ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
Баспа. №1
25 ақпан 2015 жыл
Ф Р 042-1.02-2015-03
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы
Қазақстан энтомофаунасы
пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
6М011300 – Биология мамандығының
магистранттарына арналған
Семей
2015
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы_______ ____ ______201__ ж.
б.ғ.к., доцент Қуанышбаева М.Ғ.
Әдістемелік нұсқаулар 6М011300 – Биология мамандығында оқитын студенттеріне Қазақстан энтомофаунасы пәнінен өздік жұмыстарға арналған.
2 ТАЛҚЫЛАНҒАН
Әдістемелік нұсқаулар биология кафедрасының отырысында қарастырылған,
Хаттама ____ __________ 201__ жыл, № __.
Кафедра меңгерушісі ___________ Садықова Р.А.
Әдістемелік нұсқаулар жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде оқу процесінде қолдануға ұсынылған.
Хаттама ____ __________ 201__ жыл, № __.
Төраға _________ б.ғ.к., доцент Абдишева З.В.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қолданылатын әдебиеттер
4. Қосымшалар
КІРІСПЕ
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
Қазақстан энтомофаунасы пәні магистрант дайындау барысында маңызды орын алады және Биология мамандығында оқитын магистранттар үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені, магистранттарға профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.
Бұл пәннің міндеттері – бунақденелілердің негізгі отрядтарының және тұқымдастарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, экологиясын, маңызын, Қазақстанда әртүрлі аймақтарда таралуын оқып білу. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгерту. Зертханалық құралдармен, бунақденелілер коллекцияларымен жұмыс істеуді үйретіп, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Бунақденелілер – Жер бетінде саны бойынша көп шамамен 1 млн түрді біріктіретін жоғары топ организмдері болып табылады.
Бунақденелілер - буынаяқтылардың ішіндегі прогрессивті дамыған топ болып саналады. Негізінен, олар – кеңірдекпен тыныс алатын құрылық иелері, бірақ олардың ішінде кейбір түрлері екінші рет суға барып, көп жағдайда олар ауа оттегісін пайдаланып тыныс алуды сақтаған. Бунақденелілер құрылықтың барлық табиғи белдеулерінде кездеседі, әртүрлі қорекпен қоректенеді.
3.2 Пәннің оқыту мақсаты: Биология мамандығында оқитын магистранттар профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.
3.3 Пәнді оқытудың басты міндеттері:
- магистранттарды нақты теориялармен таныстыру, олардың көптүрлілігін және шектеулілігін түсіну және оларды активті түрде теориялық және қолданбалы биологияның актуалды мәселелерін шешуде қолдану.
3.4 Оқып-білудің нәтижелелері:
Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
өздік жұмыстарды белсендіру;
білім сапасын көтеру;
бунақденелілер класының отрядтарын, тұқымлдастарының таралу аймақтарын білу;
бунақденелілердің барлық таксономиялық рангілерін білу;
бунақденелілерді анықтау бойынша практикалық дағдыларды меңгеру;
объектілерді морфологиялық зерттеудің қарапайым әдістемелерін білуі тиіс.
бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын білуі тиіс.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 өздік жұмыс
1. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтарының өкілдерінің кадастрын құру.
2. Кафедра материалдары бойынша Семей өңірінің бунақденелілерінің коллекцияларын дайындау.
Қазақстан энтомофаунасы тест тапсырмалары
Қандай насекомдарда полиморфизм байқалады?
A.Термиттер, құмырсқалар, аралар
B.Қандалалар, биттер, шаншарлар
C.Тарақандар, инеліктер, жылғалықтар
D.Көбелектер, қоңыздар, торқанаттылар
E.Шіркейлер, масалар, соналар
Паразитті насекомдар:
A.Тарақандар, бөлме шыбыны
B.Бал арасы, тұт жібек көбелегі
C.Қара күйе көбелегі, төсек қандаласы
D.Биттер, бүргелер
E.Емен көбелегі, сібір піллә жасаушысы
Қандай насекомдарды адамдар қолға үйреткен?
A.Тарақандар, бөлме шыбыны
B.Бал арасы, тұт жібек көбелегі
C.Қара күйе көбелегі, төсек қандаласы
D.Биттер, бүргелер
E.Емен көбелегі, сібір піллә жасаушысы
Кәсіптік балықтардың қорегі:
A.Ескек аяқты шаяндар, нереидалар
B.Өзен шаяндары, крабтар
C.Өзен шаяндары, дафниялар
D.Бүйірімен жүзушілер, тоспа ұлулары
E.Күміс-өрмекші, волосатик
Қандай бунақденелілер пайдалы өнім береді?
