БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ

Скачать

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметтерінің біріне - екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік, жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі мақсатының бірі - бұл банктік қызметті макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқада қаржы-несие институттарының қызметтерін реттеу, банктік, және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақталығын ұстап отыру болып табылады.
Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.
Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар). Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып келеді.
Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы әдістерге сүйенеді.
Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынастары келесі қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:
Ұлттық банк:
- банктік тораптың кызмет етуіне жалпы жағдай жасауға және шынайы банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді;
- банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді (әкімшілік және экономикалық әдістемелері арқылы);
- ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк қызметтерін қадағалайды;
- банктердің шұғыл қызметіне араласпайды. Коммерциялық банктер өз қызметі барысында Ұлттық банкінің заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық банктер бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Ұлттық банк міндеттеріне лицензиялау және лицензияны қайтып алу, жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу (Қазақстан аумағында орналасқан банктерді), сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы банктері және банктік қызметтері туралы" Заңға сәйкес банктерді қадағалау кіреді. Осы мақсатта Ұлттық банк:
- банктің құрылтайшыларын (акционерлерін), олардың бекіткен шектен асқан акциялар көлемін, иемденуіне, иелік етуіне, басқаруына бақылау жасауға;
- банктің басқару орындарына кандидаттардың іскерлік жарамдылығын анықтауға;
- банктердің және олардың филиалдарын тексеруге, соның ішінде, орнында немесе аудиторлық ұйымды шақыру арқылы, өзінің бақылау және қадағалау қызметтерін дұрыс жүзеге асыру үшін керекті ақпаратты алуға құзыретгі.
Банктер Ұлттық банкінің шешімдерін орындамаған жағдайында, оларға айып-пұлдық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін (VI бөлімді қараңыз).
Банк қызметтерін реттеу, сонымен қатар, коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың несие берушілері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк банктер үшін келесі пруденциалдық нормативтерді белгілейді:
- жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
- меншікті қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенте
- баланстың өтімділік көрсеткіштері;
- Ұлттық банкіде орналастырылған міндетті резервтер мөлшері;
- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
- банктің құрылтайшыларына, акционерлеріне, жарғылық капиталында банк қатысатын заңды тұлғаларға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
- ашық валюталық позиция лимиттері.
Ұлттық банк бекітетін пруденциалдық нормативтер еншілес банктерге, банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың филиалдарына да қолданылады.
Қазақстан Республикасында инфляция процестерін ақша-несиелік реттеу әдісімен тоқтату мүмкін емес жағдайда, Ұлттық банкіге қоммерциялық банктердің несиелік салымдарына шек қою және сол операциялар бойынша мөлшерлемені өзгертуге құқық беріледі.
Ұлттық банк директивті сипаттағы, яғни барлық коммерциялық банктердің орындалуы міндетті нормативтерді және банктердің қызметтері мен қаржылық жағдайын талдайтын бағалау нормативтерін қолданады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк банктік қызметті қадағалау және реттеу барысында клиеттердің мүмкін болатын шығындарын жабуға арналған міндетті сақтандыру қорларын құру тәртібін анықтайды. Аталған қорлар банктердің табыстары есебінен қалыптасады.
АҚШ-тық федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр. ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша-басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.
ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі - жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осы-дан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқыктық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады - Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан баска ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Ферералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес. Барлық акша және банк жүйелерінің өзегі - ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі - 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.
Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:
1) олар орталық банктер болып саналады;
2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;
3) "банктердің банкісі"
Федералдық резервтік банктер - "банктердің банкі", өткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды. ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. OJI ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. On ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшылары-нан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады. Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948ж) болған. Банк капиталы - 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кенсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.


Скачать


zharar.kz