Азимут

Скачать

Азимут - (араб. Ассумут-жол , бағыт ) –бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттын вертикаль жазықтығы арасында қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солт. Ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0°-тан 360°-қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыты меридиан түріне байланысты нағыз ( шын ) А.-аспан шырағының бағыты мен жердегі объектіге бағытталған сызықтын арасындағы горизонталь бұрыш. Ол бусоль (компас) арқылы өлшенеді. М а г н и т т і к А. –магниттік меридианның солт. Ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтын бағытына дейінгі есептелетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) А-ы мен магниттік А-ның шамалары бірдей болмайды, себебі Жердің магниттік өрісінің әсеріне байланысты тілі ауытқып отырады.
Азия (ассириялықтар тілінде мағынасы –асу, шығыс ) -Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі , Ембі өзені ,Каспий тенізі , Кума-Маныч ойысы Азов тенізі , Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр тенізі , Дарданел бұғазы арқылы өтеді. Ауд. 43,4 млн. км ² (бүкіл құрлықтың 30%-і ). Оңт. Батыс Суец мойнағы А-ны Африкамен жалғастырады; Солт. Америка Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңт. –де Құрылыққа Малай топаралы архипелагы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауд. ,млн. км² -ден асады. Жағалау аз тілімделген. Құрылықтың орталық бөліктері мухиттардан 2-2,5 мың км қашықтықта орналасқан. Ең ірі түбектері : Таймыр , Чукча, Комчатка, Корей, Үндіқытай, Үндістан Арабия , Кіші Азия. Құрлықтың шеткі нүктелері : сотүстігінде – Челюскин мүйісі (77º43´ солт. Ендік), оңт-де Пиай мүйісі ( 1º6´ солт. ендік ),Шығысында Дежнев мүйісі (169º40´ батыс бойлық).
Жер бедері. А. Дүние бөліктерінің ішінде абс. Биіктік жағынан (Джомолунгма шыңы 8848 м.) 1-ші орында, орташа биіктік жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-ші орында 950м. Жерінің 75-% ірі таулар мен тау үстірттері.Ендік белдеуі Кіші А.түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.Мұндағы ең биік таулар мен тау қыраттары Орталық Азияға Азияға шоғырланған
АЗИЯ Герцин қатпарлығы Орал, Сарыарқа, Оңт. Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай — Тарбағатай белдеуі арқылы Монғол — Охота белдеуіне өтеді. Оған оңт-тегі Кунь-Лунь мен Нань-Шань таулары кіреді. Бат. Сібір және Тұран тақталарының палеозойлық іргетасын мезо-кайнозой шөгінділері жауып жатыр. Мезозой қатпарлығы
А-ның солт.-шығысын (Жоғарғы Яна-Чукча) Сихотэ-Алинді, Үндіқытай тауларын қамтыған. Осы қатпарлы тармақтарының ара-лықтарында аса ірі палеозой массивтері кездеседі (Қолыма, Ханка, Үндіқытай). Алып қатпарлығында жас қатпарлы таулы құрылымдар түзілген. Ол екі беддеу қ ұрайды. Алып және Гималай бедеулері бір-біріне кейде жақыңдап, кейде алыстал кететін екі қатар тау жоталарынан тұрады. Тынық мұхит белдеуі А-ның шығыс бөлігіне жайласқан. Бедеудің ішкі бөлігінде Камчатка, Сахалин, Хоккайдо, Тайван, Калимантан, Мьянма-Суматра беддемдік қатпар кейінгі кайнозойға өтіп, қазіргі кезде де жалғасуда. Бұл бөлігінде неоген кезеңінің теңіз шөгінділері кең тараған. Белдеудің сыртқы бөлігінде геосинклинальдық түзілім процестері жүруде. Оған аралдар доғалары, мұхиттық терең науалар, шеткі теңіздердің терең ойыстары жатады. Бұл өңірде қазіргі жанартау құбылысы мен жер сілкіну болып тұрады. Неоген мен антропоген кезеңінде жаңа тектоник қозғалыстар жандана түскен. Биік таулы аймақгар теңіз деңгейінен 1— 4 км және одан да жоғары биіктікке көтерілген. Тауаралық жене шеткі иіндер, шеткі теңіздердің науалары ойыса түскен.
Кен байлықтары. Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнец, Минуса, Лена, Кан, Иркут), Казақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. А-да мұнайдың дүн. жүз. қорының жартысынан астамы шоғырланған. Негізгі мұнай-газ аудандары: Батыс Сібір, Каспий ойпаты, Кавказ, Маңғыстау, Орта Азия, Парсы шығанағы, Малай топаралы, Солт. және Батыс Қытай. Темір кені және түсті металдар кендері А-ның таулы, қыратты аймақтарында, ал фосфориттің мол қоры Қаратауда (Қазақстан), боксит кені Тор-ғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны — Саха-Якутияда кездеседі. Климаты. А. солт. жарты шардың барлық климаттық бел-деулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе, ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңт-і мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орт. А. жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық. Қыста ең төмен темп-ра солт.-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяковда каң-тар айының орташа темп-расы -50°С, кейде ең төмен темп-ра -70°С-қа дейін жетеді. Осы ауданнан жан-жақка қарай қантардың орташа темп-расы жоғарылай береді. Экваторлық өңірде қаңтардық орташа темп-расы 25°С-қа дейін өседі.
