Ф-ӘД-001026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА факультеті
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ кафедрасы
Б е к і т е м і н
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
вице – президенті, профессор
_________С.Қ.Тұртабаев
___ _________ 200__ж.
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ
пәні бойынша
Кафедра: Жалпы психология
2010-2011 оқу жылы _I семестр
Кредит саны: _______
Оқытушының (авторлар ұжымының) аты-жөні: Ж.Н.Садуова
Мекен жайы (көшесі, корпусы, кафедра аудиториясы): 4 корпус-107
Телефон раб.: 3-21-01
ТҮРКІСТАН 2010
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Оқу кешен Абай атындағы Алматы университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған (хаттама №1 24.09.06).Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 22.06.07. жылғы №1 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ бұйрығынан пәннің титптік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Оқу кешен Жалпы психология кафедрасының мәжілісінде талқыланды
____ ____ 2010 ж. №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д.,профессор _____________ А.Оспанова
Оқу кешен Тарих-педагогика факультетінің Әдістемелік кеңесінде мақұлданды ____ ____ 2010 ж. №1 хаттама
Кеңес төрайымы: _____________ п.ғ.к., доцент ма Ү.Мелдебекова
Оқу кешенді құрастырған: п.ғ.к., доцент ма Ж.Н.Садуова
Оқытушылардың кафедрадағы жұмыс уақыты: 9.00-17.00 сағ.
СӨЖ қабылдау өзіндік жұмыс кестесі бойынша жүргізіледі.
Пән туралы қысқаша сипаттама: Б±л пєнді оќыту барысында жалпы психология ѓылымыныњ ќалыптасуы мен дамуына, оныњ ѓылыми жетістіктерініњ адамдар µміріндегі ќызметін ќарастырамыз. Жалпы психология пєнініњ зерттеу объектісін, психика мен сана дамуыныњ, оныњ материалистік т±рѓыдан ќарастырылуын т.б. дєріптейміз. Сонымен ќатар жалпы психология ѓылымыныњ міндеттері мен методтарына, психиканыњ физиологиялыќ негіздеріне тоќталамыз. Жеке адамныњ таным процестеріне, оныњ оќыту мен тєрбие берудегі практикалыќ мањыздылыѓына шолу жасаймыз. Жеке адамныњ танымдық єрекеттеріне тоќтала отырып оѓан тєрбие берудіњ психологиялыќ м‰мкіндіктерін тиісінше сипаттаймыз.
Пәннің маќсаты: Студенттерге психология ѓылымыныњ теориялыќ-методологиялыќ негізін, ондаѓы т±лѓа дамуы мен ќалыптасуындаѓы ыќпалын мењгеру, оны психологиялыќ т±рѓыдан басшылыќќа алуѓа бейімдеу, білім беру. Студенттердің кәсіби білімінде жалпы психология ғылымының орнын ашып көрсету.
Пәннің міндеттері: Жалпы Психология ѓылымыныњ теориялыќ дамуына шолу, ондағы жеке түсініктердің мәнін ашу, адам психикасыныњ пайда болу мен ќалыптасу жолдарын, оќыту мен тєрбие берудегі жалпы психологияныњ орны, білім беруге төселдіру, осыған сай оқушылармен жұмыс істеуге дағдыландыру, ғылыми-теориялыќ білімдері ќолдану икемділігін және ѓылыми кµзќарастарын ќалыптастыру т.б.
Пререквизиттер: философия, физиология, педагогика, жас ерекшеліктер психологиясы, психология тарихы, педагогикалыќ психология, психологиялыќ зерттеу єдістері пєндері.
Постреквизитер: педагогикалық психология, қарым-қатынас психологиясы, іскерлік психологиясы т.б. меңгеруге қажет.
1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Компоненттері
Тапсырма саны
1 тапсырмаға ең жоғары балл
Жалпы бағасы
Семинар сабағы
10
3
30
Сабақтағы белсенділік
10
10
Аралық бақылау (блок)
1
8
8
№1 СӨЖ
1
6
6
№2 СӨЖ
1
6
6
Қорытынды емтихан (тест)
40
Барлығы
100
Студенттің білімін бағалау
Университетте кредиттік оқу жүйесіне өткен академиялық топтарда студенттің білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау рейтингтік жүйеде іске асырылады. Рейтингтік балл екі бөліктен құралады:біріншісі – рейтингтік балдың 40% үлесін құрайды, ол студенттің күнделікті, шептік бақылау және сөж тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысынан, екіншісі-60%, ол емтихан балынан құралады.
Студент қажетті балды жинақтау арқылы, яғни :
-күнделікті сабаққа қатысу белсенділігі (күнделікті үй, аудиториялық т.б.) тапсырмаларды орындағаны үшін қойылатын бағалар-Б1.
-шептік бақылау нәтижесінде жинаған балы-Б2
-студенттің оқытушы басшылығымен және жеке өзімен-өзі орындайтын жұмыстарды орындағаны үшін алатын балдары-Б3
-қорытынды бақылау-емтихан балдары-БЕ арқылы жинақтайды.
Осы балдардың қосындысы студенттің білімінің рейтингтік көрсеткіші болып саналады, яғни:
R=(Б1+Б2+Б3)*0, 4+БЕ*0, 6
Мұндағы R жалпы рейтингтік балл.
Рейтингтік балды құрайтын Б 1, , Б2 , Б3 , БЕ шаманы есептеу тәртібін кафедра тағайындайды.Көп жағдайда рейтингтік балдың максимал мәнін R=100 бал етіп алады.
Студенттің емтиханға жіберілуі үшін ол рейтингтің бірінші бөлігінің 20 пайыздық үлесін жинақтауы тиіс. Университетте қабылданған тәртіпке сәйкес, студенттің емтиханға қатысуы шарт.
Қорытынды бақылау-емтихан студенттің академиялық уақыт ішіндегі кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында өткізіледі. Кейде бірнеше пәнді біріктіре отырып емтиханды өткізуге болады. Мұндай жағдайда әр пән жеке-жеке бағаланады.Емтиханды компьютерлі, жазбаша, тест, ауызша, жазбаша немесе комплексті түрде өткізуге болады. Емтиханның өту формасын оқу-әдістемелік кеңес тағайындайды.
Студенттің оқу ісін меңгеру дәрежесін, яғни, оның білімін, біліктілігін, дағдыларын компетенциялығы бағалау көп балды, әріп, пайыз түрінде жүргізіледі:
Әріптік жүйедегі бағалау
Бағаның сандық баламасы
Проценттік баламасы
Дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша
А
4,0
95-100
өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
қанағаттанарлық
С
2,0
65-69
С-
1,67
60-64
Д+
1,33
55-59
Д
1,0
50-54
F
0
0-49
қанағаттанғысыз
2. ПӘН МАЗМҰНЫ
Сабақ №
Апта №
Сабақ тақырыптары
Ескерту
Негізгі және қосымша әдебиеттердің бет №
1
I-Бөлім. Психологияға кіріспе.
1-тақырып. Психология пәні.
Психология ғылымының анықтамасы. Психологияның негізгі даму кезеңдері. Ерте кездегі психологияның мән жайын қалай түсінгендігі туралы. Демокриттің материалдық тіршіліктің жемісі “ жанды ” оттың атомдарына теңеуі. Психикалық құбылыстардың дамуы жайындағы теориялар мен принциптер. Француз ғалымы П.Л.Лапластың “түрткі қандай болса, одан шығатын нәтиже де сондай” деген пікірі. Механикалық детерминизм. Психиканы бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру. Психологиялық заңдылықтардың обьективті сипаты. Ми және психика. Психика және сана. Сана және санадан тыс процестер. Сананың ең жоғарғы даму сатысы.
№1-5.
№1. 5-25 бет
№2 3-35 бет
2
2-тақырып. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері.
Қазіргі заман психологиясы және оның мақсат – міндеттері мен әдістері, ғылымдар жүйесінде алатын орны. Психология және ғылыми – техникалық прогресс. Психология ғылымының құрылысы. Психология салаларын топтастыру, классификациялау принципі және қазіргі заман психологиясы ғылымының құрылысы. Психологияның зерттеу әдістері. Зерттеу әдістерінің түрлерін сипаттау. Бақылау, өзін - өзі бақылау, эксперименттік әдіс түрлері.
Қосымша әдістер: әңгімелесу, анкета арқылы зерттеу, психологиялық тестер, социометриялық, биографиялық зерттеу түрлері.
№1-5.
№1. 25-35 бет
№2 35-55 бет
3
3-тақырып. Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.
Сыртқы шындық пен ақиқатты бейнелеу формаларының дамуы. Психиканың пайда болуы мен материяның дамуының эволюциясының жемісі. Психикалық әрекеттің талдағыштық және біріктіргіштік қызметі.
Психиканың филогенезде дамуы. Жәндіктер дүниесіндегі дамудың әр түрлі сатыларында мінез – құлықтың түрлері: тропизмдер, инстинкт, үйрену, интеллектуалдық әрекеттер. Психиканың қызметі және органдардың құрылысы. Психикалық функция және орта. Қатынас және жәндіктердің “тілі ”. Психика және нерв жүйесінің эволюциясы. Сананың дамуындағы еңбектің ролі. Сананың қоғамдық мәні. Жануарлар мен адам арасындағы психиканың өзгешіліктері. Саналы қызметі қамтамасыз ететін ми сыңарлары қабығының дамуы. Сана және тіл.
№1-5.
№1. 35-45 бет
№2 55-75 бет
4
4-тақырып. Іс - әрекет.
Іс- әрекет туралы түсінік. Адамның іс-әрекетінде құрал- саймандарды қолдануы. Іс-әрекет пен субьекттің белсенділігі. Адамның қажеттілігі мен іс- әрекетке ниеттілігі. Адам санасы мен іс-әрекеттің құрылысы. Әрекеттену адамның алдына қойған мақсат – мүддесін орындауға ұмтылуы. Әрекет және қимыл. Адамның өз әрекетін реттеуі және оны бақылауы. Адамның ішкі жан тебіреністері оның сыртқы практикалық іс - әрекеттерінің әсерінен пайда болып отыруы -–интериоризация. Адамның ішкі жан тербелістері сыртқа шығып экстериоризация оның қимыл – қозғалыстары сөйлеуі арқылы психикалық жан күйінің заңдылықтары. Дағдыны қалыптастыру және жаттаудың негізгі заңдылықтары. Дағдының құрылысы. Дағдының бір-біріне әсері. Ептіліктің пайда болуы. Әдет және оның адамның мінез – құлқы мен іс- әрекетіндегі маңызы. Адамның негізгі іс -әрекет түрлері. Ойын және оның психологиялық сипаты. Ойынның баланың дамып жетілуіндегі ролі. Оқу әрекеті және оның психологиялық сипаты. Еңбек әрекетінің психологиялық сипаты. Ұстаздық қызмет.
№1-5.
№1. 45-65 бет
№2 75-85 бет
5
5-тақырып. Қарым-қатынас.
Қарым – қатынас туралы түсінік. Қарым – қатынастың салалары. Коммуникативті қатынас. Интерактивті және перцептивті қатынастар. Қатынас жасау және хабар алмасу. Қарым – қатынас және тіл. Қатынас адамдардың өзара іс - әрекеттерін реттеп отыру құралы. Өзара қарым – қатынастың нығайып, араларында кездескен кедергілерді жеңіп отыру жолында ұстаздардың тиімді ықпалы. Қарым – қатынаста адамдардың бір – бірін жете түсінуі. Қарым – қатынастағы кері байланыстарды болдырмау жолдары. Әлеуметтік ортадағы қарым – қатынаста психолог маманының қызметі.
№1-5.
№1. 65-85 бет
№2 86-105 бет
6
6-тақырып. Ұжым-топтар.
Топтар және оның классификациясы. Топтың түрлері: шартты уақытша топ, түпкілікті топ, үлкен топтар мен кіші топтар, ресми топтар, ресми емес топтар. Топтардың даму деңгейі. Топтардың даму деңгейінің өсуіне қарай бөлінуі: ұжымдар, әлеуметтік ассосациялар, диффузды, коорпарациялы және аралас топтар.
Ұжым топтың ең жоғарғы түрі. Ұжым ішіндегі адамдардың іс-әрекеті арқылы өзара қатынастардың сипаты. Топтар мен ұжымдардың майда бөлшектерге бөлінуі. Өзара таңдау.Социометрия. Референттік іріктелген топ және оның зерттеп білудің әдісі. Лидерлік жетекшілік топ. Оқушылардың бірлесіп атқаратын істері ұжымдастықты өрістетіп отырушы фактор. Ұжымдастық және оқытуды топтастыра отырып шебер ұйымдастыра білу.
№1-5.
№1. 85-95 бет
№2 106-115 бет
7
II-Бөлім. Адамның психологиялық даралық өзгешіліктері.
7-тақырып. Жеке адам.
Жеке адам туралы психологиялық түсінік. Даралық және жеке адам. Жеке адамның бойындағы әлеуметтік сапалары және жүйелі түрдегі құрылыс. Жеке адамның белсенділігі. Жеке адамның әрекетшілдігімен оның өмір тіршілігіндегі ұстанған жолы. Жеке адамның бағыт бағдары. Мінезіндегі ниет тілектері. Ниеттерінің түр сипаты. Қызығулары. Жеке адамның сенімі мен дүниетанымы. Жеке адамның мақсат мүддесі және оны қалыптастыру жолдары. Жеке адамның өзіндік санасы. Жеке адамды психологиялық тұрғыдан қорғау.
Жеке адамды қалыптастыру. Жеке адамды қалыптастырудағы психология мен педагогикадағы түсініктер. Жеке адамды дамытудың қорғаушы күші. Оқушының жеке басын зерттеу әдістері. Жеке адамды зерттеуде эксперименттік тәсілдің мәні.
№1-5.
№1. 95-105 бет
№2 115-125 бет
8
8-тақырып. Темперамент.
Темперамент туралы жалпы ұғым. Жеке адамның дамуындағы темпераменттің тұрақтылығы мен орнықтылығы. Темпераменттер туралы ілім терминологиясыныі тарихи мәні. Темпераменттерге тән психикалық қасиеттердің ауқымы. Жеке темперамент типтері және олардың психологиялық сипаттамасы. Темпераменттің физиологиялық негіздері. Жоғарғы нерв қызметінің типтері және темперамент. Темперамент қасиеттерінің пайда болуына тұқым қуалаушылық арқылы берілетін факторлардың әсері.
№1-5.
№1. 105-125 бет
№2 125-135 бет
9
9-тақырып.Мінез.
Мінез туралы жалпы түсінік. Мінез және адамның даралық өзгешілігі. Мінез бітістері. Мінездің құрылысы. Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы адамның жеке басының сипатталуы. Адамның жеке мінез – құлық ерекшеліктерінің әлеуметтік орта мен өмір сүрген жағдайына байланысты өзгеруі. Мінез сапаларындағы айырықша ерекшеліктер. Мінез бітімі мен оның көрінісі. Мінез жіне темперамент. Адам мінезіндегі туа пайда болатын өзгешіліктер мен жүре пайда болатын қасиеттер. Мінездің қалыптасуы.
№1-5.
№1. 125-135 бет
№2 135-145 бет
10
10-тақырып. Қабілет.
Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және іс - әрекет. Қабілеттің көлем және сапа жағынан сипаттамасы. Қабілеттің құрылысы. Қабілеттілікті анықтау, өлшеу мәселелері. Қабілеттің дамуында кездесетін бір ортаның қызметін екінші ортаның өзіне алуы компенцациялау. Қабілеттіліктің жалпы түрі мен жеке түрлері. Талант және оның пайда болуы.
Нышан және қабілет. Қабілеттің іштей туа берілетін және жүре пайда болатын қасиеттері. Қабілеттілікті қалыптастыру. Қабілеттердің қалыптасуында ықылас – ынтаның, еңбектің алатын орны.
№1-5.
№1. 135-145 бет
№2 145-155 бет
11
11-тақырып. Зейін.
Зейін туралы жалпы ұғым. Ырықсыз және ырықты зейін: зейіннің бұл түрлерінің пайда болу себептерінің мән – жайын. Мектептегі оқу процесіндегі зейін. Оқу ісінде мектеп оқушыларының зейіннің тұрақтануы оны қажетті нәрселерге бағдарлап отырудың жолдары. Зейіннің физиологиялық негіздері. Адам санасының белгілі – бір обьектіге шоғырлануын қамтамасыз етіп отыратын ми қызметінің механизмдері жайындағы И.П.Павлов пен А.А.Ухтомскийдің зерттеулері.
Зейіннің құрылысы мен қасиеттері. Зейіннің тұрақтылығы. Зейіннің ауысуы. Зейіннің бөлінуі. Зейіннің көлемі.
№1-5.
№1. 145-155 бет
№2 155-165 бет
12
III –Бөлім. Жеке адамның таным әрекеттері.
12-тақырып. Түйсік және қабылдау.
Түйсік пен қабылдау туралы түсінік. Түйсіктердің рефлекторлық табиғаты. Пецепторлар мен талдағыштар. Түйсіктің түрлері. Түйсіктің қасиеттері. Сезгіштік табалдырғы. Адаптация. Синестезия. Сенсибилизация. Қабылдаудың зат түрінде болуы, тұтастығы, құрылысы, тұрақтылығы және мәнді түрде реттелуі. Апперцепция. Қабылдаудың обьектісі мен фоны. Кеңістікті қабылдау. Уақытты қабылдау. Иллюзия.
№1-5.
№1. 155-165 бет
№2 165-175 бет
13
13-тақырып. Ес.
Ес туралы жалпы түсінік. Ес туралы теориялар. Естің физиологиялық негіздері. Естегі елестер. Естің түрлері: қысқа, ұзақ, оперативті, механикалық, логикалық, ерікті, еріксіз, мнемоникалық. Естің типтері: көру, есту, қимыл, аралас. Ес процестері. Есте қалдыру және іс-әрекет. Қысқа мерзімді есте қалдыру мен түпкілікті есте қалдыру.
Есте қалдырудың мақсаттары. Мағынасына қарай есте қалдыру мен жаттау арқылы есте қалдыру. Қайта жаңғырту түрлері: іргелестік, ұқсастық, қарама – қарсылық заңдылықтары.
№1-5.
№1. 165-175 бет
№2 175-185 бет
14
14-тақырып. Ойлау мен Сөйлеу.
Ойлау әрекеті туралы түсінік. Ойлау және жеке адам. Ойлаудың физиологиялық негізі. Ойлау әрекеттері. Ойлаудың түрлері және олардың өзіне тән даралық ерекшеліктері. Ойлау таным процестерінің жоғарғы сатысы.Сөзбен ойдың бірлестігі. Сөйлеу туралы жалпы ұғым. Сөйлеудің түрлері және ойлаудың мәні. Іштей және сырттай сөйлеу. Диалогты және монологты сөйлеу. Ауызша және жазбаша сөйлеу.
15-тақырып. Қиял.
Қиял туралы түсінік. Қиялдың еріксіз және ерікті түрлеріне сипаттама. Арман және практикалық іс-әрекет. Қиялдың талдау мен біріктіруші сипаты. Қиялдау кезінде бейнелерді іріктеп алып, біртұтас образ жасау амалдары.
№1-5.
№1. 175-185 бет
№2 175-195 бет
15
IV-Бөлім. Адамның эмоциялық және ерікті әрекетінің сипаты.
16-тақырып. Сезім-Эмоция.
Сезім туралы түсінік. Сезімнің когнетивтік процестерде, жеке бас көріністерінде атқаратын ролі. Сезім мен эмоцияның психофизиологиялық негіздері.Сезім және жеке адам. Аффектер. Көңіл күйі. Эмоциялық стресс. Жоғарғы сезімдердің мазмұны мен мәні.
Ақыл – ой және эстетикалық сезімдер, сезімнің бұл түрлерін мектеп оқушыларының бойына қалыптастыру. Сүйіспеншілік сезімі.
17-тақырып. Ерік
Ерік туралы түсінік. Еріктің когнетивті процестермен байланысы. Мотивтердің ішкі күресі, ерік әрекетінің басталуы, тоқтамға келуі. Ерікті әрекет сатылары. Ерікті әрекет және оның құрылысы. Ерік сапаларын қалыптастырып отырудың жолдары. Ерікті әрекеттерді қалыптастыруда ұжымның ролі. Жауапкершілік. Ерік және адамның өз еркін тәрбиелеудің міндеттері.
1 – 147-184 бб.
15 – 137-165 бб.
3. ПӘН БОЙЫНША НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
№
Авторы
Оқулықтың, оқу құралы-ның және т.б. атауы.
Баспа, жылы
Кітапхана аты, орналасқан жері
Данасы
1.
Алдамұратов Ә.
Жалпы психология
Алматы, 1996 ж.
Мәдениет сарайындағы кітапхана
10
2.
Алдамұратов Ә.
Қызықты психология.
Алматы, Қазақ университеті, 1992.
Қалалық кітапхана
2
3.
Алдамұратов Ә.
Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы.
Алматы, Мектеп, 1983
Ұлттық кітапхана
10
4.
Алдамұратов Ә., Мұқанов М.
Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. Бірінші бөлім.
Алматы, 1978.
Ұлттық кітапхана
10
5.
Аймауытов Ж.
Психология.
Алматы, 1995.
Мәдениет сарайындағы кітапхана
2
6.
Абдрахманов Ә., Жарықбаев Қ.
Психологиялық қазақша-орысша сөздік.
Алматы, Мектеп, 1976
Қалалық кітапхана
1
7.
Мұқанов М.
Жан жүйесінің сыры.
Алматы, 1964
Ұлттық кітапхана
10
8.
Мұқанов М.
Ми және сана.
Алматы, 1956.
Ұлттық кітапхана
10
9.
Мұқанов М.
Ақыл-ой өрісі
Алматы, 1980
Ұлттық кітапхана
10
10.
Мұқанов М.
Бақылау және ойлау.
Алматы, 1959.
Ұлттық кітапхана
10
11.
Тәжібаев Т.
Жалпы психология
Алматы, Қазақ университеті, 1993
Мәдениет сарайындағы кітапхана
2
12.
Темірбеков А., Балаубаев С.
Психология. Пединституттар мен университет студенттеріне арналған.
Алматы, Мектеп, 1966.
Ұлттық кітапхана
10
13.
Темірбеков А., Балаубаев С.
Психология.
Алматы, 1996.
Қалалық кітапхана
1
14.
Теплов Б.М.
Психология. Орта мектепке арналған оқулық.
Алматы, 1953.
Ұлттық кітапхана
10
15.
Сәбет Бап-баба
Жалпы психология
Алматы, 2003
Мәдениет сарайындағы кітапхана
10
16.
Р.С.Немов.
Психология. Книга 1.
Москва, 2001
Мәдениет сарайындағы кітапхана
2
17.
В.В.Богословскийдің редакциясымен
Жалпы психология
Алматы, Мектеп, 1980.
Мәдениет сарайындағы кітапхана
2
18.
Елеусізова С.
Қарым-қатынас психологиясы
Алматы, 1995.
Қалалық кітапхана
1
19.
Жарықбаев Қ.
Психология.
Алматы, Мектеп, 1982.
Қалалық кітапхана
1
20.
Жарықбаев Қ., Озғанбаев О.
Жантануға кіріспе
Алматы, 2000.
Мәдениет сарайындағы кітапхана
4
21.
Жарықбаев Қ.
Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарастары
Алматы, 2000.
Мәдениет сарайындағы кітапхана
2
22.
Жарықбаев Қ.
Қазақ психологиясының тарихы
Алматы, 1996.
Ұлттық кітапхана
10
23.
Шабельников В.
Психика – функциялық жүйе
Алматы, 1998
Ұлттық кітапхана
10
24.
Гоноболин Ф.Н.
Психология.
Алматы, Мектеп, 1976.
Қалалық кітапхана
1
25.
Бабаев С., Жумадуллаева А.
1001 да бір тест (жалпы психология бойынша)
Алматы, Дарын, 2004.
Мәдениет сарайындағы кітапхана
10
4. СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
№
СӨЖ тақырыптары
Тапсырммманы орындау формасы (реферат, доклад, кейс, эссе, ғылыми талдау, құрал жасау т.б.)
Тапсырманы қабылдау орны (каб №, уақыты)
1
Психология мен педагоги-каның міндеттері
Реферат
Дискуссия
Кестемен жұмыс
Жалпы психология кафедрасы №301
2
Мұғалімдерге психология не үшін керек
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
3
Жануарлардың мінез-құлқы және психикалық дамуының деңгейі мен сатысы.
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
4
Адамның миы және психикалық үрдістер.
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
5
Адам санасының табиғаты.
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
6
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.
Реферат
Жалпы психология кафедрасы №301
7
Белсенділік физиологиясы және қимыл-қозғалыс физи-ологиясы.
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
8
Түйсіктің әрекеттестігі және сезімге бейімділік.
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
9
Қабылдаудағы зат және фон
Реферат
Сұрақ-жауап
Жалпы психология кафедрасы №301
10
Елес
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
11
Естің даралық ерекшеліктері және оның дамуы
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
12
Қиял және шығармашылық
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
13
Ақыл-ой операцияларының түрлері.
Реферат
Сұрақ-жауап
Жалпы психология кафедрасы №301
14
Эмоцияның дамуы және оның адам өміріндегі мәні.
Реферат
Сұрақ-жауап
Жалпы психология кафедрасы №301
15
Темперамент және тұлғаның іс-әрекетінің ерекшелігі.
Реферат
Сұрақ-жауап
Жалпы психология кафедрасы №301
16
Балалық шақтағы мінездің қаылптасуының ерекшелігі
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
17
Қабілеттіліктегі жыныс аралығының айырмашылығы
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
18
Психодиагностиканың өзінің призмасындағы Мен меншігі
Реферат
Дискуссия
Жалпы психология кафедрасы №301
Емтихан с±раќтары
1. Психология пәні мен мақсаты, міндеттері.
2. Психология ғылымының салалары, әдістері.
3. Қазіргі кездегі психология.
4. Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
5. Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
6. Шетел және отандық психологияның дамуы.
7. Қазақстанда психологиялық ғылымның дамуы.
8. Психологияның негізгі принциптері.
9. Психика мен сананың дамуы.
10. Психика жайлы түсініктер, психиканың байқалуының формалары.
11. Психиканың құрылымы.
12. Психиканың рефлекторлы табиғаты мидың жүйке жүйесінің қасиеті ретінде. Психологиялық заңдылықтардың обьективті сипаты.
13. Психика және ми психиканың қасиеттері.
14. Психика эволюциялық үрдістің факторы мен өнімі ретінде.
15. Сананың құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамасы.
16. Сана психиканың дамуының жоғары сатысы ретінде.
17. Сана мен санасыздықтың әрекеттестігі.
18. Психологиялық қорғаудың тәсілдері.
19. Жанды және жансыз табиғатындағы бейнелеудің деңгейі мен формасы.
20. Жануарлардағы психикалық бейненің даму деңгейі мен сатысы жайлы А.Н.Леонтьевтің болжамы, оны анықтауы және К.Э.Фабридің ары қарай жетілдіруі.
21. Тұлғаның түсінігі.
22. Индивид, тұлға, субьект және даралық.
23. Тұлға ұғымының анықтамасы және оның феномендері.
24. Тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік байланыстар.
25. Тұлғаның құрылымы.
26. Тұлғаның мөлшері: тұрақтылық,
27. бірлік және белсенділік.
28. Тұлғаның бағыттылығы және оның құрылым.
29. Қажеттіліктер.
30. Қажеттіліктердің түрлері.
31. Мотив, мақсат, қызығушылқтар және оның психологиялық сипаттамасы.
32. Мұрат және нанамы сенімдер.
33. Тұлғаның сана сезімі мен дүниетанымы.
34. Қазіргі кездегі тұлғаның теориясы.
35. Тұлғаның зертеуіндегі негізгі тарихи кезеңдер.
36. Тұлғаның психологиялық мәселелерінің теориялық талдамасындағы жаңа тенденциялар.
37. Іс-әрекет туралы түсінік.
38. Адамның іс-әрекетінің құрылымы.
39. Іс-әрекеттіңтүрлері және оның сипаттамасы.
40. Психиканың іс-әрекеті табиғаты туралы С.Л.Рубинштейн және А.Н.Леонтьевтің ой-пікірі. А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин, П.И.Зинченко және т.б. психологтардың еңбектеріндегі психикалық үрдістің қарулы табиғаты жайлы түсініктің дамуы.
41. Қарым-қатынас туралы түсінік.
