған мүліктер емес.
Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді қалай түзеудің жолын айтады.

35 – лекция.
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза шығармаларындағы әдеби дәстүр.
Жоспар:
1. Шерхан Мұртаза шығармаларындағы жаңашылдық пен сабақтастық.
2. Шерхан Мұртаза шығармаларының ерекшеліктері.
3. Шерхан Мұртаөза шығармаларының әлеуметтік мәні.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні: 1. Шерхан Мұртаза қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгерлердің бірі. Ол өзінің алғашқы әңгімелерінен бастап –ақ , қара сөздің, яғни прозаның қас шебері екендігін анық байқатты. Оның “Қара маржан”атты повесі оқырмандар тарапынан лайықты бағасын алды. Жазушы өз шығармаларында көркемдік тәсіл- реализмді пайдалана отырып, өмірді және кейіпкерлерді шынайы суреттеуге ұмтылды. Қазақтың арыстарының бірі, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірін бейнелейтін, қоғамдық қызметін айқындайтын “Қызыл жебе” атты көркем туындыны дүниеге әкелді.
Жазушы сондай –ақ , драматургия саласына да қалам тартты. Сондай туындылардың бірі – “Сталинге хат” атты пьесасы. Пьесада кеңестік жүйе кезіндегі авторитарлық жүйе кейіпкерлер арқылы шебер суреттелген.
2. Шерхан Мұртаза шығармаларындағы жаңашылдық пен сабақтастық проза саласында анық байқалады. Жазушы халқымыздың құнарлы сөзін қаламгерге тән толық меңгергендігіне көзіміз жетеді. Шығарма кейіпкерлері өмірде болған. Кейіпкерлері прототип сипатында болса да, нақты есімдері, оқиға болғн жерлер, тарихи оқиғаолар сол қалпында көркем суреттелген.
Шерхан Мұртаза қазақ әдебиетінде айтулы жазушы ғана емес, журналист ретінде де танымал қаламгер. Оның “Камалға хат” атты публицистік кітабы да қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік саяси оқиғаларға өз көз қарасын білдірген көркем туынды болып табылады.
Жазушы шығармаларының ерекшеліктері тілді нақты қолдана білуінде. Әрбір кейіпкерді ешкімге ұқсамайтын дара тұлға деңгейіне көтере білуінде .Қаламгердің шығармаларының басты жетістіг мынада –Көркем әдебиетті басты бағыт етіп, оқырмамға шынайы кейіпкерлерді және өмірді сол қалпында ұсыну. Қаламгер шығармалары ұлтымызды ұлықтауға, мәртебесін көтеруге бағытталған. Бұндай жағдайды оның барлық шығармаларынан оп- оңай табуға болады.
3. Жазушы шығармаларының тағлымы жайлы айтар болсақ, оның шығармалары тәуелсіз ел мүддесіне мүлтіксіз қызмет етуінде .Бұл-жазушы үшін зор бақыт .
Шерхан Мұртаза қазақ баспа сөзінде ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарды. Қазіргі “Жас алаш” бұрынғв “Лениншіл жас”газетінде бас редактор болды. Қазақстан телерадиосында “Қазақстан” ұлттық телеарнасын басқарды.

36– лекция.
Тақырыбы: Фариза Оңғарсынова шығармаларындағы әдеби дәстүр.
Жоспар:
1. Ақынның поэзиясындағы әдеби дәстүр.
2. Ақынның поэзиясындағы жаңашылдық.
3. Ақын шығармаларының тағылымы мен жетстігі.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:

1. Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан ақындардың бірі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Оның өлеңдерінде ұлттық ою- өрнектер айқын аңғарылады. Ақын алғашқы туындыларының өзінен –ақ шынайы ақын екендігін танытты. Оның өлеңдеріне тән ерекшелік көркем сөз өнерін ақындық тіл мен шебер бере білуінде.
Ақын поэзиясындағы әдеби дәстүр ең алдымен мынадан байқалады. Атап айтқанда ақын өлеңдері халқымыздың бай ауыз әдебиетімен суарылған. Сондай-ақ әлемдік әдебиеттің жетістіктерін ақын шебер пайдална алады. Ақын поэзиясы қай уақытта да ұлт мәселесін, оның мүддесін шебер суреттеумен айшықталады. Ақынның “Шашы ағарған қыз”, “Жаз суреттері”, “Ауыл кеші” атты шығармалары қазақ әдебиетіндегі тың әдеби дәстүрді жалғастырушы туындылар.
2. Ақын поэзиясының жаңашылдығы бүгінгі қазақ поэзиясының қол жеткен табыстарын шеберлікпен пайдалана отырып шынайы поэзияны дүниеге келтіру болып табылады.
Ақын өлеңдері сыршыл болумен біргелікте ондағы лирикалық кейіпкер айтар ойын кесіп айтатын, шындықты жасырмайтын, жасампаздықты жаны қалайтын негізгі тұлға.
Фариза Оңңғарсынова қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары келген ұрпақтың өкілі. Оның өлеңдеріне сол жылдардағы қоғамдағы демократиялық өзгерістер ұлттың өз болмысын сақтауға деген ұмтылыстары тән.
Ақын шығармаларының тағлымы мынада, ең бастысы өз шығармаларын туған халқына арнауы, оның мүддесі мен санасып, болашағын ойлауында дер едік. Сонымен бірге ақын шығармаларының жетістгі бүгінгі қазақ әдебиетінің өсіп -өркндеуінің қаншалықты дамығанын көрсете білуінде. Ақын, шығармалары қазірде үлкен сұранысқа ие. Ақын сондай-ақ публисцистикалық сипаттағы очерктерді де көптеп жазған. Ақынның очерктері өзінің көркемдігімен ерекшеленеді.
3. Бүгінгі қазақ әдебиетінде ақынның өз қолтаңбасы қалыптасқандығы белгілі. Ақын сондай-ақ ұзақ жылдар бойы журналистика саласында жемісті қызмет етіп, балалар басылымдарында “Ақ желкен” және “Жас алашта” басшы қызметтер атқарды.
Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетінде поэзия жанрына сүбелі үлес қосқан ақындардың бірі.Оның өлеңдеріне шынайылық, жаңашылдық тән.

