Қақпақ шығаратын механикалық бөлімді жобалау.
4 ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
4.1 Инженердің жұмыс орнын ұйымдастыру
Компьютермен жұмыс істеу операторлардың едәуір ақыл-ой жүктемесімен және жүйке-эмоциялық жүктемелермен, көру жұмысының жоғары қарбаластығымен және ЭЕМ пернетақтасымен жұмыс кезіндегі қолдың бұлшықеттеріне жеткілікті жоғары жүктемемен сипатталады. Ең маңыздысы оператордың оңтайлы жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмыс орнының рационалды конструкциясы мен элементтердің орналасуы.
Компьютермен жұмыс істеу барысында еңбек пен демалудың дұрыс режимін сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда қызметкерлерде жұмыстың қанағаттанарлықсыздығы, бас аурулары, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, шаршау және көзде, белде, мойын мен қолдарда ауырулық сезінулер пайда болады.
Бағдарламалаушының жұмыс орнының ауданы 6 м2 кем болмауы, бөлменің биіктігі 4 м кем болмауы, ал көлем бір адамға 20 м3 кем болмауы керек. Бағдарламалаушының жұмыс орнының талдауын жүргізгеннен кейін жұмыс орнының ауданы 4 м2, ал көлемі 12 м3 екені анықталды, бұл келтірілген талаптарға сәйкес келмейді. Сонымен қатар талдаудың нәтижесінде бағдарламалаушының жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде бұзылулар орын алды. Осыған байланысты бағдарламалаушының жұмыс орнын келесідей ұйымдастыру керек. Оператор жұмыс істейтін, жұмыс бетінің еденінен биіктік 720 мм деңгейде орналасуы қажет. Оператордың жұмыс үстелін қажет болған жағдайда биіктік бойынша 680-780 мм шектерінде реттеуге келетін болса жақсы болар еді. Үстелдің бетінің оңтайлы өлшемдері 1600х1000 кв.мм. Үстелдің астында аяқ үшін тереңдігі 450 мм кеңістік болуы тиіс. Оператордың жұмыс үстелі сонымен бірге үстелдің бетіне 15° бұрышпен орналасқан аяқты қою үшін қойғышға ие болуы керек. Қойғыштың ұзындығы 400 мм, ені 350 мм. Пернетақтаның қашықтығы үстелдің шетінен 300 мм көп емес болуы тиіс, бұл операторға білек үшін оңтайлы тіректі қамтамасыз етеді. Оператордың көздері мен видеодисплейдің экраны арасындағы қашықтық 40-80 см құрауы қажет.
Бағдарламалаушының жұмыс үстелі көтеріп-айналдыру механизмімен қамтамасыз етілуі тиіс. Орындықтың биіктігі 400 – 500 мм шектерінде реттелуі керек. Орындықтың тереңдігі 400 мм кем болмауы, ал ені 400 мм кем болмауы керек. Арқалығының тірек бетінің биіктігі 300 мм кем болмауы, ені 380 мм кем болмауы керек. Үстелдің арқалығының орындықтың жазықтығына көлбеу бұрышы 90-110° шектерде өзгеруі тиіс.
Электр магнитті өрістердің негізгі көзі монитор болып табылады. Электр магнитті өрістермен күресу бойынша негізгі шаралар оператор мен монитордың бір-бірінен максималды алшақтатылуы болып саналады. Монитормен генерацияланатын электрмагнитті өріс оның алдында пластмассалы бөлшектердің электрленуін тудырады, сондықтан ВЦ пластмассалы жиһазбен жабдықтау ұсынылмайды. Барлық жабдықтар жерлендірілуі керек, әсіресе принтер, өйткені үйкелу кезінде қағаз бен бастиек арасындағы таспалар осы барлық түйін қатты электрленеді. Электрстатикалық өрістің жеткілікті кернеулігі 20 кВм аспауы керек. Статикалық электрден қорғанудың шарасы ретінде бөлменің дымқыл тазалануы жүргізіледі. Сонымен қатар электрмагниттік сәулеленуден қорғану үшін уақытпен, қашықтықпен және экрандаумен қорғану қолданылады.
4.2 Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 42 Қаулысы шықты.