42. Қарым-қатынастың түрлері.
43. Қарым-қатынастың құрылымы және оның қызметі.
44. Топтар психологиясы.
45. Топтардың түрлері.
46. Топтардың өзара қарым-қатынасының динамикасы.
47. Топтар және ұжым.
48. Түйсік туралы түсінік.
49. Қабылдау туралы түсінік.
50. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
51. Түйсік және қабылдаудың түрлері.
52. Түйсіктің қабылдаудан айырмашылығы.
53. Түйсік және қабылдаудың қасиеттері.
54. Адамның психикасында түйсік пен қабылдаудың орны.
55. Психикалық үрдіс ретінде естің сипаттамасы.
56. Естің қызметі.
57. Естің түрлері.
58. Естің жеке-типологиялық ерекшеліктері.
59. Ойлаудың анықтамасы және оның сипаттамасы.
60. Ойлаудың түрлері мен деңгейі.
61. Ойлаудың құрылымы.
62. Ойлаудың теориялары.
63. Сөйлеу негізгі психикалық үрдіс ретінде.
64. Сөйлеудің психологиялық анықтамасы.
65. Сөйлеудің қоғамдық сипаты.
66. Сөйлеудің түрлері.
67. Психикалық үрдіс және тұлғаның қасиеттері ретінде зейіннің жалпы сипаттамасы. Зейіннің физиологиялық негізі.
68. Зейін түрлері.
69. Зейіннің қызметі.
70. Қиялдың түсінігі және анықтамасы.
71. Қиялдың түрлері.
72. Шығармашылық үрдісіндегі қиялдың рөлі.
73. Сезім және эмоция.
74. Адамның сезімі мен эмоционалдық күйлерінің сипаттамасы.
75. Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері.
76. Тұлғаның жоғарғы сезімі.
77. Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі.
78. Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы.
79. Еріктік акті.
80. Тұлғаның еріктік қасиеттері.
81. Адамның еркі және мінез-құлықтары.
82. Темпераменттің анықтамасы.
83. Темпераменттің физиологиялық негізі.
84. Темперамент типтері.
85. Темперамент және психикалық іс-әрекет.
86. Мінездің анықтамасы.
87. Мінездің физиологиялық механизмдері.
88. Мінездің қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың рөлі
89. Мінездің типтері.
90. Мінездің қасиеттерінің топтастырылуы.
91. Қабілеттің сипаттамасы.
92. Қабілеттің түрлері.
93. Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік тума қасиеттер.
94. Жас ерекшелік психологиясының пәні және міндеттері.
95. Жас ерекшелік психологиясындағы негізгі теориялық мәселелер.
96. Психиканың мәдени-тарихи дамуы жайлы Л.С.Выготскийдің теориясы.
97. Адам психикасының дамуының әлеуметтік-жанама түріндегі айырмашылығы. Психиканың дамуындағы, оқудың басты рөлі.
98. Дамудың жақын аймағы туралы ұғым.
99. Оның жалпы теориялық және нақты психологиялық мазмұны.
100.Жас шамасының мәселесі.
101.Психикалық дамудың кезеңге бөлінуі.
102.Әр түрлі жас кезеңіндегі психикалық дамудың ерекшелігі.
103.Ана құрсағындағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтары.
104.Жетекші іс-әрекет.
105.Жас шамасындағы дағдарыстың пайда болуының қайнар көзі мен механизмдері және оларды жеңу.
106.Педагогикалық психология әлеуметтік институттарының оқу мен тәрбиелеу жүйесінде психика және сананың дамуының заңдылықтары туралы ғылым ретінде.
107.Педагогикалық психологияның әдіснамалық негіздері.
108.Тұлғаның психикалық ұйымдастырылуының генетикалық формаларының әртүрлі құрылымы және оқу, тәрбиелеу түрлерінің өзара байланысы.
109.Оқу және дамудың өзара байланысының мәселесін шешуіне байланысты көзқарастар. Педагогикалық психологияның негізгі дәрежелері.
110.Әлеуметтік тәжірибені меңгеруінің жас ерекшелігі.
112.Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымы.
113.Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру кезеңі және оқу үрдісінің ұйымдастырылуы стратегиясы.
114.Оқу үрдісінде когнитивтікліктің даму мәселесі.
115.Тұлға, оқу мен тәрбиелеудің субьектісі ретінде.
116.Бірлескен нәтижелі іс-әрекет.
117.Ұстаз оқу үрдісінің субьектісі ретінде.
118.Оқушылар оқу үрдісінің субьектісі ретінде.
119.Студент оқу үрдісінің субьектісі ретінде.
120.Ғылыми білімнің жүйесінде әлеуметтік психологияның орны.
121.Әлеуметтік-психологиялық ой, пікірлердің қалыптасуының тарихы.
122.Әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің әдіснамалық негіздері.
123.Адамдардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары.
124.Үлкен әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.
125.Әлеуметтенудің психологиялық-әлеуметтік негіздері.
126.Психология тарихы ғылым ретінде.
127.Психология тарихының пәні, міндеттері.
128.Қазіргі кездегі психологиялық ғылымында психология тарихының қызметі.
129.Психология тарихының кезеңдері.
130.Антикалық психология.
131.Феодализм дәуіріндегі психологиялық ойлар.
132.Жаңау ақыт дәуіріндегі психологиялық ойлар.
133.Ағартушылық дәуірі.
134.Эксперименталды психологияның дамуы.
135.Психологиялық мектептер.
136.Этникалық және мәдени психология.
137.Этникалық психологияның даму тарихы және мақсаты мен міндеттері.
138.Этникалық психологияның қазіргі кезеңдегі этникалық рөлі.
139.Этникалық сана-сезім және этникалық ұқсастық.
140.Тұлға және этнос.
141.Тұлғаның этникалық қарым-қатынас аралығы мен мәдени құрамында болуы.
142.Мәдени және этникалық әрекеттестіктің қарым-қатынастық стратегиясы.
143.Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеудің ерекшелігі.
144.Психикалық дамудың деңгейін анықтау.
145.Оқытылатындықтың көрсеткіштерін анықтау: ойлаудың үнемділігі, жалпылауы, жете түсінуі, икемділігі, тұрақтылығы, өз бетінше жұмыс істеуі.
146.Оқытылатындықтың диагностикалық әдістерінің қолдануының негізгі принциптері. Жоғарғы интеллектуальды дамудың көрсеткіштері.
147.Жеңілдік, шапшаңдық, жалпылау және абстракциялау.
148.Оқытылатындықтың мәселесінің шешілуі және мектеп психологтарының іс-әрекетіндегі құнды сфералардың дамуы.
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ
ќысќаша лекция курсы
Алѓы сµз
Пєнніњ маќсаттары:
психологиялыќ фундаменталды ±ѓымдар туралы д‰ниетанымды ќалыптастыру;
психология ѓылымы туралы т‰сініктерді дамыту.
Пєнніњ міндеттері:
психологияны жаратылыстану жєне ќоѓамдыќ ѓылыми пєн ретінде т‰сіндіру;
адамды іс-єрекет субъектісі ретінде, танымдыќ єрекеттерді, ќатынас т.б. психологиялыќ ±ѓымдарды жан-жаќты талдап оќыту;
негізгі психологиялыќ т‰сініктерді жєне олардыњ аныќтамаларын шолу жасау негізінде таныстыру.
Психология курсыныњ білімдерін педагогикалыќ практикамен байланыстыру.
Пєн негізгі мєліметтермен ќатар студенттердіњ психологиялыќ педагогикалыќ ойларын басты психологиялыќ ережелердіњ динамикасы арќылы ќалыптастырады. Психолог-педагогтарды кєсіптік іс-єрекетке дайындауда, психология фундаменталды курс болып табылады.
Жалпы психологияныњ с±раќтары келесі пєндермен байланысты: мамандыќќа кіріспе, педагогика, философия, зоопсихология жєне салыстырмалы психология, психогенетика, даму физиологиясы мен мектеп гигиенасы, мєдениеттану, єлеуметтану жєне т.б.
Пєнді оќу нєтижесінде студенттерде курстыњ маќсаты, міндеттері, мазм±ны жєне фундаменталды психологиялыќ т‰сініктер мен олардыњ аныќтамалары туралы білімдер ќалыптасады.
Сонымен бірге студенттерде ептіліктер мен даѓдылар ќалыптасады:
негізгі психологиялыќ ±ѓымдар мен аныќтамаларды мєнін т‰сініп игеру;
оќу танымдыќ іс-єрекеттерінде алѓан білімдерді пайдалана білу:
тєжірибелік µмір тіршілігінде психологиялыќ ±ѓымдарды єлеуметті орнына сєйкес ќолдану сияќты.
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-дәрісбаян
Психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
жүйесіндегі орны
Жоспары: 1. Психология пәні, қызметтері, міндеттері.
2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны.
3. Психология салалары.
1. Психология пәні, қызметтері, міндеттері
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объекті болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдет-терін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі бол-ған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Л.С.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" (1940) атты еңбегінде ”Психология зерттеуін-дегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр - олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықлас-ниет-теріміз бен тілектеріміз, т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны” - деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы - ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып тұ-ратыны даусыз.
Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын қүрады.
Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми дені (предмет) не?
ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ. кейінгі шерегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңінде өріс алды.
Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегенді аңғартады. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын - шешуге тәуелді болып келді.
Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен материализм - пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды. Ал материалистік танымда психика - туынды, материяға тәуелді құбылыс.
Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәңгі жойылмас жанның көрінісі деп біледі. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, біздің түйсігіміз бен елестеріміздің нәтижесі.
Адам психикасы - рухи өмірдің көрінісі, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен діни догматтар адам жан дүниесін материалистік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылған ғылыми ой-пікірлерді көп ғасыр кейінге ысырып тастады.
Тек ХҮІІІ ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті - рефлекс және сана - бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс - материя және рух - жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "дуализм" (екі тарапты) атауын алды.
Шамамен осы дәуірде психология дені жөнінде жаңа түсініктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келді. Мұндай түсінім кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттік (ішке үңілу) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзімен өзі шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің өзінен де толығымен ара байланысын үзді.
ХІХ ғ. екінші жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін қолданған, бір-бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп отырды. ХІХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы біршама тағылымдар сананың осы интроспекттік психологиясы шеңберінде зерттелді. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-әрекетіне байланыссыз жан толғаныстарымен көріністеріне негізделді. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі: адам өзінің ішкі жан-күйін, се-зімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспекттік аталған әдіс қолданылды. Мұндай бақылау, әлбетте, басты ғылыми талап-обьективтілікке сай келмейді. Осының салдарынан ХХ ғ. басында, бір жағынан - ғылыми объектив білімдер дамуына орай та-лаптардан, екіншіден - әлеуметтік-экономикалық өркендеу сұраныстарынан интроспекттік психологияның дағдарысы көрініс берді.
Адам әрекет-қылығын қадағалап, бақылау құрал-жабдықтарын дайындауды қажет еткен капиталистік өндіріс әдістерінің дамуына байланысты практикалық міндеттер алдында "сана психологиясы" өз дәрменсіздігін байқатты.
Осыдан ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы - әрекет-қылық (поведение) еді. Бұл бағыт "бихевиоризм" (ағылш. behavіour-қылық) аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді.
Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда - жан туралы ғылым, кейін - жансыз ғылым, ақырында - санасыз ғылымға айналды. Психология пәнін осылай пайымдаудан оның келесі, және бір дағдарысқа кезігуінің мәнін түсінеміз.
Психология пәнін (предмет) нақтылауда болған дағдарыстар себебі аталған теориялардың негізге алған әдіснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объектив дүние мен субъектив болмыстың ара қатынасын идеалистік тұрғыдан шешті. Бихевиористер болса, сол мәселені дөрекі материализм көзқарасымен түсіндірді. Олар үшін психикалық құбылыс пен материалдық дүние арасында айырмашылық болмады. Осылай, қате әдіснамалық бастаулар өз пәнін дұрыс анықтауда психологияның жолына кесе-көлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан шығудың жолын диалектикалық материализм тапты. Диалектикалық материализм үшін барша дүниенің негізі жалғыз-ақ - материя, ал психика, ойлау, сана одан туындағын екінші сатыдағы құбылыс.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана - екінші, одан туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенің сезім, ой т.б. түрінде бейнеленуі) бір-біріне тікелей қарама-қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой, сезімдер т.б. - материалдық органның - мидың әрекеті, сыртқы тітіркендіру энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі.
Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебі осы категорияға орай психиканың жалпылама және мәнді сипаты ашылады: әрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуінің түрлі формалары мен деңгейлерін көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мәнін анықтауда, оның әдістерін таңдауда, деректер, түсініктер, тұжырымдар тобынан қажеттісін ажыратуда жалпы әдіснамалық бағдар ролін атқарады.
Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша тіршілік иесінің ішкі психикалық өмірі болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен тыс және тәуелсіз жасайтын танымды бол-мыстың бейнесі. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесі жөнінде әңгіме қозғау қажетсіз. Әрқандай психикалық акт - нақты болмыстың бір бөлшегі де және оның бейнесі де.
Сонымен, психиканың қызметі, біріншіден - қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден - осының негізінде адам қылығы мен қызмет - әрекетін реттестіру. Психиканы диалектика-материалистік тұрғыдан қарастыру - әрқандай ішкі жан-күйлік құбылыстардың өзімен өзі шек-телмегенін, шындықтан бөлінбей, онымен түбегейлі әрі тығыз байланыста екенін танытады.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап - объектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерттеулерінің объекті - психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді (механизм) ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық іс-әрекетті қозғаушы механизмдерді де анықтап білу. Ал енді сол механизмнің қандайда да психологиялық процесті орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнің табиғаты мен әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте зерттейді.
2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және, керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сарап (классификация) схемасынан келіп шығады. Қазіргі күнде академик Б.М.Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған. Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған схема - шыңдарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар қонақтаған - үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының біріне бұрып отырады.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологияның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс.
Сонымен бір-ге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерімен де қатынаста болады. Осы байланыстардың түзілуі және олардың қызметтес болуынан пси-хикалық құбылыстар адам іс-әрекетіне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз әсерін тигізеді.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларына тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелену механизмдерін де айқындайды.
Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, социология, өнертану, заң және т.б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекет, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай, кейіп, сезім, психологиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін, қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, әлеумет-тік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды. Психологиялық факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін. Адам-ның психикалық іс-әрекеттерінің негізгі формалары қоғамдық - тарих шарттарына орай туындап, дәстүрлі объектив іс-әрекет жағдайында өрісін тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тілді қолдануға байланысты қалыптасады. Егер жануар қылық-әрекетінің қалыптасуы тіршіліктің биологиялық жағдайларына түбегейлі тәуелді болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі, кезінде К.Д.Ушинский: "Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет", - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жөніндегі білімдерге сүйенбесе, онда ол қарадүрсін педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мәнінде ғылым болудан қалып, мұғалімге ешқандай жәрдем бере алмайды.
Қазіргі кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшін нендей білімді және оны қалай алу керек? - дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бәріне шешім табу, адамның әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін және олардың шекөл-шемдерін белгілеу педагогикалық психологияның міндеті.
Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тәрбие проблемаларына орай байқалады. Тәрбиенің мақсаты - даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабілет, қажеттілік, дүниетаным және т.б. - зерттеуді қажет етеді.
Дербес ғылым ретінде психология айма-ғында өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтін бірқанша ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға "сыйыспайтындай" болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір - психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объекті жалғыз-ақ: ол - адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.
3. Психология салалары
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.
Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жік-теудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекет-тері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тарап-тарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психология және т.б. бар.
Педагогикалық психологияның қызметі - адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту-тәрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология - дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы - нейропсихология: емдік дәрілердің адамның психикалық жағдайына ықпалын белгілеуші - фармакопсихология; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық әсерлерді зерттейтін - психотерапия; психикалық алдын алу (профилактика) және психогигиена тарауларына бөлінеді.
Заң психологиясы құқ жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Олда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы жене т.б.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін; қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және т.б. зерттейді.
Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым және өнер шығармашылық психологиясы да кіреді.
Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді:
Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі са-лаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).
Дамуы қалыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология: олигофренопсихология (ақыл-ойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер), тифлопсихология (зағиптер).
Салыстырмалы психология - психикалық өмірдің филогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.
Психология салаларын топтастырудың және бір жолы - қоғам мен жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай "Әлеуметтік психология" атымен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы психология иелейтінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының және болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және практикалық іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен бөлімдерінің ірге тасы қызметін атқарады.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптері мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде топтастырылады: психикалық процестер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.
Қайталау және бақылау сұрақтары:
1. Адам - ғылымдық зерттеу объекті болуының мәні неде?
2. Адам психологиясын зерттеудің ерекшелігі қандай?
3. Психология ғылымының қалыптасуындағы алғашқы кезеңге сипаттама беріңіз?
4. Р. Декарттың психологияға енгізген жаңалығы және ол сол кезеңдегі ғылымның дамуына қандай әсер етті?
5. Психология дамуында "Бихевиоризм" бағытының мәнін ашып беріңіз?
6. Диалектикалық материализм психология ғылымына қандай өзгерістер енгізді?
7. Психология ғылымының міндеттері мен қызметтерін айқындаушы факторларды атаңыз?
8. Психологияның философия, жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдармен байланыс себептерінің сипаты қандай?
9. Психология салалары және оларды топтастыру принциптері қандай?
2-дәрісбаян
ПСИХИКА ДАМУЫ. САНА.
Жоспары: 1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары.
2. Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығы.
3. Жануарлар дағдысы .
4. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар.
5. Еңбек және саналы іс-әрекет.
6. Тіл және адам санасы.
1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас тіршіліктің туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Тіршілік пайда болуының негізгі шарты - қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды (белокты) молекулалардың түзілуі. Өздерінің тірлік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар, каоцер-ваттар, пайдалы коректер мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғызатын не зиянды әсерлерге жауап бергізетін ерекше қасиеттерге ие.
Каоцерваттардың индиферент (қатысы жоқ) әсерлерді елемей, зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды: әрқандай тірі организм сыртқы тітіркендіргіштерге таңдамалы (белсенді) қатынас жасап, тірі материяның өзіндік реттеу (саморегуляция) деп аталатын жаңа сапалық қасиетін танытады. Тітіркену - бұл биологиялық бейнелеудің (отражение) ең қарапайым формасы болумен, өсімдік және жануарлар эволюциясының барша кезеңдеріндегі тірі организмдерге тән құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биологиялық мәнді әсерлерге жауап беру қабілеті.
Тіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары маманданған формаларының қалыптасуы биотикалық әсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі және олардың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына айналады.
Мұндай өмір сүрудің енжар (пассив) формасынан тіршілік эволюциясының келесі кезеңі - жәндік-жануарлар дүниесі - айрықша сипатқа ие. Бұл кезеңдегі жалпы, ең қарапайым тіршіліктің даму барысында пайда болған бейнелеудің бастапқы формасы - сезу (чувствительность) екені жөнінде ғылымдық болжам бар (А.Н.Леонтьев). Бұл болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап әрбір тірі организге тән құбылыс - жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге жауап беріп қоймастан, биологиялық мәнсіз не "бейтарап" әсерлерге де, егер олардың өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, жауап бере алуы. Мұндай алғаш биологиялық маңызсыз, ал соң өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті - сезу деп аталады. Сезу құбылысы психиканың туындауында объектив биологиялық белгі қызметін атқарады.
Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар (сигналдар) тиісті мүшеге түсуімен бейтарап тітіркендіргіштерді де қабылдай алатын сезу қасиеті өмір (тіршілік) формасына түпкілікті өзгерістер енгізді. Ең бастысы, тіршілік иесі қоршаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, өсімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың (поведение) жеке-дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.
Тітіркену, сезу процестері тек біржасушалылар өмірін қамтамасыз ете алады, ал олардың көпжасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болатын тіршілікке бұлар жеткіліксіз.
Көпжасушалылар дәрежесіне өту - тіршілік жағдайын күрделендіріп жіберді: қоршаған ортадағы бағыт-бағдар таңдаудың белсенділік ролі артып, күрделі қозғалыстар мен қозудың жылдам жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Бұл көп жасушалылардың дене құрылымының күрделенуіне, тітіркенуді сезуге байланысты арнайы жасушалардың пайда болуына, бұлшық ет қысқарту-тарту жасушаларының түзілуі мен торлы - тармақты (диффуздық) сипатқа ие жүйке жүйесінің дамуына әкелді.
Мұндай жүйке көрінісін, мысалы, медуза, актиния және теңіз жұлдызшаларында байқауға болады. Бұл даму кезеңіне тән құбылыс: торлы жүйке жүйесіне орай қозу жүрісі бірқанша жылдамдасады. Бірақ, тіршілік дамуында ұнамды із қалдырғанымен, диффуздық жүйке жүйесінің кемшілігі де бар: қозу торлы жүйке тармақтарымен бүкіл дене бойлап теңдей таралады. Сондықтан сырттан келген әсерді қабылдап, өңдеп және бейнелеп танитын жетекші органның болмағанынан бұл деңгейдегі тіршілік иесінің әрекетқылығы шектеулі болатыны табиғи фактор.
2. Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығы
Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі ганглиоздық (белгілі нүктелерге топтасқан) жүйке жүйесінің пайда болуымен (ең алдымен-күрттарда) байланысты. Мұндай жүйке жүйесі жоғары омыртқасыздарда, соның ішінде жән-діктерде, күшті дамыды. Ганглиоздық жүйкенің туындауы және оның көмегімен күрделі әрекет-қылықтардың қалыптасуы - тіршілік эволюциясындағы өте маңызды ілгерілеу болды.
Енді қарапайым омыртқасыздардың (құрт) өздерінде-ақ, өткен кезеңмен салыстырғанда, жүйке жүйесінің түбегейлі басқа қүрылым принципін байқауға болады. Химиялық және сезімдік (тактилдік) қабылдағыш (рецепторлар) жүйке талшықтары жәндіктің бас жағында топтасқан, олар арқылы жәндік химиялық, жылу, жарық өзгерістерін және сыртқы ортадағы дымқылды қабылдайды. Бұл сигналдар бас жүйке нүктесінде (ганглий) өңделіп, осыған байланысты әрекет-қылық "бағдарламасы" дененің әр бөлігінде жайласқан жүйке тізбектері бойынша жайылады. Бұл арада торлы (диффуздық) жүйке жүйесінен мүлде басқаша жаңа принцип іске қосылып, жүйке жүйесі бір орталыққа бағынышты болды.
Әрекет-қылықтың бұдан кейінгі дамуы (эволюциясы) тыстан келетін әр түрлі бөлшектенген ақпаратты қабылдауға арналған арнайы тән тетіктерінің (аппарат) пайда болуымен және жануарға қоршаған ортаның тұрақты, біргелкі, бірақ өте күрделі жағдайларына икемделуге жәрдем беретін құрамды бағдарламалардың өрістеуімен байланысты.
Жәндіктер әрекет-қылығының көбі тумадан беріліп, нәсілдік жолмен ұрпақтан ұрпаққа өтіп тұрады, яғни инстинкттік әрекет-қылық формасына түседі. Мұндай тума қасиет бағдарламасы мыңдаған әулет өмірінде жүйеленіп, дене құрылымы құсап, бірден бірге ауысып барады.
Инстинкттік қылық белгілі, тұрақты жағдайларға байланысты әрекетке қосылатыны анықталды. Өмір жағдайлары мен оның қалыптасқан шарттары өзгеріске түсумен тума әрекеттер өз қолданымын таба алмай, "саналылығынан" айрылады. Жәндіктер әрекетіндегі тума ``инстинкттік`` бағдардың механикалық жаттанды екенін, даму барысындағы шартты өмір жағдайларына орай туындайтынын ғылым дәлелдеді.
Жәндіктердің бірдейіне өзгеріп тұратын қоршаған орта жағдайларында өмір жалғасын сақтауының себебі бар. Әдетте, олар шектен тыс сандағы тұқым салады. Дүниеге келген ұрпақтың азғана саны ғана жасау қабілетін алады, ал осының өзі-ақ жануар түрін сақтауға жеткілікті. Сонымен, жануардың инстинктті әрекет бағдарламасы санқилы шексіз тітіркендіргіштерді қабылдауға дайын емес, сондықтан олардың қоршаған орта әсерлерінің бәріне жауап беру (бейнелеу) мүмкіндігі шектелген. Инстинкттік денгейдегі болмысты бейнелеу - жеке әсер қасиеттерін немесе қасиет топтарын сезу қарапайым түйсіктік формаға ие. Ғылымда психика дамуының бұл кезеңін көптеген жануарлар түріне тән қарапайым сезімдік (сенсорлық) психика кезеңі деп атау қабылданған (А.Н.Леонтьев).
3. Жануарлардың дағдысы
Жануарлардың құрлықты өмір салтына өтуімен тіршілік жағдайлары да өте үлкен өзгеріске түсті, қоректену киындасты, орта қүбылмалы, осыдан ұдайы ауыспалы табиғат аймағында бағыт - бағдар алып жүру күрделенді. Мұның бәрі тума, көп өзгеріске ке-ле бермейтін инстинкттік қылықтармен қатар жаңа жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларының туындауын қажет етті Қоршаған ортада бағыт-бағдар таңдауды (ориентировка) күрделендіру қажеттігі, ауыспалы орта жағдайында жаңа жеке бағыт-бағдар таңдау мүмкіндіктерінің пайда болуы мен өзгерген жағдайларда жаңа дара икемделу қабілеттерінің орнығуы эволюциялық процесте бұрын тіпті болмаған жаңа жүйке тетіктерінің (аппарат) өркендеуіне келтірді. Бұл тетіктер енді сырттан сигналдарды қабылдап, өңдеп, дайын инстинкттік әрекетті іске қосып қоймастан, қабылданған ақпараттарды талдаудан өткізіп, өзгерген жағдайда қажетті жаңа жеке ауыспалы, дағдылы қылыққа орай жүйке байланыстарын түзіп отыратын болды.
Бұл қүрылым эволюциялық ұзақ жолды бейнелейтін тетік - бас миі еді. Жануарлардың бас миі бірнеше қабат деңгейден тұрады. Ең төменгі қабат ми діңіне орналасып, жүйке түйіндері (ганглий) формасында организімнің ішкі қалпын реттеп барады. Бұл жүйке формасы негҢзінен ең қарапайым тіршілік иелерінде ғана қалыптасып, тума, жай әрекеттерді басқарады, ал оның қасиеттік дәрежесі инстинкттік бағдар деңгейінің қызметінен ажыралуы шамалы, тіпті жоқ десе де болады. Мұндай түйіндік (ганглиозды) жүйке құрылымының мысалына бақа миі дәлел бола алады: ол қалыптасқан нәсілдік (инстинкт) әрекет-терді іске қосумен, тұрақты қылық (дағды) формаларын бағдарлайды.
Эволюциялық дамудың белгілі кезеңінде, аталған барша жүйке тетіктерінің жоғарысына, үлкен жарым шарлары жүйке жүйесінің келесі, ең жоғарғы деңгейі - бас миінің жаңа қабығы қосылды. Бас миы қабығының жәрдемімен іске қосылатын жеке ауыспалы қылық механизмі инстинкттік қылық тетігіне қарағанда анағұрлым күрделі. Ол күрделіліктің мәні: қоршаған орта шартына байланысты жануардың белсенді бағдар таңдауы нәтижесінде мәнді маңызға ие болып, өмірлік қажетті шарттардың пайда болуынан хабар еткен көп себептердің бірі (қорек, қатер) қоршаған ортадан жануар тарапынан бөліп алынып, ол жаңа байланыстар түзуге қатысып, хайуанның көздеген "мақсатына" жетуге, төніп келе жатқан қатерден сақтануға көмектесетін әрекет-қылықтың жаңа бағдарламаларын туындатты. Омыртқалылар әрекетіндегі мұндай икемдесудің жаңа формаларының қалыптасуы екі ерекшелікке байла-нысты. Біріншісі - бағыт-бағдар таңдау немесе іздену белсенді қозғалыспен біртұтас орындалады да, қажет болған ?оз?алыс түрін пайдалану сынама-байқау әрекеттерінің алдында емес, олармен бірге қалыптасады; екіншісі - жануардың бағдарлау әрекеттерінің сипаты мен қалыптасқан жаңа қылықтарының формалары бұрыннан келе жатқан, жануар тіршілігіне тығыз байланысты тума қозғалыс түрлеріне түбегейлі тәуелді.
