Жармуханов Алмаз,
Шаған ЖОББМ география пәні мұғалімі,
Жаңа Өмір ауылы
Теректі ауданы
Батыс Қазақстан облысы
Білгір географ - XXI сайыс сабақ
8-сынып оқушылары арасынан география ғылымына қызығушы талапты , алғыр оқушыларды анықтау, оларды ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, экологиялық тәрбие беру, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ойын түрінде Қазақстанның физикалық географиясынан сайыс сабағы өткізілді.
Сайысқа 8 оқушы қатысады және сайыс III турдан тұрады. I турдан соң балы аз 4 оқушы ойыннан шығады. II турды 4 оқушы жалғастырады. II турдан соң балы аз 1 оқушы ойыннан шығып қалады. III турда 3 оқушы қалады ойынның соңында балы көп оқушы жеңіп шығуы керек.
I тур. Бәйге.15 сұрақ.
1. Қазақ тілі қандай тіл семьясына жатады?
1.Үнді-европалық 2. Оралдық 3. Алтайлық
2. Қазақстандағы ең төмен жатқан жердің абсолют тереңдігі:
1. -132м 2. -133 м 3. -142 м
3. Өзеннің құяр жері:
1. Арна 2. Саға 3. Кемер
4. Ауданы жағынан үшінші көл:
1. Арал 2. Балқаш 3. Зайсан
5. Егемендік туралы Декларация қабылданған жыл:
1.1990 ж 2. 1991ж 3. 1992 ж
6. Іле өзені құятын көл:
1. Алакөл 2. Балқаш 3. Зайсан
7. Қорғалжын қорығы орналасқан облыс:
1.Қостанай 2. Ақмола 3. Павлодар
8. Триас,юра,бор дәуірлері қай эраға жатады?
1. Палеозой 2. Мезозой 3. Кайнозой
9. Геохронологиялық жержылнамалық кесте қай жылы бекітілді?
1. 1900 ж 2. 1905 ж 3. 1910 ж
10. Алғаш рет Арал өңірінің экологиялық картасының жасалған
жылы:
1. 1990ж 2.1991 ж 3.1992 ж
11. Орман ел аумағының қанша %-ын алып жатыр?
1. 3,5% 2. 4,2% 3.5,2%
12. Қазақстанның солтүстік ендігі:
1.56° 26' с.е 2. 55° 26' с.е 3. 54° 36' с.е
13. Ақмола атауы Астана деп өзгертілген жыл:
1.1997ж 2. 1998ж 3. 1999ж.
14. Қоңырат,Бозшакөл кен орындарынан қандай кен өндіріледі?
1.Мыс 2. Алтын 3. Хром
15. Қапшағай СЭС-і қай өзенде салынған?
1. Ертіс 2. Сырдария 3.Іле
II тур. Қазақстан аумағын физика-географиялық аудандастыру
1. Шығыс Европа жазығы.
а Ш.Европа жазығының Қазақстанға қай бөлігі енеді?оңтүстік-шығыс
бЖем үстірті қай жерде орналасқан? Каспий маңы ойпаты , Мұғалжар
в Ірі өзендері. Жайық,Ойыл,Жем
г Қазақстандық бөлігіндегі табиғат зоналары. дала,шөлейт,шөл
д Жем өзені қайдан басталады? Мұғалжар тауының батыс беткейінен
2. Тұран жазығы.
а Торғай үстірті қай жерде орналасқан? Сарыарқа мен Мұғалжар арал.
б Мойынқұм қай өзендердің төменгі ағысында жатыр? Шу,Сарысу
в Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығ. үстіртті шөл.Бетпақдала
г Жауын-шашынның жылдық мөлшері. 80-100 мм
д 1984 ж ұйымдастырылған қорық. Үстірт
3. Солтүстік Қазақ жазығы.
а Қазақстан жеріндегі алып жатқан ауқымы. Орал тауынан Алтайға дейін
б Пайдалы қазбалары. темір,көмір,боксит,хромит,кобальт,құр.мат.
