Жөңдеу мерзімі

Скачать

 САБАҚ №53
Тақырыбы:Контейнерлерде кездесетін ақаулар

Контейнерлерде кездесетін ақаулар:майысу,басылу,тесілу - бұлар контейнерлердің сыртқы металлмен қаптаған қабаттарында болады.Есіктегі ақаулар,олардың жабылу механизмдерінің істен шығуы, едендегі ақаулар және контейнердең ішкі қабатында кездесетін ақаулар.Контейнерлердің ақаусыз жұмыс жасауы үшін төмендегі жоспарлы жөңдеу және олардың мерзімдері көзделінеді.

Контейнер типтері
Жөңдеу мерзімі

Күрделі жөңдеу
Мерзімді жөңдеу
Металлды акыр 10,20,30 т зат көтеретіндер
Жаңадан шыққаннан 6 жыл өткен соң және күрделі жөңдеуден 6 жыл өткен соң
Жаңадан шыққаннан 2 жыл өткен соң және күрделі жөңдеуден 2 жыл өткен соң
Металлдан жасалған 3,5 тонна слмақ үшін
Жоғарыдағыдай
Жыл сайын
Металлдан жасалған орташа және жеңіл салмақ үшін
4 жылдан соң
Жыл сайын

Контейнерлерге жоспарлы-жөңдеу арасында эксплуатацияда жүргенде ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізіледі.Сыртқы қабаттарындағы тесілуді,кесілу ақауларын,жоғарғы жағындағы ақауларды темір жамау арқылы дәнекерлеп жөңдейді. Майысқан жерлерін түзетеді.Есіктегі майысу, топсадағы ақауларды жөңдеу жұмыстары жүргізіледі.Едендегі ағаштардың ақаулары бары ауыстырылады.Алюминийден жасалған вагон сыртындағы белгілерін қара краскамен қалпына келтіреді.Металлдан жасалған контейнерлерде сыртқы қабырғаларындағы қалпына келтіру жұмыстары сварка арқылы дәнекерленіп қалпына келтіріледі.Контейнерлерді арналған рамаларда сызаттану,майысу,сыну т.б ақаулары кездессе оларды ауыстырады.Контейнер едендеріндегі ағаштарды күрделі жөңдеу кезінде тегіс ауыстырады.
Контейнер жөңдеу кезінде механикалы инструменттер,құралдарғағаш өңдеу құралдары көтергіш кран-балкілер қолданылады.Олар жұмыс күшін жеңілдетеді және еңбек өнімділігін арттырады.жөңдеуге жіберілетін уақытты үнемдейді,азайтады.
Контейнерлерді жөңдеуге поточный(ағымды) және стационарный методтарды қолданады.Күрделі жөңдеу конвейерде атқарылады.Олар бірнеше позицияға бөлінеді.
I - позиция - разборка (бұзу)
II - позиция - кузов ремонттау
III - позиция - столярлық жұмыс және мықтылығын сынау
Содан кейін контейнер краскіленеді,кептіріледі.Кептіру жұмыстарынан кейін арнайы жаңбырлы орынға кіргізеді.Мұнда есіктерін жауып,жан-жағынан су құю арқылы контейнерлерді ішіне су кірмеуін тексереді.Барлық жұмыстардан кейін контейнерлерді жазу,нөмірлеу жұмыстары жүргізіледі.Содан соң қабылдау жұмыстары жүргізіледі.


Скачать


zharar.kz