Төлем балансы

Скачать

 Тақырып 10. Халықаралық қаржылық нарықтар
1. Халықаралық қаржы нарығының құрылымы
2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары
1.Халықаралық қаржы нарығының құрылымы. Әдетте валюта нарығы спот мәмілелеріне және де валюта дериваттарына бөлінеді – тікелей форварттар, своптар, фьючерстер, опциондар.
Спот мәмілелері – екі жұмыс күні ішінде жай стандартты келісімшарт негізінде екі валютамен есептесу.
Фьючерс – валютаға деген стандартталған форварттық келісімшарттар, олардың саудасы биржада өтеді.
Форварт – нақты тауар жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың белгіленген бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форварт мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының ықтимал серпінін ескеретін түзетулер енгізіле отырып белгіленеді.
Опциондар – мезгілдік биржа мәмілелеріне енгізілетін шарт, ол бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі.
Географиялық валюта нарығы қатты шоғырланған. Үш қалада (Лондон, Нью-Йорк және Токиода) валюта саудасының 55% өтеді, және де Лондонда 30%. Осы үш қаладағы валюта айналымы күніне 161- тан 464 млрд. долл дейін құрайды. Келесі топқа Сингапур, Гонконг, Цюрих және Франкфурт кіреді. Олардың күнсайынғы айналымы 76-105 млрд. долл. тең.
Валюталық нарықта техникалық мәмілелер сауда жүргізуші жақтармен тікелей немесе банктер, телефон, телефакс көмегімен жүргізіледі.
Арбитраж — бір нарықта валютаның немесе басқада активтердің сатып алуын, оның басқа нарықта дер кезде сатылуын және сату мен сатып алу бағалары айырмашылығы негізінде пайданы алуды қарастыратын операция.
• Қорғалмаған пайыздық арбитраж — тәуекелдерді хеджирлеу механизмін пайдаланбай инвестицияларды жүзеге асыру үшін спот нарығында валютаны сатып алу.

2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары. Халықаралық қарыз нарығында қарыз міндеттемелері айналысқа түседі, олар қарыз алушыдан қарызды қарыз берушіге алып беру құқығын дәлелдейді. Бұл қарыз міндеттемелері алуан түрлі болуы мүмкін. өтеу мерзімі бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, қарыздар типі бойынша – мемлекеттік, мемлекетпен кепілденген, және жеке, қарыз түрі бойынша – ресми және жеке қарыз. Ресми қарыз міндеттемелер халықаралық ұйымдар алдындағы және екі жақты міндеттемелер болып бөлінеді. Жеке қарыз міндеттемелері коммерциялық банктерге, облигацияларға, басқада қарыз болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік борыш, кепілденген мемлекеттік борыш, жеке кепілденбеген борыш.
Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:
1. Осы ұйым мүшелерін несиелеу;
2. Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайымен танысу мақсатында елге
келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде
осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттін бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;
3. Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен
несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда
ғана беріледі;
4. Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды
халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;
5. Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің
есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы
қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып,
жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.
Халықаралық қаржы ұйымдарының пайыздық қойылымы әр түрлі. Әлемдік қайта құру мен даму банкі стандартты "квалификациялық қарыз алу сомасы" қойылымын, ЕҚҚжДБ - LIBOR, ХВК, - арнайы қарыз құқығының (SDR) пайызымен анықталатын стандартты қойылымын пайдаланады.
Несие беру кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджетінің дефициті мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, несиені өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.
Әлемдік тәжірибені талдау кезінде, сыртқы борышты әлем шаруашылығы мен мемлекет даму нәтижелерімен, даму бағыттары мен барлык, факторлармен байланыстыра қарастыру қажет. Өйткені елдер басқа мемлекеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар алдында міндеттемелері бар екенін ұмытпау қажет. Әрине көптеген елдердің қиыншылықтармен кезігуі сыртқы қарыздардың қажетті пайданы қамтамасыз ететін жобаларға салынбауынан болды. Оған көптеген дәлелдер бар, мысалы 70-жылдары алынған қарыздардың басым бөлігі жинак, коэффициенті төмен кезді бастан өткеру үшін, капиталды шетке шығаруды қаржыландыру мен сол кезде нарық бағаларында тиімділігі өте төмен жобаларды қаржыландыру үшін қолданылды. Тіпті қаржылар басынан бастап тиімді орналастырылғанына қарамастан, жоспарланбаған пайыз қойылымы мен сыртқы сауда жағдайының келеңсіз өзгерісіне байланысты, нақты пайда нормасын жеткіліксіз еткен болатын. Бұл жағдайларда кептеген дамушы елдердің сыртқы борыштары ұлғайып, оны өтеу үшін алынатын пайдасы жеткіліксіз болды.