37 – лекция.
Тақырыбы: Сматаев СОФЫ шығармашылығындағы әдеби дәстүр.
Жоспар
1. Ақынның өмірі.
2. С. Сматаев шығармашылық жолы.
3. Шығармаларындағы әдеби дәстүр.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Софы Қалыбекұлы Сматаев 1942 жылғы 22 июньде Жезқазған облысының Киік станциясында туған. 1959 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мелекеттік университетінің филология факультетіне түсіп , бір жылдан кейін Москваның болат және қорытпалар институтына ауысқан. Негізгі мамандығы- инженер-металург. Москваның Орақ пен балға және Туланың металлургия заводтарында, Қазақ ССР Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында істеген. 1968 жылдан Жұлдыз журналында қызмет атқарды.
2.Біраз жыл журналдың проза бөлімінің меңгерушісі болды. КПСС мүшесі. Қазір Қазақстан КП Орталық комитетінде нұсқаушы. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен наградталған.
С.Сматаевтың алғашқы кітабы – Астана оттары өлеңдері мен балладаларынан құралған.
3. Жазушының Елім-ай атты роман – дилогиясы қазақ халқының басынан кешкен ауыр кезең – Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама дәуірін қамтыса, Алау повесі мен Бұлақ романы Қазақстан металлургтерінің, Мәңгілік бастауы романы ауыл еңбеккерлерінің бүгінгі өмірін суреттейді.
Опера және балет театырындағы Жұмбақ қыз операсының либреттосы, сондай-ақ , облыстық, республикалық театрлардан қойылып жүрген Сен кімсің?, Әзіл-әзәзіл, Жұлдызым менің жоғары , Тағдырлар , Алтын құндақ пьесалары Софы Сматаев қаламынан туған.
Жазушы В. Шекспирдің Юлий Цезарь драмасын, венгер жазушысы Имре Добозидың Сейсенбіден бейсенбіге дейін повесін, ұйғыр жазушысы Ю. Мухлисофтың Садыр палуан романын, В. Солоухинның, А. Лупаның, Е. Исаевтың , П. Загребельныйдың әңгіме, өлеңдерін тәржімалаған. Ал, өз төл туындыларынан Қобыланды батыр (1980), Елім-ай романы орыс , словак тілдерінде жарық көрді.

38– лекция.
Тақырыбы: Сырбай Мәуленов шығармашылығындағы әдеби дәстүр.
Жоспар
1. Ақынның өмірі.
2. С. Мәуленов шығармашылық жолы.
3. Шығармаларындағы әдеби дәстүр.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Сырбай Мәуленов 1922 жылдың 17 сентябрінде Торғай облысының Жанкелдин ауданында туған. Алғаш мектеп есігін туган жерінде ашқан. Содан кейін Қызылордада оқығаи. 1940 жылы Қызылорда педагогика институтының екінші курсынан Армияға алынған. 1942 жылдың июнінен бастап, майданда болған. Соғыстан Жарадар болып қайтқан.
1943 жылдан 1950 жылға дейін Қостанай облыстық Большевиктік жол газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып қызмет істеген. 1944 жылдан партия мүшесі.
2. Республикалық көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында кеңесші болған, Сырбай Мәуленов республиканың әдеби газеті — Қазақ әдебиетінде, әдеби журналы Жұлдызда көп жылдар Бас редактор болды. Қазақстан Жазушылар одағы партия ұйымының секретарлығына екі рет сайланды. Төрт рет Алматы қалалық советіне депутат болды. Арқалық қаласының ардақты азаматы. Қазір творчестволық жұмыста.
Ақын алғашқы өлеңдерін 1937—38 жылдары бастыра бастады. Оның бірінші жинағы 1948 жылы жарық көрді. Бірқатар жинақтары Орталық баспалар — Советский писатель, Художественная литературада басылды.
3. Ақынның кітаптары туысқан өзбек, тәжік тілдерінде жеке кітап болып жарық көрді. Жеке өлеңдері чех, венгр, испан, ағылшын, француз, неміс тілдеріне жарияланды.
Сырбай Мәуленов Шеллидің, Шиллердің, Беранженың, Байронның өлеңдерін аударуға белсене қатынасты. Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Маяковскийдің бірқатар өлеңдерін аударды. Александр Блоктың атақты Он екі поэмасын аударды. Бұл поэма бірнеше рет жарияланды.
Сырбай Мәуленов Ерлігі үшін, басқа да көптеген медальдармен, Отан соғысының I дәрежелі, Қызыл Ту, Құрмет белгісі, Халықтар Достығы ордендерімен , құрмет грамоталарымен наградталған.

39 – лекция.
Тақырыбы: Әнуар Әлімжанов шығармашылығындағы әдеби дәстүр.

Жоспар
1. Жазушының өмірі.
2. Ә. Әлімжанов шығармашылық жолы.
3. Шығармаларындағы әдеби дәстүр.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Әнуар (Әнуарбек) Тұрлыбекұлы Әлімжанов 1930 жылы 12 майда Талдықорған облысы, Андреев ауданы Қарлығаш аулында туған. Алдымен шешеден, 1941 жылы январда әкеден жетім қалған Әнуарбек Екпінді интернатында интернат жабылған соң балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған. Колхозда шопан, сүт тасушы, жанармай тасушы, тракторист сияқты тіршілік жағдайына қарай шаруашылықтың біраз саласында алғашқы еңбек мектебінен өткен, өмір көрген.
1949 жылы Ә.Әлімжанов Лепсі педагогикалың училищесін, 1954 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімшесін бітірген. Жазушы өзінің журналистік қызметін облыстың Алма-Атинская правда газетінен бастаған, 1955 жылы март айынан бастап Литературная газетаның Қазаңстан бойынща меншікті тілшісі, кейініректе Ленинская смена газеті редакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша Правда газетінің тілшісі, Қазақфильм студиясының Бас редакторы, Қазақ әдебиеті газетінің Бас редакторы,
2. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші секретары қызметтерін атқарды. 1985 жылға дейін республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық советі президиумының председателі болып қызмет атқарды.
Қадамын көркем очерктермен бастаған Ә.Әлімжановтың қаламынан туған көлемді повесть, романдар тек қазақстандық оқырмандарына ғана емес (ол орыс тілінде жазады), сонымен қатар Одақ, шет ел қауымына да кеңінен таныс. Оның кітаптары СССР халықтарының көптеген тілдеріне, шет тілдерге аударылған.
3. Ә.Әлімжанов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж.Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. Құрмет Белгісі, Халықтар Достығы орденімен наградталған.
Жазушы Ә.Әлімжанов Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Советтік Комитеттің мүшесі.

