Азаматтарды қабылдау және мемлекеттік органның олардың өтініштерін қарау тәртібі.
Министрлікте азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдау тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Министрдің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі іс-қағаздарды жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
Министр, Жауапты хатшы, вице-министрлер және департаменттер директорлары азаматтарды, сондай-ақ министрлік қызметкерлерін жеке қабылдауды Министр бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет жүргізеді. Азаматтарды қабылдау белгіленген және азаматтардың назарына жеткізілген күн мен сағатта өткізіледі.
Егер өтінішті не шағымды басшылардың қабылдауы барысында шешуге мүмкін болмаса, олар жазбаша түрде баяндалады және олармен жұмыс жазбаша өтініштермен жүргізілетін жұмыс секілді жүргізіледі.
Министрлік басшылығы жеке қабылдау кезінде, Парламент депутаттарынан, Президен Әкімшілігінен, Үкіметтен және Премьер-Министр кеңсесінен келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарап, оларды тиісті құрылымдық бөлімшеге орындауға жолдайды. Мұнда істің нақты мән-жайы анықталып зерттеледі, құқық нормалары анықталады және қажет болғанда шешім қабылдауға қажетті құжаттар мен материалдар белгіленген тәртіппен сұратылып алынады. Азаматтардың Департаменттерге жолданған өтініштерінің қаралуы барысын бақылауды департамент басшылары жүзеге асырады.
Министрлікке жолданған азаматтардың өзге өтініштерін Ұйымдастыру және бақылау департаменті (құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі) тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына қарауға, шаралар қолдануға және жауап беруге жолдайды.
2. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және азаматтар мен ымдардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету құзырына кіретін бөлімше басшысының немесе өзге лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты.
Омарова Рақия Мұхамедияқызы – Ұйымдастыру және бақылау департаментінің құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің бастығы. тел. 74-36-79, 74-36-04, 74-36-03.
3. Мемлекеттік органның жұмысы туралы ақпаратты ауызша түрде беретін құрылымдық бөлімшелердің атаулары, лауазымды тұлғалардың аты, тегі, әкесінің аты.
- Тоқсейтова Гүлнәр Мүслімқызы – Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің директоры;
- Манабаева Қайни Алдабергенқызы - Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің директоры;
- Бисақаев Серікқали Ғұмарұлы – Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры;
- Сарбасов Ақмәди Әділұлы – Құқықтық қамтамасыз ету және ақпараттық-талдау жұмысы департаментінің директоры;
- Сәпекенов Арнал Кәлімұлы – Ұйымдастыру және бақылау департаментінің директоры;
- Аманбаев Мұрат Ермұханұлы – Қаржы департаментінің директоры;
- Әбдиев Жазбек Ниетұлы - Көші-қон комитетінің төрағасы;
- Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы – Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
4. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша азаматтар ақпарат ала алатын байланыс телефондары, азаматтарды қабылдау жүргізілетін мекен-жай, қабылдау уақыты, сондай-ақ қабылдауға жазылу тәртібі.
Азаматтарды қабылдауды Министрлік басшылығы Министр тоқсан сайын бекітіп отыратын кестеге сәйкес жүргізеді.
Осы мақсатта азаматтарды жеке қабылдауға арналған бөлек кабинет жабдықталған. Министрліктің басшылығына қабылдануға алдын-ала жазылу жүргізіледі.
Қасенова Орал Сұлтанқызы – азаматтарды қабылдауға жауапты маман (Министрліктің қоғамдық қабылдау бөлмесі), тел. 74-37-23.
Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдауы нәтижесінде 2007 жылдың 10 айы ішінде 91 өтініш бойынша 64 азаматқа тиісті түсініктемелер берілді, 5 өтініш өзге ұйымдарға қарауға жолданды, 20 өтініш ведомствоға қарасты органдарға жолданды, 1 өтініш бойынша оң шешім қабылданды. Министр - 21, Вице-Министрлер – 15, аппарат басшысы – 5, Көші-қон комитетінің төрағасы – 28, оның орынбасары – 23 азаматты қабылдады.
Азаматтардың ауызша айтылған өтініштері негізінен зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек заңнамасының сақталуы мәселелеріне қатысты болып келеді. Азаматтар көтерген мәселелер мүмкіндігінше қабылдау барысында шешіліп отырған, қабылдау барысында шешу мүкін болмаған азаматтардың мәселелері тиісті мекемелердің қарауына жолданып отырды.
5. Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органға жолдаған өтініштерін шолу, осындай өтініштерді қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы қорытындыланған ақпарат.