Жануарлардың бұл қылық формасынан екі маңызды құбылысты байқауға болады: а) экстраполяциялық рефлекс (құбылыстың бір бөлігі бойынша жасалған қорытындыны сол құбылыстың екінші бөлегіне ауыстыра білу) және б) естің күрделі түрлерінің дамуы. Осыдан кейбір жа-нуарлар өз қылық-әрекетінде заттың тікелей қабылдануымен шектеліп қоймастан, сол заттың қозғалысын бақылай отырып, мүмкін болар өзгерісті алдын-ала тануға қабілетті.
Интеллекттік әрекет-қылықтың пайда болуына жағдай жасайтын және бір фактор - бұл қабылдау процесінің күрделене беруі мен ес беріктігінің ұлғайуы. Мысалы, бір көрген затын тышқан - 10-20 сек. дейін, ит - 10 мин. дейін, маймыл - 16-48 сағ. дейін есінде сақтау мүмкіндігіне ие екендігі дәлелденіп отыр (В.Келлер).
Интеллектуалды әрекеттің негізі, қазіргі заман зерттеулері бойынша, әрқилы заттар арасындағы күрделі қатынастарды танып, бейнелей алуда. Жануар (жоғары дамыған) табиғат нысандарының өзара байланыстарын сезе отырып, кезіккен жағдайдың нәтижесін алдын-ала білуге қабілетті (И.П.Павлов).
Сонымен, сүтқоректілерге тән интеллектуалды қылық-әрекет адам кейіптес маймылдарда ерекше дамуға жетісіп, психика өрістеуінің ең жоғары шегін белгіледі. Бұдан әрі тек адамға тән, жаңа типтегі, тіпті басқаша психика әлемінің - адам санасының даму тарихы басталады. Сананың пайда болуы - психиканы басқаратын заңдардың өзгеруімен өзектес. Егер тіршілік әлемінің барша тарихында психиканың даму заңдылықтарына басшылық еткен жалпы биологиялық эволюция заңдары болса, адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи даму заңдарымен түсіндіріледі.
4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:
1. Жануарлар әрекет-қылығының бәрі адам іс-әрекетінен өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажы-ралады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатқа болған инстинкттік қатынас шеңберінен аса алмайды.
2. Жануардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ.
3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліндегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсас. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу (сөйлеу) барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіктің бәріне бірдей қолданылады (коректі қажетсіну, үрку, қорғаныс ж.т.б.) да, инстинкттік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.
Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы - бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу.
Сана ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: 1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланысы жоқ. 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. 3) Жануар әрекет-қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық-тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру-үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.
Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік қатынастың пайда болуы.
5. Еңбек және сана
Адамның жануардан түпкі ерекшелігі: ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау ұқыбына ие. Қару дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттікпен (корек, жем қабылдау) ғана анықталмайды: бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән-мағынасы кейінгі аң аулауға керектігінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындаудың қажетті шарты бола тұра, сол білік (бол-жастыру) сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.
Қару дайындауға бағышталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттігін қанағаттандырудан әрі асқан емес. Ал қару дайындаушы адамның әрекет-қылығы күрделі сипатқа ие болды: тікелей қажеттік қанағаттан-дыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.
6. Тіл және адам санасы
Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қа-лыптасуына себепші болған екінші шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объекттер арасындағы қатынастарды бейнелейтін рәзімдер (символ, код) жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.
Тіл алғашқыда адамдарың еңбек процесінде қарым-қатынас жасау қажеттігіне байланысты қалыптасты. Бірлікті тұрмыстық іс-әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл-күй ғана емес, еңбекке байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажеттігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар және қарапайым дыбыстар болды. Тек көп мыңдаған жылдардың өтуімен дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті.
Тіл - заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де, еңбекпен қатар, сана қалыптасуының негізгі себептерінің бірі.
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:
- қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді;
- тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға (мәндес топтарға) жатқызуға көмек берді;
- тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы.
Тіл адамның саналы іс-әрекетінің барша саласына қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сана - өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана - бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады (А.В.Петровский):
1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі.
2) Санада субъект пен объекттің айырмашылықтары бекиді.
3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады.
4) Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты - тіл, сөз. Тіл - бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе немесе қоғам-дық сананы бекіткен ерекше объектив жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл - сол адамның нақты санасының көрінісі.
Қайталау және бекіту сұрақтары:
1. Тіршілік иелеріндегі психикалық бейнелеудің кезеңдері мен деңгейлері қай сипатта болды?
2. Инстинкттік әрекет формаларының сипаты, пайда болуы мен мүмкіндіктері қай дәрежеде?
3. Жануардың жеке ауыспалы, дағдылы әрекетқы-лығының пайда болу себептері қандай?
4. Интеллекттік әрекеттердің ерекшеліктері неде?
5. Жануарлар мен адам психикасының айырмашылықтары неде?
6. Адам санасының қоғамдық-тарихи сипаты қандай?
3-дәрісбаян
ТӘН МЕН ЖАН
Жоспары: 1. Ми құрылымы мен қызметі.
2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі.
3. Мидің іc-әрекет бағдарламасын түзу, реттеу және бақылау қызметі.
4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері.
1. Ми құрылымы мен қызметі
Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі мен құрылым ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән - адам миының құрылымымен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста болатынын білу қажет.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюция-сында - қарапайым бір жасушалы жануарлардан адамға дейін - қылық-әрекеттің физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы, бір жасушалы организмнің жалғыз-ақ жасушасы тіршілікке қажет барша қызметтерді (түйсік, қозғалыс, ас қорыту) орындай алды. Бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі болды. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қажеттікке орай жеке мүшелер және олар-дың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система) қамтамасыз етті.
Жүйке жүйесінің жалпы түзілімі барша омыртқалыларда бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі - жүйке жасушалары немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит - қозу қабылдау) және өсінділерден (аксон - қозуды жеткізу) құралады. Аксонның дендриттермен, не басқа жасуша денесімен байланысы синапс деп аталады. Синапс жүйке жүйесіндегі жаңа байланыстар механизмін түсіндіруде шешуші маңызға ие.
Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарылаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен жайласқан - арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет топтары, дем алу, қан айналымы, ас қорыту және т.б. жұмыстарды біріктіру). Бұлардан жоғарылау орталық жүйке бөлігі - күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын - орта ми жайғасқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді. Жарым шарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты - бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын маңда жатқан көру төмпешіктері мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты деп аталады. Ми қабығы қабық астымен қосыла рефлекторлық әрекеттің күрделі формаларын басқарады .
Бас миының бағаналы бөлігі күрделі де тіршілікке өте қажет шартсыз рефлекстік әрекеттерді басқаратын орталық. Сору, шайнау және жұтыну рефлекстері осы тетік құрамындағы сопақша мидің жауап әрекет орталығынан басқарылады. Кейбір қорғаныс рефлекстерін (түшкіру, жөтел, жас ағу) де осындағы жүйке іске асырады.
Орта мида көз бен құлақ қозуларын қозғалыс аймағына жеткізетін орталықтармен қатар к?з қарашығын тарылтатын жүйке тетігі жайғасқан. Сопақша мида орналасқан дем алыс, ж?рек-тамыр мүшелерінің қызметін, сонымен бірге организмнің ішкі құрылым тұрақтылығын сақтаушы басқа да органдардың жұмысын реттеуші орталықтар ерекше маңызға ие. Өте күрделі қызметтер мишыққа жүктелген. Бүкіл сүйек - бұлшық ет жүйесіндегі әрекет: жүру, жүгіру, секіру т.б. кезіндегі дене теңдестігін сақтауға орай барша бұлшық еттерді басқару - осы мишықтың міндеті.
Адамның саналы әрекетін реттеп, басқарушы орган - үлкен ми сыңарының қабығы, сондықтан да адам психикасы мен үлкен ми сыңарлары арасындағы байланыс, қатынас мәселесі - маңызды проблемалардан, осыдан ғылымда психикалық қызметтердің ми қабығында мекенді болу (локализированность) теориясы көтеріліп жүр.
"Психикалық қабілеттердің мекендігі" теориясын бірізді жолға түсіруге күш салған Ф.А.Галль (ХІХғ. басы) болды. Оның болжамынша, әртүрлі психикалық "қабілет-тердің" негізі (субстраты) осы қабілеттердің дамуымен өрбитін бас миы қабығындағы жүйке еттерінің (ткань) кішігірім ауданшалары. Осылай тұжырымдаумен, ғалым көптеген қасиеттердің мекенін белгілеп берді: мыс., адалдық, ұқыптылық, махаббат ж.т.б. Зерттеушінің пікірі: әртүрлі қабілеттер адам миында нақты мекеніне ие және ол мекенді бас сүйегіндегі шығыңқы томпақтардан байқауға болады.
Ми қабығындағы қызмет мекендігі туралы осы заманғы ғылыми түсінімнің негізін 1861 ж. сөйлеу орталығын ашумен француз ғалымы П.Брока қалады. Кейін, 1873 ж. неміс ғалымы К.Вернике сөз ұқпау (словесная глухота) орталығын тапты. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, сырқаттарды бақылаудың нәтижесінде ми қабығының шектелген ауданшаларының зақымдануы белгілі жан қызметтерінің жоғалуына әкеп соғатыны дәлелденді. Осыған орай бас миы қабығында нақты психикалық әрекетке жауапкерлі жүйке орталықтары белгіленді.
Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеу мүмкін. Бас миы аймақтары: ми сыңарларының сыртқы бөлігі - желке аймақ (қарақұс), ол алдыңғы тарапта төбе (еңбек) аймақтарына жалғасады. Алдыңғы, аумағы бойынша ми сыңарларының ең үлкен бөлігі - маңдай аймағы - адамда ғана жақсы дамыған. Осындай бөлектеулерге орай көру әсерлерінің анализі мен синтезі қабықтың желке аймағында (көру зонасы); есіту тітіркендіргіштерінің анализі мен синтезі - желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы); сезу және бұлшық ет-сүйек аппаратындағы тітіркенушілер - төбе (ең-бек) аймағының алғы бөлігінде орындалады.
Адам не жануар тіршілігінде қайбір тітіркену неғұрлым маңызды болса, бас миы қабығының соғұрлым үлкен бөлігі осы тітіркенуді беретін сезім органына "жұмыс" істейді.
Ал анағұрлым күрделі психикалық әрекеттерге байланысты ми қызметін бүтін, бір топ органдардың бірлігі, яғни күрделі қызметтік жүйе орындайды (П.К. Анохин).
Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдасуын жете түсіну үшін адам миы қызметі жөніндегі осы заманғы ғылыми деректерді білу қажет. Мұндай ұйымдасу принциптері көрнекті психолог-ғалым А.Р.Лурия тарапынан нақтыланған. Жантану үшін өте маңызды бас миы аппараттарының қызметімен байланысты бұл принциптер келесідей:
- Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші, өз әрекетінің бағдарламасын түзу мен олардың тиімді қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс етеді. Бірақ бұл аппарат өте күрделі әрі жете дараланған (высокодифференцирован) бірнеше бөліктерден тұрады, енді осы көп бөліктердің бірі өзінің қалыпты ісінен ауытқыса, бүтін аппараттың қызметіне зақымын тигізеді. Адам бас миында әдетте үш негізгі блок (тобы) байқалады, олардың әрбірі психикалық әрекетте өзінің ерекше маңызына ие. Олардың бірі - ақпарат қабылдап, өңдеуге; сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап баруға қажетті ми қабығының іс қуатына жәрдем береді. Екінші блок - адамға сыртқы қоршаған орта мен өз тәні мүшелерінен жетіп келген ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүргізеді. Ал үшіншісі - әрекет жоспарын түзеді, оның орындалуын реттеп, іске асырады және табысты нәтижеге жетуіне бақылау қояды. Аталған үш блок бас миының оқшауланған бөлімдерінде орналасып, олардың үйлесімді жұмысының арқасында ғана адамның саналы іс-әрекеті тиімді бағытта өтеді. Әр блоктың өзіне тән сипаттамасы бар. Бірінші блок - ми қабығына қуат беру (тонус) блогі, немесе энергетикалық блок.
Блок құрамына енген бүкіл тетіктер тобы (комплекс) ми қабығының қалыпты жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Оның мәні: қабықтың тұрақты қуаты, негізінен, екі себепке орай қолдау табады. Бірінші себеп: ми қабығының сергек (бодрствование) қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты ізін үзбестен, легімен келіп, еніп жатуы лазым: мұндай тысқы әсер болмағанда, жануар мүлги бастайды, не ұйқыға кетеді. Сонымен, ми қабығының сергектік көзі - организмнің шеткі аймақтарынан (периферия) түсетін тұрақты тітіркендіргіштер, ал бұларды жеткізетін мидың жоғары бағанасы.
Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз - бұл организмнің ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын - импульстер. Ми қабығында тіл, сөз араласуымен тек адамға қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттіктерді пайда етуші ақпараттарға орай туындайтын әрекет-қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие болған үшінші көз - бәсеңдеуші ретикулярлық формация. Бұл ми тетігінің жұмысы адамның саналы әрекетімен пайда болатын күрделі ниет, ұмтылыс, қажетсінуге байланысты.
2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
Сонымен, бірінші блок ми қабығының қуатын ғана қамтамасыз етеді. Ал енді әңгіме болатын, екінші блок сезім органдары сырттан жеткізген сигналдардың анализі мен синтезіне байланысты іс атқарып, адамға келіп түскен ақпаратты қабылдайды, өңдейді және сақтайды. Оның құрамындағы аппараттар бас миы қабығының артқы (еңбек, шеке, желке (қарақұс) бөліктерінде орналасып, бірінші блокта жоқ арнайы қызметтік сипатқа ие. Осы тетіктер жүйесі арқылы ми көру, есіту және сезу сигналдарын қабылдайды, өңдеп, бекітеді, алынған т?жҢрибенің іздерін есте қалдырады.
Қабылдаушы аппараттардан (рецептор) шыққан талшықтар осы бөліктерге жетіп, бітеді; осы арада келіп жатқан көру, есту және сезу (тактиль) ақпараттары жіктеледі, "тіркеуге" алынады. Бұл зонада күрделі болған құрылымда бас қосып, бірігеді және кірігеді. Шеткі сезім органдарынан талшықтар жетіп, тікелей байланысатын қабық зоналары алғашқы немесе құрастырушы аймақ деп аталады да, осы құрастырушы аймақпен жанасып, қабысатын ми қабығы зоналары туынды немесе құрастыру-байланыс түзуші (проекционно-ассоциатив) аймақтар аталған.
Сезімдік қабықтың алғашқы аймақтары арнайы қызметтік белгілерді (көру, есіту, сезу) жіктеп, талдайды, яғни келіп түскен ақпаратты мәнді бөліктерге бөлшектесе, қабық бөліктерінің екінші, туынды зонасы біріктіру (синтез) қызметін, немесе субъектке жеткен ақпараттың күрделі өңдеуін жүргізеді.
Талдағыш блок аппараттары алғашқы және екінші бөліктермен шектелмей, олардың жоғарысына қабықтың үшінші зона тетіктері қондырылған. Бас миы қабығының үшінші зонасы тек адамда ғана түзілетін арнайы ми қабығы құрылымдарының бірі.
3. Іс-әрекет бағдарламасын түзу, реттеу және бақылау ми қызметі
Бас миының үшінші блогі адамның белсенді әрекетінің бағдарламасын түзіп, оны реттеп және бақылап барады. Оның құрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөліктеріндегі маңдай аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қабылдау мен өңдеуден басталып, тиісті іс жоспарын түзіп, қажетті ниет қалыптастыру және түзілген іс-әрекеттік бағдарламаға орай тысқы (қозғалыс), ішкі (ой-ақыл) жұмыстарды орындаумен аяқталады. Бұл процестің іске асуы, керекті ниеттер мен ұмтылыстарды түзіп, сақтау және ниетке сай жасалған бағдарламаны орынды жерінде жүзеге келтіріп, бастапқы мақсат пен әрекет нәтижесін салыстыра, байқап бару үшін арнайы аппарат қажеттік етеді.
Аталған қызметтердің бәрі мидың алдыңғы бөліктері мен олардың маңдай шектерінде іске асып отырады. Мидың артқы бөліктері сияқты, алдыңғылары да төмен жайғасқан ретикулярлық формациямен тығыз байланысқан. Бұл арада қабықтың маңдай шектерінде туған импульстерді жеткізетін ретикулярлы формация талшықтары (өрлі және төмен бағыттағы) өте күшті дамып, шоғырланған. Осылардың арқасында қабықта қалыптасқан тілек-ниеттердің мазмұнына сай организмнің жалпы қалпы реттеліп, керек болса, өзгертіліп тұрады.
Маңдай аймағының зақымдануынан сырқаттар тілек-ниеттерін ұзақ уақыт сақтай алмайды, әрекет бағдарын ұмытып қалады, бағдарламаға тура болмаған импульстерге қарсы тұра алмай, әрекетті қажеттілікке орай басқара алмайды. Мұндай науқастар өз назарын алдында тұрған міндетке шоғарландыра алмай, ойын басқа бірдеңеге ауыстырып жібереді.
4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
Жан әрекеттері негізінде жатқан мидың күрделі жұмыс формалары рефлекстер (жауап әрекеттер) сипатында құрылған. Барлық рефлекстер екі үлкен - шартты және шартсыз - топқа бөлінеді. Шартсыз рефлекстер тума, көп өзгеріске келе бермейді, бас ми қабығынан төмен орналасқан жүйке жүйесінің бөліктерімен іске асырылады. Мұндай рефлекстер организмнің қоршаған ортаға икемделуін шектелген жағдайларға байланыстырып, аздаған тітіркендіргіштерге жауап күйінде, тұрақты сипатқа ие болады. Сондықтан шартсыз рефлекстер жәрдемімен сырттың ауыспалы әсерлеріне онша икемсіз келетін организм әрекеттері ғана бастау алады. Ал қоршаған орта жағдайлары өте көп өзгере беретіндіктен, олармен бірге ауысып тұратын басқа да жауап әрекеттер формасы өте қажет.
Организмнің тіршілік барысында (өмірлік тәжірибе негізінде) қалыптасатын жаңа өзгермелі әрекет - жауаптар формасы - шартты рефлекстер аталып, олар жоғары дамыған жануарлар бас миы қабығында жасалады. Шартты рефлекстер түзілуде организм үшін бұрын мәнге ие болмаған тітіркену әсері енді организмге тікелей маңызды басқа тітіркендіргіштің сигналына айналады. Бұған дейін бейтарап әсер енді жаңа сигналдық қызметке ауысады.
Шартты рефлекстердің жасалуынан мида бұрын болмаған, жаңа уақытша байланыстар қалыпқа түседі. Бұл байланыстар жоғары жануарлар мен адамдарда психиканың бас тірегі (субстрат) болған үлкен ми сыңарларының қабығында орайласады.
Шартты рефлекстердің жасалу заңдарын ашқан И.П.Павлов. Ғалымның зерттеулері нәтижесінде, шартты рефлекстер немесе тұйықталған уақытша байланыстар үлкен ми сыңарлары қабығының қызметіне негіз болатыны дәлелденді. Сондықтан бас миының қызметі тұйықтаушы әрекет деп те аталады.
Сезім органдарына әсер етуші тітіркендіргіш бас миы қабығының белгілі бір аймақшасын қоздырады. Бұл қозу бір орында бекіп қалмай, қабық бетіне, жақын жердегі қабық астына түгелдей жайылады (иррадиация). Бұл қозу иррадиациясы барлық бағытта бірдей болмайды. Бас миы қабығында нақ мезетте ең көп қозу болған орын, тұрақты қозу көзі - доминанта деп аталады. Егер бас миында тұрақты доминанта пайда болса, онда көрінген әрқилы әлсіз әсерлерден болған қозулар да осы күшті орталыққа қарай тартыла тарайды.
Шартты рефлекстердің түзілуі үшін бас миы қабы-ғының белсенді әрекеттік қалпы да өте қажетті, яғни организмнің жалпы сергектігі болған жөн.
Уақытша байланыстар тұйығы - ми қабығының біріктірушілік (синтезирующий) әрекетінің негізі. Сонымен бірге, шартты рефлекстердің жасалуы рефлекс туындататын әсерді бөліп тануға байланысты, яғни ми қабығы синтездік жұмыспен қоса талдау (анализ) қызметтерін орындайды. Осы шартты рефлекстер негізінде жатқан ми қабығының талдау-біріктіру (аналитико-синтетическая) қызметі организмнің өмір жағдайларына икемдесуін қамтамасыз етеді.
Шартты рефлекстерге байланысты және бір маңызды мәселе - бұл жүйке процестерінің жүрісі (динамика), Үлкен ми сыңарларындағы жүйке процестері нақты бір орында басталып, жүйке жүйесінің басқа бөліктеріне жайылады. Бұл құбылыс - иррадиация деп аталады. Таралу процесіне қарсы - жүйке процесінің бір орында шоғырлануы (концентрация). Жүйке процесінің екеуі де - қозу және тежелу - шоғырланады да таралады. Бұл үлкен ми сыңарларындағы жүйке процестері қозғалысының негізгі формасы болумен, тітіркендіргіш әсерлердің қуатына тәуелді келеді.
Жүйке жүйесінің қызметінде маңызды факторлардың бірі - жүйке процестерінің өзара индукциясы. Бас ми қабығының бір бөлігіндегі қозу төңірегіндегі ауданшаларда тежелу процесін туындатады (кері индукция). Ал белгілі пункттегі тежелу оны қоршаған аймақта өзіне қарсы қозу процесін пайда етеді (оң индукция).
Өмірдің табиғи жағдайында тітіркендіргіштер оқ-шауланып, дараланбайды. Әдетте, олар бір мезгілде не бір ізділікпен көрінеді. Қалаған әсер - тітіркендіргіштердің бір мезеттік тобы. Сондықтан қоршаған ортада үйлесім табу үшін ми көптеген әсерлерге бірдей жауап қайтару мен бір жүйені екіншісінен айыру мүмкіндігіне ие. Үлкен ми сыңарларының жеке тітіркендіргіштерді бүтін топқа біріктіре алу мүмкіндігі - бас ми қабығының жүйелеу қызметі деп аталады.
Ми қабығы жұмысындағы жүйеліліктің маңызды көрінісі - динамикалық стереотип немесе тітіркендіргіштердің белгілі тобына болған жауаптардың бүтін жүйесі. Ми қабығының жүйелі жұмысы күрделі әрекет түрлерінің орындалуына көмектесіп қоймастан, оған қоса жүйке байланыстарын түзуде үлкен үнемділікке жеткізіп, ұзақ уақыт есте сақтауға жәрдемін тигізеді.
Қайталау және бекіту сұрақтары:
1. Қарапайым тіршілік иелерінің жүйке құрылымы қандай?
2. Бас миы әртүрлі бөліктерінің атқаратын қызметтері қалай айырылады?
3. Психикалық қызметтердің бас миында мекенді болуы жөніндегі проблеманың мәні неде?
4. Ми бөліктері қызметтерінің тұтастық сипатын қалай түсіндіресіз?
5. Бас миы тетіктерінің қызмет принциптері қандай?
6. Адам бас миындағы қуаттау блогінің атқаратын қызметі не?
7. Ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау ми қызметі қалай орындалады?
8. Іс-әрекет бағдарламасын түзу, реттеу және бақылау ми бөлігінің сипаты қандай?
9. Ми қызметімен байланысты физиологиялық процестер қалай жүреді?
4-дәрісбаян
Психологияда қалыптасқан ғылыми
бағыт-бағдарлар
Жоспары: 1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы.
2. Батыстық психологияның бүгінгі жағдайы.
3. Ғылыми психология принциптері мен жалпы зерттеу әдістері.
1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы
ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттік) психологиясының дағдарысы қылаң берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.
Бұл дәуірдегі психологияның ?ар?ынды дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырауы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін (үңіле тану) қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.
Бихевиоризм - ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы - сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінім жатыр. ХІХ-ХХ ғ.ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмнің философиялық принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған затын баяндауы тиіс, ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет-қылықты зерттеуі керек деген негізгі тезис тұжырымдады. Бихеворизм теориясын қалаушы - Э.Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, "бихевиоризм" терминін енгізген - Дж. Уотсон.
Гештальтпсихология (немісше гештальт - бейне, құрылым, бір тұтас форма) - ХХ ғ. бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К. Левин. Гештальтпсихология механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Гештальттылар "элементтер психологиясына" қарсы әр-бір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды. "Гештальт" ұғымын алғашқы ендірген Эренфельд.
Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы - психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу еді. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді.
Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі - баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын интеллекттің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.
Фрейдизм Негізін австриялық психолог З.Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Фрейдизм ілімінің негізгі сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың ішіндегі ең бастысы - либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі өшпес келіспестік пен арпалыста дамиды, қалыптасады.
Қоғам өзінің шектеулерімен адамды күйзеліске түсіреді, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңіл шарпулары (аффект) және сезім көріністері (эмоция) айналма жолдармен невротикалық белгілер түрінде жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бірақ ұнамсыз болған-ды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ әзіл, т,б,). Осыдан З.Фрейд адам іс-әрекетінің бәрі объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзі сезе бермейтін астар санадағы ықпалдар (мотив) жетегінде жүреді деген тұжырымды бетке ұстайды.
2. Батыстық психологияның бүгінгі даму бағыты
Ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулі өзгерістерге кезіккен айтарлықтай маңызды теориялық бағыттар (необихевиоризм, неофрейдизм, геш-тальтпсихология) 60-жылдардың басында өздерінің бұрынғы абыройынан айрыла бастады. Бұл дағдарыстардың аса бір мәнді себебі - экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағында - когнитивтік психология, гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар шеңберінде адам санасын зерттеуге орай - нейро-физиология, нейроморфология, нейропсихология, қанат жайған және бір бағыт - бұл адам психологиясы еді.
Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивтік психо-логия болды. Когнитивтік психологияның көрнекті өкілдері - Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон.
Бұл бағыттың бұл күнде бірнеше салалары бар. Солардың ішінде ең танымал болғаны есептеу варианты, мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілетке ие тетік (аппарат) күйінде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл-күйі (эмоция) мен себеп-түрткілерін (мотивы), сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде көрінетіні жөнінде пікір пайда болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлау мен оның сөзбен не сөзден тыс берілетін бірліктері (компоненті) көптеген құрылымдық моделдерге келтірілді.
Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей қарсылығымен танылған ірі бағыттардың және бірі - бұл гуманистік психология. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты - бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист-психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты - өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу.
Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінің бірі А.Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынтаықласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік - адамдарға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды.
Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс.
Өз мүмкіншілігін ашудың (самоактуализация) мәні не? Маслоу пікірінше, бұл - тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманистік қажеттерді іске асыруда белсенділік көрсету. Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1) физиологиялық қажеттіктер, 2) қорғаныс қажеттіктері, 3) қорек-тағамдық қажеттіктер; осылардың бәрінен жоғары - адамгершілік (гуманоидтық) қажетсінулер, яғни 4) шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.
3. Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп-салдарлық) принципі, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.
Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи с?рыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы - түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың материалистік негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсетіп берді.
Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды.
Осы принцип негізінде қалыптасқан кеңес психологиясының және бір жаңалығы - қоршаған ортамен қатынаста тысқы дүниеге қарсы тұратын жай саналы адам емес, ол жасампаз, объектив дүниені белсенді қабылдаушы, керек болса өзгертуші адам. Әлеуметтік ықпалдарды қабылдау, мәдениет-руханият туындыларын игеру адамның сыртқы дүниемен белсенді араласуында, оның іс-әрекеті процесінде жүзеге келеді.
Психология теориясы мен практикасында детерминизм принципінің іске асуы психика дамуы, оқу мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды.
Психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен. Психика - ми қызметі деген материалистік тұжырымға арқа сүйей отырып, психология өз алдына психикалық құбылысты тудырушы ми қызметі механизмдерін зерттеуді міндет етіп қойды. Де-терминизм осыдан психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет - жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30-жылдары бастал-ды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол "іс-әрекет және сана назар аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік" - деп жазған.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің са-насыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт берді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы - ішкі құбылыс, ал әрекетті - сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады да.