Солт. Монғолия, Байкал сырты, Солт.-шығ. Қытай). Орта және Орт. А-да шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шел, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші А. таулы қыраттарында, Месопотамияның солт. бөлігіңде өседі. Месопотамиянын оңтүстігі мен Араб түбегі тропикгік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің
батыс жағына қарай, Кіші А-дағы жағалауында, негізінен, маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жер ортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар — магнолия, лар, емен, камфора,т тунг ағашы, кипа). Малакка түбегімен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындғы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солт. А-да тау тайгасы мен тау тундра-сы, Орта және Орталық А-да тау даласы мен шөлі,. Оңт. А-да тропиктік тау орманы басым.
Жануарлары. А., негізінен, Голарктика облысының Па-леоарктика бөліміне жатады. Жануарлары еңдік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде сүт қоректілерден бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасықкұзен; кұстардан: саңырауқұр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді. Құрлықтың шы-ғысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиттік аймақтың жану-арлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Ал-дыңғы, Орта және Орт. А-да, Солт.-бат. Үңдістанда тараған. Әсіресе, кемірушілердің түрі көп. Батыс жағын жерорта теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайра, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солт.-бат. Үндістанда арыстан сақталған. Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары басым (піл, орангутан, габбон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.). Құстардың түрі көп. Жорға-лаушылардан алып ешкіемер, крокодил, өте улы көзіддірікгі жылан, питон (ұз. 8 — 10 м) көп тараған.
Саяси бөлінуі. Құрлық ауманың солтүстігін Ресей мемлекеті алып жатыр. Ал батысын Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Қатар, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс А. мемлекеттері.
Азия Оңт. А. Мемлекеттеріне Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы; Оңт-Шығ. А. Мемлекеттеріне Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Бруней, Шығыс Тимор; Орт. А. Мемлекеттеріне Қазастан, Өзбекстан, Қырғыстан Түрікменстан, Тәжікстан, МХР енеді. Шығыс А-ны ҚХР, ҚХДР, Оңт. Корея, Жапония мемлекеттері құрайды.
«Азия» - республикааралық апталық газет. Құрылтайшысы – «Казинпресс» концерні. 1992 жылдың қаңтар айынын Алматыда орыс-қазақ тілдерінде шығып тұрған. Көлемі – 16 бет, қалыбы – А2. 20 – 30 мың данамен Орта Азия республикаларына, Әзербайжанға тарады. Шетелдерде меншікті тілшілері болды. Негізгі тақырыптары – экон., саясат, орта азиялық мемл-тер интеграциясы мәселелері. Газет 1995ж. Жабылды.
АЗИЯДАҒЫ ОТАРШЫЛДЫҚ - ортағасырлық табиғи өндіріс тәсілінен өнеркәсіптік өндірістік қарым-қатынастарға өту кезеңінде орын алған табиғи құбылыс. Экон.-әлеум. Тұрғыдан неғұрлым жетілген мемлекеттер дамуы кенже қалған елдерді саяси, экон. және рухани құлдықта ұстады, олардың табиғи байлықтарын өтеусіз, ынсапсыз тонап, арзан шикізат көзіне айналдырды.
А. о. 1498ж. Португалдықтардың Үндістанға жол ашуынан басталған. Олар Үндістанның жағалауына орнығып, Маллук аралдарын жаулап алды. Мыңдаған адамды қырып, тұтас аймақта құлдықта ұстады. Әсіресе, алым-салықты еселей жинап, плантациялар мен елді мекендерде тұрғындарды еріксіз еңбекке жегу, алтын мен күмісті ашкөздікпен өндіріп, сыртқы және ішкі саудада монополия орнату Португалия мен Испанияның отаршылдық саясатына тән сипат болды. 16ғ.-дың соңы мен 17 ғ-дың басында экономикасы қарқынды дамып, күш-қуаты артқан Голландияның отаршылдық жорықтары басталды. Ол шығыстағы Португалияның отар елдерін тартып алды. Тек 1652-54, 1665-67, 1672-74 ж. Аралығындағы ағылшын-г


Скачать


zharar.kz