40 – лекция.
Тақырыбы: Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы әдеби дәстүр.
Жоспар.
1. Ақынның өмірі.
2. М. Шахановтың шығармашылық жолы.
3. Шығармалардағы әдеби дәстүр.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 июльде Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосында туған. Жетісайлық мектепті бітірген соң Жұлдыз колхозында (қазіргі Сайрам ауданы,Коммунизм колхозының Бадам бөлімшесі) трактордың тіркеушісі, арнаулы механизаторлар курсын тамамдаған соң тракторшы, Шымкент цемент заводында бетоншы, облыстық Оңтүстік Қазақстан газетінде корректор, әдеби қызметкер, Лениншіл жас газетінде Оңтүстік облыстар (Жамбыл, Шымкент, Қызылорда) бойыша меншікті тілші, Қазақ радиосында аға және бас редактор, Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетте көркем әдебиет және оқу методика бөлімінің бастығы болып істеді. 1962 жылы орта мектепті, 1969 жылы Шымкент педагогтік институтын сырттан оқып бітірген. Қазір Жалын журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының секретары.
2. М.Шаханов бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Кейбір балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған Махаббат заңы, Сенім патшалығы атты драмалық поэмалары Қазақтың мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды.
Мұхтар Шахановқа 1972 жылы Танакөз поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1982 жылы Уақыт бедерлері атты кітабы үшін Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы берілді.
3. М. Шаханов 1976-1983 жылдар аралығында Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті жанындағы творчестволық Жастар Советінің председателі болды. Қазір СССР Жазушылар одағы Тексеру комиссиясының мүшесі, шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамының, Азия-Африка жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің мүшесі, Әдебиет, өнер, архитектура және журналистика саласындағы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтары жөніндегі комиссияның председателі.
М.Шаханов Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін, Еңбектегі ерлігі үшін медальдарымен наградталған.

41– лекция.
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы әдеби дәстүр.
Жоспар
1. Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы
2. Қабдеш Жұмаділов шығармалар
3. Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы әдеби дәстүр.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Туған жері Қазақстанға оралған соң, Қабдеш Жұмаділов әдебиетші болуды армандап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, 1965 жылы бітіріп шығады.
2. Ол көркем шығарма жазуға студент кезінен бастап ден қояды. "Қаздар қайтып барады" деген алғашқы әңгімесінен-ақ ол жанына жақын тақырыпқа қалам тартқанын байқатты. Жазушының "Соңғы көш", "Дарабоз" роман-диалогиялары, "Тағдыр", "Атамекен" романдары, т.б. көркем шығармалары жарық көрген. Өз шығармаларында адамның ішкі көңіл толқындарын, тұрмыс детальдарын үлкен байқампаздықпен жазатын.
3. Жазушы шығармаларының тілі шешен. Ол шығармаларында ана тілінің бай қазынасын шебер қолдана біледі. Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден аударған "Қаздар қайтып барады" әңгімесі еді. Адам психологиясының, ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы өз шеберлігін танытады. Арғы бетке өтетін жолаушыны, қиын да болса, Тарбағатай шыңының желкесімен асатын тете жолды суреттегенде, жазушы тау сілемдерін оқушының көз алдына толық әкеледі. Байтас шалдың: "Әйтеуір, қиын асудан еттім ғой, — деді талмаусырап жатып, — жолдың көбі кетіп, азы қалды. Құдай енді екі күндік ғұмыр берсе, көздеген жеріме де жетіп жығылармын", — деген сөздері арқылы автор шың асудың оңай еместігін, жолаушы арманын көрсетеді. Қарт шешімі алған беттен айнымайды, бұл сапарға ол қырық жыл дайындалып, талай ұйқысыз түндері мен күндерін өткізді емес пе? Көп жылғы дайындықтың, іштегі өрттің алаулап жанғанына оқушы әбден сенеді, қартпен бірге өзі де алыс сапар шеккендей қиналады.

42 – лекция.
Марфуға Айтхожина шығармаларындағы әдеби дәстүр
Жоспар
1. Марфуға Айтхожина өмір жолы
2. Марфуға Айтхожина шығармалары
3. Марфуға Айтхожина шығармаларындағы әдеби дәстүр

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 августа Батыс Қытай, Шыңжаң өлкесінің Құлжа қаласында туған. Қазақ орта мектебін, қыздар гимназиясын бітіріп, сол гимназияда екі жыл ұстаз болған.
М.Айтхожина 1958 жылы атамекені - Қазақстанға оралып, 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түскен. Қазақ әдебиеті, Қазақстан мұғалімі газеттерінде қызмет еткен. Тұңғыш өлеңдер жинағы — Балқұрақ 1962 жылы жарық көрген.
2. Ақын қазір творчестволық жұмыста. Шығармалары: Шыңдағы жазу. Өлеңдер. А., Жазушы, 1968; Аққуым менің Өлеңдер. А., Жазушы, 1971; Қарагөз-Айым. Өлеңдер мен балладалар. А., Жазушы, 1973; Баянжүрек. Өлеңдер, балладалар, поэма. А., Жазушы, 1974; Көзімнің қарасы. Қазақ елінің басына қаралы күн туып, өз елі мен жерінен қуғындалған кезде, сол касіретті күндердін алғашқы кұрбандарының бірі қажы атам болыпты.. Ол кісіні Итжеккенге айдап, әкем Ғалиды Қарағаш мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкеледі. Бес баласы аштан өліп, әкем түрмеден, шешем Бифатима Иіруден қашып, Қытай жерінде табысып, мен дүниеге келіппін...
3. Құстар қайтып, шұбырьш барады елге, Қауышады аңсаған дала, келге!.. Алып кетер ажалдан бұрын мені, Елге деген сағыныш — Қара жерге... немесе: Кеткен алыс аралап сағым қырды,
Жаным жырлы, айтатын өнім нұрлы.
Амалым жоқ айтпасқа бұл шындықты,
Сағындырған туған жер,
Сағындырды.., —
деп келетін шумақтар соның айғағы.