Адамның ішкі де, сыртқы да әлемінің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте. Яғни психика ішкі де, сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүйе, ал іс-әрекет болса, осы психикалық жүйені өзіне қамтып, оның қызмет атқаруына нәр беретін шексіз әлем.
Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен енген. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л.С.Рубинштейн).
Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.
Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтін объекті - психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді (Б.Ф.Ломов).
Психология әдістері. Ғылым - ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заң-дылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылым-ның өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар (принцптер)келесідей:
1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;
2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет;
3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік-тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі;
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.
Әрқандай ғылым сияқты психология да қилы әдістердің тұтас жүйесін пайдаланады. Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:
Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.
Қайталау мен бекіту сұрақтары:
1. XІX - ХХ ғасырлар тоғысындағы психология дағдарысының себептері неде?
2. Бихевиористер психологиясының мән-мағынасы қандай факторлармен байланысты болды?
3. Адамның интеллект құрылымын зерттеген генетикалық психологияның кемшіліктері қандай?
4. Қоғам мен сана арасындағы қатынасты фрейдизм қалай түсіндіреді?
5. Когнитивтік психологияның мәні не?
6. Гуманистік психология адамның өз мүмкіндіктерін қалай дәріптейді?
7. Ғылыми психология принципі - детерминизм психиканың дамуы мен қалыптасуын қандай факторларға байланыстырды?
8. Іс-әрекет теориясын түсінуде сана мен іс-әрекет бірлігі принципінің рөлі қандай болды?
9. Даму принципінің түсінігі қандай?
10. Психологияның негізгі зерттеу әдіс топтары қалай аталады?
5-дәрісбаян
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоспары: 1. Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар.
2. Іс-әрекет құрылымы мен түрлері.
3. Еңбек.
1. Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар
Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады.
Адам іс-әрекетінің нәтижесі - нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам өзі және қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Іс-әрекет қоғамдық-тарихи категория. Қалаған жеке іс-әрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, әрбір тұлға - бас?а адамдармен қарым-қатынаста. Жеке іс-әрекет қоғамдық іс-әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара іс-әрекет жасалмайды. Сондықтан жеке іс-әрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс-әрекетінен тыс болуы мүмкін емес. Белгілі қоғамдағы іс-әрекет түрлері сол қоғамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс-әрекетте ғана адам қоғамдық тұлға, азамат болып танылады.
Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьекттің объектпен байланысы. Қан-дай да бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл-күй шарпулары (эмоция) туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниетұстамдары (установки) мен қатынастары ж.т.б. қалыптасады. Іс-әрекет қырларының ішінде психологияның зерт-тейтіні - іс-әрекеттің субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу деңгейі, түрі және формалары: сеп-түрткі (мотив), мақсат қою, ерік жұмсау, эмоциялар білдіру ж.т.б. Субъектке байланыссыз іс-әрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес.
Адамды барша тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке келтіретін күш - бұл қажетсіну.
Хайуанаттар әлемінде қажеттікті қамтамасыз ету белсенділікке мәжбүр ететін қандайда бір табиғи затқа байланысты (қорек, ін, қарсы жынысты түр, т.б.). Ал адам қажеттіктері өндіріс пен мәдениеттің даму салдарынан туындайды.
Адамның өз қажеттіктерін қамтамасыз етуде нақты қоғамда тарихи қалыптасқан тәсілдерді пайдалануы осы қажеттікті орындаудағы жеке және қоғамдық әрекеттің бірігуінен айқын көруге болады. Бұл сондай-ақ әрбір жеке адамның өзінің ең қарапайым қажеттіктерін қанағаттандыру үшін (қарын тойдыру) қоғамдық еңбек бөлісі нәтижелерін пайдаланады (шаһарлықтар ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруде, жинауда қатыспайды, бірақ өз өнімдерін айырбастау арқылы ауыл өнімдерін қажеттігіне пайдаланады).
Қажеттіктерді келіп шығу көзі және мазмұны бойынша бөлуге болады. Өз туындауына орай қажетсінулер табиғи (органикалық) және мәдени сипатқа ие. Табиғи қажеттілік адамға өз тіршілігін сақтау мен қуаттау және ұрпақ жалғасы үшін керек (тағам, ұйқы, суықтан және ыстықтан сақтану т.б.). Ал мәдени қажеттіктер объектіне қандай да табиғи қажеттіктерді іске асыру үшін қолданылатын заттар (шанышқы, қасық және т.б.), сондай-ақ басқа адамдармен қатынас үшін, қоғамдық өмірге араласу үшін керекті мүліктер.
Қоғамдық талаптар да мәдени қажеттіктердің сан алуандығына бастау береді. Әр топтарға араласа жүріп, жастар кең ауқымдағы мәдени қажетсінулерге ұшырай-ды: сәнді, заманына сай киімнен, кино кейіпкерлерінің суретінен бастап, мәнді әрі қызықты кітапқа дейін.
Мазмұндық сипаты бойынша қажеттіктер заттас-қан құндылық (тағам, киім, баспана, тұрмыстық мүліктер ж.т.б.) және рухани құндылық - қоғамдық сана өнімдеріне тәуелдіктен шығатын (ой, пікір алмасу қажеттігі, ақпарат қажетсіну, ән-күй тыңдап, сұлулықты сезіну керектігі ж.т.б.) құндылықтар болып бөлінеді. Алайда, қажеттілік өздігінен саналы әрекет туын-дата алмайды, болған күнде де инстинкттік не ойсыз қылыққа себеп болуы мүмкін. Мақсат бағдарлы іс-әрекет түзілуі үшін қажеттілік сол қажеттілікті қамтамасыз етуге керек болған затпен сәйкестендірілуі тиіс. Саналы танылған және қабылданған қажеттілік әрекет-қылықтың сеп-түрткісіне (мотив) айналады. Сеп-түрткі мен мақсат іс-әрекеттің бағдарын анықтайтын сілтеу-көрсеткіш қызметін атқарып, сол әрекетті орындауда субъектке керек болған күш-қуат мөлшерін де айқындауға жәрдемін береді, қалыптасатын психикалық процестер мен қалып, қасиеттердің бәрін жүйелестіріп, ұйымдастырады.
Осы сеп-түрткі ықпалдар адам әрекет-қылығының қозғаушы күші, себебі, объектив заңдылықты қажетсінудің психикалық бейнесі. Қажетсінуден адам әрекет-қылығы белгілі түрге, формаға енеді.
Бірақ, әрекетке келтіруші ішкі субъектив ықпал бо-ла тұрып, сеп-түрткі іс-әрекеттің нақты сипатын анықтап бере алмайды. Қандай да бір белгілі сеп-түрткіге орай туындаған іс-әрекеттің қандай күйде болатынын мақсат анықтайды. Бір сеп-түрткі негізінде әрқилы мақсаттар қойылуы мүмкін. Сеп-түрткі жалпы әрекетке итермелесе, мақсат нақты қызметті белгілейді. Сеп-түрткі әрекетке келтіруші қажеттілікке байланысты, ал мақсат - әрекет бағытталған және сол әрекет барысында өнімге айналатын затқа байланысты.
Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз сол іс-әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада (идеалды) болжау. Осы болжау, яғни мақсат, заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап барады. Мақсат, сонымен, алдын ала бейнелеудің құралы. Мақсат жеке орындалатын қызметке тыстан келіп қосылмайды, оны сол әрекетті іске асырушы адамның өзі белгілейді. Бұл процеске нақты адамның оқу, тәрбие барысында игерген қоғамдық тәжірибесі қосылады. Белгіленген мақсат қызмет барысында іске асады.
Мақсаттар жақын арада іске асатын не ұзаққа көзделген сипатымен бөлінеді. Егер адам тек жақын мақсаттарды басшылыққа алса, оның іс-әрекетінің келешегі болмайды. Мұндай адамдар тар өрісті, үлкен қиындықтарға төзімсіз келеді. Ал үлкен, ауқымды себептерді жетекшілікке алған адам өз жұмысының ізгі, басты мақсатына жету жолында жақын мақсаттарды керекті саты, кезеңдік міндет деп қарастырады.
Мақсат - сеп-түрткі өте жетілген әрекет-қылық реттегіші болып қоймастан, сол әрекет процесіне араласатын психикалық құбылыстарды белгілі жүйеде ұйымдастырушы да. Осы мақсат пен сеп-түрткіге байланысты қабылдаудағы таңдамалылық, зейін ерекшелігі, жадтағы (естегі) қажет ақпаратты жіктеп алу т.б. іске асады.
Іс-әрекетті психологиялық талдаудың нәтижесінде сол әрекеттің объекті болған заттар, әрекет шарттары мен құрал-жабдықтарының адам басында бейнелік құбылысқа айналып, осы құбылыс өз кезегінде әрекетті орындауға қатысатын дене мүшелеріне қалайынша жетекшілік ықпал жасайтыны айқындалады.
Іс-әрекеттің санадағы жоспары мен оның нақты орындалу процесі арасындағы байланыстың іске асуын әлі орындалмаған әрекет нәтижесінің саналық бейнелену табиғатын білуден қоршаған дүниеде орыны бар құбылыстар заңдылықтары ашылады. Адам осы заңдылықтарды аша отырып, өз іс-әрекетінде қолданады. Бұл жағдайда сыртқы заттасқан әрекет ішкі саналық әрекетке ауысады. Сыртқы нақты іс-әрекеттің саналық ішкі әрекетке айналуы интериоризация деп аталады.
Адам іс-әрекетінде сол әрекеттің ішкі және сыртқы мазмұны тығыз байланысқан. Сыртқы, затпен байланысты - қоршаған дүниеге ықпал етудегі адам әрекеті - ішкі (психикалық) әрекетпен анықталады да реттеледі.
Сыртқы заттасқан әрекетті әрдайым ішкі психикалық әрекеттің тысқы көрінісі (экстериоризация) деп қарастыру мүмкін, себебі адам өзінің нақты әрекетінде алдын ала санада жоспарланған ойды іске асырады. Сыртқы әрекет ішкі жоспар қадағалауында болады. Адам орындап жатқан әрекетін ойында бейне не ой түрінде қабылданған жоспармен салыстырып барады.
2. Іс-әрекет құрылымы мен түрлері
Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет өте күрделі, көп өлшемді де деңгейлі, ұдайы даму - өзгерістегі құбылыс.
Іс-әрекет - адамның қоршаған дүние-мен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүй-есі. Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып, объект күйіне енеді, ол іс-әрекеттің саналы қабылданған мақсаты болып табылады. Белгілі мақсаттың болуынан әрқандай белсенділікті іс-әрекет деп санауға болады. Ал іс-әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі - сеп-түрткі, іс-әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау - бірде сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы әбден мүмкін. Іс-әрекет қай деңгейде танылма-сын, саналы мақсат оның қажетті белгісі.
Жеке адамның әрекеті еңбек іс-әрекетінің қандай да бір көрінісі ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағытталған әрекет жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбектік іс-әрекет әрдайым белгілі өнімге арналатындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижені көздейді. Адам әрекетінің саналы әрі мақсатты болуы - адамның басқа жануарлар дүниесінен ажыралу белгісі. Іс-әрекет бағдарланған мақсат өзінің біршама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетісем дегенше адам бір-біріне байланысты, ізбе-із келетін әлденеше жеке міндеттерді орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер - операциялар деп аталады. Адам іс-әрекеті әрқилы және әр деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал осы жай бір міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-әрекеттің (деятельность) әрбір элементі - әрекет (действие) деп аталады. Затқа бағдарланған осы әрекет қимылдар (манипуляция) бірікпесінен жасалады. Олар - алу, орын ауыстыру, босату. Сапалық жағынан бұл қимылдар әлді-әлсіз, дәл-жаңсақ, жылдам-шабан, епті-епсіз, бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін.
Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде денені қалыпты ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Ал бұл қимылдар әрекеттің мақсатына, заттың қасиетіне және әрекет шарттарына байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуында қатысатын қимылдар өздігінен не бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға деген қатынасына қарай іске араластырылады. Ниет өзгерісі қозғалыс ауқымын да бұрып жі-береді.
Адам қимылының шын мәні мен жетілгендігі сол қимылды қажет еткен саналы әрекетке тікелей байла-нысты.
Әрекетті құрайтын ?имылдар тобы (жүйесі) белгіленген мақсатқа орай басқарылады және реттеледі. Адамның көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбей, ол ендігі орындалатын әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында іс-әрекеттің болашақтағы нәтижелік бейнесі не әрекетшең моделі болып із береді. Осы болашақтағы ниет бейнесі әрекеттің нақты нәтижесімен салыстырылады.
Әрқандай жаңа іске кірісуде адам істің орындалу тәсілдерін білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бүтін әрекетті де, оның элементтерін де ойланып, саналы бар-ластырып орындауына тура келеді. Ал бірнеше қайталай отырып, адам мақсатқа бағышталған әрекетті енді саналы күш-жігерін жұмсамай-ақ орындау мүмкіншілігіне жетіседі. Саналы әрекеттің орындалу барысында кейбір қимыл - элементтердің сана аймағынан шығып, өздігінен орындалуы - әрекеттің автоматтануы деп аталады.
Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті бірліктерінің автоматты түрде орындалуы - дағды атамасын алған. Бір міндетке байланысты әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-толғанбай, бүтін іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады.
Адамның қай әрекеті болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезімдік және саналық, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау және реттеу.
а) әрекет орындалуы - майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, қажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;
ә) әрекетке сезімдік бақылау - қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер бақылауымен ауысады, әрекет нәтижесін бақылауға қажетті бағыт-бағдар сараптау қабілеті дамиды;
б) әрекетті санамен реттеп бару - зейіннің әрекет тәсілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы.
Дағды қалыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие. Күрделі, бірақ бір типті дағдылар бір адамда жеңіл орнығып, екіншісінде қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағды қалыптастыру үшін жаттығулар саналы іріктеліп, әрекеттің тұтастай орында-луы немесе оның күрделі бөліктері арнайы қайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді.
Дағды әрекет мазмұнына орай әртүрлі болады:
1) қимыл-әрекеттік дағды (спортсмендер әрекет-терінің бекуі);
2) сезімдік (түр-түс тану, балалардың алғашқы әріп тануы ж.т.б.);
3) интеллектуалды дағдылар (есеп, оқу, жаттау ж.т.б.). Бұлардан басқа аралық дағдылар да айырылады: сезімдік-қимыл дағдысы (жазу, сурет салу, сызу); сезімдік-ой дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс істеу).
Әрқандай жаңа дағды адамда бұрыннан қалыптасқан дағдылар жүйесінде пайда болады. Олардың бірі жаңа дағдыға тірек, қолдау көрсетсе, кейбірі кедергі етеді. Осыдан дағды интерференциясы және дағды көшуі деген ұғымдар қалыптасқан. Интерференция - бұл дағдылардың өзара кедергілік әсері, яғни бұрыннан орныққан дағдылар жаңа дағдыға тежеу береді немесе оның тиімділігін кемітеді. Ал бұрыннан игерілген әрекет дағдыларының енді қалыптасатын қимыл-әрекеттерге ұнамды ықпал жасап, олардың орнығуын жылдамдатуы - дағдылардың кө-шуі деп аталады. Әрқандай жаңа әрекеттерді игеруде адам бұрынғы тәжірибесіне сүйенеді, сондықтан оның қалыпты ептіліктері жаңа дағдыларды жеңіл әрі жылдам қабылдауына жәрдем береді. Ал егер жаттығу қимылдары ұзақ мерзім қайталанып, орындалып бармаса, дағдылар бірте-бірте жойыла бастайды. Дағдылардан тыс, іс-әрекеттің қажетті бірлігі - ептілік. Ептілік - бұл білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Жаңа жағдайлар немесе жаңа объекттермен қатынасқа келе, адам өзінің бұрыннан игерген білімдері мен дағдыларын іске қосады, яғни осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу - көшпеуі ептілікке байланысты.
Ептіліктер өз мазмұнына орай дағдыларға қарағанда ауқымдырақ, себебі олар әрекеттің түрлі баламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Психологияда ептіліктің келесі түрлері анықталған: а) танымдық, ә) жалпы еңбектік, б) құрама-техникалық, в) ұйымдастыру-технологиялық, г) қызметтік-бақылау (Е.А.Милерян).
Қандай да бір әрекетті орындауға байланысты жай ептіліктер кездейсоқ еліктеуден қалыптасуы мүмкін. Ал іс-әрекет неғұрлым күрделенген сайын ептіліктердің пайда болуы білімге, объект мазмұнына, объект пен субъект арасындағы әрекеттік байланыстарды танып, салыстыра алуға тәуелді.
Автоматтасқан әрекеттердің және бір түрі - бұл әдет. Дағды мен әдет арасындағы негізгі ерекшелік: дағды - әрекетті сана қатысынсыз үйреншікті қалыптасқан қимылдар арқылы іске қосу, ал әдет - қандай да бір әрекетті орындауды қажетсіну немесе адамдық қасиетке айналдыру.
Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін бірі ауыстырып, өзара тығыз бай-ланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және еңбек. Олар бір-бірінен іс-әрекеттің ақырғы нәтижесі, ұйымдасуы және сеп-түрткілері бойынша ажыралады.
Ойын - өмірдің тамаша құбылыстарынан, бір қарағанға пайдасыз, бірақ өте қажетті іс-әрекет. Адам ойынының мәні - дүниені бейнелей отырып, оған өзгеріс ендіруге ұмтылу. Адамның осы қабілеті алғашқыда ойында пайда болып, осы ойында қалыптасады әрі орнығады.
Ойын және еңбектік іс-әрекеттің арасындағы айыр-машылық әрекетке болған қатынастың ерекшелігінде. Ойын барысында адам өз қызығуы мен қажетсінуіне орай әрекетке келеді, ал еңбекке адамды оның қалауы емес, практикалық мүддесі мәжбүрлейді. Ойын қатысушылары қандай да тұрмыстық не қоғамдық қажеттікке тәуелді емес, ал еңбекке байланысты іс-әрекет орындап жатқан адам, мысалы, дәрігер, сырқатты емдеуде өзінің кәсіби не қызметтік міндеттерін атқарады, ал бала "дәрігерлікті" қызықтаудан, сол кәсіпті ұнатудан ойнайды. Ойын арқылы бала өз мүмкіншіліктеріне орай қажеттіктері мен талаптарын іске асырып барады. Ойынға байланысты бала нақты жағдайды өз санасында қиялға айналдырып, сол си-туациядағы сезімдері мен эмоцияларын іске қосады. Белгілі рольді ойнай отырып, бала бөтеннің болмысына түсіп қана қоймастан, өз болмысын байқатады, кеңейтеді, тереңдете түседі. Осылай бала өзінің тек қиялын ғана дамытпай, ойлау, ерік, тіпті жеке адамдық қасиеттерін баули түседі. Ойындық іс-әрекет бала тілінің шығуымен қарқынды дами бастайды, осыдан сәби қоршаған дүние ортасынан өз "менін" бөлектеу қабілетіне жетіседі.
Оқу басқа адамдардың өткендегі жинақтаған тәжірибесінің қорытылған нәтижелерін үйренуге бағышталады. Адамзат бұл үшін өсіп келе жатқан әулет өмірінің ерекше кезеңін белгілеп, оқудың арнайы да негізгі іс-әрекеттігін танытатын жағдайларды жасады.
Әрбір адамның өмір бойы бірізді ауысып отыратын іс-әрекеттерінің ортасында оқу өз орнын иелеп, ойыннан кейінгі, еңбектен алдыңғы процестік мағынаға ие болады. Оқу ойыннан түбегейлі ерекшеленіп, еңбектік іс-әрекетке жақындасты. Оқу барысында еңбек процесіндегідей адам тапсырмалар орындайды, талаптарға бойсынады, міндет-термен байланысқа келеді. Оқудағы жалпы нұсқаулар мен талаптар енді ойындық емес, еңбектік сипатқа ие болады. Оқудағы негізгі мақсат - бұл адамды болашақтағы дербес еңбек қызметіне дайындау, ал міндеті - өткен әулет тәжірибесінің жалпыланған нәтижесін ұғу, игеру. Оқу - мұға-лім ұсынған білімдерді енжар қабылдап қана қою емес, оларды саналы еңбек процесінде өзіндік құрал дәрежесінде пайдалану үшін белсенді игеру.
Оқу құрылымы келесі бірліктерден тұрады: төңі-ректегі заттар мен құбылыстардың қасиеттері жөніндегі ақпараттар, яғни білімдер; іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын тәсілдер мен қимылдар, яғни дағдылар, іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына орай тәсілдер мен қимылдарды дұрыс таңдауға арналған ақпараттарды қолдана білу, яғни ептіліктер.
Оқу іс-әрекеті қалыптасуының негізгі шарты - балада білім, ептілік және дағдыларды игеруге деген саналы сеп-түрткілердің оянуынан. Бала дамуына қоғамдық ықпал жасаушылар - әрдайым ересектер. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін бала әрекет-қылығы мен іс-әрекетін бағыттауға арналған белсенді процесс - оқыту деп аталады. Ал осы процестің жеке адам қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруға бағытталуы - тәрбие ұғымын туындатты.
3. Еңбек сипаты
Еңбек - белгілі нәтижеге жету үшін бағытталған, белгілі мақсатқа орай ерік күшін қосумен реттелуші мақсат бағдарлы, саналы іс-әрекет. Басты ниетке байланысты нәтижеге жетісу шарасы болумен бірге еңбек - жеке адам қалыптастырудың негізгі жолы да. Еңбек процесінде субъект өнімі ғана пайда болып қоймастан, сол субъекттің өзі де осы еңбекте кемелденеді. Еңбектенуден адам қабілеті дамиды, оның мінезі тұрақтанады.
Еңбектік қызметтің психологиялық ерекшеліктері ең алдымен оның қоғамдық пайдалы өнім жасауға бағытталған іс-әрекет болуында. Еңбек процесіндегі әрекеттердің бәрі тұтасымен ең соңғы кезеңге, қорытынды нәтижеге тәуелді болуы еңбектік сеп-түрткілерге өзіндік сипат береді: мақсат іс-әрекеттің өзінде көрінбей, оның өнімінен байқалады. Ал еңбектің қоғамдық бөлшектенуі бұл ерекшелікті айқындай түседі. Әрқандай адам өз қажеттігін қанағаттандыру үшін барша заттарды өндіре алмағандығынан басқа тұлғалардың қоғамдық қызметінің өнімімен байланыста болады.
Еңбек желісінде тек еңбек құралдары (техникасы) ғана емес, адамның сол еңбекке деген қатынасы да үлкен мәнге ие. Адам еңбегінің сеп-түрткілері де нақ осы қатынастан. Адамның еңбекке бағытталған субъектив қатынасы санада бейнеленетін объектив қоғамдық қатынастарға тәуелді.
Әрқандай нақты іс-әрекеттегідей, еңбекте адамның барша қасиеттері мен сапалары қатысып, көрініс береді. Әрқандай еңбек түрінде өзіне сай еңбек құралдары қолданымын таба білуі қажет, адам міндеті - сол құралдарды қолдану тәсілдерін игеру. Ал бұл үшін жүйелі білім мен дағдылардың ролі күшті.
Адамның әрқандай даму кезеңдеріне сай еңбек әртүрлі болады. Бүгінгі нақты іс-әрекет ендігі іс-әрекеттің дайындығы: тиісті қажеттіктер дамиды, танымдық мүмкіндіктері мен әрекет-қылық ерекшеліктері ашылады. Осы-ған орай психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі ұғымы қалыптасқан. Қай жас кезеңінде болмасын іс-әрекеттің үш түрі де (ойын, оқу, еңбек) өз маңызына ие, бірақ белгілі бір кезеңде олардың әрқайсысына деген қажетсіну әртүрлі, өзіндік мазмұнға ие. Ал осылардың ішінде жас кезеңіне байланысты бала психикасына маңызды өзгерістер енгізіп, ондағы танымдық процестер мен жеке адамдық қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасай алатыны ғана іс-әрекеттің жетекші түрі деп есептелінеді.
Жетекші қызметпен шұғылдану барысында субъект дамуымен қатар келесі жас кезеңіне сай жаңа жетекші іс-әрекет қалыптасып барады. Осы жетекші іс-әрекет түрімен айналыса, адам өзінде әлеуметтік ортамен болатын жаңа қатынас-тарды, жаңа білімдер қоры мен оларды игерудің әдістерін үйреніп, өзінің танымдық аймағы мен психологиялық құрылымын өзгеріске келтіреді. Бұл тұрғыдан іс-әрекеттің барлық түрлері де теңдей мәнді де маңызды.
Қайталау және бекіту сұрақтары:
1. Адам белсенділігінің мәні неде?
2. Іс-әрекеттің қоғамдық категория болуының негізі неде?
3. Іс-әрекетке байланысты психология нені зерттейді?
4. Адамды іс-әрекетке бағыттаушы күш - қажеттілік, мақсат, мотивтерін қалай түсінесіз?
5. Іс-әрекеттің мақсаты деген не?
6. Психологиялық процестің динамикасы дегенді қалай түсінесіз?
7. Заттық әрекет пен саналық әрекеттің арақатынасы қандай?
8. Іс-әрекет құрылымына байланысты қандай теориялық пайымдаулар болады?
9. Іс-әрекеттегі әрекет, қимыл-қозғалыстардың мәні неде?
10.Әрекет пен ниет байланысы қандай?
11.Іс-әрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар?
12.Ептіліктер деп қандай әрекеттерді атаймыз?
13.Әдеттің қалыптасу негізі неде?
14.Негізгі әрекет түрлері арасындағы пен айырмашылықтардың сипаты қандай?
15.Оқу әрекеті құрылымының бірліктері қандай?
16.Еңбек - әлеуметтік категория дегенді қалай түсінесіз?
17.Адамның еңбекке бағытталған субъектив қатынасының объектив қоғамдық қатынастарға тәуелділігін қалай түсінесіз?
18."Іс-әрекеттің жетекші түрі" ұғымының мағынасы неде?
6-дәрісбаян
АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоспары: 1. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.
2. Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі.
3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі.
1. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік
Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен кү-діктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топ-тық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, на-зардан тыс қалады, еленбейді. Адам аралық қатынастардың ерекшелігі - олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқа-шан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәнгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады.
Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Көп жағдайда адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспестік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп - бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік-саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор - бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады.
Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе алады ма, не сезбейді ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу).
Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондай да қарсыласын түбелегін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.
Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.
Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар - түзілмес еді.
Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері баршаға аян.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні - адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. ДенҢ сау, көңілҢ көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әпәдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күй-де түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік - қалыпты қатынастар орнығуына кері әсе-рін тигізеді.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін - оның даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі.
2. Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байла-ныстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейіп) әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлар-дағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі "Ат кісінесіп, адам сөйлесіп" дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.
Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен танып, дұрыс бағасын беріп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен мотивтерін айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бәрін өз қажеттіктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз қатысқан адамдары-мыздың әртүрлі тұрмыстық жағдайлардағы әрекет-қылығын күні бұрын болжастыра алсақ, оның мінез-құлығын қажетті бағытта басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене құрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.): астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар - көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар - көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді; ал атлетиктер - ұстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер - адамның қажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының сеп-түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.
Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-әрекетіне болған қатынасынан байқауына болады. Өз әрекеттері мен сол әрекеттерге берген басқалар баға-сын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.
Іс-әрекетте нәтижеге жетісе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен әр жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс таңу, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р.С.Немов).
Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс таңу. Оның мәні: адам төңірегіндегілерді өзіне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге таңады, оның қылық-әрекетін түсінгісі келіп, өзін сол адамның орнына қоя салады.
Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен.
Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс - жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөлектері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.
Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтау мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ - әрдайым өтірікшіл, мәдениетті - ой-өрісі кең, қайырымды - үйіршең, сенгіш, өшпенді адам - әрқашан тұйық, күмәншіл келеді.
Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейінгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл - жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынада: әрбір адам санқилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді.
Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жеке-дара және кәсіби ерекшеліктер көп роль ойнайды. Қайырымды, мейірман, серлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, басқалардан әрқашан жақсылық қасиеттерді іздестіруге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көпшілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабілетсіз келеді.
Кең әлеумет ортасында жүрген кәсіп, қызмет иелері (педагог, дәрігер, экономист, саясаткер, әдебиетші, өнер адамы) төңірегіндегілерді дұрыс бағалап, қасиеттеріне сәйкес қабылдай біледі.