в Есіл өзені қайдан басталады? Сарыарқанының солт.Нияз тауынан
г Жазықтағы табиғат зоналары. орманды дала, дала
д 1929 ж ұйымдастырылған қорық. Наурызым
4. Сарыарқа.
а Сарыарқаның екінші атауы. Қазақтың ұсақ шоқысы
б Ең биік тауы,биік нүктесі Қ.ызыларай,Ақсораң 1565 м
в Басты өзендері. Есіл,Нұра,Сарысу,Сілеті,Шідерті т.б
г Батысында қандай үстіртпен шектеседі? Торғай
д 196858 ж ұйымдастырылған қорық. Қорғалжын
5. Орал.
а Мұғалжар тауының ең биік нүктесі.Үлкен Боқтыбай 657 м
б Қай қатпарлықта пайда болған? Герцин
в Тауды батыс және шығыс жоталарға бөлетін ойыс. Біршоғыр
г Мұғалжар тауы қай қаланың тұсынан басталады? Орск
д Пайдалы қазбалары. никель,кобальт,хромит,мыс,сирек металдар,көмір
6. Алтай.
а Қазақстанға қай бөлігі кіреді? оңтүстік-батыс
б Ең биік нүктесі. Мұзтау 4506 м
в Қаз-ғы бөлігі қандай аудандарғабөлінеді?Кенді Алтай,Оңт.Алтай,Қалба
г Ең үлкен көлі. Зайсан
д 1976 ж ұйымдастырылған қорық. Марқакөл
7. Жоңғар Алатауы.
а Ж.Алатауын бөліп жатқан өзендер. Бат.Көксу,шығысында Боротала
б Солтүстік жотасының ең биік нүктесі. Бесбақан 4622 м
в Жауын-шашынның жылдық мөлшері. 600-800 мм
г Қанша мұздық бар? 700
д Климатына әсер ететін ауа массалары. Арктикалық,Тұранның ыстық
ауасы
8. Сауыр-Тарбағатай.
а Сауыр қай жерден басталады?Қытайдан,Улюнгур көлінің батысынан
б Қай қатпарлықта пайда болған? Герцин
в Сауырдың , Тарбағатайдың биік нүктелері.Мұзтау 3816 м,Тастау 2992м
дСауыр батысқа қарай аласарып, қай жотаға ұласады? Маңырақ жотасына
г Сауыр тауындағы көмір кен орны. Кендірлік
9. Тянь-Шань
а Ең биік нүктесі қай жотада орналасқан? Сарыжаз жотасы
б Корженевский мұздығы қай тауда орналасқан? Іле Алатауында
в Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы. Қаратау жотасы
г 192627 ж ұйымдастырылған қорық. Ақсу-Жабағылы
д Талғар шыңы қай таудың биік нүктесі. Іле Алатауының
III тур. Физика-географиялық сипаттама бойынша сұрақтар.
1. Пайдалы қазбалары.
а Мұнай алғаш рет қай кен орнынан алынды? 1899 ж Қарашүңгіл,Эмбі
б Тұздың қоры қай аймақтарда шоғырланған?Каспий маңы ойпатында
вҚазақстанның темірдің қоры жөнінен дүние жүзіндегі орны. 8
2. Климаты
а Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері. 130-1600 мм
бЖоңғар қақпасы арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай соғатын жел. Сайқан желі
в Солтүстіктегі қардың орташа қалыңдығы. 20-30 см
3. Ішкі сулары.
1.Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер.Ертіс,Тобыл,Есіл,Жайық,Іле,
Сырдария,Шу
2.Іле өзені қандай екі өзеннің қосылуынан басталады? Күнгес,Текес
3.Балқаш көлінің батысы мен шығысы қандай бұғаз арқылы жалғасып жатыр
Ұзынарал бұғазы
IV. Қорытындылап,бағалау.