Сыртқы қарыз бойынша әдебиеттерде мұнайды экспорттаушы елдердің ЖІӨ-де тұтыну нормаларын жоғарылатып, ал мұнай импортер елдері төмендеткенде әлемдік қарыз дағдарысы болмас еді деп к,арастырылған. Бірақ мұнай экспортер елдері экспорттан ұлғайып жатқан түсімдер шеңберінде тұтынуын жоғарылата, ал мұнай импортерлері ағымдағы операциялар есебінің дефицитін болдырмау үшін тұтынуын шектей алмады.
Мұнай өндіруші елдердің ағымдағы операциялар есебіндегі артық қаржылар нәтижесінде коммерциялық банктерді қаржыландырды. Банктер болса, осындай мол қорларды алғаннан кейін, оған пайыз төлейтін болғандықтан, тиімді орналастыратын тұтынушылар іздеді. Оларды сауда дефициті бар мұнай импортер елдерден тапты. Бұл шешім әркайсысына ыңғайлы болды: мұнай өндіруші елдер қысқа мерзімді салымдар жасап, одан пайыз көлемінде пайда алып отырды, ал мұнайды импорттаушы елдер мұнай импортын қаржыландырудың уақытша көздерін тапты.
Соңғы 15 жыл ішінде пайда болған қарыз мәселелері батыс елдерінің қаржы-несие саясаттарының тұрақты факторы болды. Оның шешілуін жеңілдету үшін екі клуб құрылды: қарыз беруші мемлекеттерді біріктіретін Париж клубы және 600 батыс елдерінің коммерциялық банктері мүше болып табылатын Лондон клубы. Қарыз міндеттемелері көп болған жекелеген мемлекеттердің қарыз құрылымын қайта қарау, мерзімін өзгерту мен кейде бір бөлігін немесе толықтай көшіру тәжірибесі күнделікті іске айналды. Бірақ кешірімді сомалар көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес, ал Батысқа қарызданудың өсуі әлі шешімін тапқан жок,.
Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, міндеттемелерді орындамаудың кең етек жайылуын болдырмау қажеттігі аталады. Өйткені бұл ірі қарыз берген несиелеуші-банктерді қаржы тұрақтылығы мен халықаралық төлем механизмінің дұрыс әрекет етуіне қауіп төндіруі мүмкін. Қалыптасқан жағдайларда Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) ерекше орын берілді. ХВҚ жүргізілген шараларда маңызды орын алып, тікелей өзі немесе басқа ұйымдар мен коммерциялық банктердің келісілген несиелерді беруді үйлестіруді жүргізді.
Қаржы қиындықтары мол, борышы үлкен дамушы елдер 1982-1985 жылдар аралығында төлем балансының ағымдағы есеп дефицитін күрт азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл шаралар, 1983 жылы мен 1984 жылғы қолайлы халықаралық қаржы жағдайымен қосарланып, төлем балансының сыртқы дефицитінің күрт азаюына әкелді. Бірақ бұл азаю импорт пен капитал салымдарын күрт азайту есебінен ғана жасалды, ал ел экономикасының дамуы мен төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізді. Сондықтан осы әдіс арқылы экономикалык, жағдайын күрт жақсарту көп ел үшін қиын болып, жеке меншік несиелеушілердің жаңадан қарыз беретініне үміттенуге болмайтыны түсінікті болды.
ХВҚ-ның экономикалық тұрақтандырудың күшті бағдарламаларын қолдаудың негізгі құралы болып, құрылымдық қайта құруды кең ауқымда қаржыландыру (ЕСАФ) болуда. ЕСАФ 1987 жылы Атқарушы кеңес шешімімен құрылып, 1994 жылдың ақпан айында ол кеңейтіліп, ірілендірілді. Қазірде ЕСАФ ХВҚ төлем балансындағы қиыншылықтары тұрақты, төмен табысты мүше-елдерге қаржылай көмек (жеңілдіктері бар несиелер түрінде) көрсетудің негізгі механизмі болуда.

ЕСАФ шеңберіндегі қаржылар түбегейлі орта мерзімді құрылымдық қайта құру бағдарламаларды қолдау мақсатында ұсынылады. ЕСАФ шеңберіндегі тұрақтандыру шаралары үш жылдың ішінде төлем баланс жағдайын тұрақтандырып, экономикалық өсуді ынталандырады деп болжануда.