3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі
Бірін бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді.
Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір істерге байланысты ой-өрісі мен ептіліктерінің мүлтіксіз жұмыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабілетім жеткілікті дегендей жаңсақ ойдың арбауында қалып қояды да, нәтижеде назарға алған адамы жөнінде қате пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де, мойындамайды. Мұның түпкі себебі - заттар мен жан дүниелі адамдарға болған қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.
Субъектив қателіктің мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғаны мен естігеніне сеніп қалады, ал көз бен құ-лақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл-күйінің жағ-дайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдауымыз біздің өзіміздің сол мезеттегі жан толғанысымыз, көңіл шарпуымыз бен қажетсінуімізге байланысты келеді. Осы тұрғыдан адам бағалауда өз сезімің мен пікір пайымдауына да толығымен сене беруіне болмайды.
Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүм-кін. Ал адам өзінің бақылау астында екенін сезсе, өзінің әдеттегі, қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады. Бақылаушының өзі де нақты жағдайларға орай өз әрекетінің формасын өзгертеді. Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен әрбір адам өзін ұстамдылықпен, болжамы нақты де-ректермен айқындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнінде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн.
Қателіктердің және бір тобы жалған қарапайым-дылықтан келіп шығады. Мұндай қателік өзін өзі шын мәнінде кім екенін білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегі жандар төңірегіндегілердің ішкі жан дүниесі мен әрекет-қылығының мәнін түсінуге қабілеті жетпегенінен, өзін дүниеден хабарсыз, не болса, соған сенгіш кейіпте танытып, кім болса, соның арбауына түсіп кете береді.
Қайталау және бекіту сұрақтары:
1. Адам аралық қатынастардың пайда болу және даму себептері неде?
2. Адамдар арасындағы қатынастардың түрі қандай?
3. Остранизм деп адамдар арасындағы қай қатынастарды атаймыз?
4. Қатынастардың эмоционалдығын қалай түсінесіз?
5. Жеке және ресми қатынастар айырмашылығы неде және олардың өзара ықпалын қалай түсінеміз?
6. Үйлесімді қатынастардың мәні не?
7. Қарама-қарсылықты қатынастар төркінінде не жатыр?
8. Амбивалентті қатынастар мазмұны неде?
9. Альтруист болған жақсы ма не қажетсіз құбылыс па?
10. Адам аралық қатынастарға ықпал етуші факторлар қандай?
11. Адамның өзін-өзі сезінуі неге байланысты?
12. Адамдар қауымдастығының түзілу себебі неліктен?
13. Адам аралық қатынастардың орнығуы мен түзілу себептері қандай?
14. Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінісуіне себепші факторлар қандай?
15. Адам үшін өзін-өзі танудың қандай маңызы бар және ол қалай жүзеге асады?
16. Адам образын жасау тәсілдері қандай?
17. Таным мен түсінісудегі қателіктер неліктен туындайды?
7-дәрісбаян
ТІЛДЕСУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоспары: 1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік.
2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу.
3. Сөз (сөйлеу) қызметтері.
4. Сөйлеудің түрлері
1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгіме еткенбіз. Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс - бұл тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б. өзара бөліседі, алмасады. Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде қабылдануымен, субъект белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді. Тілдесу қызметінің нәтижесі - өзгертілген, болмаса қайта жасалған дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы.
Тілдесу (сөйлеу, сөйлесу) - біргелікті іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы негізінен әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құ-райды. Тілдесудің екінші тарапы - сөйлеушілердің өзара ықпалы. Үшінші, тарапы - тіл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бірін бірі қабылдап, өздерінің психологиялық бейнесін түзуі.
Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интеракативті (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін бірі қабылдап, түсінісуі). Осы үш, бір біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін құрайды.
Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістері оған қатынасқан адамдардың әлеуметтік қызметтерімен, қоғамдық қатынаста тұтқан орынымен, қандай да қауымға мүшелігімен анықталады.
Іс-әрекетпен біртұтас байланысқан тілдесу арқылы адам бүкіл қоғам жаратқан тәжірибені игереді.
2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
Тілдесудің жеке адам деңгейіндегі сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның қызметі үш түрге бөлінеді: ақпараттық тілдесу, реттеу тілдестігі және сезім білдіру тілдестігі. Осыдан тілдестік қатынастың үш түрлі мазмұны ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал және адамдардың бірін-бірі түсінуі.
Коммуникативтік процесте, біріншіден, ақпарат бір жақты біреуден біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы. Егер осы ақпарат тілдесу барысында түсінімді қабылданса ғана, тілдескен адамдар үшін өз мәнділігіне ие болады.
Екіншіден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір біріне ықпалды әсер ете алуына байланысты келеді.
Үшіншіден, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал тілдесуге қатысқандардың тіл жүйесіндегі таңбаларды теңдей таныса ғана пайда болады.
Төртіншіден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тіл қатынастары кедергісіне ұшырауы мүмкін. Бұл, бір жағынан, әңгімелесушілердің өзара сүхбат өзегін түсіне алмауынан, яғни әртүрлі көзқараста, нанымда, пікірде болуынан, екінші жағынан, кедергілер сөйлесушілердің даралық психологиялық бітістерінен немесе екеу арасындағы тілдесуге мүмкіндік бермейтін адам аралық қатынастардың белең алуынан туындайды.
Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Біздің қолдануымыздағы бұл таңбалар - дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу процесі санамен реттеледі де, өз кезегінде, адамдар арасындағы тілдесуде қалыптасады. Сананың негізгі қызметі болмысты орнектермен бейнелесе, сөз бен тіл сол болмысты арнайы қабылданған таңбалармен белгілейді. Сөйлеу - әрекеттегі сана мен ойдың көрініс формасы.
Сөйлеу - тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы және тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грам-матика ережелеріне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды.
Тіл - сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі, ал сөйлеу - ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік қолданымы.
3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
Сөз негізінен екі қызметті атқарады: коммуникативтік, сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді, қылықтық күйін білдіретін аффектік "тілінен" ажыралады. Сөздің бұл қызметі - сигнификативтік қызмет деп аталады. Осы қызмет нәтижесінде адам әртүрлі заттардың бейнесін жанама түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзі жоқ болған кезде де олармен іс-әрекеттік қатынасқа түсе алады.
Сөз арқылы заттарды талдап, олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастырамыз. Осыдан сөз дерексіздендіру (абстракциялау) мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздің бұл екінші қызметі "сөз мағынасы" терминімен белгіленеді. Сөйлесудің және бір қызметі - коммуникативтік - өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бірігіп, сөз және сөйлем формасына келуінен әлі сөйлеу (баян) шықпайды. Сөйлеу - заттық негізі бар мағына болғанда ғана іске асады. Әрқандай сөздің (сөйлеу) белгілі зат жөнінде баяны бо-лып, екінші біреуге бағытталса ғана, өзінің коммуникативтік қызметіне сай болады.
Адам тіліндегі көңіл-күй (эмоция) көрінісі үлкен маңызға ие. Сөзді тек ақыл-ой көрінісі деп тану оның өрісін өте тарылтып жібереді. Сөзде, әсіресе оның ауызша түрінде көңіл-күй танытатын көптеген сөйлеу бірліктері қосылады: іркініс, ырғақ, әуен; жазба түрінде - тыныс белгілері, сөз орыны ж.т.б.
Сөз бір нәрсе жайында баяндаумен бірге ықпал жасау құралы да болып қызмет етеді. Ол тікелей әрекет-қылықты өзгертпегенімен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезіміне қандай да өзгеріс ендіреді.
Сөйлеу процесінің негізгі тірегі - түсіну, түсінісу. Сөз (сөйлеу) қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөйлеу тілдесуге арналған және тілдесуде пайда болатын - әлеуметтік өнім.
4. Сөйлеу түрлері
Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам ара-лық қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазба болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық болып бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында. Тіл қатысынсыз және заттасқан тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі.
Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді.
Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар (лекция) ж.т.б.). Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлері бірнеше рет іштен қайталанады, жоспары қайта түзілістерге түседі, орынды сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер іріктеліп, таңдалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудің жоспары жазбаша түзіледі. Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы бір ізді, қатаң логикалық талаптарға бағынады.
Қалаған ақпаратты екінші адамға жеткізу үшін таңбалар не таңбалар жүйесін қолданамыз. Осыған орай тілдестік қатынас процесінде вер-балды (таңба ретінде - сөз, баян) және вербалды емес (таңба ретінде - сөзден тыс белгі, ишаралар) байланыстар қолданылады.
Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Мұндайда сөйлеу - лексикалық және синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесін түсінеміз.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір біріне деген ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бірі бірінің іс-әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Тілдесудің мазмұндылығы, оның барысындағы әңгімелесушілердің бір-біріне ықпал жасауынан көрінеді. Бұл орайда әңгімелесуге негіз болған сеп-түрткілер, тілдесу мақсаттары мен ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие.
Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру - қозғалыс жүйесіне байланысты өз ішіне ым, ишара, пантонима ж.т.б. қамтыған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің (бет, бас, қол ұшы, иық ж.т.б.) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді.
Вербалды тілдесуге "қосымша" ретінде паралин-гвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс ырғағы, әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз барысындағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.
Сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу барысында өте маңызды жәрдемші (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мәнісін күшейту не кемітумен бірге, әңгімелесуге қатысқандардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен бірге қолдана отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың өзара байланысты қызмет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Тілдесудің адам өміріндегі маңызы қандай?
2. Тілдесудің мәні неде?
3. Тілдесу процесінің қай бағыттарын білесіз?
4. Тілдесу және жалпы іс-әрекет арақатынастары қандай?
5. Тілдесу әрекетінің сипаты немен анықталады?
6. Тілдесу қызметтері қандай және олардың әрқайсысы қандай ерекшеліктермен сипатталады?
7. Коммуникативті процесс белгілері қандай?
8. Тілдесудегі ақпарат жүйесін таңбалау дегенді қалай түсінесіз?
9. Тіл мен сөйлеудің айырмашылығы неде?
10. 10.Сигнификативтік қызмет дегенді қалай түсінесіз?
11. 11.Сөйлесу қызметін атқаруға ықпал жасаушы факторлар қандай?
12. Сөйлеу түрлері және олардың жеке сипаттары немен ажыралады?
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АЙМАҒЫ
8-дәрісбаян
ЗЕЙІН
Жоспары: 1. Зейін жөнінде түсінік.
2. Зейін түрлері.
3. Зейінннің физиологиялық негізі.
4. Зейіннің негізгі қасиеттері.
1. Зейін жөнінде түсінік
Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет.
Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объектті күні бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет.
“Зейін” сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объекттердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қойюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың сана-мыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс-әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдай-дағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады.
2. Зейін түрлері
Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан, әдетте, зейін ырықсыз және ырықты болып екі түрге бөлінеді. Ырықсыз зейін - ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар (пассив), еріксіз деп те атайды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тәуелсіз туындайды әрі әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды өзінің қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Ырықсыз зейіннің пайда болу себептері әртүрлі, олар іс-әрекет иесінің дене-тәндік, психофизиологиялық және психикалық кейіп-қалпымен байланысты келіп, өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияға келтіріп қарастыру мүмкін.
Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқындылығы (интинсивность).
Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосындылығы (необычность) да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын білмеген, көрмеген зат, құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдейіне ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаған тітіркендіргіштерді танимыз.
Адамның көңіл-күйіне, мұқтаждық-қажетсінуіне сәйкес тысқы тітіркендіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды.
Зейін себептерінің, төртінші тобы тұлғаның жалпы бағыт-бағдарына байланысты. Адамның бағыт-бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңызды себептері бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді өзгеріске түсіретін заттар, жағдайлар, құбылыстар.
Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп те сипатталады. Ырықты зейіннің басты қызметі - психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп бару.
Ырықты зейін себептері биологиялық емес, әлеуметтік: ол тәнмен бірге берілмейді, сәбидің ересектермен қатынасқа келу барысында қалыптасады. Ырықты зейін дамуы сөз, сөйлеумен тікелей байланысты.
Сапалық жағынан ырықсыз зейіннен үлкен айырмашылығы болғанымен, ырықты зейін де адам сезімдері, қызығулары және бұрынғы тәжірибесі мен саналы белгілеген мақсатына орайлас келеді.
Мақсат бағдарлы, бастапқы еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір түрін атау мүмкін. Бұл зейін түрінде адам толығымен іс-әрекетке шомады, оған енді әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып көрінеді. Мұндай зейін түрі оқулықтарда "үйреншікті зейін" атауымен баламаланған. Қай іс-әрекет болмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа түсіріп, зорла-нуға душар ететіні белгілі, ал кейін үйрене келе, дағдыланудан әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның өзі де адамды өзінен өзі баурап, ерік күшін қосуды қажет етпейді, өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді.
Үйреншікті зейін өзінің ұзақ уақыт тұрақтылығы, үстемелі ақыл-ой қызметімен және жоғары еңбектік нәтижесімен сипатталады.
3. Зейіннің физиологиялық негізі
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.
Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз ток (электр) қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік, белсенді (қатерлену) сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін.
Зейін маханизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстің рөлі өте күшті. Бұл құбылыстың негізі - адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті.
Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған ор-та арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік) мүше-лерінің икемдесу әрекеті жатады. Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері күшті бол-ған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіздеу процесті басып, психикалық іс-әрекеттің бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч.Шеррингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И.П. Павлов кең қолданған жүйке процестерінің индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөлектерінде тежелу пайда етеді (бір мезгілді индукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукция). Нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзіледі.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. Доминантаң түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшейе түседі.
Мақсат қою мен оны нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуы бірінші және екінші сигналдық жүйкелердің өзара ықпалды байланысына тәуелді.
4. Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиеттерін айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі кіреді. Түрақтылық - зейіннің уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгілі бір нысанға көзделу мерзімінің ұзақтығын аңдатады. Түрақтылық - перифериялық (шеткі) және орталық жүйке факторларына тәуелді.
Зейін тұрақтылығының ең бір мәнді шарты - назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкіндігінің болуы. Қандай да бір нысанға бағытталған зейіннің тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген нысан дамуда болып, өзінің жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажетті.
Егер де зейін барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрініс тапса, онда қандай да ақыл-ой жұмысы болуы мүмкін емес.
Зейіннің шоғырлануы - оның белгілі бір нысанға бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты (Н.А.Ухтомский).
Зейіннің бөлінуі деп адамның өз зейінінің ауқымында бір уақытта бірнеше әртүрлі нысандарда ұстай алу қабілетін түсінеміз. Осы қабілетіне орай әр адам бір мезгілде бірнеше әрекеттерді өз зейінінде ұстап, орындау мүмкіндігіне ие. Зейіннің ауысуы зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы және байыпты өтуін білдіреді. Зейіннің ауысу қа-сиетінен біз қоршаған ортаның өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам бағыт-бағдар тауып отыру мүмкіндігіне иеміз. Зейін ауыстырудың жеңіл не қиын болуы әр адамға әртүрлі болып, белгілі шарттарға тәуелді келеді.
Зейін көлемі - ерекше құбылыс. Адам бір уақытта әртүрлі заттар жөнінде теңдей ойлап, әрқилы жұмыстар-ды орындауы мүмкін емес. Осыдан сырттан келіп жатқан ақпараттарды адам өзінің өңдеу мүмкіндіктеріне орай топ-тап, жіктейді. Сондай-ақ, адамның бір уақытта өзара бай-ланысы жоқ бірнеше нысандарды қабылдау мүмкіндігі де шектеулі. Осы шектер арасын танып, қабылдауы - адам зейінінің көлемін білдіреді.
Зейіннің алаңдаушылығы - бұл зейіннің бір нысаннан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркендіргіш әсерлердің ықпал етуінен туындайды. Алаңдау сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы алаңдаушылық - субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Зейіннің ішкі алаңдауы көңіл-күй, толғаныс нәтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады.
Зейіннің шашыраңқылығы деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз. Шашыраңқылықтың екі түрі белгілі: жалған және шын.
Жалған шашыраңқылық - адамның бір іске өте беріліп, өзін тікелей қоршаған заттар мен құбылыстар әсеріне елеңдемеуі. Мұндай шашыраңқылық әсіресе шығармашылық жұмыстармен шұғылданатын адамдарда көп кездеседі. Адамға көп нұқсан келтіретін зейіннің түрі - шын шашыраңқылық. Мұндай құбылысқа кезіккен адамның өзі ырықты зейінін қандай да бір затқа не әрекетке ба-ғыттап, тоқтата алуы қиындайды, оның көп ерік күшін жұмсауына тура келеді. Зейін шашыраңқы адамның ырықты зейіні тұрақсыз, алаңдауға берілгіш келеді. Шын шашыраңқылықтың физиологиялық себебі - ішкі тежелу күшінің кемдігінен. Шын шашыраңқы зейіннің себептері әртүрлі: 1) жүйке жүйесінің жалпы зақымдануы; 2) қан аздылық; 3) мұрын, тамақ сырқаттарынан миға оттегінің жеткілікті келіп түспеуі; 4) дене мен ой шаршауынан; 5) көңіл-күй күйзелістері.
Шын шашыраңқылықтың және бір себебі - мидың күшті әсерлерге көп душар болуынан, тұрақты қызығулардың кемдігінен де болады.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Зейін дегеніміз не?
2. Зейіннің адам өміріндегі маңызы қандай?
3. Зейіннің санаға байланысты қызметтері қандай?
4. Ырықсыз зейіннің өзіндік сипаты немен белгіленеді?
5. Ырықты зейіннің ерекшеліктері неде?
6. Үйреншікті зейін деп қай құбылысты атаймыз?
7. Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындайтын факторлар қандай?
8. Зейіннің негізгі қасиеттері қандай?
9. 10.Зейін шашыраңқылығы қандай себептерден туындайды?
9-дәрісбаян.
Т Ү Й С І К
Жоспары: 1. Түйсік түсінігі.
2. Түйсіктердің физиологиялық негіздері.
3. Түйсік түрлері.
4. Түйсіктер қасиеті.
1. Түйсік түсінігі
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
Түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш (анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше,мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие: тері қабатының дірілі, тамыр тартылуы, тері жиырылуы, ал кей кездері көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
3. Түйсік түрлері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратылады.
Түйсіктердің ең ірі және маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған: интероцептік, проприоцептік, экстероцептік.
Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілерден әрі өте қарапайым түрі.
Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қатамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік (афференттік) негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі (перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген. Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге, ерекше қасиеттерге ие теңдестік және тұрақтылық түйсіктері де кіреді.
Экстероцептік түйсіктер қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсік-тер тобы шартты түрде аралық (дистантные) және түйісу (контактные) түйсіктері деп аталған екі бөлікке жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы (аффектті), толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б.); 2) эпикритикалық - жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.
4. Түйсік қасиеттері
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшелік-терімен ғана ажыралып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қар-қыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.
Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.
Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі (пространственная локализация) де тән қасиет. Әрқандай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу (контактные) түйсіктері тітіркендіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді.
Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне бай-ланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 11000 шамаға тең жарық сигналын байқайды.
Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады.
Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді. Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты өзге-ріп отырады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және т.б.).
Икемделу (адаптация) құбылысы. Ескеретін жәйт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады. Біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Осыдан, сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз.
Түйсіктердің өзара ықпал жасау қасиеті Түйсіктердің қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу деңгейіне тәуелді болып қалмастан, бір уақытта сезім мүшелдігіне әсер етіп жатқан басқа да тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі - түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады. Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер талдағыштар сезімін жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді.
Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы - сенсибилизация деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді (А.Р.Лурия): 1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъект кейіпіне, фи-зиологиялық не психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады. Синестезия құбылысы - ағза талдағыштарының өзара тұрақты байланыстылығы мен объектив дүниені бейнелеудегі сезімдер тұтастығының және бір дәлелі.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Түйсік пен қабылдаудың арақатынасы қандай?
2. Түйсік қызметін қалай түсінеміз?
3. Түйсіктер табиғатына орай қандай теориялар қалыптасқан?
4. Түйсіктердің рефлекторлық сипатын қалай түсінесіз?
5. Түйсік түрлерінің ажыралуы неге байланысты?
6. Түйсіктердің қандай жалпы қасиеттерін білесіз?
10-дәрісбаян.
Қ А Б Ы Л Д А У
Жоспары: 1. Қабылдау түсінігі.
2. Қабылдау қасиеттері.
3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.
4. Қабылдау формалары.
5. Бақылау және қабылдауға тәрбиелеу.
1. Қабылдау түсінігі
Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.
Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Психикалық қабылдау процесі - субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті.
Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады.
Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады.
Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.
2. Қабылдаудың қасиеттері
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.
Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдауда заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.
Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды. Мысалы, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді.
Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғы-мас қалпында бейнеленеді.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.
Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы - иллюзия (алдану) салдарынан.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау - галлюцинация деп аталады.
3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
Қабылдау рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.
Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.
Қүрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.
Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.
4. Қабылдау формалары
Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнеленгенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.
Кеңістік нысандарын қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық - көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі .
Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілет аккомодация (көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды.
Уақыт та - материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын - уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.
5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады.
Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесінде көрінеді. Бақылау - бұл қабылдау объектіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен, жоспарлы және ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, зерттеп бару.
Бақылау - адамның қоршаған дүниені сезімдік тануының белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекет ретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрі түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді Дайындық барысында аса қажет жұмыстар: бақылау міндетін түсініп алу, бақылау барысында орындалатын талаптарды жете тану, күні бұрын бақылаудың жоспары мен әдістерін анықтап алу. Бақылауда бақылаушының белсенділігі зерттеу барысындағы ойлау қабілеті мен жедел қимыл әрекеті үлкен маңызға ие. Затпен айналыса, оған араласа, қатынас жасай отырып, адам бақылаудағы нысанның көп қырлары мен сырларын түбегейлі біле алады. Затты жан-жақты әрі кең бақылау нәтижесінде зерттеуші анық, сонымен бірге жүйелі жұмыс белгілеп, бақылауындағы нысанның әрі бөлігін белгілі тәртіпте бірінен соң бірін қарастыру мүмкіндігіне жетіседі, осыдан ешнәрсе көзден таса қалмайды, бұрын қабылдап, танығанына қайта оралып, уақыт оздырмайды.
Бақылау ісіне болған адам қатынасы үлкен мәнге ие. Ұзақ жаттығудың арқасында бақылағыштық қабілет дамиды, яғни адам бір көргенге көзге түспейтін, онша қажет еместей көрінетін заттың майда ерекшеліктерін байқауға үйренеді. Бақылағыштық қасиетті дарыту мақсатында келесі жаттығуларды орындау қажет: әртүрлі заттарды және олардың тараптарын салыстыру; зат бөліктері арасындағы байланыс пен өзара ықпалына назар аудару; бір қарағаннан заттар мен құбылыстардың көбірек қасиет, сапаларын қамту; елеусіз өзгерістерге де мән беріп, назар аудару; қабылданатын заттың мәнді тараптарын айыру.
Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелілік; жоспарлы болуы т.б. Адам өмірі мен қызметінің барша саласында бақылағыштықтың маңызы үлкен. Ал адамның бұл қасиетінің қажетті деңгейде болуы үшін оны балалық жастан ойын мен оқу барысында тәрбиелеп бару керек.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Қабылдау процесінің мазмұндық сипаты қандай?
2. Қабылдау құбылысына байланысты қандай қасиеттерді атай аласыз?
3. Қабылдау физиологиялық тұрғыдан қалай түсіндіріледі?
4. Қабылдаудың күрделі формаларымен байланысты құбылыстар қандай?
5. Бақылау мен қабылдаудың өзара байланысының мәні неде?
11-дәрісбаян
Е Л Е С жқне Е С
Жоспары: 1. Елестер табиѓаты.
2. Ес жөнінде түсінік.
3. Ес теориялары.
4. Ес түрлері.
5. Ес процестері.
1. Елестер табиѓаты
Ќабылдауда болатын сезімдік бейнелердіњ жасалуынан санада µз алдына ерекшеленген жања психикалыќ ќ±рылым – елестер пайда болады.
Елес – б±л адамныњ µткен тєжірибесіне негізделіп, болмыс затыныњ санадаѓы ќайта жалпылай жасалѓан психикалыќ бейнесі.
Елесте заттыњ барша бітістері мен белгілері терењдей жарќын, дєлдікпен наќтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздіњ іс-єрекетімізбен байланысты келсе, онда алѓы шепке нысанныњ біздіњ єрекетімізге тікелей ќажет, мањызды тараптары шыѓарылады, ќалѓан т±стары б±лыњѓыр к‰йінде ќалады.
Елестер ќабылдау т‰рлеріне орай бµлінеді (кµру, есту жєне т.б.)
Елестердіњ негізгі ерекшеліктері:
елестер ќабылдаудаѓыдай кµрнекі келеді, біраќ м±ндаѓы бейне к‰њгірттеу;
елеске т‰скен бейнеде заттыњ бµлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;
елесте єрдайым жалпыланѓан бейне саќталады (тау елесі, мысалы, ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша тауларѓа тєн белгі – биік шоѓыр);
бір зат жµніндегі єр адамныњ елесі жеке-даралыќты келеді. Б±л адамдардыњ т±лѓалыќ сапа-ќасиеттерініњ µзіндік ерекшелігінен болады;
елес кµрнекі-бейнелі бола т±рып, біз ‰шін ќандай да жалпыланѓан танымдыќ, білім ќызметін атќаруы м‰мкін;
т‰йсік жєне ќабылдау ‰дерістеріне ќараѓанда елес сатысы анаѓ±рлым жоѓары дењгейлі келеді;
елес ойлау ж‰йесініњ ќ±рамды бµлігі, ой азыѓы – есте саќталѓанды елес к‰йіне келтіріп алѓаннан соњ ѓана, біз оны жан-жаќты талдауѓа салып, наќтылай бастаймыз.
Т±лѓа µміріндегі елестіњ мањызды болуыныњ жарќын дєлелі – б±л адамдардыњ шыѓармашылыќ µнері. Шыѓармашылыќ єрекеттіњ ќай т‰рі болмасын µз бастауын осы елестен алады. Ќ±лаќтан ќалып, есту т‰йсігінен айрылѓан єйгілі Бетховен єн-к‰й µрнек елестерін µзініњ мєуелі шыѓармашылыѓыныњ с‰йеніші еткен.
Эйдеттік (грек. eidos – бейне) елес – ырыќсыз бір кµрінгеннен есте ќаларлыќ толыќ та жарќын елес.
Персевераттыќ (лат. Perseveratio – табандылыќ) елес – б±л ќандай да елес бейненіњ ырыќсыз, ойдан шыќпай, ќайталана еске т‰се беруі.
Елестер – ес ќалыптасуы мен дамуыныњ басты шарттарыныњ бірі.
2. Ес жөнінде түсінік
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжіри-бемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақ-тап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауы-мыз ес деп аталады.
Сонымен, - бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъект жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Естің жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С. Выготский есімімен байланысты. Ол естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді (П.И. Зинченко).
Зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жа??ырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкеліқ механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан - алуан. П.Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақ-ты ізi; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.
Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.
Қысқа мерзімді ес объектив оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады.
Ұзақ мерзімді ес. Ұзақ мерзімді ес - жадта сақтау ж?йесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі - шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі - материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
3. Ес теориялары
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты "топталған не тізбектелген" (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі - олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі - қарама-қарсылыққа негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі - себеп-салдарлы қатынастардан туындайды (каузальдық ассоциация).
Естің нейрондық теориясы - адам мида жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістер зањдылыќтарынан туындаѓан. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидің электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолай ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі - қоздырушы, екіншісі - тежеуші. Қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда бол-ды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклейн қышқылының молекуласымен орындалады. ДНК а?за?а тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерҢлген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Мсыалы: планари құрттары бірі бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған (Д.Мак-Коннел).
4. Ес түрлері
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезімдіқ, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес - ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты - қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік (оперативная) естер ажыралады.
Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекет ептілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен "бармағынан өнер тамғанынан" көрінеді.
Эмоционалды ес – сезімге негізделген ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе жағымсыз оқиғалардан сақтандырады. Адам көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.
Бейнелі ес - елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт-бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтырады.
