Д.Бабатайұлының өмірі

Скачать

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол Патшалық Росияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барша назарлық білдірген ел басы адамдардың бірі. Ашықтан-ашық күш жұмсап, қару-жарағы кем, биеқам да бейбіт жатқан байтақ өлкені қарулы күшпен меңгеру, ешбір себепсіз басып алу саясатына түбегейлі қарсылық білдірген азамат. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың егемендігін бір жола жойып, тәуелді жұртқа айналдыру әрекеттеріне қарсы халықты үгіттеу міндеттерін алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры, сыншыл да сыршыл ақын.
Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап ретінде тізіп жүрген.
«Өсиет наманы» шығарушы Дулаттың қолжазбасынан өзі көшіріп алған ғана баспаға ұсынып отырғанын ескертеді.
Дулатты өз көзімен көріп, оның өлеңдерін жазып алып, сақтап келген Шыңғыстау ақындары, сөзуар азаматтарының, әсіресе, Ғаббас Бәйділдәұлы мен Шәкір Әбенұлының еңбегі еркше.
Бұл азаматтар Дулаттың өзін көрмесе де оны көрген Байділдә ақсақалдың қол – жазбасын сақтап, ғылыми жұртшылыққа табыс еткен. Қазақ ССр Ғылым академиясының әдебиет пен өнер институты жазба қорындағы Дулат өлеңдерінің біразы (1500 жолдай) соның сақтауы арқылы жеткен.
Дулат – қазақтың көп жеріне танымал ақын. Ол өзі туған өлкеде тұрып қоймай, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. әуелі ақын айтыс, әзіл – оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан.
Кітапқа ақынның біраз өсиеттері мен толғаулары енген. Жалпы көлемі 800 жолдай. Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері Совет дәуірінде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші сыныбына арнаған. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмашев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады.
Ел тәуелсіздігі үшін күресте қазақ халқының алауыз болмай, бірлігі шығым болуы шарт екенін де атап айтады. Бұл мәселеде ол құмырсқаның тірлігін үлгі етеді.
Сендер түгіл құмырсқа Бір орыннан табылып,
Ісін қойып дұрысқа. Біріне –бірі бағынып,
Илеуін сап жабылып, Береке бірлік шақырды.
Жемін толып сабылып,
Жәндіктің ең кішкенесі құмырсқа да бірлесе илеуін салады, тірлік үшін күресіп, дамыл таппайды. Біз сол құмырсқа құрлы бірлік-тірлік жасауға тиіспіз деп, халық намысына тиеді. Дулаттың осы бір пікірін кейін ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсаринде қайталап, оқушыларын еңбекке, бірлікке тәрбиелеген еді.
Сондай-ақ өмірден безбей, тырмысып, қатардан қалмау керек екенін де ақын шебер бейнелейді. Ол, - өмір сүру оңай емес, әрбір жануар өз тірлігі үшін күресіп тыным таппайды,-дейді.
Дулат творчествосынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты ұзақ толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім бала тағдырын сөз қылады. Дастан туралы аңыз сюжеті бойынша жазылға. Бұл толғау:
Ер Еспембет кешег, Топта бермес есені,
Ерекше ер деседі. Үлгі айтса көшелі,
Тіл біткеннің шешені, Жауға шапса көсемі, -
деп бастайды.
Дастанның негізгі хаһарманы –жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен тырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды. Қарасай ұсынған дүние-мүліктің бәрінде алмайды, тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не қылғаны деп Қарасай байды да талай өсекке таңады. Бірақ Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап – бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат боп өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс сабанға бөліп береді.
Күндердің күнінде қазақ батырлары қалмақтан елдің кегін алуға аттанады. Ақтанберді, Қабанбай бастаған қолға Еспембетте ереді. Бұлар сан күн ұрысып, қалмақ қамалын бұза алмай қатты сасады. Сол кезде Еспембет Ақбөртемен Жауға жалғыз шабады. Көзсіз ерлік көрсетеді. Жау жағы дәстүр бойынша жекпе–жекке батыр шығарады. Еспембеттің көз алдында қалмақтың бір батыры қазақтың жеті батырын өлтіреді. Енді оған жекпе –жекке шығар кісі қалмайды. Ақтанберді бұл кезде қартайып қалады. Сонда жас батыр өзі тіленіп, қалмақ батырымен жекпе-жекке шығады. Оны жеңіп, қазақ қолын қамалға бастайды. Қамалды бұзып, оны алатын да Еспембет болады. Қазақ қолы Еспембеттің арқасында ежелгі жауын жеңіп, олжаға батады. Еспембет қалмақтан түскен олжаға мойын бұрмайды, мал – мүлікке қызықпайды. Бар арманы- жауға тізе бүктіріп, елдің кегін алып, жерін қайтару.
Ақын – адам мінезін жасауға шебер. Ол жақсы адамға тән тұлға, бітім, ой – түйін, сана – сезім, мінез – құлық, іс - әрекеттерді термелеп, айқын теңдеулер арқылы ақтарыла жыр шертеді.
Ол - өлең мәнін білген, тілге жүйрік, нақылдап –мақалдап сөйлейтін шешен. Ақын елді ұйытар, тыңдаушысына әсерлі үлгі көрсетер өткір жырды шешендікпен алға ұыснады.
Дулат –ақындық, оның мақсаты мен міндеттері туралы да айқын пікір айтқын адам. Ол өзі туралы өлеңдерінде ақындықты жоғары бағалайды.
Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектеседі. Сын –сықақты жиі қолданып, өлеңдердің бұл саласының дамуына да септігін тигізді. әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, көркемдік, бояуын күшейтті.


Скачать


zharar.kz