43 – лекция.
Дулат Исабеков шығармалырндағы әдеби дәстүр
Жоспар
1. Дулат Исабеков өмір жолы
2. Дулат Исабеков шығармалары
3. Дулат Исабеков шығармаларындағы әдеби дәстүр

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Дулат Исабеков 1942 жылғы 20 декабрьде Шымкент облысы, Сайрам ауданы, Ленин жолы колхозында туған. Осы облыстың Арыс ауданында орта мектеп бітіргеннен кейін екі жыл монтер боп жұмыс істеп, 1961 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі де, оны 1966 жылы тамамдайды. Оның алғашқы әңгімелері 1962 жылдан республикалық газет-журналдарда жариялана бастаған, 1966 жылы, университетте оқып жүрген кезінде, Бекет атты повесть пен әңгімелер жинағы жарық көрді. Содан бері бірнеше кітабы шықты. 1975 жылы Қазақ фильм киностудиясы Д.Исабековтің Гауһар тас повесі бойынша көркем ретті фильм түсірді (Храни звезду).
2. Өткеннің бәрі тарих еместігін, тек есте қалған, ұзақ жылдардан соң артыңа алма мойныңды бұрып қараған мәурітінде көз алдына елесі желіп, ілкіде жүрек-жүйкенді сағыныш болып буатын, мамдат намазындай қасиетті пәстер ғана тарих атын иеленуге қақылы екенін енді-енді, қазір ғана пайымдаған іспеттіміз.
3. Әдебиетте сол сияқты, әлем жаратылғалы бері миллиондаған кемеңгер мен ойшылдар құпиясын ашуға талпынып, түн ұйқысын төрт бөлседе тоқ етер түйінін таппаған, я сыры, я формуласын ұқтырмаған жұмбақ дүние, құйрығын ұстатпаған Керқұла, ал әдебиет тылсымының, бірі-кейбіреудің ондаған кітабы бола тұрып, аты-жөнін тамыр-таныстарынан өзге ешкім білмеуі, ал енді біреулер жалғыз әңгіме, қысқа өлең, пышақтың қырындай кітабымен-ақ әлемдік әдебиеттің алтын қорынан орын алуы. 60-жылдардың ортасына таман сол кездегі Лениншіл жас газетінің екі-үш нөмірінде Шойын құлақ атты әңгіме жарияланып, әдебиет құмар қалың оқырманды ғана емес, белгілі сөз зергерлері — қаламгерлер қауымын елең еткізген әңгіме авторымен танысу әркім-әркімге мұрат болуға айналған.

44 – лекция.
Есенғали Раушанов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Жоспар
1. Есенғали Раушанов өмір жолы
2. Есенғали Раушанов шығармалары
3. Есенғали Раушанов шығармаларындағы әдеби дәстүр

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов 1957 жылдың 5-октябрінде Қарақалпақ АССР-і, Хожелі қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң, ауылда жұмысшы болып істеді. Совет Армиясы қатарында қызмет етіп қайтқаннан кейін алты жыл Өзбек ССР-і, Жызақ облысы, Мырзашөл аудандық Достық газетінде- әдеби қызметкер, бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды. КазГУ-дің журналистика факультетінде сырттай оқиды. Өлеңдері 1980 жылдан бері жарияланып келеді.
Қазіргі қазақ лирикалық поэзиясының белгілі өкілі Есенғали Раушанов шығармалары туралы айтқанда тіл ерекшелігі, көркемдік құралдарды пайдалану тәсілінің өзгешілігі дейтін мәселелерге алдымен назар аударамыз. Ақын қашан да әлемге әр түрлі қатынас жасағысы келеді және оны әр түрлі қабылдайды, өзі құлақ түрген дауыстарға еліктейді, - деген А.Блок пікірі ақындық табиғатын жете түйсінгеннен туындаған болса керек. Іңірдегі бүкіл болмыс бір-бір әрекетті иеленіп, жанды суретке ауысқан. Әдеттегі поэтикалық қолданыстарда жұлдыз жымыңдаған, күлімдеген түрде бейнеленсе, Есенғали өлеңінде басқаша суретке ауысып кеткен. Күннің түнге ұласар шағындағы жұлдыздың көрінуін:
Жұлдыз өріп шыққанда су астынан - деп бейнелейді. Айдың да әрекеті тосын: - Түбектегі ауылды түгендеуге
Түнделетіп келеді Ай қыр астынан.
Адамға тән іс-әрекеттің айға көшірілуі өте сәтті. Қараңғылықтың бел ала бастаған кезінде қыр астынан аспанға сапар шеккен Ай, қараңғылық күшейген кезде бұлтқа қорғалайды. Осындай мезгіл суретінде лирикалық қаһарман да өз орнын алып тұр. Жолаушының тірегі – жол да әрекетке көшкен қалпымен бейнеленген.

45 лекция
Тақырыбы: Әдеби үдеріс және бүгінгі қазақ әдебиет мәселелері
Жоспар:
1. Бүгінгі қазақ әдебиетінің мәселелері
2. Қазіргі поэзияның мәселелері

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кәкішев Т. Сын сапары. А., 1971.
Сөзстан. Әдеби-сын мақалалар. 1-4 кітаптар. А., 1970-87.
Нұрғалиев Р. Телағыс. А., 1986.
Тоқбергенов Т. Қас қағым. Сын мақалалар. А., 1981.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры, әдеби сын. А., 1953.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 1-4 кітаптар. А., 1973-88.