Сонымен қатар, қарыз мәселесін жоюдың негізгі құралдарына: қарыз міндеттемелерін акцияға айырбастау, қарызды сатып алу, қарызды қайта ұйымдастырумен қайта қаржыландыру кіреді. Әрбір мемлекет өзіне тиімді деп санаған әдістерді қолданады.
Қарызды қайта қарастыру операцияларының мәні бар қарыз міндеттемелерін ұлттық, немесе шетел валютасындағы жаңа қарыз міндеттемелеріне ауыстыру болып табылады. Ескі және жаңа міндеттемелер шарттары бір-бірінен қатты өзгешеленуі мүмкін. Мысалға, жаңа қарыздың номиналды құны ескі міндеттемелердің номиналды құнының дисконтын көрсетуі мүмкін немесе номиналды к.ұны өзгеріссіз қалып, келісімді пайыз қойылымы ескі міндеттемелерге қарағанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. 1980 жылмен 1997 жыл аралығында 50 мемлекет осындай қайта қарастыруға байланысты 250 келісім жасаған.
Бұл әдістің кемшілігі - мемлекеттің жағдайын қысқа мерзімде ғана жеңілдеткенімен, ұзартылған кезеңде қосымша пайыз төлеу есебінен жалпы нәтижелік қарыз көлемін ұлғайтады.
Мемлекет өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда борышты өтеу шарттарын жеңілдету қажеттігі туындайды және ол негізінен қарыздың құрылымын қайта қарау жолымен жүзеге асырылады.
Қарыз құрылымын қайта қарау тек қысқа мерзімде ғана тұрақтандырушы фактор болып, стратегиялық жоспарда дағдарыс жағдайын өзгерте алмайды. Оны өзгерту үшін, макроэкономикалық тұрақтандыру қатал шаралармен қатар жүзеге асырылуы керек.
Қарыз құрылымын қайта қараудағы Париж клубының әлемдік тәжірибесі қызығушылықтудыратыны сөзсіз. Ол борыш құрылымын қайта қарастыруды қарыздар мемлекет экономикасының жағдайына байланысты жүргізуге мүмкіндік береді. Борыштың құрылымын қайта қарау механизм түрлеріне:
1. төлемді кейінге қалдыру (каникул) механизмі;
2. борышты жою механизмі;
3. борыштың төлеу мерзімін ұзарту механизмі;
4. жеңілдікті пайыз қойылымдарын қолдану;
5. қарыздар мемлекетті төлем қабілетті деңгейге жеткізу үшін
қосымша несиелеу жатады.
Қарыздар мемлекеттерде туындайтын мәселелер бірдей - өзінің сыртқы міндеттемелерін есептеу қиындықтары, өз позициясын бағалау мен сыртқы нарықтағы бағалар динамикасын көп жылдарға болжау қиындықтары. Ал бағаның ауытқулары сыртқы борышты өтеу мәселелерін ұлғайтады (дұрыс басқару кезінде - қысқартады). Мысалға 1986-1988 жылдары Кеңес Одағының сыртқы борышының өсуіндегі негізгі себеп - қосымша қарыз алу емес, доллардың бағамының басқа валюталарға қатысты өзгеруінен болды.

Тақырып 11. Төлем балансы
1. Төлем балансы түсінігі
2. Ағымдығы операциялар шоты
3. Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты
4. Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі

1. Төлем балансы түсінігі. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елді әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге берілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.
Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық валюта Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұскау, ХВК 5-басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:
резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды
есепке алу;
операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;
қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету;
әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем
сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;
операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша
тіркеу.
Резидент және резидент еместер. Төлем балансын құруда сыртқы экономикалық операцияларды ішкі шаруашылык. операциялардан айыру қажеттігінен резидент ұғымы үлкен маңызға ие болады.
Сыртқы экономикалық операцияларды нақты ұйымдар, компаниялар немесе жеке тұлғалар жасайтындықтан, олар халықаралық экономикалық қатынастар тұрғысынан қарағанда не елдің резиденті, не резиденті емес есебінде саналады. ХВҚ-ың ұсыныстарында "Мемлекеттің экономикасы басқа территорияға қарағанда осы территориямен тығыз байланысқан шаруашылықтардың жиынтығы. Осы елдің төлем балансы, егер көрсетілген шаруашылықтар елдің резиденті болып саналса, олардың басқа елдермен операцияларын көрсетеді. Ал егер олар резидентдеп есептелмесе, олардың осы елмен операцияларын көрсетеді".