Сөздік-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біз-дің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әртүрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен (маѓыналы) не сөзбесөз қалтқысыз қайталануымен (механикалы) жүзеге асуы мүмкін.
Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Бул ес түрі адамға ғана тән қасиет. Сөзді-логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді.
Іс-әрекет мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс - ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжіри-бесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Нақты қызметтік ес (оперативная память) адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет бөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса, ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін. Қызметтік естің жоғары деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.
5. Ес процестері
Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы - ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру.
Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны. Адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Ырықты есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл -ой әрекетін пайдаланады.
Егер алға осы міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орында-лып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Біздің жүйелі білімдеріміздің көбі арнайы әрекет-шаралардың нәтижесінде пайда болады, жинақ-талады. Мұндай ниетті әрекеттің басты мақсаты - қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай әрекет мнемикалық (мнема - ес) әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орны-ғады. Ал мағыналы ес материал бөлшектері арасындағы ішкі логикалық байланыстарға негізделеді. Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды керек етеді; ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.
Түсінімді және берік есте қалдырудың шартта-ры. Материалды түсініп, ұғу үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы - мәтіннің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының логикалық бірізді тізбегі құрылады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді.
Материалды ұғудың пайдалы әдісі - салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендегілермен салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.
Материалдың түсінімді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды нақ-ты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп бару қажет.
Есте берік қалдырудың жолы - қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау белсенді және әртүрлі болуы лазым
Қайталаудың әртүрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың өмірмен, күнделікті тұрмыстық практикамен ұштасып баруы есте қалдырудың толыққандылығын қамтамасыз етеді. Қайталау уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты қайталау екі әдіспен орындалады: жинақты және бөлшектенген. Бірінші әдісте материал бір отырыста жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Ал бөлшектенген қайталауда мәтіннің әр оқылу арасы бірқанша уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат үнемделеді, білім игерілуі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға тырысады, бірақ жиі қайталаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін, формасын, әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға қосып барады.
Психологияда жаттау әдістерінің 3 түрі аталған: тұтастай, шамалап, аралас. Бірінші әдіс: материал мәтіні бастан аяқ, тұтастай бірнеше рет, толық игерілгенше қайталанады. Екіншісінде - материал бірнеше бөлікке ажыратылады да, әрқайсысы өз алдына бірнеше қайталанып, жатталады. Аралас жаттауда тұтастай игеру және шамалап есте қалдырумен материал элементтері біріктіріледі. Бүтін материал алдымен толық, көлеміне орай бір не бірнеше рет оқылады, кейін қиын тараулары бөліп алынып, өз алдына жатталады, ақырында бүтін мәтін қайтадан толық жаттауға түседі.
Есте қалдырудың нәтижелі болуы материал сипатына да тәуелді. Көрнекі-бейнелі нысан жалаң сөзден гөрі тәуір есте бекиді; мағыналы ұштасқан мәтін жеке, байланыссыз сөйлемдерге қарағанда оңай жаңғыртылады. Түсіндірме (объяснительный) мәтіндермен салыстырғанда суреттеме (описательный) мәтіндер оқушылар есінде тез орнығып, ұзақ сақталады.
Табысты есте қалдырудың және бір тиімді жолы қажет материалды жүйелестіре білу, яғни есте қалды-руға керек болған заттарды қандай да белгілері бойынша топқа жіктеп, біріктіру, мысалы, түріне, көлеміне, формасына, оқиғалардың өту уақтына т.с.с.
Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт аралығында жадта сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық (қозғалмалы) және статикалық (тұрақты) түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметтік (оперативная) есте орын иелеп, ал статикалық - ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтауда жат-талған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.
Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысанды тану сол объектті қабылдау кезінде көрінеді, яғни объекттің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиял елестері негізінде іске асырылады.
ОбъектҢнҢ тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты дәл біле алмай, тек шырамытуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда байқалады.
Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі,бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен. Сүрақтар тыњдаушыны негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтіндері арасындағы уақытша байланыстарды (ассоциация) қоздырып отырады. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру - бұл әр-қашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыбайластық немесе қарама-қарсылық байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішіне жаңғыртылуы тиіс материалға (нысанға) қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді.
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі - уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақтылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту аралығында психологияда "ес деңгейлері" деп аталған тану кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) та-ну есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Егер уақыт өтуімен шәкірт жаттағанын түгелдей жаңғырта, айтып берсе, ең жоғарғы естің болғаны; егер жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқушы жаттағанын өз бетінше кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап, айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.
Ұмыту материал құрылымын түзуде, яғни жоспарлауда, оның кейбір мәнді бөлшектерін назардан тыс қалдыруда, жаңа жаттағандарын ескілерімен шатастыруда көрініс береді.
Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әртүрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме - бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіре, жадқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.
Ес бұзылысы кейде өткендегі оқиғаларды да қайта тіктей алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен ке-ңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі.
Кейбір жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұ-зылуынан да көрінеді: адам белгілі бір уақыт аралығында тәп тәуір жаттап, материалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айырыла қалады. Мұндай сырқатқа шалдыққандар кейде оқыған, білгендерін түбелегін түсіре, тәптіштеп айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені есіне түсіре алмай, қиналады.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Қандай психикалық құбылысты ес деп атаймыз?
2. Естің қызметтік сапасына орай түрлері қандай?
3. Ес теорияларының әрқилы болуының негізі неге байланысты?
4. Жадта қалдыру, қайта жаңғырту үшін орындалған әрекеттердің сипатына орай ес қандай түрлерге бөлінеді?
5. Есте қалдыру формалары қандай?
6. Берік есте қалдыру үшін орындалатын шарттар қандай?
7. Тану және қайта жаңғыртудың мәні және олардың ерекшеліктері қандай?
8. Ұмыту деген не және ол қандай себептерден туындайды?
9. Ес бұзылысы неден көрінеді?
11-дәрісбаян
О Й Л А У
Жоспары: 1. Ойлау жөнінде түсінік.
2. Ойлау формалары.
3. Ой операциялары.
4. Ойлау әрекеті түрлері.
5. Ойлау және жеке адам.
1. Ойлау жөнінде түсінік
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған заттың ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастар-ды ашу - ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді. Ойлаудың міндеті кездейсоқ сәйкестіктерден ажыратып, нақты заңдылықтарға негізделген мәнді, қажетті байланыстарды танып, аша білу, оларды қорытындылап, жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желісі, жанама байланыстар мен қатынастарға негізделген объектив шындықтың қорытындысы.
Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмен тығыз байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсінеді, дүниені өзгерте, қайта жасай отырып, оның мәнжайын тереңдей айырады. Осыдан ойлау әрекетпен немесе әрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейді, әрекет ойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған жерде ойлау процесі де жоқ. Іс-тәжірибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдігінің негізі де, ақырғы нәтижесі де. Ойлау процесінде қандай да бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпыланған түрде мәселе шешімдерінің принциптері айқындалып, практиканың болашақта кезігетін міндеттерінің орындалу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жоспар түзіледі.
2. Ойлау формалары
Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да үғымға сүйенеміз. Ұғым дегеніміз - зат немесе қүбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой.
Ұғымды сөзбен жеткізуге болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі теңдес емес: 1) бір ұғымның өзін түрліше сөздермен айтуға болады ("самолет", "аэроплан") 2) бір сөздің өзі кейде әр түрлі ұғымдарды білдіреді: "Ат" - есім, "Ат" - жануар. 3) бір ұғымның өзі әр тілде "әрқандай" сөздермен беріледі (орысша - хлеб, қазақша - нан).
Заттар және құбылыстар олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы ойды біз пікір формасында білеміз, мысалы: "далада жаңбыр жауып тұр": "оқушы есепті шешкен жоқ". Осыдан, пікір дегеніміз ойлау формасы, мүнда бір нәрсе не мақүлданады, не теріске шығарылады. Пікірде, көбінесе, ұғымның мазмұны ашылады.
Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қортындылары деп аталады.
Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту.
Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз - жалпы ережеден жеке қорытынды жасау.
Қорытынды пікірге келудің екі түрі де - индуктивтік те, дедуктивтік те - адамның айналадағы дүние туралы білімін кеңейтуге көмектеседі.
Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп, ал дүрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Логикалық ойлауға түскен қүбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдарлары катесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дүрыстығын теріске шығаруга болмайтыны пікірлерде (теорема, аксиома) көрсетіледі.
3. Ой қызметтері
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін орындайды. Бұл нақты қызметтер (операция) өзара байланысқан, бірі-біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілері: талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, дерексіздендіру (абстракция), нақтылау және қорытындылау.
Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтін-нен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау - әрқандай затты практикалық қажетікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Талдау практикалық (ойлау - сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой операцияларына ұштаспаса онда ол қате, механистік сипат алады.
Біріктіру - бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет-қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады.
Талдау мен біріктіру ажыралмас бірлікте. Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ие болған зат қана талдануы мүмкін. Біріктіру де талдауға негізделеді: қандай да бөліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін, осы бөліктердің өзін және олардың белгілерін талдаудан танимыз. Ойлау барысында талдау мен біріктіру бірін-бірі ауыстырып, кезекпен алғы шепке шығып тұрады. Талдаудың не біріктірудің ойлау кезінде қажет болуы материал сипаты мен орындалатын жұмыстың шарттарына, сондай-ақ адамның ақыл-ой қабілетіне тәуелді.
Салыстыру - бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті. Салыстыру түрлері келесідей: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша, толық болмаған); 2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт және тереңдей; 4) тікелей және жанама. Салыстыру белгілі бір байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс-түр, салмақ, ұзындық немесе уақыт). Іс-әрекетті терең әрі дәл тану үшін аса қажет ойлау қасиеті - бұл ұқсас әртүрлі заттардың айырмашылығын, өзара бөлек заттардың - ортақ, ұқсас тараптарын сезіне білу.
Дерексіздендіру (абстракция) - бұл зерттеліп жатқан нысанның қандайда бір белгісін бөліп алып, қалғандарын елемеу. Дерексіздену, яғни бір сапаның заттық негізінен бөлініп қаралуы талдау нәтижесінде жүзеге келеді. Дәл осы дерексіздендіру арқылы ұзындық, ендік, сандық, теңдік және құндылық т.с.с. түсініктері қалыптасқан. Дерексіздендіру - танылуға қажет нәрсенің ерекшелігі және оны зерттеуде қойылған мақсатқа тәуелді күрделі процесс. Аталған ойлау қызметінің жәрдемімен адам жалқы әрі нақты заттың шеңберінде қалып қоймай, көп заттарға ортақ жалпы ұғым пайда етуге мүмкіндік алады.
Нақтылау - ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Адам әрдайым нақтылауды айтылған пікір басқаларға түсініксіз болса, жалпыланған қасиет, белгіні бір нәрсенің мысалында дәлелдеу қажеттігі туындағанда пайдаланады.
Қорыту - заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда біріктіру. Мысалы, алма, алмұрт, өрік және т.б. ұқсастықтан олардың бәрін бір "жеміс" деген түсінікпен арнайы топтық категорияға қосамыз. Ой әрекеті қандай да нәтиже топшылауға бағышталады. Бірқатар заттардағы белгілі қасиеттер тобының әрбір жеке заттарда қайталанып келуі, олар арасында қандайда маңызды байланыстың барлығынан хабардар етеді.
Қарапайым қорытындылау нысанның жеке-дара, кездейсоқ белгілеріне негізделеді. Объекттің әртүрлі тараптары бойынша жан-жақты қорытындылануы тек (вид) және түр (род) белгілерінің нақты ажыратылып, заттың белгілі бір түсініктер жүйесіне келтірілуімен байланысты.
Аталған ой іс-әрекеттері өзара байланыссыз, дербес іске аспайды. Бұлардың негізінде жоғары деңгейдегі топтастыру (классификация), жүйелестіру (систематизация) қызметтері жатыр. Әрбір ойлау әрекеті өзіне сәйкес ақыл қызметіне арқау болады да адам ойының белсенділік, әрекетшең, шығармашылық жаңғырту қабілетінің сипатын баса танытады.
4. Ой әрекеті түрлері
Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру (классификациялау) проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.
1. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері - дискурсивтік: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.
2. Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық; 2) нақты тұлға ой-өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы - дайын білімдер мен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.
3. Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әркеті теориялық және практикалық болып бөлінеді. Теориялық ақыл-ой (интеллектуал) әркеттері іске асырылуы тиіс практикалық іс-әрекеттердің бастауы, негізі. Әрқандай теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі тума біткен деп сипатталды.
4. Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі - шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1) затты-әрекеттік; 2) көрнекі-бейнелі; 3) сөзді-логикалы болып түрленеді.
Затты-әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды (ситуацияны) жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді.
Көрнекі-бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі жан-жақты көрініс береді. Бұл тұрғыдан көрнекті-бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді.
Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөзді-логикалы ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады (мысалы, құн, адалдық, мақтаныш т.с.с.). Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді.
Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланысқан. Қандай да тәжірибелік іске кірісу алдын біз оның нәтижелік бейнесін көз алдымызға келтіреміз, яғни болашақ істі теориялық болжастырамыз.
5. Ойлау және жеке адам.
Әр адамда оның ақыл-қабілетіне орай өзіндік ойлау ерекшелігі болады. Осы ерекшеліктен әр тұлғаның ақыл сапасы көрінеді. "Ақыл" түсінігінің ауқымы "ойлау" түсінігінен кеңірек келеді, себебі "ақылдылық" интеллект сияқты тек ойлау қабілетінен көрінбей, басқа да таным процестерінің тұтастай желісінен байқалады. Кей адамдар ойлауда көрнекі-бейнелерді көбірек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдарды негізіне алып, ой жүгір-теді. Ой әрекетінің ерекшелігі сондай-ақ адам көңіл-күйімен де, оның топтаған білімдері мен еңбек, тұрмыс тәжірибесіне де, өзінде қалыптастырған ойлау әдістеріне де тәуелді келеді.
Ойлау процесінің жеке кезеңдерін қарастыра отырып, әрқандай ой әрекетінің міндет, мақсат белгілеу, яғни бастапқы кезеңдегі ойлаудың жеке, дара ерекшелігі адамның дербестігі мен белсенділігінен көрінетінін байқаймыз. Тұлғаның ойлау дербестігі оның жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше білуінде, ал бұл қабілет өз кезеңінде ойлау-дың белсенділігімен, яғни кезіккен міндеттер мен мәсе-лелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен құралдарын барластыра алумен байланысты.
Мәселе шешуге орай құбылыстар байланысын (ассоциация) іздестіріп, болжам (гипотеза) жасауда ойлау қасиетінің ауқымдығы, яғни қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптен қамтып, өткенді, қазіргі мен болашақ жағдайларды ұштастыра пайдалана білу үлкен мәнге ие. Мұндай адамдарды көбіне "өрісі кең" деп сипаттаймыз.
Әрқандай шешім сындарлы ойға түсіп, жұрттың айтқанын не өз топшылауыңды жалаң құптай салмай, терең сын талдауына келтіріп, "оң" не "қарсы" тараптарын таразылағанды талап етеді. Сындарлы ақыл сипаты адамның объектив жағдайлар мен өз іс-әрекетіне орынды баға беру қабілетінен, нақты бағыт ұсынып, алға тартылған болшамдарды жан-жақты өлшестіріп, оларды тексеру нәтижелерін объектив бағалай алуынан келіп шығады. Сын-дарлы ой дамуының негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде.
Шешім қорытындысын тексеру барысында және оның нәтижелерін практикаға ендіруде ойлау икемділігі үлкен маңызға ие. Ой икемділігі әрқандай субъекттің қан-дай да мәселе бойынша қатып қалған көрсетпелер (шаблон) мен бұрыннан қалыптасқан әдістердің құрсауында қалып қоймай, жағдайлар өзгерісіне орай жылдам да жаңа шешімдерге келе алуын көрсетеді.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Ойлау түсінігі нені білдіреді?
2. Ойлау міндеті мен оның орындалу процесі қалай жүреді?
3. Ойлаудың формалары мен сипаты қандай?
4. Ойлау қызметтері жөнінде не білесіз?
5. Ойлау әрекеттерін топтастыру принциптері қандай?
6. Теориялық ойлау мен практикалық ой байланысы және олардың өзара ықпалы қалай жүреді?
7. Ойлау қабілетіне орай жеке адам ерекшеліктері қандай?
8. Ойлай білу мен ақылдылықтың бірлігі, айырмашылығы неде?
12-дәрісбаян
Қ И Я Л
Жоспары: 1. Қиял жөнінде түсінік.
2. Қиялдың физиологиялық негіздері.
3. Қиял түрлері.
4. Шығармашыл қиял әдістері.
5. Қиял және жеке адам.
1. Қиял жөнінде түсінік
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқи-ғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады.
Қиялға тән және бір ерекше белгі - оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір "орынбасар" формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д. Ушинский: "Мықты, кемелденген қиял - ақылдылықтың нышаны", - деген.
Қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.
Адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.
Шығармашылық қиялдың қуаты мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады: 1) қиял туындысы мәндік және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым; 2) қиял өзіне негіз болған деректерден жаңалығы және қайталанбастығымен ерекшеленуі тиіс. Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ практикалық жағынан пайдасыз.
Қиял маңызы орасан. Ол тек жазушыларға кейіпкер-лер бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде болжам (гипотеза) жасай алмайды; мұғалім дәріс барысын, шәкірттердің оқуға деген қатынасын күні бұрын қияли талдамай, сабақ дайындай алмайды. Жалпы оқу процесінің өзі қиялсыз шектеулі болар еді, тарих, география, астрономия және басқа пәндер тек қиял қанатында ғана игеріледі.
2. Қиялдың физиологиялық негіздері
Барша психикалық процесстер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда болады. Оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер негізінде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз.
Қиялдың физиологиялық негізі - жүйке байланыс-тарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады.
Сонымен бірге, мида пайда болған бейнелер шеткі (перифериялық) процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық процестермен аса тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі өзгерістерге келтіріп отырады.
Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа шалдығудың себебі маман, өрнек тұтқан адамдардың сөзін дұрыс қабылдамаудан да болады. Ойланбай айтып салған дәрігердің бір ауыз сөзі шипа іздеп алдына келген адамда ауыр сырқат күмәнін туғызған жағдайлар болған. Осы күмәннің кесірінен кешегі сап-сау адамда сырқат белгілері қозып, ятрогендік деп аталатын науқас өршіп кеткен.
Осындай психикалық зақымдану кейбір ойсыз, педагогикалық мәдениеті кем мұғалімдердің оқушыға айтылған ескертулерінен де туындайды. Осының салдарынан жас шәкіртте дидактогендік ауру меңдейді, яғни бала мұғалімді көруден қорқып, қалтырай бастайды, тақтаға шықса күмілжіп, сөйлей алмайды, оқу жұмысын орындау қабілетінен айрылады.
Сонымен бірге, қиял бейнелерін орынды, дұрыс қолдану арқылы адам денесінде жүріп жатқан табиғи процестерді басқарып, дамытуға да болады. Қиял күшін арқау еткен француз аптекарі Эмиль Куэ "Саналы сендіру арқылы өзін өзі басқару мектебі" деп аталған жаңа емдеу әдісін ашқан. Сырқат адам өзіне қолайлы жағдайда жайғасып (жатып не отырған күйі), өзін ешқандай сырқаты жоқтай сезініп, 20-30 мәрте өзін өзі сендірудің келесідей формуласын қайталайды: "Мен тәуір боламын, мен тәуірмін... . Сырқат бәсеңдеді. Сырқат кетті...". Бірнеше минутқа созылған осындай сеанстер күніне 3-4 рет, әсіресе ұйқыға кетер алдындағы сабырға түсіп, босаңсыған күйде орындалады. Осы күндегі аутогендік емдеу әдісі осы Эмиль Куэ жаңалығына негізделген.
Адам өзінің ішкі дене мүшелерінің қалпын елес-тетумен қатар, қиял арқылы өз дене мүшелерінің қимылын да (қол, аяқ, асқазан, жүрек соғысы және т.б.) қажетті жағдайға келтіре алады. Зерттеулер барысында осындай қиял басқарымындағы бұлшық еттерде нақты әрекеттер жасалып жатқандағыдай импульстер пайда болатыны дәлелденген. Қиял негізінде бұлшық еттерде туындайтын мұндай әрекеттерді ғылымда идеомоторлық деп атау қабылданған.
3. Қиял түрлері
Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін. Оның көп түрлі болуының басты себебі ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Әрекет дәрежесіне орай қиял енжар (пассив) және белсенді (актив) болып, екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет қажеттігінен ажыратады.
Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер әлі болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның қажетсінуіне байланысты. Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға түседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны.
Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақымдануынан, мүлгіген хәлде, ұйқыда және т.б. жағдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын көрінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен қандай да бейнелерді түзу жатады. Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген басқа адамдар сөзінен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық жүйедегі (сөз, сан, сызылма, нота және т.б.) іздерді өзінде бұрыннан қорытылған білімдерімен толықтырып отырады.
Сондай-ақ жасампаздық қиял бейнелерін тұрғызуда адамның көңіл күй жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмоциональдық кейіп жасампаздыққа кедергі ықпалын тигізеді. Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсіп, өзінің не оқып отырғанын түсінбей, мәнін, мазмұнын қабылдамайтын қалыпқа енеді. Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған психикалық ауытқулар да бастапқы мазмұнға сай келмейтін бейнелердің тууына себепші болады.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі. Мұндағы жаңаң түсінігі екіталай мәнге ие: объективті жаңалық және субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне - бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне - әрбір жеке адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін ашатын жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану - шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.
Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзіліп жатқан бейне нысаны (объект) болмыс дүниеде әлі жоқ, ол енді ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай жаңа бейненің жасалуы тек жеке адамға керектілігінен ғана емес, сонымен бірге қоғам мүддесіне, сол қоғамның даму деңгейіне тәуелді келеді. Шығармашыл қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы мүмкін емес.
С.Л.Рубинштейн қиялды нақты және абстрактты түрге бөлуді ұсынады. Қиялға түсетін бейнелер әртүрлі болатыны сөзсіз: бірде ол бейне жалқы, заттасқан, қос-алқы бөлектерімен күрделенген, сонымен бірге бейне жалпыланған (типтескен), қорытынды схема және барша жағдайда қолданылатын символ кейпінде берілуі мүмкін. Бір бірінен жалқы мен жалпы мәні ерекшеленген көп санды және сатылы көрнекі бейнелер жүйесінің болуы да ықтимал, осыдан қиялдың нақты, нақтылау, жалпы, әбден дерексізденген (абстракт) түрлері келіп шығады.
Қиялдың ерекше түрі - арман. Армандау - өзімізге ұнаған болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ келешекте орындалса деген адамның өмірлік мүд-десін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет. Арман - адам үшін өзінің шығармашыл күш-қуатын жүзеге асыруға бағыт беретін жұлдыз сипатты. Арманды сөз еткенде оның іске асатыны не аспайтынын ескерген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажыралмайды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары қиялдаушыға толық түсінімді. Ал болымсыз арманның мазмұны анық болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп жағдайда мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әрекетке ынталандырмайды.
Шығармашылық іс-әрекетте қиялдың маңызы ора-сан зор. Шығармашылық жеке адамның барша тұлғалық қасиеттерімен етене қабысып, олардың қандай да бір тарапымен шектелмейді. Жасампаздықтың психологиялық сипаты оны барша өмір саласында: жаңалық табуда, ғылым мен әдебиетте, көркем өнерде - көрінеді. Шығарма-шылық процестегі қиял шарықтауы адамның біліміне, қабілетіне тәуелді келіп, мақсаттары мен көңіл-күйіне байланысты болады. Іс-әрекеттің қалаған түріндегі шығармашыл қиялдың маңыздылығы жоқтан барды шығару емес, әңгіме - қарапайым, еленбес бөлшектерден құралған дүниені өзгертіп, жаңалауда.
4. Шығармашыл қиял әдістері
Бейнелердің үстірт көзге оңай, еркін, тосаттан пайда болатындай көрінгенімен, болмысты қияли өзгеріске келтіру өз заңдарына бағынып, белгілі әдістер мен тәсілдерге орай жүзеге асады. Жаңа елестер талдау (анализ) және біріктіру әрекеттерінің арқасында пайда болады. Қиял процестері, ақырында, бастапқы елестердің ойда бөлшектеніп (анализ), кейін олардың жаңа тізбектерге бірігуінен (синтез) құралады, яғни аналитик-синтетикалық сипат алады.
Қиялдың аналитик-синтетикалық сипаты агглютинатив (грек тілінен - жабыстыру) тәсілінде анық көрінеді. Агглютинация дегеніміз бірнеше заттардың жеке элементтері мен бөлектерінің бір бейнеде қосылуы. Мысалы қазақ ертегілеріндегі су пері, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ - адам денесі мен аң, құс мүшелерінің қиялдық бірігуінен жасалған бейнелер. Агглютинация техникалық жаңалықтар табуда кеңінен қолданылады. Осы тәсілдің арқасында жасалған техника көліктері көп-ақ: троллейбус, трамвай, аэромашина, гидро-самолет, танк-амфибия және т.б.
Бейне жасау талдау процесінде қолданылатын және бір әдіс - бұл акценттеу, яғни түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан тыс кейпімен көзге түсуі. Осы әдіспен нақты бейненің мәнді де маңызды қыры баса көрсетіліп, ол басқа бөліктерінен ажыралып тұрады. Көбіне акценттеу әдісін әзіл-сықақ (карикатура) суреткерлер жиі қолданады: нұсқаның бір белгілерін шындыққа лайық сақтай отырып, басқа белгілерін қиялды идеяға ұштастырып, өзгеріске ендіреді, мысалы, бөспе сөз адамның бейнесі шұбалған тілімен көзге түссе, ашқарақ - мес қарнымен танылады.
Егер акценттеу айырым элементтерге емес, бүкіл нысанға тұтастай қолданылатын болса, онда ол екі әдісте жалғасын табады: болмыстағы нақ объектке қарағанда керемет ұлғайтылып (гипербола) не кішірейтіліп (литота) беріледі. Бұл тәсілдер көбіне халық ертегілерінде, дәстан, жырларда көрінген жауды жеңетін алып денелі, тасқын күшті, "бойымен бұлтты тіреген" ғажайып бейнелерді жасау үшін қолданылады: Алпамыс, Ер Төстік, Шора батыр т.б.
Қиял елестерін жасау біріктіру (синтетикалық) жолымен де іске асады. Фантастикалық бейнеге негіз болған елестер бірігіп, айырмашылықтары көмескіленіп, ұқсас тараптары алға тартылатын болса, онда схематизация әдісінің қолданылғаны. Бүның мысалы ретінде қоршаған орта бедерлеріне ұқсас жасалған ұлттық оюлар мен өрнектерді келтіруге болады. Осы ою-өрнектерді саралай отырып, заты қазақ қолындағы бұйымның қайсысы адайдікі, ұлы жүздікі не кіші жүздікі екенін айырып бере алады. Ал енді, осы заттардың айырмашылығы неде екенін сұрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады, себебі ою-өрнек бейнелері әр қазақтың қиял санасында жалпыланған схема күйінде орын тепкен.
5. Қиял және жеке адам
Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке тұлғада бірнеше белгілерімен дараланады. Фантазия бейнелері жаңалығы, қайталанбастығы және дәлдігімен бөлектенеді. Ең алдымен қиял даралығы бейнелер-дің жарқындығымен еленеді. Кей адамдардағы қияли бейнелерінің айқындығы соншама, тіпті тікелей қабылданған немесе ес елестеріндегі бейнелерден бірде-бір ажыралмайды. Мұндай жағдайларда болмыс шындығы мен қиялдағы бейнелер өздерінің ұқсастығымен ерекшеленеді. Мысалы, Л. Бетховен ән-күй әуенін соншалықты дәл елестете алатындығынан, тас керең болып қалған күнінде де ғажайып музыка туындыларын шығарудан қалмаған.
Қиялдың жарқындығы мен қуаты адамның көңіл-күй (эмоция) болмысымен тығыз байланысты. Көрікті картиналар тұлға фантазиясында оның терең сезімталдығының арқасында өрбиді, өріс алады. Қорқыныш сезімі адамға алдағы қатерді сездіреді, керісінше, сол қатерді қиялдаудан адамдағы қорқыныш сезімі ұлғая түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Ал сезімталдығы кем адамның қиялы да көмескі, бұлдыр келеді. Әрқандай жеке адамдағы қиял даралығы шындық дүние, болмысқа жақындық дәрежесімен айырылып тұрады.