Лекция мәтіні:
1. Поэзия адамның дүниеге, өмірге, қоршаған ортаға деген көркем сөзбен бейнелеген қайталанбас жеке көзқарасы, сондықтан да ол бостандықты, еркіндікті талап етеді. Поэзия түрлі жағдайлардың қуат, әсерін жоққа шығармайды, бірақ оның еркіне бағынбайды. Ол арқылы адам өзінің ішкі жан-дүниесінің толғанысын, пікірін білдіреді.
Осыған сәйкес, қазіргі қазақ ақындары дүниеге көзқарасын өзінше білдіреді, бірақ бәрі де өздерінің өлендерінде адам, сүйіспеншілік, табиғат, Отан, ана тілі сияқты дәстүрлі тақырыптарды бірдей жырлайды. Мәселен, Ақұштап Бақтыгереева ана тіліне қатысты жазады. Ана тілінің үнділігі, саздылығы жөне қайталанбас ерекшеліктері туралы жырлайды.
Жұбан Молдағалиевті ана тілінің тағдыры, туған жер-мен және халықпен, оның дархан даласымен тығыз байланысты бабалар тілі, аналар тілі мәселесі толғандырады ("Қазақ тілі", "Қазақшадан аударма", "Өсиет").
Сәуле боп тұрсын санамда
Әлдиі, үні мәңгілік.
Білмесін білсін түсімнен,
Ұқпасын ұқсын түрімнен,
Танысын дүние ісімнен,
Танысын туған тілімнен.
2.. Ж.Молдағалиев қандай тақырыпқа жазса да, азаматтық, ізгілік, адамгершілік мәселелері ол үшін ең бастылар, жалпы оның поэзиясының ой өзегі осындай.
Ж.Молдағалиевтің шығармасынан біз нағыз қазақ поэзиясын көреміз. Оның поэзиясы даламыз сияқты шал қар, өлеңдерінен судың сылдыры, желдің шуылы, жасыл алқаптың дарқандығы көрінеді" деп жазады қазіргі әдебиет танушы Мүсілім Базарбаев.
Әдеби процесс үнемі дамуда болады. Бұл процесте дәлелденген жалаңдық-сабақтастық басты мәнге ие. Атап айтқанда қоғамда адамзат барлық бүкіл тарихында құрылған өзгерістер толассыз, тоқтаусыз жүріп жатса, көркем сөз жүйесінде дүниені көркемдік тұрғыда тану бағытында даму бір сәтке тоқтамайды, үнемі қозғалыста болады. Бұған әдеби үдеріс дамуы куә. Бір кездері әдебиетте классицизм басымдық бағытқа ие болса, ендігі бір дәуірде романтизм әдебиет сахнасына көтерілді. Оған іле-шала реалистік тәсіл көркемдік әдіс ретінде көпке мәлім. Ал бүгінгі көркемдік сана әлемінде жоғарыда аталған шығармашылық тәсілдердің барлығы дерлік тұтас күйінде үйлесім тауып, шығармашылықта қолдануда. Көркем әдебиет қоғамдық сананың бір түрі. Әр қоғамда, әр ғасырда адамдардың сол уақытқа ғана тиесілі ой арманы, мақсаты, мүддесі болады. Сол арқылы дүниетанымын аңғартады.
3. Бұл көркем әдебиеттің әр тегіне, түрлеріне, жанрына тікелей қатысты. Зерттеулер көрсеткендей ең көнесі – поэзия болып табылады. Оның көркемдігі, суреттелуі көркем әрі сурет. Сол үшін де ең алдымен дүние келген поэзиялық, поэтикалық шығармалар деуімізге әбден болады. Қазақ әдебиетінде де поэзия мейлінше дамыған. Дастандар, жырлар, бұған дәлел. Ал проза оның түрлері атап айтқанда роман жанры ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. Поэзия жанры дәстүрге бай. Қазіргі қазақ поэзиясының тарихы өте үлкен, әрі бай. Ал әдеби үдерістегі жаңашылдық белгісі дегеніміз не? Бұл ұғым өз бойына бір қатар шығармашылық және теориялық тұжырымдарды сыйғызады. Мысалы: әдебиеттегі аңыз оқиғаларды діни, мифтерді реализм мен романтизмді қиял арман еткен. Ал кеңес әдебиетінде С.Сейфуллиннің жаңалықтары белгілі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Філологія-педагогика” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“ Қазіргі адеби процесс” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін

Оқытушының бақылауымен студенттің өзіндік
жұмысының жоспары
(ОБСӨЖ)

Жетісай-2009

11. ОБСӨЖ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы мен жоспары
Бақылау түрі
Қабылдау уақыты
Аудитория
1
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Кеңес әдебиетінің социалистік реализм
Кеңес әдебиетіндегі проза, поэзия, драматургия және сын
Семинар

105
2
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері
Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуі
20 ғ. 60-80 ж. қазақ әдебиетінің дамуы
Қайта құру ж. қазақ әдебиеті
Консултация

105
3
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің жай-күйі
Қазақ әдебиеті тәуелсіз жылдарында
Қазақ әдебиетіндегі дәстүрлермен сабақтастық
Қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық
Реферат

105
4
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму бағыттары
Қазақ әдебиетінің проза саласы
Қазақ әдебиетіндегі поэзияның көркемдік даму заңдылықтары
Қазақ әдебиетіндегі драматургия, оның хал-ахуалы
Глоссарий

105
5
Әдеби процесс - әдеби даму
Әдеби процесс туралы
Көркемдік даму заңдылықтары және сабақтастық
Дәстүр жалғастығының әдебиетте көрінуі
Консултация

105
6
Көркемдік даму заңдылықтары және сабақтастық
Әдеби процестегі көркемдік мәселелер
Әдеби процестегі заңдылықтар
Әдеби процестегі сабақтастық
Коллоквиум

105
7
Дәстүр жалғастығының көріністері
Әдеби процестегі жалғастық
Көркем әдебиеттегі әдеби жалғастық
Әлемдік әдебиеттегі әдеби жалғастықтар мен байланыстар
Семинар

105
8

Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі
Дәстүр жаңашылдығы
Жаңашылдық бағытындағы дәстүрлер
Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі
Үй тапсырмасы

105
9
Сөз өнеріндегі тағылым және жетістік
Сөз өнерін игеру суреткер жетістігі
Дәстүр жетістігінен тағлым алу мәселелері
Дәстүрді әдеби шығармашылықта пайдалану
Реферат

105
10

Дәстүрді шығармашылықпен игеру
Әдеби дәстүр шығармашылық тәсілі
Прозадағы шығармашылық дәстүрі
Поэзиядағы шығармашылық дәстүрі
Коллоквиум

105
11
Дәтүр мен жаңашылдықтың бірлігі
Дәстүр және қазақ әдебиеті
Тәуелсіз жылдарындағы жаңашылдық пен дәстүр
Әлемдік әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық
Үй тапсырмасы

105
12

Көркемдік дәстүрдің сөз өнерін дамытудағы маңызы
Көркемдік дәстүрлер
Сөз өнері және қазақ әдебиеті
Көркемдік дәстүр мен сөз өнерінің мәні мен маңызы
Коллоквиум

105
13
Әдебиеттегі Абай дәстүрі
Абай дәстүрінің өлшемдері
Поэзиядағы Абай дәстүрі
Қазақ ақындарындағы Абай дәстүрі
Семинар