Резиденттерді анықтауда түрлі елдердің өзіндік ерекшеліктері
бар. Мысалға: АҚШ-та резиденттерге осы елде тұрақты өмір сүріп
жатқан азаматтар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компания-
лар жатқызылады. Ал шет елде тұрып жатқан американ азаматта-
рының (мемлекет қызметкерлерінен басқа) АҚШ резиденттеріне
жатқызылуы, олардың шет елде болу мерзіміне байланысты.
Американ корпорацияларының шет елдегі еншілес кәсіпорындары, филиалдары АҚШ үшін шетел фирмалары ретінде саналады.
Алманияда төлем балансы тұрғысынан резиденттерге шаруашылық мүдделерінің ортасы осы елде орналасқан, ұлттық нышаына қарамай, жеке және құқықтық тұлғалар жатқызылады. Осыған байланысты ГФР резиденттеріне ел азаматтары ғана емес, сол елде іс-әрекетін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер де жатады.
Қазақстанда резиденттер қатарына:
Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы бар,
сонымен бірге шетелде уақытша немесе шетелде мемлекеттік
қызметте жүрген жеке тұлғалар кіреді;
Қазақстан заңдарына сәйкес құрылған құқықтық тұлғалар,
олардың республикада және шет елде орналасқан филиалдары
мен өкілдіктері резидент болып саналады:
Республикадан тыс орналасқан Қазақстанның диплома-
тиялық, сауда және басқадай ресми өкілдіктері кіреді;
Валюталық заң тұрғысынан жоғарыда көрсетілгендерден
басқа барлық құқықтық не жеке тұлғалар, Қазақстанда немесе
шет елдерде орналасқанына қарамастан, біздің елдің резиденті
болып саналмайды.
Резидент еместерге кіретіндер:
елге келген туристер, кеме мен ұшақтардың экипаж мүшелері,
маусымдық жұмысшылар, т.б. және шекаралас облыстарда тұрып
жатқан шетел жүмысшылары (өйткені олар тұрақты мекен-жайына
байланысты сол елдердің резиденттері болып саналады).
дипломаттар, консульдік өкілдіктер және мерзіміне қарамастан
шетелде жүрген әскери қызметкерлер.
Қазіргі заман жағдайларында резиденттік мәселе күрделене түскенін атап кету қажет. Ол әлемдік шаруашылықтағы капитал интерұлттануы, трансүлттық корпорациялар іс-әрекетінің кең ауқымдылығы, еңбек күші миграциясының қарқындылығы мен сол сияқты процестерге байланысты.
Егер де төлем балансы резидент пен резидент еместер арасындағы барлық мәмілелерін тіркейтін болса, экономикалық мәмілелер ұғымына түсінік беру маңызды. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мәмілелер деп бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге қүқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбасы аталады (Линдерт Г.Х. Экономика мирохозяйственных связей). 5 мағынада кез келген экономикалық мәмілелер әрқашанда жақты болғандықтан, олар төлем балансында екі жақты жазу пісі бойынша есептеу жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Осы елдің ұрғысынан қарағанда мәмілелердің бұл жақтары дебеттік және кредиттік баптарға бөлінеді. Көп жағдайларда кредит операциялары оң белгісімен, ал дебеттіктер теріс белгісімен жазылады.
Төлем балансында "+" және "-" белгілерінін пайдаланылуы.

Операциялар
Кредит
Дебет
1. Ағымды есеп

Тауарлар мен қызмет көрсетулер
Тауарлармен қызмет көрсетулер экспорты
Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты
Табыс
Резидент еместерден түскен төлемдер
Резидент еместерге жіберілген төлемдер
Ағымдағы трансферттер
Резидент еместерден түскен төлемдер
Резидент еместерге төленген төлемдер
2. Капитал, қаржы және қорлармен жасалатын операциялар есебі
Капиталдар трансферті
Резидент еместерден түскен төлемдер
Резидент еместерге төленген төлемдер
Қаржы активтері мен міндеттемелері-мен жүргізілетін операциялар
Қаржы ағымының келуі (резидент еместер алдында міндеттемелердің ұлғаюы немесе резидент еместерге талаптардың азаюы)
Қаржы ағымының кетуі (резидент еместерге талаптардың ұлғаюы немесе резидент еместер алдында міндеттемелердің азаюы)

Кредит - бұл құндардың кетіп, осы елге оның орнын толтыратын Құндардың келуі немесе төлемдер түсуі тиіс. Ал дебет -құндардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс екені белгілі.