A.Қи қоңыздары
B.Өлексежегіш қоңыздар
C.Бал арасы
D.Қазғыш аралар
E.Құмырсқалар
Жұлдызқұртқа қандай ауыз аппараты тән?
A.Кеміргіш
B.Тесіп-сорғыш
C.Сорғыш
D.Жалағыш
E.Кеміргіш-сорғыш
Түзуқанаттыларға қандай ауыз аппараты тән?
A.Кеміргіш
B.Тесіп-сорғыш
C.Сорғыш
D.Жалағыш
E.Кеміргіш-сорғыш
Қандалаларға қандай ауыз аппараты тән?
A.Кеміргіш
B.Тесіп-сорғыш
C.Сорғыш
D.Жалағыш
E.Кеміргіш-сорғыш
Шыбындар қандай ауруларды таратады?
A.Безгекті
B.Іш сүзегін, дизентерияны
C.Қан ауруларын
D.Тері ауруларын
E.Қотыр, қышыма ауруларын
Бунақденелілерде кездесетін дене қуысы:
A.Схизоцель
B.Целом
C.Миксоцель
D.Гастраль қуысы
E.Дене қуысы жоқ
Бунақденелілерге тән болып келетін симметрия типі:
A.Винтті симметрия
B.Шар симметриясы
C.Радиальды симметрия
D.Сәулелі симметрия
E.Билатеральды симметрия
Төмендегі отрядтардың ішіндегі толық түрленіп дамитын отряд:
A.Қосқанаттылар отряды
B.Тарақандар отряды
C.Түзуқанаттылар отряды
D.Қандалалар отряды
E.Инеліктер отряды
Артқы аяғы секіргіш, ауыз аппараты кеміргіш типке жатады. Бұл ерекшелік тән:
A.Термиттер отрядына
B.Түзуқанаттылар отрядына
C.Дәуіттер отрядына
D.Жартылай қатқылқанаттылар отрядына
E.Қатқылқанаттылар отрядына
Суаршын, тасбақашық, гладыш жататын отряд:
A.Қатқылқанаттылар отряды
B.Жарғаққанаттылар отряды
C.Тозаңқанаттылар отряды
D.Жартылай қатқылқанаттылар отряды
E.Түзуқанаттылар отряды
Шегірткелер, шекшектер жататын отряд:
A.Қатқылқанаттылар отряды
B.Жарғаққанаттылар отряды
C.Қосқанаттылар отряды
D.Жартылай қатқылқанаттылар отряды
E.Түзуқанаттылар отряды
Қоңыздың дамуының кезендері:
A.Жұмыртқа, дернәсіл, имаго
B.Жұмыртқа, имаго
C.Жұмыртқа, қуыршақ, имаго
D.Жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, имаго
E.Жұмыртқа, нимфалар, имаго
Ауыз аппараты тескіш-сорғыш типке жататын бунақденелі:
A.Үй шыбыны
B.Адам бүргесі
C.Капуста ақ көбелегі
D.Бал арасы
E.Шаншар
Буынаяқтылардың қан айналу жүйесі:
A.Тұйық
B.Тұйық және ашық
C.Гемолимфа
D.Ашық
E.Қан айналу жүйесі жоқ
Бунақденелілердің бас миының бөлімдері:
A.Протоцеребрум
B.Дейтоцеребрум, тритоцеребрум
C.Тритоцеребрум
D.Протоцеребрум, дейтоцеребрум және тритоцеребрум
E.Бас миы дамымаған
Шала түрленіп дамитын отряд:
A.Қоныздар отряды
B.Қосқанаттылар отряды
C.Көбелектер отряды
D.Инеліктер отряды
E.Бүргелер отряды
Жұмыртқа-дернәсіл-имаго, осы даму қай отрядқа тән?