Министрлікте 2007 жылдың 10 айы ішінде 9493 жазбаша өтініш келіп түсті, оның ішінде: Президент Әкімшілігінен – 792, Премьер-Министр Кеңсесінен – 225, Парламенттен – 334 өтініш түсті. Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан келіп түскен хаттар бақылауға алынып, олар бойынша тиісті шаралар қолданылды.
ТМД және алыс шетел мемлекеттерінің ұйымдарынан түскен сауалдар 5765 дананы құрды.
Бақылауға алынған құжаттардың жалпы саны – 3199 өтініш.
Бақылауға алынған азаматтар өтініштерінің жалпы көлемінде қайта келіп түскен хаттардың саны 1190 дананы, ұжымдық хаттардың саны – 214 дананы құрды.
Өтінішпен және шағыммен келген азаматтардың негізгі санатын зейнеткерлер, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар, оралмандар құрады. Осыған орай, өтініштер мен шағымдардың 34,9% зейнетақыларды, мемлекеттік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және зейнетақы мөлшерін арттыру, саяси қуғын-сүргін салдарынан зардап шегіп, кейін ақталған азаматтарға, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигоны аумағында және Арал өңірінде тұрып жатқан азаматтарға зейнетақыларына экологиялық үстемеақылар төлеу, өтемақылар төлеу, қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, мүгедектік тобын қайта қарау, мүгедектерді протездеу мәселелеріне қатысты болды.
Еңбек туралы заңнаманың бұзылуы, жұмыстан заңсыз босату, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, еңбекақы бойынша берешекті жою, өндірісте болған жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі өтініштер 4,8 пайызды құрды. Өтініштердің 0,3 пайызына жуығында оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу, оралмандарды әлеуметтік жайғастыру және жұмысқа орналастыру, азаматтық туралы мәселені шешу туралы сұрақтар көтерілген.
Өтініштердің 55,0% жуығын республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарынан еңбек стажы туралы мұрағаттық анықтамалар сұратуға, Қазақстан Республикасы аумағынан көшіп кеткен азаматтарға жасына байланысты зейнетақы есептеуге қажетті еңбекақы мөлшері жөніндегі ТМД және алыс шетел мемлекетінен келіп түскен сауалдар құрайды.
ТМД қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарына кепілдіктер туралы келісімнің шеңберінде Достастық елдерінен келіп түсетін сауалдар бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы талап етілетін құжаттардың берілуіне жәрдем жасалады.
Құжаттарды рәсімдеу және зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау тәртібі туралы азаматтарға түсініктемелер беріліп, құжаттарды жинақтауда көмек көрсетіледі.
Шағымдар мен өтініштердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысынан – 408 (немесе 12,1%), Қарағанды облысынан – 363 (немесе 10,8%), ОҚО – 373 (11,1%), Алматы облысынан – 253 (7,5%), Ақмола облысынан – 209 (6,2%), Алматы қаласынан – 364 (10,8%) және Астана қаласынан – 216 (6,4%) келіп түседі.
Арыздар мен шағымдардың аз түсуі жыл сайын Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарынан байқалады. Мысалы, есепті кезеңде Қызылорда облысынан барлығы - 90 шағым немесе 2,7%, Атырау облысынан – 49, немесе 1,5% түсті.
Азаматтардың өтініштерінде, оның ішінде ҚР Парламентінің депутаттарынан, ҚР Президенті Әкімшілігінен, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасынан және өзге де мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттарда көбінесе көтерілетін мәселелер:
- оның ішінде 2003 жылдың 1 маусымынан бастап, зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін арттыру;
- зейнеткерлік жасты төмендету;
- шахтерлерге, балет әртістеріне, мұғалімдерге, дәрігерлерге және т.б. жеңілдікті зейнетақылар енгізу;
- зейнетақыны есептеу кезінде ескерілетін табыстың 15-еселік айлық есептік көрсеткішке шектелуін алып тастау;
- зейнетақыны тағайындау туралы өтінішті қарау тәртібін түсіндіру туралы;
- жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін жылдық сома мөлшерінің төмендігі және т.б. қатысты болып келген.
Жауапты әзірлеу барысында зейнетақы істері зейнетақылар мен жәрдемақылардың дұрыс есептелуі тұрғысынан қайта тексеріліп, нәтижелері бойынша заң актілерінің нормаларына сілтемелер жасалып жазбаша жауаптар беріледі.
Зейнетақылар мөлшерлерін арттыру мәселесі бойынша бюджеттің қаржылық мүмкіншіліктерін есепке ала отырып бұл процестің кезең-кезеңмен жүргізілетіні жөнінде түсіндіріледі.
Зейнеткерлік демалысқа шығу жасын төмендету және кейбір азаматтар сан