105
14

Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы
Абай дәстүрінің өміршеңдігі
Қазақ поэзиясындағы Абай дәстүрінің ерекшеліктері
Бүгінгі қазақ поэзиясындағы Абай дәстүрінің жалғастығы
Реферат

105
15
М.Әуезовтің Тарихи роман дәстүрі
М.Әуезов және Абай жолы тарихи романы
Тарихи роман және әдеби даму
Абай жолы романындағы жаңашылдық пен сабақтастық

Консултация

105
16

М.Әуезов шығармаларындағы әдеби дәстүр мен жаңашылдық
М.Әуезовтің 20-ж. прозасы
М.Әуезовтің 40-ж. прозасы
М.Әуезовтің Өскен өркен романы

Коллоквиум

105
17
С.Мұқановтың шығармаларындағы көркемдік дәстүрлер
С.Мұқанов шығармаларындағы әдеби дәстүр мен жаңашылдық
С.Мұқанов шығармаларында көркемдік даму заңдылықтары
С.Мұқанов және оның шығармаларындағы ьағылым және сабақтастық
Реферат

105
18

Ғ.Мүсірепов шығармаларының сөз өнерін дамытудағы орны
Ғ.Мүсірепов – суреткер
Ғ.Мүсіреповшығармаларындағы көркемдік сөз өнері
Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы туған тіл табиғаты
Консултация

105
19
Ғ.Мұстафин шығармаларының халықтық сипаты
Ғ.Мұстафин халықтық сөз өнерін игерген көрнекті қаламгер
Ғ.Мұстафин шығармаларындағы озық дәстүрлер
Ғ.Мұстафин шығармаларының жаңашылдығы

Коллоквиум

105
20

Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістер
Әдеби үдерістер және әлемдік әдебиет
Әлемдік әдебиеттегі негізгі әдеби үдерістер
Әлемдік әдеби үдерістерді шығармашылықпен игеру
Реферат

105
21
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби үдерістер
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби үдерістер
Прозадағы әдеби үдеріс
Поэзиядағы әдеби үдеріс

Семинар

105
22

Поэзиялық шығармалардағы әдеби дәстүрлер
Поэзиялық шығармалардың жаңашылдығы
Поэзиялық шығармаларда сөз өнерін дамытудағы маңызы
Поэзиялық көркемдік даму заңдылықтары
Үй тапсырмасы

105
23
Прозалық шығармалардағы жаңашылдық
Прозалық шығармалардың жалғастығы мен сабақтастығы
Прозалық шығармалардың сөз өнеріндегі тағылымы және жетістігі
Прозадағы көркемдік даму заңдылықтар
Консултация

105
24

Драмалық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық
1. Драмалық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық
2. Драмалық шығармалардағы сабақтастық
3. Әдебиеттегі драматургия жанрының дамуы, дәстүр жаңашылдығы

Реферат

105
25
Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Ә.Нұрпейісов шығармаларындағы әдеби үдеріс
Ә.Нұрпейісов шығармаларындағы әдеби тағылым
Ә.Нұрпейісов шығармаларындағы көркемдік сөз өнерінің ерекшеліктері
Коллоквиум

105
26

Тұманбай Молдағалиев шығармаларындағы әдеби дәстүр
Т.Молдағалиев шығармаларының жаңашылдығы
Т.Молдағалиев шығармаларының тағылымы және жетістігі
Т.Молдағалиев шығармаларында дәстүрді шығармашылықпен игеру мәселелері
Коллоквиум

105
27
Олжас Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр
О.Сүлейменов шығармаларының жаңашылдығы
О.Сүлейменов шығармаларының тағылымы және жетістігі
О.Сүлейменов шығармаларының қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы
Консултация

105
28

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы әдеби дәстүр
М.Мағауин шығармаларындағы әдеби жаңашылдық және сабақтастық
М.Мағауин шығармаларындағы тарихи дәстүр және сабақтастық
М.Мағауин шығармаларындағы бүгінгі күн мәселелері
Үй тапсырамсы

105
29
Асқар Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр
А.Сүлейменов - әдебиет сыншысы
А.Сүлейменовтің әдеби сынындағы жаңашылдық
А.Сүлейменовтің сыны және көркемдік заңдылықтар
Семинар

105
30

Серік Қирабаев шығармаларындағы әдеби дәстүр
С.Қирабаев - әдебиетгші, сыншы, ғалым
С.Қирабаевтың әдеби сынындағы жаңашылдық және жалғастық
С.Қирабаевтың әдеби сынға қосқан үлесі
Реферат

105
31
Зейнолла Қабдолов шығармаларындағы әдеби дәстүр
З.Қабдолов- әдебиетші ғалым
З.Қабдолов және сөз өнері
З.Қабдоловтың сөз өнерін дамытудағы жаңашылдығы мен ерекшелігі
Коллоквиум

105
32
Зәки Ахметов шығармаларындағы әдеби дәстүр
З.Ахметов - әдебиетші ғалым
З.Ахметовтің Абай өлеңдерін насихаттаудағы еңбегі
З.Ахметовтің өлең құрылысын жаңаша талдаудағы тәсілдері мен әдістері
Консултация

105
33
Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Т.Әлімқұлов-қазақ әдебиетінің дамытудағы орны
Т.Әлімқұлов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Т.Әлімқұлов шығармаларының көркемдік-тағылымдық сипаттары
Реферат

105
34
Дүкенбай Досжан шығармаларындағы әдеби дәстүр
Д.Досжан – көрнекті прозаик
Д.Досжан шығармаларындағы тарихылық және дәстүр жалғастығы
Д.Досжан және Абай дәстүрі
Коллоквиум

105
35
Шерхан Мұртаза шығармаларындағы әдеби дәстүр
Ш.Мұртаза шығармаларындағы жаңашылдық және сабақтастық
Ш.Мұртаза шығармаларының ерекшеліктері
Ш.Мұртаза шығармаларының әлеуметтік мәні
Семинар

105
36
Фриза Оңғарсынова шығармаларындағы әдеби дәстүр
Ф.Оңғарсынова өлеңдеріндегі әдеиб дәстүр
Ф.Оңғарсынова шығармаларының жаңашылдығы мен ерекшеліктері
Ф.Оңғарсынова шығармаларының тағылымы мен жетістігі
Үй тапсырмасы