Осы Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті мынадай айналымға шығарылатын және пайдалануға берілетін:
- шыққан еліне қарамастан жаңа, бұрын пайдалануда болмаған;
- жаңғыртудан кейін пайдалануда болған;
Осы техникалық регламент 2-бөлімінің айқындамасына сәйкес келетін және 1000 В дейінгі ауыспалы тоқты қоса алғандағы және 1500 В дейін тұрақты тоқты қоса алғандағы атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы осы Техникалық регламентте төменвольтті электр жабдығы деп түсініледі.
Оларға қатысты осы техникалық регламентпен қауіпсіздік талаптары белгіленетін техникалық реттеу объектілері болып мыналар табылады:
электр машиналары;
электротехникалық жабдықтар мен материалдар;
кәбіл өнімі;
есептеу техникасы;
жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы автоматтандыру аспаптары және құралдары;
арнайы мақсаттағы автоматтандыру аспаптары және құралдары;
тракторлар және ауыл шаруашылығы машиналары;
құрылыс, жол және коммуналдық машина жасау өнімі;
жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған технологиялық жабдық және тұрмыстық аспаптар;
радиобайланыс, радиохабарларын тарату және телевидение құралдары;
сымды байланыс құралдары және түпкі және аралық радиобайланыс аппаратурасы;
мәдени-тұрмыстық, шаруашылық, оқу мақсатындағы, жеңіл өнеркәсіп үшін қосалқы театр-ойын-сауық кәсіпорындарының бұйымдары.
Төменвольтті жабдықты біріздендіру таңбалау және ілеспе құжаттары, өлшемдері, көрсеткіштері және жиынтығында тану үшін жеткілікті талаптар бойынша Сыртқы әкономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарын пайдалану жолымен жүргізіледі.
Осы техникалық регламент мыналарға қолданылмайды:
кемінде 5 ВТ атаулы қуаты бар және ауыспалы тоқтың 50 В қоса алғанға дейін және тұрақты токтың 75 В қоса алғанға дейін атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы;
жарылыс қауіпті орталардағы жұмысқа арналған электр жабдығы;
радиологиялық жабдық;
жиынтықты төменвольтті құрылғылар мен электр қозғалтқыштарын қоспағанда лифтілер мен көтергіштердің электр бөліктері;
медициналық жабдық;
теміржол, автомобиль көлігінде және әуе, су кемелерінде пайдалануға арналған электр жабдығы;
қорғаныс өнімі;
ол туралы мәлімет мемлекеттік құпияны құрайтын өнім.
4.3 Электр қауіпсіздігі
Зертхана жоғары қауіпті ғимараттарға жатады. Электрдлік токпен зақымданудан қорғанудың негізгі шарралары: қаптауыш үшін қазіргі заманғы электроқшау материалдарын қолдану; оңай қол жетімді қалқанда тез сөндіру мүмкіндігі бар жабық типті электр сымдар жүйесін орындау; міндетті жерлендіру.
Шығаратын жерлендіру есебі. Шығаратын жерлендіргіш құрылғыны есептейміз. Мұндай типті жерлендіргіш құрылғының артықшылығы электродтарды орналастырудың топырақтың ең аз кедергісімен (өңделмеген, сазды) орнын таңдау мүмкіндігі.
Топтық жерлендіргіштің кедергісі есептеледі, егер:
қондырғының қуаты 2 кВА аз;
вертикаль жерлендіргіш – диаметрі 25 мм және ұзындығы 3 м болатты шыбық;
горизонталь жерлендіргіш – ені 25 мм және қалыңдығы 5 мм болатты жолақ;
топырақтың салыстырмалы кедергісі (саз) 70 Ом*м.
Дара вертикаль жерлендіргіштің кедергісі келесі формула бойынша анықталады:
(4.1)
мұндағы топырақтың салыстырмалы кедергісі (Ом*м);
l вертикаль жерлендіргіштің ұзындығы (м);
d вертикаль жерлендіргіштің диаметрі (м);
t орналасу тереңдігі.
(4.2)
.
Жерлендіргіштер арасындағы қашықтық (м):
(4.3)
.
Вертикаль жерлендіргіштердің бағдарлы саны (дана):
(4.4)
мұндағы Rжерл – жерлендіргіш кедергісінің қалыпты шамасы (Rзаз=4 Ом);
Вертикаль жерлендіргіштердің саны келесі формуламен анықталады:
(4.5)
мұндағы – вертикаль жерлендіргіштерді қолдану коэффициенті (өйткені бағдарлы n=6 және la=3, сондықтан ).