Екі жақты жазу әдісі есебінде кредиторлық жазулар сомалары Дебеттік жазулар сомаларына тең болып, жалпы нәтижесі нольге тең болуы тиіс, Көптеген алдын ала дайындау есебін өндеу негізінде жинақталған төлем балансына төлемдер мен тұсімдерді немесе елдің басқа елдермен жүргізген операцияларындағы міндеттемелері мен талаптарындағы өзгерістерді керсететін көрсеткіштер енеді. Сөйтіп төлем балансын құру принципіне сәйкес оң көрсеткішердің қорытынды сомасы оның теріс көрсеткіштер сомасына тең болып, барлық жағдайларда формальды тепе-теңікті қамтамасыз етуі қажет. Осыған сәйкес төлем балансы әрқашан тепе-тең болады. Бірақ тәжірибеде есептер балансы шықпайды. Оның негізгі себептеріне мәліметтердің әр түрлі көздерден алынуы, кейбір баптар бойынша ақпараттардың төмендетіліп көрсетілуі немесе есептеуде көрсетілмеуін айтуға болады. Сонымен қатар әдістемелік және есептік сипаттағы қателіктер мен байқаусыздықтар да орын алады. Сондықтан төлем балансының барлық есептерінде "таза қателіктер мен байқаусыздықтар" бабы болып, ол есептеуде көрсетуге тиіс болған операциялары бағалаудағы қателіктер мен байқаусыздықтарды керсетеді.
Төлем балансында көрсетілетін ағымдар (қорлар емес) екі бағытта болады. Ағымдар белгілі бір кезеңде саналса, қорлар тек бір уақыт мезгіліне ғана анықталады.
Төлем балансын құрастыруда ағымдарды тіркеу уақытын білу өте маңызды. Тәжірибеде көбінесе мемлекеттің төлем балансын құрастыруда мәліметтерді жинау мен дайындау мерзімі бір жыл болып белгіленеді. Өйткені кәсіпорындардың төлем балансында көрсетілетін бірқатар операцияларының бағалық мәліметтері жылдық негізде ғана түсетініне байланысты. Бірақта, бұл кейбір мемлекеттердің тоқсан сайынғы ұлттық есептер сметасына сәйкес келетін тоқсандық төлем баланстары үшін мәліметтер дайындауын жоққа шығармайды. Ол кейбір мәліметтердің (мысалға, экспорт пен импорт) көбінесе үш ай, тіпті ай сайын келіп түсу мүмкіндігіне байланысты.
Операциялар меншік құқығының заңды түрде ету мезгілінде тіркеледі. Оны келісімге қатысушы екі жақтың бухгалтерлік кітаптарында операцияны тіркеу кезінде жүзеге асырылады деп саналады. Бүл жерде екі жақта осы операцияға бір мезгілде әсер ету тиіс. Операция бойынша төлем уақыты келгенде есептеп қосу әдісі негізінде, мысалға нақтылай есеп айырысу кезінде емес, пайыздарды төлеу кезінде жүзеге асырылады, Көбінесе сауда, қаржы, қызмет көрсету операциялары екі жақта бір мезгілде тіркелмеуі де мүмкін. Бүл жағдайда кәсіпорындарды сұрастыру нәтижелері мен түскөн сауда және валюта құжаттар негізіндегі бастапкы мәліметтерге уақытша өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды.
2. Ағымдығы опреациялар шоты. Операциялар нақты (тауарлар, қызмет көрсетулер, табыс, өндірістік емес және қаржылық емес активтер) және қаржылық ресурстарымен жүргізілетін операцияларға бөлінеді. Ұлттык, есептер жүйесіне сәйкес операциялар мынандай түрлерге бөлінеді:
а) нақты ресурсты нақты (бартер) немесе қаржылық (нақтылай
ақшасыз есеп айырысу, несие және т.б.) ресурсқа айырбастау.
Соңғысына жаңа қаржы талаптары мен міндеттемелерін жасақтау немесе жоқ қылу (қарызды кешіру) кіреді.
б) бір қаржы ресурстарын басқасына айырбастау;
в) өндіріс факторларын пайдаланудан (еңбек пен капитал) түскен
табыстар мен төлемдер;
г) қайтарымсыз трансферттер - бір жақтың екінші жаққа
экономикалық бағалықтарды ешбір талаптарды тудырмай беруі
немесе ешқандай міндеттемелерді тудырмай бағалықтарды
кабылдауы.
Трансферттер ағымдағы және капиталды болуы мүмкін. Халықтың көшіп-қонуымен байланысты материалдық және қаржы ресурстарының қозғалысы капиталды трансферттерге кіреді.
Барлық қаржылық, сауда және тағы басқа операциялар нарықтық негізде жүзеге асырылатыны белгілі. Сондыктан төлем балансының операцияларының бағалары сатушы мен сатып алушылар арасында ерікті айырбас кезінде қалыптасатын нарықтық бағалармен бағалануы тиіс. Бұл жерде нарықтық баға түсінігін әлем нарығында қандай да тауарға қалыптасатын баға болып табылатын жалпылама бағалық индикатормен шатастырмау қажет.