105
37
Софы Сматаев шығармаларындағы әдеби дәстүр
С.Сматаев шығармаларындағы тарихи шындық дәстүрі
С.Сматаев шығармаларының көркемдік даму заңдылықтары
С.Сматаев шығармаларындағы сөз өнері
Семинар

105
38
Сырбай Мәуленов шығармаларындағы әдеби дәстүр
С.Мауленов шығармаларындағы сыршылдық бағытъ
С.Мауленов шығармаларындағы жаңашылдық және сабақтастық
С.Мауленов поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық бірлігі
Реферат

105
39
Әнуар Әлімжанов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Ә.Әлімжанов шығармаларындағы әдеби жаңашылдық
Ә.Әлімжанов шығармаларындағы әлемдік әдеби дәстүр
Ә.Әлімжанов шығармаларының көркемдік даму заңдылықтары
Коллоквиум

105
40
Мұхтар Шаханов шығармаларындағы әдеби дәстүр
М.Шаханов өлеңдеріндегі жаңашылдық
М.Шаханов өлеңдеріндегі халықтық дәстүр
М.Шаханов және ұлттық мүдде мәселелері
Коллоквиум

105
41
Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Қ.Жұмаділов – прозаик
Қ.Жұмаділов шығармаларындағы көркемдік тіл дәстүрі
Қ.Жұмаділов шығрмаларының жаңашылдығы және сабақтастығы
Реферат

105
42
Марфуға Айтхожина шығармаларындағы әдеби дәстүр
1. М.Айтқожина шығармаларындағы көркемдік сөз өнері
2. М.Айтқожина шығармаларындағы дәстүр жетістігі
3. М.Айтқожина шығармаларындағы тағылым және сабақтастық
Консултация

105
43
Дулат Исабеков шығармаларындағы әдеби дәстүр
Д.Исабеков шығармаларындағы бүгінгі өмір сабақтастығы
Д.Исабеков шығармаларындағы әлемдік және отандық әдебиет сабақтастығы
Д.Исабеков шығармаларындағы әдеби жанрлардың көрініс табуы
Үй тапсырмасы

105
44
Есенғали Раушанов шығармаларындағы әдеби дәстүр
1. Е.Раушанов өлеңдерінің көркемдік өәдеби дәстүрлері
2. Е.Раушанов өлеңдерінің халықтық дәстүрі
3. Е.Раушанов өлеңдерінің көркемдік дәстүрлері
Коллоквиум

105
45
Әдеби үдеріс және бүгінгі қазақ әдебиеті мәселелері
1. Әлемдік әдеби үдеріс мәселелері
2. Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі әдеби үдерістер
Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы дәстүр жалғастығы және сабақтастық
Семинар

105

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Філологія-педагогика” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“ Қазіргі әдеби процесс” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

(СӨЖ)

Жетісай-2009

Қазіргі әдеби процесс
СӨЖ орындау және тапсыру
КЕСТЕСІ

Рс
СӨЖ тақырыптары
Бақылау түрі
Қабылдау уақыты
Аудитория
1
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері
конспектілеу

105
2
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің жай-күйі
Анализ жасау

105
3
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің жазылу бағыттары
Талдау, жаттау

105
4
Әбдіжәміл Нұрпейсов Қан мен тер романы
Талдау, жаттау

105
5
Сәкен Жұнісов Жапандағы жалғыз үй романы
Талдау, жаттау

105
6
Шернхан Мұртаза Жан пида аудармасы
Талдау, жаттау

105
7
Қ. Жұмаділовтың 90-жылдары жарық көрген романдары
Талдау жүргізу

105
8
Олжас Сүлейменов өлеңдерінің тақырыбы
Талдау жүргізу

105
9
Әбіш Кекілбаевтың Үркер романы
Талдау жүргізу

105
10
Әнуар Әлімжанов Ұстаздың оралуы
Пікір талас

105
11
Софы Сматаев Елім-ай романы
Анализ жасау

105
12
Дулат Исабеков повестері Гаухартас
Талдау, жаттау

105
13
Дүкенбай Досжанов Күміс Керуен повесі
Талдау, жаттау

105
14
Оралхан Бөкеев Жасынның ізі жинағы
Талдау, жаттау

105
15
Қазіргі әдеби процестің жай-күйі
Талдау, жаттау

105
16
Қазіргі балалар әдебиеті
Талдау жүргізу

105
17
Қазіргі әдеби ағымдар
Талдау жүргізу

105
18
Модернизм
Талдау жүргізу

105
19
Постмодернизм
Пікір талас

105
20
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі
Талдау, жаттау

105
21
Поэзиялық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық
Талдау, жаттау

105
22
М.Әуезов шығармаларындағы әдеби дәстүр мен жаңашылдық
Талдау, жаттау

105
23
С.Мұқановтың шығармаларындағы көркемдік дәстүрлер
Талдау, жаттау

105
24
Ғ.Мүсірепов шығармаларының сөз өнерін дамытудағы орны
Талдау жүргізу

105
25
Ғ.Мұстафин шығармаларының халықтық сипаты
Талдау жүргізу

105
26
Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістер
Талдау жүргізу

105
27
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби үдерістер
Пікір талас

105
28
Поэзиялық шығармалардағы әдеби дәстүрлер
Анализ жасау

105
29
Прозалық шығармалардағы жаңашылдық
Талдау, жаттау

105
30
Драмалық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық
Талдау, жаттау

105
31
Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Талдау, жаттау

105
32
Тұманбай Молдағалиев шығармаларындағы әдеби дәстүр
Талдау, жаттау

105
33
Олжас Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Талдау жүргізу

105
34
Мұхтар Мағауин шығармаларындағы әдеби дәстүр
Талдау жүргізу

105
35
Асқар Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр
Талдау жүргізу

105
36
Серік Қирабаев шығармаларындағы әдеби дәстүр
конспектілеу

105
37
М.Әуезов шығармаларындағы әдеби дәстүр мен жаңашылдық
Анализ жасау

105
38
С.Мұқановтың шығармаларындағы көркемдік дәстүрлер
Талдау, жаттау

105
39
Ғ.Мүсірепов шығармаларының сөз өнерін дамытудағы орны
Талдау, жаттау

105
40
Ғ.Мұстафин шығармаларының халықтық сипаты
Талдау, жаттау

105
41
Қазіргі әдеби үдеріс мәселелері
Талдау, жаттау

105
42
Әдеби дәстүрлерді зерттеу және тағылым алу
Талдау жүргізу

105
43
Әдеби ізденістер мен жаңашылдық
Талдау жүргізу

105
44
Қазіргі әдеби үдерістегі ұлттық мүдде мәселелері
Талдау жүргізу

105
45
Әлемдік әдеби үдерістегі бағыттар мен ағымдар
Анализ жасау

105

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Філологія--педагогика” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы

“Қазіргі әдеби процесс” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін

БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ:

А) Бақылау сұрақтары
Б) Жазбаша бақылау жұмыстары. В) Коллоквиумдар
Г) Сөзжұмбақтар.

