Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Скачать

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы.
XV ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байлапыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаналықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтижесінде Америка ашылды, Оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытайға су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Бұл елдерде бұрынғы ғасырлар бойы қамалдарда орналасқан феодалдық ыдыраушылық орнына бір орталыққа бағындырылған корольдық үкіметтер келді. Алыстағы елдермен араласу ол елдердің тілін, мәдениетін білуді қажет етті. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан-жақты білімді адамдар дүниеге келді.
Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінін бастаушысы Кальвин испандық дәрігер Серветті адам денесінде кан айналымы болатынын тірідей екі сағат шыжғырып өлтіртті. Сондай-ақ инквизиция Джордано Бруконм (1548-1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірті. Ол: Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш, деді. Олай болса, Джордано Бурно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі — сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл әтс кауіпті тұжырым болатынды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды: "Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл бола алмайды".
Николай Коперник (1473-1543) өлім табытына жатар алдында: "Бәрібір жер айналып тұр" деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлел-деп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401-1465) салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлің жокқа шығарды. Өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниеңің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интсллект) бөрінен жоғары тұрады деп есептеді.
Николай Кузанский өзінің "шындықты алдын ала болжау", "Білетін білместік", "Білімді білместік туралы" деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан тұратынын дәлелдейді.
Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Т. Ғабитов Философия Аударма.
2. Б. Сатершинов философиясы Алматы Қаржы қаражат 2002ж.
3. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы Шымкент 2005 ж.

Жоспар.

І тарау
1. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы.
1.1. қайта өрлеу дәуірінің сипаттамасы.
2. Қайта өрлеу дәуірінің ғылымы Н. Каперник


Скачать


zharar.kz