Бірақ нарықтық бағаларды қолдануға келмейтін операцияларды қалай бағалау керек? (оларға біз бартерлік мәмілелерді, филиалдар арасындағы операциялар мен трансферттерді жатқызамыз). Бұл жағдайларда нарықтық бағалардың орнына олардың орнын басатын көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Мысалға, бартерлік сауда кезінде, бағалар олардың сатылу жағдайындағы деңгейде есептеледі.
Экспорт пен импорт тауарларының сауда операцияларының тіркелуі Инкотермс талаптарына сәйкес есепке алынады. Басқаша айтқанда, экспорт экспортер елдің кедендік шекарасынан тыс тасымалдау шығындарын есептемейтін франкоборт немесе ФОБ бағаларында есептелінеді. Импорттауарлары кеденде халықаралық сақтандыру мен тасымалдау шығындары кіретін СИФ негізінде тіркеледі. Бірақ төлем балансындағы есептеріне импорт та ФОБ негізінде тіркеліп, сақтандыру мен жүк тасымалдау "қызмет көрсету" бабында көрсетіледі.
Операциялар төлемдерінде кез келген валюта, оның ішінде ұлттық валютаны пайдалану мүмкін болғандықтан, соңғысының уақыт аралығында валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде талдаулық мәні төмендеп кетуі мүмкін. Осы себептен төлем балансының есептерінің жүргізілуі көбінесе бір тұрақты шетел валютасында (мысалға АҚШ долларымен немесе арнайы қарыз құқығымен) есептелініп, елдер арасында салыстыру жүргізуді жеңілдетеді. Мәліметтерді жүзеге асырылған валютамен есептелінетін бірлікке келтіру кезінде, операциялар орындалған күндегі валюталық бағамның нарықтық бағамына сәйкес келемін пайдалану орынды.
Мәміленін орындалу мезетін белгілеу. Төлем балансына енетін мәліметтерде операцияның орындалу мезетін белгілеу мәселесі де өте маңызды болып табылады. Бағалар сияқты, мәмілелерді орыкдау уақытында да кептеген мүмкін шешімдері бар. Операцияның орындалу уақытын көрсететін көрсеткіші ретінде шарттарға қол койылу немесе келісімге келу, тауарды түсіру, оны жеткізу, кедендік процедурадан өту, қызмет көрсету, табыс есептелінуі мен төлемдер жүргізу уақыты қызмет атқаруы мүмкін (ХВҚ басшылығы мәміленін орындалу мерзімін таңцағанда, меншіктің ауысуы ұлттық есепте жүргізу уақытымен бір кезде болуын ұсындық).
Алдында айтылып кеткендей, әр түрлі қателер мен бұрмалауларды болдырмау шарасыздығына байланысты, телем балансына "қателер мен байқаусыздықтар" бабы енгізілген. Төлем балансы әрқашан формальды тепе-теңдікте болу қажет, нақты мәліметтердің ауытқулары осы бапқа енгізіледі. Бірқатар жағдайларда, телем балансы баптарының бар топтастырылуына қандай да бір себептермен жатқызыла алмайтын жағдайда немесе жасыру мақсаттарында көрсеткіштер осы бапқа енгізіледі. Осы баптың көрсеткіш-тері әдістемелік қателіктерді ғана көрсетпей, есепке алынбаған, оның ішінде контрабандалық операцияларды көрсеткендіктен, түрақты болады.
Ағымдағы операциялар есебі - тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен ағымдағы трансферттермен жасалатын нақты операцияларды қамтиды. Ағымдағы операциялар есебінің оң сальдосы тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді. Ал теріс сальдо тауарлар мен қызмет көрсетулердің импортын, табыстар мен трансферттердің төленуін білдіреді. Жоғарыда келтірілген операциялар әр түрлі баптарда төмендегідей топтастырумен көрсетіледі.
Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өнделген одан кейінгі қайта импорт-қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспорт құралдарымен сатып алынған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді. Сыртқы саудадағы операциялардың толық есепке алынбауына байланысты, қамтылуында толықтырулар жасалады. Ол "челноктық" сауда және операциялардың бағалау қундарындағы мәліметтермен толықтырылып, экспорт пен импорт бартерін "эквивалентсіз бартерға" теңестіріліп, резидент және бейрезиденттер жүзеге асырған импорттың СИФ құнын әдістеме талаптарына сәйкес жүк тасымалдау мен сақтандыру құндарын алып тастау арқылы импорттың ФОБ құнына келтіріледі. Қазақстанда жүк тасымалдау немесе фрахт құны ТМД елдерінің тауарларының 7 пайыз құнымен бағаланып, әлемнің басқа елдері үшін 14 пайыз мөлшерінде бағаланып, ресми статистикада көрсетіледі.