Жетісай-2009
Білімді бақылауға арналған сұрақтар

1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі
2. Қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі даму кезеңдері
3. Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің жазылу бағыттары
4. Қазіргі күндегі қазақ поэзиясы
5. Қазіргі күндегі қазақ прозасы
6. Қазіргі күндегі қазақ драмматургиясы
7. Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер романы
8. Т. Молдағалиев өлеңдері
9. Ә.Әлімжановтың жазушылық қызметі
10. Ш.Мұртазаның Мағжан лирикасы жайлы зерттеуі
11. Ш.Мұртазаның Қызыл жебе романының оқиғалық желісі
12. Қ.Жұбаділовтың жазушылық қызметі, Тағдыр романы туралы
13. Соңғы көш романының тақырыбы
14. Дарабоз атты романның онда суреттелген тарихи оқиға көрінісі
15. О.Сүлейменов еңбектері жайлы
16. О.Сүлейменов Арғымақтар жинағы
17. Ә.Кекілбаевтың Үркер романының сюжеттік желісі
18. Ә.Кекілбаевтың еңбектері
19. Ә.Кекілбаевтың Күй повесінің тақырыбы
20. Шыңырау повесіне көтерілген мәселе
21. Аңыздың ақыры романының қаһармандары . Алмасхан бейнесі
22. Ә.Әлімжановтың жазушылық қызметі
23. Ә.Әлімжановтың Көгілдір тауларда көтерілген мәселе
24. Күнге қарай бет алған керуен шығармасының өзге жазушылар шығармасымен үндестігі
25. Ә.Әлімжановтың Махамбеттің жебесі романы
26. Ә.Әлімжановтың Ұстаздың орауы романыныдағы баяндалатын жайт
27. С.Сматаев шығармашылығы
28. С.Сматаев Елім-ай романының тақырыбы
29. С.Сматаевтың өлеңмен жазылған романың өзіндік ерекшелігі
30. Д.Исабековтың шығармашылығы
31. Д.Исабековтың Гауһар тас повесінің кейіпкері, тақырыбы
32. Д.Исабековтың Тіршілік, Сүекші повестерінің үнестігі
33. Д.Досжановтың жазушылық қызметі
34. Д.Досжановтың Жолбарыстың сүрлеуі повесінің идеяы
35. Д.Досжановтың Күміс керуен повесінің оқиғалық желісі
36. О.Бөкеевтің Қ.Р. мемлекеттік сыйлығының иегері атағына ие боған әңгімесі
37. Бәрі де майдан повесінің тақырыбы
38. Сайтан көпір повесінің тақырыбы, идеясы
39. Атау - кере повесі кімнің шығармасы? Ондағы көтерілген мәселе
40. Ф.Оңғарсынованың азаматтық лирикасы
41. Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы
42. Т.Әлімқұловтың тарихи тақырыпқа жазған әңгіме, повестері
43. М.Әлімбаев өмірі мен шығармашылығы
44. О.Сүлейменов Адамға табын жер өлеңінің мәні
45. Б.Соқпақбаев сатира ақын.
46. М.Айтқожина өлеңдері
47. М.Мағауиннің тарихи тақырыпқа жазған шығармалары
48. С.Жүнісовтың жапандағы жалғыз үй романаның тақырыбы
49. С.Жүнісовтың тарихи – ғұбырнамалық романы қай жылы жазылды? Ондағы көтерілген мәселе
50. С.Жүнісовтың әдебиет саласындағы еңбектері
51. Қан мен тер романындағы кейіпкер бейнесі
52. Әдеб бағыттар
53. Модернизмм ағымы
54. Энзенциялизм ағымы
55. Сюрализм ағымы
56. Постмодердизм ағымы
57. Кубизм ағымы
58. Футуризм ағымы
59. Әдеби тұлға
60. Әдеби процесс
61. Әдеби дәстүр
62. Әдеби шығарма
63. Ақан сері өиірі мен өнер жолы туралы жазылған шығарма
64. І.Есенберлиннің қатерлі өткел романының оқиға желісі
65. О.Сүлейменовтың Невада - Семей қозғалысына төрағалық жасауы, қай жылы болды? Мақсаты.
66. О.Сүлейменовтің Махамбетке, махамбеттің өлер алдындағы соңғы сөзі деген өлеңдері
67. Әдеби байланыс

СТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМІН
РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рол оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.

Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен-өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі Sillabus оқыту бағдарламасына міндетті элемент болып кіреді.
Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаумен жиналады. Төменде студенттердің балмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:

Бақылаудың әріптік жүйесі
Балдары
Бағалаудың %-тік мазмұны
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
А
4.0
100
Өте жақсы
А-
3.67
90-94

В+
3.33
85-89
Жақсы
В
3.0
80-84

В-
2.67
75-79

С+
2.33
70-74
Қанағаттанарлық
С
2.0
65-69

С-
1.67
60-64

D+
1.33
55-59

D
1.0
50-54

F
0
0-49
Қанағаттанғысыз

Пәннен F деген баға алған студент деканат белгілеген мерзімде оны тапсыру керек.
Бұл градация СРА –ді студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау айқындауы қажет.

Курсы бойынша оқу процесінің картасы

Апталар
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Ұпай саны

Бақылау түрі
26-31
2-7
9-14
16-21
23-28
2-7
9-14
16-21
23-28
30-4
6-11
13-18
20-25
27-2
4-9

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

I
Кіріспе бақылау
Кб

7
II
Ағымдағы бақылау

КР1

КР2

КР3
33
1.
Тестілік сауалнама

Т1

Т2

Т3
15
2.
СӨЖ тапсырмалары

С1

С2

С3

С4

С5

10
3.
Рефераттар

Р1

Р2

Р3
15
III
Аралық бақылау

РБ1

РБ2

20

Барлығы

100


Скачать


zharar.kz