Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді кәсіпорынды жандандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді

Скачать

ҚОРЫТЫНДЫ

Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы -нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді кәсіпорынды жандандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі маңсатқа сай болганы дүрыс, өйткені өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.
Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттың шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті багалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынагының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді. Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап өтеді, Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бакылаудың нормативтік-құқыңтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.
Басқаруды экономикалық бағалаудың жалпы мән-мағынасы - басқарудың өндірістік экономикалық мақсаттарына жетудегі кұрал бола білу қажеттілігіне байланысты анықталады. Бұл бағалау адам ресурстарын басқарудың тиімділігінсіз жүзеге асырылмайды. Ол ұйымның барлық қызмет ету салаларын қамтиды және басқа жүйелердің тиімділігіне ықпал етеді.
Ұйым қызметкерлері өз әлеуетін ұйьш алдындағы мақсаттарға қол жеткізуге пайдаланған жағдайда ғана қызметкерлерді басқару тиімді деп санайды. Басқаша айтқанда, ол осы мақсаттардың қаншалықты деңгейде орындалғандығына байланысты.
Талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдар түрлі әдістер колданады. Атап айтар болсақ, қызметкерлерді басқару жүйелерінің ұйым мақсаттарына сәйкестігін жүйелі түрде тексеріп отыру; адам ресурстарын, басқару қызметкерлерін ұйымның стратегиялық жоспарларын жасауға және қайта қарауға тарту; жоғары басшылықтың қызметкерлерді басқару жүйелерін жасауға, қайта қарауға үнемі қатыстырылуын қамтамасыз ету; үйымның мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалау орын алады.
Қызметкерлерді басқару тиімділігі көрсеткіштерінің бірі ұйымдық мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкерлердің өндірістік тәртібін қалыптастыру болып табылады. Өндірістік тәртіп 2 негiзгі фактор бойынша анықталады: қызметкердің тілегі және қабілеті.
Қызметкерлерді басқару тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі, сонымен қатар, қызметкерлерді басқару жүйесінің бүтінділігі болып саналады.
Ұйым қызметкерлерді басқару жүйесінің біртұтастылығына мынадай шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізе алады:
ұйымның мақсаттарын дәл анықтау;
барлық қызмет орны үшін өндірістік тәртіпті жан-жақты модельдеу;
адам ресурстары қызметінің бөлімшелеріндегі жұмыстың үйлестірілуі;
адам ресурстары бойынша мамандардың тікелей басшылықпен, басқару персоналымен тұрақты өзара қатынасы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 194 бет.
2. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негiздерi: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001. – 129 бет.
3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001. – 330 бет.
4. Мейiрбеков А.Қ, Әлiмбетов Қ.А. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
5. Бердалиев К.Б., Өмiрзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негiздерi: Алматы, Экономика, 1997.
6. Бердалиев К.Б. Қазақстандағы аймақтық басқару мәселелерi. Алматы, “Экономика и бизнес”, 1996, №1.
7. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: Тенденции и размышления. – Алматы, 1994.
8. Өзiндiк басқару мен өзiндiк қаржыландыру тұжырымдамасы. Алматы, 1990.
9. Бектемисова С.Ю. Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку. Диссертация на соискание ученой степени канд. экон. наук. – Алматы, 1995.
10. Жаркенов С.Б. Менеджмент негiздерi: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000. – 206 бет.
11. Бредик У. Менеджмент в организации. М.: Инфра, 1997.
12. Қазқша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiк. Алматы:
Рауан баспасы. 19 том. 2000 ж.


Скачать


zharar.kz