Қызмет көрсетулер, олардың барлық деңгейлерін қамтып, оған көбінесе жүк және жолаушылар тасымалдау, туризм, кенес беру мен білім беру қызмет керсетулері сияқты, техникалық көмек геофизикалық, құрылыс, коммуникациялықжәне үкіметтік қызметтер кіреді.
Табыс - өндіріс факторлары болып табылатын еңбек пен капиталды пайдаланудан түскен табыс қызметкерлерге жәрдемақы, тікелей және портфельді, басқадай инвестициядан алынған табыс пен қорлардан құралады. Капиталдан алынған табыс дивиденд, пайыз немесе басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін.
Ағымдағы трансферттер. Бұл бапқа, техникалық немесе гуманитарлық көмек сияқты экономикалық құндылықтары қайтарылмайтын грантгардың берілуіне немесе алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен жасалатын операциялар кіреді. Осы бапқа, сонымен қатар жеке тұлғалардың ақша жіберулері мен салықтары, үкіметтің әр түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға төлейтін жарналары да кіреді.
Елдің халықаралық жағдайын анықтауда ең алдымен экспорт пен импорт арақатынасы бағаланады. Шет елде сатылған және елге келген тауарлар көлемдерінің деңгейін анықтау бізге сауда балансын алуға мүмкіндік береді.
Сауда балансының шығарылуы кеден мекемелерінің сауданың статистикалық мәліметтерін өңдеуіне байланысты тұрақты шығарылуы мүмкін.
Сауда балансы экспорт пен импорт арасындағы айырма ретінде шектелген ақпарат берсе де, ол жалпы жағдайды талдаудың өте маңызды мәліметі болып табылады. Өйткені халықаралық қатынастардың 80 пайыз көлеміндегі үлесі саудаға тиесілі. Сауда балансының сальдосын шығарудың есептелуіндегі қиыншылықтар әлемдік статистикада экспортты ФОБ бағаларында есептелуіне байланысты туындауда. Басқаша айтқанда, оған тасымалдау мен сақтандыру және т.б. құндар кірмейді. Ал импорттасымалдау мен сақтандыру құндары енген СИФ бағаларында есептелінеді. Мамандардың пікірінше, әкелінетін тауарлардың құндарының орта есеппен 10 пайызын қүрайтын айырмасы есептеу кезінде алынып тасталынады.
Сауда балансы төлем балансының жалпы нәтижесінің көп бөлігіне әсер еткенмен, бірақ теріс сауда сальдосы міндетті түрде жалпы дефицитке әкелмейді.
Экспорт-импорт операцияларын "көрінбейтін" саудамен (қызмет көрсету) толықтыру тауар мен қызмет көрсетулер балансын алуға мүмкіндік береді.
Кейбір елдер үшін "қызмет көрсету" тарауы өте елеулі болады. Мысалға ел территориясы арқылы ауқымды туристік ағымдары өтетін мемлекеттерде туризмнен түсетін төлемдер маңызды үлес алады.
Қызмет көрсетулерді сату туралы ақпараттардың жанама есептеулер нәтижесінде алынатындығынан баланстардың кешігіп жарық көруіне әкеледі.

3. Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты. Енді капиталдар мен операциялар және қаржы операциялар есебін қарастырайық. Ол негізгі екі категориядан: капиталды және қаржылык есептерден тұрады. Капиталды есепке капиталды трансферт пен өндірістік емес, бейқаржылық активтер операциялар енеді. Өз кезегінде қаржы есебі халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.
Капиталды есептің негізгі құрамдас бөлігі болатын капиталды трансферттерге мүлікке, негізі қорларға меншік құқығын қайтарымсыз беру мен борыштарды кешіру кіреді.
Ақшалай қаржылардың қайтарымсыз берілуі капиталды трансфертке жатқызылуы үшін, ол қаражат негізгі қорлар мен капиталды құрылысқа бағытталған жағдайда ғана саналады.