Қиялдың кеңдігі, аумақтылығы, әр адам қиялына қатысты болмыс дүние салаларының саналуандығына тәуелді. Қиял өрісі кең адамдар бір мезеттің өзінде таби-ғат, адам, қоғам тарихының өтміші мен болашағынан, жер тұңғиығы мен ғарыш әлемінен, техника мен өнер саласынан бірдей дерек елестерді қамти алады.
Қиялдың даралық сипаты оның еркінділігінен, яғни қиялды алға қойылған міндетке ойыстырып, қажетті нәтижеге ерісу үшін пайдалана білу. Жоғары кемелденген қиял иелері ойға келген бейнелердің әр түрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттан алшақтамай, оларды қажетті байланыстарға келтіріп, бір идея төңірегіне орайластыру қабілетіне ие.
Ой түйіні кем қиял фантазиялық бағдарлаушы міндеті болмаған, байланыссыз желек ойлар төңірегіндегі арманшылдыққа өтеді. Әр қилы адамдар қиялы олардың кәсіби қызметімен байланысып, негізгі қажеттіктеріне тәуелді келеді. Жеке адам бағыты оның жоғары сезімталдығын көтеріп, осыған орай жарқын және сан - алуан қияли елестерді туындатады. Жеке адамның даралық ерекшелігі оның аса көп қолданымындағы елестету типіне де байланысты келеді.
Шығармашылық қиялдың көрінісі осы процестің тұрақтылығына да тәуелді. Шығармашылық - ауытқуы мол, үздіксіз әрекет. Оның шарықтауы, тоқырауы және құлдырауы алмасып отырады. Шығармашылықтың ең жоғары деңгейі - шабыт. Шабыттың сипаты - көңіл күйі шарықтауы, ой жарқындығы мен дәлдігі, қарқындылығы мен жеке күйзеліс кемдігі.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Қиял процесі психологияда қалай түсіндіріледі?
2. Қиял және басқа да психикалық құбылыстар арасындағы байланыс қандай?
3. Қиял әрекетінің өмірдегі маңызын қалай түсіндірер едіңіз?
4. Қиялдың адамда жүретін физиологиялық процестермен байланысы неден көрінеді?
5. Қиял түрлері және олардың сипаттамасы қандай?
6. Жасампаз және шығармашыл қиялдар арасындағы айырмашылықтар қандай?
7. Арман табиғаты қандай?
8. Шығармашылық қиял түзудің тәсілдері қандай?
9. Қиялдың жеке адамдық қасиеттері қандай?
14-дәрісбаян
Т¦ЛЃА жєне ОНЫЊ ПСИХОЛОГИЯЛЫЌ ТАБИЃАТЫ
Жоспары: 1. Т±лѓа жөнінде түсінік.
2. Т±лѓаныњ даму себептері.
3. Т±лѓаныњ бағыт-бағдары.
4. Өзіндік сана.
5. Адамның психологиялық қорғанысы.
1. Т±лѓа жөнінде түсінік
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - т±лға болып сипатталады.
"Т±лѓа" (личность) түсінігімен қатар біздің қолданымы-мызда "адам", "дара адам (индивид)", "даралық (инди-видуальность)" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыралады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігімін - "адам" түсінігі қамти-ды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алай-да, адам әлеуметтіктектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық (индивид) сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам - "homo sapіens" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
Т±лѓа көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық ??рылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі - қажеттік- себеп аймағы - дара адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, т±лѓа үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-?рекеттҢк икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Биологиялық құрылым иесі - адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана т±лѓа дәрежесіне көтеріледі.,
Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухи мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Т±лѓаныњ рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның т±лѓа санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация - дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация - дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас түзеді. "Мен" ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адам-ның өзіне өзі берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Адам өмірі нақты тарихи-әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниеліқ жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке қүндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет-себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы ба?ытта жасау мүмкіндігін алады.
Єрбір т±лѓа Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, ал оныњ барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени сапаларының бірлігінен қалыптасады.
2. Т±лѓаныњ даму себептері
Адамды әрекетке келтіруші күш - қажетсіну. Бол-мысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде орнектелуі мүмкін.
Адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы сеп-т‰рткі (мотив) жатыр.
Мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде б±л - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет (мотивация) қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева).
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыралмас бірлігі. Мотивтік-қажетсіну аймағы т±лѓаныњ өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша сеп-түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады.
А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен (пирамида) қажетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация).
Б.Ф.Ломов мотивтік-қа-жетсіну аймағы мәнін (қүрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды.
Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұндай құрылымдлар-дың ең қарапайым түрі - нақты тұлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдас-тық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе.
Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі - психикалық көрсетпе - талаптар (установки). Көрсетпе - талаптар жеке адамның қандай да қажеттігін қанағаттандыру үшін болған әрекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе-талап - объектті белгілі бір күйде қа-былдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісуге негіз.
Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байла-нысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенім (убеждение) сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе-талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивтік (таным) бірлік - адамның біліп, қабылдайтын затының бейнесі; көңіл-күй - бағалау бірлігі - объектке болған адамның ұнатуы мен жек көруі; әрекет-қылық бірлігі - іс объекті бағытында қандай да әрекет етуге дайын бо-лу, еріктік күштерді іске қосу.
Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексізденген ықпал ниет ретінде құмарлық та кіреді.
4. Т±лѓаныњ бағыт-бағдары
Өмірлік бағыт-бағдар адамның жүйелесті-руші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын айқындайды.
Т±лѓаныњ іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтіғк негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар-адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе-талаптар. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен бірі жоғары бірнеше формалар кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас, наным. Адам бағыт бағдарының барша формалары оның іс-әрекетінің сеп-түрткілері (мотив) есептеледі.
Аталған формалардың қысқаша мәні:
құмарлық - бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
ниет - саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
ұмтылыс - ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады;
қызығу - бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық форма;
қызығуға еріктік күш қосылса, бейімділік пайда болады;
көзқарас - қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;
наным - адамды өз танымы, принципі, көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.
Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тіпті де байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы іс-әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбірі өзінің нақты мақсатына ие. Өмірлік мақсат дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды біріктіруші (интегратор) фак-тор. Жеке мақсаттардың әрқайсысы өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты.
Өз болашағын көрегендікпен тани білуге қажет адам қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулер психологияда - фрустрация делінеді. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергілерге кезіккенінде туындайды. Мақсатты әрекет бұзылысының келесі түрле-рі (Ф.Е.Василюк) белгілі а) қозғалысты қозу - мәнсіз қимыл-әрекеттер; б) түңіліс; в) ашуға беріліп, әрекеттен қа-лу; г) стереотипия-үйреншікті әрекеттерді ойсыз қайта-лай беру; д) регрессия - өмірдің алғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге еліктей, ойсыз қимылдау (қазақта "балалығына түсті").
4. Өзіндік сана
Адамның өзіндік санасы - шексіз, күрделі проблемалардан. Әрқандай тұлға сан қырлы өз "Менінің" көптеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі, болашақтағы өзінің идеялық "Мені" жөнінде не ойлайды, осы "Менді" басқалар қалайынша таниды. Таным субъекті болудан, адам өз санасы аясында зерттелуші объект.
Өзіндік сананы И.С.Кон былайша түсіндіреді: "Әрбір дара адамның өзін өзі іс-әрекет субъекті ретінде тануға жәрдем ететін психикалық процестердің жиынтығы - өзін-дік сана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өз ұғымдары белгілі бір "Мен" бейнесін құрайды".
"Меннің" психологиялық мәнін А.Г.Спиркин келесідей сипаттайды: "мен" түсінігі өз санасының нұрымен сәулелендіріп, өзін-өзі қабылдаған, таныған және сезген жеке адамды білдіреді". "Мен" - психикалық өмірді реттеп барушы принцип, өзіндік бақылауды жүргізуші рухи күш; бізді өз мәніміз бойынша бүкіл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы, өз санамызды өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін әр адамның тұтастай болмысы.
"Мен" бейне - жеке адамның санасында бір қа-лыпта бекіп қалған (статикалық) түсінік не білік емес, ол өте қозғалмалы, өзгермелі (динамикалы) "мен" күйінде қабылдануы мүмкін. Сонымен бірге, "мен" бейне әлеуметтік заңдарға, қоршаған адамдардың қалауына сай кемелденген, болашақ идеал "менді" де аңдатуы заңды. Және бір жағдайда бұл "мен" - қолынан келсе, "тау қопарып, теңіз жұтатын" фантастикалық тұлғаның бейнесіне сәйкес болуы да әбден ықтимал.
"Мен" бейненің сәйкестік дәрежесі жеке адамның өзінің өз болмысын, мүмкіндіктерін, басқа адамдар арасындағы өз беделін бағалай алуына байланысты келеді. Өзіндік бағаға орай адам өз әрекеттерін ретке келтіріп барады.
Саналы адам өз бағасын қалай шығарады? Әрбір адамның қоғамдық тұлғаға айналуы бірлікті еңбек пен тіл қатынасының нәтижесі. Адамдағы барша қалыптасқан сапа мен қасиеттер басқа қауымдастық мүшелерімен қоғамдық өндіріс процесіне араласу және олармен ақпарат алмасу барысында дамып, кемеліне жетеді. Еңбек пен тіл қатынасына келумен адам өз істерін басқалардан күтілген бағамен салыстырып, тексеріп барады. Адамда қалыптасқан өз "Менінің" бағасы - өзіндегі барды басқаларда көргенімен үздіксіз салыстырып барудың нәтижесі.
Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптар деңгейіне байланысты. Талаптар деңгейі дегеніміз - адамның ниеттеген өз бағасының құны, яғни алдына қойған мақсаттың қиындық дәрежесіне орай көрінетін "мен" бейнесінің сипаты. Адам алдында тұрған енді бір әрекетті қиындық дәрежесіне орай таңдап алу мүмкіндігіне ие бола, өз бағасын көтеріңкі етуге ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: бір тараптан - жоғары табыстарға жетісу үшін талап деңгейін жоғарылату, екінші тараптан - нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жеңілдету - өзара қайшылығы пайда болады. Адамның өз алдына қоятын талаптың дәлдігі іс-әрекетінің нақтылығына байланысты. Адам табиғаты, әдетте, өз қадірін белгілі дең-гейде сақтап жүру үшін өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті де күрделі, сонымен бірге, әбден жеңіл де болмағанын қалайды.
Талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық сипатын жете танумен тұлғаның іс-әрекет, мінез-қылықтарының сеп-түрткілерін тереңдей білуге және сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып, оған нәтижелі ықпал жасауға болады.
5. Адамның психологиялық қорғанысы
Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттіктері қандайда себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет-қылық психологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адам-ның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл-әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.
Психологиялыќ ќорѓаныс т‰рлері келесідей:
1. Бітпеген іс әсері - әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орындаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы орайластырылған формасы деп түсінсе де болады.
2. Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай объектив бағалауды шектейді, осыдан, әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
3. Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеп әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттеріңнің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз сеп-түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары.
4. Көшіру - адамның өзгелер қабылдамайтын өз ба-сындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы кел-мей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық істей тұра, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
5. Сәйкестендіру - адамның өз қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметтік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген. Сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнегелерге ойсыз еліктеп, мақсат-мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.
6. Жаңалау - адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлелдеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың объектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз кеуілін арбауы.
7. Ауыстыру - адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң, оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады. Өз ал-дына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келген мәнсіз қимылға ауыса салады, осыдан көңіл-күйі жеңілдеп, үлкен күйзеліске түспейді.
8. Оқшаулау - адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілге алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болған оқиға немесе өз толға-ныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрсетеді.
Психологиялық қорғаныс әсері адамға қай жағдайда да өзінің ішкі қалыпты көңіл-кейпін тұрақты сақтауына жәрдемдеседі. Тіпті әлеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз қылығының зиян тарапын кеміте, оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадірін тани білсе, өзінің қандай әрекетте болмасын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз әрекеттері мен мінезін өзгертеді, ал өзгерген ұнамды тұлға сапасы оның санасын жаңалып, өмірлік серігіне айналады.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. "Т±лѓа" анықтамасы қандай?
2. " Т±лѓа " түсінігімен сыбайлас терминдер жүйесі, олардың сипаттамасы қандай?
3. Адам бағыт-бағдары дегеніміз не және оның пайда болу себептері неде?
4. Т±лѓаныњ қоғамдық мәнін қалай түсінесіз?
5. Т±лѓа деңгейіне көтерілуге себепші ықпалдар қандай?
6. Адамның өмірлік салты дегенді қалай түсінесіз?
7. Адам қалыптасуында қажеттіліктің рөлі қандай?
8. Психологиядағы жеке адам мотивтерінің мәні неде?
9. Саналы басқарылмаған көрсетпе-талаптар сипаты қандай?
10. Адамның бағыт-бағдар формалары және олардың сипаттамалары қандай?
11. Т±лѓаныњ "Мен" бейнесінің мазмұндық құрамы қалай түзілген?
12. Адамның психологиялық қорғаныс әдістері және олардың сипаттамасы қандай?
15-дәрісбаян
Е Р І К
Жоспары: 1. Ерік жөнінде түсінік.
2. Ерік теориялары.
3. Еріктің физиологиялық негіздері.
4. Ерік құрылымы.
5. Ерік сапалары.
6. Жеке адам және ерік тәрбиесі.
1. Ерік жөнінде түсінік
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңуімен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің (саморегуляция) көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.
Ерік, яғни ырықты әрекеттер - ырықсыз қимыл - қозғалыстар негізінде пайда болады.
Ерік-тік қылықтың ерекшелігі оның “мен қалаймын” емес, “мен міндеттімін” толғанысының жетегінде болуы. Біздің барша өміріміз ұдайы еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасына тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп, ниеттелген мақсатқа жетуге бағдарланады. Еріктік қылықтың басты көрсеткіші де нақ мақсатқа бағытталған саналы әрекет.
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды же-ңу сол мақсаттың мән-мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыптауына тәуелді. Мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды.
2. Ерік теориялары
Т±лѓа қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын “ұя” ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол за-манда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұн-дай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыралуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дү-ниемен тілдесетін - бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер ж.т.б.
Ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возврождение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, "тіпті қателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық (кісілік) кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) нәтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М.Хай-дегтер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю ж.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі - қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтын, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмайды.
И.П.Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік "еркіндік инстинкті (рефлексі)" деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И.П.Павлов, - жануар алдынан шық-қан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді". Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрі-неді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат (энергия)" деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі - психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырым-даумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни "либидоның" "мәдениеттестірілген" алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін түсіндіріп бақты.
Психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі - қажеттіктердің мән-ді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзі-нің биологиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық ж.т.б., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын теріс-теу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі.
3. Еріктің физиологиялық негіздері
Психиканың басқа да көріністері сияқты ерік те мидің жүйкелік процестеріне негізделген заттасқан құбы-лыс.
Ырықты әрекеттердің негізі алдыңғы орталық жүйке сайларындағы (извилины) ми қабықтарының бірінде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар (клетка-лар) қызметінде көрінеді. Әрекетке келтіретін импульстер осы жасушаларда пайда болады, осы арадан түйдектел-ген жүйке талшықтары бастауын алып, миға тереңдейді, одан төмен түсіп, жұлынды (арқа ми) бойлай отырып, дененің қарсы тарапындағы бұлшық еттерге жетеді, яғни пирамидалы жол жүреді. Осы жасушалардың қай бірі жарақаттанса, адамның оларға сәйкес бір қозғалыс мүшесі істен шығады (паралич).
Алайда, ырықты әрекеттер бір-біріне байланысты өзара ықпалды әрі ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда болады. Бұл процесте қозғалыс түйсіктерінің маңызы үлкен. Егер алдыңғы орталық жүйке сайларының артына жайғасқан бөліктердің бірі зақым алса, адам өз әрекеттерін сезбей, қарапайым қимылдардан қалады, қалаған қозғалысын таңдап, реттей алмайды.
Аталған ми аймақтарынан басқа, еріктік әрекеттердің бағыты мен қуатын қолдап барушы құрылымдарды да ескерген жөн. Мидің маңдай профронталь бөлігі істен шығуынан қимыл-әрекеттер ырықты реттелуден ауып, қажетті бағдарламаға көнбей, ерік жоспарына икемдесуден қалады. Мұндай аппраксия жағдайында адам қандай да ісін бастағанымен, аяқтай алмайды, бастамай жатып, доғарып та қоюы мүмкін немесе еленбес себептерден-ақ жұмысын басқа арнаға бұрып жібереді.
Ми сырқаты негізінде адам абулия (зақымды еріксіздік) ауруына ұшырайды. Мұндайда әрекет иесі өз қадамының қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік күші жетпей, керекті шешім мен әрекетке келе алмай, жан күйзелісіне түседі. Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім - бастау көзі.
Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақытша жүйке байланыстарының негізінде әрқилы ассоциациялар жинақталып, бекиді. Енді келіп түскен ақпарат бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Ерікті реттестірудің рефлекторлық негізі бас миындағы қажетті қозу ошағының пайда болуына тәуелді. Бүл жүйкелік қозу ұдайы энергиялық қуатты керек етеді. Мұндай ми қажетін ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы формация қамтамасыз етеді. Осы ретикулярлы формация қажетті қозу ошағының қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жігерлілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.
4. Ерік құрылымы
Әрқандай ерік әрекеті өзінің күрделігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сәйкес әрі тікелей іс-әрекетке өтетін болса, әнгіме қарапайым ерік әрекеті жөнінде болғаны. Ал күрделі ерік әрекетінде ықпал жасаушы импульстер мен нақты әрекеттер арасына қосымша ерік бірліктері енеді. Ерік процесінің мәнді кезеңдері мен бөліктерінің құрамы келесідей: 1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу; 2) талдау, талқылау кезеңі мен сеп-түрткілер (мотивы) таласы; 3) шешім қабылдау; 4) орындау.
Ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бәрі бірдей саналы болып келе бермейді. Қандай да қажеттік өз түсінім денгейіне орай құмарлық (влечение) немесе тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге, осыған байланысты қажеттік толығымен өзіне әлі түсініксіз болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгірт болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін әшиін құмарлық, көрсеқызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін сезінеді, бірақ сол нәрсенің не екеніне көзі қанық жетпейді, қажеттігін нақты түсінбейді.
Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. Әрқандай қылықтың сеп-түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілік сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не қолдау беретін шарттар өлшестіріледі. Тілек іс-әрекет сеп-түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіктің айқындығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізделген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды.
Сеп-түрткілер (мотивы) күресі - бұл әлі бастамаған әртүрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажеттігін таңдауға бағышталған адамның талқылау ісінің жүруі. Сеп-түрткілер таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қара басы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама-қарсылықтарды жеңе алмай, өз "қалауы" мен сырттан қойылған міндет "талауына" түседі.
Шешім қабылдау - бір сеп-түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. Шешім қабылдай отырып, адам бұдан былайғы әрекеттің бәрі оның өзіне тәуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктік әрекеттің ерекше сипаты - жауапкершілік сезімін оятады. Шешімге (решимость) келудің бірнеше жолы белгілі:
1. Саналы шешім - сеп-түрткілер қарсыластығы бірте-бірте семіп, арасындағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден пайда болады.
2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін. Мұндайда қандай да бір кездейсоқ әсердің ықпалында қалып, "не болса, сол болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың жазғанына" көндіреді.
3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай, ойланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық өте әрекетшең, күшті эмоционалды темперамент иелерінде болады.
4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі - алғашқы сеп-түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты. Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзін жинақтап, қажетті бағыттағы әрекетке батыл кіріседі.
5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі бір әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын еленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осыдан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, әрекет көзіне айналады. Қазақтың "Көз қорқақ, қол батыр" мәтелі осының айғағы.
Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді.
Жоспарлау - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.
Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет. Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, септүрткілердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен істің орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор.
Ерік күшінің қарқындылығы (интенсивность) төмендегі жағдайларға тәуелді:
1.Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид жариялаған мұсылман).
2.Моральдық тұрақтылық (жауапкерлік, немқұрайлық).
3.Қоғамдық мәнді мақсаттар.
4.Іс-әрекетке деген көрсетпе-талап (установка) (мұғалімнің оқушыға тапсырмасы: "тек оқып кел", "бірін қалдырмай көшіріп ал" - әрқайсысы әртүрлі ерік күшін керек етеді).
5.Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы. (Өзін жетілдіре алмаған адам, қиыншылықтарға төзімсіз келеді).
Борыш сезімі - моральдық талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование), "мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді әрекет-қылықтың жол көрсеткіші.
Көп жағдайда адам ерік күшімен өзінің мінез-қылығындағы ырықсыз белсенділігін ноқталап, тоқтамға келтіруіне тура келеді, бұрыннан бекіген әдеттері, бойға сіңген келеңсіз қылықтарына қарсы шайқасқа түседі, яѓни, ерік - адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.
Ерік әрекеттерін іске асыру барысында, әсіресе орындаудан соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі әлеу-меттік-саяси, моральдық, эстетикалық ж.т.б. бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бірігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адамның өлшемінен емес, іске қатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін. Осыдан, ұжымдық баға әрбір дара тұлға әрекет-қылығының шын өлшемі бола алады. Орындалған іс-әрекеттің бағамы қабылданған шешімдер мен іс әдістерін қолдау, ақтау не кінәлау сипатта көрінеді. Әрқандай баға көңіл-күй толғанысын тудырып, іс нәтижесінен қанағаттану не қанағаттанбау сезіміне бөлейді.
5. Ерік сапалары
Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, қылығын, танымдық процестерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерік сипаттарының жалпы бірігімін (интегрирование) танытатын құбылыс - ерік күші. Ерік күші еріктік әрекеттің барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрінісі кедергілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді.
Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта (целеустремленность) көрінеді. Мүдделі мақсат - бұл жеке тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму денгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген, стратегиялық, не жақын, бөлектенген әрекеттерді орындауға бағытталған нақты қызметтік, оперативтік болып бөлінеді. Ерік әрекетінің бастапқы, іске қосылу кезеңі көбіне ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.
Ынталылық (инициативность) - мол да жарқын идеяларға, байыпты жоспар мен ұшқыр қиялға негізделеді. Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тәсілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешбір іске кірісе алмай, тысқы ықпал, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестікпен тікелей байланысты. Дербестік - еріктік әрекет барысында адамның әрқандай себептер жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына сындарлы баға берумен, өз наным, сенімдері негізінде іс-әрекетке келу қасиеті.
Ынталылық пен дербестік жеке адамның еріктік сапасы ретінде, бір жағынан, сенгіштік, иі бостық, енжар-лық сияқты қасиеттерге қарсы; екінші тараптан, басқаның ой-пікірін, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан (позитивизм) аулақ қасиет.
Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылық қасиеті процеске қосылады. Ұстамдылық әрекеті - сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді. Ұстамды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінің денгейін барластырады.
Іс-әрекеттің сан алуан сеп-түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық - бұл әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті.
Батыл қимылды адамдар іс шешімін қабылдаудан істің өзін орындауға жылдам ауыса алады. Мұндайда батылдыққа тірек - ержүректік (смелость) қорқыныштың бәрін басып, адамды тәуекелге келтіруші қасиет. Іс-әрекеттегі батылдық көзсіздікке (безрассудство) тікелей қарсы. Егер іс-жағдайлары болымсыздық танытса, батыл адам әрекетін кідіртіп, кейін қалдыра алады.
Іс-әрекеттің орындалу кезеңінде шалттық (энергичность) пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің барша кұшін көзделген мақсатқа тез шо-ғырландыра алады. Шалттық табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары көрсеткішіне айналады. Табандылық - бұл адамның ұдайы, шалт әрекеттерін бірде төмендетпей, көрінген қиыншылықтарға төзе білуі.
Табандылық та батылдық сияқты әртүрлі деңгейде көрініс береді, бірақ бұл екеуінің шектен тыс дамуы кері сипатқа соқтыруы мүмкін. Кейде ақылды, тіпті дарынды адамдар өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергіден-ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартады немесе адам бастаған ісінің тізгінін қолдан жаздырып алып, әрекет нәтижесінің болымсыздығына көзі жетіп тұрса да, "болғаны болар" деумен, илеуге келмейтін, ақыл қонымдылығы жоқ ерік сапасы - өжеттік пен қиқарлықты қару етеді.
Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат іске асады. Олай болмаса, алға қойылған міндет пен оған қажетті қылық-әрекет арасында сәйкессіздік туады. Мақсатқа жету процесінде өзіндік бақылау жоғары мүдделердің қарапайым ниеттерден, жалпы принциптердің мезеттік қалау мен құмарлықтан үстемдігін қамтамасыз етеді. Ал өзіндік бағаға байланысты бақылау сипаты мен дәлдігі өзгеріске келеді. Қандай да теріс бағадан адам өзінің кері мінез бітістерін орынсыз, ұлғайта танып, осыдан өзіне деген сенімін жойып, істен бас тартады. Өзіндік ұнамды бағаның да зиянды тарапы бар. Мұндайда адам обьектив бақылауды өзіндік әсіре мадақтауға айналдырып жібереді.
6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
Қандай да еріктік әрекетке араласа отырып, адам оның ізгі нәтижесіне байланысты өзіне жауапкерлік жүктейді. Іс-әрекеттің әлеуметтік мәнді нәтижесі алғашқы ниет шеңберінен толастап ±лаѓатты іс (деяние) сипатын алады. Субъекттің осы іске болған жеке жауапкерлігі өз әре-кеттерінің салдарын қоғамдық-тарихи талаптар тұрғысынан сараптай білу қабілетінен көрінеді. Әлеумет ортасында қалыптасқан заң, мораль, әдет-ғұрып пен дәстүрлерге орай іс жақсылық (благодеяние) не жамандық (злодеяние) болып бағаланады.
Психологияда бақылау локусы (локусорын, Д.Роттер) деген ұғым қабылданған. Осыған орай өз қылықтары мен істерінің себебін тыстан іздеушілер сыртқы бақылаулы (экстерналды) ал себеп-салдардың көзін өзінен табуға тырысатындар ішкі бақылаулы (интерналды) болып бөлінеді. Экстерналды, яғни сыртқы себептерге жүгінетіндер әрдайым өз қабілеттеріне сенімсіздікпен қарайды, тұрақсыздық көрсетеді, мегзегенін кейінге қалды-руға бейім, жауапкерлігі кем, төңірегіндегілердің бәрі оны қобалжытады, осыдан ол күмәншіл, шамданғыш, ызақор. Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен істерінің жауапкершілігін өздері көтеруге қабілетті. Мұндай тұлғалардың өзіне деген сенімі мол, мақсатқа жету жолында бұлар бір ізділік пен табандылық танытады, өз ісіне талдау жасай алады, мінезі байсалды, қайырымды, қауымшыл әрі тәуелсіз келеді.
Адам еркі басқа да к?птеген қасиеттермен ерекшеленеді. Олардың ішінде аса маңыздылары: ерлік, тәртіптілік, іскерлік т.с.с. - бұлардың бәрі де жоғарыда аталған ерік сапа, қасиеттерімен тығыз байланысты.
Еріктің ұнамсыз тараптарының бәрі тұрмыстағы кә-дімгі еріншектікпен ұштасады. Еріншекте іске деген құ-лық, ниет, оны орындауға талпыныс болмайды. Қызығы, көп адамдар еріншектігін бетіне басқанға "бауыр еті жарылып" өкпелегенімен, бұл қасиетін "қайтейін, осылай-мын" деп жеп-жеңіл мойындай салады, өзінің тұрмыстық ебедейсіздігі мен әлжуаздығын ақтау үшін оны психологиялық қорғаныс құралы ғып пайдаланады.