Горизонталь жерлендіргіштің ұзындығы (м):
(4.6)
.
Горизонталь жерлендіргіштің кедергісі келесі формуламен есептеледі:
(4.7)
мұндағы b1 – жолақ ені (м).
.
Топтық жерлендіргіштің кедергісі:
(4.8)
мұндағы – горизониталь жерлендіргішті қолдану коэффициенті ()
,
Есептелген жерлендіргіш бағдарламалық өнімді жүзеге асыру жүргізілген бөлмелерге сәйкес келеді және жабдықтардың істен шығуы кезінде қызметкерлердің электрлік токпен зақымдануынан қорғауды қамтамасыз етеді (корпусқа дәнекерлеуде).
4.4 Өрт қауіпсіздігі
Ғимараттың өртке беріктілігінің дәрежесі олардың қолданылуына, жарылу өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша категорияларға, қабаттылыққа, өрт бөлінуінің шектеріндегі қабаттардың ауданына тәуелді болады.
Бөлме орналасқан ғимарат құрылыстық құрылымының өрт қауіпсіздігі бойынша K1 категориясына (аз өртқауіпті) жатады, өйткені бұл жерде отпен өзара әсерлескенде жарылыссыз жанатын жанғыш заттар (оқулықтар, жиһаз, оргтехника және т.б.) бар.
Құрылымдық сипаттамасы бойынша ғимаратты табиғи немесе жасанды тасты материалдардан, бетоннан немесе темірбетоннан көтермелі және қоршау құрылымды ғимараттарға жатқызуға болады.
Осыған орай, ғимараттың отқа төзімділік дәрежесін үшінші (III) ретінде анықтауға болады.
Бөлме функционалды өрт қауіптіліг бойынша Ф1.3 класына көп пәтерлі тұрғын үйлерге жатады.
Ғимарат өрт крандарымен жоғары қысымды өрт сөндіру суқұбырымен қамтамасыз етілген.
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:
сәйкес жылулық және түтіндік датчиктермен өрт-дабыл қағу аппаратурасын орнату;
қабырғаларға жасырын электр сымдар жүйесін орнату;
бұзылған ажыратқыштар мен розеткаларды жою;
жалғау үшін жалаңаш баусымдар мен сымдарды қолдануға тыйым салу;
көрінетін қол жетімді жерде көміртқышқылды өрт сөндіргіштер болуы қажет (бөлме сипаты бойынша 1 дана).
Өрттің пайда болу себептері. Бөлме ішіндегі өрт өте жағымсыз зардаптарға (бағалы ақпаратты жоғалту, мүлікті бұзу, адамдардың өлімі және т.б.) әкелуі мүмкін, сондықтан қажет: өрттің туындаудың барлық себептерін анықтау және жою; бөлмеде өртті жою шараларының жоспарын жасау; бөлмеден адамдарды көшіру жоспары.
Өрттің пайда болу себептері болуы мүмкін:
электр жүйе сымдарының, розеткалар мен ажыратқыштардың қысқа тұйықталу мен оқшауланудың бұзылуына әкелуі мүмкін ақаулықтары;
зақымдалған (ақауланған) электр аспаптарын қолдану;
бөлмеде ашық қыздыру элементтері бар электрқыздырғыш аспаптарды қолдану;
ғимаратқа найзағай түсуден өрттің туындауы;
сыртқы әсерлер нәтижесінде ғимараттың өрттенуі;
өртке ұқыпсыз қарау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Өрттің алдын алу. Өрттің алдын алу адамдардың қауіпсіздігін сақтауға, өртті тоқтатуға, оның таралуын жоюға, сонымен қатар өртті сөндіру үшін жағдайлар туғызуға бағытталған ұйымдастырылған және техникалық шараларды қамтиды. Өрттің алдын алу үшін ғимараттың өрт қауіптігінің дұрыс бағасы, қауіпті факторларды анықтау және өртті ескерту мен қорғаудың тәсілдері мен құырлғыларының негізделуғ өте маңызды болып табылады.
Өрттің пайда болуы кезінде электр қуатын сөндіру, телефон бойынша өрт сөндіру командаларын шақыру, адамдарды бөлмеден көшіру және өртті жоюға кірісу керек. Жалынның кішкентай ошағы кезінде ауаның жану обьектісіне жетімділігін тоқтату үшін қарапайым құрылғыларды қолдануғв болады.