ДӘУЛЕТКЕЙРЕЙ Шығайұлы (1820-1887) – күйші, композитор, 1985 ж. әкесі Шығай қайтыс болып, Д. немесе ағасы М. Бөкейхановтың тәрбиесінде болады. Күйші Мүсірәлі Бәрдәліұлымен кездесіп, оны өзіне ұстаз тұтқан. Д-дің күйлері халық арасында кең тараған. Оның «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаража ханым», «Мұңды қыз», «Жұмабике» т.б. күйлері бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қосімшек», «Қоңыр», «Тонан» т.б. күйлерін, 1971 ж. досы М.-С. Бабажановтың қазасына «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарады. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туады. Д. өімірінің соңғы жылдарындағы күйлеріне терең мазмұн мен күрделі психологизм тән. Бұған «Демалыс», «Төндңрме», «Кеірілме», «Жігер» секілді күйлері дәлел. Д-дің шәкірттері: баласы Салауаткерей, Баламайсан, Әлікей Бәсәләлиұлы, т.б. Оның күйлрін насихаттап, біздің заманымызға жеткізген - Сейтек Оразұлы мен домбырашы Н. Бөкейханов.
Қазақ күйлерінің жанрлық сипатқа ие болуы — 19 ғ. Осы кезеңде қазақ даласында биік күйшілер көрініп, ас-паптық музыкамызды классик деңгейге көтергенді. Домбыра күйлерінің құрылымы монотақырыптық болып келеді. Олардың бәріне бірдей 2-3 бөлімді немесе еур. музыкаға тән рондо, рондо-вариациялық деген анықтамаларды қолдану тиімсіз. Өзіне тән түрлік ерекшелікке ие. Домбыра шығармаларын "күй" деген түр аясында таныған ләзім. Рондоға тән А-В-А-С-А-Б деген құрылымдық жүйені домбыра күйле-рінен кездестіру қиын. Қазақ күйлері - дара құбылыс. Олардың арқауында монодиялық жүйеге құрылған монотақырыптық принцип жатыр. Мыс, Құрманғазының "Балбырауын" күйі бір муз. тақырыптың түрлі пернелік басқыштардағы үш рет қайталауына негізделген: А-А2-А2. Осыған жуық көріністі Дәулеткерейдің "Қос алқа" күйінен де байқауға болады. Қазақ күйлері өзінің табиғатына сай екі салаға жіктеліп жүр: төкпе және шертпе.
Мұның негізінде күйлерді орындау ерекшелігі жатқаны анық. Батыс Қазақстанға тән К-дің орындауы жылдам, суреттейтін образдары да өзгеше. Ал оңт. аймақтарға тән шертпе күйлер терең сезімге, филос. толғаута құрылады. Шертпе күйдің өзі де жіктеледі. Мыс, Арқадағы Тәттімбет пен Созақтағы Сүгір, Төлеген Момбеков шығармаларының образдық әлемі әр түрлі. Бірінде майда мелизмдік өрнектер басым, бірінде жүрдек ой үстем.
Қазақ күйлеріне байланысты "Көне күйлер", "Халық күйлері", "Көне күй-аңыздар" деген анықтамалар қолданылып келеді. Сол сияқты "мифоло-гиялық күйлер", "тарихи күйлер", "психологиялық күйлер" деген тіркестер де бой көрсетіп жүр. Мұны жанрлық анықтама ретінде ұғыну артық. Айталық, "Шыңырау", "Шұбар киік", "Желмая", "Назым", "Байжұма", "Бозінген", "Кертолғау" шығармаларының мифологиялық сипаты неде? Казақ күйлері-нің табиғатынан туындайтын мұндай ерекшеліктерді А. Сейдімбек тармақты күйлер деп дұрыс көрсеткен. К. аңыздары — жеке фольклорлық жанр. Олардың белгілі бір шығармаға қатысы болса да, одан бөлек, өз алдына дами береді. Қазақ күйлері, негізінен, 4 - 5 интервалдарына негізделген. Бірақ Сүгір, Момбеков шығармаларында терция үндестігі де кездесіп келеді. Мұны К. дәстүрін дамытудың бір көрінісі ретінде қабылдаған жөн. Күй жанры қазақ композиторларының кәсіби шығармаларына да арқау болып келеді. Е.Г. Брусиловский, А.Жұбанов, М.Телебаев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Қ.Мусин, т.б. өз шығармаларына домбыра күйлерін арқау етіп алды. Тіпті, қазақ музыкасында симфониялық күй жанры да пайда болды. Кезінде қазақ күйлерін Н.Мясковский, А.Зильбер, т.б. орыс композиторлары да пайдаланған.