Қаржы есебі төмендегідей функционалды категорияларға бөлінеді:
Тікелей инвестициялар - негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвести-циялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары. Ол акционерлік капиталға, қайта инвестицияланатын табыстарға және капиталдың басқа түрлеріне бөлінеді. Тікелей инвестициялар көлемі капитал салымдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің тиімділігі мен экономикалық өсу қарқындылығының болашағы бар болуына байланысты. Капитал салымдарын тартуды ынталандыру жағдайын қалыптастыру үшін нақты құқықтық негіздердің болуымен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, сенімділігі мол мемлекеттік саясаттың болуы қажет.
Тікелей инвестициялар тауар, жылжымайтын мүлік пен қаржы ресурстар түрінде болуы мүмкін. Төлем балансында тікелей инвестициялар - шетелдегі экономикалық мәні бар активтергө тікелей инвестициялар (резиденттердің басқа ел экономикасына инвестициялар) және резидент еместер алдында экономикалық міндеттеме сипатындағы ұлттық экономикаға тікелей инвестициялар (осы экономикаға резидент еместердің инвестициялары) болып бөлінеді.
Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, сонымен қатар туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар кіреді. Оның ішіне валюталық және пайыздық своптар да кіреді. Қазақстан Республикасында 6үл категорияға корпоративтік бағалы қағаздарға жасалған инвестициялар кіріп, оның ішінде үлесі 10 пайыздан төмен болған акциялар көлемі мен мемлекеттік қарыздың бағалы қағаздары енеді. Қарыздық бағалы қағаздарға мерзімі бір жылдан астам облигациялар мен айналымдағы вексельдер, ақша нарығының құралдары мен қаржылық туындылар кіреді.
Баскадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жекеше қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, оның ішінде тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді.
Резервтік активтер - мемлекеттін сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансынын маңызды бөлігі болып табылады. Төлем балансының стандартты есептерінде, олар қорларды көрсететін статистикалық көрсеткіштер ретінде емес, жалпы сыртқы активтердің өзгерісін көрсетіп, оның төлем балансының қажеттігіне пайдалана алатындығын меңзейді. Халықаралық резервтер Ұлттық банк операция жүргізетін мемлекеттің сыртқы активтерінен құралады. Олар төлем балансының дефицитін қаржыландыру, валюта бағамын реттеу мен ұлттық валюта тұрақтылығын қолдау үшін валюта нарығында интервенциялар жүргізуге пайдаланыла алады. Резервтік активтерге шетел валюталары (қолма-қол ақша, депозиттер мен бағалы қағаздар), монетарлық алтын, ХВҚ арнайы қарыз құқығы мен ХВҚ-дағы резервтік позиция мен басқадай талаптар кіреді. Төлем балансында алтын қорларының орталық банк пен халықаралық қаржы ұйымдарының алтынды сату-сатып алу операциялар нәтижесіндегі өзгерістерді көрсету қабылданған.
Резервтік активтер ретінде әрекет ету үшін, оған сәйкес келетін баптар ақша-несие реттеу мекемелерінің тиімді бақылауында болуы тиіс. Өйткені олар осы қүралдарды пайдалану арқылы төлем балансының дефицитін тікелей, немесе теріс сальдосын жанама реттеу, мысалға шетел валюта нарығында интервенция жолымен резервтік активтерде және резервтік міндеттемелерде өзгеріс енгізу мақсатында қолдана алу қажет.
Төменде төлем балансының стандартты топтастырылуының құрылымы берілген.

4.Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі. Резервті активтер қаржылық шоттың басқа баптарына қарағанда, мемлекеттің тікелей бақылауында болады және онымен экономикалық саясаттың мақсаттарына жету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Резервті активтер — елдің халықаралық жоғары өтімді активтері, олар үкімет немесе ақша өкіметінің бақылауында болады және қай кезде болсада төлем балансының тапшылығын қаржыландыруға және ұлттық валюта бағамын реттеуге қолданылуы мүмкін.
Атап кету керек, резервті активтер төлем балансын қорғаудың екінші құралы болып табылады. Ағымдағы операциялардың елеулі тепе-теңсіз жағдайы кезінде, яғни тауарлар мен қызметтер импортын төлеуге қаражаттардың жетіспеушілігі кезінде үкімет қосымша сыртқы несиелерді тартуға барады. Тек осы шараларды қолдану ешқандай нәтиже бермеген кезде, үкімет сырты шоттарды төлеуде резервті активтерді пайдаланады.
Төлем балансы шеңберінде көрсетілетін резервті активтер тек нақты қолдағы бар активтерді қамтиды. Жалпы алғанда, өзгерісі төлем балансында сызықтың астында көрсетілетін, резервті активтер келесі активтер сомасынан құралады: монетарлық алтын, қарыз алудың ерекше құқы, валюта активтері, басқада міндеттемелер, айрық қаржыландыру.


Скачать


zharar.kz