Құлагер - Ақан серінің əні

Скачать

Ақан сері мен Ілияс Жансүгіровтың “Құлагер” шығармаларын салыстыру

Құлагер – Ақан серінің əні. Ақын М. Жұмабайұлының деректеріне қарағанда тарихтан бізге мəлім керей Сағынайдың асына Ақан сері талай бəйгеден озып келген сыралғы тұлпары Құлагерді бəйгеге қосады. Мұнан бұрын өткен Сағынай асына да ішіне қаны қатқан күншіл Барақбай Құлагерді қастандықпен өлтіреді. Құлын кезінен балаша мəпелеп баптаған сыр мінезді серігі Құлагердің өлімі жаны нəзік сезімтал Ақан үшін ең жақын асылын, адамды жоғалтқаннан кем əсер етпейді. Құлагердің басын құшақтай, көз жасын көлдете отырып осы “Құлагер” əнімен жоқтайды. Құлагерге сырт қарағанда серінің сүйікті атын жоқтағанға арналғанмен, оның арқауында өмірдегі бүкіл топастық, жауыздық, қастандық атаулыға адамзат баласының ашынып айтқан лағынет қарғысын, жазықсыз жапа шеккен жандардың көкірегін кернеген мұң-зары сияқты. Құлагер қазақтың лирико-драмалық əндерінің ең таңдаулы үлгілерінің қатарынан орын алатын нағыз классикалық туынды. Осыдан біз, оқиғада тарихи оқиғалардың шын мәнінде болғанын көре аламыз. Себебі, осы ақпараттың шын екенін Мағжан атамыздың деректері дәлел.

Ілияс Жансүгіров барлық оқиғаларды өз көзімен көрмесе де, өзінің тіл шеберлігінің арқасында оқырманды оқиғаның шыншыл екеніне сендірді. Шығармашының бар дарыны – көзбен көргендей қылып суреттеп және дөп сөздер таба білуінде. Гомерді, Платонды, Вергилийді және Горацийді басқа жазушылардан жоғары қоятын – тек олардың образдары мен анықтамалары. Кімде-кім шынайы, көркем және күшті туынды жазғысы келсе, ол үнемі ақиқатты көрсетіп отыруы керек. Жазушылар өз еңбектерін шығарманың кемшіліктерін көретін және оған дұрыс бағасын бере алатын білімді адамдарға шын ықыласпен оқып беруге тиіс.

Ілияс атамыз тарихи шындықты көркем шындыққа жеткізген. Яғни , ол тарихи оқиғаларды әр түрлі көркемдеуіш құралдар арқылы сурттеген болатын. Сол арқылы, ол оқырманға үлкен әсер қалдырды.


Скачать


zharar.kz