Бөкейханов Әлиханов Нұрмұхамедұлы

Скачать

Бөкейханов Әлиханов Нұрмұхамедұлы (1870 – 1973)-көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт – азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсем, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері - бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, кәзіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Ата тегі — Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы — атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан — осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі — Нұрмұхамед.
Оның нақты туған жылы туралы да жазба деректерде түрліше пайымдалып жүр. Біздің қолымыздағы ұлының шаңырақ иесі екендігін, оның думаға сайлаушы болуына толық азаматтық хұқы барлығын білдіріп жазған анасының арызында: Әлихан— 1866, Әзіхан— 1874, Тәтіхан — 1808, Сымахан — 1880 жылдары туғандығы атап көрсетілген.
Бұл деректі әкесінің бейітіндегі Әлиханға қойған ескерткіштегі жазу да растай түседі. Кеңес өкіметі пәрменімен Әлихан Нұрмұхамедұлының «Халық жауы» деген нақақ айыппен тұтқындап, ату жазасына кесілген үкімнің шыққандығысын айғақтайтын іс қағаздары арасындағы өмірбаяндық жеке құжатында ол 1866 жылы Семей облысының Қарқаралы оязындағы жетінші ауылда жарық дүниеге келгендігі баяндалған.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады . Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған училище басшылары оның оқуын әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал-губернатор кеңсесінің ұсыныс-хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Ресейдегі жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын білім ордасының есігін 1888 жылы ашқан, ол 1892 жылы ондағыдан бітіріп шықты.
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестін түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес-тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың прогресшіл бағыттағы зиялыларымен, жер аударылғандармен тез тіл табысып, тығыз қарым-қатынаста болады, қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. "Халық бостандығы" партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саясй көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет кайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шындалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
Қазақ халқының қоғамдық ой санасын биік белеске көтерген ірі қайраткерлердің туып, туған-өскен ортасы жайында да өкініштісі, әзірге ауыз тұшытарлық, мардымды ештеңе жазыла қойған жоқ . Бар ғұмырын ұлтының болашақ бақыты үшін «Жаным — арымның садағасы» деп бел шешіп күрескен ол, сол жолда бойындағы күш-қайраты ман ақыл-ойын, білім-парасатын аянбаған ақылман азаматтыц кіндік қаны тамған құтты өлкесі туралы айтылар жыр, шертілер сыр, әріре, әлі алдағы уақыттың үлесінде.
1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша өкіметі құлатылғаннан кейін қазақтың зиялы қайраткерлері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Халел Ғаббасұлы, Жиһанша Досмұхамбетұлы, Халел Досмұхамбетұлы 1917 жылы сәуірде, облыстық қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізеді. Облыстық және уездік Қазақ комитеттері құрылады. «Жалпы қазақ съезі» өткізілсін деген қаулы қабылданады.
Бірінші жалпы қазақ съезі «Орынбор қаласында, 1917 жылы шілденің 21—26 күндері өткізіледі. Съезде қаралған 14 мәселенің бірі — қазақтың саяси партиясын құру еді. Партияның аты — «Алаш» аталсын деп ұйғарылады. Партияның бағдарламасын жасау, және қазақ автономиясын құру мәселесіне даярлық жоспары белгіленеді.
Осы съезде Әлихан Бөкейханұлы көпшілік дауыспен «Алашордасының» басшысы болып сайланады. Бұл 6 миллион алаштың Әлиханды өзінің саяси көсемі ретінде танығандығынын айқын дәлелдеді. Әлихан Бөкейханов құрған «Алашордасының» нағыз демократиялық құрылымы болды. Бұл жөнінде ғалым Қайым Мұхаметханов былай дейді:
«Жалпы қазақтың 2-ші съезд қабылдаған бағдарламасын күні кешеге дейін бүркеп, жауып тастап «Алашорда» дербес автономия дегенді желеу етті, буржуазияшыл ұлтшылдар өздерінің контрреволюцияшыл әрекеттерін бүркемелеу үшін «ұлттық» жалауды жамылды, ұлт мүддесін қорғағансыды, діни демографияға сүйенді... адамды адамның қанауына негізделген қоғамдық тәртіпті мәңгі сақтауға тырысты...» (ҚСЭ-сы, 1 — том, 249 бет «Алашорда» атты мақаланы қараңыз) — деп тарихи шындық қасақана өрескел бұрмаланып жазылып келді . Алаш автономиясын құбыжық етіп көрсету үшін байбалам салған қыңыр сөздерді бекітетін ешбір дәлел келтірілмей, буржуазиялық-ұлтшыл автономия делініп келді.
Алаш автономиясын жариялаған «Екінші жалпы қазақ съезінде «қабылданған қаулының V және VI тармағына көңіл аударып көрейік.
V. «Қазақ—қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі, бүкіл мекемеде санына қарай орнын алады. Алаш автономиясынын, қолында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт және мәдени автономия беріледі».
VI. «Алаш» облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен, уақытша ұлт Кеңесі құрылсын: мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын Қазақ,— қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды «делініп, ашық-айқын көрсетілген.
Көріп отырсыздар. Алаш автономиясының бағдарламасында Қазақстанда тұратын, қазақтан басқа ұлттарды, халықтарды алалау, төменсіту сияқты көзқарас, ұлттық үстемдік, ұлттық ерекшелік, яғни буржуазиялық-ұлтшыл идеясы мүлдем жоқ..
XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі - Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, 1 панисламшыл ағым, екіншісі - негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықгың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақ-тан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым — Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жария-ланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың сощы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан-қилы. Ол — Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым — ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.


Скачать


zharar.kz