A.Торқанаттылар отряды
B.Жарғаққанаттылар отряды
C.Теңқанаттылар отряды
D.Қосқанаттылар отряды
E.Түзуқанаттылар отряды
Көкірек бөлігі бунақталмаған, қанаты жоқ. Жылы қанды жануарлардың паразиті. Бұл бунақденелі жатады:
A.Қандалалар отрядына
B.Бүргелер отрядына
C.Биттер отрядына
D.Тозаңқанаттылар отрядына
E.Мамықжегіштер отрядына
Төмендегі топтардың ішінде қанатсыз бунақденелілерге жататыны:
A.Қандалалар
B.Биттер
C.Жарғаққанаттылар
D.Түзуқанаттылар
E.Қосқанаттылар
Ызылдауық мүше тән болып келетін бунақденелілердің отряды:
A.Бүргелер отряды
B.Қосқанаттылар отряды
C.Қоңыздар отряды
D.Көбелектер отряды
E.Қандалалар отряды
Шала түрленіп дамитын насекомдардың суда дамитын дернәсілдері:
A.Нимфа
B.Наяда
C.Жұлдызқұрттәрізді
D.Құрттәрізді аяғы бар
E.Аяқсыз құрттәрізді
Толық түрленіп дамитын бунақденелілер тобы:
A.Тарақандар
B.Қандалалар
C.Инеліктер
D.Түзуқанаттылар
E.Көбелектер
Масалардың ауыз аппараты:
A.Кеміргіш
B.Сорғыш
C.Тескіш-сорғыш
D.Жалағыш
E.Кеміргіш-жалағыш
Бунақденелілер үшін тән қоректену типтері:
A.Копрофагия
B.Фитофагия
C.Зоофагия
D.Некрофагия
E.Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы
Буынаяқтылардың бұлшықетінің типі:
A.Бірыңғай салалы
B.Көлденең жолақты
C.Бірыңғай салалы және көлденең жолақты
D.Бұлшық ет аралас типті
E.Бұлшық ет нашар дамыған
Буынаяқтылар типіне қаңқа құрылысының қай түрі тән?
A.Дененің алғашқы қуысы
B.Дермальды қаңқа
C.Хорда
D.Хитинді жабын
E.Бақалшақ
Қолданылған әдебиеттер
1. Беклемишев В.Н. Основы сравнительной анатомии беспозвоночных. –М.: Наука, 1964.
2. Гиляров М.С. Закономерности приспособлений членистоногих к жизни на суше. – М.: Наука, 1970.
3. Догель В.А. Олигомеризация гомологичных органов. –Л.: ЛГУ, 1954.
4. Заренков Н.А. Сравнительная анатомия беспозвоночных. Введение. Простейшие. Двуслойные. Часть 1. –М.: МГУ, 1988.
5. Захваткин Ю.А. Эмбриология насекомых. – М.: Высшая школа, 1975.
6. Иванова-Казас О.М. Сравнительная эмбриология беспозвоночных животных. Членистоногие. – М.: Наука, 1979.
7. Иофф Н.А. Курс эмбриологии беспозвоночных животных. –М., 1962.
8. Иванов А.В. Происхождение многоклеточных животных: филогенетические очерки. –Л., 1968.
9. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 4 бөлім: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 217 б.
10. Казенас В.Л., Чильдебаев М.К., Николаев Г.В., Жданко А.Б., Митяев И.Д., Джанокмен К.А., Кащеев В.А., Есенбекова П.А., Кадырбеков Р.Х., Ященко Р.В., Златанов Б.В. Насекомые. Энциклопедия (Серия Животные Казахстана). - Алматы: Атамұра, 2010. -368 с.
11. Кузнецов Н.Я. Класс Насекомые. –Т. 3. М., 2002.
12. Малахов В.В. Проблемы построения общей системы многоклеточных. Современная эволюционная морфология. С. Научных трудов. –Киев, 1991.
13. Северцов А.С. Основы теории эволюции. –М.: МГУ, 1987.
14. Барнс Р., Кейлоу П., Олив П., Голдинг Д. Беспозвоночные. Новый обощенный подход. –М.: Наука, 1992.
15. Буруковский Р.Н. Зоология беспозвночных. Ч.1. Простейшие. Ч.2. Происхождение многоклеточности. Ч.3. Черви. –Калиниград, 1999-2001
16. Заренков Н.А. Сравнительная анатмоия беспозвоночных. – М.: МГУ, 1988.
17. Захаров В.Б., Сонин Н.И. Биологшия. Многообразие живых организмов. – М.: Дрова, 2003.
18. Малахов В.В. Новые группы беспозвоночных животных Соросвский образловательный журнал. 2001. Т.7. №7.
19. Малахов В.В. Революция в зоологии: новая сисмтема билатерий. Природа. 2009.
20. Увалиева К.К. Наземные моллюски Казахстана и сопредельных территорий. –Алма-Ата: Наука, 1990.