Барлық ерік сапалары мен қасиеттері адамның өмір барысында, іс-әрекетке араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда әсіресе балалық шақ үлкен маңызға ие. Әрқандай психикалық процесс сияқты ерік те өз бетінен болмай, жеке адамның жан-жақты кемелденуімен бірге өрістейді. Балалық шақта өрбитін ерік қасиеттері көптеген әлеуметтік-қоғамдық ықпалдарға тәуелді, солардың ішінде отбасының орыны ерекше. Балалардағы ерік қылықтарына байланысты кемшіліктер: өжеттік пен тентектіктің көзі ата-аналардың қате тәрбиесінен: уақытында ұстамдылыққа үйретпеген, тілегенінің бәрін қанағаттандыруға тырысқан, белгілі тежеулерге үйретілмеген, т.с.с. Ал қан-дай да бір әрекетте күш сала білуге дайындық өздігінен болмайды, оған арнайы үйрету қажет, тиісті әдеттерге баулудан сәби ерік күшін дұрыс та қажет бағытта жұмсауға дағдыланады.
Отбасы тәрбиесінің және бір болымсыз қыры - баланы, әдетте, орындалмайтын, әл мүмкіндігінен тыс жүктеме, тапсырмаға жегу. Осыдан белі бекімеген жас тұлғада бастаған ісін аяқтамау әдеті қалыптасады, жұмыс нәтижесінен қандай да ләззат қуанышына бөлене алмай, бала түңіледі, бұдан былайғы тапсырыстарға бет бақпайды.
Бала әрекеті негізінен еліктеуден болады. Осы-дан ерік қасиеттерінің қалыптасуында ата-ана, тәрбиеші ж.т.б. өнеге-үлгісі маңызды келеді. Көркем әдебиет пен кинофильмдердегі санқилы кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе білген кейіпкерлер де баланың ерік күшін тәрбиелеуде орасан жәрдем береді.
Балада ерік тәрбиелеудің және бір жағдайы оны қалтқысыз тәртіпке үйрету: жүріс-тұрыста, сабақ дайын-дауда, үй жұмысын орындауда ж.т.б. Ерік - бұл дұрыс ұйымдастырылған еңбек деуіміз осыдан.
Ерік қасиеттерін қалыптастыруда баланың дене тәрбиесіне мән беру қажет. Себебі тән әлжуаздығынан жас өспірім өмірдің қай саласында да қалаған жүктемені көтере алмайды, әйтеуір бір кедергіден өтуге шамасы жетпей, көңіл күйзелісіне түседі. Дене жаттығуы мол болып, басқалармен күш сынасуға дағдыланған бала өз ерік күшін ұстамға алып, оны қажетіне бағыттау қабілетін игереді.
Жас шақта бала өмірі - негізінен ойынмен тікелей байланысты. Ал ойын - бұл белгілі қалып, ерекше талап. Осыларды ырықсыз, ойын мазмұнына қызығумен орындай жүріп, қандай да еріктік сапаларға дағдыланғанын бала сезбей де қалады. Ойын баладағы ерік күштерінің арқауына айналады.
Ерік тәрбиесінде балалар ұжымының маңызы айтарлықтай. Ұжымдық өмірге араласа отырып, бала өз қылығын басқалардың талғамына көндіріп, икемділікке үйренеді. Өз қатарына қарай отырып, бала өзінде табандылық пен батылдық қалыптастырады, көпшілік алдында қорқақтығына намыстанып, оны жасыруға не тіпті жоюға тырысып бағады, ал бұл тырысу- ерік күшін керек етеді.
Бала еркінің даму көзі - бұл еңбек. Әрқандай еңбектік іс-әрекет ерік қатысынсыз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан бала белі қажетті дәрежеде бекігеннен, оны өнімді еңбекке қосу - басты шарт.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Ерік құбылысының мән-мағынасын қалай түсінесіз?
2. Еріктің ырықты және ырықсыз әрекеттермен байланысы қандай?
3. Ежелгі қауымдағы ерік түсінігі қандай болған?
4. Ортағасырлардағы ерік түсінігінің ерекшелігі неде?
5. И.П.Павловтың "еркіндік инстинкті" теориясын қалай түсінесіз?
6. З.Фрейдтің "психоанализдік" теориясының мәні неде?
7. Ерік құбылысын осы заманғы ғылым қалай түсіндіреді?
8. Еріктің физиологиялық негізі және онымен байланысты екі сигналдық жүйе қызметінің мақсаты қандай?
9. Ерік құрылымын айқындайтын категориялар және олардың сипаттамасы қандай?
10. Ерік сапаларына қандай бірліктер кіреді?
11. Жеке адамның ерік қасиеттерінің түрлері және оларды қалай тәрбиелеуге болады?
16-дәрісбаян
СЕЗІМ
Жоспары: 1. Сезім жөнінде түсінік.
2. Сезім ерекшеліктері.
3. Сезім қызметтері.
4. Сезім түрлеі.
5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
1. Сезім жөнінде түсінік
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама А.Нау-аи "Сезімсіз адам - кесек, махаббатсыз адам есек" - деген екен.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, де-генмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырым-нан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағ-дайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан бас-талды. У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайым-даған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. "Біздің қайғыруымыз - жылағанымыздан; қорқуымыз - қалтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден" (У.Джемс).
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы (рудимент).
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім таби-ғатын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л.Фестингердің сана үйлесімсіздігі (когнитивный диссонанс) теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы "білімдер" үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады.
2. Сезім ерекшеліктері
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Әрқандай сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субъектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз баланысты. Субъект қажеттігі және сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі - қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-түрткісіне (мотив) айналдырушы сезімдер. Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталған (В.К.Вилюнас).
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына - жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза), жетіскен нәтижелерге (қуаныш, өкініш) немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға (қатерлену, сенімді болу) субъекттің қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе ырықты деп аталады. Сезім екі себептен пайда болады, бірін-шісі - адамның объектке қатынасын айқындайтын қажет-тіктер; екіншісі - адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қабілеті.
Сезімдердің өзіндік ерекшелігі олардың қарама-қарсылықты (полярлы) сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленуге де (рахаттану-қысылу), сондай-ақ күрделі толғаныстарға да (ұнату - жеккөру, қуаныш - мұң, көңілді - қайғылы, т.б.) тән.
Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат - олардың бірігімді (интегралды) келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге бөлейді. Барша дене қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумен (интегрировать) сезім өздігінен организмге пайдалы не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі - олардың денедегі тіршілік әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: қорқыныш - жүрек ауруларына соқтырып, ашу - бауырды, жабырқау мен мұң - асқазанды бұзады (М.И.Аствацатуров).
Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әртүрлі халықтарда, әртүрлі кезеңдерде мән-мағынасы мен көріну формасын ауыстырып отырған. Қоғам дамуымен сезімдер де өзгеріп барады.
Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элементтердің тұтастай бірлігінен құралады: пайда болу - өрбу - шыңына жету - сөну.
Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауда байқалады: қолданған сөздердің мәні бұлынғыр, көңіл-күй қалпына сәйкес болмай шығады.
3. Сезім қызметтері
Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.
Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрінеді. Көңіл-күйдің бүкіл ағзаны билеуінен, сезім арқылы біз қандай да әсердің пайдалы не зиянды екенін оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей тұрып-ақ байқап, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы, жолды кесіп, өтіп бара жатқан жолаушы көшедегі көлік қозғалысын барластырумен әртүрлі деңгейдегі қорқыныш сезімінде болуы мүмкін.
Сезімнің ақпараттық не бейнелеу мүмкіндігі ниеттеу немесе ынталандыру қызметімен тікелей байланысты. Мысалы, жолаушы алдына жақындап қалған транспортты көре, қауіп төнгенінен, қадамын жеделдете түседі. Затқа не одан кері бағытталған құмарлық, тілек, ұмтылыс эмоцияның өзіне тән, одан ажыралмас, бірлікті құбылыстар (С.Л.Рубинштейн). Алда тұрған мәселенің шешілу жолына бағыт беретін де осы сезімдер.
Оқу процесіне тікелей қатысына байланысты сезім қуаттау, қолдау қызметін де атқарады. Күшті эмоционалды көңіл-күйге себепші болған оқиғалар оқушы санасында жеңіл қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік сезімдері баланың оқуға болған ынтасына күш, қуат беріп не оны тіпті өшіріп жіберуі мүмкін.
Белгілі сәтте маңыздылау қажеттікті таңдау барысында сол қажеттілікке негіз болар көп сеп-түрткілердің таласы туындайды. Осы жағдайда сезімнің ауысу қызметі іске қосылып, эмоция адамды қандай да талғамға бағыттайды. Мысалы, адам өзінің тума жан сақтау ниеті мен қоғамда қабылданған әлеуметтік талаптар арасындағы қарама-қарсылықты жеңе алмай, күйзеліске түсетіні белгілі, яғни қандай да әрекетті істейін десе - өз тіршілігіне зиян, істемесе - ұят, көпшіліктің сынына ұшырайды. Осындай қорқыныш және борыш, қорқыныш және ұят тайтала-сында сезім мәнін, оның өз талғам-талабына сай келу, келмеуін барластырумен адам көздеген іс-әрекетін сол сәттегі қажетті арнаға ауыстырады.
Жоғарыда аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметін да атап өткен жөн. Ч.Дарвиннің пікірінше, сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттігіне орай келген жағдайларды анықтау құралы ретінде пайда болған. Дер кезінде организмде пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу мүмкіндігіне келген.
Сезімнің коммуникативтік (ақпарат алмасу) қызметі де адам өмірінде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене қозғалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөніндегі өз қатынас-талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні белгілі. Ым-ишара, қас-қабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы - бәрі де сезім "тілі" болуымен, адам ойынан гөрі, оның көңіл-күй кейпін айқындау танытады.
Коммуникативтік қызмет аймағында сезім арқылы адам өзін қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүниесіне ықпал жасау қабілетіне ие. Мысалы, әлі есейе қоймаған сәби шатқаяқтап жылауымен ата-анасын өз дегеніне көндіретінін сезе қояды да, бұдан былай осы әдісті жиі қолданып, мүддесіне жетуді әдетке айналдырады.
1. Сезім түрлері
Адам сезімінің көріністері әрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған, созылыңқы, бірақ әлсіз (қайғы); күшті, бірақ қысқа мерзімді (қуаныш) - болуы мүмкін. Сонымен бірге, сезімдер тереңдігі, саналылығы, тектілігі (генетически), пайда болу және сөну шарттары, денеге әсері, даму желісі, бағыты, көріну тәсілі ж.т.б. жағынан әрқилы сипатты келеді. Сезімнің ішкі жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес.
Субъектив толғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді: тіршілік қажеттіктерді қанағаттандырып, рахатқа бөлеуші ұнамды сезімдер; тіршілік қажеттіктердің орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер. Орындалып жатқан адам қажеттіктерінің деңгейіне орай сезімдер қарапайым және күрделі келеді. Қарапайымдары - ашу, қорқыныш, уайым, қызғаныш, күндеушілік ж.т.б.; күрделілері - моральдық, эстетикалық және отан сүйгіштік.
Көріну әлпетіне орай барша эмоционалдық қалыптар келесідей түрлерге жіктеледі: көңіл-күй, кейіп, эмоция, аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, жоғары сезімдер.
Көңіл (чувственный тон) - субъектке қандай да эмоционалды реңкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше сигналдық түрі: кейбір түр-түс, дыбыстар, иістер өздерінің негізгі мәніне байланыссыз біздің есімізге түсуден жағымды не жағымсыз сезімдер тудырады. Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін. Мұның бәрі біздің сол сәттегі көңілімізге байланысты. Егер көңіл тұрақты жиіркенушілікпен ұштасса, бұл идиосинкразия сырқатының белгісі.
Кейіп (настроение) - біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез-құлыққа әсер ететін жалпы эмоция-лық күй. Өмір тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып, оған қуанады не күйзеледі, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге байланысты. Мысалы, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жүмысы сәтті болып, реттеле бастаса, оның көңілі тасиды, шаттық лебі ұзаққа созылады.
Эмоция (сезім шарпуы) - сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Мысалы, сахнадағы айтыскер ақындардың бір ауыз тапқыр сөзіне бола, көрермендердің бір мезет дүрілдете қол соғып, қошемет айқай салуы.
Іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық және астеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп, іс-әрекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам "тау қопаруға" дайын тұрады. Керісінше, кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады - бұл астеникалық эмоция көрінісі.
Қуаныш - орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.
Таңдану - күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан зейін толығымен таңдануға себеп болған нысанға ауысады, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасірет - алғашында азда болса сенім күттірген маңызды өмір қажеттігінің орындалмауы не оның орын-далмайтыны жөнінде ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоциялық күй.
Қаһар - субъектте өте маңызды қажеттіктің күшті кедергіге ұшырап, орындалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз эмоциялық қалып.
Жеркену - тікелей қатынаста болған объекттердің (заттар, адамдар, құбылыстар, оқиғалар ж.т.б.) жеке адам идеологиясына, адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.
Жек көру - адам аралық қатынастарда субъекттің көзқарас, өмірлік салты мен сезім объекті қылықтарының бір-біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл-күй.
Қорқыныш - субъектте өз тіршілігіне шын немесе болуы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
Ұят - субъекттің өз қылық-әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі.
Эмоциялық толғаныстар бір текті болмайды. Бір объекттің өзі біріне бірі қайшы келген әрқилы сезімдік күйді пайда етеді. Бұл құбылыс амбивалентті (екі ұшты) деп аталады.
Өте күшті эмоциялық әрекет көрінісі - аффект қысқа да қарқынды өтуімен ерекшеленеді. Бұл сезім құбылысы субъект үшін өте қажетті болған өмір жағдайларының кенеттен өзгеріске түсуінен болады. Аффектте адамның қозғалыс әрекеттері ұстамсыз күйге келіп, ішкі ағзалар қызметі күйзеліске ұшырайды: тілден қалады, жүрегі ұстайды, есінен танады ж.т.б. Бұл қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады.
Адамның көңіл-күйінің кейпін білдіретін жәйттің бірі психологияда фрустрация (көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырып, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, қайғырып, күйзеледі, ашуға булығады. Қанағаттанбаушылық сезімінен жан дүниесі қиналады. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайда көңіл өшпенділік, кейіс пен қаһар тудыруға бейім келеді.
Эмпатия - қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиын-шылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басыңа түскендей сезіну.
Қүмарлық. Құмарлық көрінісі анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір затқа бағытталады. Құмарлық - адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім.
5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
Адам жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсер-леніп қана қоймай, оның құпияларын танып білуге ұмтылуында. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік түр-лері бар.
Ақыл-ой (интеллект) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін туды-рады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім - объектив шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі - адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай.
Эстетикалық сезім - мазмұны мен мағынасы және түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші ықпал ретінде қарастырады.
Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. "Мораль" - "морале" деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады.
Адамгершілік сезімінің принципі мен жалпы негізі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық сатыларда әлеумет мүшесінде қалыптасып отыратын мінез-құлық көріністері. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның жеке-даралық қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Сезім құбылысын қалай түсінесіз?
2. Сезімге байланысты интеллектуалистік теорияның мәні қандай?
3. У. Джемс және Г. Ланге сезім туындауын қалай түсіндірген?
4. Сезім мен қоршаған орта әсері арасындағы байланысы Ч.Дарвин және Э.Клаперад еңбектерінде қалай сипатталады?
5. Сезім және интеллект байланысын қалай түсінесіз?
6. Сезім ерекшеліктерін байқататын факторлар қандай?
7. Сезім атқаратын қызметтердің сипаты қандай?
8. Сезімнің әлеуметтік сипаты неде?
9. Сезім түрлері қандай және олар қалай сипатталады?
10. Жоғары деңгейдегі сезімдер мәні қандай?
17-дәрісбаян
ТЕМПЕРАМЕНТ
Жоспары: 1. Темперамент жөнінде түсінік.
2. Темперамент туралы теориялар.
3. Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамасы.
4. Темперамент және іс-әрекет.
1. Темперамент жөнінде түсінік
Темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Тем-перамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейді. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара бай-ланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған.
2. Темперамент туралы теориялар
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" - қан, шырыш, өт, сµл - өзара қатынасымен ажыралады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. ІІ ғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байла-ныстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangіus - қан), флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран).
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушҢлер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осы?ан орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент ?асиеттерҢне негізделген - конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалы? тип белгіленген:
1. Лептосоматик (єлжуаз) - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник (шєлтік) - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик (шомбал) - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик (м‰гедек) - дене бітімі қисынсыз. Бұл адам-дар - әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (асте-нический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик - денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды (Э.Кречмер).
Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген: И.П.Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекс-тік қозулары мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. И.П.Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші - бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің тепетеңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процесінің қозғалмалылығы - бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді.
Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесінің селқостығы (инертность). Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепетеңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:
к?шті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт - флегматик;
күшті, қозуы басым - холерик;
әлсіз тип - меланхолик.
3. Темперамент түрлері
Темперамент - бұл адамның психика-лық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде ж.т.б. байқалады.
Дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:
Сезімталдық (сензитивность) - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің (реакция) пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің туындау шапшаңдығы.
Жауап-әрекетке келу (реактивность) - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік (активность) - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау ж.т.б.).
Жауап-әркетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қанша- лықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам ж.т.басқалардан.
Икемділік (пластичность) - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тіпті жат қылық көрсетуі.
Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер (экстраверт) немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар (интроверт).
Сезімдік қызбалық (эмоциональная возбудимость) - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман пси-хологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше:
Сангвиник. Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепетең. Назарын тартқанның бә-ріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт тауып - шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.
Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт.
Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпе-легіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп - толық интраверт.
4. Темперамент және іс-әрекет
Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет - олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу көріністерінде.
Егер іс-әрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмайды.
Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыралады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан - оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді (Р.М.Грановская).
Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер күші болу - кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерекшеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.
Оқу мен тәрбиені оңтайластыру мен олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алған жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге кеңес: холериктің оқу істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті оқушымен қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды - қатынасқа сай келеңсіз жауап әрекет болуы сөзсіз. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа, қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсенді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру қажет.
Флегматик қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бір істен екіншісіне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп, әрқандай іс-әрекетте көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап, қоше-меттеп бару керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре, қатынасу керек.
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс-әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап береді.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Темперамент мәнін қалай түсінесіз?
2. Темперамент жөнінде ғылыми көзқарастар бағыты қандай?
3. Темперамент табиғатын түсіндіруде И.П.Павлов еңбектерінің маңызы неде?
4. Темперамент типтерін ажыратуға негіз боларлық деректер тобына не кіреді?
5. Темперамент түрлерінің сипаттамасы қандай?
6. Темперамент және іс-әрекет арасындағы байланыстар мәні қандай?
18-дәрісбаян
М І Н Е З
Жоспары: 1. Мінез жөніндегі түсінік.
2. Мінез жөніндегі білімдер.
3. Мінез бітістері.
4. Мінез түрлері мен типтері.
5. Мінездік бітіс асқынуы.
6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері.
7. Мінез және адамның жас сатылары.
1. Мінез жөнінде түсінік
Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші - адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақ-талып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына ж.т.б. негіз болады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады.
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің (төзімділік, өжеттік т.б.) көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке болған бағыт-бағдар сипатын аңдатады. Мінез қалыптасудағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы - босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Жеке адам бағыт-бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық "осылай болсын" деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне негізделеді, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді.
Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас - наным адам-ның өз іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарға сай белгілеп, мақсатқа жетуде жігеріліліктің, орындап жатқан ісінің дұрыс та маңызды екеніне сенімділік туғызады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстірт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам еліктегіш келеді.
Адамның рухани немесе заттай қажеттіліктерінің қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезімдерінің ғана емес, сондай-ақ іс-әрекетінің де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нәрсе - іс-әрекеттің алға қойылған мақсатқа тікелей сай болғаны, себебі адам не істеп жатқаны немесе не істейтініне қарай бағаланбайды, әңгіме сол істі қалай орындайтынында. Осыдан мінез калпы адамның бағыт-бағдары мен іс-әрекет кейпінің бірлігінен келіп шығады.
Мақсатқа жетуде бағыт-бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолай, қайталанбас әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез бітістері әрекет немесе қылық түрін таңдауда айқын жүз береді. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінің деңгейін (табандылық, шешімділік, жүректілік немесе еріксіздік, қорқақтық, күдікшілдік ж.т.б.) мінез бітісі деп тануға болады.
2. Мінез жөніндегі білімдер
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым - характеро-логия ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл пси-хология саласы мінездер типін саралап, адамның әртүрлі өмір жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмір барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбіріне қысқаша түсінік:
Жұлдызнама (гороскоп) - адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ беріледі. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тән әртүрлі қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі.
Физиогномика (phіsіs - табиғат, gnomon - білу) - адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бітістеріне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мінез ерекшелігі оған таңылады.
Хиромантия (cheіr - қол, mantіa - бал ашу) - адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика - бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графология - мәнерлі әрекет - жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
3. Мінез бітістері
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы - шапшаң, екінші - асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші - іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер - мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады.
Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиет- ке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, олар-ды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті - әлсіз, қатал - жұмсақ, тыңғылықты - өзара қайшы, кең - тар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасиеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе - қайшылықты мінез орнығады.
Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де әрқилы, тіпті қарама-қарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нәзік мәдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мҢнезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент - мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық - ұстамсыздық, қозғалғыштық - салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды.
Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын береді.
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда "мінезді адам" және "еркі күшті адам" сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екіншіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән тұрақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары да-мыған адамның сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім - бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау - тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилық т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік (жайдарылық, көңілділік т.б.), ақыл-саналық (ой тереңдігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам - сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
4. Мінез түрлері мен типтері
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объекттердің маңызымен анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтірікші, әдепті - дөрекі т.б.).
2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбекқор - еріншек т.б.)
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
4. Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, ұқыпты - салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.
Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) - адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі - мінез тума берілмей-ді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:
1. Үйлесімді (гармонический) мінез типі - қорша-ған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Бұл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
2. Іштей қарама-қарсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет - қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады.
3. Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады.
4. Тиянақсыз (вариативный) мінезді адам - бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс.
5. Мінездік бітіс асқынуы
Мінездік бітіс асқынуы (акцентуация) психологияда - мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының "әлсіз жерлері" формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің "әлсіз жерлеріне" соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзге-реді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мі-нездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.
6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, үлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының түтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен үлттың, этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ыбрай Алтынсарин еңбек-терінде өз халқының мінез-қүлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақ-тардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемді-лігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ар-дақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдам-дылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қа-сиеттердің жайжапсары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
7. Мінез және адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игеріл-ген тәржірибе мен білім бозбалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық (юность) шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түртүс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, "бақыт" мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді "бақытсыздықтың" қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзіңді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті.
Адамның ендігі өмір желісі көп шарпусыз, байсалды да аңдап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындыру қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуат-жігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бағыштайды. Тәжірибе, нақты іс-әрекетке араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әліде жас жігіт басқаларды бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенеді, махаббат, достық, әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі.
36-40 жаста адам өмірдің жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейді.
Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы шерегі ғана ең ұзақ, қымбат әрі бақытты көрініп, қайталана жадқа келе береді. Қалған шақтардың бәрі қысқа да сарсаң өмір күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі күйзелткендер мен қинаған-дардың баршасы мәнін жоғалтып, елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсінген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи былай депті: "Баз кештім елу екіде жиғанымнан, Мал-мүлкім артық емес бір жанымнан". Ендігі өмірдің әр күні жылдарымдай шалт ағып, ізін жуып-шайып, өткеннің бәрін татымсыз күйге түсіреді. Кешкен дүние тұманданып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбір бастан өткен қызғылықты оқиғалар анда-санда жылт ете, көрініп, көңілді рахатқа бөлейді. Осының бәрі уақыт ендігіндегі адамның барша "Мені" санада сақталып қалмай, оның кейбір көріністері ғана бекіп қалатынын дәлелдейді.
Өмірдің екінші жартысының мәні бірінші өмір бөлігінде топталған материалды және рухани қордың шамасымен күні ілгері анықталады.
Адам мінезінің сан-қилы көріністері жас сатыларына байланысты әрқилы. Бұған дәлел "Диуани хикмет" шумақтары:
"Ғашық боп жиырма сегіз жасымда
мен, жан кешіп, мехнат шегіп,
бас ұрған ем ..." "Қанағат елу сегізде
сезіндіріп, Тыя гөр, қаһарлы ием, өзің біліп,
Құдайым бар непсімді безіндіріп". (Қ.А.Яссауи)
Өмір ақырына жасанды, жалған сенімдер (иллюзии) ғайып болып, өмір жағдайынан жамылған бүркеме-лер ысырылып, шынайы мінез көрініс береді, әлеуметтік роль мән-мағынасын жоя бастайды. Адам фәни ақырында өзін танып, өз болмысының төркінін білетін халге же-теді. Өмір балалық күндердегідей бақылау, меңзей қарау (созерцательность) кейпіне қайта оралады. Жас күнде де игілік, ләззәт бермеген көптеген құмарлықтар өшеді. Алайда, бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанындай, кәрілікке де рух көтеріңкілігі жат емес. Көптеген шектеулерден босап, өмір аяғында адам өзін еркін сезініп, дүниемал, дос-дұшпанның шын мәнін пайымдау деңгейіне жетіседі.
Қоғамда әдейі, мансап иелеу үшін бүркенген жалған зер-оқалары (мишура) мен дүниеқоңыздық күйбеңдерін ысырып қойып, кәрілік ақиқат дүние құндылықтарына объектив баға береді.
Кәрі адамның ең күшті психикалық қасиеттері - өткен өмірдегі өз мәнділігін сезінуі, жетіскен адамдық дәрежесі және жемісті іс-әрекеттерінен қанағат рахатын тауып, мәңгілік өмір дариясының бір тамшысы болғанынан қуанышқа бөленуі. Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзінің мәңгіліктен өшіп кетпейтінін біліп, оны медет тұтады. Оның өмірі адамзаттың мәңгілік ағымын жалғастыруға себін тигізді; мұны түсіну - кәрілік даналығы.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Мінез анықтамасы қандай және оны қандай дәлелдермен түсіндірер едіңіз?
2. Мінез қалыптасуына ықпал етуші факторлар түрі қандай?
3. Мінез бітістері және олардың темперамент, сезім, сана қасиеттерімен арақатынасын қалай түсіндіресіз?
4. Мінез түрлерінің ажыралуына себепші факторларды қалай сипаттар едіңіз?
5. Жалпыланған мінез типтері қандай?
6. Мінез асқынуы деген не?
7. Ұлттық мінез қалыптасуының себептері қандай?
8. Жас сатыларына байланысты мінез өзгеруін қалай түсіндірер едіңіз?
9. Мінезге орай ұлы ғұламалар даналығынан не білесіз?
19-дәрісбаян
ҚАБІЛЕТ
Жоспары: 1. Қабілет жөнінде түсінік.
2. Нышан және қабілет.
3. Қабілеттердің даралық сипаттары.
1. Қабілет жөнінде түсінік
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады.
Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олар-дың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез - шабан, оңай - қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:
1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет - кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын жо¹ары ептілік. 3. Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, ?ажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. "Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" (Коупленд П.)
Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеумет-тік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.
2. Нышан және қабілет
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.
Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы ж.т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И.П.Павлов) ажырала-ды: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген); ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген); аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан). Осы-дан, "суреткерлер" - объектті тұтас бейнелеуге бейім, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал "аралас" қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылыс.
Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу - болашақ суреткер болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа қажет нәзік есту қасиеті), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирижер, биші, әнші, музыка сыншысы, педагог, композитор ж.т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.
3. Қабілет және тұлға даралығы
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.
Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыралады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет - шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді.
Әрқандай кәсіптегі (мұғалім, дәрігер, ұшқыш, спорт-шы ж.т.б.) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етеді.
Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, тұлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.
Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс - талант. Талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық ж.т.б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.
Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Қай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында тұрған нақты міндеттерге байланысты.
Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шың-далу деңгейі - данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті (Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухи көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл тұлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігінен, жаңалық ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.
Шабыт пен еңбек - екеуі егіз, бір-бірінсіз асамайды. Осыдан, шабыт - қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. "Шабыт - еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П.И.Чайковский). Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерік күші - шабыттанудың алғы шарттары.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Қабілет мәні және оған бүгінгі ғылым тұрғысынан берілген сипаттама қандай?
2. Қабілет құбылысын түсіндіруде болған ғылым көзқарастары қандай?
3. Нышан және қабілет арасындағы байланыстар мәні неде?