Үлгілі бала

Скачать

1. Ұлттық әдеби дәстүрмен жазылған шығарманы ата.
А) “Жүсіп-Зылиха”;
В) “Хаятбақшы”;
С) “Сейфүлмәлік”;
Д) “Еңлік-Кебек”;
Е) “Фархат-Шырын”.
2. Абайдың “Болыс болдым, мінеки”, “Жаздыгүн шілде болғанда” атты өлеңдері тұңғыш рет қай басылымда жарық көрді?
А) “Қазақ”;
В) “Абай”;
С) “Дала уалаятының газеті”;
Д) “Сарыарқа”;
Е) “Қазақстан”.
3. “Енді қыз бұл үшеуінің де тапқан нәрсесі бірінен-бірі өткен жақсы болған соң, қыз қайсысына тием деуін білмейді”. Бұл кімнің қай шығармасынан алынған үзінді?
А) М,Сералин “Гүлкәшима”;
В) Ә. Ғалымов “Бейшара қыз”;
С) Т.Жомартбаев “Қыз көрелік”;
Д) М.Дулатов “Бақытсыз Жамал”;
Е) М.Ж.Көпеев “Гүлшат-Шеризат”.
4. Т.Жомартбаевтың 1912 жылы Семейдің “Жәрдем” баспасынан жарық көрген өлеңдер жинағы:
А) “Балаларға жеміс”;
В) “Қыз көрелік”;
С) “Топжарған”;
Д) “Бұлбұл мен қаршыға”;
Е) “Сұм заман”.
5. М.Ж.Көпеевтің “Шайтанның саудасы” атты шығармасындағы шайтанға жолыққан кім?
А) Патша;
В) Жолаушы;
С) Тентек бала;
Д) Әзірейіл;
Е) Ғайса пайғамбар.
6. XX ғасыр басындағы ең көп кітап бастырған ақынды ата.
А) Әбубәкір Кердері;
В) Мақыш Қалтаев;
С) М.Ж.Көпеев;
Д) Шәңгерей Бөкейұлы;
Е) Ш.Құдайбердіұлы.
7. Оны кейбір әдебиетші татар ақыны, кейбір әдебиетші башқұрт ақыны, кейбір әдебиетші қазақ ақыны дейді:
А) А. Мұхамедиярұлы;
В) Н.Наушабаев;
С) Т.Ізтілеуов;
Д) М.Ж.Көпеев;
Е) К.Төгісов.
8. М,Сералиннің шығыс дастандарынан аударғаны:
А) “Гүлкәшима”;
В) “Рустем-Зорап”;
С) “Қайғылы қара күн”;
Д) “Топжарған”;
Е) “Ескі жыр”.
9. Сұлтанмахмұт өлеңдерінің басымы қайсысы?
А) Саяси лирика;
В) Махаббат;
С) Өмір-өлім;
Д) Сатира, әжуа;
Е) Дидактика.
10. С.Көбеевтің Крыловтан аударған шығармасы қандай атпен жариялады?
А) “Күйеу таңдаған сұлу қыз”;
В) “Үлгілі тәржіме”;
С) “Қалың мал”;
Д) “Үлгілі бала”;
Е) “Әдебиет өрнегі”.


Скачать


zharar.kz